Ағылшын тіліндегі махаббат концептісі



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ағылшын тіліндегі махаббат концептісі

Адам баласы айналасын тани отырып, оны бағалайды. Бағалау барысында
кездесетін шынайы өмір құндылықтарын ақ-қара, жақсы-жаман, мейірімді-
қатыгез, сұлу-сұрықсыз, алыс- жақын деп ажыратады.
Әрбір мәдениеттегі әлем бейнесі кеңістік, уақыт, махаббат, әйел, еркек,
достық, бостандық, жеке меншік және т.б. бірқатар ортақ концептер мен
мәдени константтардан тұрады. Халық осылар арқылы әлем бейнесін таниды.
Аталған концептілердің арасынан “махаббат концептісіне тоқталайық.
Концепт ұғымы лигвистикада адамның әлем туралы жинақталған мәдени
түсініктері. Концепт- біздің нысан туралы білімдеріміздің жиынтығы.
Концепт- адамның ойлау кодының басты бірлігі болып табылатын салыстырмалы
түрде реттелген ішкі структурасы бар жеке тұлға мен қоғамның танымдық
әрекетінің нәтижесін көрсететін әрі бейнеленіп отырған зат немесе құбылыс
жөнінде кешенді, энциклопедиялық ақпаратты бойына жинаған, берілген
ақпараттың қоғамдық санада интепретациялануы мен қоғамдық сананың құбылысқа
не нысанға арақатысын бейнелейтін дискретті ментальдық бірлік тәрізді
анықтамалармен беріліп жүр. Ю.С.Степанов концепті қатпарлы білім дей
келе, басты үш қатпарды атап көрсетеді: нақты мағына (ішкі форма),
пассивті (тарихи), жаңа ( өзекті және белсенді). В.Н.Телияның пікірінше,
концепт – бұл адамзаттың ақыл-ой жемісі және ондағы құбылыстар мен
болмыстар идеалды. Ол тек тілге ғана емес, адам санасына тікелей қатысты.
Демек, концепт адам санасында танылған, бейнеленген білімді айқындайды.
Жаңа гуманитарлық білімдер саласына концепт терминін алғашқылардың
бірі болып, орыс ойшылы С.А.Аскольдов енгізген болатын.
Концепт термині ағылшын сөздіктерінде ұғым, идея, жалпы көрініс, тұжырым
мағынасымен берілген.
Кез-келген ұлттық мәдениет тарихында адамдардың қарым- қатынасына
қатысты достық, махаббат секілді мәселелер зор маңызға ие болып келеді.
Адамдар махаббаттың мәні неде, махаббат неге соншалықты қажет, махаббатсыз
өмір неге тұл екенін айқындауға тырысады. Дегенмен ,осындай бірегей мәнді
түсіндірмесі жоқ мәңгілік мәселелер толып жатқан тартыс туғыза тұра,
адамзат махаббат феноменінің мәнін ашуға деген талпынысын да тоқтатпайды.

Wordsmyth Dictionary Thesaurus сөздігінде ағылшын тіліндегі love
лексемасына мынадай анықтама беріледі..
1.tender and passionate affection for another person;
2.deep and strong affection for a friend or relative ;
3. strong interest or enjoyment and for an activity ;
4. a person, activity or object for which one has intense affection or
strong liking
5. a sacrificial commitment, esp.in religious experience .
Ағылшын фразелогизмдерінде махаббатт-күш екені туралы ой мейлінше
жиі кездеседі. Бұл жағдайда махаббат адами қабілет-қасиетпен астасып тұр.
Оны төмендегі мысалдардан көруге болады. . Love conqueres all; Love laughs
at locksmiths; Love makes the world go round; Love rules the country
without a sword; Than love greater force exists; Love will creep where it
may not go; Осындай метафоралық сипаттаулар ағылшындардың махаббатқа алып
күштей қарайтын эмоциональдық қарым-қатынасының айғағы. Сондай-ақ, Love
cannot be forced. Forced love does not last. Follow love and it will flee,
flee love and it will follow thee фразеологизмдері махаббаттың тәуелсіз,
оны басқарып билеуге болмайтындығын көрсетеді.
Махаббат- айналаға әсер ететін және адамды кардинальды өзгертуге
қабілетті белсенді әрекет ететін субстанция: Love makes men orators. Love
makes all hard hearts gentle. Love makes a wit of the fool. Осы тіркестер
махаббаттың адамға әсерінің орасан зор екенін , тіпті өзгертіп те жіберетін
ұлы сезім екенін бейнелейді. Десек те, ғашық болған кезде, адам жиі
дұрыс ойлап, жөнді шешім қабылдау қабілетінен айырылатынын да айта
кеткен жөн..
The first sight of love is the last of wisdom ; Love puts reason
away; Love is blind; Faults are thick where love is thin тіркестері ғашық
болған жанның кемшілікке көз жұма қарайтынын , яғни махаббат соқыр екенін
нақтылай түседі.
Кейбір фразеологизмдерде махаббаттың алдамшы және өткінші екендігі сөз
болады: Hot love is soon cold; Hot love does not reign; Hotter love is
often sour; Light love will change; The love that is too violent will not
last long; Love is sweet in the beginning and sour in the ending. Бұл жерде
махаббат теріс бағаға ие түрлі эпитеттермен беріліп, шынайы емес
махаббаттың ұзаққа созылмайтыны байқалады. Шын махаббат қана мәңгі болады.
Бұл идея Natural love descends but ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғааралық махаббат
Түр - түс атауларының лингвистикалық тұрғыдан зерттелуі
Қазақ тіліндегі бақыт концептісінің танымдық көрінісі
Aғылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің ұлттық мәдени сипаты
Концептінің лингвистикадағы мағынасы
Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы
Нар түйеге байланысты тілімізде мадақтау сипатындағы фразеологизмдер баршылық
Этникалық менталитеттің көрінісіндегі ағылшын, орыс, қазақ парамеяларындағы фитонимдер
Тілдік бейнедегі “жүрек” концептінің көрінісі
ОТБАСЫ КОНЦЕПТІСІ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУ МЕН КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКАНЫҢ БІРЛІГІ РЕТІНДЕ
Пәндер