Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фаради атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес факультеті
Макро-микроэкономика кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары

Орындаған:
Орынбет Перизат.

ЭК07К1

Тексерген: Сәметеева М.

Алматы, 2010ж.

ЖОСПАР

Кіріспе
1. Ағымдағы жай-күйін талдау
Темір жол саласы
Автожол саласы
Ақылы жолдарды енгізу
Азаматтық авиация
Су көлігі
Автомобиль көлігі
Көліктегі қауіпсіздік
Әлемдік көлік жүйесіне кірігу

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің
стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
министрлігінің функционалдық мүмкіндіктері және
ықтимал тәуекелдер

Қорытынды

Кіріспе
Мемлекет Басшысы Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы атты Қазақстан халқына
Жолдауында мынадай міндет қойды:
Қазақстан әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі болуы тиіс, бұл
бізден елдің бүкіл көлік инфрақұрылымының озыңқы дамуын қажет етеді.
Қойылған міндетті шешуде Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлігі көлік саласындағы мемлекеттік саясатты
қалыптастыратын және іске асыруды қамтамасыз ететін уәкілетті орган болып
табылады.
Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешені темір жол,
автомобиль, су, авиация көліктерін, сондай-ақ технологиялық көліктің әр
алуан басқа да түрлерін біріктіреді.

1. Ағымдағы жай-күйін талдау
Темір жол саласы

Темір жолдың магистральдық желісінің ұзақтығы – 14 205,4 километр
(бұдан әрі – км), электрлендірілген темір жолдың ұзақтығы – 4 143,5 км
(29,6 %). Магистральдық жолдардың өрістетілген ұзақтығы 19,1 мың
километр (бұдан әрі – мың км), станциялық жолдардың өрістетілген ұзақтығы –
6 мың км астам. Жалпы ұзақтықтың 10 547 км автоблокировкамен, 8 816 км –
диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған. Магистральдық темір жол
желісіне қызметкерлерінің саны 56 мың адамнан асатын 130 филиал қызмет
көрсетеді. 2007 жылы темір жол көлігінің үлесі елдің бүкіл жүк айналымының
57,4 % құрады.
2001 жылдан бастап 2006 жылғы кезеңде Үкімет саланы қайта
құрылымдаудың екі бағдарламасын қабылдады және іске асырды. Бағдарламалар
шеңберінде бейінді емес активтер Қазақстан темір жолы ҰК АҚ құрамынан
шығарылды, жөндеу және қамтамасыз ету қызметі кәсіпорындары бәсекелестік
ортаға шығарылды, жүк вагондары операторлары (жүк вагондары паркінің 40 %
190 жеке меншік компанияның иелігінде), сондай-ақ экспедиторлық қызмет
нарығы құрылды (70 компания жүк тасымалының 75 % сүйемелдеуді қамтамасыз
етеді), Темір жол көлігі туралы Заң қабылданды және саланың нарықтық
жағдайда жұмыс істеуі үшін нормативтік-құқықтық база құрылды, 2005 жылдан
бастап республикалық бюджеттен жолаушылар тасымалының шығынын субсидиялау
басталды.
Сонымен қатар көмір, темір рудасы, ауылшаруашылық өнімдері (мұндай
жүктерді тасымалдау негізгі деп саналады және тасымалдау жүйесінде шамамен
50 % алады) секілді көлемді жүктердің көптеген түрлеріне тарифтердің
залалдығы сақталуда. Әлеуметтік-маңызды бағыттарда жүріп тұратын жолаушы
тасымалдарының шығындары республикалық бюджеттен толық көлемде
субсидияланбаған (40 % шамасында), жолаушы вагондарын жаңарту проблемасы
шешілмеген.
Осыған байланысты 2007 жылы Үкіметтің тапсырмасына сәйкес, Министрлік
мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп темір жол саласын
2011 жылға дейін дамытудың кешенді іс-шаралар жоспарын әзірледі. Кешенді
іс-шаралар жоспарының негізгі міндеттері: 1) бәсекелестікті
дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, 2) тариф саясаты мен нормативтік базаны
жетілдіру, 3) темір жол көлігінің қызметіне тең қол
жеткізімділікті қамтамасыз ету, 4) инфрақұрылымды дамытуға жеке
инвестицияларды тарту.

ҚТЖ ҰК АҚ негізгі өндірістік-экономикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер Өлшем Кезеңі
бірлігі
2005 жыл 2006 жыл 2007 жыл
Тасымалданған жүктер млн. тонна 222,6 246,8 (+10,8 %) 260,5 (+ 5,5 %)
Тасымалданған млн. 16,4 17,3 (+5,5 %) 18 (+3,8 %)
жолаушылар жолаушы
Кірістер млрд.теңге 286 162 389 223 428 173
Шығыстар млрд.теңге 303 395 366 777 417 320
қаржылық нәтиже млрд. тг. -17,2 +22,4 +10,8

Бағыты бойынша жүктер тасымалданды
Көрсеткіштер Өлшем Кезеңі
бірлігі
2005 жыл 2006 жыл 2007 жыл
республикаішілік млн. 129,7 135,0 (+4,1 %) 140,3 (+3,9 %)
тонна
экспорт 69,0 83,8 (+21,4 %) 84,8 (+1,2 %)
импорт 15 17,7 (+18 %) 22,2 (+25,4 %)
транзит 8,9 10,3 (+15,7 %) 13,2 (28,1 %)

Вагондар
Атауы мүкәммал паркі жұмыс паркі жұмыс істемейтін
парк
жолаушылар вагондары 2091 1816 275
жүк вагондары 62 342 46 038 16 304

Жүк вагондарының жеке меншік паркі – 34 685 бірлік (35,7 %)
189 меншік иелерінде.
2007 жылы жолаушы тасымалдау нарығында жолаушыларды темір жол
көлігімен тасымалдауды 7 компания жүзеге асырды, конкурстың қорытындысы
бойынша 2008 жылы тасымалдауды 12 компания жүзеге асыруда. Өспелі қорытынды
бойынша жолаушы вагондарының тапшылығы 2008 жылы – 315 бірлікті, 2009 жылы
– 489, 2010 жылы – 608 бірлікті, 2011 жылы – 720 бірлікті, 2012 жылы – 807
бірлікті құрайды.

Локомотивтер
Атауы Мүкәммал паркі (бірлік) Қажеттілік (бірлік)
01.01.2008 ж. 01.01.2008 ж.
Магистральдық тепловоздар 565 437
Электровоздар 552 342
Маневрлік тепловоздар 443 425

Жыл сайынғы тарифтердің өсуі есепке алынған 2008 жылдан 2012 жылға дейінгі
инвестициялар
атауы 2008г. 2009г. 2010г. 2011г. 2012г. Жиыны
Құны, млрд. теңге
Магистральдық торап 69 79 75 76 81 379
Локомотив шаруашылығы 22.3 23.2 26.7 72.1 109.7 254.2
Вагон шаруашылығы 25.3 36.0 45.4 70.5 77.1 254.5
Барлығы 116.7 137.9 146.9 218.3 267.9 887.8

2007 жылы темір жол саласының инвестициясы 138 626 млн. теңгені
құрады, соның ішінде:
өз қаражаты – 86 337 млн. теңге (с.і. 9,5 млрд. теңге Шар -
Өскемен тж бағытын салуға);
заем қаражаты – 42 859 млн. теңге;
республикалық бюджет қаражаты – 9 430 млн. теңге (жолаушылар
тасымалына субсидия).
2012 жылға дейін магистральдық желінің 3 000 км жақсарту, 500 бірлік
локомотив және 23 000 жүк вагонын сатып алу жоспарлануда.

Негізгі инфрақұрылымдық жобалар

рс Жобалар Ұзақтығы Құны Қаржыландыру Іске асыру
№ км млрд.тг көздері мерзімдері
Темір жол бағыттарын салу
1 Шар – Өскемен 149 24,3 Концессия 2005 –
2008
2 Ералы – Құрық 14,4 7,5 Концессия 2008 –
2010
3 Маңғышлақ – 135,1 22,7 Концессия
Баутино
4 Қорғас – Жетіген 298,4 93 Концессия 2009 –
2011
5 Бейнеу – Жезқазған988 328 Концессия 2009 –
2012
6 Өзен – 137 60,8 РБ 2009 –
Түркіменстанмен 2011
мемлекеттік шекара
Темір жол учаскелерін электрлендіру
8 Мақат - Қандыағаш 392 35,7 Концессия 2009 –
2011
9 Алматы – Ақтоғай 588 148 Заем қаражаты 2008 жылға
ТЭН
10 Достык – Ақтогай 312 76 Заем қаражаты 2008 жылға
ТЭН
11 Ақтоғай – Мойынты 524 111 Заем қаражаты 2008 жылға
ТЭН

Темір жол саласын реформалау

Іс-шаралар Саны
1 Бәсекелестік секторға шығарылған кәсіпорындар 58
Жолдарды жөндеу бойынша 2 кәсіпорын, жүк вагондарын жөндеу бойынша 15
кәсіпорын, локомотивтерді жөндеу бойынша 31 кәсіпорын, 10 кір жуу
комбинаттары
2 Бәсекелестік секторға шығаруға жататын жөндеу кәсіпорындары 12
Жолдарды жөндеу бойынша 1 кәсіпорын, вагондар жөндеу бойынша 3
кәсіпорын, локомотивтер жөндеу бойынша 8 кәсіпорын
3 Бәсекелестік секторына шығаруға жататын жөндеу кәсіпорындарының 7
қызметін қамтамасыз ететін кәсіпорын
Кедентранссервис АҚ, Жолаушылартранс Компаниясы ЖШС,
Қазтранссервис АҚ (49 %), Транстелеком АҚ (49 %), ЖБС: Ақжайық –
Батыс, Ертіс – Сервис, Қазығұрт – Оңтүстік.
4 ҚТЖ ҰК АҚ құрамында қалдырылатын кәсіпорындар 12
ВЖДО АҚ, Локомотив АҚ, Локомотив сервис орталығы АҚ, Көлік сервис
орталығы АҚ, Ақпараттық сервис орталығы АҚ, Қазтеміртранс АҚ,
Теміржолжылу АҚ, Теміржолсу АҚ, Орманқорғау ЖШС, Қазтранссервис
АҚ (51 %), Транстелеком АҚ (51 %), Қазкортранссервис АҚ (12,69 %).
5 Коммуналдық меншікке берілген вокзалдар 80
6 Коммуналдық меншікке берілуге жататын вокзалдар 36
Ақмола облысы бойынша – 6, Қостанай облысы бойынша – 9, Шығыс Қазақстан
облысы бойынша – 14, Ақтөбе облысы бойынша – 7

Автожол саласы
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарының ұзақтығы 128 мың км
құрайды, оның 93 мың км астамы жалпы пайдаланудағы автожолдар. Жалпы
пайдаланудағы автожолдардың жалпы ұзақтығының 23,5 мың км республикалық
маңызы бардағысы, 69,5 мың км жергілікті желілерге жатады.
2005 жылдан бастап республикада жолдарды салу мен қайта жаңарту оське
13 тоннаға дейін есептік жүктемемен жүргізіледі, барлық халықаралық
дәліздер ІІ техникалық санаттан төмен емес параметр бойынша қайта
жаңартылуда. 72 стандарт үйлестірілді. 5 сатылы сапа бақылауы енгізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227
қаулысымен Автожолдар саласын дамытудың 2006 – 2012 жылдарға арналған
бағдарламасы бекітілді, соған сәйкес, жөндеудің барлық түрімен қаржыландыру
көлемі 1,3 трлн.теңге немесе 10 млрд.АҚШ доллары болатын жалпы
пайдаланудағы автожолдардың 42 мың км қамту жоспарлануда, бұл ретте 2007
жылдан бастап Республикалық бюджет жергілікті желілерге трансферттер
бөлінеді, 2013 жылға дейін барлығы 141 млрд.теңге бөлу жоспарлануда.
2012 жылдың соңына қарай республикалық маңызы бар автожолдардың жай-
күйін 86% және жергілікті желілердің жай-күйін шамамен 70 % жақсарту
күтілуде.
Соңғы 7 жылда саланы дамытуға жергілікті желіні қосқанда,
420 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінді, оның ішінде 2001 жылы
24,5 млрд.теңге қаржыландырылса, 2007 жылы 134,3 млрд.теңге
қаржыландырылды. Осы жылдар ішінде жалпы пайдаланудағы жолдардың
93 мың км қайта жаңартуға және 22 мың км астам жол жөндеудің барлық түрімен
қамтылды, оның ішінде республикалық желідегі – 16,4 мың км.
2007 жылы 134 млрд.теңге игерілді, соның ішінде 119 млрд.теңге
Республикалық бюджеттен және 15 млрд.теңге жергілікті бюджеттен. Жалпы
алғанда 2007 жылы жалпы пайдаланудағы автожолдарда, жергілікті желілерді
қоса алғанда, жөндеу жұмыстарымен шамамен 4 мың км қамтылды. Республикалық
маңызы бар автожолдарда Астрахань – Атырау автожолындағы Қиғаш өзені арқылы
өтетін шекаралық көпірлі өткел, Астана – Челябі автожолында ұзақтығы 41 км
учаске, Омбы – Павлодар автожолында 15 км және Атырау – Бейнеу автожолында
ұзақтығы 64 км Қаратабан – Доссор учаскесі пайдалануға берілді.
2008 жылы жалпы пайдаланудағы автожолдарды дамыту үшін
154,6 млрд.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 126,1 млрд.теңге
(оның ішінде 105,7 млрд.теңге республикалық маңызы бар автожолдарға және
20,4 млрд.теңге жергілікті желінің трансферті) және жергілікті бюджеттен
28,5 млрд.теңге игерілді. Жөндеудің барлық түрімен 4,5 мың км
қамтылатын болады, соның ішінде республикалық желіде 2,3 мың км және
жергілікті желіде 2,2 мың км жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жылдың соңына дейін ұзындығы 579 км қайта жаңарту учаскелері
пайдалануға берілетін болады: Шонжа – Көлжат автожолының 114 км, Доссор-
Бейнеу учаскесінің 238,3 км, Орал – Ақтөбе учаскесінің 65 км, Астана –
Қостанай – Челябі учаскесінің 81 км, Таскескен – Бақты автожолының 64
км, Астана қаласын Оңтүстік айналып өтудің 17 км салу.
Жылдың соңына қарай республикалық автожол желілерінің жағдайын
64 % және жергілікті желінің жағдайын 56 % жақсарту күтілуде.
Республикалық жолдарды ағымдағы жөндеу және ұстау үшін нормативтік
қажеттілік 2008 жылғы баға бойынша 19 млрд.теңгені құрайды. Республикалық
бюджеттен қажетті соманың 39 % құрайтын 7,4 млрд.теңге бөлінді. Жергілікті
желілер жолдарын ағымдағы жөндеу және ұстау үшін нормативтік қажеттілік 29
млрд.теңгені құрайды. Республикалық бюджеттен қажетті соманың
26 % құрайтын 7 млрд.теңге бөлінді.
2007 жылы Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін дамыту үшін кешенді
техника-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) әзірленді, Қазақстан
аумағы бойынша 2287 км қайта жаңартуға жатады. Жобаның жалпы құны –
804,1 млрд.теңге (шамамен 6,7 млрд.АҚШ доллары). 2007 жылдан бастап
ұзақтығы 215 км Қарабұтақ – Ырғыз – Қызылорда облысы шекарасы учаскесінде
жұмыстар жүргізілуде. 2008 жылға 2,5 млрд.теңге бөлінді.
2008 жылы 2,6 млрд.теңге бөлінген жобалық-зерттеу жұмыстары (бұдан әрі
– ЖЗЖ) көзделген, олардың нәтижесі бойынша 5 облыс бойынша 1 984 км жоба-
сметалық құжаттама) ЖСҚ дайындалатын болады. Жобаны Қарабұтақ-Ырғыз-
Қызылорда облысы шекарасы учаскесінсіз Республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын қаржыландыру схемасы анықталды, өзге учаскелер
республикалық бюджет қаражатын тартумен (Ақтөбе қаласын солтүстік айналып
өту, Шымкент қаласы арқылы өту, Алматы облысындағы Үлкен Алматы айналма
автомобиль жолына (бұдан әрі – ҮАААЖ) шығу сыртқы заемдарды тартумен және
республикалық бюджеттен қоса қаржыландырумен және де концессия негізінде
жеке инвестицияларды тарту есебінен (Ташкент-Шымкент-Жамбыл облысы шекарасы
және Алматы-Қорғас).
Жалпы алғанда 2004 – 2005 жылдары жаңартылған Ақтөбе – Қарабұтақ және
Алматы – Бішкек учаскелерін қоспағанда жобаның іске асырылуы
2012 жылдың соңына қарай аяқталады.

Ақылы жолдарды енгізу
2008 жылғы 5 шілдеде қол қойылған Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы қазақстан Республикасының Заңы кедергілерді
жоюға және концессионерлерге мемлекеттік қолдауды жетілдіруге мүмкіндік
берді, бұл ретте балама ақысыз жүріп өтуді алып тастау, ақылы жолдарды
енгізген жағдайда автожол жобаларының құнын айтарлықтай төмендетеді.
Қазіргі кезде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің блогын
құру аяқталды.
Автожолдар саласы бойынша жалпы сомасы 1,2 трлн.теңге болатын,
2 кезеңде іске асыру жоспарланған барлығы 10 концессиялық жобаларды іске
асыру.
Бірінші кезеңде 2008 жылдың желтоқсан – 2009 жылдың қаңтар айларында
конкурс жариялау және 2009 жылдан бастап Президенттің 2008
жылғы 6 ақпанда Қазақстан халқына жолдауында айтылған 4 жобаны нақты іске
асыруды бастау жоспарлануда, бұл: Астана – Қарағанды, Алматы –
Қапшағай, Алматы – Қорғас автожолдарын қайта жаңарту, Үлкен Алматы
айналма автомобиль жолын салу. Бұл жобалар бойынша ҚР ККМ ұсынысы бойынша
оларды концессия негізінде іске асыру үшін дұрыс қорытындылар алынды және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен оларды концессияға беру үшін
таңдап алынған ұсыныстар тізбесі бекітілді. Қазіргі кезде Қазақстан
Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жоғарыда
аталған концессиялық жобалардың ТЭН сараптамасы жүргізілуде.
Екінші кезеңмен, 2009 жылдың бірінші тоқсанында келесі 3 жоба бойынша
конкурстар жарияланатын болады: Ташкент – Шымкент – Жамбыл облысының
шекарасы, Бейнеу – Ақтау автожолын қайта жаңарту және Астана – Щучье
автожолында зияткерлік көлік жүйесін (бұдан әрі – ЗКЖ) орнату.
Қалған 3 жоба (Орал – Озинки, Қарағанды – Қапшағай, Бейнеу – Шалқар
автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту) заңнамада көрсетілген
мерзімдерге сәйкес жарияланады.
2007 жылдың мысалында республикада автомобиль жолдарындағы жөндеу
жұмыстарын жалпы қаржыландырудан салу және қайта жаңарту –
69 %, күрделі – 12 %, ағымдағы 10 % және орташа жөндеу жұмыстары 9 % алады.
Жөндеу жұмыстары бірінші кезекте 6 халықаралық дәліздің автожолдарының
неғұрлым жүктемелі учаскелерінде жүргізіледі. Қайта жаңартуға бөлінген
қаражаттың жартысынан астамы Ақмола облысына (56%), одан әрі – Алматы (13
%), Атырау (9 %), Батыс Қазақстан (5 %), Маңғыстау (5 %),
Шығыс Қазақстан (5 %), Павлодар (4 %), Ақтөбе (5 %) облыстарына келеді.
Өңірлер бойынша қаражатты күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге бөлу
жол желілерінің жай-күйі мен ұзақтығына байланысты жүргізіледі.
3 техникалық санаттағы 1 км жолды салу мен қайта жаңартудың орташа
құны – 120 млн.теңгені, күрделі жөндеу - 80 млн. теңгені, орташа жөндеу
5,0 – 7,0 млн.теңгені құрайды, ағымдағы жөндеудің 1 км нормативтік
құны – 300 мың теңгеден астам. Бұл ретте ағымдағы жөндеуді қаржыландыру
қазіргі кезде нормалық қажеттіліктен тек қана 39 % жүргізіледі. 2-ші және 3-
ші техникалық санаттағы жолдар үшін бұл көрсеткіштер 1,5 және 2 есеге
артады.

Азаматтық авиация
Республикада 66 әуе компаниясы қызметін жүзеге асырады, 41 әуе
компаниясы жолаушылар және жүк тасымалын жүзеге асырады, оның ішінде 7-уі
тұрақты тасымал жасайды. 25 әуе компаниясы авиациялық жұмыстарды жүргізеді
(авиациялық-химиялық, орман күзету, мұнай- және газ құбырларын аралап ұшып
шығу, Каспий шельфін игеру және басқа да жұмыс түрлері).
22 әуежай қызмет атқарады, оның ішінде 15 әуежай халықаралық
мәртебесіне, 9 әуежай ИКАО санатына ие. Қазақстан Республикасының азаматтық
әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 729 әуе кемесі есепте тұр, оның
ішінде 620 ұшақ және 109 тікұшақ.
Қазақстандық әуе тасымалдаушылары (Эйр Астана АҚ, Скат АҚ)
15 шетел мемлекеттеріне ұшуларды орындайды. Қазақстанда тұрақты жолаушы
ұшуларын 19 шетел мемлекетінен 28 шетелдік әуе компаниялары жүзеге асырады.
Ішкі әуе байланысы саласында 40 бағыт бойынша тұрақты ұшулар жүзеге
асырылады.
Ішкі әуе тасымалын субсидиялау бюджеттік бағдарламасының қаражаты
есебінен (2008 жылы 667 млн.теңге) 9 әуе бағыты бойынша Астананы Тараз,
Жезқазған, Петропавл, Семей, Қостанай, Талдықорған, Павлодар қалаларымен
және екі облысаралық Қарағанды-Өскемен және Қарағанды-Қызылорда бағытымен
байланыстыратын әуе тасымалдары орындалады. Келешекте 6-8 облысаралық
бағытқа дейін ашылатын болады. 2007 жылдың маусым айынан бастап бірінші рет
Шығыс Қазақстан облысында облысішілік субсидия төленетін әуе рейсі ашылады.

2005 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықта қазақстандық әуе
компанияларымен шамамен 6,2 млн. жолаушы тасымалданды (2005 жылы –
1,6 млн., 2006 жылы – 1,9 млн., 2007 жылы – 2,7 млн.). әуе тасымалының
2008 жылға болжамдалған көлемі 2,8 – 2,9 млн. жолаушыны құрайды.
2006 - 2007 жылдағы көлемнің өсімі орташа 35 % құрайды.

2007 жылы республика әуежайлары 5,4 млн. жолаушыға қызмет көрсетті,
өсімі – 34 % (2006 жылы – 4,0 млн., 2005 жылы – 3,3 млн.). Негізгі
әуежайлар – Алматы және Астана (2,7 млн. (2006 жылға 2,0 млн.) және 1,2
млн. (0,86) жолаушы, 2007 жылы жолаушы ағымының көлемі тиісінше 33 % және
36 % құрады).
Әуе кемелерінің паркі жаңартылуда. 2007 жылы Эйр Астана әуе
компаниясын операциялық лизингке 6 әуе кемесін сатып алды (соның ішінде 2
бірлік - Boeing 767300, 2 - бірлік Airbus 320, 2 - бірлік Airbus 321),
компанияның жалпы әуе паркі 18 бірлікке жетті. Республика әуе компаниялары
өз меншіктеріне халыққа қызмет көрсетуге және теңіз бұрғылау қондырғыларына
ұшу үшін 8 жаңа Eurocopter тікұшақтарын сатып алды.
2008 жылы Эйр Астана операциялық лизингке 3 әуе кемесін сатып алды
(1 бірлік - Airbus-319, 2 бірлік - Airbus -320), SCAT әуе компаниясы
операциялық лизингке Боинг-737-500 үлгісіндегі 2 әуе кемесі сатып алынды.
2008 жылдың соңына қарай әуе кемелерінің қазіргі заманғы паркі 23 бірлікті
құрады.
2009 жылы ескіргендерін алмастыру үшін қазіргі заманғы өңірлік
Ан-24 – Як-40 әуе кемелерін сатып алу жоспарлануда.
Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастырумен Қазаэронавигация
республикалық мемлекеттік кәсіпорны айналысады. Қазақстан Республикасының
аэронавигациялық жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. Жабдықтарды
жетілдіруге 2007 жылға инвестицияның жалпы көлемі 6 млрд. теңгені құрады,
2006 – 2008 жылдар кезеңінде барлығы 15 млрд. теңге инвестиция игерілетін
болады.

Су көлігі
Қазақстан Каспий бассейніндегі негізгі жүк құраушы мемлекет болып
табылады және тасымалданатын жүктердің негізгі түрлеріне мұнай, металл,
астық және тағы басқалары жатады.
Отандық теңіз сауда флотын Қазтеңізкөлікфлоты ҰТКК АҚ компаниясы
білдіреді. Қазтеңізкөлікфлоты ҰТКК АҚ компаниясының жылжымалы құрамы 16
бірлік флотты құрайды: соның ішінде, жүк көтергіштігі 12 мың тонна 3 мұнай
құю танкері, жүк көтергіштігі 3 600 тонна баржа-алаңша, 5 тіркеп сүйрегіш.
Ақтау порты – Қазақстанның бірден-бір халықаралық теңіз сауда порты.
2007 жылы Ақтау порты арқылы жүкті ауыстырып тиеу көлемі
11,0 млн.тоннаны құрады немесе 2006 жылдың деңгейінде, оның ішінде
мұнай – 9,3 млн.тонна және құрғақ жүк – 1,7 млн.тонна.
Жобалық қуатқа қол жеткізуге байланысты, Ақтау портын оның өткізу
қабілетін 20 млн. тонна мұнай және 3 млн. тонна құрғақ жүкке дейін жеткізу
мақсатында кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба шеңберінде мұнай құю
және құрғақ жүк айлағын, сондай-ақ гидротехникалық қорғаныс құрылысын салу
болжануда. Жобаның жалпы құны 41,7 млрд.теңгені немесе 347 млн. АҚШ
долларын құрайды.
Баутино порты мұнай өндіруші компаниялар үшін теңіз операцияларын
қолдау базасы ретінде пайдаланылады және жүктерді (жабдықтарды, құрылыс
материалдарын, жанар-жағар май материалдарын және тағы басқаларды)
ауыстырып тиеуді жүзеге асырады. Баутино портында негізінен Каспий
теңізінің шельфін игерумен айналысатын компаниялардың кемелері орналасады.

Каспий теңізінің қазақстандық секторын қарқынды игеру Баутино порты
инфрақұрылымының өндірістік теңіз терминалдары операторларының одан әрі
дамуын болжамдайды.
Құрық портында Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру бойынша
мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде өндірістік қуаты жылына 20 млн.
тоннаға дейін, Баку – Тбилиси – Джейхан жобасына қатысуға, сондай-ақ
соған қатысты жобаларды іске асыруға бағытталған мамандандырылған мұнай құю
терминалын салу жоспарлануда.
Теңіз жүзуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Құрық портының
акваториясында кемелер қозғалысының қауіпсіз жүйесін құру жоспарлануда.
Ішкі кеме қатынасы үш су бассейнінде: Ертіс (1719,5 км), Іле-Балқаш
(1308 км) және Орал-Каспий (956 км), ұзындығы 3983,3 км су жолы
учаскелерінде жүзеге асырылады. 2007 жылы ішкі су көлігімен шамамен
1,28 млн. тонна әртүрлі жүктер тасымалданды, бұл 2006 жылғы көрсеткіштерден
127,1 % артық.

Автомобиль көлігі
Автокөлік құралдарының республикалық паркі шамамен 1 745 мың жеңіл,
шамамен 312 мың жүк АКҚ және 75 мың автобустардан құралады (ҚР ІІМ-нің 2008
жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша деректері).
2007 жылы автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау көлемі
11,28 млрд. адамды, жолаушы айналымы 111,4 млрд. жолаушы-км құрады. 2006
жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жолаушылар тасымалдау көлемінің
өсімі 6,7 %, ал жолаушы айналымы бойынша 9,9 % құрады. Жүк тасымалдау
көлемі 1,65 млрд. тоннаны, жүк айналымы 61,3 млрд. т-км құрады. 2006 жылдың
осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемінің өсімі 4,7 %
және жүк айналымы бойынша 13,9 % құрады.
2007 жылы автокөлікпен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдар
көлемі алдын ала экспорттық бағытта 1,9 млн.тоннаны және импорттық бағытта
3,2 млн. тоннаны құрады. Бұл ретте қазақстандық тасымалдаушылардың
халықаралық автокөліктік қызмет көрсету нарығындағы үлесі шамамен 58%
құрады. Жүктердің негізгі көлемі экспорттық-импорттық қатынаста Ресей
Федерациясынан, Еуропа елдерінен (Германия, Польша), Орталық Азия елдері
мен Қытайдан тасымалданады.
МДП жүйесі бойынша тасымалдарға қазіргі кезде шамамен 4 650 автомобиль
тартылған. Жүктерді тасымалдау үшін жыл сайын Еуропа мен Азияның 39
елдерімен шамамен 109 мың дана рұқсат беру бланктерімен алмасулар
жүргізіледі.
Тұрақты қатынас бойынша 110 астам халықаралық және
115 облысаралық тұрақты жолаушы бағыттары бар.
Бәсекеге қабілетті отандық өнеркәсіпті одан әрі дамыту, ішкі нарықты
ескірген автокөлік құралдарының импортынан, сондай-ақ төмен сапалы мұнай
өнімдерінен қорғау мақсатында 2007 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2009 жылдың басынан бастап Еуро
стандарттарын енгізуді белгілейтін Техникалық регламент бекітілді. Бұл
Қазақстанның ірі қалаларындағы экологиялық жағдайды арттыру мақсатында
Қазақстан Республикасының аумағына экологиялық параметрлері бойынша төмен
техникалық сипаттағы автомобильдерді әкелуге және өндіруге тыйым салуға
мүмкіндік береді.

Көліктегі қауіпсіздік
Қозғалыс қауіпсіздігі проблемасы – бірінші кезектегі міндеттердің бірі
және саланы дамытудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету бойынша құрамдас
бөліктердің бірі болып табылады.
Көлік инфрақұрылымының жағдайы сыни деңгейге жақындап қалды. Оның
айтарлықтай бөлігі нормативтік мерзімнен асып пайдаланылуда, басқалары осы
мерзімге жақындап қалды. Нәтижесінде, көлік жұмысының қауіпсіздігі бойынша
жағдай айтарлықтай нашарлап барады.
Магистральдық темір жол желілерінің үздіксіз пайдаланылуын қамтамасыз
ететін мамандандырылған жылжымалы құрамның тозуы мыналарды құрайды:
дрезиндік жүк – 213 бірлік немесе 59 %; дрезиндік жолаушы – 93 бірлік
немесе 64 %; қар тазалау техникасы – 211 бірлік немесе 74 %; өрт сөндіру
және қалпына келтіру поездарының жылжымалы құрамы – 419 бірлік
немесе 74 %.
Жүк вагон паркінің орташа тозуы 67,8 % құрайды, платформа (76,69 %),
өзге де вагондар (71,25 %) және үсті жабық вагондар (68,63 %) паркі аса
тозған. Өзге де вагондар құрылымындағы басым үлесті астық таситын
вагондар (65 %), цемент таситын вагондар (14 %) және фитингтік
платформалар (14 %) құрайды. Жылжымалы құрам тапшылығы 20 мыңнан астам
вагонды құрайды.
Жолаушылар вагоны паркінің құрылымында жолаушы вагондарының орташа-
нормативтік қызмет мерзімі 28 жыл болғанда пайдалану мерзімі
28 жылдан артық вагондардың үлесі 413 бірлік - 19,7 %, 20-дан 27 жылға
дейінгісі 703 бірлік – 33,6 %, 10-нан 19 жылға дейінгісі 834 бірлік – 40 %,
10-жылға дейінгісі 142 бірлік – 6,8 %. Пайдалану мерзімі
бойынша 2008 жылы есептен шығаруға жататын вагондардың саны 150 бірлікті
немесе жалпы мүкәммал паркінің шамамен 7 % құрайды. Бұл ретте жолаушы
вагондарының табиғи тозуы сыни шекті тозу – 70 %-дан асып кетті.
1992 жылдан бастап саланың негізгі өндірістік қорларының тозуы
32 % - дан 70 % дейін артты. ИСМ БҚК келісілген ставкалар
теміржол саласы кәсіпорындарының күрделі салымдарын толық көлемде
ескермейді.
Бірқатар әуежайлар ұшу-қону жолақтарын қайта жаңартуды,
аэровокзалдарды жөндеу және салуды, арнайы техникалар мен жабдықтарды
жаңартуды қажет етеді.
Республикалық маңызы бар автожолдар желілерінің 2008 жылғы
1 қаңтардағы жағдай бойынша жай-күйі мынадай: жақсы – 21 %;
қанағаттанарлық – 44 %; қанағаттанарлықсыз – 35 %. 2006-2007 жылдардағы
жұмыс нәтижесі бойынша қанағаттанарлықсыз жолдардың ұзақтығы 3 мың км
қысқарды.
Жергілікті маңызы бар автожолдардың 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай
бойынша жай-күйі: жақсы – 8,5 %; қанағаттанарлық – 45 %; қанағаттанарлықсыз
– 46,5 %.
Автомобильдер паркі ескірудің жоғары дәрежесімен сипатталады:
12 жылдан астам пайдалануда болған АКҚ үлес салмағы жеңіл
автомобильдер бойынша 59 %, жүк автомобильдері бойынша – 84 %, автобустар
бойынша – 57 % құрайды, бұл халыққа автокөлік қызметін көрсету
сапасына және экономиканың салаларына, қозғалыс қауіпсіздігіне және отандық
өнімнің бағасындағы көлік шығыны үлесіне теріс әсер етеді.
Бүгінгі күні Ертістегі өзен көлігін дамыту Өскемен және Бұқтырма кеме
қатынасы шлюздерінің техникалық жағдайымен тікелей байланысты. Көрсетілген
шлюздер 50-ші жылдардың соңында тұрақты пайдалануға берілді. Аталмыш
шлюздердің ғимараттарының әрдайым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік инфрақұрылымы
Қазақстанның жаңа бюджеттік саясаты
Мемлекеттік қаржы аясындағы қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
Қазақстан экономикасын дамытудағы мемлекеттік бюджеттің ролін арттыру
Автожолдар
Бюджеттің кірістері, шығыстары және бюджеттік құқықтық қатынастар 7 3. Мемлекеттік борыш 13
Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы
Ресей Федерациясының экономикалық қоры
Халықаралық туризмдегі көлік саласының теориялық негіздері
Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар
Пәндер