Лингвоконцептология теориясы және әлемнің тілдік бейнесі.Концепттер ұғымы
Калдыбаева А.Т
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТ Университеті
Rgph301@mail.ru
Алматы, Казахстан
Лингвоконцептология теориясы және әлемнің тілдік бейнесі.Концепттер ұғымы
Бұл мақалада қарастырылатын негізгі мәселе ол тіл біліміндегі жаңа бағыт лингвоконцептология теориясы және әлемнің тілдік бейнесі болып табылады. Қазіргі кезде тіл біліміндегі зерттеулердің көбі негізгі категория ретінде концепт ұғымын алуда , соған байланысты мақалада концепт термині әр қырынан қарастырылады.
Тірек сөздер: лингвоконцептология,әлемнің тілдік бейнесі, концепт, концептосфера, лингвомәдени концепттер, лингвомәдениеттану, концептология
Қазіргі таңда лингвоконцептология тіл білімінде ең жаңа бағыт болып табылады және концепт термині осы бағыттың негізгі зерттелетін мәселесі екені анық.
Лингвоконцептология толыққанды ғылыми тұрақталған бағыт деп айтуға болады, оның дәлелі ретінде категориалдық аппараты мен шыңдалған методологиядық зерттеу алгоритмдерін айтпағанда өзіне тән басқа да белгілері бар мәселен, оқұ құралдарының бар болуы, лексикографиялық практикаға шығуы яғни, концепттер сөздігінің жасалуы, аударма практикасында лингвоконцептология терминдерінің түсіндірілуі сынды белгілерін атап айтуға болады.
Ерекше айта кететін жайт ретінде В.И Карасик пен И.А Стерниннің Концепттер антологиясын айта кеткен жөн,оның 1 ші томы 2005 жылы жарық көрсе ал жетіншісі 2009 басылып шықты. ( 1 және 2 томдары Гнозис баспасында бір кітап болып басылып шыққан). Аталған көптомды еңбекте мыңнан аса жұмыс жинақталған, олар лингвоконцептология бағытында ғана емес сонымен қатар лингомәдени бағытта да көрініс тапқан. Мұнда түрлі концепттер берілген, мәселен, су,гүл, шәй, тамақ сынды қарапайым мәдени концептерден бастап, махаббат, сулұлық, еркіндік, Құдай, шындық, заң, сияқты ішкі жан дүниеге қатысты универсалийлер де жинақталған және кейбіреулері қайталанып та келеді, мысалы, еңбек, достық,саяхат, жас, отбасы, демократия,ақша және т.б. Сөзсіз, лингвоконцептологияны өзінің барлық теориялық, методологиялық, эвристикалық, рәсімдік қорларын толықтай ашып көрсетті деп айту қиынға соғады, сондықтан бұл бағытта әлі де талай белестер алынуы тиіс, алайда лингвоконцептологияның жетістіктерініне шолу жасайтын болсақ, оның өзіндік зерттеу аясының қалыптасуын, өзінің негізгі түсінігі яғни концпеттің айқындалуы оның зерттеу әдіс-тәсілдерінің жариялануы, концепттердің типологиясының құрылуы, олардың модельдеулерінің алгоритмдерінің құрылуы сынды жетістіктерді атап көрсетуге болады.
Әлем бейнесі - тіл тарихы арқылы ғана оқып игеруге болатын өзіндік классификациясы бар категория. Көптеген ғалымдар пікіріне қарағанда әлем бейнесі мозаика сияқты. Ол әртүрлі концептер мен олардың арасындағы байланыстан тұрады. Сондықтан да оны көп жағдайда әлемнің концептуальды бейнесі деп те атайды. Концепт термині когнитивті лингвистика саласы мамандары тарапынан көптен бері қолданылып келеді. Мысалы ондай ғалымдар қатарына А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов, Р.М.Фрумкина, И.А.Мельчуктерді атауға болады. Лингвистикалық әдебиеттерде концепт терминіне әр түрлі дефиниция ұсыну кездеседі. Кейбір ғалымдар оны мәтінде берілген мағыналардың жасырын атауы деп түсіндіреді. Және ондай мағыналар адамның ұлтына, кәсібіне, мәдени деңгейіне, жасына байланысты болады дейді. А.Вежбицкая концепт дегеніміз адамның әлемді мәдениетпен тең деп қабылдап елестетуі десе, Ю.С.Степанов адамның ділін қалыптастырушы негізгі мәдени ұя деп біледі [66,67]. Мұнда бір жағынан белгілі бір ұғымның мазмұны көрсетілсе, екінші жағынан сол ұғымның мәдени дерек ретіндегі этимологиясы, сол ұғымға қазіргі заман көзқарасы тұрғысынан баға беру немесе сол ұғымның басқа бір затпен сәйкестігі көрсетіледі. Р.М.Фрумкинаның айқындауынша, концепт - өте ауқымды ойлау бірлігі. Концептінің негізінде жеке адамның өзінің сезіп білген жайлары жатады. Сезіп білген образдар нақты болады, сондықтан олар адамның сезімінен ойлау деңгейіне көтеріледі. Көптеген концептілер өзінің алғашқы сезілген күйдегі табиғатын сақтайды. Мысалы, ащы, тәтті, жота, тегіс, орындық деген сөздердің атауы сол алғашқы сезілген мағынасында сақталғандай әсер қалдырады. Ұғыммен салыстырғанда концептіде айқын құрылым да, қатаң бірізділік те жоқ. Концептуальдық белгілер тілдің семантикасы арқылы көрінеді. Сөз мағынасы, фразеологиялық тіркестер, сөйлемдер мен тұтас мәтіндердің схемасы белгілі бір концепт туралы білімнің көзі болып табылады. Концептілер сөз арқылы беріледі дегенмен, сөздің тілдегі мағынасы концептінің бір жағы ғана. Осыдан сөздің мағынасын толық ашатын синонимдік қатарлардың, тұтас мәтіннің қажеттігі келіп шығады. Жазған сөзді қайтадан редакциялау концептіні берудегі тіл жетіспеушілігінен, тілдік құралдардың кем болуынан туындайтыны байқалады. Осыдан келіп сөз өнері, сөйлей білу өнері, көркем сөйлеу өнері адамның мәңгілік құқығы мен міндеті екендігі бой көрсетеді. Кейбір тілдерде концепт бар, ал оған сәйкес келетін, сол концептіні дәл көрсете алатын сөздің жоқтығы да көрініс беріп қалатын тұстар бар. Мұны лакундар дейді. Мысалы, қазақ тілінде жас жұбайлар деген тіркес бар. Бірақ кәрі жұбайлар деген тіркес жоқ. Этникалық қоғамда кейбір концептілер жалпыұлттық, топтық сипатқа да ие болатын жайттар кездеседі. Мұндайда ұжымдық санадағы концептілердің жиынтығын концептосфера деп атау бар. Концептілер ұлттық ерекшелікке ие. Ұлттық концептосфера - ұлттық санадағы әбден өңделген, стандартқа түскен концептілер жиынтығы. Кейбір концептілер тек бір ұлтқа ғана тән, сондықтан оларды баламасыз сөздер қатарына жатқызуға болады. Бірақ көптеген концептілердің өзге тілде аудармасы бар екені де рас. Концептілер тілдегі лексемалар, фразалар, айтылыстар арқылы көрінеді. Олар - когнитивтік лингвистиканың зерттеу объектісі. Яғни, концептілер лексемалардың көмегімен жүзеге асады екен. Осының нәтижесінде әлемнің тілдік бейнесі келіп шығады. Әлемнің тілдік бейнесі халықтардың көп ғасырлық тәжірибесі негізінде жасалған жер бетіндегі заттар мен құбылыстарға берілген ат, басқаша айтқанда олардың жеке бөліктерін тілдік құралдардың көмегімен атауы. Оған адамның материалдық және рухани өміріне қатысты атаулар да жатады. Екіншіден, сол адамды қоршаған заттар: кеңістік пен уақыт, өлі және тірі табиғат, адам өмір сүретін қоғам мен адамның өзі жасаған аңыздар, мифтер т.б. Әлемнің тілдік бейнесі арқылы діл мәдениетпен байланысады. Бұл туралы Р.М. Фрумкина: Наивная картина мира носителей данного языка отражается структурой смыслов слов и определяются культурой и ментальностью эпохи, местом человека в социальном пространстве, его самоидентификацией в качестве Я и в качестве Мы.
Концепті түрлі қырынан қарастыру барысында сол концепт арқылы берілетін мәдени ақпараттың мазмұнына ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Концепті лигвомәдениеттанымдық аспектіде зерттеушілердің ( Н.Д.Арутюнова, В.В.Колесов, З.Д.Попова, И.А.Стернин, Ю.С.Степанов, В.Н.Телия, Л.О.Чернейко т.б.) пайымдауынша, концепт барынша кең ұғым. Оның мазмұнына ұғымдық белгілерден де басқа осы зат, құбылыс, нысанға қатысты барлық мәдени - аялық ақпарат енеді.
Лингвомәдени концептер тұтастай лингвомәдени қауымдастық ретінде әрі жеке тұлға ретінде құндылықтар белгіленген дүние бейнесінің басты бірліктерін көрсетеді.В.А.Маслова мәдени концептерді мәдени ақпарат ұғым ядросына жинақталған абстрактылы ұғымдардың атауларымен байланыста қарастырады. Мәдениеттің тірек концептілеріне В.А.Маслова мынадай абстрактылы атауларды Ақыл, Тағдыр, Ерік, Үлес, Кінә, Заң, Еркіндік, Зиялы қауым, Отан т.б. жатқызады. Г.Г.Слышкин мен В.И.Карасик концепті құндылық элементтері басым көпжақты ментальдық бірлік деп түсіндіреді. Концепт ассоциативтік векторлар тарайтын қандай да бір күшті сана тұрғысынан топтастырылады. Тіл тасымалдаушысына барынша өзекті ассоциацияны- концепт ядросы құраса, онша маңызды емесі- периферияны құрайды. Лингвомәдени концептің тілмен, санамен және мәдениетпен арақатынасын былайша тұжырымдауға болады:
1. Сана- концепт аумағы( концепт санада жатады)
2. Мәдениет-концепті анықтап, негіздейді. (яғни концепт- мәдениет элементтерінің ментальдық проекциясы);
3. Тіл немесе сөз - концептің заттану аясы [1;75-77].
Олар бұл схеманы салыстырмалы деп қарастырады.Тіл мен мәдениет феномендерінің арақатысының күрделілігін атай келе, (тіл бір жағынан мәдениет бөлшегі болса, екінші жағынан ол мәдени фактор ( сондай- ақ тіл мен сананың арасындағы екі жақты байланыстың болуы. Олардың пікірінше, лингвомәдени концепт лингвомәдениеттануда қолданылатын басқа бірліктерден ментальдық табиғатымен ерекшеленеді. Егер Е.М.Верещагин мен В.Г.Костамаров ұсынған логоэпистема сөз мағынасының элементі болса [2;84], тілде орналасса, онда В.В.Воробьев енгізген лингвокультурема деңгейаралық бірлік ретінде анықталады, яғни белгілі орналасқан жері жоқ, ал концепт санада орналасады[3;331]. Санада тіл мен мәдениеттің өзара әрекеттестігі жүзеге асырылады. Сондықтан кез- келген лингвомәдени зерттеу когнитивті зерттеу болып табылады.
Лингвомәдени концептер үш компонентті болып келеді: құндылық, фактуалды және образдық. Фактуалды элемент санада вербалды түрде сақталады, сондықтан сөйлеуде тікелей көрініс табады, ал образдық элемент бейвербалды ол тек бейнелеу арқылы беріледі. Лингвомәдени концептерді түрлі қырынан топтауға болады. Концептер тақырыптық жағынан эмоционалдық, білімдік, мәтіндік концептосфераны құрайды. Лингвомәдениеттанудың бірлігі ретінде концептермен қатар құндылықтар доминанты, прецеденттік ситуациялар, прецеденттік мәтіндер, прецеденттік айтылым- ойлар, прецеденттік есімдер секілді терминдер енгізілгенін айта кету керек. Қорыта айтқанда, лингвомәдени концептер тіл мен мәдениет байланысын аксиологиялық тұрғыдан қарастырып, бағалайды.Лингвомәдениеттануда концептердің өте қажет болу себебі олар ұғымдар мен түсініктер иеленген абстрактылы мағынадан әлдеқайда алшақ. Концептілер объективті біліммен бірге субъективті де білім бере алады. Атап айтқанда, әрбір адамның өзіне ғана қажет деп санайтын жеке білім, сенім, ол ғылыми емес те болуы мүмкін, көркем шығарма арқылы да, тіпті әңгіме арқылы да білім алуға мүмкіндік жасайды. Концепт терминін түсіну мен қолдануға байланысты айрықша құнды тәжірибенің жинақталуын орыс лингвомәдениеттану саласында ХХ-дың аяғы мен ХХІ ғасыр- дың бас кезіне қатысты деп санайды. Мұның философиялық негізін ХХ ғасырдың 70-80 жылдары Р.Павиленис атты ғалым салған еді. Ғалым концепт ұғымын санадағы объектіге тапсырма беру тәсілі, сол арқылы пайда болған мағына деп тәпсірледі. Оның айтуынша, мағынаны игеру дегеніміз - тәпсірлеуші ретінде пайдаланып келген концептілерден бірнеше құрылымдар жасау. Осы түсінік тұрғысынан қарағанда концепт ұғымы - белгілі бір тіл иесі халықтың тіліндегі олардың өзекті деп санайтын мәдени-танымдық тәжірибесін жинақтаған концептосфералардың тәпсірленуі, басқаша айтқанда, әлем туралы пікірлер мен білімдер жүйесінде жинақталған тәпсірлеулер.
ХХ ғасырдың соңында концепт термині әртүрлі гуманитарлық мәтіндерден көріне бастады. Осы тұста ортағасырда өмір сүрген ғалым П.Абелярдың теориясы сұранысқа ие бола бастады. Бұл теория бойынша концепт таным актісінің ең негізгі көрсеткіші болып саналатын біржақты және жан жақты сипаттау мағынасында қолданыла бастады. Ал бұл концептіні логикалық категориялардан ерекше айырып көрсететін белгі еді, әсіресе концепт ұғымы айтушы мен тыңдаушының ішкі жан дүниесімен теңеседі дейтін түсініктерден оқшаулана бастады. П.Абелярдың түсіндіруі бойынша, концепт барынша субъективті, ол сөз арқылы қалыптасады, адамның жан дүниесінің ашылуы барысында, яғни тілдесу үстінде, адам жанының ес, елестету, талқылау, талдау, ойлау сияқты қабылеттерін жинақтай отырып жүзеге асады. Түсінік концептен гөрі объективті болып келеді. Ол тілдеспей тұрып-ақ адамның ойлау жүйесін қалыпқа түсіру функциясын атқаратын белгілер мен маңызды құрылымдарға байланысты болып келеді. П.Абелярдың концепт туралы орта ғасырдағы ой пікірі осы уақытқа дейін өзінің өзектілігін ғана сақтап қойған жоқ, сонымен бірге ХІХ және ХХ ғасыр ғылымынан өзінің қолдауын да тапты. ХХ ғасырдың басында концепт туралы пікірталасты С.А.Аскольдов бастады.Ол үшін концепт таным актісінің мазмұнына тең жалпы түсінік, бірақ ол адамның жалпы білім кеңістігінде ғана өмір сүретін, көз алдынан ұстатпай өте шығатын елес тәрізді, нақлығы жоқ, жұмбақ әлем. (Аскольдов, 1999: 270). С.А.Аскольдов, ...концептіні елес тәрізді дей отырып, оны адамның психофизикалық табиғатының шындығы, сөз бен мағына арасындағы жетекші,- дейді. Концепт ойдағы жасалым, ол ойлау үрдісінде бізге белгісіз біртектес көптеген заттардың орнын алмастырады,- деп түсіндірді ғалым. Қазіргі концептологияның көпқырлы аспектісін былайша көзге елестетуге болады:
1.Концепттер ділдік білімге негізделеді, себебі олар тілдің құнды мағыналық бөлігін құрастырады.
2.Концепт дегеніміз - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz