Коммерциялық банктердің инвестициялық операцияларын талдау және бағалау
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің негіздері ... ... 6
1. Инвестицияның экономикалық мәні және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... 6
2. Коммерциялық банктердің инвестициялық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... .. 11
3. Коммерциялық банктерде инвестициялық портфельдің
қалыптасуы...14
2. Коммерциялық банктердің инвестициялық операцияларын талдау және бағалау
(АҚ Альянс Банк тәжірибесіне негізделген) ... ...20
2.1 Қазақстан Республикасы ЕДБ- дің инвестициялық портфелін талдау және
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2. Альянс Банк АҚ тәжірибесінде инвестициялық операцияларын
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
3. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...62
Кіріспе
ҚР Президентінің 2008 жылғы 7 ақпандағы халыққа жолдауында банк
секторының бәсекелестік қабылеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін
белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола
алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін,
сондай-ақ банктерддің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар
тартқысы келмесе немесе оған қабылетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті
шаралар қолдануға дайын болу керектігін басып айтты.
Бұл жерде 2007 жылы тамыз айынан басталып, осы күнге дейін оң шешімін
таппаған сыртқы қарыздарды қайтаруға байланысты мәселелер банктік сектордың
сыртқы міндеттемелерді орындаудағы қабылетсіздігі туралы айтылып отырғаны
белгілі.
ҚҰБ-нің мәліметтері бойынша 2006 жылы банктер еурооблигацияларды
орналастыру арқылы және синдицирленген займдар тартуда барлығы 33 млрдАҚШ
долларында сырттан қаражат тартқан болса, ал 2007 жылдың жартысында бұл
көрсеткіш 40% өсіп, шамамен 46 млрд АҚШ долларына дейін артты. Сөйтіп банк
жүйесінің сырттан тартқан қарыздарының үлесі, олардың барлық
міндеттемелерінің 70% құрады.
Енді осы қарыздарға қарсы тұратын, яғни қорғаныс қызметін атқаруға
тиісті банктердің капиталының көлемі 2007 жылы 1 168,6 млрд. теңгені немесе
9,8 млрд АҚШ долларына тең болған. Бұл дегеніміз банктердің капиталының
сыртқы қарыздан 4,7 есеге кем екендігін көрсетеді. 2008 жылы банктеріміздің
қайтаратын сыртқы қарызы шамамен 14 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ендеше
сыртқы қарыздың банктің капиталынан бірнеше есе артық болуы, өз кезегінде
банктердің өтімділігіне кері ықпал етіп отыр, нақтырақ айтсақ, отандық
банктер өтімділік дағдарысын басынан кешіруде.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу жолдарын іздестіру аталған тақырыптың
өзектілігіне негіз бола отырып, бүгінгі отандық банктеріміздің
инвестициялық операцияларын жетілдіре отырып, банк активтерін басқаруға
байланысты орын алып отырған мәселелердің асқынып отырғанын дәлелдейді.
Дипломдық жұмыс коммерциялық банктердің активтерін, соның ішінде
инвестициялық портфелін басқару тақырыбына арналады.
Активтер дегеніміз – тұтыну құны бар және табыс табу көзі болып
табылатын, материалдық және материалдық емес игіліктердің жиынтығы 1.
Коммерциялық банктердің активтері –бұл бухгалтерлік баланстың
баптарында көрініс табатын коммерциялық банктердің ресурстарын
орналастырумен және қолданумен байланысты болатын активтерді айтамыз.
Коммерциялық банк активтерін мынадай төрт топқа бөлуге болады:
– касса және оған теңестірілген ақшалай қаражаттар;
– несиелер;
– бағалы қағаздарға жұмсалған инвестициялар;
– банк ғимараты мен жабдықтары.
Коммерциялық банктің активтік операциялары деп – табыс табу және
өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен банктің меншікті, тартылған және
қарызға алған қаражаттарын орналастырумен байланысты операцияларын
айтамыз.
Активтік операцияларды негізі төрт топқа бөлуге болады:
– несие-есептеу операциялары, оның нәтижесінде банктің несиелік
портфелі қалыптасады;
– инвестициялық операциясы, ол инвестициялық портфельдің негізін
құрайды;
– кассалық және есептеу операциялары – банктің клиенттерге
көрсететін қызметтерінің бірі;
– басқада операциялар.
Ал банктің активтер портфелі деп – активтік операциялар арқылы табыс
табу және өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында ресурстарды орналастырудың
нәтижесінде құралған банк балансындағы әр түрлі активтердің жиынтығы.
Банктік ең негізі мақсаты – максималды табыс табу болып табылады, ол
банктің мобилизацияланған ақша ресуртарын неғұрлым тиімді орналастырып,
пайдалану арқылы жүзеге асады. Активтерді басқару банктің сырттан
тартылған және меншікті қаражаттарын орналастырудың тиімді жолдарын тиімді
пайдаланумен байланысты. Банк активтерін дұрыс орналастырмайынша өзіне
қажетті табысқа қол жеткізу мүмкін емес.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер сырттан тартылған және меншікті
қаражаттарын орналастырған кезде тек нарықтық критерийлерге, яғни
өтімділікке, табыстылыққа және тәуекелділікке негізделеді. Бұл өз кезегінде
банктің активтер портфеліне әсер етеді.
Өтімділік деп – уақытысында құнды ақша қаражатына айналдыру мүмкіндігі.
Тәуекел деп – мүмкін болатын қауіпті жағдайлардың әсерін немесе
солардың нәтижесінен туындайтын шығындар мен зияндардың себептері.
Диплом жұмысының мақсаты банктің инвестициялық портфелінің теориясы мен
практикасына талдау жүргізу, активтер портфельді басқару түрлерін,
әдістерін анықтау және бағалау және олардың ішінен ең тиімдісін таңдау
болып табылады. Осы мақсатты орындау үшін келесі міндеттер қойылады:
1. Инвестицияның экономикалық мәнін ашу және оның
түрлерін қарастыру;
2. Банктердің инвестициялық қызметін қарастыра
отырып активтерін жіктеу критерийлерін
қарастыру;
3. Коммерциялық банктердің инвестициялық портфелін
талдау және оны бағалау
4. Коммерциялық банктердің инвестициялық
операцияларын жетілдіру жолдарын бағамдау;
Осы жұмыстың зерттеу объектісі болып — Алянс Банк АҚ-ның
инвестициялық портфелін бағалау мәліметтері бойынша есептік көрсеткіштері
мен практикалық тәжірибелері алынды.
Диплом жұмысының зерттеу пәні ретінде қазіргі кезде активтер мен
активтер портфелін басқару тәжірибелері қарастырылды.
Осы жұмыстың методологиялық негізі – активтер мен активтер портфеліне
талдау жасаған шетел және отандық практик экономистердің, ғалымдардың
монографиялары, ғылыми еңбектері, ал нормативтік негізі – Қазақстан
Республикасының заңдары және нормативтік актілері, Ұлттық Банктің ережелері
мен нұсқаулықтары алынды.
Дипломдық жұмыстың құрлымына тоқталсақ, онда дипломдық жұмыс
кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
1. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің негіздері
1.1 Инвестицияның экономикалық мәні және оның түрлері
"Инвестиция" сөзі латынша "invectire" қазақ тіліне аударғанда қаражат салу,
жұмсау дегенді білдіреді. "Инвестиция" сөзі отандық экономикамыз үшін
біршама жаңа термин. Олай болып келу себебі, кешегі бір орталықтан
жоспарлау жүйесінде, 1991 жылға дейін оның орнына "капитал жұмсалымы" деген
сөзі жиі қолданылды. Енді осы екі сөздің арысында қандай айырмашылық болуы
мүмкін, соған мән берейік.
Инвестиция ұғымы капитал жұмсауға қарағанда кең мағыналы. Жоспарлы
экономика тұсында "капитал жұмсалымы" деп негізгі қорлардың ұдайы
өндірісіне жұмсалынатын, соның ішінде оларды жөндеу шығындарын қамтитын
барлық шығындарды түсінген. Ал инвестиция ұғымына келсек, қазіргі
экономикалық әдебиеттерде, соның ішінде сөздіктерде оған әртүрлі ұғымдар
берілген. Осы ұғымдарға тоқталайық.
Б.А. Райзберг, Л.Ш. Лозовский және Е.Б. Стародубцеваның жазған экономикалық
сөздігінде: "Инвестиция - пайда табу мақсатында өз елінде немесе шет елде
әр түрлі саланың кәсіпорындарына, кәсіпкерлік жобаларға, экономикалық-
әлеуметтік бағдарламаларға, инновациялық жобаларға, ұзақ мерзімге
жұмсалынатын мемлекеттік немесе жеке капиталды білдіреді " — делінгсн.
Лапусты М.Г. және П.С. Никольскийдің жалпы редакцияны басқарумен
дайындалған сөздікте: "Инвестиция — табыс алу және әлеуметтік тенділікке
қол жеткізу мақсатында кәсіпкерлік объектісіне және басқада құндылықтар
түрлеріне жұмсалынған ақшалай қаражаттар, мақсатты банк салымдар, пайлар,
акциялар және өзге де бағалы қағаздар, технологиялар, машиналар, жабдықтар,
лицензиялар, несиелер, басқа да мүліктер немесе мүліктік құқықтар, және
интелектуалдық құндылықтар" - деп түсіндірілeді.
Шет елдік инвестицияға байланысты заңда инвестицияға мынадай түсінік
берілген: "Инвестициялау - табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызмет
объкетілеріне салынатын мүліктік және интелектуалдық құндылықтардың барлық
түрлері, соның ішінде :
* жылжитын және жылжымайтын мүліктер мен мүліктік құқық,ұстау құқығы,
өңдеусіз ұстауға арналған тауарлардан басқалары;
* акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзгеде
нысандары;
* облигациялар және басқа да борыштық міндеттемелер;
* инвестицияларға байланысты келісім-шарттар бойынша орындалуға тиісті
қызметтер,тауарлар,ақшалай сомаларды талап етулер;
* интелектуалдық қызметтің нәтижелеріне деген құқықтар, оған
жататындар: авторлық құқық, патент, тауар белгісі, өнеркәсіп
үлгісі,технологиялық процестер, нау-хау3, нормативтік-
техникалық, сәулеттік, констукторлық және технологиялық жобалық
құжаттар;
* лицензия немесе мемлекеттік органдардан берілетін басқа да
нысандардағы кәсіпкерлік қызмет түрін жүзеге асыруға арналған кез
келген құқықтар ".
Б.А. Колтынюктің еңбегінде: Инвестициялау – бұл көптеген
экономикалық игіліктерді өндіру үшін капитал (ресурс) қорын жасау немесе
толықтыру. Қаржы және экономика тұрғысынан қарағанда инвестициялау -
бастапқы жұмсалынатын капиталдан асатын мөлшерде алдағы уақыттарда таза
пайда алу мақсатында экономикалық ресурстарды ұзақ мерзімде жұмсау -деп
сипаттама береді.
И.В.Сергеев, И.И.Веретникованың еңбегінде инвестиция деп - пайда немесе
басқа да тиімділікке қол жеткізу мақсатында жаңа
кәсіпорындар құру, жұмыс істеп отырған кәсіпорындарды кеңейту,
кәсіпорындарды қайта құру және техникалық жағынан қайта қаржыландыру,
жылжымайтын мүлік, акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздар мен
активтерді сатып алуға бағытталған мемлекеттің, заңды және жеке
тұлғалардың ақшалай қаражаттары, мүліктік және интелектуалдық құндылықтарды
түсіндіреді3.
Инвестицияның мазмұнын сызба түрінде беруге болады:
Ресурстар Жұмсалымдар Пайда табу және
(құндылықтар) (шығындар) әлеуметтік
тиімділікке жету
Іс-жүзінде инвестицияларды мынадай түрлері белгілі:
Мемлекеттік инвестициялар, мемлекеттік бюджет есебінен және басқа да
мемлекеттік қаржы көздерінен экономикалық және әлеуметтік дамуға
бағытталған инвестициялар;
Жеке инвестициялар, корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті және
тартылған қаражаттары, сондай-ақ азаматтардың жинақтары есебінен жүзеге
асатын инвестициялар;
Шет елдік инвестициялар пайда табу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да
қызмет түрлерінің объектілеріне салынған шет елдік инвесторлардың
(мемлекеттің, банктердің компаниялардың, кәсіпкерлердің) барлық мүліктік
және интелектуалдық құндылықтары;
Инвестиция туралы заңға сәйкес "шет ел инвестициясы -Қазақстан
Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық қорына қатынасу нысанында,
сондай-ақ оларға займдар (несиелер) беру және Қазақстан Республикасының
"Лизинг туралы" заңымен көзделген шартпенен лизинг заттарын беру жолымен
жүзеге асырылатын инвестицияларды білдіреді. Қазақстан Республикасы
аумағында шет ел инвесторлары заңмен тиым салынбаған кез келген объектіге
жұмсалынады.Инвестициялау объектілеріне мыналар жатады:
* халық шарушылығының барлық салаларындағы жаңадан
құрылатын және жаңартылатын негізгі қорлар мен айналым
құралдары;
* мақсатты ақшалай салымдар;
* ғылыми-техникалық өнімдер;
* интелектуалдық құндылықтарға қатысты құқықтар;
* мүліктік құқықтар.
Шет ел инвестициясы мынадай жолдармен жүзеге асады:
* занды және жеке тұлғалармен бірігіп құрылатын
кәсіпорындарға үлес қосу;
* шет ел инвесторларына толық тиеслі кәсіпорындар, сондай-ақ
шет елдік заңды тұлғалардың филиалдарын құру;
* кәсіпорындар, ғимараттар, құрылғылар, кәсіпорындарға қатысу
үлесін, пай, акциялар, облигациялар жөне өзге де бағалы
қағаздарды сатып алу;
* жерді және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану құқығын
сатып алу;
* займдар мен несиелер беру;
* мүліктер мен мүліктік құқықтар беру".
Өндірістік инвестициялар, жұмыс жасап отырған кәсіпорындарды кеңейтуге,
қайта құруға және техникалық жағынан қайта
қаруландыруға, жаңа құрлысқа капитал жұсмаумен байланысты
инвестицялар.
Интелектуалдық инвестициялар интелектуалдық және рухани өнімдерді жасауға
жұмсалатын инвестициялар.
Бақыланатын инвестицияла, басқа компаниялардың дауыс беруге құқығы бар
акцияларының елу пайыздан астамын иеленуді қамтамасыз ететін тікелей
инвестициялар.
Бақыланбайтын инвестициялар басқа компаниялардың дауыс беруге
құқығы бар акцияларының елу пайыздан томен белігін иеленуді
қамтамасыз ететін тікелей инвестициялар. Инвестицияның төмендегідей типтері
болады:
1) Портфелъдік (қаржылық) инвестициялар, мемлекеттік,
муниципальдық өзін-өзі басқару органдардың корпоративтік
компаниялардың шығарған акцияларына, облигацияларына және басқа да
бағалы қағаздарына жұмсаған ақша қаражаттары.
Портфельдік инвестицияны жүзеге асыру барысында инвестор пайыз немесе
дивиденд түрінде табыс алады жөне өтімді резервтерін қалыптастырады.
Портфельдік иневстицияны уақытша бос ақша қаражаты бар банктер,
инвестициялық компаниялар және фирмалар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында портфельдік иневстициялардың құрылымында
корпоративтік бағалы қағаздарға қарағанда мемлекеттің бағалы қағаздарына
жұмсалымдардың үлесі біршама жоғары. Оның себебін мемлекеттің бағалы
қағаздарына салынған қаражаттың сенімділігін, яғни тәуекелге ұшырамайтынан
көруге болады. Ал корпоративтік бағалы қағаздар қаншалықты табысы жоғары
болса, соншалықты олардың тәуекелі де жоғары болып келеді.
Нақты капитал (капитал жасайтын) инвестициялар
материалдық өндіріске материалдық-заттай қызмет түрлерін ұзақ
мерзімді қаражат салу немесе басқаша айтқанда, жұмыс жасап
отырған кәсіпорындарды қайта құру және техникалық жағынан қайта
қаруландыруға, жаңа кәсіпорындар салуға жұмсалған
инвестициялар. Бұл жерде инвестор-кәсіпорын өзінің капиталын,
соның ішінде негізгі өндірістік қорларын ұлғайту мақсатында жұмыс жасайды.
Материалдық емес активтерге салынган инвестициялар
кәсіпорынға, жобаларға және қандай да бір істі бастауға
қажет құқықтарға, лицензияларға, ноу-хау, мүлікке және басқа да ғылыми-
техникалық өнімдер нысанындағы ақшалай емес инвестициялар. Инвестиция
экономикалық категория ретінде экономикада бірқатар қызмет атқарады.
Инвестицияның қызметінсіз кез келген мемлекеттің тұрақты дамуы мүмкін емес.
Инвестицияның атқаратын қызметтерін екі деңгейде бөліп қарауға болады:
I. Макродеңгейде атқаратын қызметтері, оған мыналар жатады:
• ұлғаймалы ұдайы өндіріс саясатын жүзеге асыру;
• ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету;
• отандық өнімдердің сапасын жақсартып, олардың бәсекелестік
қабілетін арттыру;
• экономиканың барлық салаларының бірдей дамуын қамтамасыз
ету;
• әлеуметтік аяны, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, білім
саласын дамыту;
• жұмыссыздық мәселесін шешу;
• инфляция қарқынын тежеу;
• қоршаған ортаны қорғау;
• әскери-өнеркәсіп кешенін конверсиялау;
• мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету.
II. Макродеңгейдегі атқаратын қызметтері мыналар:
• өндірісті кеңейту және дамыту;
• негізгі қорлардың шамадан тыс моральдық және заттай
тозуын болдырмау;
• өндіріс деңгейін техникалық жағынан қайта жарақтау;
• нақты кәсіпорындардың өнімдерінің сапаларын арттыру және
бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
• табиғатты қоршау шараларын жүзеге асыру;
• бағалы қағаздар сатып алу және басқа кәсіпорындардың
активтеріне қаражат жұмсау.
Барлық инвестицияларды мынадай белгілеріне қарай жіктеуге
болады:
1) Инвестицияны жұмсау объектісіне қарай:
* нақты (капитал жасаушы) инвестициялар;
* портфельдік инвестициялар;
* қаржылық емес инвестициялар.
2) Инвестициялау мерзіміне қарай:
• қысқа мерзімді (1 жылға дейін) инвестициялар;
* орта мерзімді (1-ден 3-5 жылға дейін) инвестициялар;
* ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
3) Инвестицияға қатысу нысанына қарай:
* тікелей инвестициялар;
* жанама инвестициялар.
4) меншік нысанына қарай:
* аралас (бірлескен) инвестициялар;
* шет елдік инвестициялар;
* мемлекеттік инвестициялар;
* жеке меншік инвестициялар.
5) аумақтық белгісіне қарай:
* шет елде инвестициялау;
* елдің ішінде инвестициялау;
6) пайдалану бағытына қарай:
* өндірістік бағыттағы иневстициялар;
* өндірістік емес бағыттағы инвестициялар.
Сонымен қатар инвестицияларды ішінара жіктеуге болады. Нақты
инвестициялардың екі топқа бөледі:
1-топ. Өндірісті дамытуға жұмсалынған инвестициялар, соның ішінде:
* өндірісті қайта құру және техникалық жағынан қайта
қаруландыруға;
* өндірісті кеңейтуге;
* жаңа өнім шығаруға;
* өнімді жаңғыртуға және жаңа ресурстарды игеруге.
2-топ. Өндірістік емес саланы дамытуға жұмсалынған
инвестициялар, соның ішінде:
* тұрғын үй құрылысына;
* спорт және сауықтыру объектілеріннің құрылғыларына;
* еңбек жағдайын жақсартуға;
* техникалық қауіпсіздік деңгейін артыруға.
Портфельдік инвестицияларда екі топқа бөлінеді.
1-топ. Бағалы қағаздар сатып алуға бағытталған инвестициялар, соның
ішінде:
* кәсіпорындардың акцияларын сатып алуға;
* облигациялар сатып алуға;
* басқа да бағалы қағаздар сатып алуға.
2-топ. Басқа кәсіпорындардың активтеріне жұмсалған
инвестициялар, соның ішінде:
* өндіруші-кәсіпорын активтеріне қаражат салу;
* қаржы-несие мекемелерінің активтеріне салу;
* басқа да коммерциялық ұйымдардың активтсріне салу.
ҚР заңына сәйкес инвестициялық қызмет — инвестициялауды жүзеге асыру
процессімен байланысты кәсіпкерлік қызметті сипаттайды.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде инвестициялық қызмет — пайда табу немесе
қандай да бір тиімділікке қол жеткізу мақсатында инвестиция жұмсау және іс-
тәжірибелік әрекеттер ретінде түсіндіріледі.
Жалпы инвестициялық қызметті екі жақты түсінуге болады. Кең магынада
инвестициялық қызмет — инвестициялық бағдарламалар мен жобаларға қаражат
немесе капитал жұмсау, сондай-ақ инвестициялық бағадарламалар мен жобаларды
іске асыруға байланысты іс-тәжірибелік әрекеттердің жиынтығын, ал тар
мағынада инвестициялық қызмет — инвестициялық процессті білдіреді.
1.2 Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі және оларды
тұрақтандырудағы активтердің маңызы
Инвестиция деп қаражаттарды ұзақ мерзімге белгілі бір салаға пайда
табу мақсатында салуды білдіреді. Инвестициялық қызметке банктер делдал
ретінде қатысады. Банктер өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді
инвестициялық саясат жасай отырып жүзеге асырады. Банктердің инвестициялық
саясаты инвестиция портфелін басқару бойынша стратегияны құру және іске
асыру шараларын, қалыпты қызметті, табыстылықты арттыру, банк балансының
өтімділігін қамтамасыз ету бағытында портфельді және тура инвестициялардың
оптималды құрылымына жетуді білдіреді. Банктың инвестициялық саясаты
банктың басқармасымен жасалады . Инвестициялық саясаттың басты
элементтерінің бірі – банктың валюта – қаржылық портфелін, соның ішінде
инвестициялық портфелін басқарудың тактикасы мен стратегиясын жасау болып
табылады.
Инвестициялық портфель бұл – банктің заңды тұлғалардың, басқа
банктердің және бағалы қағаздардың салған қаражаттарының жиынтығы.
Инвестициялық портфельдің оңтайлы құрылымының критерийлері – бұл
операциялардың табыстылығы және өтімділігі болып табылады. Банктердің
инвестициялық портфелдерін басқарудың әртүрлі бағыттары және принциптері
қолданады. Көп таралған принциптердің қатарына бағалы қағаздарды өтеудің
баспалдықтылық принципін жатқызуға болады. Бұл принцип бойынша өтелген
бағалы қағаздардан түскен қаражаттарды максималды өтеу мерзімі бар бағалы
қағаздарды қайта инвестициялау.
Банктердің белгілі бір мерзімге пайда табу мақсатында бағалы
қағаздармен операциялары банк инвестициялары ретінде қарастырылады.
Батыс елдердің бір қатарында қазіргі несие жүйесінде инвестициялық
банктер өздерінің дамуын алды. Батыс елдердің инвестициялық банктердің
пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне еңбек бөлінісі және несие
аясындағы мамандану әкелді.
Инвестициялық банктердің негізгі қызметі- ұзақ мерзімді ссудалық
капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акцияларды,
облигацияларды және орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа
түрлері арқылы беру.
Әр ірі фирма, корпорация әдетте өзінің инвестициялық банкісімен жұмыс
істейді және сол банктің қызметін пайдаланады.
Қазіргі инвестициялық банктердің екі түрі қызмет етеді:
• Бірінші типті инвестициялық банктер
• Екінші типті инвестициялық банктер
Мұндағы бірінші типті инвестициялық банктер тек бағалы қағаздарды
орналастыру және сатумен айналаысады. Ал екінші типті инвестициялық
банктерге келетін болсақ, олар ұзақ мерзімді несиелеумен айналысады.
Батыс Еуропаның континенталды елдеріне және дамушы елдерге негізінен
осы атап кеткен екінші типті инвестициялық банктер тән.
Бірінші банктер ХІХ ғасырдың бірінші ширегінде жауапкершілігі шектелген
серіктестіктер формасында құрылған болатын. Инвестициялық банктер аса тез
дамуы ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында байқалады.
Инвестициялық банктердің пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы
қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың
акционерлік формасының пайда болуымен олар үлкен компаниялар мен
корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы
ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда , қайта
құруда , біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің
барлық деңгейінің мемлекеттік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде
орталық үкіметтің бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің
бағалы қағаздарына дейін орналастырады.
Бірінші типті инвестициялық банктер әдетте құрылтайшылар, бағалы
қағаздардың эмиссиясын ұйымдастырушылар рөлінде шығады. Олар компаниямен
орналастырылмаған бағалы қағаздардың бөлігін сатып алатын агенттер ретінде
, сонымен қатар сауда, өндіріс, транспорттық корпорациялардың бағалы
қағаздар бойынша және басқа аспектілер бойынша консультанттар ретінде бола
алады. Ұзақ мерзімді салымдарды қажет етіп, акциялар мен облигациялар
шығару туралы шешім қабылдаған корпорациялардың және мемлекеттің
тапсырмасы бойынша , бірінші типті инвестициялық банктер эмиссияның
көлемі, мерзімі, шарттары жайлы және бағалы қағаздардың типін таңдау
жөніндегі , сонымен қатар орналастыру және қайта айналысы жөніндегі
міндеттемелерді өздерінің мойындарына алады. Мұндай мекемелер шығарылған
акциялар мен облигациялардың сатып алынуына кепіл береді, яғни олар бұл
бағалы қағаздарды сатуды өздерінің есебінен немесе банктік синдикаттарды
құру арқылы акциялар мен облигацияларды сатып алушыларға ссуда береді.
Несие жүйесінде инвестициялық банктердің үлесі көп болмасада, олар
өздерінің жақсы ақпаратталғандығына және құрылтайшылық байланыстарына
байланысты экономикада үлкен рөл атқарады.
Бірінші типті инвестициялық банктер соңғы кезде көбінесе корпоративті
секторлардың бағалы қағаздарымен операцияларды жиі жүргізеді. Мұндай
банктер акциялар мен облигацияларды орналастыру арқылы өндіріс, транспорт
және сауда кәсіпорындарының ақша қаражаттарын алуда делдал ретінде
қатысады.
Бірінші типті инвестициялық банктер капиталды тарту, бағалы қағаздар
нарығына қызмет көрсету бойынша бірқатар функцияларды атқарады:
• Акциялар мен облигацияларды қайта орналастырумен айналысады
• Халықаралық бағалы қағаздарды еуровалюта нарығында орналастыруда
делдал болады
• Корпорацияларға инвестициялық стратегияның сұрақтары бойынша
және бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөнінде кеңестер береді
Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға
түседі. Көптеген компаниялар инвестициялық банктердің көмегінсіз ұзақ
мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің
қазіргі тәжірибесінде мұндай банктер компанияның бағалы қағаздарын
орналастырумен айналыспасада, компаниялар құрылып қызмет ете алмайды.
Осындай елдердің қатарына келесі елдерді мысалға келтіруге болады: Канада,
Ұлыбритания, Австралия, Америка Құрама Штаттары.
Инвестициялық банктер депозиттерді қабылдауды жүргізбейді. Бірақ егер
депозиттер қабылдайтын болса, басында және шектелген мөлшерде ғана. Бағалы
қағаздарды орналастыру алдында инвестициялық банк әдетте эмитент-
корпорацияның қызметіне жоғары мамандырылған экономистер, юристер және
инженерлердің көмегімен тиянақты талдау жүргізеді. Банк корпорацияның
активтерін, мүлкін, мақсаттарын, құжаттарын, маркетинг және менеджмент
жүйесін, өндіріс жағдайын, нарығын, еңбек қатынастарын, корпорацияның
тарихын , оның операцияларын , балансын, пайда және зияндардың есебін,
басқарма құрылымын, саладағы орнын, бәсеке деңгейін және басқа да
факторлар қатарының талдауын жүргізеді. Көп жағдайда инвестициялық
банктердің қызметкерлері клиент эмитет-корпорацияның директорлар кеңесіне
кіріп, оларға өндіріс, қаржы және инвестициялау сұрақтары бойынша кеңестер
береді.
Меншікті қаражаттардың салыстырмалы тапшылығы инвестициялық банктерді
бағалы қағаздардың эмиссиясын орналастыру үшін синдикаттарды және
консорцумдарды құруға мәжбүр етеді. Мұнда олардың рөлдері бірдей емес,
әдетте синдикаттарда және консорцумда 1-5 банктің басшылықты орыны болады.
Өздерінің делдалдық қызметі үшін үшінші типті инвестициялық банктер
инвестордың төлеген сомасы және эмитент-компанияның алған пайдасының
айырымы көлемінде комиссионды төлем алады.
Ал екінші типті инвестициялық банктерге келсек, олар бірінші типті
инвестициялық банктерден ұйымдастырушылық құрылымда , қызметтері мен
операцияларында елеулі айырмашылығы бар. Екінші типті инвестициялық
банктер акционерлік негізде, мемлекеттің қатысуымен аралас меншік
формасында және таза мемлекеттік болып құрылуы мүмкін. Мұндай банктердің
негізгі функциялары шаруашылықтың әртүрлі салаларын, сонымен қатар жаңа
технологияларды енгізуімен және ғылыми –техникалық революция
жетістіктерін іске қосумен байланысты арнайы –мақсатты жобаларды орта және
ұзақ мерзімді несиелеу болып табылады.
Екінші типті инвестициялық банктер соғыстан кейінгі Батыс Еуропаның
экономикасын қалпына келтіруде және дамушы елдердің салаларын құруда үлкен
рөл атқарды. Осыған байланысты келесі бірқатар елдерді ерекше бөліп
көрсеткен дұрыс болады: Франция, Италия, Испания, Португалия, Скандинавия
елдері. Аталған елдерде аралас және мемлекеттік инвестициялық банктер
өндірісі ұзақ мерзімді несиелеудің және онда жаңа салалардың құрылуының
жоғары деңгейін қамтамасыз етті . Аралас және мемлекеттік типтегі
инвестициялық банктер үкіметтің әлеуметтік –экономикалық даму бағдарларын
және экономиканы тұрақтандыру жоспарларын іске асыруға белсенді қатысты .
Қазіргі кезде бұл инвестициялық банктер ссудалық капитал нарығында әртүрлі
операцияларды жүргізеді : заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын
аккумуляциялайды, орта және ұзақ мерзімді несиелеу жүргізеді , жеке және
мемлекеттік бағалы қағаздарға салымдар жасайды , әртүрлі қаржылық
қызметтерді дамытады .
Дамушы мемлекеттердегі мұндай инвестициялық банктер негізінен 60-шы
жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды . Бұл банктерді
құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты . Дамушы елдердің
инвестициялық банктері орта және ұзақ мерзімді несиелеумен, бағалы
қағаздармен операциялармен айналысады . Сонымен қатар, бірқатар елдердің
бірінші типті және екінші типті инвестициялық банктердің операцияларын
қатар асыратын банктер қызмет етуде.
Көптеген елдерде инвестициялық банктердің қызметін басқа да қаржылық-
несиелік мекемелер немесе коммерциялық банктер атқарады.
Қазақстан Республикасында да мұндай банктердің функцияларын негізінен
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің екінші деңгейдегі банктері
атқарады. Бірақ Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері бірінші
типті банктердің операцияларын жүзеге асыру өз деңгейінде болып отырған
жоқ. Коммерциялық банктің инвестициялық қызметінің мақсаты – қаражаттардың
сақталуын, диверсификация, табыс пен өтімділікті қамтамасыздандыру.
1.3 Коммерциялық банктердің инвестициялық портфелінің қалыптасуы
Жалпы банк қызметіндегі инвестицялаудың өзіндік ерекшелігі бар. Кең
мағынада, банктік инвестиция бұл пайда табу мақсатында банктің ресурстарын
орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.
Ал, банктік инвестиция бұл табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай
қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.
Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге
асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін
біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне
инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.
Коммерциялық банктер әмбебап қаржылық институт ретінде бағалы қағаздар
нарығының қатысушысы болып табылады. Қазіргі кезде коммерциялық банктер
бағалы қағаздар нарығындағы қызметін өзінің қызметінде маңызды бағыттардың
бірі деп санайды. Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздар операциясынан
және инвестициялық қызметтен түскен табысы пайданың қалыптасуында басты
роль атқарады, сондай-ақ оның кеңеюі бағалы қағаздар операциясының жоғары
табыстылығымен жэне тікелей банктік несиелерді тиімді қолдану саласының
қысқаруымен ынталандырылады.
Қаржылық институттар, әсіресе банктер жабдықтаушы мен несиелік
ресурстар тұтынушылар арасында делдалдық қызмет көрсетеді, сонымен бірге
банктер уақытша бос ақша қаражаттарды жинақтап, оларды белсенді қызмет
ететін капиталға айналдырады.
1995 жылғы Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет
туралы ҚР заңының (соңғы өзгерістері мен толықтыруларды қосқанда) 30
бабына сәйкес коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай
операция түрлерін іске асыруға құқылы:
• есептік операциялар: заңды және жеке тұлғалардың вексель (дисконт)
және басқа да қарыздық міндеттемелерді есептеу;
• сейфтік операциялар: құжаттар және бағалы қағаздарды, клиенттердің
құндылықтарын сейфтік жәшіктер, бөлімшелерді қосқандағы сақтау бойынша
қызмет көрсетулер;
• ломбардтық операциялар: жылжымалы мүлік және бағалы қағаздарды
кепілдікке қысқа мерзімді несиелер беру;
• бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет.
Коммерциялық банктер өзінің бағалы қағаздарын шығару арқылы эмитент
ретінде, өз шотынан бағалы қағаздарды сатып алғанда инвестор рөлінде және
бағалы қағаздар операциясын жүргізетін делдал ретінде шығады.
Коммерциялық банктер биржаның, банктердің, өнеркәсіптің, ұйымдардың,
түрлі акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу арқылы инвестор ретінде
шығады, бұдан өз қоржынын кұрайды. Мүндағы банктердің мүддесі болашақта
дивиденд алу ғана емес, сонымен қатар компанияның қызметін басқару мүшесі
ретінде болу.
Портфель құрудың басты мақсаты бұл банктік операциялардың өтімділігін
қодау. Займдық операциялар тәуекелді. болғандықтан банк ресурстарының
негізгі үлесі жоғары өтімді активтер нысанында болуы қажет, оның ішінде
бағалы қағаздарға жұмсалымдары да бар. Бұл бағалы қағаздар мемлекеттік
болғаны жөн, себебі олардың сенімділік рейтингі жоғары.
Делдалдар рөлінде банктер клиенттер талабы бойынша шығарған акциясын
сату, қайта сату, сақтау және олар бойынша дивидендтер мен комиссиондық
пайыз алады. Мемлекет тарапынан банктердің бағалы қағаздар нарығында
делдалдық қызметін тиімді реттеу жүргізілмегендіктен, олар клиенттерге
қызмет көрсету саласын кеңейтіп отырады. Банктер қаржылық супермаркетке
айналып бағалы қағаздар нарығында брокерлік фирмалардың қатысуымен банктік
холдингтер құрып, өзінің саясатын осы құрылымдар арқылы жүргізеді.
Жалпы ҚР ЕДБ-дің бағалы қағаздармен жасалатын операцияларын мынадай үш
топқа бөлуге болады:
- эмитент ретіндегі операциялары;
- инвестор ретіндегі операциялары;
- кәсіби қатысушы (делдал) ретіндегі операциялары.
Жоғарыда аталған операциялардың ішінде банктің активтерін басқаруға
қатысы бар операцияларға соңғы екеуі жатады.
Банктердің инвестициялық операциясы бұл олардың бағалы қағаздармен
жасалатын операцияларын сипаттайды. Бағалы қағаздарға орналастырылған
банктердің қаражаттары табысты активтер қатарына жатады. Нақтырақ айтсақ,
банктер ресустарының несиеге бағыттағаннан қалған бір бөлігін табыс табу
мақсатында бағалы қағаздарға орналастарады.
Банктің инвестор ретіндегі қызметінің нәтижесінде банктің бағалы
қағаздар қоржыны қалыптасады. Инвестор ретінде банк өзінің қаржаттарын
мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздарға салады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар - Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес айналымға жіберілген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі
жүргізетін аукциондарда және қайталамалы нарықта иемденетін
дематериализацияланған бағалы қағаздар.
Дематериализацияланған бағалы қағаздар бұл құжатсыз формада шығарылып,
электронды түрде сақталатын және есептелетін қағаз.
Мемлекеттік бағалы қағаздардың әрбір шығарылымы өкілетті органның
берілетін ұлттық идентификациялық номері болады. Эмитенттің бас қаржылық
агенті арасында келісімдерге сәйкес Ұлттық Банк болып табылады. Ал қаржылық
агенті - екінші деңгейдегі банктер.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік бағалы
қағаздардың келесі түрлерін шығарады:
- МЕККАМ - мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер, 3, 6,
12 ай мерзіміне шығарылып, номиналдан төмен бағамен сатылады. Ол номиналдың
толық құнымен өтеледі. Номинал 100 теңге.
- МЕОКАМ - мемлекеттік орта мерзімдік қазынашылық міндеттемелер 2, 3,
4, 5 жылға шығарылады. Номиналдық құны бойынша сатылады жэне әр жарты жыл
сайын олар бойынша белгіленген пайыздар төленеді. Номиналдық қүны 1000
теңге.
- МЕИКАМ - мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелер 24, 36,
48, 84 айға шығарылады, номиналдық құны бойынша сатылық әр жарты жыл сайын
белгіленген пайыздар төленеді. Номиналдық құны 1000 теңге.
- МЕАКАМ - мемлекеттік арнайы қазынашылық міндеттемелер 10 жыл
мерзімге айналысқа шығарылады. Номиналдық құны 1000 теңге.
-Ұлттық Банктің ноталары - ҚР Ұлттық Банктің шығарылған қысқа
мерзімді ноталардың айналысу мерзімі 7-90 күнге дейін (жүзеге асыру мерзімі
- 7, 14, 21, 28, 35, 42, 56, 63, 77 күн) номиналдан төмен бағамен сатылып,
толык номиналдық құны бойынша өтеледі. Номинал 100 теңге.
-Халықаралық бағалы қағаздар - Қазақстан Республикасыңың
халықаралық мемлекеттік бағалы қағаздар айналысқа АҚШ долларыңда ҚР
заңнамасына сәйкес шығарылады. Қазақстан евробондтық екі траншын
айналысқа жіберді, олар әлемдік қор нарығында АҚШ доллары номиналымен
орналастырылды.
- Халықаралық идентификациялық код (ISIN) 3 транш 4 транш
ХS0102764031 ХS 0102764031
Эмиссия күні 18.10.2005
11.05.2005
Өтелу күні 18.10.2006
11.05.2007
Айналыс мерзімі, жыл 5.
7.
Орналастыру көлемі 200
350
Жылдық купон, % 13.625
11.125
Жылдағы купондық
төлемдер саны 2
2
Мемлекеттік бағалы қағаздар орналастыруда банктер алғашқы диллер
ретінде қатысады. Орналастыру аукционы, орналастыруға дейін жазылу,
ашылу кезеңдері арқылы жүрпзіледі.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі бойыңша
мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру үшін аукциондар
жүргізеді. Аукцион болған күні сағат 9-дан 11-ге дейін коммерциялық
банктер Банкке мемлекеттік бағалы қағаздардың бәсекелес немесе бәсекелес
ұсыныстары мен өтініштерін береді.
Мемлекеттік бағалы қағаздарды сатудың аукциондық әдісінің маңыздылығы
берілген өтініштерді қанағаттандыру төменгі дисконтталған бағадан басталып,
жарияланған барлық эмиссия көлемінің түпкілікті бағасында аяқталады.
Аукциондық негізде мемлекеттік бағалы қағаз дисконттық бағамен
орналастырылады
Мемлекеттік бағалы қағаздарды есептеу, олар бойынша мәмілелердің
жасалуы алғашқы дилердің АҚ "Орталық депозитарийдегі" депо шоттары арқылы
және депо шотында ашылан инвесторлардың жеке субшоттарында жүзеге
асырылады.
Жазылу жүргізу тәртібі бойынша эмитент жазылудың ресми мерзіміне дейін
екі күнтізбелік апта ішінде мемлекеттік бағалы қағаздарға жазылуды Ұлттық
Банкке қаржылық агенттер тізімін және жазылу шарттарын хабарлайды.
Қаржылық агенттер жазылу арқылы мемлекеттік бағалы қағаздарды
орналастыру күні сағат 9.30 - 16.00-ге дейін Ұлттық Банкке иемдену туралы
жазылу шарттарына сәйкес өтініштер береді. Орналастыруға мемлекеттік
бағалы қағаздар бойынша ақпарат жазылу тәртібі негізінде эмитентке үш жұмыс
күні ішінде жіберіледі.
Бүгінгі таңда ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық
операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы
қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға
салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада
қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен
болғанымен тәуекел де төмен болады.
Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:
- Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға
жеңілдікпен (номиналдық қүнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық
құны бойынша өтеледі.
- Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін
бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2-4 ретке дейін
төленеді.
- -Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы
қағаз. Бүл жағдайда инвестор-банктің табысы екі көзден: дисконт
түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.
Мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар бойынша ақшалай есеп айырысуды
жүзеге асыру үшін алғашқы дилер, яғни банк инвесторға мемлекеттік бағалы
қағаздар қозғалысын есептеу үшін Депошотын ашады, ол мемлекеттік бағалы
қағаздар нарығында брокерлік қызмет көрсету келісім-шарты негізінде
жасалады.
Алғашқы қайталамалы нарықта мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу-
сату операцияларды жүргізу үшін комиссиондық пайыз эмиссия өтеуде сатып
алу-сату кезінде тінвестордан табыс сомасынан 1-3% мөлшерінде
алынады.
Дилер, яғни банк инвестордың мемлекеттік бағалы қағаздармен өз
міндеттемесі бойынша есептесуге құқы жоқ. Инвестор мемлекеттік бағалы
қағаздармен мәмілелердің жүзеге асыруына келесі өтініштер түрлерін беруге
құқылы:
- Белгіленген (бәсекелестік) баға бойынша шығарылым белгісімен
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу- сату, бұл оның белгіленген
бағасы бойынша сатып алатындығын білдіреді;
- мемлекеттік бағалы қағаздардың ағымды (бесекелестік емес) баға
белгілеуімен сатып алу-сату;
- мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару номері көрсетілуімен мемлекеттік
бағалы қағаздарды сатуға өтініштерді беру;
- салым сомасын теңгеде немесе ақша-қаражат салу мерзімін көрсетуімен
сатып алуға өтініштерді беру;
- биржалық нарықта операцияларды жүзеге асыру барысында анықталған
сауда сессиясы ішінде өтініштер беру;
- Өтініш жойылғанға дейін немесе орындалғанға дейін өтініш беру.
Егер өтініште мерзім көрсетілмесе, онда ол бір сауда сесиясы ішінде
қызмет етеді.
2. Коммерциялық банктердің инвестициялық операцияларын талдау және
бағалау (АҚ Альянс Банк тәжірибесіне негізделген)
. 2.1 Қазақстан Республикасы ЕДБ- дің инвестициялық портфелін талдау
және бағалау
2007 жылы бірінші жарты жылдығында мемлекеттік бағалы қағаздарды
алғашқы орналастыру бойынша 106 аукцион өткізілді, олардың 11 дәлелденбеген
деп жарияланды. Өткізілген аукционда мемлекеттік бағалы қағаздарды 95 жаңа
эмиссиясы 102,5 млд теңгеге орналастырылды, яғни 160% құрады.
Ал, 2007 жылғы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық
портфелдерінің құрылымы туралы 1-кестеден көруге болады.
1-кесте. ЕДБ-дің инвестициялык портфелдерінің кұрылымы
Бағалы қағаздар млн. теңге%-үлесі
ҚР мемлекеттің бағалы қағаздары, 331 795 42,15
оның ішінде:
ҚР еурооблигациялар 42664 5,42
Қаржы Министрлігінің бағалы қағаздары 106685 13,55
ҚҰБ-нің ноталары 180663 22,95
Жергілікті атқарушы ұйымдардың бағалы 1 783 0,23
қағаздары
Халықарлық қаржы ұйымдарының бағалы 67875 8,62
қағаздары
Шетелдік эмитенттердің мемлекеттік бағалы 155207 19,72
қағаздары
ҚР эмитетнтерінің мемелекеттік емес бағалы
қағаздары, оның ішінде:
акциялар 9 171 1,17
облигациялар 160060 20,33
Шетелдік эмитенттің мемлекеттік емес бағалы 63058 8,01
қағаздары, оның ішінде:
акциялар 0 0,00
облигациялар 63058 8,01
Барлығы 787 166 100,00
Ескертпе - ҚҚА-нің мэліметтері негізінде есептелген
Кестеден көріп отырғанымыздай, банктердің жиынтық инвестициялық
портфелі 2007 жылдың 1 қазан айына 787 166 млн теңгені құраған. Портфельдің
ең үлкен бөлігін 42,15%о ҚР мемлекеттің бағалы қағаздары алады немесе оның
көлемі 331 795 млн. теңгені құрайды. Екінші орынды алатын ҚР мемлекеттік
емес бағалы қағаздарының инвестициялық портфельдегі үлесі 21,50 % немесе
169 231 млн. теңгеге тең. Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарының
үлесі 8,62% немесе 67 875 млн. теңгені құрайды. Шетелдік эмитетенттердің
мемлекеттік бағалы қағаздарының үлесі 19,72% немесе 155 207 млн. теңгені
құрайды. Шетелдік эмитетенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарының
үлесі 8,01% немесе 63 058 млн. теңгені құрайды.
Егер 2006 жылы мәліметтермен салыстыратын болсақ, мұнда бірінші жарты
жылдықта 115 аукцион өткізіледі, яғни 20 аукцион көп, бірақ орналастыру
көлемі 88,5 млрд теңге құрады.
Жалпы 2005 жылы алғашқы нарықта мемлекеттік бағалы қағаздар 142,4 млрд
теңге сомасына орналастырылды. Осыған байланысты мемлекеттік бағалы
қағаздар алғашқы орналастыру тиімділігі жоғарлады: 2006 жылы 179,0 млн
теңге, ал 2007 жылы қазанда 787,2 млн теңге. 2007 жылы мемлекеттік бағалы
қағаздар ораластырудың 51% Ұлттық Банк қысқа мерзімді ноталарында келеді,
ал қалған 49 % ҚР Министрлігінің міндеттемелері қамтиды (1-сурет).
1-сурет. ЕДБ-дің мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру
құрылымы
Сөзсіз, инвесторлар арасында ең танымалы ҚҰБ ноталары болып табылады.
бағалы қағаздарға сұраныс басқа эмиссиясы шектегенде, әрқашан 200-300%
деңгейде, кейде ұсыныстан он рет жоғары болды.
Мемлекеттік бағалы қағаздар құрылымындағы сауда көлемінде басты орынды
дисконтты мемлекеттік бағалы қағаздар - Ұлттық Банк ноталары 180, 6 млн
тенгені құрады (2-кесте).
2-кесте. 2007 жылы ақпандағы мемлекеттік бағалы қағаздар айналымының
құрылымы және сату - сатып алу секторының көрсеткіштері
Өтелуге Сатып алушы үшін табыстылық, % жылына Дисконт Мәміле-
дейінгі млн макси Соңғы Орташа бойынша лер саны
мерзім -малды мэміле өлшенген көлемі,
млн
бойынша теңге
Дисконтты мемлекеттік бағалы қағаздар (тенге): ҰБ ноталары 33,9% (1 1,2%)
сатып алу - сату секторы айналысынан
8-кем 2,73 4,55 2,73 3,87(4,38) 46,71 11
8-14 3,93 4,09 3,93 4,04(5,32) 30,9 2
15-28 4,15 5,3 5-- ,= 4,8 (5,76) 796,6 -17
29-36 4,58 5,29 4,89 4,96 (5,2) 1062,8 19
37-42 -5,02 5,37' 5,23 5,14(5,41) 1555,1 22
43-56 5,01 5,65 5,24 5,28(5,2) 1583,0 28
57-63 5,38 5,38 5,34(5,57) 132,8 2 91
5,33 64-91 5,84 5,21 5,61(5,71) 4801,6
1,2
Барлығы 10429,1 192(92)
(3786,0)
Купондық МБК (тенге) МЕОКАМ, МЕАКАМ 10,9% (30,1%)
сатып алу - сату
секто ры айналымын
730-кем 6,52 6,25 6,97 6,7 6,72 (6,89)1427,7 29 9 3 8
731-1095 7,0 7,39 7,40 7,3 7,51 6,84 (7,48)356,6
1096-1460 7,51 7,67 7,46 (8,02)242,0
1461-1825 7,73 7,45 (7,50)13336,5
Барлығы 3359,8 49(107)
(102235)
Купонды МБҚ (долл) ШҚО жэне Астана облигациялары 1,4% (-) сатып алу-сату
секторы айналысынан
430-кем 6,35 6,00 6,35 6,00 6,35 6,00 6,35 (-) 109,1 1 1
731-1095 6,00 (-) 322,7
барлығы 431,7(0) 2(0)
Қазақстанның евроноталары (долл) 53,8%(58,7%) сатып алу-сату секторы
айналымынан
*593-615 2,58 3,46 3,08 4,10 2,58 3,71 2,89 7632,4 20 39
**1514-15 (2,70) 8944,3
38 3,80
(3,78)
барлығы 16576,8 59 (29)
(19919,1)
жалпы 30797,4 302 (228)
(33928,6)
Ескерту: ИАФР „Ирбис" мэліметтері бойынша автормен құрастырылды *
үшінші эмиссия; ** төртінші эмиссия көлемдер биржалық доллтеңге курсы
орташа өлшенген есептеу кезіне ескеріледі.
Бағалы қағаздар бойынша дилерлік операцияларды жүргізудің техникалық
ережесі:
1. Бағалы қағаздар қоржыны қатынасында инвестициялық шешімдерді
дайындау кезінде Бағалы қағаздар нарығының қызметкерлері мына мэліметтерді
басшылыққа алады:
- бағалы қағаздарды өтеу графигі ("Ирбис" ақпараттық агенттіктің
көздері);
- Қазақстан Республикасы Үлттық Банк жүргізілетін мемлекеттік бағалы
қағаздар бойынша аукциондар графигі (Қазақстан Республикасының ¥лттық
Банкі, "Ирбис" ақпараттық агенттіктің көздері);
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізілетін мемлекеттік
бағалы қағаздар бойынша аукциондар нәтижесі;
- нарық жағдайын, оның толтырылуын және өтімділігін, бағалы қағаздар
бойынша пайыздық мөлшерлеменің серпінін (ҚҚБ, КЕІЛГЕК8, "Ирбис" ақпарат
көздері);
- активтер тиімділігі мен өтімділік деңгейін қолдау қажеттілігін;
- менеджмент Тәуекел Департаменті жэне Талдау Басқармасы ұсынатын
мәліметтер (статистикалық көрсеткіштер).
2. Бағалы қағаздар бөлімінің басшысы инвестициялық шешімдерді қабылдау
мәселелерді Қазынашылық Департаментінің Директорына, Дилинг Басқармасъшың
Басшысына ұсынады.
3. Қабылданған инвестициялық шешім бағалы қағаз бөлімімен рэсімделеді,
келесі құжаттар жасалады:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк жүргізетін аукционыныда
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуына өтініш;
- бағалы қағаздарды сатып алу және сату тикеті;
- репо кері репо тикеті екі экземплярда құрылған құжаттар
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу өтініші, бағалы қағаз сатып алу
сату тикеті, репо кері репо тикеті бағалы қағаздар бөлімінің бастығымен,
Қазынашылық Департаментінің Директорымен, Дилинг басқармасының бастығымен,
мәмілелерді қадағалау бөлімінің басшысымен қаралады.
4. Құжаттардың бір данасы бағалы қағаздарға ақшаны есептеу мен тіркеу
үшін мәмілелерді қадағалау бөлімінде беріледі, ал екінші данасы бағалы
қағаздар бөлімінде сақталады.
Банктер қаражатарының бір бөлігін мемлекеттік емес бағалы қағаздарға
орналастырады. Мемлекеттік емес бағалы қағаздарға корпоративтік бағалы
қағаздарды жатқызамыз.
2005-2007 жылдар аралығында 10 ірі банктердің бағалы қағаздарға
жұмсалымдарының серпінін 3-кестеде беруге болады.
3-кесте. 10 ірі банктердің бағалы қағаздарға жұмсалымдарының құрылымы,
кезеңнің соңына, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz