Ақсай нан НБК ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

  1. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің теориялық аспектілері. . . 5Бәсеке және бәсеке қабілеттілік түсініктері . . . 5Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы . . . 12Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері . . . 18
  2. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау («Ақсай нан» НБК ЖШС мысалында) . . . 28«Ақсай нан» НБК ЖШС-нің жалпы сипаттамасы . . . 28«Ақсай нан» НБК ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау . . . 34«Ақсай нан» НБК ЖШС-нің бәсекеге қабілеттілігін бағалау . . . 41
  1. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басымдықтары мен жолдары. . . 51Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері мен басымдықтары . . . 51Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары . . . 58

Қорытынды . . . 66

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 69

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда әлемдік рынокта кез келген елдің беделі, мәртебесі сол елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейімен сипатталынады. Ал елдің бәсекеге қабілеттілігі отандық кәсіпорындарының бәсекеге кабілеттілік деңгейімен анықталады. Кәсіпорының бәсекеге қабілеттілігі проблемасын қарастырғанда өнеркәсіп кез-келген елдің экономикалық әлеуетінің негізі болып табылатындығын атап көрсету керек. Тек бәсекеге қабілетті өнеркәсіп қана экономиканың тұтастай алғанда бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алады. Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның бәсекеқабілеттігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан осы бір мәселеге көп көңіл аударуда. Ол сату нарықтары, өткізу көлемдері, қосымша табысты табуды көздейтін өндірушілердің экономикалық стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Бәсекеге қабілеттілік - елдің, кез-келген өндірушілердің тауарлар мен қызметтер жасау, шығару және өткізумен байланысты барлық жиынтық мүмкіндігінің шоғырландырылған көрінісі.

Кәсіпорынның бәсекеге кабілеттілігі - бұл кәсіпорынның бәсеке рыногында тиімді шаруашылық қызмет жүргізу мүмкіндігі. Оның бұл мүмкіндігі бәсекеге қабілетті өнімді өндірумен жэне өткізумен сипатталады. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі кәсіпорынның дамыған бәсекелік нарықтағы коммерциялық табысының шешуші факторы болып табылады. Бәсеке рыногында бәсекеге қабілетті өнімді өндіру мен өткізу кәсіпорынның қаржылық жағдайына тәуелді болады. Мемлекет екі қарама-карсы міндетті бір уақытта шешуі арқылы ұлттық кәсіпорындардың дамуына жэне олардың бәсекеге кабілеттілігіне оң әсер ете алады: тиімді бәсекелестік ортаны кұру және ішкі рынокты бәсекелестіктен қорғауды қамтамасыз ету. Бәсекеге кабілетті өнімді өндіру ең алдымен кәсіпорынның қаржылық жағдайынан тәуелді дегеннен шыға отырып, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау процесін келесідей тізбекте үсынуға болады:

1) кәсіпорынның қаржылык жағдайын талдау;

2) кәсіпорын өнімдерінің жағдайына кешенді зерттеу жүргізу:

- нақты бәсекелестер;

- өнімдер;

- нақты және әлеуетті тұтьшушылар;

3) көрсеткіштер деңгейін бағалау (өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейі) : сапалық көрсеткіштер, баға көрсеткіштері, маркетинғтік көрсеткіштер;

4) кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы корытынды;

5) өнімнің бәсекеге кабілеттілігі туралы қорытынды;

6) кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы қорытынды;

7) қорытынды негізінде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шараларды әзірлеу.

Курстық жұмыста кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік мәселелерін теориялық және тәжірибелік түрғыдан қарастыруға талпыныс жасалған.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелеріне қатысты ұстанымдар мен бағыттарға талдау жасаудың қажеттілігі мен маңызы арта түседі.

Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселелерін талдауға деген қажеттілік дипломдық жұмыс такырыбын таңдауға, оның мазмұны мен құрылымының қалыптасуына ықпал еттІ.

Курстық жұмыстың мақсаты кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды теориялық тұрғыдан зерделеу және «Ақсай нан» НБК ЖШС-нің бәсекеге қабілеттілік деңгейлерін анықтап, бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдарын ұсыну болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • бәсеке және бәсекеге қабілеттілік түсініктерін нақтылау және кәсіпорынның дамуындағы бәсекеге кабілеттіліктін рөлін негіздеу;
  • кәсіпорындардың сауда қызметтерінің тиімділігіне талдау жүргізе отырып, оның бәсекеге қабілеттілігінің казіргі жағдайын бағалау;
  • қазақстандык кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілікті арттырудың экономикалық стратегияларын атап көрсету.
  • кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін артгыру мәселелерін, басымдықтарын айқьшдау және оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстар жасау;

Зерттеу объектісі «Ақсай нан» НБК ЖШС-нің нарықтағы сауда қызметі болып табылады.

Зерттеу заты «Ақсай нан» НБК ЖШС-нің бәсекеге қабілеттілігіне негізделген экономикалық қарым-қатынастары болып табылады.

  1. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің теориялық аспектілері

1. 1 Бәсеке және бәсеке қабілеттілік түсініктері

XXI ғасырда жаһандану мен еркінсіту процесінде мемлекеттің тұрақты экономикалық жэне әлеуметтік дамуының аныктаушы элементі оның бәсскеге қабілеттілігі болуда. Оны мемлекеттің бір жағынан, еркін нарыктық катынастар мен әділетті бәсеке жағдайында халықаралық рыноктардың талаптарын қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтерді өндіру және өткізу, екінші жағынан өз азаматтарының түрмыс жағдайын қолдау және жоғарылату қабілеті ретінде сипаттауға болады [2] .

"Бәсекеге қабілеттілік" түсінігі "бәсекемен" ажырамас байланысты. Бәсекеге қабілеттілік бәсеке пайда болатын және дамитын ортада туындайды және көрінеді. Нарық және бәсеке - қазіргі экономиканың дамуының басты механизмі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, оның козғалысының кез келген басқа факторларынан ғөрі неғұрлым күшті және әрекет етушісі.

Бәсеке - шаруашылық жүргізудің ең қолайлы жағдайлары мен жоғары пайда алудың ең жақсы мүмкіншіліктері үшін тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық бақталастық. Сонымен қатар, бәсеке тауарды өндіру мен өткізуде сондай-ақ капитал салу аясындағы нарықтық субъектілердің әрекет ету бағыттарын анықтайтын нарықтық механизмнің элементі болып табылады.

Нарықтық экономикадағы қолданылатын бәсекенің нысандары өндірісті ұйымдастыру нормалары мен ережелерін, мемлекет пен жеке сектордың қызмет ету әдістерін анықтайды.

Бәсеке экономикалық процесс ретінде белгілі бір әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Бұл әрекеттер ұлғаймалы ұдайы сатылардан тұрады:

  1. Өндіріс үшін қажет құрал жабдықтар, ғимараттар және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету.
  2. Өндірісті ұйымдастыру, шикізат, материалдармен және қаржы-несиемен жабдықтау.
  3. Бәсекеге қабілетті өнім шығару.
  4. Өнімді сату көлемін, орнын, уақытын анықтау.
  5. Пайданың бір бөлігін инвестициялық қорға аудару және оны өндірісті ұлғайтуға жұмсау.

Бәсеке деңгейі өнімнің нарықтағы өмір сүру уақытына байланысты. Бәсекенің пайда болуының объективті алғы шарттары: әрбір өндірушілердің оқшау шаруашылық жүргізуі, олардың нарық коньюнктураларынан тәуелділігі, сұраныс үшін басқа сатушылармен күресі.

Мемлекеттің экономикаға араласуынсыз бәсеке теріс салдарлы күшке айналады. Сондықтан бәсекені экономикалық өсуді ынталандырушы құрал ретінде пайдалану үшін мемлекет заң арқылы «ойын ережесін» анықтайтын және оның орындалуын қадағалайтын шараларды іске қосады.

Нарықтағы жағдайларға байланысты бәсеке әртүрлі нысанда көрініс алады. Бәсекенің жетілген және жетілмеген нысандары бар, яғни нарықтық мәмлеге қатысушылардың әрекеттері еркін бәсекеге және монополияға негізделеді. Қазіргі кезде нарық субъектілері аралас нысандағы нарықтық типте әрекет етеді. Өйткені ешбір елде еркін бәсеке де, монополия таза күйінде қолданылмайды.

Жетілген бәсеке- өзара ұқсас, көлемі шамалас көптеген тауар өндірушілердің арасындағы күрес. Оның белгілері:

Жетілген (таза) бәсеке үш бағытта жүреді: сатушылар арасында, сатып алушылар арасында және сатушылар мен сатып алушылар арасында.

Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаған жағдайда жетілмеген бәсеке орын алады.

Бәсекелік күрестің әдістері. Қазіргі нарықтық экономикада қолданылатын экономикалық әдістер: бәсекелесті шикізаттардан, өткізу рыногынан, несие алу мүмкіншіліктерінен айыру, патент сатып алу, бағаны өзгерту, жұмыс күші рыногын жаулап алу, жаңа тауар маркалары мен түрлерін шығару. Сонымен қатар, заңсыз әдістерді қолдану арқылы да нарықта үстемдік ету жолдары бар. Әділетсіз бәсеке :

  1. Бәсекелесі туралы жалған, теріс ақпарат беру.
  2. Тауарлардың сапасы, өндірілген жері, өндіру тәсілі туралы ақпараттарды бұрмалау.
  3. Бәсекелес фирмалардың тауар белгісін, фирма атауы мен маркасын заңсыз пайдалану.
  4. Қойылған талаптарға сай келмейтін тауарларды жарнамалау.
  5. Бәсекелестердің тауарларына нұқсан келетін дәйексіз салыстыруларды пайдалану.
  6. Құпия ғылыми-техникалық, өндірістік, т. б. ақпараттарды жария ету.

Барлық елдерде бәсекелік күрестің бағалық әдістері қолданылады. Яғни, өз тауарына монопольды жоғары немесе монопольды төмен бағаны қояды және бағалық алалау әдісін пайдаланады (бірдей тауарларды әртүрлі бағамен сатады) .

Бәсеке заңының әсер ететін маңызды бағыттары :

  1. Бәсеке тепе-теңдік бағаны қалыптастыруға жағдай жасайды. Егер, баға төмендесе, онда сұраныстың көлемі ұсыныстың көлемінен жоғары болып, сатып алушылар арасында бәсеке пайда болады. Нәтижесінде баға көтеріліп, сұраныс пен ұсыныс қайта теңеседі. Ал, баға өскен жағдайда, сұраныстың көлемі ұсыныстың көлемінен төмен болып, сатушылар арасында бәсеке пайда болады. Нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс қайта теңескенге дейін баға төмендейді.
  2. Тауар өндіру мен өткізудің қоғамдық қалыпты жағдайларын қамтамасыз етеді. Жалпыға бірдей «ойын ережесін» басшылыққа алмаған тауар өндірушілер зиян шегеді. Мысалы: жетілген бәсеке кезінде жоғары пайда алу мақсатында сатушы бағаны өсірсе, онда сол таауарға сұраныс көлемі төмендеп, пайда мөлшері азаяды.
  3. ҒТП ынталандырады және өндірістің тиімділігін арттырады. Бағалық бәсекеде кім төмен бағада өнім сатса, сол бәсекеге қабілетті болып табылады. Бірақ бағаның төменгі деңгейі барлық шығындарды өтеп қана қоймай, жоғары пайда алуды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан кәсіпкер өндіріске жаңа техника мен технология енгізеді, еңбек процесін ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін іздейді. Яғни, ресурстарды үнемді пайдалану жолдарын қарастырады. Нобель сыйлығының лауреаты Ф. Хайектің пікірінше: «Бәсекеге арқа сүйеген қоғам басқаларға қарағанда өз мақсатына сәтті жетеді. Бәсеке өнімдерді қалай тиімді өндіруге болатынын көрсетеді».
  4. Нарықтық субъектілердің бәсекелік күресі әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті күшейтеді. Бәсекеге қатысушылардың мүмкіншіліктері (қаржылық, ресурстық, меншіктің болуы) әртүрлі екендігін ескерсек, үлкен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі жоғары болуы заңды
  5. Нарықтық шаруашылықтың монополизациялануына әкеледі. Шағын кәсіпорындар бәсекелік күреске шыдамай банкрот болады немесе өзара бірігеді. Нәтижеде ірі бизнестің рөлі артып, жетілген бәсеке жетілмеген бәсеке типіне ауысады. [5]

Бәсекелік қабілеттілік - бұл нысанның белгілі бір нарыққа ұсынылған ұқсас нысандармен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті қанағаттандырудың дәрежесін сипаттайтын қасиеті. Бәсекеге қабілеттілік осы нарықтағы ұқсас объектілермен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін айқындайды. «басқару проблемалары жөніндегі Еуропалық форум» бәсекеге қабілеттілікке мынадай анықтама берді: Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз - бұл фирмалардың өздеріне жасалып отырған жағдайларда олардың бәсекелестерінің тауарларымен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін тартымдырақ болатын тауарлар әзірлеу мен өткізудің нақты және әлеуетті мүмкіндігі.

Нысанның бәсекеге қабілеттілігі нақты нарыққа немесе нарықтың стратегиялық саралануының тиісті белгілері бойынша қалыптасатын тұтынушылардың нақты тобына қатысты анықталады. Егер нысан бәсекеге қабілетті болатын нарық көрсетілмесе, онда бұл нысан осы кездегі ең үздік әлемдік үлгі болып табылады дегенді білдіреді.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі - бұл салыстырмалы сипаттама, ол белгілі бір фирманың дамуының бәсекелес фирмалардың дамуынан өз тауарларымен адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі және өндірістік қызметінің тиімділігі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның нарықтық бәсеке жағдайларына бейімделу мүмкіндігі мен серпінін сипаттайды.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мынадай бірқатар факторларға байланысты:

  • кәсіпорын тауарларының сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігі;
  • өндірілетін тауарлардың түрі;
  • нарықтың сыйымдылығы (жыл сайынғы сату мөлшері)
  • нарыққа кірудің жеңілдігі;
  • нарықтың біртектілігі;
  • осы нарықта жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың бәсекелестік позициялары;
  • саланың бәсекеге қабілеттілігі;
  • саладағы техникалық жаңалықтар мүмкіндігі;
  • өндірудің және елдің бәсекеге қабілеттілігі.

Өндірушілерге бәсекелік артықшылықтар беретін жалпы принциптар:

  1. Барлық және әр қызметкердің әрекет жасауға, бастаған істі жалғастыруға ынталылығы.
  2. Кәсіпорынның клиентке жақындағы.
  3. Кәсіпорында дербестік және шығармашылық ахуал қалыптастыру.
  4. Адамдардың қабілеті мен олардың жұмысқа деген ықыласын пайдаланудың арқасында өнімділіктің өтуі.
  5. Кәсіпорын үшін ортақ құндылықтардың маңыздылығын көрсету.
  6. Өз позициясында бекем тұра білу.
  7. Ұйымдастырудың қарапайымдылығы, басқару және қызметшілер саны деңгейінің минимумы.
  8. Бір сәтте жұмсақ әрі қатаң бола білу . неғұрлым маңызды мәселелерді қатаң қабылдауға ұстау және бағыныштыларға азырақ маңыздыларын беру.

Нарық қатынастарының әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай бұл мәселелерді өзара байланыста шешу және аталған принциптерді пайдалану кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға кепілдік береді.

Кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестігі өнімнің өзінің бәсекелестігіне айналатын болғандықтан өнімді дайындаған және оны әлемдік нарықта сататын кәсіпорын хабарлаған өнімінің қасиеттерінің маңызы артады. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің мәнін неғұрлым толығырақ ашып көрсету керек.

Әдебиетте тауардың бәсекеге қабілеттілігі дегенге былайша анықтама беріледі. Бұл оның нарықтағы басқа ұқсас тауарлармен тайталасқа төтеп беруіне мүмкіндік беретін экономикалық, техникалық пайдалану порпметрлер деңгейі. Бұған қоса бәсекелестік тауардың салыстырмалы сипаты ол нарықтың айқындалған талаптарына немесе ьасқа тауадың қасиеттеріне қатысты бүкіл өндірістік, коммерциялық, ұйымдастырушылық және экономикалық көрсеткіштердің жиынтық бағасын қамтиды. Ол осы бәсекелес тауардың қажеттілікті қанағаттандырудағы, жеткізу шарттары мен өндірістік және тұтыну процесінде пайдалануға кеткен қоғамдық қажеттілікке сай келу дәрежесі бойынша анықталады.

Бәсекеге қабілеттіліктің «жұмсақ» құрамдас бөліктерін қарастыру. Кәсіпорындардың нарықтық бәсекесі мен олар орналасқан елдердің бәсекелестігі бір-біріне өзара ықпал етеді. Интервенциялық саясаттың өзі-ақ кәсіпорынға үлкен зиян тигізуі мүмкін және сонымен бірге Швейцария сияқты елдің бәсекеге қабілеттілігі тек қана саясаттың ісі бола алмайды, оған кәсіпорындардың өзі де өз үлесін қосуы тиіс. Бәсекеге қабілеттіліктің осынау басты аспектілерінің негізінде бәсекелестік күрестің «жұмсақ» құрамдас бөліктері деп атауға болатындай нәрсе жатар, олар ақшамен бағаланбайды және жалпы алғанда сандық тұрғыдан да анықтау қиын.

Еңбек этикасы. Бәсекеге қабілеттілік көп жағдайда ықылас пен еңбек етуге байланысты. Көптеген дамыған елдерде жұмыс өзінше құнды нәрсе деген сензім жетіспейді. Егер әңгіме салыстыру тұрғысында болса, онда бір ғана еңбек өнімділігінің болуы жеткіліксіз.

Өзін-өзі жетілдірудегі икемділік пен әзірлік. Сөз жоқ, дәстүрлерге, шешімдердің тексерілген нұсқаларына бейімділіктің және тағы басқалардың өз артықшылықтары бар. Алайда мүлдем басқаша металитетке ие, клиенттің кез келген қалауы мен жаңа тенденцияларға жедел назар аударуға әзір бәсекелестермен күресте бұл басымдылықтар ештеңеге жарамай қалды.

Қызмет көрсету саласында жұмыс істуге әзірлік . Мұны қаламау, әсіресе егер ол экономиканың маңызды салаларының бірі болған жағдайда, қоғамның дамуы үшін өкінішті болуы мүмкін. Жұртшылық қызмет көрсету саласында жұмыс істеп, адамның абыройын пәсейту дегенді білдірмейтіндігін түсіну керек. Бұл клиент басты қалыптасушы тұлға болуды қалайтын және болуға тиісті бәсекеге қабілетті экономика үшін қажетті қалыпты жұмыс.

Наразылық деңгейі . Дамыған елдердің халықы өздерінің жоғары өмір сүруде деңгейін жай бір солай болуға тиісті сияқты қарауға үйреніп кеткен. Мұндай позиция қоғамда кез-келген икемділіктен айырады, ақыр соңында экономиканың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Бұл мемлекетті бюджетті, әлеуметтік кепілдіктер жүйесі, жұмыс күшіне шығындар деңгейін басқаруға Сыртқы дүниеге ашықтық. Шетелдік тауарлардың ішкі нарыққа енуіне, шетел азаматтарының кәсіпорындар акцияларының бақылу пакетін алу мүмкіндігіне кедергі жасау, өз мүкіндіктері мен артықшылықтарын асыра бағалауға бейімдік, әлемдік тәжірибені үйренуді қаламау және тағы басқалар экономикаға келеңсіз әсер етеді.

Жұмыс күшінің жұмылушылық әзірлігі . Өмірдің сүрудің жоғары деңгейі, әлеуметтік кепілдіктердің дамыған жүйесі жұмыс күшін оқуға, шетелде жұмыс істеуге, басқа елдердің тәжірибесін үйренуге деген ықыласын жояды. Елдердің бұл орайдағы артта қалушылығына ішкі жұмыс күші нарықтарының сыртқы әсер мен араласудан жабық болуы септеседі.

Бәсекелестік рухы . Бәсекеге қабілеттілік бәсекелестік рух бар жерде қалыптасады. Мысалы, швейцариялықтардың тілі, менталитеті ондай сападан толық айырылған. Олар талас пен қақтығыстардан емес, картельдік келісімдерді артық көреді. Корпоративтілік қоғамдық келісімдер деп аталатынының негізі болды, өткендегі табыстарға едәуір дәрежеде соның арқасында қол жетті. Алайды қазіргі кезде және алдағы уақытта басқаша жағдай қалыптасып отыр.

Бәсекелік қабілеттілік - бұл ең алдымен тек қана салыстырмалы, демек тауардың қасиетін салыстыра бағалау екендігін ұмытуға болмайды. Егер нарықты тұтынушы тауарларын басқа өндірушілердің тауарларымен салыстыратын бәсекелестер болмаса, онда тауардың бәсекеге қабілеттілігі туралы айтуға да болмас еді.

Сөйтіп, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы ұғымды қарастыра келіп, мынадай тұжырымдар жасауға болады:

1. 2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы

Жоғары тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталмағандық жағдайында ұзақмерзімдік перспективада кәсіпорынның әрі қарай гүлденіп, өркен жаюының кепілдігін қамтамасыз ететін бәсеке қабілеттілік пен бәсекеқабілеттілікті арттыру жүйесі, сондай ақ бәсекеқабілетті стратегия әртүрлі функционалдық бағыттағы және әр түрлі бизнес аясында жұмыс істейтін, тауарлар өндіріп, қызмет көрсететін ұйымдар үшін әсіресе өзекті болып отыр.

Кәсіпорынның (фирманың) бәсекеқабілеттігі кәсіпорынның ұлттық, халықаралық нарықтағы жағдайын анықтайтын кешенді экономикалық потенциалын қамтиды. [9]

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға нарықтың саралануы ықпал етеді.

Нарық сараланымы - бұл нарықтың ерекше бөліп көрсетілген бөлігі, тұтынушылардың, тауарлардың немесе кәсіпорындардың кейбір ортақ белгілері бар тобы.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі деңгейіне, сондай-ақ өндіріс технологиясын жетілдірудің ғылыми-техникалық деңгейі мен дәрежесі, жаңа өнер табыстары мен жаңалықтарды пайдалану, өндірісті автоматтандыруда осы заманғы құралдарды енгізу аса маңызды әсер етеді.

Тауардың бәсекеге қабілеттілігі - салыстырмалы ұғым, оны үлгілерді талдап жасау үдерісінде болжауға болады, бірақ нақты бәсекеге қабілеттілік тек қана нарықта ұқсас бәсекелес тауарлардың сипаттамаларын, сондай-ақ сату сервисінің шарттарын салыстыру барысында бағаланады. .

Тауар (жұмыс, қызметтер) өзінің мәні жағынан пайда алудың бірден бір құрал, және сонысымен де бәсекелік күрестің негізгі құралы, оның материалдық негізі болып табылады. Өнім сапасын арттыру, пайданы барынша көбейту, өндіріс шығындарын азайту жолындағы бәсеке өрістеген жердің бәрінде тауардың бәсекеқабілеттілігін кешенді бағалау аса маңызды мәнге ие болады. [8]

Байқалғандай 2 жағы бар. Бұлардың біреуі оның элементі мен құраушы бөліктері (тауардың жоғары сапасы, тауардың қосымша қызметі, барлық қызмет көрсету мерзіміндегі нақты қызметі т. с. с. ) және нақты жағдайдағы тауар сату міндеттерінің нақты шешімі (жеке қабілеттіктері бар нақты сатып алушы, оның мүмкіндігі және өзіндік талғам шкаласы бойынша нарықта бәсекелесуші кәсіпорындардың ішінен ұнайтынын шешуі, сатушының жеке қасиеттері) . Бәсекелестәк күрестегі жеңіс бәсекеқабілеттілік нәтижесін бейнелейді. Ал бәсекеқабілеттілік пен бәсекенің қатынасын «потенциал - потенциалды қолдану» қатынасы ретінде сипаттауға болады.

Егер де бейімділік кәсіпорынның сыртқы орта өзгерістеріне деген реакциясын көрсетсе, онда жаңашылдықта өз іс әрекетінде шешім қабылдау және жаңн элементтерді игерудің негізінде өзгерген іс әрекет бағытын сипаттайды.

Бәсекеқабілеттіліктің екі қасиетін қалыптастыруда кәсіпорындар ұйымның жеке элементтеріне сүйенеді. Жеке тұрғыдан алғанда бейімділік қасиеті ұйымның әркелкі өнімдер өндіретін технологиялық құрал жабдықтары және тұтастай алғанда техникалық базасы болмайынша қалыптаспайды.

Жаңашылдықтың келесі ажырамас бөлігіне әлеуметтік жаңалықтар кіреді. Мұндай жаңалықтың техникалық базасы ретінде игерген әлеуметтік технологиялардың жиынтығы қарастырылады.

Кәсіпорынның деңгейіне негізінен мынадай басты факторлар әсер етеді:

  • өндірістік технологияны жетілдіру дәрежесі мен ғылыми техникалық деңгейі;
  • жаңа өнер табулар мен жаңашылдықтарды қолдану;
  • қазіргі заманға сай автоматтандырылған және роботтандырылған өндіріс құралдарын енгізу;

Сонымен бейімділік пен жаңашылдық ұйымның бәсекеқабілеттілік қасиетін қалыптастыруға қажетті және жеткілікті жағдайларды анықтайды.

Сурет 1. Бәсекелестік тұжырымдамасы

Ұзақмерзімді перспективада кезкелген кәсіпорынның бәсекелестік күресте жеңіп, топ жарып аға шығуына мүмкіндік беретін бәсекеқабілетті стратегияның маңызы соңғы кездері күрт артуда. Барлық кәсіпорындар қатал бәсекелестік жағдайында тек ұйымның ішкі жағдайын қадағалап қана қоймай, олардың айналасында болып жатқан өзгеістердің артынан ілесуге мұрша беретін ұзақмерзімді бәсекеқабілетті стратегиясын құрастыра бастауы заман талабы болып отыр.

Әрбір стратегия - бұл кәсіпорынды дамыту болжамының нәтижесі. Стратегия сала ерекшеліктерін есепке ала отырып, тауар концепцияларында айқындалатын қажетті бәсекелестік артықшылықтарды әзірлеуге мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ақсай» нан комбинаты
«Ақсай» ХБК ЖШС-нің маркетингтік іс-әрекетін бақылау
Жаңа техниканы енгізу тиімділігі
Стратегиялық жоспарлау туралы
“Ақсай нанның” ЖШС –ның астық өндірісінің экономикалық жағдайын талдау
Кәсіпкерлік қызметтегі инновацияны басқару
Кәсіпорындағы маркетингтік ортаны бақылауды ұйымдастыру
Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері
ЖШС «АҚСАЙ» НТК-Ы ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ӨНДІРІСТІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Маркетинг қызметіндегі тауар саясатының теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеу, нан және нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындарда маркетингтік қызметті талдау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz