Модульдік оқыту технологиянысын математика сабағында қолдану



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 -3бет
I. МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Модульдік оқытудың жалпы сипаттамасы және құрылымы ... ... ... 4 - 7 бет
1.2 Модульдік технологияны пайдаланып сабақтың тиімділігін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8 - 10 бет
II. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
2.1 Модульдік оқыту технологиянысын математика сабағында қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-20бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21-23 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 25бет

КІРІСПЕ

Баланы оқытудың мақсаты-оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамуға қабілетті ету.
Э.Хаббард.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі уақытта еліміздің білім кеңістігінде болып жатқан реформалар Қазақстанның болашақ мектебінің мазмұны мен білім беру бағдарламаларын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
Қазіргі білім берудің ең негізгі міндеті-өзгермей әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр.
Адам мен адамның бір-бірімен араласу,өзара қарым-қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де, өзгелер үшін де ашылады-дейді М.Бахтин. Сондықтан, педагогикалық үрдіске қатысушы тұлғалар ретінде оқушы-мұғалім, мұғалім-оқушы қарым-қатынастарын зерттеу, оқып-білу қазіргі кезеңдегі келелі мәселелердің бірі.
Осыған байланысты бастауыш сыныптағы пәндерді нәтижелі үйрету, оқыту әдістемесін жетілдіре түсу - бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Сол себепті білім жүйесінде көптеген жаңа технологиялар қолданылып жүр. Оқушыларды еңбекке, шығармашылық пәндерге деген ынта-ықыласын арттыру үшін осы жаңа технологиялардың бірі - модульдік оқыту технологиясын қолдануға болады.
Оқу модулi - оқу ақпаратының бiршама дербес блогы, оған оқу мақсаттары мен мiндеттерi, әдiстемелiк нұсқаулар, шамамен алғанда iс-әрекеттер негiзi, оқу қызметiн атқару жетiстiгiн бақылау (өзiн-өзi бақылау) құралдары енедi.
Бастауыш сыныпта модульдік оқыту технологиясы тек білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдылық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін, қарым-қатынас, ойын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі.
Курстық жұмыстың мақсаты: бастауыш сыныпта білім беретін мектептердегі оқу- тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық технология әдіс- тәсілдерін соның ішінде Модульдік оқыту технологиясын пайдалануды теориялық және практикалық жағынан негіздеу және эксперименттік жұмыста тиімділігін тексеру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
* Модульдік оқыту технологиясының мазмұнымен таныстыру;
* Модульдік оқыту технологиясының құрылымын анықтау;
* Модульдік оқыту технологиясының тиімділігін анықтайтын сабақ үлгісін құрастыру;
* Жеке тұлғаның қажеттілікктерін қанағаттандыру;
* Танымдық қабілеттерін дамыту;
* Өзара көмек және бірге бастан өткізу;
Зерттеудің ғылыми болжамы: математиканы оқыту барысында оқытудың модульдік технологиясы мен дидактикалық бірліктерді ірілендіруді бірге қолдану арқылы бастауыш мектептерде математика сабағын жоспарлау мақсатты түрде оқушылардың ақыл-ой қабілетін қалыптастыруға және олардың шығармашылық белсенділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың нысаны: бастауыш сыныптағы оқыту процесінде модульдік оқыту технологиясы қарастырылады.
Курстық жұмыстың объектісі: бастауыш сынып математикасында модульдік оқыту технологиясының тиімділігі.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің пәні: Бастауыш мектептің 4-сыныбындағы өтілетін математика пәні.
Зерттеудің базасы : Ғабит Мүсірепов атындағы №86 мектебі.

1. МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Модульдік оқытудың жалпы сипаттамасы және құрылымы
Қазақстанда модульдік технология үлгісін тіл үйрену бағытында ұсынған М.М.Жанпейісова болды. М.М.Жанпейісова бойынша модульді оқыту технологиясының құрылымы үш бөліктен тұрады, яғни кіріспе, диалогтік және қорытынды. Әр оқу модулі әр түрлі сағат сандарынан тұрады, әрине бұл оқу бағдарламасы бойынша тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер көрсеткеніндей, 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі ең тиімді болып саналады. Оқу модулінің бірінші ерекшелігі - жалпы қанша сағат бөлінсе де кіріспе бөліміне 1-2 сағат, қорытынды бөліміне 2-3 сағат беріледі де, қалған сағаттың бәрі диалогтік бөлімде игеріледі. Мысалы, оқу модуліне 8 сағат жоспарланса, 1 сағаты - кіріспе бөліміне, 1-2 сағаты - қорытындыға, қалған 6 сағаты - диалогтік бөлімге берілуі керек. Егер оқу модулі 12 сағаттан тұрса І және ІІІ бөлімдегі сағат сандары өзгеріссіз қалады да, диалогтік бөлімге 9 сағат беріледі
Қазақстанда Ж.А.Караевтің, Ә.Жүнісбектің және т.б.ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заныңда оқыту формасын, әдістерін , технологиялар таңдауда көп нұсқулық қағидасы бекітілген , бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне , педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Модуль дегеніміз - қандайда бір жүйенің, ұйымның нықталатын, біршама дербес бөлігі.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады: кіріспеден , сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім балалармен оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы модулінің барлық уақытында есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде ), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) өсу бағытымен - қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр балаға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, тілін дамытады. Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып-үйрену үш негізгі кезеңне тұрады:
· кіріспе - қызықтырушылық
· опериационалдық-танымдық
· рефлексиялық-бағалау
Психологтар дәлелгендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін балалардың мақсаты түсінуі аса маңызды. Ол үшін мақсат оның мағынасы нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруға түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекетін бастаған тиімдірік.
Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Жадыны және келешекте алынған білімге сүйену мүмкіндігін қорғау үшін,психолог Л.В.Шешневтің пікірінше, біріншіден, алғашқы түсінбеушілік сезімі жадыда сақталмауы тиіс; екіншіден жады меңгерілген ұғымдар мен түсініктерді қорғау қапшығына, берік жабылған орамаға салып сақтауы және ұсынуы тиіс. Мұндай орамы қызметін белгі белгілік жүйе атқарады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс балаларды 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен олардың өзара әрекет етуінен құрылған. Балалардың танымдық қызметі әрбір баланың әр сабақта үш күрделік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.
Оқытудың ойын түрінде ұйыдастыру және әр түрлі белсенді формаларды қолдану - оқытудың міндетті шарты болып табылады.
Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру мақсатында кейінен - алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданады.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды тұтас оқып үйренудің екінші - операциялық- танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.
Бұл бөлімді қарастыру үшін біз Л.Фридманның төмендегідей ережелеріне негізделген тұжырымдамасына сүйенейік:
1. Бала жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызмет жүйесі ретінде қаралады. Олар баланың қисынды ойлауын,қабілеттерін көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашлық және тағы да басқа дамытуға , яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
2. Оқытуды басқарудың психологиялық сенімді түрі-ең алдымен баланың қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарындамытуға жағдай жасау.
3.Басқару икемді болуы тиіс. Балалардың іштей өсуі жүргенде ғана білім дәрежесінің артылуына мүмкіндік болады.
4. Балалар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалыққабағытталған болуы тиіс.
5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.
Оқу модулінің сөйлесу білімін даярлағанда тәрбиеші оқу материалынның негізгі мазмұның бөліп,құрастырады.
Мұнда балалар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетіні есепке алу керек, бұл бөліктерде қызқаша сыйымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын тандайтынын әр оқушының өзі шешеді. Бұның бір маңызы- күрделі , ізденушілік , шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған балаға , яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады. Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім балалардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл аударады.
Мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындаудағы бес әрекет-қадамнан тұратын даярлық құрылмы қалыптасады.
1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негзгі мазмұның белгілеу.
2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, өсу бағытымен беру.
3. Тақырып бойынша жеңілдететін деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау.
4. Осы бөліктің сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету.
5. Балалардың пәнге қызығушылығын және креативтігін дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау.
Қорытынды бөлім.
Бұл бөлім тарауды немесе тақырыпты оқытудың тұтас циклін анықтайтын , соңғы бөлімі. Ол балалардың сөйлесу бөліміндегі танымдық қызметі барысында қалыптасқан білім, білік , дағдыларын бақылауға ,тексеруге және бағалауға арналған. Осы бөлімде балалар өз қызметін талдайды - яғни , баға алады, бұл сонында әрбаланың танымдық қызметінің жалпы оқу нәтижесін анықтайды. Оқу модулінің қорытынды бөлімі-бақылау.
Қорытынды бөлімінде бақылаудың бірнеше түрі бар.
Біріншісі, міндетті - диагностика өткізу. Мұғалімнің өз тандауы бойынша тапсырмалар, бақылау жұмысы, диктант.
Модульдік оқытудың құрылымы
Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған.Оның мазмұнына:
1. Оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. Балалардың білім деңгейін алдын ала бағалау:
4. Оқу әрекетінің жиынтығы;
5. Нәтижені бағалау:

Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі - мұғалімнің даярлық жүйесі. Мұғалім бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның мақсатын, мазмұның және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды.
Бұл технология:
-баланың тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға:
-танымдық поцестерін дамытуға
- жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
-белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға:
-тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік,сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруа ықпал етеді.
Бұл технологияның негізгі ерекшелігі:
Бұл технологиялық процесс үшін пәндердің логикалық және құрылымдылық тиімділігін анықтауда технологиялық картаның маңызы зор. Бұл орайда, сынып оқушылары үш-үштікке бөлініп отырады. Әр үштік өз дәрежесіне қарай қызмет атқарады.
"Рухтандырушы" - ол есеп шығару кезінде басты идеяларды айтушы.
"Практик" - есептің берілуі мен шығару жолдарын бақылайды.
"Сыншы" - шығарылған есептің қате, дұрыстығын қадағалайды.
Сөз соңында модульдік оқыту технологиясы - баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, бала өз әрекетін жоспарлай, талдай, өз бақылай білуге үйренеді.

1.2 Модульдік технологияны пайдаланып сабақтың тиімділігін арттыру

Модульдік оқыту XX ғасырдың 60 жылдарының аяғынан бастап ағылшын тілді елдерде дами бастады. Оның негізгі мәні - сабақтың жоспары, ақпараттар банкі және сабақтың дидактикалық мақсаттарына қол жеткізуге бағыт беретін әдістемелік нұсқаулардан тұрады.
Модуль - қандай да бір жүйенің, ұйымның анықтайтын дербес бөлігі
Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек білімді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабілетін дамытып, оны бекіту, шығармашылық деңгейін арттыру.
Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы Шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу, - деген өткен ғасырда айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістері орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады.
М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясының маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі өзгені де бағалай білуге үйретеді.
Тиімді белгілерінің бірі - оқушының оқу белсенділігі. Бұл технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Өрнектің мәнін есептеу кезінде оқушының шығармашылығы, мүмкіндігіне қарай шапшаң есептеу мүмкіндігін тудыру болса, жаңа материалмен жұмыс істеген кезде өз ойын сызба немесе шартты есептер құрау арқылы жеткізуіне, жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде кері есептер құрау арқылы беруге болады.
Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттырады. Сабақ формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасында қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын болуға және оны жеңуге тырысуына жетелейді.
Модульдік оқыту технологиясының негізі - модуль. Осы технологияны басшылыққа ала отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп, модульдерге бөлдім. Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы - жаңғырту. Оның мазмұны:
1. оқытудың жалпы мақсатын қою;
2. жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;
3. оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;
4. оқу әрекеттерінің жиынтығы;
5. нәтижені бағалау
Оқушыларды оқу мақсатымен модульмен таныстырамын. Оқушылар: оқу мақсатын, өзіне қойылатын талапты, модульдің мазмұнын, жұмыс-үрдісін, нәтижесінің бағаланып және түзетіліп отыратынын біледі.
Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады:
1. кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу)
2. сөйлесу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесуін ұйымдастыру)
3. қорытынды бөлімі (бақылау, тест)
Әрбір оқу модуліндегі сабақ санының ауытқуы тақырыпқа байланысты бестен тоғызға дейін тиімді деп есептеймін, себебі сөз қорының молаюы аз мөлшермен беріліп қайта-қайта жаңартылып, өз пікірін ортаға сала алатындай болуы керек.
Сөйлесу бөлімін педагогика және психология ғалымдарының жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқушылардың қабылдау деңгейлері мен қабілеттеріне қарай ұйымдастырамын. М. Жанпейісованың сөйлесу бөлімін құру қағидаларына сүйене отырып, жеке тұлғаны дамытатын кез-келген әрекет емес орындау әрекеті екенін ескере отырып, оқушының танымдық қызметпен айналысуына, ақыл-ой жұмысына қанағаттануына жағдай жасаймын. Міндетті түрде, сабақ барысында, оқушының іс-әрекетінің төрт түрін: тыңдау, оқу, жазу және әңгімелесу қолданылады. Модульдердің нәтижелі болуын көздеп, сөйлесу сабағының түрін өзгерте отырып, әртүрлі белсенді формаларды пайдалану арқылы іске асады. Олар:
- топтық;
- жұптық;
- жеке топтық;
- ұжымдық
Оқытудың басты ерекшелігі - оқушылардың қарым-қатынасы арқылы тіл дамыту, тұлғаның дамуына жағдай жасау.
Оқушы + оқушымен + топпен + ұжыммен + мұғаліммен қатынаста болуына жағдай тудыру. Сөйлесу сабағы үстінде тапсырманың жеңілдігімен күрделіге қарай бірнеше іс-әрекет формалары ауысып отырады. Мысалы: сабақтың басында өткен тақырыпты еске түсіру кезіндежұптық немесе бекіту кезінде топтық форманы немесе жеке топтық жұмыс қолданылады.
Оқытудың ең басты әрі негізгі мақсаты- білімнің сапалы, нақты, толық болуында.
Ойындарға қойылатын талаптардың өз алдына жеке мақсаттары бар. Олар:
- ойынның мақсаты нақты әрі керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып қойылу керек;
- ойын ережелері оқушыоардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі шағын болуы тиіс;
- ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету қажет;
- ойын жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай алуларына, ойлана білулеріне жол көрсетуі қажет.
Сабақ тиімділігін арттыруда ойын элементтерін қолдану белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді. Ойын элементтерін сабақта екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Біріншісі - сабаққа қызығушылығын арттыру, екіншісі - оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу.
Модульдік технология мұғалімнің алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі:
- жалпы білім сапасын жоғарылату;
- сабақтың тиімділігін жоғарылату;
- дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін жасау;
- оқушылардың мақсаттарына жету жолындағы жетістіктерін есепке алу жүйесін жасау;
- жеке тұлғаның өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тәрбиелеуі, өзін-өзі дамытуы.
Модульдік технология алға қойған мақсатқа оқушылармен бірлесе отырып проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Модульдік оқыту технологиясының тұлға қажеттіліктерін қанағаттандыруда және оны дамытуға ықпалы:
Өскелең жас ұрпақты білімді өз бетінше меңгеруге, ойлау, есте сақтау, ауызша және жазбаша дамытуға дағдыландыруда модульдік технологияны оқытудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптардағы математика сабақтары
Математиканы модульдік технологиямен оқыту
Математиканы оқытудағы жаңа технология
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Математика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану
3 - сынып оқушыларының математика сабақтарындағы есептеу дағдыларын дамытуға модульдік оқытудың әсері
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшелігі
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда модульдік технологияны қолдану
Модульдік технологияның гипотезасы
Модульдік оқыту технологиясы жайлы
Пәндер