ҚР-да жастар саясаты саласындағы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаларды талдау


- жастардың еңбек нарығындағы жағдайына талдау жасап, оларды жұмыспен қамтудың тиімді жолдары мен механизмдерін ұсыну;
- жастар саясатын жүзеге асырудағы мемлекеттік басқарудың технологияларын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Отандық және шетелдік ғалымдар еңбектері негізінде жастар саясатын жүзеге асырудағы мемлекеттік басқарудың рөлінің теориялық-методологиялық негіздері, олардың жалпы жай-күйі, жұмыспен қамтылу деңгейі, мемлекеттік басқару технологиялары, өзекті проблемалары мен оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.
Атап айтқанда зерттеу жұмысында мынадай жаңалықтар бар:
- жастар саясатын жүзеге асыруда рухани өмірімізде пайда болған ой еркіндігі мен пікір алуандығы тұрғысынан еліміздегі мемлекеттік басқару тарихи даму белестеріне алғаш рет кең көлемде талдау жасалған;
- мемлекеттік басқарутың теориялық және методологиялық мәселелері тиісінше молынан талданған;
- Қазақстандағы жастар саясаты бойынша, жастардың жалпы жағдайына шолу жасалып, олардың бет-болмысы толықтай ой елегінен өткізіліп, соны пайымдаулар жасалған;
- жастар саясатындағы мемлекеттік басқару жүргізудің технологиясы қарастырылып, шетелдік тәжірибелер тартылған, соны идеялар ұсынылған.
Зерттеу жұмысының хронологиялық межесі. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап қазіргі күнге дейінгі, яғни, 2017 жыл кезеңін қамтиды. Дәлірек айтсақ, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жастардың жай-күйі, әлеуметтік мәселелері сөз болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші тарауда: жастар саясаты мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде қарастырылған және жастар саясатының түсінігі, мақсаттары мен қағидалары және жүзеге асыру әдістері мен формалары, үлгілерінің жіктелуі баян етілген. Сондай-ақ, жастар саясатын жүзеге асыру мен дамытудың шетелдік тәжірибесі талданған.
Екінші тарауда: мемлекеттік жастар саясатын қалыптсатырудың қазіргі таңдағы жағдайы, оның ішінде ҚР-да жастар саясатын жүзеге асырудың нормативті-құқықтық негіздері, аталмыш саласындағы жүзеге асырылатын мемлекеттік Мемлекеттік жастар саясаты үлгісіларды талдау жүргізілген.
Үшінші тарауда: ҚР-да жастар саясатын жетілдірудің негізгі бағыттары қарастырылған.
1 ЖАСТАР САЯСАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
1. 1 Жастар саясатының түсінігі, мақсаттары мен қағидалары және жүзеге асыру әдістері мен формалары
Мемлекеттік жастар саясаты - бұл елдегі жас азаматтарды қолдауға бағытталған мемлекетпен жүргізілетін әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдық және құқықтық шаралар жүйесі. Жастар саясатының мақсаты жастардың өмірінің сапасын жақсарту, құқықтық кепілдіктер, саяси және экономикалық жағдай жасауда тұрақтылыққа қол жеткізу болып табылады. Бұл мақсат бір-бірімен байланысты екі міндетті анықтайды: біріншіден, өскелең ұрпақтың (жастар саясатының объектісі ретінде) әлеуметтік қалыптасуы мен дамуының объективті жағдайларын құру, екіншіден, қоғамның әр түрлі салаларында жастардың инновациялық қызметтеріне қолайлы жағдай жасау. Бүгінде қоғамда қызығушылық танытып, ерекше мән беріп отырған түрлі шаралар ел ертеңінің еңселі болуына өзіндік үлесін қосуда. Соның түпкілікті бір тармағы ретінде жастар саясатын атауға болар еді. Оның мемлекеттің саяси ахуалын қалыптастырудағы рөліне қатысты түрлі сыни пікірлердің туындауы бірінші кезекте қоғам өмірінде қаншалықты орын алатындығын аңғартқандай. Десек те, жастар саясатының мемлекеттік шеңберден асып, халықаралық дәрежеге дейін талқылана бастауы, оның қауқарының қандайлығын тағы бір қырынан танытып берді. Сонымен, қазіргі таңда өзіміздің осы тарапта жасалған заң негізінде түрлі бағыттағы жұмыстар біртіндеп болса да қолға алынуда. Егер әлемдік тәжірибеге назар аударар болсақ, мемлекеттік жастар саясатын нәтижелі түрде жүзеге асыру үшін оның айтар едік. Себебі, түрлі елдер қоғамдастықтары тарапынан бұл мәселеге аса мән берушілік өткен ғасырдың аяғында-ақ байқала бастаған. Сонау 80-ші жылдардың орта тұсында жастарға қатысты туындаған заңдарға түрлі тарапта айқын көрініс тапты. 1985 жылдың Халықаралық жастар жылы деп белгіленуінің өзі соның бір айғағы дер едік. Сол уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 40-шы сессиясының күн тәртібінде жастарға арналған заңдарды халықаралық талаптар мен нормаларға сай етіп жасау қажеттігі туралы мәселе көтеріліп, соның негізінде арнайы құжаттар дайындалған болатын. Ал бұл өз кезегінде әлем елдерінің осы тұрғыдағы байланысының берік орнығуына негіз болды. Ел ертеңі саналатын жастардың қоғам өмірінде алар орны бүгінде соншалықты маңыздылыққа ие болып отыр. Биіктен көрінерлік талапты жастардың қоғам өміріне араласуы бір жағынан уақыттың өзі межелеген белгісі секілді көрінеді. Жас сананың мемлекет негізінің дұрыс қалануында қаншалықты орны барын уақыттың өзі дәлелдеп берді. Сондықтан болар, жастар болашақтарының басқаның емес, өз қолдарында екендігін түйсікпен түсініп үлгергендей. Олар бірінші кезекте өз қалауларын дұрыс таңдауға мүмкіндік алды. Мемлекеттің олардан ендігі бар күтетіні - соларды жүйелі түрде жүзеге асыру. Осыдан бірнеше жыл бұрын “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы” Заң өмірге келген еді. Яғни, қыз-жігіттерге бұрын-соңды бағындырылмаған биік белестерді бағындыруға, жаңа көкжиектерге көтерілуге жағдай жасалды. Қолда тұрған заңды игілікті істерге арнау - мезгіл талабы болғандықтан белсенділеі тыңнан жаңа жол тауып, берері мол мемлекеттік жастар саясатын осы Заңға сүйеніп ретке келтіріп отырды [1, 19 б. ] .
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты:
- ерекше әлеуметтiк-демографиялық топ ретiнде жастардың мүдделерi мен қажеттiлiктерiн тану;
- Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени құндылықтарының басымдылығы;
- тән саулығын сақтау және нығайту;
- адамгершiлiк және рухани даму;
- қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру;
- азаматтықты қалыптастыру;
- жастардың құқықтары мен бостандықтарын iске асыру;
- жастардың проблемаларын шешудегi жүйелiлiк пен кешендiлiк;
- мемлекеттiк жастар саясатын қалыптастыру мeн iскe acыруға
- жастардың тiкелей қатысуы сияқты принциптерiне негiзделедi.
Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:
- Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
- Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
- Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
- Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
- Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
- Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту.
Мемлекеттің келесі бағыттарының бірі болып білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекет күш-жігерін біліммен, еңбекпен және жұмыспен қамту саласында кепілдік беруге бағыттайды. Бұл мемлекеттік органдардың меншік, ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан жеке ұйымдармен жетім балаларға, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оқу ұйымдарын бітірушілерді, оқуын тастап кеткен жасөспірімдерді, жазасын өтеу орнынан оралғандарды, сәтсіз отбасылардың жас азаматтарын, қосалқы әскери қызметшілерді жұмысқа қабылдау туралы келісім-шарттарын жасасуын көздейді. Аталған нормалардың сақталуы, өз кезегінде, жастардың әлеуметтік жағынан аз қорғалған тобы үшін жұмыс орындарын құруға қатысты нормативтік-құқықтық базаны жасау мен жетілдіруді талап етеді. Жастарды жұмыспен қамту саласында мемлекеттік сүйемелдеу саясатын, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, белсенді түрде жүргізу керек [2, 245 б. ] .
Мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолданатын болады. Одан кейінгі басымдылықтардың бірі бұл жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру. Балалар мен жастарға әлеуметтік көмек көрсету және оларды қолдау жүйесі қиын, даулы жағдайға тап болған жастардың әлеуметтік маңызды қажеттіліктерін қанағаттандырудан, оларды әлеуметтік жағынан сауықтыру мен соңыра толыққанды тіршілік жасауына жағдай жасаудан тұрады. Мемлекет жастар арасында әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету жөнінде, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлыққа, маскүнемдікке, қоғамға қарсы және ауытқу құбылыстарымен күресте кезек күттірмейтін шаралар қолданады. Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау жөнінде заң-құқық туралы білім беру және мәселенің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындары негізінде жедел жастар отрядтарын құру, орта мектептерде 9-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін құқықтық тәрбие жөнінде факультативтік сабақтар, дәрістер енгізу ұсынылады. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету балаларға, жастарға жұмысқа тұру, денсаулық және құқық, бос уақытын ұйымдастыру, білім алу, отбасында, мектепте, ұжымда бір-бірімен қарым-қатынас проблемаларын шешу, өмірлік жолын таңдау және қоғамға бейімделу мәселелері бойынша консультациялық, практикалық, ұйымдастырушылық көмек алуында жәрдем беретін мекемелер жүйесі ретіндегі жастарға арналған әлеуметтік қызметтің бұрыннан қалыптасқан жүйесін дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бұл қызметтердің жұмысы психологиялық, педагогикалық, заңдық, наркологиялық көмек көрсетуге, жас мүгедектерге, уақытын өтеген әскери қызметшілерге, нашақорлықтан, токсикоманиядан, маскүнемдіктен емделуден өткен адамдарға қатысты сауықтыру шараларын өткізуге бағытталған. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер арнаулы қызметтер кешенін, оның ішінде: жастардың еңбек биржаларын, әлеуметтік-психологиялық көмек орталықтарын, наркологиялық қызметтер, балалар мен жастарға арналған баспаналар, жасы кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды әлеуметтік сауықтыру мекемелерін, заңдық көмек көрсету және кеңес беру орталықтарын, жас отбасына көмек көрсету қызметтерін, демалыс орталықтарын құруды кеңейтеді. Соңғы басымдылықтардың бірі болып жастар мен балалар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет қызметі жастардың қоғамдық - саяси процестердегі рөлін көтеруге, демократиялық, азаматтық қоғам құруға жәрдемдесетін үкіметтік емес жастар мен балалар ұйымдарын дамытуға және олармен ынтымақтасуға мүдделі. Барлық жастар және балалар бірлестіктері мемлекеттік қолдауда тең мүмкіндіктерге ие. Балалар және жастар бірлестіктеріне мектептердің, мектептен тыс мекемелердің, мәдениет мекемелерінің үй-жайлары, спорттық және өзге де құрылымдар берілуге тиіс. Мемлекеттік жастар саясаты шеңберінде өткізілетін шараларды қаржыландыруда жастардың әлеуметтік жағынан аса маңызды қоғамдық бастамаларына басымдық берілетін болады. Жастар мен балалар бірлестіктерінің қызметін қолдау оларды халықаралық жастар ынтымақтастығына, халықаралық жастар алмасуына енгізуді көздейді. Қазақстандағы жастар саясатының негізгі мақсатарының бірегейі болып жастарға қоғамдық және мемлекеттік қолдау көрсету арқылы әлеуметтік жағдай жасау, жастарды әлеуметтік қорғау, оның шығармашылық белсенділігін, қабілетін, бейімділігін, сонымен қатар өзін-өзі дамытуын қалыптастыру болуы тиіс. Әлеуметтену процесі барысындағы жастардың жиі ұшырасатын қиындықтарын болдырмас үшін жастар саясатын жүйелі өткізу қажет [3] .
Мемлекеттік жастар саясаты жастарды жұмыспен қамту аумағына төмендегідей бағыттарды ұсынған екен:
Жастардың кәсіпкерлік туындыларын дамыту - бұл сұрақты - біртіндеп өз пробемаларының шешімін табуға жұмылдырылған жастардың өзі шешуіне күш салу. Жұмыссыз және оқып жатқан жастардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін курстар, семинарлар ұйымдастыру. Жастарға арналған технологиялық жастар саясаты - инкубатордың дамуы» атты әлеуметтік қызмет ұйымдастырылды. Бұл қызметтің негізінде жастардың жастар саясаты-жобаларын қайта қарай отырып, дидактикалық материалдар жасау қарастырылған. Ауылда жеке кәсіпкерлікпен айналысып жатқан жастарды қолдау мен дамытуға әкімшілік грант бөлінді. Жастардың жұмыспен қамтылуы мен кәсіпкерлік бойынша ақпараттық-методикалық семинарлар ұйымдастырылды. Еңбек отрядтарының Республикалық Штабын, жергілікті атқарушы органдармен, БАҚ-пен тұрақты байланыс орнатылды.
Жастар ғана белсенді өмірге қадам баса отырып, өз елін, жанұясын қорғауды үлкен жауапкершілікке алады. Жаңа қоғамдағы тенденциялар, жас ұрпақтың қалыптасуы мен тәрбиесіне қоғам мен мемлекет тарапынан қолдау табу жастар саясатын құруда сапалы қадамдарды талап етеді. Осыған орай, бүгінгі күні жастар саясаты жас ұрпақты қоғамға әлеуметтік интеграциялаудың ең басты механизмі болып табылады [4] .
Жастар белсенділігі - бүгінде ең өткір тұрған мәселелердің бірі. Осыған орай, биылғы жылдың шілдесінде мемлекеттік жастар саясатын жетілдірудің іс-шаралар кешенін әзірлеу мақсатында Президент жанынан Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрған болатын. Кеңес мүшелері жастар саясаты жөнінде ең өткір тұрған мәселелерді қозғап, оларды шешу жолдарын қарастырды. Осы орайда, Кеңес қызметінің мақсатты бес бағыты, атап айтқанда, “білім беру саласының даму мәселелері”, “жастардың жұмыспен қамтылуы және жұмысқа орналасуы”, “жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау”, “азаматтық және патриоттық тәрбие беру жүйесін дамыту”, “жастарға медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мен салауатты өмір салтын қалыптастыру” анықталды. Кеңес белгіленген бағыттарға сәйкес бес топқа бөлінді. Жастар үкіметі дайындаған халықаралық жастар орталығы жобасының басты мақсаттарының бірі - халықаралық деңгейде белсенді жастардың кездесуін, кездесу барысында жастардың тыныс-тіршілігіне қатысты көптеген мәселелерді талқылауын ұйымдастыру болып табылады. Бұл өз кезегінде еліміздің болашақ партия және мемлекет қызметкерлерінің халықаралық қауымдастық аясында дипломатиялық байланыстарының берік болуына, сондай-ақ, жастардың жаңа ойлары мен жастар саясаты саласында тәжірибе алмасуына ықпал етеді. Жастардың кадрлық резервіне келетін болсақ, ол жөнінде Елбасы: «Біздің саясатымыз мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге қабілетті жас гвардияны қалыптастыруға бағдар ұстау керек. Жас ұрпақтың күш-қуаты мен шамшылдық жігер белсенділікке қуатты серпін беруі тиіс», - деген болатын. Осы орайда, Қазақстанның жастар парламенті мен жастар ұйымдары, Жастарға әлеуметтік көмек көрсету орталығы «Жеті жол» жобасы жастардың әлеуметтік ахуалын қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік қызметкерлер қатарын толықтыру үшін білікті де білімді жастардың кадр қорын дайындауды мақсат тұтады. Жас кадрлар сайтын әзірлеу де басты мақсат болуы тиіс. Жоғарғы оқу орнын бітірушілердің саны 200-300-дей болатын жастар тобын құрып, жоғары басшылық қызметке жылжыту сияқты ұсыныстарды да назарда ұстағанымыз абзал. Мысалы дәл қазiр, осы жылы жастар саясатында қалыптасқан жағдай түбегейлi түрде өзгере бастады [5] .
Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда жастар саясаты туралы бірнеше анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың бірнешеуін келтіріп көрейік:
«Мемлекеттік жастар саясаты - мемлекеттің жас азаматтарының әлеуметтік қалыптасуы мен дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлары мен кепілдіктерін құру және қоғам мүддесі үшін жастардың шығармашылық әлеуетін барынша толықтай жүзеге асыру әрекеті».
«Жастар саясаты - жастардың мүдделері мен қажеттіліктерін қолдауға, жастардың (балалардың, жасөспірімдердің, бозбалалар мен бойжеткендердің, 10-25 жас аралығындағы жас адамдардың) өмір сүруіне қалыпты жағдай туғызуына мемлекеттік-қоғамдық жағынан қатысуды білдіретін әлеуметтік саясаттың саласы».
Жастар саясатына Қазақстандық мамандар өзіндік анықтама береді:
«Мемлекеттік жастар саясаты - мемлекеттің жастар саясаты доктрина, концептуалдық бағыт беруіне және жас ұрпаққа әлеуметтік-құқықтық қорғанышты (кепілдікті) қамтамасыз ету, оның негізгі мүдделері, қабілеттері, физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес және реформаланушы қоғамның мүдделері мен оның ілгеілеуін ескере отырып, жастардың еркін әлеуметтік дамуға, шығармашылық бастамашылыққа құқығын жүзеге асыру мақсатында, оны тұтастай әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық шаралардың жүйесі арқылы қамтамасыз ету қызметі»
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, әлеуметтік жастар саясатына мынадай анықтама беруге болады: «Әлеуметтік жастар саясаты бұл әлеуметтік саясат, ол жастардың қоғамның және өздерінің мүдделеріне сай дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған және осының бәрі жас адамдардың өз тағдырлары үшін, өз отбасының тағдыры үшін жеке жауапкершілік пен бастамашылдыққа негізделе отырып, жастардың әлеуметтік жағынан әлсіз бөлігіне адресті, мақсатты түрде арнаулы шаралар қолдану арқылы қорғау арқылы жүзеге асырылады» [6, 84-89 б. ] .
Осыған орай, жастар саясатына деген қазіргі ғылыми көзқарас ең алдымен оны мемлекет пен қоғамның жалпы әлеуметтік саясаттың бір бөлігі ретінде мойындауынан тұрады. Ол халықтың әртүрлі санаттарының, соның ішінде ерекше әлеуметтік-демократиялық топ ретіндегі жастардың адрестік және сұраныстары кезінде тиімді болатыны сөзсіз. Сонымен қатар, жастар саясатының әлеуметтік саясаттағы балалар, мүгедектер, зейнеткерлер мен басқа да әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін халықтың санатына деген қатысы жағынан айырмашылығы оның тек жәрдем беру механизмнен тұрмай, жас ұрпақтың еңбек және шығармашылық әлеуетіне сүйенетін белсенді жаңарған аспектіден тұруы, ол жастар саясатын қоғамның дамуының стратегиялық ресурстары қатарынан қарастыруға мүмкіндік жасайды.
Жастар саясатының негізгі мақасаттарына мыналар жатады:
- Жастардың әлеуметтік, мәдени, рухани және дене дамуына жәрдемдесу;
- Жас азаматтарды жасына байланысты кемсітуге жол бермеу;
- Жастарды қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өміріне толықтай қатысуына жағдай жасау;
- Жас адамның өзінің өмірлік жолын таңдауға, жеке жетістіктерге жетуіне мүмкіндіктерін ашу;
- Жастардың жаңаруға деген әлеуетін қоғамның даму мүдделеріне сәйкес жүзеге асыру;
- Жастардың өз күштерін проблемаларын шеше алмайтын санатына (панасыздар, жас нашақорлар және т. б. ) мақсатты түрде әлеуметтік көмек көрсету.
Жастар саясатының мемлекет пен қоғамның іс-әрекетінің дербес бағыты ретінде бөлінуі адамзат өркениетінің қазіргі даму кезеңінің заңдылықтарының бірін көрсетеді. Бұл процесс қоғамның еңбек және интеллектуалдық ресурстарының әлемдік экономиканың технологияқ қайта құруының жағдайларына, жас ұрпақты әлеуметтендірудің дәстүрлі институттарының (ең алдымен, отбасы және мектеп) дағдарысына, қоғамдағы жастардың рөлінің өсуіне, көптеген жастардың маскүнемдік, нашақорлық және т. б. түрде көрінетін «өзін-өзі бұзу мінез-құлқының» өсуіне қайта өндірудің күрделілігімен байланысты.
Біз ешкімді енжар қалдырмайтын уақытта өмір сүріп отырмыз, қоғам өмірінде, адам санасында, жастар дүниетанымында жүріп жатқан орасан зор өзгерістер оқымыстылар ортасында ғылыми талас үшін таптырмайтын азыққа айналды. 20 ғасырдың алпысыншы жылдарындағы жастар мен 21ғ. бүгінгі таңдағы жастар арасында айтарлықтай айырмашылық бар.
1. 2 Мемлекеттік және қоғамдық жастар саясаты және үлгілерінің жіктелуі
Жастар - қоғам дамуының маңызды бөлігіне жатады. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында белгілегендей «Біздің басты оң игіліктеріміздің ішінде - халқымыздың санасы туралы. Біз ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары білім өресі биік халқымыз бар, соның ішінде болашағы мол - жастар. Осы қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды Жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғузуға тиіспіз [8]
Жастар қоғамдық қатынаста, материалды өндірісте және рухани құндылықта маңызды орын алады. Жастардың қоғамдағы жағдай мен оған қатысу деңгейі қоғам мен мемлекеттің тікелей іс-әрекетіне байланысты. Яғни мемлекеттік жастар саясаты мен жастармен әлеуметтік жұмыс туралы сөз қозғап отырмыз.
Қазақстанның жастар саясаты жастармен жұмыс жүйесін қалыпсатсырып(сәйкесінше мемлекеттің мемлекеттік емес жастар саясатының үстемдігі) оның функциясының және мемлекеттің басты рөлін сипаттайтын мемлекеттік жастар саясатының бекітілген тұжырымдама мен стратегиясы болумен сипатталады және бағдарламаларын іске асыруда мемлекеттік мекемелердің төмен белсенділігін тудырады. Алайда, барлық айырмашылықтармен, жастар саясатының мемлекеттік және мемлекеттік емес бағыттарын антиподтар ретінде қабылдауға болмайды, өйткені мемлекеттік сектор мен құрылтайшы субъектілер мемлекеттің тиесілі ортақ құрылымдық ерекшелігі бар әлеуметтік ортаға шартты түрде бөлінген қоғамның элементтері болып табылады. Бірақ мемлекеттің өзі - бұл әлеуметтік мекеме. объективті түрде қоғамның бөлігі және «туындысы» болып табылады (1 сурет) .
1 - сурет. Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік және мемлекеттік емес жастар саясатының ара қатынасы моделі
Жастар саясатының жай-күйін оны жүзеге асыру жөніндегі шараларға, елдегі жастар саясатын қалыптастыратын және іске асыратын субъектілерге және жастар саясатының модельдерін сыныптау тәсілдеріндегі айырмашылықтарды анықтайтын басқа да факторларға қарай, төмендегілерге бөлуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz