Қазақстан Республикасының экономикалық өсу моделі



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Макроэкономикалық модельдерді талдау.
1.1. Макроэкономикалық модельдердің мәні, түсінігі,
түрлері ... ... ... ..4
1.2. АD – AS, IS – LM модельдерінің өзара
байланысы ... ... ... ... ... ... .. .7
1.3. Филлипс қисығы, Лаффер қисығы, Кейнс
кресі ... ... ... ... ... ... ...13

ІІ. Экономикалық өсудің математикалық модельдері.
2.1. Қазақстан Республикасының экономикалық өсу
моделі ... ... ... ... 18
2.2. ҚР – ның макроэкономикалық
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 20
2.3. Экономикалық проблемаларды эконометриялық модельлеу
арқылы
шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..32

Кіріспе

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өркениетті
нарықтық экономика құруға бет алды. Осы тұстағы Қазақстан
Республикасының өз ерекшелігі, бір жағынан, ол дамыған
елдерге тән белгілер ие (халқының жалпы сауаттылығы, ғылыми
мекемелерінің кең жүйесі және өндіргіш күштерге сай
зерттеулері), екінші жағынан дамушы елдерге тән белгілердің
(экономиканың шикізат бағытында дамуы, көптеген аймақтардың
экологиялық ластануы, экономиканың нақты секторына
инвестицияның көп мөлшерде қажеттілігі, артта қалған
инфрақұрылым) болуында еді. Қазақстан табиғи байлықтарының
мол қорымен, ТМД елдерінің арасынлда халық санынаң
төмен тығыздығымен сипатталады.
КСРО – ның әкімшілік - әміршілдік жүйесінен нарықтық
экономикаға көшу реформаларын жүргізу ол Кеңес Одағын
түбегейлі ыдыратып, оның орнына бірнеше жеке дара
мемлекеттердің пайда болуына алып келді. Өткен ғасырдың 90 –
шы жылдарында Одақ ыдырағаннан кейін оның құрамдас
мемлекеттері көптеген қиындықтарға кездесті және де
дағдарыстан шығуда жеке дара принциптік сипатқа ие болды.
Соның ішіндегі Қазақстан да экономикалық қайшылықтар
салдарынан көптеген проблемаларға кезікті, яғни, өнеркәсіптің
құлдырауы, халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, экологияның
шектен тыс ластануы, әлеуметтік инфрақұрылымның күйзелісі,
демографиялық жағдайдың нашарлауы, қаржы дағдарысы және
т.б.
Қазіргі кезде макроэкономикалық тұрақтылық орнығып,
қалыпты даму үрдісіне ие болып отыр. Бірақта қалыпты
дами отырып келешекте дамыған елдердің қатарына
қосылу мақсатында көптеген проблемалар баршылық. Олар:
нарықтық экономиканың қолайлы дамуы үшін еліміздің
тікелей әлемдік нарыққа шығатын мұхитпен шектеспеуі,
ішкі нарық көлемінің шағындығы, сауда қарым қатынасындағы
транспорттық шығынның көптігі, географиялық жағынан
мемлекеттің қатаң климаттық белдеуге орналасуы, таза
нарықтық заңдарыдң жетілмеуі, елдегі көлеңкелі экономика
мен коррупцияның белең алуы және т.б.
Бірақта елде халықтың тұрмыс жағдайын көтеріп,
елдің қарқынды дамуына негіз болатын байлығының мол
қоры мен дағдарыстан шығып жаңа жетіліп келе жатқан ел
ретінде экономика жағынан пайдаланылмаған мүмкіндіктерінің
көптігі. Егер қай мемлекет болмасын терең дағдарыс
жағдайына түсіп кейін оңтайлы түрде дағдарысты
тұрақтандырса, онда ол мемлекет дамудың қарқынды
импульсіне ие болады.

І. Макроэкономикалық модельдерді талдау
1.1. Макроэкономикалық модельдердің мәні, түсінігі, түрлері.

Макроэкономика экономиканы жалпы бірыңғай қарастырады,
оның тұлғалары үкімет, кәсіподақ, орталық банктер,
өнірушілер және тұтынушылар жалпы тұлға ретінде мемлекет
көлемінде қарас - тырылады. Егер микроэкономика жеке
тауарлардың көлемі мен бағасын қараса, онда макроэкономика
агрегатталған, жинақталған өлшемдермен қарастырады.
Бір фирманың әрекетін сипаттайтын басты
микроэкономика -лық көрсеткіштер: пайда, шығындар. Халық
шаруашылығын жалпы сипаттайтын басты макроэкономикалық
көрсеткіштер: ұлттық байлық, жалпы ұлттық өнім, ұлттық
табыс, баға деңгейі, процент ставка - сының орташа
деңгейі және жұмыспен қамту.
Макроэкономикада ашылған заңдар үкіметтің
экономикалық саясатын жасауға негіз болып табылады.
Экономикалық ілімді макро және микроэкономика деп ХХ
ғасырдың 30 – шы жылдары Д.М. Кейнстің ғылыми зерттеулерінің
әсерімен дайындалды. Өткен барлық көрнекті экономистер:
меркан -телистер, физиократтар, классикалық саяси экономияның
өкілдері – ұлттық өндірістің көлемі, жұмыспен қамту деңгейі,
инфляция және басқалар сияқты макроэкономикалық мәселелерге
көңіл қойған. Бірақ олардың әрқайсысы осы мәселелерді бір
макроэкономикалық моделге біріктіруге дайын емес болды.
Кейнстің еңбегі, оның ілімі жалпы бірыңғай
ретінде эконо -миканы мемлекеттік реттеу белсенділігінің
қажеттілігін негіздеді және макроталдаудың дәстүрлі әдісі
модельдерді құрастыру болып табылады.
Модель - бұл басты факторларды есепке алатын және
бірінші реттіктермен босатылған оңайтылған теориялық
схема.
Модельде екі топ элементтері бар: анықтау
керектілері, яғни белгісіз өлшемдер немесе “эндогендер” және
берілгендер, яғни белгілі өлшемдер немесе “экзогендер”.
Модельді құру жүйесі модельдің белгісіз және белгілі
өлшем -
дерін байланыстыратын қызметті анықтауды білдіреді.
Модельдер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы
мүмкін. Қысқа мерзімді аз уақытқа белгіленеді, көбінесе
бір жылға. Ұзақ мерзім үшін неғұрлым ұзақ уақыт кезеңі
беріледі.
Сонымен, макроэкономикалық модель дегеніміз - әр түрлі
эко -номикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын
функ -ционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған
жүйеленген сипаттама. Кез келген модель күнделікті өмірдің
оңай -латылған бейнесін көрсетеді. Себебі макроэкономикалық
зерттеу жүр -гізуде нақты өмірдің барлық жауаптарын бір
уақытта қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да бірде – бір
макроэкономикалық үлгі нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты
уақыт кезеңіндегі белгілі бір бағыттағы тек жалғыз ғана
дұрыс жауапты бермейді. Бірақ осындай жалпылама
модельдердің арқасында экономикаға әсер ететін ішкі
(эндогенді) және сыртқы (экзогенді) экономикалық айны -малылардың
көлемі анықталады.
Экзогенді айнымалылар – алғашқы ақпараттар, “сырттан”
ендірі - леді, яғни түсіндірілмей, берілген түрде қабылданатын
айнымалы -лар, ал эндогенді айнымалылар – кейінгі ақпараттар,
олар модельдің өзінде қалыптасады, яғни экономикалық
принциптер арқылы түсінді -рілетін айнымалылар. Басқа сөзбен
айтқанда, экзогенді айнымалылар -дың мәні модель құрылмай тұрып
беріледі, ал эндогенді айнымалы -лар модельдің ішіндегі
есептеулердің нәтижесінде қалыптасады. Негізгі мақсатымыз
эндогенді айнымалылардың өзгерісін экзогенді айнымалылар
арқылы түсіндіру болып табылады.
Модельдің көмегімен қамтамасыз етілетін экономикалық
мәсе -лелерді шешудегі жан – жақтылық мароэкономикалық саясаттың
икемділігін және баламалылығын арттырады. Макроэкономикалық
модельдерді пайдалану Үкімет пен Ұлттық банк экономикадағы
циклдік толқуларды реттеуде жүргізетін бюджет – салық,
ақша – несие саясаттарының құралдарын тиімді пайдалануға
мүмкіндік береді.
Шеңберлі ағым үлгісі, AD – AS, Кейнс кресі, IS – LM,
Филипс пен Лаффер қисығы, Солоу моделі сияқты жалпылама
макроэконо -микалық модельдер макроэкономикалық талдау
жүргізудің негізгі құралдары болып табылады. Бұл модельдер
қандайда бір ғана ұлттық экономикаға тән емес. Кез келген
модель экономиканың динамикасын және оның көрсеткіштерін
танып – білудегі пайдалылы -ғымен бағалануы тиіс. Бағалаудың
объективтік қиындығы мынада болып табылады: а) алға
қойған мақсаттарға жетуге байланысты модель құрарда оны
жеткілікті алғышарттармен қамтамасыз ету; ә) макроэкономикалық
саясат үшін қате шешімдерді болдырмау. Модель жеткілікті
дәрежеде нақты өмірді көрсетуі мүмкін, бірақ бұл
жағдайда ол өте күрделіленіп кетуі де ықтимал. Ал өз
кезегінде үлгінің қарапайымдылығы оны экономикалық
зерттеулерге пайдала -нуға байланысты басты талап немесе шарт
болып табылады. Модельдің шамадан тыс жеңілдетілуі
модельде біраз маңызды факторлардың ескерілмеуіне әкеліп
соғады, ал оның нәтижесінде қабылданған шешімдер қате
болып шығу ықтималдылығы артады. Сондықтан кез келген
модельді құрудағы басты қиыншылық нақты мәселе бойынша
макроэкономикалық талдау жүргізуге қажетті факторлар
шеңберін анықтау.
Сонымен бірге, статистикалық және динамикалық
модельдерді айырады. Статистикалық бір жағдайдан екіншіге
ауысуды қарастыр -майды. Оны қатып қалған фотосуреттің
бейнеленуімен салыстыруға болады. Динамикалық модель оған
қарағанда күрделірек, айталық, ұлттық табыс бір жағдайдан
екінші жағдайға өткен қозғалыста қарастырылады.
Макромодельдер де микрошешімдер негізінде құрылады.
Мысалы, жалпы инвестициялардың макромоделін қадағалай отырып,
макроэкономистер үй шаруашылығы инвестиция жөнінде қабылдай
-тын шешімдерді де ескереді. Барлық сұрақтарға жауап
беретін бірыңғай модель болмайды. Сондықтан макроэкономистер
әрқайсысы белгілі мәселелерді шешетін көптеген модельдерді
қолданады.
Макромодельді құрып жатқан кезде экономика тепе –
теңдікте тұратындай, барлық құрамалар арасындағы байланысты
табу керек.
Жалпы экономикалық тепе – теңдік - ұлттық экономикалық
жағдайда нарықта бір уақытта сұраныс пен ұсыныстың тепе
– теңдігі қамтамасыз етілгенде және экономикалық агенттердің
ешқайсысы өздерінің сату немесе сатып алу көлемін
өзгертуге қызықпағандай жағдайды айтады.
Нақты өмірде тепе – теңдік ерекшелік, сирек жететін,
тез өтетін құбылыс болып табылады. Экономиканың қалыпты
жағдайы жеке нарықтарда жалпы тепе – теңдік жағдайдан ауытқу
мүмкін -дігін жорамалдайды. Әйтсе де тепе – теңдік талдау
кең қолданы -лады, себебі тепе – теңдікке жетуге барлық
экономикалық агенттер қызығады.
Қоғамдық ұдайы өндірістегі тепе – теңдік барлық
тауарлар сатылған, барлық өндіріс құралдары және тұтыну
заттары қайтарыл -ған жағдайда ғана мүмкін. Бұл жағдай
белгілі халық шаруашылық пропорцияларды сақтауды болжайды.
Бірінші рет осындай қорытындыға келген
макроэкономикалық талдаудың негізін салушы болып саналатын
физиократ Франсуа Кенэ. Кейін қоғамдық ұдайы өндіріс
деңгейіндегі тепе – теңдік мәселесімен айналысқан К. Маркс
болды. Оның айтуы бойынша, ұдайы өндіріс материалдық
игіліктерді, өндірістік қатынастарды және жұмыс күшін
жаңартудың бірыңғай процесі болып табылады. Ол тепе – теңдікке
жетуге болады, егер қоғамдық өнімнің барлық құн және табиғи
формада қайтарылса деп есептеді.
Қазіргі батыстық экономикалық әдебиеттерде қоғамдық ұдайы
өндірістің үздіксіздігі экономикалық тұлғалары үй шаруашылығы,
фирмалар, үкімет (мемлекет) болып табылатын экономикалық айналым
моделін қарастырады.
Барлық тұлғалар арасындағы байланыс ақшалай формада
схемада олар пунктермен көрсетілген, сонымен бірге табиғи
заттай (түзу сызықпен) жүргізіледі.
Бастапқы және соңғы орын үй шаруашылығы болып
табылады. Ресурстар нарығы арқылы олар фирмаларға жер, еңбек,
капитал, өздерінің кәсіпкерлік қабілеттіктерін береді. Мысалы,
өнім нарығы арқылы кәсіпорыннан олар тауар және қызметтер
алады.
(Сурет – 1).

Сурет – 1. Экономикалық айналым моделі.

Игіліктердің ақшалай формада айналымы кері бағытта
жүреді (схемада сағат тілімен көрсетілген). Үй шаруашылығы
үкіметке тікелей салық төлейді, ал одан жоғары жалақы және
түрлі төлемдер алады.
Фирмалар үкіметке тікелей және жанама салықтар
төлейді және мемлекеттен белгіленген жеңілдіктер мен
төлемдер алады.
Осы процестің үнемі қайталануы ұлттық экономика
шегінде қоғамдық ұдайы өндірісті құрайды.

1.2. AD – AS, IS – LM модельдерінің өзара байланысы

Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе – теңдік
жағдайын сипаттаудың екі түрлі әдісі бар. Бірінші – кейде ол
макроэкономикада неоклассикалық көзқарас деп аталады – баға
нарықты тепе – теңдік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалданады.
Мұнда баға деп тауарлар мен игіліктер деңгейлерінің ақшалай
бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонымен қатар пайыздық
мөлшерлеме, нақты еңбекақы қарастырылады, осындай жағдайда
нақты және ақша секторлары бір – біріне ықпалын тигізбейді.
Екінші – белгілі бір уақыт аралығында кейбір бағалар
өзгертуге бейім емес, мұндай жағдайда тепе – теңдік жұмысбастылық
көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемінен мүмкін
болады. Бұл осы көзқарасты сынаған Дж. Кейнс атымен
кейнстік көзқарас деп аталады.
Екінші көзқарасты жақтаушылар пайымдаудың басқа жолын
ұсынады. Оларда кейбір баға аз өзгермелі дегенге жол
беріледі. Бұл жағдайда тепе – теңдік айырбасталатын көлем –
тауарлар мен қызмет көрсету (ЖҰӨ) және жұмысбастылық көлемі
есебінен орнайды.
Бұл көзқарастар түбегейлі әр түрлі қорытындыларға
әкелуіне қарамастан, олар бір негізін қалаушы үлгіге
негізделді. Сонғысын талдаудың екі графикалық құралдарымен
синтездеуге болады: тауар нарығы мен ақша нарығының өзара
әрекеттесуін көрсететін IS - LM үлгісі, еңбек нарығы және
тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар
нарығында сататын фирма іс - әрекетін сипаттайтын сұраныс –
ұсыныс үлгісімен.
Алдымен кең анықталған тауар нарығын қарастырайық,
яғни, тауарларды ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетуді
де қамтитын нарықты қарастырайық. Талдаудың бастапқы нүктесі –
тұтыну және инвестициялық игіліктерге сұранысты білдіретін үй
шаруашылықтары. Бұл бөлімде басты назар қысқа мерзімді кезеңге
аударылады.
Жабық экономикада соңғы шығындардың саны ретінде
алынатын ЖІӨ жеке тұтынуға, жеке инвестицияға және мемлекеттік
сатып алуға бөлуге болады. Бірінші кезеңде бұл мынаны
білдіреді.

Y1 = C1 + I1 + G1

Нақты пайыздық мөлшерлеменің тұтынуға ықпалы тұрақты
оң немесе теріс болмағандықтан, мұнда тек жанама ықпалы
қарастырылады: пайыз мөлшерлемесінің өсуі үй шаруашылығының
байлығын, соның әсерінен оның тұтынуын да азайтады.
Инвестицияны қарапайымдандыру мақсатымен - инвестиция функциясы
пайыздық мөлшерлемеден ғана тәуелді деп қарастырылады: нақты
пайыздық мөлшерлемені үлкейту капиталдың баламалы құны есебінен
инвестиция тартымдылығын азайтады.
Y1 = C1 + I1 + G1 теңдеуi – тауар нарығындағы тепе –
теңдіктің шарты. Сол жағы шығарылатын ұсынысты көрсетеді, ал
оң жағы - оның сұранысының сипаттамасы болып табылады.
Ұсыныс экономиканың өндіргіш күштерімен, яғни капитал қорларымен,
жұмысшылардың біліктілігімен және техникалық даму деңгейімен
анықталады.
Классикалық экономика теориясы екі негізгі жобаға
негізделеді. Біріншіден, ресурстардың толық жұмсалуымен
өндірілген өнімді сатып алу үшін жиынтық шығын деңгейі Ү =
С + І + G + Xn. ( яғни АD ≠ AS жағдай болуы мүмкін еместігіне
сенімділік білдіреді).
Екіншіден, егерде осы жағдай болса да, онда еңбекақы,
баға және нарықтық пайыз мөлшерлемесі тез өзгереді және
жиынтық сұраныстың төмендеуінен кейін, жағдайды
тұрақтандыратын тез және болымсыз өндірістің құлдырауы
болады. Ақша нарығы әрқашан инвестициялар мен қор
жинақтарының теңдігіне, яғни ресурстардың толық қамтылуына
кепілдік береді. Тек табиғи деңгейдегі “ерікті” жұмыссыздық
болуы мүмкін. Бұл АD және АS тепе – теңдік нүктесінде,
өндіріс көлемі Ү мен Ү* теңдігін білдіреді.
Кейнс кресі үлгісі баға деңгейінің Р өзгерісі
үрдісін бейнелеуге мүмкіндік бермейді, себебі орнатылған бағаны
болжайды. Кейнс кресі АD – АS үлгісін макроэкономикалық
талдау мақсатына пайдаланады және инфляция деңгейінің
өсуімен немесе төмендеуі -мен байланысты макроэкономикалық
саясаттың ұзақ мерзімді салдарын зерттеу үшін
пайдаланылады.
Бөлімнің мақсатты нақты экономика секторының (тауар
нарығының) және ақша нарығының өзара әсерінің тереңдетілген
талдауын көрсету. Тауар нарығы түсінігінде қызмет көрсету
мен тұтыну тауарлары нарығы да қарастырылады, олардың
тұтыну игілігінен өзгешелігі жоқ деп айтуға болады. Бұл
тауарлар санаттары арасында кейбір ерекшеліктер бар, дегенмен
олар өзара сұраныспен ғана шарттасып тұр, өйткені
тұтыну мен инвестиция -ланған тауарларға деген сұраныстың
болуы әр түрлі айнымалы шамаларға байланысты. Тұтыну
тауарларына сұраныс негізінен табыспен байланысты, ал
инвестициялық тауарлар пайыздық мөлшерлемемен байланыты
болады. Бірақ бұл айырмашылықтар үстіртін қарастырылған,
өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауарлардың нарығын бір
– бірінен шектеу үшін, олардың салыстыр - малы бағаларын білу
керек.
Кейнс моделінде бұл жасалмаған, сондықтан да
экономистер тауар нарығының барлық түрлерін бір нарық
деп қарастырады.
Бұл бөлімнің міндеті, осы нарықтардың құрылымын
тура анықтаудан тұрады, бұл жердегі маңызды мәселе
олардың арасын -дағы өзара байланысын табу. AD – AS
үлгісін қарастырғанда бұл өзара байланыс болжанған,
өйткені тауар мен қызмет көрсету бағаларының өзгеруі
тікелей ақша сұранысына әсер етеді.
Ақша нарығында пайыздық мөлшерлемесінің ауытқуы
жиынтық шығындар шамасына әсер етеді. IS – LM үлгісін ең
алғаш рет Дж. Хикс (Хикс “кресі”) 1937 жылы ұсынған.
А. Хансеннің 1949 жылы шыққан “Монетарлы теория
және қазынашылық саясат” атты кітабы арқылы ол көпшілікке
мәлім болды, содан кейін ол Хикс – Хансен үлгісі деп
аталып кетті.
IS – LM үлгісі (инвестиция – қор жинағы, ұнамды
өтімділік – ақша тепе – теңдігінің үлгісі. Тауар және ақша
нарықтарында бір мезгілде тепе – теңдік қалыптасу үшін,
қажетті табыс көлемі Ү пен нарықтық пайыз мөлшерлемесі R
– дің тіркемесін табуға үлгі мүмкіндік береді.
Сондықтан да, IS – LM үлгісі AD – AS үлгісінің
нақтыланған түоі болып табылады.
Инвестициялар пайыз мөлшерлемесінің теріс функциясы,
ал тұтыну - нақты табыстың оң функциясы екенін білеміз,
демек жиынтық сұраныс теңдеуі төмендегідей:
AD = C (Y) + I (R)
Ал ұсыныс, Кейнстің айтуынша, мынадай болады.
AS = C (Y) + S (Y)
Тауар нарығындағы тепе – теңдік жағдайы келесі
теңдікті орындағанда ғана орын алады.
I (R) = S (Y)
Берілген теңдеуді ДЖ. Кейнс анықтаған, тауар
нарығындағы классикалық тепе – теңдік жағдайы үлгісінен
басқаша.
I (R) = S (R)
Төмендегі теңдеу классикалық үлгідегі тауар
нарығындағы тепе – теңдікті көрсетеді. Бұл теңдеулердің
айырмашылығы қор жинағы функциясының аргументінде.
IS – LM моделінің негізгі теңдеулері:
1) Y = C + I + G + Xn - негізгі макроэкономикалық
тепе – теңдік. Мұндағы:
2) C = a + b (Y – T) - тұтыну функциясы.
3) I = e – d · R - инвестиция функциясы.
4) Xn = g – m´ · Y – n · R - таза экспорт
функциясы.
5) MP = k · Y – h · R - ақшаға сұраныс
функциясы.
Модельдің ішкі айнымалылары:
Ү (табыс), С (тұтыну), І (инвестиция), Хn (таза
экспорт), R (пайыздық мөлшерлеме).
Үлгінің сыртқы айнымалылары:
G (мемлекеттік шығындар), Ms (ақша ұсынысы), t
(салық мөлшерлемесі).
Эмпирикалық коэффициенттер:
(a, b, e, d, g, m, n, k, h) оң мәндер және
салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.
Қысқа мерзім кезеңінде экономика ресурстардың
толық қамтылған жағдайында болады. (Ү ≠ Ү*), баға деңгейі Р
тұрақты (анықталған), ал пайыз мөлшерлемесі К және жиынтық
табыс Ү өзгермелі. Р = const тұрақты, өйткені барлық
айнымалылар атаулы және нақты мәндері сәйкес келеді.
Ұзақ мерзім кезеңінде экономика ресурстардың толық
қамтылған жағдайында болады.
(Y = Y*), баға деңгейі Р өзгермелі. Бұл жағдайда
айнымалы Мs (ақша сұранысы) атаулы шама болады, ал
үлгідегі басқа айнымалылар - нақты шама болады.
IS қисығы тауар нарығындағы тепе – теңдікті
көрсетеді..
IS қисығы басқа факторлар тұрақты болған кездегі
(G, T) пайыз мөлшерлемесі (R) мен жиынтық табыс (Y)
арасындағы байланысты көрсетеді.
2 суретте қор жинағы бейнеленген. Табыстың (өнім
көлемінің) Ү1 – ден Ү2 – ге өсуіне байланысты қор жинағы S1
– ден S2 – ге өседі.

Мемлекеттік шығындар G – дің жоғарылауы және
салықтың төмендігіне байланысты IS қисығы оңға қарай
жылжиды. Салық мөлшерлемесі (t) өзгеруіне байланысты IS
қисығының бұрыштық көлбеуі өзгеруі мүмкін, ол өзгеріс
табысы саясатының салдарынан болады, өйткені табысы жоғары
отбасылары үшін тұтынудың шекті ыңғайы табысы төмен
отбасылармен салыстырғанда төмен болады. Ал басқа
факторларға (d, n, m’), макроэкономикалық саясатқа әсерін
тигізбейді.
LM қисығы ақша нарығындағы тепе – теңдікті көрсетеді.
LM қисығының графигі - ақша ұсынысының (Ms) белгілі
бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе – теңдікке сәйкес
келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың арасындағы
байланысты көрсетеді.

LM қисығының графигі

5 - сурет. Ақша нарығы. 6 - сурет. LМ қисығының
нақты қоры.
Төмендегі шарттар орындалғанда LM қисығы жатық
болады, егер:
1) ақшаға сұраныстың сезімталдығы, нарықтық пайыз
мөлшерінің өзгерісінен (һ) жоғары болса;
2) ақшаға сұраныстың сезімталдығы (ЖҰӨ)
өзгерісіне (к) төмен болса.
Баға деңгейінің төмендеуі (Р) және ақша
ұсынысының өсуі (Мs) LM қисығын оңға қарай жылжытады.
Үлгідегі тепе – теңдік IS және LM қисықтарының
қиылысында болады.
Салыстырмалы тікше LM қисығы мен жатық IS
қисықтарының тіркемесінде ынталандырылған ақша – несие саясаты
өте тиімді болады.
Жатық LM қисығы нені білдіреді? Ақша жиынының
өсуінің нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің сәл ғана
төмендеуіне ақша нарығы тепе – теңдікте болады. R
динамикасына егер І және Хn өте сезімтал болса да,
пайыз мөлшерлемесінің мұндай әлсіз төмендеуі, инвестиция
мен таза экспортты өте көп өсіре алмайды. Сондықтан
жалпы өнім көлемінің өсімшесі өте аз шама.
Тікше орналасқан IS қисығы нені көрсетеді?
Пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуіне, таза экспорт пен
инвестиция әлсіз ғана өседі, өйткені d және n
коэффициенттері аз шама, сондықтан пайыз мөлшерлемесінің
төмендеп, ақша ұсынысының өте жоғары өсуінде де өнімнің
өсімшесі өте көп өспейді.
Тікше орналасқан IS қисығының және жатық
орналасқан LM қисығының тіркемесінде монетарлық саясаттың
тиімсіздігі төмен болады. Бұл жағдайда пайыз
мөлшерлемесінің мәні аз шамада төмендейді, бірақ Xn мен
І тарпынан серпіліс өте төмен болады, сондықтан өнімнің
жалпы өсімшесі өте үлкен болады және (Ү0Ү1) – ге тең. (11
сурет).

11 – сурет.

1.3. Филлипс қисығы, Лаффер қисығы, Кейнс кресі, Солоу
модельдеріне қысқаша түсініктеме.

Классикалық мектептің экономистері нарықтық жүйе ұзақ
мерзімді кезеңде экономикадағы ресурстарды толық пайдалануды
қамтамасыз етеді деп пайымдаған болатын. Оның өзінде анда-санда
туып қалатын сәйкессіздіктер рыноктың автоматты түрде өзін-өзі
реттеу негізінде шешіледі. Соның арқасында, ең соңында, жұмыспен
толық қамтамасыз етілу негізінде нәтижесінде экономикада
өндірістің тиісті деңгейіне қол жетеді.
30-шы жылдардың “Ұлы тоқырауы” мұндай көріністерді
жоққа шығарды. АҚШ-та 1930 жылдан бастап, төрт жыл қатарынан,
өндіріс көлемі мен нақтылы табыс ұдайы қысқарып отырды. 1929
жыл мен 1933 жылдардың аралығында АҚШ-та жан басына шаққандағы
табыс әуелі 30%-ға құлдырады. Әсіресе жұмыссыздық
американдықтардың есінде сақталынып қалды. 30-шы жылдары
жұмыссыздардың орташа үлесі 19%-дан астамды құрады. 1933 жылы
құлдыраудың ең төменгі нүктесінде жұмыссыздар ресми түрде
өздерінше тіршілік етуші халық -тың 25%-ы болып саналады.
30 жылдардың тәжірибесі классиктердің баға және
жалақы, әсіресе қысқа мерзімді кезеңде, болар-болмас өзгереді
деген ойлары -ның дұрыстығына күшті күдік тудырды. Шындығында
да, ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында-ақ монополиялар мен
кәсіподақтар -дың, ең аз жалақы туралы заңнаманың және басқа
факторлардың болуы баға мен жалақының сырғымалылығын
тоқтатуға қол жеткізді.
Кейнсиандық модель баға мен жалақы, әсіресе қысқа
мерзімді кезеңде, болымсыз өзгереді дегенге негізделген.
Кейнсиандық тұжырымдама, сонымен бірге, классикалық
теория -ның ұсыным өз сұранысын тудырады деген ережесін де
жоққа шығарды. Кейнс, кері себепті-салдарлы байланыс – тұтас
сұраным ұсынымды тудырады дегеннің болатындығына сендірді.
Егер тұтас сұраным жетімсіз болса, онда өндіріс
көлемі жұмыспен толық қамтамасыз етілген жағдайдағы әлуетті
сұранымға тең болмайды. Икемсіз баға кезінде экономика
жұмыссыздықтың жоғары деңгейінде ұзақ уақыт бойы тоқырау
жағдайында болады
Бұл модельден шығатын қорытынды - мемлекет сұранымды
ынталандыруға бағытталған белсенді макроэкономикалық саясатты
жүргізе отырып, экономиканың дағдарыстан шығуына ықпал етуге
тиіс.
Алайда Кейнс мыналарды дәлелдеп шықты:
1. Сұраным азайғанымен, бағаның түспей тұруы мүмкін.
Ірі сатушылардың рыноктағы өктемдігі, кәсіподақтардың жалақы
ставкасын бекітуге тырысуы, ұзақ метзімді келісім –
шарттардың болуы - мұның бәрі бағаның түсуіне кедергі
келтіреді. Ал егер баға түспей қойса, онда тұтас сұраным
ақшаның сатып алушылық қабілетінің өсуіне жеткізбейді және
тек өндірістің құлдырауына әсер етеді.
2. Ақшаға сұраным айтарлықтай артуы мүмкін, себебі
халық баға түсетіндігін болжап, ақша құнының өсетіндігін
күте бастайды.
3. Экономикалық шешім қабылдау кезінде күтудің рөлі
аса зор болады. Шешім екіұштылық жағдайда, қателесу
ықтималдылығы зорайған кезд, экономикалық жүйеде ретсіздік
жайланған кезде қабылданады. Экономика мұндай жағдайда
өндірістің өнім шығару көлемі өндірістік қуаттан айтарлықтай
кем түсіп, ал жұмыссыздық -тың деңгейі жоғарылап кеткен
жағдайда белгісіз уақыт бойы тұралап қалуы мүмкін.
Экономиканы мұндай жағдайдан алып шығу үшін, тұтас
сұранымды, әсіресе, инвестиция жағынан сүйемелдеп жіберу
керек. Кейнс сұранымның ең белгісіз бөлігі - инвестиция
деп санаған. Адамдар әдетте салыстырмалы тұрақты деңгейде
тұтынушылық шығындарды қолдайды, керісінше, инвестицияны
кесіп тастауға оп – оңай шешім қабылдайды.
Кейнстің есептеуінше бай елдерде адамдар өздерінің
табыстары -ның (табыс өсімінің) барлық қомақты бөлігін жинақтауға
бейімдеу келеді, бірақ жинақтаудың барлығы инвестицияға
айналмайды. Алайда, барлық пайдалы жобалар жүзеге асырылып,
төмен табысты болып қалады. Демек, экономикалық өсуге орай
мемлекет инвестицияны ынталандыруы керек.
Инвестицияның тіпті болымсыз өзгерісі жалпы ұлттық
өнім мен жұмыспен қамтылудың мультипликациялық өсуін тудырады.
Осы ықпалдың өте дәл анықтамасы ретінде Кейнстің
теориясындағы мультипликатор деп ЖҰӨ өзгерісінің инвестиция
өзгерісіне тәуелділігін көрсететін коэффициент танылады.
Инвестициялар өскенде, бастапқы ақшалай инвестицияға
қарғанда ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнім) анағұрлым зор көлемде
өсетін болады. Бұл - инвестициялар мультипликациялық (үдей түсу)
эффектіге жеткізеді дегеннен шығады.
Бірінші эффектіден басқа, екінші, үшінші және тағы
басқалар туады. Бір сферадағы жұмысбастылық басқа салада
да туынды тәрізді жұмысбастылықты тудырады. Көбейтпелі бұл
эффект - мультипликациялық эффект деп те аталады.
Инвестициялардың өсімшесіне көбейтілген мультипликатор
ЖҰӨ өсімшесін береді.
Кейнс инвестициялардың мультипликаторына әсер тигізетін
жинақтауға шектеулі бейімділік және тұтынуға щектеулі
бейімділік және тұтынуға шектеулі бейімділік деген
көрсеткіштерді ендірді. Бұл көрсеткіштер адамдардың табыс
өсімін қалай жұмсайтындықтарын байқатады.
Кейнсиандық тұжырым нарықтық экономикадағы мемлекет
рөлінің жаңа әдісінің теориялық негіздемесі болып
табылды. Экономикадағы мемлекеттің бейтараптылығы туралы
классикалық идеяның орнына, “инфляциясыз толық
жұмысбастлыққа” жету үшін нарықтық экономикаға мемлекеттің
үйлестіргіштік араласуы -ның қажеттілігі деген идея келді.
Бұл идея қоғамдық санада және мемлекеттік экономикалық
саясатта соғыстан кейінгі кезеңде орнықты.
Салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің
теориялық дәлелдемесі ретінде американ оқымыстылары – “ұсыным
экономикасы -ның” 80 – шы жылдардың басында осы мәселені
зерттеген өкілі американ экономисі А. Лаффер және басқалары
әзірлеген салық салудың үдемелілігі мен бюджет кірістері
арасындағы тәуелділік қызмет атқарады.
А. Лаффер осы мәселені қарағанда мынандай ой
түйген: салық өсімінің жоғары болуы адамның экономикалық
белсенділігін бәсеңдетіп, оларды салық төлеуден қашуға
итермейді. Қызмет жасау арқылы табатын табыстың өмір
сүруден гөрі, олар жәрдем ақыға өмір сүргенді жөн
санайды.
Бұл теорияға сәйкес қызметке мөлшерлеменің белгілі
бір шекке дейін қсуі салықтық түсімдердің өсуіне
мүмкіндік туғыза -ды, одан кейін өсу бәсеңдейді, сонан соң
бюджеттің кірістері кенет құлдырайды. Бұдан экономиканы,
ең алдымен инвестициялық белсенділікті ынталандырудың
міндетін салық ауыртпалығын түбегейлі жеңілдетудің жолдарынан
іздестіріп, шешу керек деген жалпы түйін жасалынған.
Экономиканың қозғаушы күші, бұл оқымыстылардың пікірлері
бойынша, - бұл нарыққа бағыт -талған экономикалық қарекеттегі
шарушылық агенттерінің ынталылығы. Егер бұл қарекет оларға
пайдалы болса, онда ұдайы өндіріс интенсивті қарқындарда
жүзеге асырылатын болады. Лаффердің ойы бойынша, бюджетке
салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың табыстарының бүкіл
сомасының 30% - ынан артық алуға болмайды. Егер табыстың
40 – 50% алынатын болса, онда бұл жинақ ақшаны,
сонымен қатар экономиканың жекеше секторындағы инвестицияны
да қысқартады.
Сөйтіп, қисық сызық салықтар мөлшерлемелерінің шамасы
мен олардың есебінен мемлекеттік бюджетке қаражаттардың
түсуі арасындағы өзара байланысты қамтып көрсетеді.
Салықтың мөлшерлемесі артқан кезде мемлекеттің кірістері
салықтар есебі -нен алғашқыда көбейеді. Егер салық
мөлшерлемесі бір шекарадан - t' нүктесінен асып кетсе, онда
салық түсімдерінен түсетін кірістер азая бастайды. Жоғары
салықтар өндірістің ынталандырыл -маларын төмендетеді және
олардың есебінен мемлекеттің кірісте -рін азайтады және
керісінше. Салықтардың төмендеуі мұндай жағдайда мемлекет
қаржысының жай – күйін жақсартады.
Табыс салығының мысалы жалақыға енгізілуі де
экономика -лық шығынға әкеледі. Осы жағдайда кәсіпкерлер
бұрынғыға қарағанда еңбек үшін көбірек төлеуге мәжбүр
болады, ал жұмысшылар бұрынғыға қарағанда азырақ алады.
Одан басқа табыс салығы ынталандыруға жағымсыз әсер етеді
- еңбек ету тілегін төмендетеді, оның нәтижесінде жоғары
салық өлшемдері кезінде мемлекет салықтық төлемдерді аз
алады. Осы құбылыс Лаффер қисығында бейнеленген.
Берілген қисық абцисс осімен - салық мөлшері t
көрсетілген координата құрылады. Салықтың нөлдік мөлшерінен
бастап t - нің өсуі түсімдерінің өсуіне әкелетіндігі
көрсетілген.
Бірақ А нүктесінен кейін салық мөлшерінің келесі
ұлғаюы жағымсыз ынталандырушы әсер еткендіктен салықтық
түсімдердің көлемін қысқартады. Бұл А нүктесінен кейін
Лаффер қисығы соға қарай ауытқи бастайды. Сонымен tA-
дан төмен салық мөлшері үшін олардың ұлғаюы салықтық
түсімдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді, ал tA - дан асатын
салық мөлшері мемлекетке табысты азырақ әкеледі; 100%
мөлшер кезінде салық түсімі нөлге дейін төмендейді.
Жеке табыс салығын салу, фискалдық мағынасынан
басқа, маңызды әлеуметтік функция орындайды – халықтың түрлі
әлеуметтік топтарының табыстарын теңестіруді қамтамасыз етеді.
Қазіргі жағдайда “монетарлық теория” өзі туралы
барынша айқын көрсете білуде. Осы теорияны жақтаушылар
жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс
жүргізбеуінде екендігі - мен түсіндіреді. Ақша массасын
дұрыс басқара отырып, өндіріс процесін реттеуге болады.
Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және
жұмыссыздықты басады. 1958 жылы жаңа зеландиялық
экономист Олбен Филлипс (1914ж.ж.) осы ықпалды өлшеп
көрсететін сұраным инфляция моделін жасап ұсынған екен.
1861 – 1956 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика
мәліметтерін қолданып О. Филлипс еңбекақы кесімдері мен
жұмыссыздық деңгейлерінің арасындағы кері қатынасты
білдіретін қисық сызықты анықтаған.
Филлипстің анықтауынша, Англияда жұмыссыздықтың
2,5 – 3% - тен артық өсуі бағалар мен жалақыны күрт
тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы баға мен
еңбекақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады.
Басқаша айтқанда, ұллтық экономикада жұмыссыздықты
инфляцияның өсу қарқынын арттыру арқылы қысқартуға
болады.
Егер қалыптасып отырған жұмыссыздық, мысалы,
U1 (Р1 – инфляция деңгейіндегі) өте жоғары деп саналса,
онда бұл жұмыссыздық деңгейін қысқарту мақсатында белгілі
ақша – несие және қаржы – бюджет іс – шараларының жүргізілуі
қажет болады. Жұмыссыздықты қысқарту үшін өндірістің
өсуіне қосымша жағдай жасалады. ЖҰӨ - нің өсуі жалпы
сұранымның өсуіне байланысты, жалпы сұраным өскен жағдайда
тауар бағалары да өседі, ал нарық бағаларының деңгейі
өскенде ұсыным, өндіріс ауқымы өседі, түптеп келгенде,
ЖҰӨ өседі. Ұлттық өндірістің өсуі өндіріс факторларына,
оның ішінде еңбекке қосымга сұранымды қалыптастырады,
жұмыссыздық қысқарады. Айталық жұмыссыздықтың үлес салмағы
U2 – ге дейін қысқарған болсын, онда инфляция қарқыны
Р2– ге дейін көтеріледі. Бұл экономиканың “қызуын” арттырып,
дағдарыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақстанның демографиялық жағдайының математикалық моделі»
Экономикалық өсу жайлы ақпарат
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қазақстан Республикасының экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
Халықтың жоғарғы өсу қарқыны
Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе- теңдік теориялары
Экономикалық өсу типтері мен факторлары
Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері
Экономикалық өсудің математикалық модельдері
Экономикалық өсудің жаңа моделі
Пәндер