ӘЛ - ПАЗДАУИ ІЛІМІНДЕ ҚҰДАЙЛЫҚ СИПАТТАР
Әбу Юср әл-Паздауи ілімінде құдайлық сипаттар мәселесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
АННОТАЦИЯ
1 ҚҰДАЙЛЫҚ СИПАТТАР ИСЛАМ ТЕОЛОГИЯСЫНЫҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕСІ РЕТІНДЕ
0.1 .Ислам теологиясында кәләмдық мәзхабтар және олардың ерекшеліктері
0.2 .Құдайлық сипаттар төңірегіндегі түсініктемелер
0.3 .Әһли сунна мектептеріндегі құдайлық сипаттар
2 ӘЛ - ПАЗДАУИ ІЛІМІНДЕ ҚҰДАЙЛЫҚ СИПАТТАР
2.1.Матруди мектебінде әл-Паздауидің орны және мұралары
2.2.Әл-Паздауи ілімінде Алланың зати, субути және хабари сипаттарының түсініктемесі
2.3. Әл-Паздауидің Құдайлық сипаттары төңірегіндегі көзқарастарының қазақ дін ойшылдарының шығармаларындағы көрінестері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әл-Паздауидің өмірі мен еңбектері жайлы зерттеулер кейінгі кезеңде жаға сатыға көтеріліп келеді. Тәуелсіздік алғалы елімізде сенім бостандығы жарияланып, құқықтық тұрғыдан әр азаматтың ар-ождан бостандығына кепілдік берілгелі ширек ғасыр уақыт өтті. Діни негізі мен тарихи тамырын тануға халық ықылас танытқалы сапалы зерттеулерге деген мұқтаждық артып келеді. Демократиялық қоғам дегеніміз мемлекет құрушы өзек ұлт пен өзгеде этникалық топтар арасындағы үйлесімді жоққа шығармайды. Алайда, мемлекет ұғымындағы ұлттық құндылықтардың негізгі өзегі саналатын діни таным мәселесін де тұғырлы орнында, мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде тануға мүмкіндік береді. Сонда ғана қоғамда үйлесім мен шынайы діни толеранттылыққа қол жеткізуге болады деп ойлаймыз. Әйтпегенде, діни тұтастыққа, рухани келісімге сызат түсері хақ. Бұл мәселелердің шешімі осы саладағы сапалы зерттеулерге иек артады десек қателеспейміз. Себебі, діни танымның сабақтастығы арқылы мемлекетшілдік сананың да беки түсетіні, рухани біртұтастықтың негізінде толеранттылыққа аяқ басатынымыз белгілі Сондықтан, Әбу Юср әл-Паздауидің өмірі мен еңбектерінің мәні, көзқарастары және оның дүниетанымымыздағы орны ерекше маңызды. Дипломдық жұмысымызды осы діни тұғырлардың негізі саналатын, ИманСенім жайын ұқтыратын кәлам ғылымының білгірі, Әбу Юср әл-Паздауи жайлы зерттеуге арнадық.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Имам Матуридидің көзқарастарының дамуы мен ақидалық ұстанымдарының қалыптанған суннилік жол ретінде танылуына үлкен ықпал жасаған оның ізбасарлары. Яғни, шәкірттері мен осы жолды дамытқан мәзһаб ғұламалары. Бұлардың еңбектері Матуридилік тарихы мен негізгі доктриналарын тануда маңызды қайнарлардан саналады. Атап айтсақ, Әбул Муин Ән-Насафи, Әбу Ясир әл-Пәздауи, Омар Насафи, Аллауаддин Әс-Самарқанди, Нуреддин әс-Сабуни, Хусейн ибн Әли ас-Сығанақи т.б ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығын атап өтуіміз қажет.
Түркиялық ғалымдардан Матуридидің өмірі мен еңбектеріне қатысты зерттеушілер ретінде Бекир Топалыоғлы, Хасан Онат, Кутлу Сөнмез, Хулия Елпер, және т.б. ғалымдарды атап өткен жөн.
Отандық ғалымдардан бұл салаға қатысты Қалмақан Ержан, Досай Кенжетай, Әшірбек Муминов, Қайрат Жолдыбай сынды сала мамандары зерттеулер жазған.
Матуриди жайлы зерттеушілердің библиографиясына тоқтала кетсек, Шығыстанушы ғалымдардан Орта Азиядағы теологиялық дәстүрді зерттеушілерден Луи Массиньон, Брокельман, Мари Бернан, Уильрих Рудольф, Анке Вон Кьюгелген, В. Маделунгтардың аттары аталады. Айрықша, Уильрих Рудольфтың әл-Матуриди және Самарқандтағы сунниттік теология атты ғылыми еңбегі Орта Азиядағы Матурилік дәстүрін зерттеудегі құнды шығарма болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом тақырыбы
Әбу Юср әл-Паздауидің өмірі, Әл-Паздауи ілімінде Алланың зати, субути және хабари сипаттарының түсініктемесі және Әл-Паздауидің Құдайлық сипаттары төңірегіндегі көзқарастарының қазақ дін ойшылдарының шығармаларындағы көрінестеріне ақидалық ұстанымдарына талдау жасау мақсат тұтылды. Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес мынадай міндеттер алға қойылды;
oo Ислам теологиясында кәләмдық мәзхабтар және олардың ерекшеліктері;
oo Құдайлық сипаттар төңірегіндегі түсініктемелер;
oo Әһли сунна мектептеріндегі құдайлық сипаттар;
oo Матруди мектебінде әл-Паздауидің орны және мұралары;
oo Әл-Паздауи ілімінде Алланың зати, субути және хабари сипаттарының түсініктемесі;
oo Әл-Паздауидің Құдайлық сипаттары төңірегіндегі көзқарастарының қазақ дін ойшылдарының шығармаларындағы көрінестеріне талдау жасау болып табылады.
Зерттеудiң әдiс-тәсiлдерi. Зерттеу жұмысында салыстырмалы әдіс, талдау әдісі, герменевтикалық әдіс пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәнi. Зерттеу жұмысын жоғарғы оқу орындарындағы дінтану және теология мамандықтарында кәлам, Ислам тарихы пәндері бойынша қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

3.1. Ислам теологиясында кәләмдық мәзхабтар және олардың ерекшеліктері
Ислам теологиясында кәләмдық мәзхабтардың жарқын мысалы ретінде Әһлу Сунна уәл-Жамағат мәзхабтарын келтіруге болады. Алдымен Әһлу сунна ұғымының мәніне үңілсек. Құран Кәрім мен хазіреті Пайғамбардың сахих хадистерін ұстанып, жол бастар етуші, Алланың елшісі хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) және оның сахабаларының ақида (сенім) мәселесінде ұстанған жолымен жүрушілер Әһлу суннет уәл-жамағат деп аталады. Әһлу суннет уәл-жамағаттың қазақша мағынасы - сүннет халқы және жамағат. Яғни сүннеті ұстану - хазіреті Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у.) жүрген жолын ұстануды білдіреді.
Ал мұның Әһлу суннет уәл-жамағат деп аталу себебі хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үмметі жайлы айтқан мына хадисінен бастау алады:
Яһудилер 71 топқа, христиандар 72 топқа, үмметім де 73 топқа бөлінеді. Осы 73 топтың ішіндегі біреуі ғана жаннатқа барады, қалған 72-сі тозақтық болады, - дейді. Сонда қасында тұрған сахабалардың біреуі тұрып: Я, Расулуллаһ! Жаннатқа баратын топ қайсысы?, - деп сұрағанда Пайғамбырымыз (с.а.у.): Менің және асхабымның жүрген жолымен жүргендер, - деп жауап береді (Әбу Дуәіт, Суннат 1; Ибн Мажа, Фитан 17).
Шындығында да әһлу сүннет уәл жамағаттың ақидада ұстанған жолы Пайғамбарымыз бен сахабалардың ұстанған, жүрген, амал еткен жолымен бірдей екендігін кейінгі тақыраптардан байқауға болады.
Әһлу сунна уәл-жамағат терминін алғаш Әбу Ләйс әс-Самарқанди (қ.б. 898 ж.) Шәрхул - фиқһил - әкбар атты еңбегінде қолданған.
Басралық филолог әл - Асмаидің (қ.б. 213828 ж.) пікіріне сүейнсек, Әһлу суннет уәл-жамағат жолын Юнус ибн Убайд әл - Қайси (қ.б. 138756 ж.), Абдуллаһ ибн Аун ибн Әртәбан (қ.б. 151768 ж.), Әйюб әс-Сахтияни (қ.б. 131748 ж.) және Сулейман әт-Тәйми (қ.б. 143760 ж.) атты кісілер құрған.
Сунниттік ақиданың бір жүйеге келуі Умея халифатының соңғы жылдарынан бастап, Аббасилердің билік кезеңінің алғашқы I ғасыры аралығында жүзеге асады. Сол заманның заңғар тұлғалары қатарында Ибраһим ән-Нахаи (қ.б. 682 ж.), Алқама (қ.б. 681 ж.), Мужаһид, Икрима, Ата ибн Әби Рабах, имам Мәлик, Әузағи, Сәури, Суфян ибн Уяйна (қ.б. 811 ж.) және т.б. ғалымдардың да еңбегі сіңді. Әһлу сүннет ақидасы Умеяттардың 10-халифасы Һишам ибн Абдулмаликтің билікке келуі мен (724 - 743 ж.) Аббасилердің 7-ші халифасы Мәмунның (813 - 833ж.) таққа отыруы аралығында туып, қалыптасты. Әуелде әһлу сүннет мәзһабы фиқһ саласында жүйеленіп, дами келе әһлу сүннеттің фиқхи мәзһабтары пайда болды (ханафи, мәлики, шафиғи, ханбали).
Әһлу сүннеттің ақидасына қатысты алғашқы еңбек пен зерттеуді қолға алғандардың бірі - имам ағзам Әбу Ханифа Нұғман ибн Сабит. Ол ханафи мәзһабының негізін қалаушы. Сонымен қатар ақидаға байланысты көптеген құнды пікірлер айтып кеткені белгілі.
Имам Ағзам 699 жылы Куфа қаласында дүниеге келед. Ұстазы Хаммад ибн Әби Сулеймен (қ.б. 120737 ж.) Куфа мешітінде ұзақ жылдар бойы дәріс берген кісі. Әбу Ханифа алғашқы ақида дәрістерін сол кісіден алып, ұстазы дүниеден өткеннен кейін ел арасында 30 жылдай дәріс оқып, пәтуа береді. Имам ағзам Әбу Ханифа өз дәуірінің біртуар ғалымы, әрі фақиһы еді. Имам ағзам әһлу бәйтті (Пайғамбар (с.а.у.) әулетін) жанындай жақсы көріп, оларға үлкен құрмет көрсеткендіктен, Умея мен Аббаси билеушілеріне деген ықыласты ниетін толықтай көрсете алмайды. Әбу Ханифаның екі әулеттің халифалық кезеңін басынан өткерген жылдарында, Умея мен Аббаси әміршелері оған қазылық қызметті ұсынып, ғұлама ол ұсынысты қабыл алмайды. Сөйтіп, Аббаси халифасы Әбу Жағфар әл-Мансур (754-775 ж.) ұсынысын қайтарып, сағын сындырғаны үшін Әбу Ханифаны түрмеге қаматады. Бағдаттағы түрмеде 15 күндей қамауда болған Ислам ғұламасы 767 жылы 70 жасында дүниеден озады.
Әбу Ханифаның ақидаға байланысты жазған еңбектері: әл-Фиқһул әкбар, әл-Фиқһул әбсат, әр-Рисалә, әл-Алим уәл-мутааллим, әл-Уасия. Осы еңбектерінің ішінен әл-Фиқһул әкбары ғұламалар жағынан жоғары бағаланып, ол еңбектің көптеген түсіндірмелері мен талдамалы шығармалары жазылды.
Әһлу сүннет мәзһабы адасушы мәзһабтарға (әһлу бидғат) қарағанда мынадай өзіндік ерекшеліктерге ие және ақидасы да осы қағидалардың төңірегінде құрылған:
1. Барлық әлем мен тіршілік иелері кейіннен жаратылған.
2. Әлем босқа жаратылмаған, оның өзіндік мән-маңызы мен ерекшілігі бар.
3. Әлемдер мен күллі тіршілікті жаратушы - Алла.
4. Алла жалғыз, бастауы мен соңы жоқ. Ол тумаған, туылмаған. Ол уақыт, мекен һәм тәндік ерекшеліктерге мұқтаж емес және Одан басқа тәңір жоқ.
5. Алланың әзәли (бастауы жоқ), әбәди (соңы жоқ) затынан бөлінбейтін сипаттары бар.
6. Алла ақыретте мүминдерге көрінеді.
7. Тағдыр (қадар) хақ. Бірақ, құл іс - қимылдарын мәжбүрлікпен емес таңдау еркі арқылы жасайды.
8. Пайғамбарлықтың мұғжизасы, әулиелер және олардың көрсеткен кереметтері хақ. Бірақ ешқандай пайғамбар мен әулиеде тәңірлік нышан болмайды. Олар да адам, тек дәреже тұрғысынан ғана қарапайым жандардан мәртебелі келеді.
9. Алланың кәләмы әзәли (басы жоқ). Алланың сөйлеуі дауып пен әріптерден тұрмайды.
10. Ақырет және ондағы болатын жағдайлар хақ (жаннат, тозақ, таразы).
11. Пайғамбардан (с.а.у.) кейін ең ұлы кісі Әб Бәкір, одан кейін кезегімен Омар, Осман және Әли. Пайғамбардың (с.а.у.) сахабалары ерекше құрметке лайық кісілер болып саналады және оларға тіл тигізуге болмайды.
12. Амал иманның бір бөлігі емес. Сеніп, иман ете тұра амал етпеген немесе күнә істеген кісі діннен шықпайды. Бірақ, ол күнәһар кісі ретінде саналады. (Мәлик, Шафиғи, Ханбалидің пікірі бойынша, амал иманның бір бөлігі. Бірақ амал етпеген діннен шықпайды, ондай жан күнәһар болады).
13. Бір әмірші тағайындау мұсылмандарға парыз. Басқару жүйесі әрдайым кеңесу және сайлау арқылы жүзеге асады.
14. Алла Тағала адамдарды жаратқаны секілді, олардың іс - амалдарын да жаратады. Пенде қандай да бір істі істеу үшін өз еркімен таңдау жасайды, ал Алла Тағала оның таңдауына сай ісін жаратады.
15. Жақсылық жасағанға - сый, жамандық жасағанға - жаза беріледі. Бірақ, Алла қалаған мүмин пендесінің күнәсін кешіруі мүмкін.
16. Ислам дінін қабылдаған, әрі мүмин екендіктері белгілі кісілер мына жағдайда ғана кәпір болып есептеледі:
a) Алла Тағаланы мойындамаса;
b) Аллаға серік қосса;
c) Пайғамбарлар мен пайғамбарлықты қабыл етпесе;
d) Харам екендігі нақты білінген (аят пен хадис арқылы бекітілген үкімдерді) нәрсені халал деп, не керісінше халалға харам деп сенсе.
Енді әһлу сүннеттің ақидасын бір ізге түсіріп жүйелеген имамдарға тоқталып кетсек.
Имам Матуриди
Матуридилік мектептің негізін қалаушы Әбу Мансур Мұхаммед ибн Махмуд әл - Матуриди әс - Самарқанди (шамамен һ.248м.862 жылы) Самарқандтың Матурид деген ауылында дүниеге келген. Имамның өмірі жайында мағлұмат өте аз. Имам Матуридидің еңбектеріне қарай отырып, оның кәлам, мәзһабтар тарихы, фиқһ әдістемесі мен тәпсір саласында өзіндік орны бар ірі ғалым екендігін пайымдауға болады. Еңбектеріндегі тұжырымдарын жоғарыда айтылған әһлу сүннеттің басты қағидаларын әрі нақылға (Құран аяттары мен хадистерге) сүйеніп, әрі ақли дәлелдер арқылы жүйелеген. Әсіресе, ол кісі мұғтазила мен шиитік түсініктегі мұсылмандарды қатты сынға алған.
Әбу Мансур әл-Матуриди ханафи мәзһабын ұстанатын ортада өскендіктен әрі фиқһта, әрі ақидада (сенміде) имам ағзам Әбу Ханифаның жолымен жүрген. Әбу Ханифа факиһ болуымен қатар, ақида саласындағы ғалымдардың да алғашқыларының бірі екендігі мәлім. Сондықтан имам Матуриди ханафи мәзһабын ұстанып, ақидада Әбу Ханифаның пікірлерін одан ары дамыта отырғаны түсінікті. Бір жағы соны ескергендіктен болар, кәлам ғалымдары матуридилік деп аталатын мектептің негізін қалаушы ретінде - Әбу Ханифаны атайды. Ал имам Матуриди болса, Әбу Ханифаның айтып кеткен негіздерін нақл (аят пен хадис) және ақли дәлелдермен қуаттап, талдап, жүйелеп бір ізге түсіруші ретінде танылған.
Ислам әлемінде һижри жыл санауының II ғасырынан бастап бой көрсете бастаған адасқан мәзһабтарға, соның ішінде әсіресе ақылды көбірек қолданатын муғтазилә мәзһабына классикалық әдіспен төтеп беру біршама қиынға соқты. Мұндай әдіспен әһлу сүннет сенімін қорғау жеткіліксіз еді. Неге десеңіз, классикалық, яки дәстүрлі әдісте ақыл ақида мәселесінде негізгі рөл ойнамайды. Осыдан келіп, әһлу сүннет сенімін қорғау жолында жаңа бір әдіске мұқтаждық туды. Яғни иман негіздерін түсіндіруде аят пен хадиске қоса, ақылға да орын беру керек болды. Өйткені логикалық талдаулар жасалып, мәселенің мазмұнын ашу, мақсатын түсіндіре білу қажеттілігі туды. Осы бағытта матуриди және әшғари мектептері қалыптасады.
Имам Матуриди ақида саласында аят пен хадиске қоса, дінді түсіндіруде ақылды да қатар пайдалануды қағида ретінде ұстанды. Матуридилер бірқатар мәселелерде алғашқы ғұламалдардың тәсілін ұстанғанымен, әшғарилерге қарағанда ақылды көбірек қолданды. Дегенмен имам Матуридидің тәсілі бойынша ақылды өз орнымен қолданып, оған шектен тыс басымдық беруге жол бермеу қажет.
Имам Матуриди ақылға біршама мән бергенімен, мутәшабиһ (ұғымын Алла мен Оның Елшісі білетін) аяттардың тәпсіріне келгенде шариғаттың шеңберінен шықпаған. Мысалы: Ол Рахман, ғаршыны меңгерді мағынасындағы Таһа сүресі, 5 - аятындағы истауа сөзі мутәшабиһ аят болғандықтан, бұл сөзді түсіндірген кезде алдымен аят жайында түрлі тәуилдер жасаған кісілердің көзқарасын айта келіп, мындай тұжырым жасайды: Бұл мәселедегі біздің ойымыз Алла Тағала Еш нәрсе Оған ұқсамайды (42. Шура сүресі, 11 - аят) деп, айтқан сөзі арқылы Алланың жаратылғандарға ұқсамайтындығын білдіруде. Алла жаратылғандарға ұқсаудан пәк. Біз де жоғарыда Алланың фиилінде және сипатында ұқсастықтан пән екендігін айтып өттік. Олай болса, біз Рахманның Аршқа истиуасы жайына Құранда айтылған күйінде қабыл етуіміз керек. Бұл аятта мынадай мағынаға келеді деп айта алмаймыз. Өйткені жоғарыда келтірілген тәуилдердің (жорамалдардың) қандай да біреуі сәйкес келіп қалуы мүмкін болса, дәл солай адамның санасы жете бермейтін басқа да бір мағынаға сай келу ықтималдығы да бар.
Имам Матуриди мутәшабиһ аяттарға түсініктеме беруде шариғат рұқсат еткен және араб тілінің шеңберінен шықпайтын әдісті қолданған. Ал берірертегі бірқатар әһлу сүннет ғалымдары ол аяттарға түсініктеме беруге мәжбүр болған. Өйткені бұл қарапайым халықтың аяттағы ұғымды басқаша мағынаға жорамалдауының алдын алудан туындаған қажеттілік болатын. Алайда, аталмыш ғалымдар мутәшабиһ аяттарды араб тілінің шеңберінен шықпайтын астарлы (мәжәзи) мағыналы бойынша ғана түсіндіруге болатындығын айтады. Солай болғанның өзінде ғалымдар айтқан жорамалдарының соңында оның нақты мағына емес, аяттың баламалы ұғымы ғана деп ескерту жазып отырады.
Имам Матуридидің өмір сүрген кезеңі Ислам әлеміндегі сенімге байланысты апралыстың ең өршіген уақыты еді. Ислам халифаты күн өткен сайын ұлғайып, көптеген халықтар Ислам дініне кіріп жатты. Бір жағынан халифа Мәмун (813-833 ж.) дәуірінен бастап, ежелгі грек және үнді философиясы араб тіліне көптеп аударылды. Мұсыламандардлың өзара мәзһабқа бөлінгендері аздай, сырттан келген яһуди, христиан пәлсафашылары мен дін басылары сенімге байланысты түрлі пікірлер айтып, халықтың санасына көптеген күмәнді мәселелерді ұялатып, дел-сал қылып қойды. Осындай сәтте Исламның иман негіздерін қорғау мақсатында ақыл мен қисындық қағидаларды пайдалану қажеттігі туындады. Нәтижеде иман негіздерін әрі нақылмен (аят-хадис), әрі ақылмен бекітетін Кәлам атты жаңа әдіс пайда болды. Мұның латыншадағы ұғымы - теология. Имам Матуриди осы дәуірде шыққан әйгілі мутакаллим, яғни теолог еді. Имам Матуридидің шыққан жері Мауарауннахр өлкесі болғандықтан, ғалым сол аймақтағы Ханафилардың ақида мектебінің имамы атанды.
Имам Матуриди 333944 жылы Самарқандта дүниеден өткен. Имам фиқһта Ханафи мәзхабын ұстанушылардың сенім негіздерін жүйеге келтіруші болып саналады.
Әһли сүннет фиқһта Ханафи, Шафи, Ханбали, Малики болып бөлінсе, сенім мәселесін Сәләфи, Матуриди және Әшғари мектептері қарастырғаны белгілі. Қазіргі кезде әлемдегі сүннит мұсылмандардың жартысынан көбі (шамамен 53%) Ханафи мәзхабын ұстанады. Ал Ханафилердің басым көпшілігі Имам Матуридидің бір жүйеге келтірген сенім негіздерін басшылыққа алады. Матуридилік мектептің ғұламалары бір жүйеге келтірген иман негіздері - негізінен, Орта Азия, Түркия, Балқан түбегіндегі, Қытай, Үндістан, Пәкістан аймағындағы мұсылмандар арасында кеңінен жайылған. Әсіресе түркі халықтары арасында көбірек жайылған.
а) Имам Матуридидің еңбектері
Имам Матуридидің ең танымал еңбектері мыналар:
1. Тәуилатул - Қуран
2. Китабут - таухид
3. Китабул - мақалат
4. Китабу - мәхазиш-шараи (фиқһ усулы жайында жазылған)
5. Китабул-жәдәл
Өзге де еңбектері:
1. Китабул рәдди әуаилил-әдиллә лил-Кағби
2. Китабу рәдди тахзибил-жәдәл лил-Кағби
3. Китабу бәяни уәхмил - муғтазилә
4. Рәдду китабул - Кағби фи уаидил - фуссақ
5. Рәддул усулил - хамса ли Әби Умарил - Баһили
6. Рәдду китабул - имамә
7. әр-Рәдду алал - Карамита
Осы аталған еңбектердің ішінен біздің заманымызға жеткен кітабы Тәуиләтул Қуран мен Китабут - таухид қана.
ИМАМ ӘШҒАРИ
Әшғарилік мектептің құрушысы Әбул Хасан Әли ибн Әби Бишр Исхақ Әл-Әшғари х.260м.873 жылы Басра қаласында дүниеге келді. Имам Әшғари әйгілі сахаба Әбу Мұса әл-Әшғаридің (өл.44665) ұрпағынан тарайды[11].
Имам Әшғари 40 жасына дейін Муғтазила мәзхабының итиқадын ұстанды. Сол уақытқа дейін муғтазила қағидаларын үйрету және оны өзгелерден қорғаумен айналысады. Оның ұстазы әйгілі муғтазила ғалымдарының бірі болған Әбу Али Жуббаи еді (өл.303916). Имам Әшғари кәлам дәрістерін осы ұстазынан үйренеді.
Имам Әшғари 40 жасына келгенде муғтазила мәзхабын тастап, Ахмед ибн Ханбалдың жолымен жүрген хадисшілер жағына өтеді. Имамның муғтазила мәзхабын не үшін тастағандығы жайлы ғалымдар түрлі себептер айтады. Көпшілік ғалымдардың айтуы бойынша ұстазымен үш ағайынды мәселесі жайында тартысып қалып, ұстазын жеңеді де, содан кейін муғтазила мәзхабын тастап кетеді. Бұлай болудың негізгі себебі ретінде мына оқиғаның ұйытқы болғандығы айтылады. 40 жасына дейін муғтазилит түсінігін үйреніп, сол жолда күресіп келген имам түсінде Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарды көреді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) түсінде оған дұрыс жолды түсіндірмегендігін айтқан екен. Содан бастап муғтазила жолын тастап, хадисшілердің, яғни әһли сүннет жолын ұстануға көшеді.
Осыдан кейін Әшғари біраз уақыт үйінен шықпай әһли сүннеттің еңбектерін оқып, муғтазиламен салыстыра отырып зерттейді. Сөйтіп жұма күнінің бірінде Басра қаласындағы орталық үлкен мешітке барып, мінберге шығады да, жамағатқа: Мені танып отырған шығарсыздар. Танымағандарыңыз бұдан былай танитын боласыздар. Мен Әбу Хасан Али ибн Исмайлмін. Осы уақытқа дейін муғтазила мәзхабын ұстанып келдім. Осы жолда қызмет еттім. Бірақ, істеген ісімнің дұрыс еместігін ұғынып, тәубе етіп, бүгіннен бастап муғтазила мәзхабын тастадым, - дейді.
Имам Әшғари өмірінің қалған кезеңін әһли сүннет жолында өткізеді. Муғтазиланы тастағанымен, ол өзінің исламға деген қызметіне қаяу түсірмейді. Керісінше, дін дағуа жолындағы ізденісін еселей түседі. Ол кісі ең алдымен өзі шыққан муғтазилаға қарсы күреседі. Әһли сүннет ақидасын қорғау үшін муғтазиланың өз тәсілдерін өзіне қарсы қолданады. Себебі, әһли сүннеттің әдісі ол кезге дейін ақли дәлелдерге орын бермейтін, тек аят және хадис аясында болатын. Ал муғтазила болса ақылды, қисындық қағидаларды көбірек қолданып, қарсылас адамының аузын аштырмай тастайтындай жауаптар беретін. Сондықтан олар осы әдісі арқасында ислам әлеміне тез арада жайылып, халифаттың ресми мәзхабы дәрежесіне дейін көтерілген-ді.
Имам Әшғари муғтазила ағымын өте жақсы білгендіктен олардың әлсіз тұстарын пайдаланып, идеологиялық тұрғыдан қатты тойтарыс береді. Бірақ, Имам Әшғари әһли сүннет сабына өткен соң ақылды аз қолдану қағидасын ұстанады. Неге десеңіз діни заңдылықтар мәселесінде көбіне ақыл аздық етеді.
Имам Әшғари тек муғтазила ағымына ғана емес, сонымен қатар адасқан мұсылмандарға, пәлсафашыларға, өзге діндегілерге қарсы исламның иман негіздерін қорғады. Оның пікірлері мен ұстанымы тез арада ислам әлемінің түкпір-түкпіріне тарап, мұсылмандардың көпшілігі Имам Әшғаридің бір жүйеге келтірген иман негіздерін ұстануға көшеді. Әсіресе Ирак, Сирия, Мысыр және Солтүстік Африканың тұтастай осы ақида қағидаларын қолдап, Әшғарилік жүйенің дамуын едәуір жылдамдатты. Имам Әшғари 324936 жылы Бағдатта дүние салды.
Қазіргі таңда әлемдегі сүннит мұсылмандардың 13%-ін құрайтын Маликилердің барлығы, 33%-ін құрайтын Шафилердің төрттен үші, Ханафилер мен Ханбалилердің азғана бөлігі Имам Әшғаридің қалыптастырған иман негіздерін ұстанады. Әшғарилік жолдың кең тараған аймағы Хижаз, Солтүстік Африка, Мысыр, Ирак және Сирия өлкелері болып табылады.
Имам Әшғари мен ұстазы Әбу Али Жуббаи арасындағы Үш ағайынды мәселесі былай болған: Муғтазила сенімі бойынша пенденің ғұмырында жақсы, қайырлы болған нәрсені Аллаһтың жасауы, жаратуы уәжіб. Өйткені, құлды жаратқан Аллаһ болғандықтан оған қажетті нәрсені өзі жаратуы керек. Имам Әшғари бұл мәселеде аз-кем күмәнданып ұстазы Әбу Али Жуббаиға былай деп сұрақ қояды:
- Бірі кәпір, бірі мумин, бірі жастай өлген үш ағайынды жандар жайында не айтасыз?
Ұстазы:
- Мумин болғаны жоғары дәрежеге жетеді (жәннәтқа барады), кәпір болып өлгені азапқа душар болады, жастай дүниеден өткені сауапқа да, азапқа да душар болмайды, - деп жауап береді. Әшғари:
- Әлгі жастай кеткені мумин салих дәрежесіне барғысы келсе рұқсат беріле ме?
Ұстазы:
- Жоқ, берілмейді. Және оның жауабы былай болады: Сенің бауырың бұл жоғары мақамға мойынсұнумен, амалдарымен жетті. Ал сенің мойынсұнған амалың жоқ. Әшғари:
- Егер жас бала: Я, Аллаһ, кінә менде емес қой, сен маған ғұмыр бергеніңде саған мойынсұнар едім,- деп айтса, Аллаһ Тағала не айтар еді?
Ұстазы:
- Жауап төмендегідей болар еді: Сен өмір сүргеніңде бас көтеріп, қарсы шығып, менің азабыма ұшырайтын едің. Мұны білгендіктен саған ғұмыр бермедім. Сен үшін пайдалы, қайырлы болғанын жасадым. Әшғари:
- Сонда кәпір болып дүниеден өткен бауыры: Әй, әлемдердің Аллаһы! Әй, жанашырлардың ең көп жанашыры! Оның жағдайын білген болсаң, менің де жағдайым Өзіңе белгілі еді. Не үшін оның пайдасына, қайырына болған нәрсені жасадың да мен үшін пайдалы, қайырлы болған нәрсені жасамадың?, - деп айтса, бұған не дейсіз? дейді.
Ұстазы:
- Уасуасаға түстің (шайтан азғырып отыр), - деп жауап береді.
Әшғари:
- Жоқ, мен уасуасаға түспедім. Өкінішке орай шейхіміздің айтар сөзі қалмады, - дейді.
Бұл мәселені әһли сүннет сенімі бойынша қарайтын болсақ, үш ағайындының басынан өткен нәрсе олардың тағдыры болып саналады. Кімнің қашан өлетіндігі дүниеге келместен бұрын оның тағдырына жазылып қойған. Балиғатқа толмай дүниеден өткен балалар сұрақ-жауапсыз жәннәтқа барады. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: Үш кісіге қалам жүрмейді. Сауыққанға дейін есі ауысқан адамға, оянғанға дейін ұйықтап жатқан адамға, балиғат жасына толғанша балаларға. (Бухари, Талақ 11. Худуд 22; Әбу Дәуіт, Худуд 17; Тирмизи, Худуд 1). Мұндай үзірі (себебі) бар пенделер құлшылықтан жауапты болмайды. Құлшылық ете білу үшін ақыл есі сау, балиғатқа толу керек деген қағида бар.
Ал, фиқһта Имам Әшғаридің қай мәзхабты ұстанғандығы жайында түрлі пікірлер айтылады. Әрбір мәзхабты ұстанатын ғалымдар, ислам ғұламасын өз мәзхабтарына жақын санайды. Шындығына келгенде, Имам Әшғаридің фиқһта нақты қай мәзхабты ұстанғандығы белгісіз. Тарихшы Мақризи (өл.8411441) деген кісі Әшғаридің Ханафи мәзхабын ұстануы мүмкін деген жорамал жасайды. Бұған негіз ретінде муғтазила мәзхабын дәлел ретінде келтіреді. Себебі, муғтазилиттер ақылға көбірек мән бергендіктен, фиқһта Ханафи жолын ұстанған (Әбу Ханифа пәтуа бергенде көбінесе ақылға (рәйге) сүйенетін). Сондықтан осы қағида муғтазилиттер ұстанымына сәйкес келгендіктен, фиқһта олар Ханафи болатын. Имам Әшғари де әдепкіде, 40 жыл бойы муғтазила мәзхабын ұстанып келгендіктен, оның да фиқһта ханафилік жолды ұстану ықтималы басымырақ деп тұжырым жасайды.
Имам Әшғари ақида мәселесінде Ахмед ибн Ханбалдің жолымен жүреді. Сол себепті, ол ақидада көбінесе сәләфилік әдісті ұстанған. Бірақ, ақылды да қолдана отырып Кәлам әдісін пайдаланды. Нәтижесінде алғашқы мұсылмандар секілді тек нақылмен шектеліп қана қоймай немесе муғтазилиттер сияқты асып та кетпей (тек ақылға басты орын беріп) орта жолды ұстанды. Имам Әшғариден кейінгі осы мектептің өкілдері ақидаға кейбір өзгешіліктерді енгізді. Мысалы, Имам Әшғари муташабих аяттарды жорамалдамай керісінше тәуилге қарсы шығып, бұл мәселеде алғашқылардың қағидаларымен жүрсе, кейінгі келген Имамул Харамәйн әл-Жууайни (өл.4781085), шәкірті Ғаззали (өл.5051111), Шәхристани (өл.5481153) сынды тұлғалар тәуилді еркін қолданған.
а) Имам Әшғаридің еңбектері
Имам Әшғари муғтазила мәзхабынан шыққаннан кейін, сол мәзхабтың кем-кетік жерлерін сынап, әрі кейбір тұжырымдарына жауап ретінде бірқатар еңбектер жазады. Деректер бойынша ол кісі муғтазиладан шыққаннан кейін 70-тей еңбек жазған. Кейбір Әшғари ғалымдарының айтуына қарағанда еңбектерінің саны 100-ге жеткен. Мысалы Әшғари ғалымы Ибн Фурак (өл.4051015) пен Ибн Анасир (өл.5711176) ғұламаның 70 еңбегінен өзге, және 30 еңбектің атын келтіреді. Имам Әшғари тек кәлам саласында ғана емес, әрі тәфсир саласында да еңбектер жазған екен. Имамның бүгінгі күнге дейін жеткен еңбектері төмендегілер ғана:
1. әл-Ибәнә ан усулид-диянә - муғтазиладан шыққан соң жазған алғашқы еңбегі
2. әл-Лума фир-рәдди ала ахлиз-зәйғи уәл бида
3. Рисаләту фи истихсанил-хауд фи илмил кәлам
4. Мақалатул исламиин
5. Рисаләту илә әхлис-сағри бибабил әбуаб
1.2.Құдайлық сипаттар төңірегіндегі түсініктемелер
Каламдық ағымдардағы құдайлық сипат туралы көзқарастар. Каламдық мектептерде құдайлық сипаттардың түсініктемесі әртүрлі болып келеді. Олардың кейбірі Алланы өзге болмыстарға тән сипаттарға ұқсатудан аулақ болып, насстарда орын алған хабари сипаттарға тауил жасаған. Ал енді бірі тауилді дұрыс деп есептемей, насстарда орын алған сипаттарды түсініктемесіз сол күйінде қабылдауды дұрыс деп тапқан.
Мутазиланың құдайлық сипаттар төңірегіндегі көзқарасы. Мутазилиттер арасында құдайлық сипаттарға тән алғашқы көзқарасты Уасыл бин Ата ұсынды. Уасылдың абсолюттік (азали) екі құдай сенімін қолдайтын манихеистерге қарсы кітап жарыққа шығарғаны белгілі. Оның кім қадим (абсолюттік) мағынаны немесе сипатты мойындаса, екі құдайды қабылдаған болып шығады, деп айтқандығы баяндалады. Одан кейінгі дәуірлерде мутазила каламшылары да оның осы идеясын дамытты. Мутазилиттер Алланың затынан (субстанциясынан) бөлек болып табылатын азали құдайлық сипаттарды қабылдауды таухид принципіне қайшы деп есептеген. Осыған байланысты олар Алла біліммен (илм), құдіретпен және хаятпен (тірі) емес, затымен (субстанциясымен) ғалым, қадир (құдіретті) және хай (тірі) деп білген.Келесі жағынан мутазила ғұламалары ішінде Әбу Хашим әл-Жуббаи құдайлық сипаттар туралы ахуал концепциясын дүниеге әкелді. Ол Алланың сипаттарын затының әртүрлі халдері ретінде түсіндірген. Оның пікірі бойынша бұл халдерді біздің жекелеп тануымызға мүмкіндік жоқ. Ол жеке, өз алдына бар да емес, жоқ та емес, белгілі де, белгісіз де емес, қадим де, хадис те емес. Олай болса, аталған халдер - құдайлық заттың әртүрлі қырлары. Жалғыз болып табылатын құдайлық бір зат саналық байланыстармен ғана ұғынуға болады. Осыған орай, халдер тек затымен байланыстары арқылы ғана танылады, жеке тұрып таныла алмайды.
Қорытындылай келе, мутазила мектебі Алланың жаратылыстарға ұқсауына себепкер болып табылатын барлық идеялар мен ойлардан аулақ болуға тырысқан. Олар Алланың ерекше сипаты ретінде қыдамға маңыз берген. Осы сипатпен безенген барлық нәрсе Аллаға серік болып табылады. Демек, қалған құдайлық сипаттардың Алланың затынан бөлек қадим сипаттар болуына мүмкіндік бермеуге тырысып, олардың затының ішінде екендігін алға тартқан. Осыған байланысты қарсыластары мутазилиттерді Алланы сипатсыз деп есептегендер деген мағынаны білдіретін муаттыла деп атаған.
Шиизмнің құдайлық сипат туралы көзқарастары. Шиилердің бастапқы кезеңіндегілер кейінгі дәуірдегі шииттерден қарағанда құдайлық сипаттарға басқаша түсініктеме жасағандығы байқалады. Ашаридің пікірі бойынша шииттер Алланың сипаттары мәселесінде тоғыз топқа бөлінген. Осы топтардың ішіндегі салмағы басымдары - құдайлық сипаттарды жаратылған деп есептегендері. Мысалы, алғашқы шиит каламшысы Зурара бин Айун (ө. 767 ж.) субути сипаттардың жаратылғандығын қуаттады. Сонымен қатар алғашқы шии каламшысы Хишам бин Хакам құдайлық ілім сипатын жаратылған сипат ретінде қарастырады. Бірақ Хишам ілімнен басқа құдайлық сипаттарды жаратылған сипаттар деп есептемейді. Сонымен қатар, Хишам зат пен сипат қатынасына ашариттерге ұқсайтын түсініктеме жасаған. Хишамның пікірі бойынша Алланың құдірет, хаят, сами, басар және ирада сипаттары Алла да емес, одан басқа да емес.
Хижрет жыл санағының төртінші ғасыры аяғында алғашқы шииттік каламшылардың қабылдаған жаратылған құдайлық сипат көзқарасының орнына шиитер арасында мутазилиттерге тән құдайлық сипат түсінігі белең алды. Алғаш болып Шейх Садуқ құдайлық сипаттарды жоққа шығаруға тырысты. Оның ізбасары Шейх Муфид Алланың сипаттары оның затымен бірге деп есептеді. Муфидтің шәкірті Шариф Муртаза да зат пен сипат қатынасын мутазилиттік түсініктемемен уағыздады. Демек шиизмде пайда болған осындай мутазилиттік түсініктеме тарих бойында дамытылған. Шииттер бастапқыда ташбихтың түсініктемеге орын берсе, кейінгі кезеңдерде мутазиланың ықпалында қалған.
Қорытындылай келе, имамия шиилігінің көзқарасы бойынша Алланың хайй, алим, қадир, маужуд, сами және басир сияқты зати сипаттары бар. Алланың затына қосымша түрде ілім, құдірет, хаят, сам және басар сияқты сипаттардың қадим екендігін мәлімдеу қадимдердің көбеюіне (тааддуду қудама) алып барады, ал бұл Алланың бірлігіне қайшы келеді.
1.3.Әһли сунна мектептеріндегі құдайлық сипаттар
Әһли суннаның құдайлық сипаттар туралы көзқарасы.Әһли сунна ғұламаларының пікірі бойынша Ұлы Алланың хаят, илм, сами, басар, ирада, қудрат және калам деген субути сипаттары бар. Бұл сипаттар азали және абади (абсолюттік). Олар Алланың затымен бірге болмағаны сияқты затынан бөлек тәуелсіз де емес. Осылай сунниттер мутазилиттердің алға тартқан концепцияларын мойындамайды. Олардың құдайлық сипаттар төңірегіндегі түсініктемесі соңында тығырыққа тірелетінін қуаттаған.
Әһли суннаның пікірі бойынша Алла өзін тірі, алим және қадир (құдіретті), естуші және көруші ретінде танытқан. Араб тілінде осы сөздер - белгілі мағыналардан туындаған атаулар. Хайй, алим, қадир, сами және басир сияқты есімдерді Аллаға тән деп есептеу арқылы тек Алланың затына ғана емес, сонымен қатар, хаят, илм, қудрат, сами және басар сипаттарына да сипаттама жасауға болады. Ал мутазилитердің қуаттағаны тәрізді Алланың ілім деген сипаты жоққа шығарылса, онда ілімі (илм) жоқ ғалымды әңгіме ету сияқты негізсіз, қисынсыз ойлар туындайды. Өйткені, білімсіз ғалымның, құдіретсіз қадирдің, өмірсіз тірінің болуы мүмкін емес.
Әһли суннаның пікірі бойынша хаят, илм, сами, басар, қудрат сияқты субути сипаттарды қабылдау мутазилиттердің алға тартқаны сияқты қадимдердің көбеюіне (тааддуду қудама) алып бармайды. Өйткені көптік болмысдардың бірнешелігінен, басқашалығынан тұрады. Зат пен сипаттар арасында осындай басқашалық орын алмағаны сияқты сипаттар да бір-бірінен бөлек дүние емес. Десек те заттың мәні мен сипаттардың мәні екі түрлі, бірақ, сипатсыз затты, затсыз сипатты ойлай алмаймыз. Мысалы, хаят пен илм мағынасы екі түрлі болғанымен екеуінің бар болуы жағынан бірдей болып табылады. Олай болса, сипаттарды қуаттау Алладан басқа кыдамға немесе қадимдердің көптігіне жетелемейді. Сонымен қатар, мутазилиттердің алға тартқаны тәрізді осы сипаттарды қабылдау христиандар тәрізді күпірлікке алып бармайды. Христиандар бір-бірінен бөлек қадим (абсолюттік) болмыстардың бар екендігін анық айтады. Бірақ олар вужуд, илм және хаят дей отырып, әке, оның ұлы және қасиетті рух деп атаған үштікті мойындағанына байланысты кәпір болып табылатыны анық. Олар осы үштікті араларында басқалығы, өзгешелігі бар болмыстар ретінде санап, олардың әрбірін келесінінен бөлек міндетті және абсолюттік деп мойындаған. Демек, әһли сунна құдайлық сипаттарды заттан бөлек деп есептемегені тәрізді оларды затпен бірге деп те санамаған.
Әһли сунна ғұламаларының пікірі бойынша мутазилиттердің қолдағаны тәрізді Алланың сипаттары мен затын бір деп есептеуге болмайды. Өйткені, зат пен сипаттар бір-бірімен шатасып кететіні тәрізді сипаттардың өздерін бір-бірінен ажыратып алу мүмкін болмай қалады. Сипаттар затпен бірдей болса, онда ол сол сәтте білуші (алим) болу, сол мезетте құдіретті болу, естуші болу және көруші болу деген бірдей мағынаға айналады. Демек, Алланың сипаттары мутазилиттердің қуаттағаны тәрізді затымен бірге де, каррамияның алға тартқаны тәрізді затынан бөлек (ғайри) те емес. Керісінше Алла сипаттарының әрбірі не затының өзі де, не затынан бөлек те емес. Әрбір сипаттың келесі сипатпен байланысы да осындай, яғни сипаттар бір-бірімен бірдей де, бір-бірінен бөлек те емес. Өйткені, екі нәрсенің бір-бірінен бөлек, басқа болуы дегеніміз - бірі жоқ кезде келесін бар деп пайымдауға болатын екі түрлі болмыс деген сөз. Ал мұны Алланың сипаттары мен затына яки бір сипаты мен келесі бір сипатына теңей алмаймыз. Олай болса, олар бір-бірінен бөлек болмыстар емес.
Түйіндей келе, әһли сунна ғұламалары субути сипаттардың Алланың затымен бірдей де, бөлек те емес (ла һия айнуһу уа ла һия ғайруһу) екендігін қолдаған.
Құдайлық сипаттарды жіктеу. Аллаға иман келтіру дегеніміз - оның заты жайында уәжіп болып табылатын кемел сипаттары мен жайыз сипаттарды біліп, солай сену, затын нұқсанды сипаттардан арашалап алу. Алла өз даңқына лайықты барлық кемел сипаттарға ие. Алла сипаттарының барлығы - азали және абади сипаттар. Құдайлық сипаттардың бастамасы да, соңы да жоқ. Алланың сипаттары өзге болмыстардың сипаттарына ұқсамайды. Алайда, атауларында ұқсастық орын алғанымен Алланың ілімі, қалауы (ирада), хаяты, каламы, адамның іліміне, ирадасына, өміріне және каламына (сөзіне) ұқсамайды. Біз Алланың заты мен мәнін біле, түсіне алмағанымызға байланысты Алланы есімдері мен сипаттары арқылы ғана тани аламыз және солай сенеміз. Құран Кәрімде: لا تُدْرِكُهُ الاَبْصَارُ وَهُوَ يُدْرِكُ الاَبْصَارَ (оны көздер көре алмайды, бірақ, ол көздерді көреді.) Анам 6103), деп Алланың затын ұғыну мүмкін емес екендігіне тоқталған. Ардақты Пайғамбарымыз осы тақырыпта Алланың жаратқандары туралы ойлаңдар, ал Алланың заты жайында ойламаңдар. Өйткені, сендердің бұған ешқандай күштерің жетпейді (Хадисті Әбу Нуайм мен Табарани риуаят еткен. Суюти, әл-Жамиу-с-Сағир, І 132 (Мысыр, 1373), Ажлуни, Кашфу-л-Хафа, І 311 (Бейрут, 1352).
Мұсылман теологтары калам іліміндегі илаһият бөлімін түсінуге, үйренуге қолайлы болуы үшін логикалық үндестік аясында жүйелеуге тырысқан. Алғашқы ақидалық трактаттың біріне жататын Әбу Ханифаның әл-Фиқху-л-Акбарында Алланың сипаттары зати және фиили сипаттар болып екіге бөлінген. Оның бұл жіктеуі жалпы ислам теологиясында мойындалғанымен осыған қосымша түрде келесі бір жіктеу де орын алады:
1. Сыфат нафсия (вужуд сипаты);
2. Ұлы Аллаға сипат ретінде берілу мүмкін емес сипаттар. Бұлар салби сипаттар немесе танзихат деп аталады.
3. Бар екендігі міндетті, Аллаға сипат ретінде берілуі уәжіп болған сипаттар осы типтегі сипаттар субути сипаттар деп аталады;
4. Алла Тағалаға тән болуы да, болмауы да жайыз болып табылатын сипаттар сыфаты жаиза немесе фиили сипаттар деп аталады;
5. Насстарда орын алған, сыртқы мағынасы ташбих, тажсим идеясына жетелейтін хабари сипаттар.
І. Зати сипаттар.Бұл сипаттар тек Ұлы Алланың ғана затына тән, Алланы өзге болмыстардан ерекшелендірген, Алладан басқа ешбір нәрсе, ешкімнің иелік етуі мүмкін емес сипаттар зати сипаттар деп аталады. Демек осы сипаттары арқылы Алла өзге болмыстардан ерекшеленеді.
1. Вужуд сипаты (وجودСыфат НафсияБар болу).Вужуд - бар болу деген сөз. Алла - бар. Оның бар болуы өзге болмысқа байланысты емес, затының қажеттілігі және бар болуы міндетті. Вужудтың антонимі болып табылатын жоқтық (عدمадам) Алла Тағалаға мүлдем тән емес. Сунниттік каламшылардың көпшілігі вужуд сипатын сыфат нафсия деп, жеке азали және тәуелсіз сипат ретінде мойындаған. Уажиб Тағаланың затын вужудсыз ойлау мүмкін емес. Вужуд - бүкіл сипаттардың түп негізі. Вужудты затымен бір деп есептеген ислам философтарының, Әбу-л-Хасан әл-Ашаридің (ө.936 ж.) және мутазила каламшысы Әбу-л-Хусейн әл-Басридің (ө.1044 ж.) пікірі бойынша вужуд құдайлық заттан бөлек, тәуелсіз сипат емес.
2. Салби сипаттар (танзихат). Алла Тағаланы нұқсандық сипаттардан пәктейтін, арашалайтын сипаттар танзихи сипаттар деп аталады. Алланы болымсыз сөзбен ұлықтағандықтан салби сипаттар деп те аталады. Калам кітаптарында бастамасы мен соңы жоқ, Алла - араз емес, дене емес, жаухар емес, мусаууар (форма иесі) емес, махдуд (шектеулі) емес, мадуд (саналатын) емес, мутабаиз (бөлінетін) емес, мутажаззи (бөлшектенетін) емес, мутараккиб (құралатын) емес, мутанахи (соңы бар) емес т.б. деп баяндалады. Мән мен сапа (махиат және кайфиат) Алланың сипаттамасы бола алмайды. Аллаға мекен (кеңістік) тән емес, уақытпен шектелмейді, ешнәрсе оған ұқсамайды деген сияқты болымсыз (салби) түрде түсініктеме жасалынатын сипаттар салби, танзихи сипаттарға жатады. Танзихи сипаттарды белгілі бір санға шығару мүмкін емес. Бірақ олардың ең маңыздылары бесеу:
А. Қыдам (قدم) - бар болуының бастамасы болмау, әуелден бар, азали болу деген сөз. Ұлы Алла - қадим, кейіннен пайда болмаған. Кейіннен пайда болған жаратылыстар хадис болмыстар деп аталады. Хадис болмыстар өздерін жаратқан болмысқа мұқтаж. Пайда болу тізбегін себеп пен салдар қағидасы, тізбегін шексіз жалғастырар болсақ, ол саналық қайшылыққа алып баратыны айқын. Өйткені ол бастамасы жоқ хадистерді қабылдау болып шығады. Ал бұл мүмкін емес. Олай болса, әрбір хадис (жаратылған) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz