МЕМЛЕКЕТТЕГІ ПРЕЗИДЕНТІК БИЛІК НЫСАНДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1 ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТЕП ҚҮҚЫҚТЫҚ ТҰҒЫРНАМАСЫ

1. 1 Мемлекеттік билікті басқаруда ерекше орын алатын

1. 2 Президенттік сайлаулар жүйесі

2 Тарау МЕМЛЕКЕТТЕГІ ПРЕЗИДЕНТІК БИЛІК НЫСАНДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Қазақстан Республикасы Президентік билік нысандарындағы ерекшеліктері

2. 2 Президентік билік нысандарындағы шетелдік мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың маңыздылығы. Қазақстанның құқықтық мемлекет құру идеалы мен азаматтық қоғамды орнатуға ұмтылу ынтасының іске асуы, мемле кеттік басқару нысанының соған сәйкес түрленуімен, сомдалуымен және басқару жүйесінід тиімділігімен тығыз байланысты.

Мемлекеттік басқару нысаны объективті түрде кез келген елдің әлеуметтік және саяси өмірінің негізі, оның өзегінің көрінісі ретінде саналады. Мемлекеттік басқару нысаны ретінде Қазақстанға президеыттік институтты енгізу посттотолитарлық уақыт пен өтпелі кезеңнің талабына сай келіп, қиыншылықтан шығудың дүрыс жолы болды.

Сонымен қатар, басқару нысанынан елдін, тарихи -ұлттық ерекшелігі, қоғамның саяси- мәдени дәстүрі, халық менталитетінің белгілері орын алуы керек. Тек осы жағдайда ғана оның барлық қолайлы, жағымды сипаттары толығымен айқындалып, нәтижесінде мемлекеттік билікті толықтай тиімді қамтамасыз етеді. Керісінше, ұлтқа жат идеялар мен саяси институттарды күштеп будандастыру қоғамдық қатынастарды шиеленістіруге, қоғамды түсініксіз мемлекеттік нысанның көлеңкесінде қалдырып, тоқырауға әкеліп тірейді.

Екі ғасырдан астам өмір сүрген Америка континентінде пайда болған президенттік институт бірте-бірте жаңа кеңістікті жаулап алды. Дегенмен, бір континенттен екінші континентке, бір елден екінші елге, бір тарихи кезеңнен келесісіне өтуде ол неше түрлі өзгеріске ұшырады, яғни, демократияның өзіндік ұғымын бейнелейтін, қоғамдағы түлғалық рөлі мен орныи білдіретін жаңа ерекшеліктер мен сипаттарға ие болды.

Тарихи түрғыдан аз уақыт өмір сүруіне қарамастан, Қазақстандағы осы институттың билік идеясы өзінің қозғалысын ашып, маңызды өзгерістерге төтеп берді. Оған негіз болған Қазақстанның бірінші Президентінің ұстанған ұлт пен мемлекеттің эволюциялық жолмен даму саясаты [1, с159] . Ол үшін 1995 жылғы Конституция ережелерін 1993 жылғы Қазақстандық Конституциямен салыстырудың өзі жеткілікті.

Бұл қозғалыстан президенттік биліктің күшейіп, заң қабылдау процестері үкімет тиімділігінің жетілдірілгенін, екі палаталық Парламенттің үкіметті тікелей бақылау ауқымының төмендегенін аңғаруға болады.

Бүгінгі күнгі өзгерістер және келешекте орын алар оң өзгерістер тұрғысыыан Қазақстандық президенттік басқару жүйесінің тәжірибесін, онын, өкілдік ерекшеліктерін зерттеу және алып отырған орнына жан-жақты терең баға беру кезекте тұрған өте қажет мәселе.

Академик Н. А. Сахаровтың "Жалпы айтқанда, президенттік институтты талдауға байланысты мәселе келешекте кеңінен және әр алуан және жан-жақты анық зерттеуді қажет етеді" [2, с173] деген пікірі көңілге қонатындай.

1 ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТЕП ҚҮҚЫҚТЫҚ ТҰҒЫРНАМАСЫ

1. 1 Мемлекеттік билікті басқаруда ерекше орын алатын

Президенттің негізгі қызметі (функциясы)

Президенттің функциясы - термині Президенттің негізгі, аса маңызды

қызметінің бағытын білдіру үшін қолданылады. Құқықтық мемлекеттегі заң шығару, атқару және сот билігі қызметінің негізгі бағыты жалпы табиғи мәнге ие. Олардың ең басты мақсаты қоғамның үйлесімді қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

Президенттік институттың функцияларындағы оның мәні, қоғамдық дамудың негізгі мәселелерін шешудегі, ең алдымен, ел тұрғындарының сан алуан мүдделерін қанағаттандырудағы шынайы ролінен көрінеді. Президент функциясы оның дамуының әр түрлі кезендерінде мемлекет алдында тұрған негізгі мақсаттарға, мемлекеттік басқару жүйесіне байланысты (президенттік, жартылай президенттік және парламенттік) қойылып, осы мақсаттарды жүзеге асырудың құралы болып табылады. Президент функциясының мазмұны әр түрлі ішкі және сыртқы факторларға байланысты анықталады.

Мәселен, елдің экономикалық өміріндегі дағдарыстар президенттен осы экономикалық міндеттерді шешу үшін күш- жігерді үйлестіруді талап етеді. Қылмыстың өршуі президентті оған қарсы күресті күшейтуде, оны тудыратын себептер мен жағдайларды табу және жоюда дер кезінде маңызды іс-қимыл жасауға бағыттайды. Сыртқы агрессия қаупі президентті ел халқын оған тойтарыс беруге дайындауға жүмылдырады.

Әр түрлі елдердегі президент институты функциясының ортақ
сипаттары бар: президенттің әрбір функциясының мазмұны мемлекеттік
қызметтің біртектес аспектілерінің жиынтығынан тұрады; мемлекеттік
қызметтің ұқсас тұстары олар ықпал ететін қоғамдық қатынастардың
өзгешеліктері мен сипаттарына орай бір функцияға біріктіріледі;
қызметтің белгілі бір түрлеріне арнайы белгіленген көптеген мемлекеттік
органдардың (ІІМ, Сыртқы істер Министрлігі, Прокуратура)
функциясымен салыстырғанда президенттің функциясы белгілі бір
мемлекеттік қызметті жүзеге асырудағы жекелеген органдардың мәнін
төмендетпестен, мемлекеттік қызметтің барлық аспектісін қамтиды;
олар кешенді, жинақы сипатта болып келеді; оларда мемлекеттің
күш-қуатын ішкі және сыртқы қызметінің маңызды, шешуші

бағыттарына жұмылдыру көрініс тапқан; президенттің функциясын оларды жүзеге асырудың нысандарымен және әдістерімен теңестіруге болмайды: президенттің нақты функциясы мемлекеттік қызметтің осы бағытымен тығыз байланысты мемлекеттік билікті жүргізудің мазмұны, нысаны мен әдістерінің бірлігі болып табылады.

Қазіргі замандағы президенттің барлық мемлекеттік қызметі негізгі мақсатқа: адам игілігіне, онын, адамгершілік және материалдық жағдайының жақсаруына, құқықтық және әлеуметтік қорғалуына шоғырландырылуы қажет. Президент - жоғарғы сақтаушы және жеке

түлғалардың завды мүдделерін қорғаушы болуға тиіс. Жеке тұлғалар арқылы Президент қоғамның ілгері басуына ықпал етіп, оны жетілдіреді және қоғамдық қатынастар жүйесін байыта түседі.

Кез-келген қазіргі заман қоғамының өмірі негізгі екі аспектіде: елдің ішкі және сыртқы аренасында өтеді. Сондықтан, президент қызметінің барлық негізгі бағыттары да қоғамдық өмір айналымына қарай ішкі және сыртқы деп бөлінеді.

Президент функциясының іс-қимылы ұзақтығына қарай тұрақты және уақытша (төтенше) болып бөлінеді.

Президент түрақты функциясын қызметінің барлық кезеңінде жүзеге асырады. Уақытша функциялары төтенше сипаттағы нақты мақсаттар орындалғаннан кейін тоқтатылады. Президенттің қызметін жеке- дара (премьер-министр мен министрліктер тарапынан контрассигнацияны талап етпейтін) және алқалы (президент тиісті контрассигнациядан кейін жүзеге асыратын) деп бөлуге болады.

Президенттің ішкі функциясы - ел президентінің қоғамның ішкі өмірін басқарудағы қызметінің негізгі бағыттары.

Оларды саралауды мемлекет қызметінің айналымына қарап жүргізген жөн. Олар экономикалық және әлеуметтік функция, сондай-ақ қаржы бақылау, кұқық тәртібін қорғау мен экологиялық деп бөлінеді.

1) Экономикалық функция - президенттің ел экономикасын неғүрлым оңтайлы тәртіпте дамытудың стратегиялық бағыттарын жасауы мен үйлестіруінен көрінеді [4, с 204-221] .

Нарықтық тауарлы қатынас кезінде өмір сүрген қүқықтық

мемлекетте экономиканы мемлекеттік реттеу негізінен әкімшілік емес, экономикалық жолмен жүргізіледі. Қазіргі заманғы қүқықтық мемлекетте президенттің экономикалық қызметі мына бағыттардан көрінеді:

  • Президент қоғамның экономикалық өміріне тұтас ықпалжасайды, ол мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды және оныңорындалуын бақылайды;
  • Ел көлемінде экономикалық даму бағдарламасын үйлестіреді, өнеркәсіптік және ғылыми зерттеулер ;
  • Материалдық игіліктерді өндірушілерге өндірісті ынталандыруүшін субсидия береді.

1. 2 Президенттік сайлаулар жүйесі

Мемлекет басшысын сайлаудың негізгі үш үлгісі бар. Грецияда, Италияда, ГФР -да Президентті Парламент сайлайды. АҚШ пен Үндістанда тандаушылар арқылы сайланады. Францияда, Австрия мен Мексикада - төте және жасырын дауыс беру арқылы жалпыхалық сайлау арқылы сайланады.

Жоғарыда атап өткеніміздей, Германия Федеративтік

Республикасында Президентті Парламент сайлайды. Мұндай тәртіп Парламенттік Респуликаға тән. Ол үшін Германия Федеративтік Республикасы Конституциясының 54- бабының 3 тармағында көрсетілгендей, Парламенттің (Бундестаг) төменгі палатасы мүшелерінен және пропорционалдық бастама негізінде өлкелердің халық өкілдіктері сайлаіаы мүшелердің тең санынан тұратын Федералдық Жиын құрылады. Президенттікке кандидаттарды алдыңғы қатарлы партиялар ұсынады және Конституцияда көрсетілгендей, осы сайлауларды жүргізу барысында Федералдық Жиында пікірталасына жол берілмейді. Федералдық Жиын мүшелерінің көпшілік дауысын жинаған тұлға сайланды деп есептеледі. Егер дауыс берудің екі турында басым көпшілік дауыс жинамаса, келесі турда неғұрлым көп дауыс жинаған кандидат сайланды есептеледі.

Греция, Португалия, Чехия, Словакия, Полыпа, Венгрия мемлекеттеріндегідей Германия Федеративтік Республикасьшың Президенті де бес жыл мерзімге сайланады. Германия Федеративтік Республикасындағы Президент сайлауына басқа да елдердегідей белгілі бір талаптар қойылады. Бұл талаптар Германия Федеративтік Республикасының негізгі заңының 54 бабында көрсетілген. Біріншіден, ұлттық этникалық талап, яғни, президентке кандидат міндетті түрде ГФР азаматы болуы керек (әр бір неміс президент бола алады) . Екіншіден, сайлаыу құқығы болуы қажет, яғни, оның Парламенттің төменгі палатасына сайлану құқығы болуы керек. Дәл осындай нормалар Австрияда да қолданылады. Үшіншіден, жас талабы, яғни, Президенттікке кандидаттын, жасы қырықтан төмен болмауы тиіс. Германия Федеративтік Республикасының Президентін бір мәрте ғана қайта сайлауға жол беріледі.

Федералды Президент қызметке кірісу барысында Бундестаг және Бундесрат мүшелерінің алдында ант қабылдайды. Германия Федеративтік Республикасында Президент қызметке кідірместен, дереу кірісіп кетеді.

Бұрынғы КСРО Президентін сайлауда халық депутаттары съезі арқылы сайлау пайдаланылды. Ресейдін, бірінші Президентін сайлауда жалпыхалықтық дауыс беру үлгісі пайдаланылды. Бұл үлгі несімен қызғылықты?

Францияда бұл үлгіні таңдау кездейсоқ емёс, себебі француз мемлекеті басшысының жағдайы едәуір ерекшеліктерге ие. Бұл ең алдымен, Бесінші республика негізін қалаушы генерал Шарль де Голльдің жетекшілігімен жазылған және Франциядағы қазіргі Негізгі Заңнан өзінің жарқын көрінісін тапқан президенттік биліктің бүкіл концепциясына байланысты түсіндіріледі. Бұл концепцияның бастысы, президенттің халық алдында тікелей есеп беруі, зандылық пен тәуелсіздіктің жарқын бейнесі болатын халықтармен және осы тәуелсіздікті білдіретін адаммен байланысы болып табылады. Бесінші республика президентінің пікірі бойынша президент пен халық арасында өзіндік келісім шарт жасалынады, оны өзі сайлаған жетекшіге сенім білдіруден бас тарту арқылы халық қана бұза алады.

Бұл жеті жылда бір рет өтетін жалпы сайлаулар арқылы мемлекет
басшысын тікелей сайлаумен қамтамасыз етіледі. Президентке елді
дамытудың ірі жобаларын жүзеге асыру үшін, мемлекеттік биліктің
мұрагерлігін қамтамасыз ету үшін, ағымдағы саяси және партия аралық
күреске тәуелсіз болмау үшін жеткілікті мерзім қажет. Франция

Президенттігіне кандидатқа дауыс беру елде мажоритарлық жүйеде, барлық іс-қимыл ең ұсақ тетігіне дейін ойластырылған екі турда өтеді. Президенттік қызметке кандидат:

  • 23 жасқа толған Франция азаматы болуға тиіс;
  • қылмыстық іс және жекелеген азаматтық қылмыстар туралы сотүкімі ( мәселен, сайлау қорытындыларын қолдан жасағаны үшін), сырттай үкімдер, кандидатурасын ұсынған кезде төленбегенқарыздары үшін сот қудалауы, және т. б. болмауы шарт;
  • Францияда қазіргі кездегі мемлекеттік сайланбалы лауазымдағыпарламент мүшелерінен бастап муниципалдық кеңесшілерге дейінгіқызметте отырғандардың 500 кепілдік қолын ұсынуы керек, және теколардың оннан бірі ғана бір департамент пен Францияның теңізсыртындағы иелігі атынан қол қоя алады;
  • дауыс берудің бірінші турына дейін 17 күндік мерзімнен кешіктірмей10 мың франк көлемінде кепілақы беруі шарт.

Осы талаптарды орындаған кез-келген адам 20 күннен аспайтын мерзім ішінде және қызмет жасап отырған президенттің өкілеттік мерзімі аяқталғанға 35 күн қалғанға дейін кешіктірілмей дауыс берудің бірінші турына кандидат ретінде тіркеледі. Сайлау науқаны "Журнал офисьель" ресми бюллетеньде президенттік қызметке кандидаттар тізімі жарияланғаннан кейін басталады. Бұл сайлаудың бірінші турына 2 апта қалғанға дейін кешіктірілмей өткізіледі. Бірінші турдың алдындағы науқан екі аптаға, (әрдайым жексенбі күні өтетін келесі дауыс беруге дейінгі жұма күнгі 24-00 сағатта аяқталады), ал екінші турдың алдында - бір аптаға созылады. Оның өтуін құрамына мемлекеттік кеңес төрағасының орынбасары, кассациялық соттың және есептеу палатасының бірінші төрағалары, сондай-ақ олардың екі өкілі енген арнайы комиссия бақылайды.

Америка Қүрама Штаттары Конституциясының 1 бөлімінің П бабына сәйкес осы елде туган, онда кем дегенде 14 жыл өмір сүрген, 35 жасқа толған кез-келген азамат АҚШ Президенті болып сайлана алады.

Саяси партиялар президенттің "келбетіне" байланысты өз талаптарын жасады: ол тәртіп бойынша, ақ адам, протестант, шешен, университет түлегі, үлгілі отағасы болуға тиіс, спортпен шұғылданып, төрешілдікке икемді болуы керек, бюрократизм мен қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуі шарт. Ол А. Линколнь секілді деревняның қарапайым үйінен Ақ үйге дейін жол салған адам болып көрінуі қажет.

Президент екі төртжылдық мерзімнен артық мерзімге сайланбауы керек. Бұл шектеу президенттік мерзімде төрт жыл отырған Рузвельт өнегесі қайталанбас үшін 1951 жылы конституцияға XXII түзету арқылы енгізілген болатын.

АҚШ Президентін сайлау - өте күрделі процесс. Ол негізгі үш кезеңнен тұрады: партияның ішіндегі ниет білдірушілердщ сайлау алдындағы күресі, екі партиядан президентке ресми кандидаттардың сайлау науқаны, ел президентін сайлау.

Бірінші кезең бірінші ниет білдіруші өз кандидатурасын президенттік қызметке ұсынған кезден және оның сайлау округінде қаржы жинау мен үгіт жүргізуінен басталады. Сайлаушылардың тиісті санын жинаған кез-келген саяси партия өз кандидатураларын ұсын. уға құқылы.

Сайлау алдындағы сөрелік "жарыс" сайлау жылындағы ақпан айынан бастап шілдеге дейін созылатын президенттікке кандидаттардың "праймериздердің" бірінші сайлауымен аяқталады. "Праймершдерден" кейін талапкерлердің саны едәуір қысқарады.

Оларды тек ұлттық партия съездері бекіткеннен кейін ғана талапкерлер АҚШ Президенті қызметіне партиялардың ресми кандидаты бола алады. Съезд делегаттары саяси дәстүрге сәйкес, бірінші турдағы өз дауыстарын өз сайлау округіндегі праймериз барысында жеңіске жеткен талапкерге беруі тиіс.

Үшінші кезеңнің басталуы - әрбір кәбиса жылдыд біріыші сейсенбісінен басталып, АҚШ-тағы жалпыұлттық сайлауларға дейін созылады. Алдын-ала тіркелген сайлаушылар тұрғылықты жерлерінде дауыс береді. Бірақ бүл күні американдақ сайлаушылар Президент үшін емес, таңдаушылар алқасының мүшелері үшін дауыс береді. АҚШ Президентін сайлау тікелей емес, жанама түрде екі кезеңде өтеді. Таңдаушылар әрбір штатта бірьщғай тізіммен көпшілікке

байланысты мажоритарлық жүйеде сайланады. Тізімі ең көп дауыс алған партия осы штаттағы барлық таңдаушыларды өзіне алады. Кейбір штаттарда дауыс беру тізімінде таңдаушылардың тізімі емес, нақты партиядан президенттік қызметке кандидаттардың аты-жөні тіркеледі. Дауыс беру тәртібі сайлау бюллетеньдерін, сондай-ак сайлау машиналарын пайдалану мүмкіндігін қарастырады.

Таңдаушылар алқасы федерализм қағидасы бойынша қальштасады: әрбір штат конгреске қанша сенатор мен өкіл жіберсе, сонша таңдаушы сайлауға кұқылы.

Колумбия федералдық округі үш таңдаушы сайлайды. Сол жылғы желтоқсанның екінші сәрсенбісінен кейінгі бірінші дүйсенбіде бір ай бұрын сайланғаы таңдаушылар өз штаттарыньщ астанасында жиналып, өздерінің штатындағы қатардағы сайлаушылардың ең көп дауысын алған президеитке кандидатқа жеке дауыс береді. (Президентті сайлау үшін карапайым көпшіліктің дауысы жеткілікті) .

Грецияда Президентті депутаттар палатасы 5 жылға сайлайды. Президентті қайта сайлау бір рет қана мүмкін. Соғыс жағдайында президенттік мандат ол біткенге дейін ұзартылады (Конституциянын, 30 бабы) . 32 бапқа сәйкес депутаттардың жалпы санының бестен үшінің дауысын алған тұлға республика президенттігіне сайлана алады.

Италия Конституциясының 83 бабына сәйкес Республика Президентін мүшелерінід бірлескен мәжілісінде Парламент сайлайды.

Коиституция дауыс берудің бірінші турында дауыстың үштен екісін талап етуіне байланысты (төрттен бастап толық көпшілік жеткілікті), нақты тұлғаны сайлау кезінде саяси партиялардың кең келісімі қажет. ¥лттық бірлікті білдіретін мемлекет басшысы ретіндегі президенттік қызметтің маңызы сайлау кезіндегі саяси партиялардың аяусыз және бітіспес күресін білдіреді. Егер республиканың уақытша президенті Э де Никола бірінші турда сайланса, Л. Эйнауда - төртінші турда (1948-1955 жж. ), Д. Гронки - төртінші турда (1955-1962 жж. ) сайланған. Келесі президент А. Сеньиді сайлау үшін тоғыз тур (1962-1964 жж. ), Д. Сарагати үшін 21 тур (1964-1971жж. ), Д. Леон үшін 23 тур (1971-1978 жж. ) қажет болса, ал социалист А. Портили 1978 жылы маусымда дауыс берудің 16 турында маидат алды.

Республика Президенті болып елу жасқа толған, азаматтық және саяси құқықтарды пайдалана алатын кез-келген азамат сайлана алады. Республика Президенті қызметін басқа лауазыммен қосақтауға болмайды. Италия Республикасының Президенті жеті жылға сайланады.

"РСФСР Президентін сайлау туралы" Завды қабылдауда әлемнің өзге елдерінде ( мәселен, Францияда) осындай іс- қимылды заң арқылы рәсімдеу тәжірибесі ескерілді. Жоғары лауазымды тұлғаны және Ресей Федерациясының атқару билігінін, басшысын сайлауды жоғарыда көрсетілген заң бойынша Ресей азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жалпыға тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жүргізеді.

35 жасқа толған және 65 жастан аспаған, осы Заңга сәйкес сайлау құқығы бар Ресей азаматы Ресей Президенті болып сайлана алады, ол 5 жыл мерзімге сайланады, бірақ екі реттен артық сайлана алмайды. Осы баптың талаптарын бұзу президент сайлауың заңсыз деп тануға әкеліп соғады.

2 Тарау МЕМЛЕКЕТТЕГІ ПРЕЗИДЕНТІК БИЛІК НЫСАНДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Қазақстан Республикасы Президенті билік нысандарындағы ерекшеліктері

Қазақстанда президенттік институт билігінің қалыптасуы ең алдымен тарихи объективтік факторлар жиынтығынан және субъективтік алғышарттардан тұрады. Бұл алғышарттардың екеуі де жақындап қалған КСРО-ның ыдырауының әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық және идеологиялық шарттармен және қоғамда саяси түбірлі өзгерістер қажеттігінід өсуімен, бұдан әрі мемлекетті басқарудың жаңа, кеңестік дәуірден кейінгі нысанына ауысу шарттарымен тығыз байланыста болды.

Қазақстанда президенттік басқару нысанының басым болуы бірнеше факторлардан: атап айтқанда, шынайы саяси процесс және қалыптасқан азаматтық қоғам жағдайында саяси партиялардың болмауынан; мемлекеттік органдардың қоғамды, оның тұрақтылығы мен дәйекті дамуын ыңғайлы басқаруға қабілетсіздігінен; өкіметтің күш-жігерін жұмылдыруды қажет ететін құқықтық мемлекеттің бастапқы кезеңінің қалыптасуынан; елдің экономикасын қайта кұру жөнінде жедел де қажетті шешімдерді қабылдау арқылы экономикалық процесстерді реттеу; сондай-ақ азаматтардың елді бір адамның басқаруына үйреншікті мінез-құлқынан тұрады. Сондықтан да Қазақстанда президенттік институттың пайда болуы объективті де, субъективті де факторлардан тұрады.

Әр елдерде президенттіктің құқықтық мәртебесі, президенттік басқару нысаиының пайда болуы мен барысының тарихи-құқықтық аспектілерін зерттеу Қазақстандағы президенттік институттың алғы шарттарының біріне айналды. Құқықтык Конституция негізінде жүзеге асырылатын президенттік институт қоғам өміріндегі тұрақтылықты, әлеуметтік қатынастардың қарқынды дамуын, азаматтардың мемлекетті басқару ісіые белсенді араласуын, мемлекеттің қоғамға бағыныштылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Президенттік институт өркениеттілікке жетуге, әлеуметтік қарым-қатынастардың қолайлы дамуына және қоғамдағы әлеуметтік топтар мен тұлғалардың дамуы үшін алдыңғы қатарлы жағдай жасауға қызмет етеді. Сондықтан да осы аталған міндеттерді ойдағыдай шешу үшін әлемнің әр алуан елдеріндегі президенттік институттың құқықтық мәртебесі мен мемлекеттік басқару нысанының маңыздылығын ғылыми зерттеу қажет деп санаймыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны түрлері
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
Конституциялық құрылыс түсінігі ретінде мемлекет тірегін, оның конституциялық мемлекет сипатын қамтамасыз ететін негізгі қағидаларын танимыз
Билік функциялары
Билік туралы
Құқықтың тарихи типтері
Қазақтың тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев
Мемлекет ұғымы (түсiнiгi ) және оның белгi-нышандары
Адам және азаматтардың конституциялық міндеттері
Мемлекеттегі парламенттік басқару нысандарындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz