Республикалық және жергілікті бюджеттердің қазіргі кезеңдегі орындалу барысын талдау



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.2 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен жобалаудың теориялық және
методологиялық аспектілері

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮЖДЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУ
2.1 Республикалық және жергілікті бюджеттердің қазіргі кезеңдегі
орындалу барысын талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Үкіметтің таңдап алған эконмикалық саясаты негізінде жасалынатын әрбір
дамып жатқан қоғамның экономикалық құрылымның құрылуына және дамуында
алдыңғы, аңықтаушы рөлді мемлекеттік реттеу алады. Соның ішінде мемлекетке
өзінің экономиалық және әлеуметтік реттеуін жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін аса маңызды механизмдердің бірі – қоғамның қаржы жүйесі. Осы қаржы
жүйесінің ең маңызды саласы – мемлекеттік бюджет. Осы қаржы жүйесі арқылы
мемлекет мемлекет органдарына жүктелген қызметтерін орындауға мүмкіндік
беріп, орталықтанған және орталықтанбаған қаржы қорларының құрылуына ықпал
етеді.
Бюджеттің ролі, мәні және процедуралық аспектілері экономикада
нарықтық қатынастардың белсеңді өзгеруі жағдайында түбегейлі өзгереді.
Бюджет мемлекеттің саясатын жүзеге асыру бойынша негізгі құрал болып
табылады. Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және
қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және білім сферасын
дамыту, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыруды көрсету, және
де экономиканың нақты секторының дамуын қолдау сұрақтарын шешу бюджетке
негізделеді. Нарықтық экономикасы бар мемлекеттің институционалды негізінің
элементі болып бюджет табылады. Бюджеттің бағытын анықтаған кезде бюджеттік
саясаттың барлық аспектілерімен тығыз байланыстағы мемлекеттің экономикалық
қауіпсіздігінің мүдделерін ескеру керек.
Бюджет – қайта өндіру процесінің жүзеге асырылуының аса маңызды
құралы. Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаның орындалуына, қоршаған
аймақты қорғауды қамтамасыз етілуіне, ғылыми – техникалық процесті
жетілдіруге, қорғаныс саласының дамуына және басқа да мемлекеттік
қызметтерді орындауға шарттар жасалынады. Сондықтан шаруашылық механизмінің
бюджеттік қатынастарды дамытпай, ғылыми жетілген бюджетті саясат
орындалмай, бюджеттік процесті басқаруының эффективті жүйесі болмай дұрыс
жұмыс істеуі болмайды.
Сол сияқты, біздің еліздегі эконмикалық реформалауы қоғамдық қаржы
жүйесінің қайта құрылуы қай бағыттарда болтынына, мемлекеттің бюджеттік
саясаты заман талаптарына сәйкестігіне тәуелді.
Қаржылық баланс жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орынды алуда. Ол
жыл сайын заң түрінде нақтыланып отырады және мемлекеттің ақша қаражатының
орталықтандырылған қорын дұрыс қолдану және құру бойынша экономикалық
қатынастардың жүйесі болып табылады.
Жоспарлау өз кезегінде мақсаттардың, приоритеттердің жолдарын және
оларға жету құралдарын анықтаудың ғылыми негізделген процессі. Тәжірибеде
ол жоспар құру арқылы жүзеге асады. Оның негізгі ерекшелігі көрсеткіштердің
нақтылығы, олардың сандық және уақыт бойынша анықталғандығы болып
табылады.
Осы жұмыстың негізгі мақсаты қоғамдық қаржы жүйесінің маңызды элементі
болып табылатын мемлекеттік бюджеттің, оның құрылуының, орындалуы мен
ұйымдастырылуының, бюджеттік жүйе мен бюджеттік процестің негізгі шарттарын
талдау болып таблады.
Бұл жұмыста экономикалық қауіпсіздік мүддесінің Қазақстандағы бюджетті
жоспарлау процедурасымен сәйкестігіне талдау жасалды. Нарықтық моделі бар
экономикасы дамыған елдерде болжамдау мен жоспарлау экономиканы мемлекеттік
реттеудің маңызды құралы болып табылады. Бұл құралды мақсатты түрде
қолданып, бұл елдер техникалық прогресте, халықтың өмірлік деңгейін
жоғарлатуда және басқа да әлеуметтік-экономикалық облыстарда көптеген
жетістіктерге жеткені белгілі. Соған байланысты шет мемлекеттердің
тәжірибесі де сараланды.

І. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.2 Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен болжаудың теориялық
және методологиялық аспектілері

Республикалық бюджет жобасын дайындау үшін Қазақстан
Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрады. Бұл комиссия
Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрілігімен енгізілген
республикалық бюджет жобасының негізгі болжамдық көрсеткіштерін
қарастырады.Бюджеттік процесте басты рөлді Қаржы Министрлігі атқарады. Ол
ҚР-ның Президентінің жыл сайын халыққа үндеуін ескере отырып, территория
дамуының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларына және елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарының негізгі
параметрлеріне негізделе отырып алдағы үш жылдық мерзімге мемлекеттік
бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін жасайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда
елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімдік (бес жылдық) және
ағымдағы (жылдық) индикативті жоспарлары құрылуда.Қоғамдық іс-әрекеттердің
барлық аспектілерінің стратегиялық жоспарлануы және реттелуі бойынша
практикалық жұмыстарды өкіметтің атқарушы органы Қазақстан Республикасының
Үкіметі жүзеге асырады.Экономиканы реттеуге және жоспарлық жұмысқа тікелей
қатысатын ҚР Үкіметінің жұмысшы органдарының жүйесіне, ең алдымен,
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін жатқызамыз. Бұл
Министерства ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында қарастырылатын квартал
сайын “Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
қорытындысы” атты доклад құрайды. Мұнда аналитикалық және кестелі-
графикалық материалдармен көрсетілген есепті мерзім ішіндегі экономика
дамуының тенденциясына көңіл бөлінеді, қалыптасқан негативті факторларды
шешудің жолдары көрсетіледі, және де алдағы кварталға экономикалық дамудың
болжамы беріледі. Материалдар Министерствалар мен Агенстволардың,
облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, отандық және шетелдік
эксперттердің ақпараттарына негізделеді.
Индикативті болжамды көрсеткіштерімен салыстыра отырып экономиканың
нақты көрсеткіштерінің мониторингісі жүргізіледі. Пайда болған
өзгерістердің негізінде ауытқудың себептері талданады және оларды жақсарту
бойынша ұсыныстар беріледі.
ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі басқаруды жүзеге
асыратын орталық атқарушы орган болып табылады және заңнамамен көрсетілген
аяда ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, ҚР-ның
стратегиялық жоспарын және ҚР-ның әлеуметтік-экономикалық дамуының
индикативті жоспарын жасаудың салааралық үйлесуін басқаруды жүзеге асырады
және ортамерзімге мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және
сәйкесінше қаржылық жылға республикалық бюджет жобасын құрастырады 8.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі
бағыттарын жасаумен ҚР-ның экономика және бюджеттік жоспарлау
Министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып келетін экономикалық саясат және
индикативті жоспарлау Департаменті айналысады.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштерінің нақты тізімі өкілетті
органмен анықталады, яғни ол ҚР Қаржы Министрлігі және ҚР Ұлттық
Банкісімен келісе отырып жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасының
экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі.
Республикалық индикативті жоспарды жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде алдағы қаржылық жылға республикалық және жергілікті
бюджеттердің жоспарларының және алдағы үш жылдық мерзімге мемлекеттік
бюджеттің болжамды көрсеткіштерінің құрылуының негізі болып табылатын
Республикалық индикативті жоспар жасалынады.
Министрлік орталық және жергілікті басқару органдарына, басқа да
мемлекеттік органдарға, және де ұлттық компанияларға республикалық
индикативті жоспар Баяндамасының құрылымы мен көрсеткіштерінің тізімін,
формасын жібереді. Одан кейін Министрлік алдағы үш жылдық мерзімге
арналған экономика дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамын
жасайды және оны Республикалық бюджеттік комиссияға қарастыруға жібереді.
Республикалық индикативті жоспардың Маңызды көрсеткіштерінің болжамы
бюджеттік комиссиямен қолдауы жасалғаннан кейін Министірлік үш күндік
мерзімде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, басқа да мемлекеттік
органдарға, және де ұлттық компанияларға жоспардың көрсеткіштерін қайта
жібереді.
Екінші кезеңде елдің экономикасының дамуының болжамдық бағаларының
нақты анықталуы және бюджеттік комиссиямен қарастырылғанын ескере отырып,
бөлімдердің түзетілуі жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында бюджеттің құрылуы бюджеттік тапсырыстардың
қосылуына және бюджеттік ұйымдар арасында шектеулі қаражаттың ары қарай
нақты бөлінуіне келіп тоқталуда. Нәтижесінде өз кезегінде төлемсіздік
тізбегін әкелетін, несиелік қарыз тудыратын,”нақты емес” бюджет құрылатын.
Әсіресе, арнайы шоттар мәселесін айта кету керек. Олардың бар болуы тиімді
жоспарлау мәселесін бұзатын: тәжірибеде арнайы шоттар арқылы бір соманы
қабылдау кезінде мемлекеттік органдар қосымша пайда алатын, сөйтіп, олар
коммерциялық іс-әрекетке бағытталған және көбінесе, өздерінің негізгі
функцияларына тиімсіз жұмыс істеген 8.
Сонымен, бюджетті құру процессі мемлекеттің нақты мәселелерін шешуге
көмектеспеді және де ең бастысы қабылдау керек болған шаралардың, және іске
асыруға жататын бағдарламалардың қаржылық қамтамасыз ету сұрақтарын
шешпеді. Бюджетті құру және қабылдау кезінде бағдарламалық приоритеттер
есептелмеген жағдайда, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мәселесін шешу өте қиын.
Мысалы, осы жылдың бірінші кварталында мемлекеттік бюджеттен әр түрлі
бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін 264,9 млрд.теңге шығындалған.
Бұл көрсеткіш жылдың алғашқы үш айында әубастан жоспарланған шығынның
сомасынан 80% аз шаманы құрайды. Айта кететін жайт, бұл жерде тек қана
қажетті, бірақ жоспарланбаған нәрселерге бюджеттік қаражаттың шашылуы
туралы айтылып тұрған жоқ,сонымен қатар облыстық өкілдердің республикалық
бюджеттік комиссия алдында айқай-шумен қорғаған бағдарламаларының
қаржыландырылусыз қалды деген сөз. Қаржы Министрлігігің есебі бойынша
мұндай қаржылық диетадан зардап көргендер отынды-энергетикалық комплекс
және жер қойнауын қолдану (мұнда бірінші кварталда жоспарланған істің тек
жартысы ғана қаржыланд ырылған), ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және
қоршаған ортаны қорғау (60%-дан аз), мәдениет, спорт, туризм және
ақпараттық кеңістік (70%-дан аз) 9.
Көптеген аймақтарда бірінші кварталда өздерінің аймақтық
қаражаттарын дұрыс қолдана алмаған. Бұл жерде көзге түскендер, олар Батыс
Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстары, сонымен қатар Астана және
Алматы қалалары. Бұнымен қатар басқа барлық аймақтарда қазна табысы
бюджетті құрған кезде жоспарланғаннан көп болып шықты. Нәтижесінде, алғашқы
үш ай қортындысы бойынша барлық аймақтарды қоса алғандағы фактілі табыстары
шығындарынан асып түсіп, 22 млрд.теңгені құрады.
Бұл жоспарланбаған миллиардтар ең бастысы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігінің көп штаттарына және оның аймақтық бөлімшелеріне
қарамастан, біздің елімізде сапалы бюджеттік жоспарлаудың жоқ екенін
дәлелдейді.
Жалпы елде 1999 жылдан бастап жоспарлаудың жаңа жұмыстары жүргізіле
басталған. Жаңа әдістер мен процедуралар бюджеттік қаражатты тиімді және
нәтижелі босатуға көңіл аударумен бюджеттік жоспарлау процесіне енгізілді.
Бұл, ең бастысы, қойылған мемлекеттік мақсатқа жету үшін қажетті осы
мақсаттардың табыс көлемімен есебін, жоспарланатын жүйе үшін басты
мақсаттарды шешуге бағытталуын, ресурстардың бір қалыпты концентрациясын,
салық төлеуші қаражаттарының мүмкіншіліктерін және басқа да мемлекеттік
табысты жалпы мемлекеттік бағдарламамен өлшемдеуді талап етеді.
Бюджеттік жоспарлаудың жақсаруына республикада бюджеттік бағдарламалау
әдісінің енгізілуі ықпал етті. Бұл әдіс бағдарлама әкімшіліктері арасында
ресурстарды бөлу, мемлекеттік приоритеттерді басқару мен құру үшін негіз
болып табылады. Сонымен қатар бюджеттік бағдарламалаудың артықшылығы
құрылатын бюджеттің негіздемелі болуын қамтамасыз ету, бағдарлама
жасалуының нәтижесіне көңіл бөлу; транспарантты ақпаратты қоғамға көрсете
алу мүмкіндігін ашу және есепберудің жоғары болуы болып табылады.
Бюджетті жоспарлау процесіндегі позитивті өзгерістерге қарамастан,
тәжірибеде жаңа нормалардың іске асуы нашар болып келеді 10. Оның ішінде
негізгілері:
─ республикалық бюджетті құру кезіндегі есептелетін негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштердің толық бағаланбауы;
─ жергілікті бюджеттердің қаржылық міндеттерін жүзеге асыру кезінде
белгілі бір қиыншылықтарға әкелетін, республикалық бюджет пайдасына келетін
салықтық түсімдердің орталықтандырылуы;
─ мақсаттар мен мәселелердің негізделуінің жеткіліксіздігі;
─ жыл бойы республикалық бюджеттік бағдарламаның теңсіз орындалуы,
және керісінше қаржылық жылдың соңында орындалуы;
─ бөлек республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалмауы немесе
толық орындалмауы.
Ендігі кезекте бюджетті жоспарлау негіздеріне кеңінен тоқталып өтейік.
Бюджеттi жоспарлау туралы жалпы ережелердің қатарына жататындар:
1. Бюджеттi жоспарлау жоспарланып отырған кезң¦ге арналған бюджет
түсiмдерiнiң көлемiн және басымдықты ескере отырып, мемлекеттiң әлеуметтiк-
экономикалық даму мiндеттерiне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау
жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу процесi болып табылады.
      2. Бюджет бiр қаржы жылына жоспарланады. Кезектi қаржы жылына
арналған бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде алдағы үш жылдық кезеңге арналған
бюджеттiң болжамы жасалады.
      3. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан
Республикасының Президентi айқындайды. Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын
әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Бюджеттi жоспарлау қағидалары:
• сабақтастық қағидасы - бюджеттi алдыңғы кезеңде негiзге алынған
орта мерзiмдi фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және
ағымдағы қаржы жылдары бюджетiнiң атқарылу нәтижелерiн ескере
отырып жоспарлау;
• басымдық қағидасы - бюджеттi алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған
әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып
жоспарлау;
• негiздiлiк қағидасы - бюджеттi нормативтiк құқықтық актiлер және
бюджет жобасына белгiлi бiр түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу
қажеттiгiн айқындайтын басқа да құжаттар негiзiнде жоспарлау және
олардың көлемдерiнiң негiздiлiгi бюджеттi жоспарлаудың негiзгi
принциптерi болып табылады.

      Мемлекеттiк мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн
қызметтердi) сатудан түскен өздерiнiң иелiгiнде қалатын ақша түсiмдерi мен
шығыстарының тиiстi қаржы жылына арналған болжамы бюджеттiк жоспарлау
жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша жасалып,
бюджеттiк өтiнiммен бiрге табыс етiледi.
Бюджеттiк бағдарламалардың (iшкi бағдарламалардың) тiзбесi
белгiленген нысанда өткен жылғы есептiлiк деректерiн, ағымдағы жылға
арналған жоспарлы көрсеткiштердi және алдағы үш жылдық кезеңге арналған
болжамды көрсеткiштердi көрсете отырып, алдағы үш жылдық кезеңге әкiмшi
жоспарлайтын бюджеттiк бағдарламаларды айқындайды 11.
Бюджеттiк бағдарламаға түсiндiрме жазба жоспарланып отырған бюджеттiк
бадарламаның қысқаша сипаттамасын айқындайды, оның мәнiн, республиканың
немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуына қажеттiгi мен рөлiн ашып
көрсетедi, өткен жылғы бюджеттiк өтiнiмнен ауытқу себептерiн көрсетедi.
Бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама) паспортының жобасы бюджеттiк
бағдарламаның мақсаттарын, мiндеттерiн, нормативтiк-құқықтық негiздемесiн,
күтiлетiн нәтижелерiн, iс-шараларын, жауапты орындаушыларын, орындау
мерзiмдерiн, ұлттық валютамен көрсетiлген құнын, қаржыландыру көздерiн
айқындайтын құжат болып табылады. Бюджеттiк бағдарлама (iшкi бағдарлама)
бойынша шығыстардың есебi бекiтiлген заттай нормалар ескерiле отырып
айқындалатын бюджеттiк бағдарламалардың сандық және құндық көрсеткiштерiн
ашып көрсетедi.
Бюджеттiк өтiнiмдердi қарау тәртібін қарастырамыз.
1. Бюджеттiк өтiнiмдердi бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган
қарап, оларға бағалау жүргiзедi және солар бойынша тиiстi қорытынды
дайындайды. Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмдi шығыстар
лимитi шегiнде енгізуге мiндеттi.
      2. Бюджеттiк комиссия бюджеттiк өтiнiмдер мен бюджеттiк жоспарлау
жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындысын қарап, олар бойынша шешiм
қабылдайды.
      3. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттiк жоспарлау
жөнiндегi уәкiлеттi органның арасындағы келiспеушiлiктердi бюджеттiк
комиссия қарайды.
      4. Бюджеттiк комиссия бюджеттiк бағдарламалар бойынша түпкiлiктi
шешiм қабылдағаннан кейiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi қосымша
өтiнiмдердi ұсынуға құқылы емес.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасын әзiрлеу. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган
Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы
қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын
жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi. Алдағы
қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын
қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1
тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады. Тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтiнiнде:
- алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кiрiстерiнiң,
шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттiк кредит беруiнiң,
қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялар бойынша сальдосының,
тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi
пайдаланудың) көлемдерi;
- жалақының, зейнетақының, айлық есептiк көрсеткiштiң ең төменгi
мөлшерi;
- жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлар
көлемi;
- республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн бюджеттiк
субвенциялар көлемi;
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервi мөлшерi;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша
мiндеттемелердi орындау сомасы;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитi;
- Үкiметтiк борыш лимитi болады.
Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекiту  туралы жалпы ережелер.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын
Қазақстан Республикасының Үкiметi жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың
1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне
енгiзедi12. Қазақстан Республикасының Үкiметi алдағы қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде мынадай
құжаттарды және материалдарды:
      1) әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмді жоспарын;
      2) алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық
саясатты;
      3) республикалық бюджеттiк бағдарламалар паспорттарының
жобаларын;
      4) республикалық бюджеттiң түсiмдерi бойынша негiздемелер мен
болжамдық есептердi;
      5) соңғы есептiлiк күнгi жағдай бойынша мемлекеттiк және
мемлекет кепiлдiк берген борыштың жайы туралы деректердi;
      6) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасында
негiзге алынған шешiмдердi ашып көрсететiн түсiндiрме жазбаны табыс етедi.
      Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасы Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында кемiнде екi
оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрiлмей бекiтiледi
12. Қазақстан Республикасының Парламентi ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына
дейiн алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды
қабылдамаған жағдайда, Қазастан Республикасының Президентi алдағы қаржы
жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы
жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджеттi Қазақстан Республикасының
Парламентi бекiткенге дейiн қолданылады. Алдағы қаржы жылының бiрiншi
тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30
желтоқсанынан кешiктiрiлмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық
бюджет жобасының төрттен бiр бөлiгі көлемiнде бекiтiледi. Республикалық
қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүзеге
асырылады.
      Кезектi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық
қаржылық жоспар бекiтiлген жағдайда, осы қаржы жылына арналған
республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешiктiрiлмей тиiс. Бұл ретте
аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бiрiншi
тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескерiле отырып бекiтiледi.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң
қосымшаларымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдағы қаржы жылының
бiрiншi тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы
қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Өкiлдi органдардың бюджет жобасын қарауының негізгі принциптерi
1. Өкiлдi органдар бюджет жобасын қараған кезде мынадай принциптердi
ескереді:
• негiздiлiк принципiн;
• бюджеттiң теңдестiрiмдiлігін сақтау принципiн13.
Негіздiлiк принципi депутаттардың бюджет жобасына
өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу туралы кез келген
ұсыныстары,  тиiстi есептердi оларға қоса тiркей отырып, осы
түзетулердi енгiзудiң қажеттiгiн, олардың әлеуметтiк-
экономикалық даму басымдықтарына сәйкестiгiн жазбаша баяндаумен
қатар жүруге тиiс екендiгiн бiлдiредi.
      Бюджеттiң теңдестiрiмдiлiгiн сақтау принципi
депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгерiс пен толықтыру
енгiзген кезде бюджет тапшылығының мөлшерiн бюджет жобасында
белгiленген деңгейден асырмай сақтау үшiн түсiмдердiң қосымша
көздерi не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиiс екендiгін
бiлдiредi.
Республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасының Парламентiнде
қарау. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi мен Сенатының жалпы
отырыстарында талқылау Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген
адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының орта мерзiмдi әлеуметтiк-
экономикалық даму жоспары, орта мерзiмдi фискалдық саясат және тиiстi қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы бойынша,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша
баяндамаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары
уәкiлеттiк берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса
баяндамаларын қамтиды. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталары
жалпы отырыстарда алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заңның жобасы бойынша республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi
басшыларының сөздерiн тыңдауға құқылы. Алдағы қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңның жобасы Қазақстан Республикасы Парламентi
палаталарының бiрлескен отырысында кемiнде екi оқылымда қаралады.

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮЖДЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУ
2.1 Республикалық және жергілікті бюджеттердің қазіргі кезеңдегі
орындалуын талдау

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы өзінің жеке бюджет
саясатын қалыптастыра бастады. Алғаш қабылданған тәуелсіз мемлекетіміздің
заңдарының бірі Бюджет жүйесі туралы заң болды. Республикадағы
бюджетаралық қатынастарды реттеу заңдылықтарының негізі осы заң болып
табылды. Бұл заңға сәйкес жергілікті бюджет республикалық бюджеттен
тәуелсіз, сонымен қатар төменгі деңгейдегі бюджеттердің қалыптасу үрдісіне
жоғарғы органдардың араласуына шектеу қойылған, жергілікті органдарға қолда
бар қаражаттарын еркін пайдалануға құқық берілген.
Қазақстандағы бюджеттік үрдіс Бюджет жүйесі туралы Заңның үш рет
(1991, 1996, 1999 жылдар) қабылдануына куә болып, сонымен іргелесе келе
жатыр. Соңғы қабылданған (1999 жылғы) жаңа заң негізінде республикалық
және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, орындау және бақылаудың
жаңа тәртібі анықталды. Осы заңмен бюджет қаражаттарын қалыптастыру мен
жұмсаудың қағидаларына өзгерістер енгізілді, атап айтқанда:
1. Орталық және жергілікті билік органдарының функциялары бөлінді,
республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын
бағдарламалардың тізімі анықталды;
2. Аймақтар бюджетінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін олардың
орындайтын функцияларына сәйкес бюджет деңгейлерінің арасында
табыстарды бөлу белгіленді.
3. Бюджеттің кредиторлық қарызының өсуінің алдын алу механизмдері
жасалынды.
4. Барлық бюджеттен тыс қорлар қысқартылды.
Бұл заң шынайы тенденцияларға едәуір жақын болғанмен де, бюджет
үрдісін жеткілікті деңгейде реттеуге дәрменсіздеу, кемеліне жетпеген болып
шықты. Сонымен 2004 жылдың 24 сәуірінде Бюджет Кодексі қабылданды (2005
жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді). Бұл Кодекс бюджеттік және
бюджетаралық қатынастарды реттейтін және бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің
негізгі ережелерін, қағидалары мен механизмдерін, бюджет қаражатының
құрылуы мен пайдаланылуын белгілейтін болады.
Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жоспарлаудың қазіргі
жағдайына аналитикалық баға беру үшін бюджеттің орындалуына талдау жасау
керек. Бұл мақсатта 2005 жылы Республикалық және жергілікті бюджеттердің
орындалуын қарастырып өтейік.

Кесте 1 - Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы
Республикалық бюджет Жергілікті бюджет
2008 жылғықоры-тыбір жылға 2007 жылғықоры-тыбір жылға
н- бекітілген1 қаңтарған-дысы-бекітілге
1 қаңтарғадысы-набюджетке кассалық на н
кассалық кассалық атқарылуы,%-бен бюджетке
атқарылуы,%-бен атқарылуынмлн.теңге кассалық
млн.теңге ың %-ы атқарылуы
ның %-ы
1 2 3 4 5 6 7
Түсімдер 722034 100,0 101,7 486289 100,0 104,4
Табыстар, оның 649000 89,9 101,7 355676 73,1 104,2
ішінде:
Салық түсімдері603396 93,0 104,0 343855 96,7 104,4
Салықтық емес 39348 6,1 76,4 5575 1,6 86,8
түсімдер
Капиталмен 6256 1,0 94,6 6246 1,8 111,5
жасалатын
операциялардан
түскен табыстар
Алынған ресми 57630 8,0 100,0 122926 25,3 107,2
трансферттер
Кредиттерді 15404 2,1 106,7 7696 1,6 76,5
қайтару
Шығыстар 768935 100,0 97,0 479119 100,0 99,5
Шығындар, соның730459 95,0 97,1 471957 98,5 99,8
ішінде
Жалпы сипаттағы42738 5,9 96,0 21220 4,5 146,1
мемлекеттік
қызмет көрсету
Қорғаныс 40415 5,5 91,3 7153 1,5 100,3
Қоғамдық тәртіп73779 10,1 99,9 17771 3,8 99,6
пен қауіпсіздік
Білім беру 23203 3,2 98,9 130966 27,7 99,2
Денсаулық 19104 2,6 100,5 74087 15,7 98,9
сақтау
Әлеуметтік 202043 27,7 97,9 40145 8,5 97,3
қамтамасыз ету
және әлеуметтік
көмек беру
Тұрғын 10321 1,4 99,5 33986 7,2 94,7
үй-коммуналдық
шаруашылық
Мәдениет, 12879 1,8 99,5 20910 4,4 96,8
спорт, туризм ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы бюждет жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
Жергілікті бюджеттің қалыптасуының теориялық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
Жергілікті бюджет және жергілікті салық салу жүйесінін құрылымы.
Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Салықтық бақылауды ұйымдастыру
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні және оның ұйымдастырушылық негіздері
Бюджеттің қорғанысқа жұмсалатын шығындарын жоспарлау және қаржыландыру
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен болжаудың теориялық және методологиялық негіздері
Мемлекеттік бюджетті жоспарлау мен болжаудың теориялық және методологиялық негіздері туралы
Пәндер