Лингводидактикалық тестілеудің теориялық мәселелері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Диплом жұмыстың тақырыбы: Лингводидактикалық тестілеудің теориялық
мәселелері
Диплом жұмыстың көлемі: 55
Диплом жұмыста пайдаланылған әдебиеттер саны: 20
Диплом жұмысында қолданылған тірек сөздер: Лингводидактика,
лингводидактикалық тестілеу, коммуникативтік тест, клоуз-тест,
коммуникативтік қабілет-құзірет, тест жарамдылығы, тест сенімділігі, тест
үнемділігі, квалиметрия, шкала.
Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Зерттеудің мақсаты -
коммуникативтік тестік бақылауды “коммуникативтік тест” түсінігінің
анықтамасын негіздеу және оқушының қазақ тілін шет тілі ретінде игерудің
анықталған деңгейіне сәйкес коммуникативтік қабілет-құзіреттің қалыптасуын
тексеруші тестерді құрастыруда технологиялық қадамдарды жетілдіру. Міндеті
келесі мәселелерді шешу: 1) Лингводидактикалық тестілеудің ерекшеліктерін
коммуникативтік бағыт аясында анықтау; 2) Коммуникативтік қабілет-құзіретті
құраушыларды өлшеу үшін бақылау объектілерін бөлу; 3) Тестік бақылау арқылы
коммуникативтік қабілет-құзіретті бағалау және өлшеу параметрлерін
айқындау.
Диплом жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер:
Диплом жұмыстың дерек көздері:
Диплом жұмыстың жаңашылдығы:
Жұмыстың құрылымы:

Мазмұны

Кіріспе
Бөлім I.
1. Лингводидактикалық тестілеудің коммуникативтік бағыты
1.2 Педагогикалық тестілеудегі жүйелі бағыт
Бөлім II.
2. Квалиметрия тестік бақылаудың негізі
2.1 Тест сапасының өлшемдері
2.2 Жарамдылық
2.3 Сенімділік
2.4 Үнемділік
Қорытынды

Кіріспе

Қазіргі заманғы әдістемеде қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту
тәжірибесіне тестік бақылауды енгізу мен ұйымдастыруда белсенді әрекеттер
жүріп жатыр.
Қазіргі кездегі бақылаудың жаңа түрінің негізгі талабының бірі –
оқушының мекеніне, уақытына, тілді оқып үйренудің нысаны мен түріне
тәуелсіз коммуникативтік қабілет-құзіретінің қалыптасу дәрежесін өлшеу мен
сыналушының шет тілін игерудегі нақты деңгейіне жетуіне ықпал ету. Тестілеу
тәуелсіз бақылау тәсілі ретінде танылып, мойындалған. АҚШ-та, Голландия,
Англия, Дания, Франция, Израил, Финляндия, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия
елдерінде кеңінен қолданысқа енді (В.С.Аванесов мәліметі бойынша, 1994)
Соңғы 10 жыл ішінде тілдік тесттер синдикаты жасалды:
- ETS, Американың педагогикалық тестілеу қызметі, яғни әлемнің 40-тан
астам елдерінде жұмыс істеп, жыл сайын жарты миллионнан аса адамнан
ағылшын тілінен TOEFL (Test of English fs f Foreing Language) емтихан
қабылдайды;
- АҚШ Сыртқы істер министрлігі институты тестілеу қызметі – FSI, шет тілі
оқытушыларының Американдық ассоцияциясы жанындағы (ACTFL) тест орталығы;
- Европадағы лингвистикалық тестілеу ассоцияциясы (Assocition of Language
Testes in Europe, ALTE) және Европалық одақ қолдауымен жұмыс істейтін
Халықаралық сертификаттық одағы (International Certificate Conference,
ICC);
- Кембридж университетінің емтихандық синдикаты;
Жоғарыда аталған тест орталықтарының тәжірибесіне көп сүйенуімізге
тура келеді. Себебі оларда көптеген жылдар бойы тілдік білімді бағалаудың,
бақылаудың – тестілеудің теориясы мен практикасы қалыптасқан (Лаврова,
1999).
Тарихи мәліметтерге көз жүгіртсек, бүгінгі күні тілдік білімді
тестілеу оқытудағы қазіргі заманғы көзқарасты – коммуникативтік мақсатты
білдіреді. Өткен жылдардағы тестілер – негізінен интуитивті немесе
субъективті сипатта болды және оқытушының жеке пікір ойларына да байланысты
болды десек қателеспейміз. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми
кезеңге көшті десек те болады. Тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің
объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетті.
Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз. Бұл
кезең тілдік тұлғаларды емес, оны қолдана білудің маңыздылығымен
ерекшеленеді. Субъективтік, яки интуициялық кезеңде дайындалған тест
мазмұны бойынша тіл үйренушілердің сөйлем үлгілерін, грамматикалық
үлгілерді, құрылымдарды жаттауына тура келді. Субъективтік кезеңдегі
тестілер көптеген жазбаша жұмыстардан құрылатын: диктант, мазмұндама,
шығарма, оқылымға негізделген сұрақтарға жауаптар. Ал, бағалау негізінен
тілдік білімі (тілдік білім дегеніміз – барлық қазіргі тілдер мен
мәдениеттер саласы бойынша ана тілі мен меңгерген тіліндегі қалыптасқан
білімі) жақсы деңгейдегілер үшін ғана сәйкес келді.
Қазіргі кездегі тестілер оқушының үйренген тіліндегі коммуникативтік
біліктілігін бағалауды көздейді. Коммуникативтік біліктілік –
лингвистикалық біліктілік, дискурстық біліктілік, стратегиялық және мәдени-
әлеуметтік субъективті біліктілігі сияқты компоненттерден тұрады.
Тестілеудің кең таралуы қазіргі заманғы әдістемеде, оның ішінде
лингводидактиканың аса маңызды бағытының бірі екені анықталды.
Лингводидактика (латынша lingua – язык+ грекше didaktikos - оқытушы )
шет тілін оқыту әдістемесі (Б.А. Глухов, А.Н. Щукин, 1993).
Лингводидактикалық тестілеу өзіндік мақсаты мен шет тілін оқыту
мәселелеріне сай тесттік әдістемені қолдануда өзіне тән ерекшеліктерімен
ерекшеленеді. В.А. Коккотаның көрсетуінше , Лингводидактикалық тестілеу
(language testing) тілдік және сөйлеу тестерін өңдеу және қолданумен
айналысады, бір жағынан шет тілін оқыту әдістемесі саласына, екінші
жағынанжалпы тестологияның бөлігі ретінде педагогикалық (пәндік) тестілеуге
жатады
Тест жетістігі оқушының коммуникативтік қабілет-құзіретінің қалыптасу
дәрежесін өлшеуге бағытталған.
Тестің орындалу нәтижесі сыналушының тілді игеру деңгейіне жеткен
жетпегендігінің куәсі бола алады. Осыған байланысты тест жетістігі өзінің
құрылымына, мәтіндік материалдарға, тест тапсырмаларының түрлеріне, бағалау
жүйесіне, сондай-ақ коммуникативті бағыттың талаптарына толыққанды жауап
беруі тиіс. Демек, коммуникативтік тестік бақылауды қамтамасыз етуі керек.
Мұнда атап кетерлік жайт, тесттің дәстүрлі құрылу аясында құрылымдық бағыт
коммуникативтік қабілет-құзіреттің қалыптасу дәрежесін айтарлықтай өлшеу
корректтілігін қамтамасыз ете алмайды. Мұндай тест деңгейлік үйренуге
қатысты объективті мәліметтерді бере алмайды.
Коммуникативтік қабілет-құзіретті тестілеу мәселесі және сол бағытқа
негізделген жаңа технологиядағы тесттік бақылаулар бүгінгі күні толық
зерттелмеген мәселелердің бірі болып табылады.
Осыған орай, қарым-қатынасқа қатысты тестілеудің ерекшеліктері оған
қоса қазақ тілін шет тілі ретінде игеру деңгейін сипаттау және айқындау
мәселесі қарастырылады. Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға әкеледі.
Тақырыптың өзектілігі – шетел азаматтарына қазақ тілін оқытатын оқу
орындары мен қазақ тілін шет тілі ретінде игеру деңгейін сертификаттау
стандарты бірізділікке салу, яғни коммуникативтік қабілет-құзіретті
қалыптастыру дәрежесін объективті түрде өлшей алатын және тілді игеру
деңгейін анықтай алатын бақылауды қажет етеді.
Аталған зерттеудің мақсаты – коммуникативтік тесттік бақылауды
“коммуникативтік тест” түсінігінің анықтамасын негіздеу және оқушының қазақ
тілін шет тілі ретінде игерудің анықталған дейгейіне сәйкес коммуникативтік
қабілет-құзіреттің қалыптасуын тексеруші тесттерді құрастыруда
технологиялық қадамдарды жетілдіру.
Зерттеу нысаны – тұлғаның коммуникативтік сөйлеу әрекетін тестілеу-
бақылау формасы, ал пәні тестік бақылау арқылы аталған салада
коммуникативтік қабілет-құзіреттің қалыптасу оптимизациясы.
Зерттеудің гипотезасы – коммуникативтік қабілет-құзіреттің
қалыптасуының объективті жағдайы коммуникативтік бағыт аясында
ұйымдастырылған тестілеу арқылы орындалады.
Зерттеу мақсаты мен міндеті келесі мәселелерді шешу керектігін
анықтады:
1) Лингводидактикалық тестілеудің ерекшеліктерін коммуникативтік
бағыт аясында анықтау; “коммуникативтік тест” түсінігіне анықтама
беру;
2) Коммуникативтік қабілет-құзіретті құраушыларды өлшеу үшін бақылау
объектілерін бөлу;
3) Тесттік бақылау арқылы коммуникативтік қабілет-құзіретті бағалау
және өлшеу параметрлерін айқындау.

1.Лингводидактикалық тестілеудің коммуникативтік бағыты

Тестілеу бұл тілдік деңгейді игеруді арнайы тест тапсырмаларының
көмегімен бағалау әдісі. Тестер мазмұнына, түріне, тестілеу мақсатына қарай
топтастырылады. Түріне қарай тестер индивидуалды, топтық, ауызша, жазбаша,
пәндік, аппаратты (арнайы аппарат қажет). Мазмұнына қарай интеллектті
(тұлғаның немесе топтың сол не басқа әрекеттерді орындау мүмкіндігін
анықтау үшін) және оқытылып жатқан пән бойынша білік-дағдысын тексеру үшін
мәтіндерді ажыратады.
Тестілеуді әдіс ретінде қолдану оқушының оқу материалдарын игеру
мүмкіндігі мен игеру тиімділігін анықтау үшін бағалы мәлімет береді. Тілді
оқыту сабақтарында лингводидактикалық тестілеу көмегімен тестіленушінің
тілдік және коммуникативтік қабілет-құзіретін білу үшін қажет.
Педагогикалық практикада тестілеуді ең бірінші болып 1864 жылы
Ұлыбританияда Дж.Фишер оқушылардың білімін тексеру үшін қолданды. Оған
арнайы кітап шығарылды; онда сұрақтың жанына жауап берілді, оқушыдан оның
дұрыс жауабын таңдау талап етілді.
Тестілеу – зерттеу әдісі ретінде ХХ ғасырдың басында психодиакностика
аясында, психология саласында адамдардың психикалық даму ерекшелігін оқыту
объектісі және осыған сәйкес шет тілінде сөйлеу әрекетінде көрініс тапты.
Осы ғылым аясында құрылған тестер оқушының коммуникативтік мүмкіндігін,
есте сақтау ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді.
Тест тестілеудің әдісінің құранды бөлігі болып табылады. Тест бұл
арнайы шкалалар нәтижесінің көмегімен орындау барысында тілді игеру
деңгейіне сипаттама беруге мүмкіндік туғызатын тапсырмалар жүйесі. (Щукин
А.Н, 2003,281,43)
Қазіргі күні (соңғы 30 жылдағы батыс тестологтарының жеткен
жетістігіне орай) тестілеудің дамуындағы жаңа коммуникативтік кезеңді атап
айтуға болады.
Бұл кезең тілге қатысты құрылымдықтан коммуникативтік бағытқа көшкен
тестология дамуының заңды нәтижесі болып табылады.
Құрылымдық бағытта оқытудың және тестілеудің негізгі бірліктері –
сөз, сөз тіркесі және сөйлем болып табылады. Тестілеудің мақсаты – сынақ
тапсырушының тілдің жеке аспектілерін (грамматика, лексика, фонология,
орфография) меңгеруін, контекстен тыс сөз және сөйлем деңгейінде білуін
бағалау. Бұл жаңа коммуникативтік кезең таңдаудың көптігімен ерекшеленеді.
Статистикалық өңдеу мүмкіндіктерінің нәтижесінде тестілеудің
квалиметрикалық сипаты өріс алды (яғни тесттің орындалу нәтижесін анықтау
қабілеті). Тест сенімділік және объективтілік сынды құнды сапаларға ие
болды.
Келесі кезең психолингвистикалықәлеуметтік лингвистикалық тестілеу
практикасы мен теориясына клоуз-тестті әкелді.
Клоуз-тестілеудің ұстанымы деформацияланған мәтіндердегі бос
орындарды толтыру. Ғалымдардың қорытындылауынша, клоуз-тест – жалпы тілдік
білік-дағдының, тілді қолдана алу біліктілігінің жақсы индикаторы болып
табылады. Сондай-ақ клоуз түріндегі тесттердің коммуникативтілік деңгейі
жоғары деп бағаланды. Осы сапа клоуз-тесттердің шынайы қатысымдығы
ситуацияларымен сәйкестігін көрсетті. Клоуз-тестілеуде тестілеудің жаңа
бағыты пайда болды, бүгінгі күні батыста оны прагматикалық тестілеу деп
атайды. Бұл бағыттың тұжырымдамасы коммуникативтік ұстанымға негізделген.
(Күзекова З.С.)
Осы бағыттың дамуына белгілі тестолог Э. Ингрем үлкен үлес қосты.Ол
Ұлыбритания мен Америкада 70-ші жылдары кеңінен қолданылып келген
лингводидактикалық тестілеуді талдай келе, тестілеу объектілерін көрсетті.
Оның айтуынша: тестілеу объектісі практикалық білік-дағды болып табылады.
Осыған орай ағылшын тілінің екінші тіл ретіндегі стандартты тест түрі
құрастырылған болатын. (First Certificate in English – The University of
Cambridge Local Examinations syndicate) (Томпсон, 1990, 66-67 б)
Бұл тест альтернататты құрылымдық тест түрінде құрылған. Вашингтон
атындағы Университеттің профессоры И. Томпсон өзінің зерттеуінде
көрсеткендей: оның пайда болуына негізгі себеп фонетика, грамматика және
лексика – сөйлесімдердің жеке-жеке компоненттерін игеру деңгейін бағалау,
дәстүрлі дискретті тесттерге деген наразылық туды.(Томпсон 1990,67)
Сол кездегі жинақталған тәжірибенің көрсетуінше бұндай тесттер
(дискретті – Н.Л) болжамды жарамдылықты иеленбегендіктен, оның көмегімен
алынған ақпараттар сынақ тапсырушының тілдік құралдарды коммуникативтік
мақсатта қолдана алған-алмағандығын көрсете алмайды. Тағы бір себебі,
дискретті тесттерде критериалды жарамдылық болмағандықтан, оның нәтижелері
тілді коммуникативтік жағдаятқа тиімді қолдана алу дағдысымен сәйкес
келмейді. (Томпсон, 1990)
Шетел қызметі институты мен Білім берудің тестілеу қызметінің
ортақтаса күш салуының нәтижесінде және үкіметтегі шет тілін оқыту кеңесі
мен шет тілін оқыту Америкалық кеңесінде тест-интервью жасалды. Бұл тесттің
мақсаты – шет тілін (екінші тілді) меңгерудегі бесдеңгейлік шкала арқылы
коммуникативтік құзырлық деңгейін белгілеу. Тестілеуде әр түрлі тілдер
қамтылды.
Қандай тест тілдік білімді – тіл білетіндікті бағалай алады немесе
тілді үйренуге көмектесе алады? шетел
Жақсы дайындалған тест тіл үйренушіге екі себеппен көмектесе алады:
Біріншіден, мұндай тестілер аудиторияда көпшілік қауымның сабаққа, тіл
үйренуге деген ынтасын оятады. Мотивациялық тұрғыдан әрі тиімді оқыту
нәтижесі не қол жеткізу үшін оқытушылар негізінен адиторияда оң ахуал
қалыптастыруға тырысады. Екіншіден, тест тіл үйренушінің тілдік білімін
жетілдіруге көмектеседі. Тілді үйренуші тест тапсыруға дайындалудан, тест
тапсырудан кейінгі нәтижесін талқылаудан тек оның пайдасын көреді. Тест
оқушының, студенттің, тіл үйренуші көпшіліктің тілдің қай жағына көңіл
бөлуі, нені оқып, нені жетілдіру керектігін растайды. Қысқаша айтқанда,
дұрыс құрастырылған тест оқуға деген оң көзқарастың қалыптасуына
көмектеседі және кез келген тіл үйренушіде жетістік сезімін, сондай-ақ өз
білімін оқытушы бағалауына сәйкес келетінін аңғарған сезімін де оятады.
Жақсы тілдік тестілер тіл үйренушілерден табандылықты талап ете отырып,
олардың тілді оқуына көмектеседі және жақсартуға тиісті әлсіз жақтарын да
ашып көрсетеді.
Бағалаушыға тест қалай көмектеседі? Барлық оқытушылар өздерінің
оқытқанының нәтижесі үшін жауапты. Біздің тестілеріміз төмендегідей маңызды
сұрақтарға жауап беруге көмектеседі: “Менің оқытуым тиімді болды ма, жоқ
па?”. Басқаша айтсақ, тест көмегімен біз тіл үйренушінің ынтасын бағалай
аламыз. Тест нәтижесін есептеуді жүргізгенде біз өзімізге: “Менің
сабақтарым тиісті деңгейде жүргізілді ме, мен қалай оқытып жүрмін, қандай
тармақтарды қайта қарау керек, осы материалға менің көбіреказырақ көңіл
аударуым қажет пе?”- деген сұрақтар қоя аламыз. Сондай-ақ осы тестілер
бізге болашақ тестілерді жетілдіруге көмектеседі: “Тест нұсқаулары анық
болды ма?. Тест тапсырушы арнайы берілген уақытта тестіні аяқтай алды ма,
тест мазмұны оны орындауға деген ниетін жоғалтып немесе көңілі толмаушылық
туғызды ма, тест тапсырушының тілдік білімін, тест анықтай алды ма екен?”
деген сияқты сұрақтар біздерді де мазалауы тиіс.
Тест бағаланушыға да, бағалаушыға да көмектеседі, яғни, тестер қол
жеткен прогрессті растайды және болашақ жұмысымызды жақсы жақтарға бұруға,
ілгерілеуге бағыттайды. Түйіндей айтсақ жақсы тест аудиторияда тест
тапсырушының моральдық ахуалын жақсартуға, оны қодауға көмектеседі, сондай-
ақ көмекші оқу құралы да болып табылады
Тарихи мәліметтерге көз жүгіртсек, бүгінгі күні тілдік білімді
тестілеу оқытудағы қазіргі заманғы көзқарасты – коммуникативтік мақсатты
білдіреді. Өткен жылдардағы тестілер – негізінен интуитивті немесе
субъективті сипатта болды және оқытушының жеке пікір ойларына да байланысты
болды десек, қателеспейміз. Интуитивтік кезеңнен кейін тестілеу ғылыми
кезеңге көшті десек те болады. Тілшілер бұл кезеңде тілдік білімнің
объективтік бағалануының маңыздылығын баса көрсетті.
Қазір біз тілдік білімді бағалаудың коммуникативтік кезеңіндеміз. Бұл
кезең тілдік тұлғаларды емес, оны қолдана білудің маңыздылығымен
ерекшеленеді. Субъективтік, яки интуициялық кезеңде дайындалған тест
мазмұны бойынша тіл үйренушілердің сөйлем үлгілерін, грамматикалық
үлгілерді, құрылымдарды жаттауына тура келді. Субъективтік кезеңдегі
тестілер көптеген жазбаша жұмыстардан құрылатын: диктант, мазмұндама,
шығарма, оқылымға негізделген сұрақтарға жауаптар. Ал, бағалау негізінен
тілдік білімі (тілдік білім дегеніміз – барлық қазіргі тілдер мен
мәдениеттер саласы бойынша ана тілі мен меңгерген тіліндегі қалыптасқан
білімі) жақсы деңгейдегілер үшін ғана сәйкес келді.
Қазіргі кездегі тестілер оқушының үйренген тіліндегі коммуникативтік
біліктілігін бағалауды көздейді. Коммуникативтік біліктілік –
лингвистикалық біліктілік, дискурстық біліктілік, стратегиялық және мәдени-
әлеуметтік субъективті біліктілігі сияқты компоненттерден тұрады.
Тестілеудің коммуникативтік кезеңінде біз әр түрлі білік дағдыларынан
жинақталған емтихандарды дұрыс деп санаймыз. Негізінен, коммуникативтік
тестілер тілдік (теориялық) білік дағдысын емес, оқушының меңгерген екінші
тілінн, үшінші тілін қолданан алатындығын бағалау үшін қажет. Сондай-ақ,
біз бүгінгі күні бұрынғы жетістіктерге мүлдем теріс қарай алмаймыз.
Тестілеудің субъективтік те, объективтік те кезеңдеріндегі ілгерілеуді
жоққа шығара алмаймыз. Бүгінгі тестілер аталған екі кезеңнің де жақсы
жақтарын пайдалануда. Кейбір оқулықтарымыз бен оқу құралдарымызда кездесіп
қалып жүрген тестінің жаңа бір түрі – жабық тест жоғарыда айтқанымызды
дәлелдей түседі: Сондай-ақ, тест грамматика мен сөздік қорды да қамтиды,
қойыоған баллдар объективті. Жақсы тестілер оқушыдан бұрынғы тестілеуде
кеңінен пайдаланылған лингвистикалық терминологияны талап етпей-ақ
құрастырылуы мүмкін.
Екіншіден, емтиханның кейбір түрлері сирек қолданылады.Мысалы –
аударма. Тестінің бұл түрі тілдік білімі ілгері студентке, оқушыға немесе
аудармашыларға лайық. Диктант тестілеудің ғылыми кезеңінде сынға ұшыраған
болатын-ды, бірақ қазір де кең қолданыста. Эсседе ортаңғы және ортаңғыдан
жоғары деңгейлерді оқыту барысында, тестілеу барысында қолданылып жүр.
(Мысалы, өз пікіріңді, өз көзқарасыңды жаз деген тапсырма түрлері)
(Күзекова)
Прагматикалық тесттің 30 жылдық тәжірибесі коммуникативтік бағыттың
маңыздылығын көрсетеді.
Тесті коммуникативтік қабілет-құзіретті қалыптастыру деңгейін
анықтау әдісі ретінде қолдану идеясы лингводидактикалық тестілеудің алдына
- бақылау жүргізгенде коммуникативтік бағыттың аясында тест қандай болуы
керек деген сұрақ қойды.
Бақылауға қатысты коммуникативтік бағыттың басты талабы мынадай,
яғни бақылау (тесттік) қарым-қатынасты модельдеуі (өңдеуі) керек. Өйткені
қарым-қатынас коммуникативтік қызмет атқаруда коммуникативтік мәселелердің
ең маңыздысы болып табылады (Пассов, 1989,9).
Демек, Арутюновтың өзінің ойын өзгелерге жеткізу және олардың өз
пікіріне қатысты ойларын білуге қабілеттілігі пікіріне сай, бақылау тіл
үйренушінің тілдерді игерудегі қабілет-дағдысына орай құрылуы тиіс.
Егер тест коммуникативтік мәселелерді шешуге қабілетті болып
табылатын бақылау объектісі болса, онда ол коммуникативтік тест болып
табылады.
Аталған коммуникативтік тест тіл үйренушінің коммуникацияға
дайындығын білуге және коммуникативтік қабілет-құзіреттің деңгейді өлшеуге
құрылғанына орай қолданылуы қажет.
Коммуникативтік тест термині алғаш рет В.А. Коккотта еңбегінде
қолданылған, бірақ та бұл түсінік ауызша өнімдітиімді сөйлесімді бақылауға
арналған тесттерге байланысты айтылады. (1989,27)
Коммуникативтік мәселелерді шешу тек айтылымда ғана емес, сонымен
бірге оқылым да, тыңдалым және жазылымда көрініс табатынын байқауға болады.
Сондықтан да комммуникативтік тест анықтамасына сөйлеу әрекетінің түрлеріне
тәуелсіз коммуникативтік мәселелерді шешу қабілеттілігі енуі қажет.
Коммуникативтік тест мынадай жолмен құрылуы керек, яғни тіл үйренуші
оқуға, жазуға, тыңдауға және сөйлеуге деген қабілеттілігін көрсетіп ғана
қоймай, сондай-ақ осы сөйлеу әрекеттері түрлерінің көмегімен өзінің
коммуникацияға деген қабілет-дағдысын көрсете алуы тиіс. (Корчагина т.б.
1997, 167) Мысалы, кешенді тесттің оқылымы бойынша тапсырманы орындауда
тест тапсырушының оқуда қажетті ақпаратты бөлудегі қабілеттілігі ғана емес,
оның прагматикалық мәселелерді шешуге алынған ақпараттарды іске асыруға
қаншалықты қабілетті екендігі маңызды. Осы мақсатқа орай, тесттік
тапсырмалар коммуникативтік мәселелерге қатысты құрылуы керек, Мысалы,
оқылым бойынша тест үлгілері:
Мәтінді оқыңыз.
Кісінің кісілігін уақытты босқа өткізбеуден басталмақ. Даналық жасқа
қарамайды, елдің бәріне ортақ бір-ақ календарь бар, тек оны әркім әр түрлі
пайдаланады. Уақыт – ақсүйекті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін
мерзім тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгіленген артық
демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім
уақытты бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ. Адам уақытты
сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді.
Дүниедегі ең жаман дерт – еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп
тәрбиелеп шығады. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын – ұлы мәртебелі уақыт.
(Қаржы-қаражат журналы №6 1995ж)
Мәтін не туралы?
А) уақыт
В) сабақ
С) оқу
D) адам
Қалай ойлайсыз, елдің бәріне ортақ ...бар
А) бір-ақ календарь
В)жоқ, көп календарь
С) календарлар көп
D) календарлар жоқ (Күзекова З. С)
Тестілеу мақсатының нәтижесінде формалды тесттік тапсырмалар
коммуникативтік түрде модификациялануы мүмкін.
Мәселен, құрылымдық бағыт аясында құрастырылған формалды тапсырма
түрін қарастырып көрейік.
Нұсқау: жауаптың дұрыс вариантын таңдаңыз.
... бізге құжаттарды факспен жіберіңіз.
А) сізге
В) сіз
С) сізбен
Д) сізді
Коммуникативтік бағыттың тест тапсырмаларының келесі түрі:
Тапсырма: Әріптеске жіберілген іскери хаттағы бос орынға қажетті
сөзді жазыңыз.
Үлгі: Біз ... келісім жобасын жібереміз.
1. Біз ... құжаттарыңызды факспен жібереміз.
2. ... сіз тауар жеткізудің жаңа кестесімен келісесіз бе?
3. ... келесі аптада хабарласамыз.
4. ... құжаттарыңызды алдық. (Күзекова З.С)
Формалданған тест, тіл үйренушінің қабілеттілігі мен мағлұматты
қабылдаудағы кемшілігін байқауға немесе жаттығу (машықтану) үшін тиімді
тәсіл болып табылатынын атауға болады. Сынақ тапсырушының коммуникативтік
қабілет-құзіретінің деңгейін және оның шет тілін игеру деңгейін болжайтын
тест коммуникативті болуы қажет.
Коммуникативтік бағыттың басты талабының бірі – тест тапсырмаларының
болмысы шынайы қарым-қатынасқа сәйкестенуі, сол немесе басқа да
грамматикалық құбылыстарды меңгеру дағдысының деңгейі ғана емес, сондай-ақ
оны коммуникативтік міндеттерді шешуге қолдана алу деңгейін анықтау.
Мысалы:
Сізге тапсырма берілді.
1) тауарды жеткізуді ұйымдастыру;
2) төлемақыны төлеу;
3) көрмені ұйымдастыру;
4) көрме алаңы үшін тапсырыс беру;
Не істегеніңіз туралы есеп беріңіз.
Үлгі: Көрме ұйымдастырылды. (Күзекова З.С.)
Коммуникативтік тестілеуде тест тапсырмаларының түрлерін
қарастырғанда мыналарды ескеру қажет: тест түрін таңдау тестілеу
объектісімен анықталып, коммуникативтік міндетпен байланысты болуы керек.
Яғни, тест орындау кезіндегі механизіммен адамның ситуация кезіндегі
міндеттерді шешуге көмектесетін сөйлеу механизмі арасындағы сәйкестікті
табуы тиіс.
• Сәйкестікке құрылған тест түрін оқылым кезінде іскери хаттарды,
хабарларды түсінгендігін тексеру кезінде пайдалануға болады;
коммуникативтік міндет түрінде тест тапсырмасын құруға болады: іскери
хаттарды тиісті папкілерге шақыру хаттары, “тапсырыс хаттары”,
“жарнама хаттары” - папкілеріне бөліп салыңыз;
• Клоуз-тест бланкілерді толтыру дағдысын тексеруге бағытталған
тапсырманы орындауды қамтамасыз етеді.
• Таңдауы көп тест түрін көп элементтің ішінен сенімді түрін таңдап алу
қажеттігін орындау міндетіне байланысты қолдануға болады. Мысалы,
берілген ситуацияға сәйкес қажетті жарнаманы, визит карточкасын,
телефон номерін және т.б. таңдау.
• Еркін жауапты тест түрі коммуникативтік қабілет-құзіретін тестілеу
барысында маңызды орын алады. Бұл коммуникацияның шығармашылық
сипатымен байланысты. Яғни жазылым, сөйлеу тестілерінің сипатына еркін
жауапты тест түрі сәйкес келеді. Мысал ретінде жазылымға арналған тест
тапсырмасын қарастырып көрелік:
Ситуация: сіздің фирмаңыз кондитер өнімдерін (конфет, шоколад)
шығарумен айналысады. Сіздің фирмаңызға Қазэкспорт Астаналық фирмадан сұрақ
хат келді.
Тапсырма: жауап сөйлемдер жазыңыз, хатта көрсетіңіз.
- Фирма қандай өнімдерді ұсына алады;
- Қандай бағамен;
- Қандай көлемде жеткізіледі;
- Тауар қандай көлік түрімен жеткізіледі;
- Жеткізілу мерзімдері қандай;
- Төлем (нысаны,мерзімі) қалай жүргізіледі; (Күзекова З.С)
Коммуникативтік ситуацияға құрылған нақты бағдарламалар, (сынақ
тапсырушының коммуникативтік рөлін, яғни жанрын, стилін және пікір айтудағы
модалдылығын) және коммуникативтік міндеттерді (коммуникативтік ой мен
мақсатты анық тұжырымдайтын) анықтайтын, еркін жауапты тест түрінің қатаң
құрылысын көрсетеді.
Тест тапсырушының міндеті мен ситуация аясын шектеу, оның тілді
игеру деңгейіне тәуелді жеткілікті болжанған мәтінді қайтадан өңдеуге
әкеледі.
Тест тапсырмаларын коммуникативтік бағыт аясында талдай келе, тестке
енгізілген материалдың сипатына назар аударуға тура келеді. Бақылау жүргізу
кезінде қарым-қатынас саласына сәйкес тест материалдарының (тематика, жанр)
түпнұсқалылығын қамтамасыз ету аса қажет. Коммерция және бизнесте қызмет
етуші, яғни кәсіптік саладағы коммуникативтік қабілет-құзіретті бақылауға
бағытталған тест тапсырмаларының материалдарына жоғарыда аталғандай талдау
жасадық. Осы саладағы коммуникативтік қабілет-құзіретті игеруді бақылаушы
тесттерге іскери хаттар, жарнама, стандартты бланкілер және формулярлар,
сонымен бірге телефондағы сөйлесімдер, жұмысшылар кеңесі және Тілек-
талап, Келісім шарт, Тауар көрмесі сияқты тақырыптар төңірегіндегі
келіссөздер және т.б. жатады.
Тест тапсырмалары құжаттың толық мәтін аясына сай құрылуыда, (мысалы,
іскери хаттар) сондай-ақ іскери хаттардан алынған сөз тіркесі түріндегі
үзінділер де болуы мүмкін. Аталған сөз тіркестері (фраз) коммуникативті
маңызды болып табылады.
Фирмалық бланкіде қосымша дыбысты әсерлермен естілуі мүмкін
аудиожарнама, материал презентациясының формасы іскери хаттардың шынайы
мәтінімен сәйкестене көрініс табуы керек.
Тест тапсырмаларының орындалу формасының шынайы коммуникация
шарттарына, яғни телефон аппараттарын қолдану нәтижесіндегі телефондық
сөйлесімдерге құрылуы да мүмкін мұндай жағдайда сынақ тапсырушы бір
бөлмеде, ал сынақ алушы келесі де отырады. Аудио және видеотехниканы
қолдану коммуникативтік тестілеудің аса қажетті компоненттері болып
есептеледі.
Коммуникативтік тестті бағалау көптеген талқылауға әкелуі мүмкін.
Бұл формалданғаннан коммуникативтіге дейінгі тест тапсырмалары ауытқыған
сайын тесттің орындалу нәтижелерін параметрлеу қиындай түседі деген кең
тараған тұжырыммен байланысты.
Бұдан шығатын нәтиже коммуникативтік қабілет-құзірет бір жағынан
тілді игеру жүйесіне, ал екінші жағынан тілді қолданудағы дағды мен
ептілікке негізделеді.
Коммуникативтік тестті бағалаудың негізгі өлшемі – пікірдің тілдік
дұрыстығы және коммуникативті мәселелерді шешу тиімділігі.
Ауызшажазбаша пікір білдірудің бағалануында сөйлесім дұрыстығының
негізгі критерийінде қатенің коммуникативтілігі маңызды орын алады.
Коммуникативтік сәтсіздікке әкелетін және қарым-қатынасты бұзып, кедергі
келтіретін қателер пікірдің мағынасын өзгертіп, оны түсінуді қиындатып
жібереді.
Сонымен коммуникативтік қабілет-құзіреттің қалыптасуын тесттік
бағалау қандай болатынын көруге болады.
1) Коммуникативтік қабілет-құзіреттің қалыптасуын тексеретін тест
коммуникативтік білік дағдыны тексеруге бағытталуы керек. Мұндай тестіні
орындау негізі – коммуникативтік міндетті шешу болып табылады.
2) Тест тапсырмалары коммуникативтік міндет түрінде жасалуы тиіс.
3) Тест тапсырмалары түрін таңдауға коммуникативтік міндет себеп болуы
тиіс.
4) Тест тапсырмалары материалдарының тематика және жанрлық қатыстылығы
қатынас саласын бақылайтын түпнұсқалы материалдар болуы тиіс. Тест
материалдарының презентация түрлері сондай-ақ нақты, шынайы түрмен
сәйкес келуі керек.
5) Тестті бағалаудың басты өлшемі коммуникативтік актінің прагматикалық
нәтижесі болуы керек. Бұл нәтиже коммуникация нәтижесі тұрғысынан
бағаланады. (Күзекова З.С)
Коммуникативтік қабілет-құзіреттің қалыптасу деңгейі (шет тілін
игеру деңгейінің сол немесе басқа жетістігіне сәйкес) коммуникативтік
тесттің нәтижесі арқылы анықталады.
Коммуникативтік тест – тілдік айтылымның дұрыстығы мен міндеттерді
шешу тиімділігін бағалауға мүмкіндік туғызатын және коммуникативтік қабілет-
құзіреттің қалыптасу деңгейін өлшейтін коммуникативті маңызды мәліметтерге
құрастырылған лингводидактикалық тест.
Формалды тестологтардың көзқарасымен қарар болсақ, коммуникативтік
тест сөзсіз осал. Коммуникативтік бағыт идеясына қарсы пікір айтушылар мен
сынаушылар төмендегі ұстанымдар арқылы қарсы келулері ықтимал.
1. Жауаптың формалдануы
Коммуникативтік тест жауаптың формалдану ұстанымына сәйкес
келмегендіктен тестілеу нәтижесін қайта өңдеуді қиындатады.
2. Тест тапсырмасын тұжырымдау
Тест тапсырмасын құрауда формалдау принципі сақталуы және тұжырымға
сәйкес мынадай болуы керек: “дұрыс жауаптың санын енгізіңіз”, “қажетті
вариантын таңдаңыз”, “бөліктерді сәйкестендіріңіз”.
Тапсырмалардың нұсқасы барлық тест үшін бірдей болуы тиіс.
Коммуникативтік тесттің тапсырмалары түрлерінің әр түрлілігі сыналушыны
жаңылдырады, яғни бұл орындау нәтижесінде айтылуы мүмкін.
3. Жауапты бағалау
Формалданған тестті орындау нәтижесі оңай жүзеге асады: дұрыс және
қате жауаптардың саны тесттегі жалпы тапсырмалар санына қатысты анықталады.

Коммуникативтік тест нәтижесін өлшеу бақылауды автоматтандыруды
қиындататын бірнеше шкалалардың негізінде жасалады.
Қазіргі күні тестологтар мен лингводидактиканы зерттеушілер оқыту мен
бақылаудың коммуникативтік бағытының ұстанымдары мен тестологиямен
байланыстырудың жолын іздестіруде.
Джон Шейлздің “Осы заманғы тілді қарым-қатынас мақсатында үйрену және
оқыту” деген №12 жоба жұмысының аясында дайындалған, сондай-ақ “Қазіргі
заман тілдерін оқытудың коммуникативтілігі” атты ғылыми зерттеу еңбегіне
сүйене отырып, Европа кеңесінің көмегімен осы заманғы әдістемеде
коммуникативтік бағыттың маңыздылығы қайта дәлелденді. №12 топ жобасының
өкілі Дени Жиро аталған құжатты: “тіл үйретушілер мен үйренушілер үшін үлгі
беруші басылым” ретінде сипаттады. Мұнда соңғы он жылдағы Европада пайда
болған коммуникативтік бағыттағы көптеген еңбектерде (оқулықтарда шет
тілінің оқу құралдары) коммуникативтік оқыту принциптеріне негізделген
мәліметтер ұсынған.
Тестілердің топтастырылуы
Біз мұнда тестілердің топтастырылу жолын ашуға тырысамыз. Тестілердің
қарама-қарсы мағынадағы түрлерін түсінудің оқытушыларға көмегі көп деген
ойдамыз. Себебі, бір типтегі тест түрін қолдану үнемі үлкен нәтижелерге қол
жеткізе бермейді, сондай-ақ тестінің бір түрін басқа түрімен алмастыру да
әрқашан да сәтті бола бермейді. Тестінің топтастырылуы туралы мәселеде тест
түріне бай ағылшын тіліне және тестолог, әдістемеші Г. Мэдсеннің зерттеуіне
сүйенеміз:
Тестілердің қарама-қарсы мағынадағы категориялары:
Жалпы білімді бағалауға раналған тест ____ білік дағдысын бағалау тесті
Субъективтік тест __________________ объективтік тест
Шығармашылық тест _______________ рецептивтік тест
Тілдік (теория) білік дағдысына арналған тест ___коммуникативтік тест
Нормаға негізделген тест_______ өлшемдерге негізделген тест
Дискретті тест __________________ интегративті тест
Мамандық тіліне негізделген тест ___тілдік білімді анықтауға арналған тест

1. Жалпы білім тестісі мектепке әр түрлі пәндерде – географияда,
әдебиетте, тілде, математикада т.б. қолданылып жүргенін білеміз. Тестің бұл
түрі оқушының тіл туралы фактілерді білетіндігін бағалайды.
2. Білік дағдыны анықтауға арналған тест – оқушының тілді пайдалана
алатынын көрсетеді.
3. Субъективтік тест - аударма, эссе тесттер тілді шынайы қолдана
лау біліктілігін бағалайды. Бірақ оқытушылар баллды жылдам әрі жүйелі қоя
алмайды.
4. Объективті тест – таңдауға (multiple-choice) және сәйкестікті
табуға негізделген тест оңай бағалануы мүмкін. Шығармашылық тест (жазылым,
сөйлеу) белсенді және шығармашылық жауаптарды талап етеді. Рецептивтік
тесттер – (оқылым, тыңдалым) әр түрлі стратегиялар арқылы түсінуге
негізделеді.
5. Тілдік (теория) біліктілікке арналған тест тілдің жеке
компоненттерін – сөздік қорын, грамматикасын бағалайды.
6. Коммуникативтік тесттер – пікір, ақпарат алмасулар барысында тілді
қолдана алуын анықтайды.
7. Нормаға негізделген тест - әрбір оқушының, студенттің білімін
топтағы студенттермен салыстырады.
8. Өлшемдерге негізделген тест – белгілі бір стандарт бойынша
бағалайды.
9. Дискретті тест - әрбір тармағында ерекше бір фактіні мысалы,
шылаудың бір түрін, етістің түрлеріне баса назар аударады.
10. Интеграциялық тест бұл диктант сияқты әр түрлі тілдік білік-
дағдыны септестіреді, жинақтайды.
11. Арнайы тесттер – белгілі бір салада мысалы, автомеханикада,
экономикада, медицинада т.б. тілді пайдалана алу дайындығын немесе жалпы
тілдік білімін бағалайды.
12. Тілді білудегі жетістігін анықтауға арналған тесттер –
бағаланушының прогресін, дағдыларды меңгергендігін көрсетеді.

1.2. Педагогикалық тестілеудегі жүйелі бағыт

Педагогикалық тестілеу – білім жүйесінің құрамдас бөлігі болып
табылады.
Педагогикалық тестілеу мынадай ғылымдарды қамтиды:
- жалпы педагогика
- дидактика және зерттеу пәні материалдық объекті ретіндегі педагогикалық
тест;
- математикалық статистика – тестілеу нәтижелерінің параметрлік шкаласы;
- басқару – жоспарлау және тестілеуді ұйымдастыру;
- әлеуметтану – педагогикалық жетістікті маниторинг;
- Экономика – іс – шаралардың қаржылық есебі;
Бізді қызықтыратыны да қажеттісі де педагогикалық аспект. Тестілеуді
екі ғылым аясында (жалпы педагогика, дидактика) жүйелі қарастыру және
педагогикалық тестілеуді жүйе, танымдық процес тұрғысында құрастыру және
тестің өзі (материалдық объект)
Педагогикалық тестілерді құрастыру педагогтің, тіпті күнделікті оқыту
әрекеті барысында да міндетті түрде бір қатар кезеңдерден тұрады, жүйелі
зерттеудің негізгі компоненттерімен салыстыруға болады. Кестені қараңыз:

Педагогикалық тестілерді құрастыру – жүйелі зерттеу

Жүйелі зерттеу компоненттері Педагогикалық тестілерді жасау,
дайындау кезеңдері
1 Мәселелерді, мақсаттарды Тестілеу мақсатын анықтау,
анықтау (бақылау түрі, контингент,
ресурстар)
2 өлшем, критерилерді Тест көрсеткіштерін әзірлеудің
қалыптастыру және пайдаланатын түсіктерін
нақтылау
3 Альтернативтерді ... ... ... Оқу материалдарын таңдау және
(генерирование оқу пәндері мазмұнын талдау
алтернативтивов)
4 Модельдерді пайдалану Тест спецификасын дайындау және
оның
5 Зерттеу жүйесін байқау, (пилоттық) байқау тестілерін
сараптау сараптау, сынақтан өткізу
6 Талдау және жинақтау Байқау нәтижелерін
статистикалық өңдеу, мазмұнын
нәтижесін бағалау, тест
тапсырмаларын түзету, тестің
жарамды нұсқаларын таңдау,
жарамсызын алып тастау.
Стандартталған тест құру
7 Талдау нәтижелерін енгізу, Педагогикалық бақылау
тарату практикасына пәндік стандартты
тестіні пайдалану

Әрбір кезең қалыптасатын жүйенің иерархиялық деңгейі болып табылады
және өзіне алдыңғы жетістіктерін жинақтайды.
Бірінші кезең – мақсатты болжау – тест кімге, не үшін жасалатыны
анықталады: бақылау түрі, контингент.
Екінші кезең – оқыту нәтижелерін сипаттауға құрылады, яғни
операцияландыру кезеңі мынадай жүйеден тұрады:

Жалпы білім беру мақсаты


Жалпы термин бойынша оқыту мақсаты


Оқытудың анықталатын нәтижесі

1-сурет Оқыту нәтижесі операцияландыру кезеңі

Екінші кезеңде оқушының қандай білімді меңгеруі керектігі және қандай
деректегісі анықталуы керек. Педагогиканың пәндік тестілер, сөз жоқ,
классикалық түрде (онда да шектеулі) тек қана оқытудың когнитивтік
мақсаттарының білім, (бірақ аффектифтік емес) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лингводидактикалық тестілеудің коммуникативтік бағыты
Тест формалары мен түрлері
Психологиялық сұрақнама жасауға қойылатын талаптар туралы мәлімет
Математиканы оқыту методикасы
Оқушылардың білімін тексеруде тесттің маңыздылығы
Лингводидактика ұғымы
Тест жұмысының тарихы
Бастауыш шет тілі
ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНІҢ 5-6-СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Морфологиялық тақырыптарды дамыта оқытудың лингводидактикалық тұғыры
Пәндер