ҚР-ҒЫ МЕМЕЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
1. 1 Мемлекеттік қызмет мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру құралы ретінде . . . 5
1. 2 Мемлекеттік қызметтің ұғымы, маңызы және қағидалары . . . 9
1. 3 Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері . . . 13
2 ҚР-ҒЫ МЕМЕЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ . . . 17
2. 1 Мемлекеттің қызметтің Франциядағы ұйымдастырушылық тәжірибесі . . . 17
2. 2 Мемлекеттің қызметтің шетелдік тәжірибесін Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктері . . . 24
3 ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ НЕГІЗІНДЕ ҚР МЕМЕЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ . . . 28
ҚОРЫТЫНДЫ … . . . 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 31
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформалардың басымдылықты бағыттары мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады.
Осыған байланысты Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында еліміздің даму басымдықтарының бірі ретінде кәсіби үкімет пен мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтің тиімді жүйесін құруды анықтады .
Қазақстан Республикасы егемендік алған кездің алғашқы жылдарында-ақ мемлекеттік қызметті дамыту мәселесі қолға алынған болатын. Бірақ оның заңнамалық негізі әлі де болса жетілдірілмеген еді. 2002 жылы қабылданып, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қызметтің осы түрінің кеңінен дамуына жол ашып берді. Содан бері қарай мемлекеттік қызмет саласында көптеген нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданып, іске асырылды да.
Қазақстан кең көлемді территорияны иеленеді, осыған байланысты еліміздің аймақтары табиғи байлықтарының қалыптасуына, климаттық жағдайларына және т. б. негізделген әртүрлі экономикалық әлеуетке ие. Сонымен қатар аймақтар демографиялық, этникалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Осыларға байланысты мемлекеттік қызметті дамытуда да басқа елдермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері болады. Осыған орай мемлекеттік қызметтің даму барысын зерделей отырып, оны болашақта дамыту мәселелерін қарастыруға деген қажеттілік туындайды.
Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құруға қойылып отырған жаңа талаптар мемлекеттік қызметтің жағдайын зерттеу, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің мәртебесіне қатысты мәселелерді зерделеу қажеттігін негіздейді. Осылардың барлығы да Курстық жүмысдық тақырыптың өзектілігін негіздейді.
Елбасымыз «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткенiндей: «Үкімет әкімшілік реформада көзделген Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік негізінде дамыту жөніндегі шараларды жедел қарқынмен іске асыруға тиіс».
Курстық жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті ұйымдастырудағы шетелдік тәжірибе теориялық негіздерін қарастыру негізінде қазіргі жағдайдағы мемлекеттік қызметтің даму барысын талдау және оның тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:
- мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру субъектісі ретіндегі мемлекеттік қызметтің сипатын айқындау;
- мемлекеттік қызметтің мәнін, ерекшеліктерін және қағидаларын қарастыру;
- мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздерін талдау;
- экономика мен әлеуметтік саланы дамытудағы мемлекеттік қызметтің орнын айқындау;
- мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін көтеру жағдайын талдау;
- мемлекеттік басқару жүйесіндегі әкімшілік реформалардың тиімділігін қарастыру;
- мемлекеттік қызметтің шет елдік тәжірибесін саралай отырып, оны Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктерін айқындау;
- мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру шаралары жөнінде ұсыныстар жасау.
Курстық жұмысының объектісі - Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет. Зерттеу пәні - мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында қалыптасатын қатынастар. Курстық жүмыс жұмысы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде мемлекеттік қызметтің рөлі мен мәні, ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен қатар жұмыстың бұл бөлімінде қазіргі кезеңде өзекті проблемалардың біріне айналып отырған мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздерімен байланыстырыла отырып қарастырылады.
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Мемлекеттік қызмет мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру құралы ретінде
Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның алғашғы жылдарында басымдылықты көңіл мемлекеттілікті бекіту, күшейтуге, халықаралық аренада орын алуға, әлеуметтік экономикалық сферда реформалар жүргізуге аударылды. Дамудың қазіргі кезеңінде, яғни тәуелсіздіктің жалпы ұлттық негізі құрастырылған кезде басымдылықты тапсырмалардың бірі мемлекетік қызметті дамыту болып табылады.
Мемлекеттік қызметтің даму барысын зерттемес бұрын, мемлекеттік басқару, оның қағидалары мен қызметтері, әдістері және т. б түсініктерін анықтауға тоқталған жөн.
Нарықтың азаттық, бәсеке және демократиялық тәртіп барын сипаттайтын қазіргі экономикада маңызды орын мемлекеттік ықпалға берілген.
Осыған байланысты мемлкеттік басқару нарықтық механизмнің тиімді қызмет етуін; таза нарықтық механизмдерді қолдану мақсатсыз және тиімді емес әлеуметтік, экологиялық және басқа сфераларды ретеуді; әлемдік масштабында мемлекеттілікті және мемлекет позициясын бекітуді күшейтуге қызмет етуі керек.
Мемлекеттік басқару - мемлекеттің өзінің органдар және лауазымды тұлғалары арқылы қоғамдық процесстерге, адамдардың танымына, іс-әрекеттеріне және қызмет етулеріне бағытталған, ұйымдастырушылығына әсер етуі керек. Ол қоғамда субьективті фактор шегінде жүзеге асырылады және билікті құрылым негізінде ұйымдасқан адамдардың материялдық әлеуметтік және басқа өнімдерінің (тұтыну құндылықтарының) ұдайы өндіріс салаларында қызмет ететін адамдарды басқару әсерін білдіреді.
Мемлекеттік басқару тероиясындағы атақты маман Г. В Атаманчук осы мәселе бойынша келесі мәселені береді: мемлекеттік басқару бұл - мемлеукеттің адамдардың қоғамдық өмірін реттеу, сақтау немесе қайта құру мақсатында тәжрибелік, ұйымдастырушылық және реттеушілік әсері.
Бұл анықтама мемлекеттік басқарудың үш қасиетін қамтиды: а) іс-әрекеттін жүзеге асыру кезінде ол билікке басымдылық беретін ұйымдастырушылық күшіне сенеді; б) басқарушылық әсерінен оның маңызды «тамырлы» процестерін құбылыстарын, өзара байланысын реттей отырып, қоғамға өзінің ықпалын көрсетеді; в) жүйелі қызмет етеді себебі екі күрделі құрылымдардың, мемлекеттік басқару аппараты мен қоғамның жариялы қызмет етуін біріктіреді.
Француз ғалымы Р. Грегори монографиясында мемлекеттік басқаруға «мемлекеттік биліктің арнайы агенті болып қызмет ететін барлық қоғамның мүдесіне дамуды реттеуге бағытталған ерекше әлеуметтік қызмет» - деп анықтама берген.
Қазіргі уақытта мамандардың көпшілігі мемлекеттік басқару мен мемлекеттік әкімшілік биліктің үш сферасын - заң шығарушы, атқарушы және сотпен байланысты деп санайды. Мұндай бағытты Д. Вильсон, У. Дмон, Р. Горд, Д. Гринбурд, Р. Григори, Л. Нигро, Ф. Нигро, М. Роскин, ұсынады. [17] Бұл көзқарас әсіресе американ ғалымы Л. Нигро мен Ф. Нигронның «Қазіргі мемлекеттік әкімшілік» атты монографиясында анық бейнеленген. Авторлар мемлекеттік қызметке жан-жақты анықтама берген: «мемлкеттік әкімшілік - мемлекеттік істердегі 1) заң шығарушы, атқарушы, сот және олардың өзара әсерімен байланысты. 2) мемлекеттік саясатты қалыптастыруағы маңызды мәнге ие және саяси процестердің бір бөлігі болып табылатын 3) жеке секторлардың әкімшіліктер ерекшеліктерін; 4) әртүрілі компаниялар мен ұймдарда жұмыс істейтін жеке топтармен және индивиттермен тығыз байланысты ұйымдастырылған топтық әрекеттерді білдіреді .
Мемлекеттік басқару жүйесі қоғамдағы әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруды зерттейтін ғылыми пәнді білдіреді. Мемлекеттік басқару пәні саяси жүйе мен территроияның жалпылығымен байланысты адамдардың өндірістік, әлеуметтік және рухани өмір сүруіне әсер етудің нысандары мен әдістері болып табылады.
Мемлекеттік басқару ұдайы өндірістердің барлық жақтарына әсер етеді; өнірістік қатынастардың негізіне мемлекеттік нысандарын қояды.
Мемлекеттік басқару мемлекеттің саясатын жүзеге асыру, олардың қызығушылықтарын қамтамассыз ету бойынша мемлекеттік органдардың тәжрибелік қызмет етуінде көрінеді. Ол табиғи еңбек матиралдық ресурстарды қолданады, халық шаруашылығы және әлеуметтік сфера салаларын басшылыққа алуда, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті қорғауды жақсартуға бағытталған. Мұнда ұйымдастыру, жоспарлау, үйлестіру, талдау қызметтері орындалады және сендіру, ынталандыру, күштеу, жазалау әдістері қолданылады.
Мемлекеттік басқару жүйесінің әдістері - бұл қағидалар құралддар мен тәсілдердің органикалық жиынтығы. Талдаудың негізгі әдістері - жүйелі талдаулар, синтез, анология, салыстыру, байқау тәжрибе және т. б.
Мемлекеттік басқару саяси, құқықтық экономикалық әдістер жүйесі ретінде адамдардың қоғамдық қызметін оптималдауға және олардың қажеттіліктерін максималды қанағаттандыруға бағытталуы керек. Жоғарғы ирархиялық құрылымның басқарушылық әсері басқарушы жүйесімен тікелей байланыстар арқылыы жүзеге асырылады. Басқарушы әсерге баламалы ықпал байланыс бойынша түсетін ақпаратпен анықталады.
Мұнда басқару субьектісі - мемлекеттік басқару органдар жүйесі мен оларда қызмет ететін лауазымды тұлғалар, ал объектісі - қоғамдық процесстер адамдар, шаруашылық етуші субьектілер және т. б болып табылады.
Ресей ғалымы А. В Пикулькин мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаларын көрсеткен:
- Өкілеттіліктің жауапкершілікпен үйлесімділігі;
- Бас звеноны бөлу;
- Кешенділік;
- Басқарушылық;
- Бірлестік;
- Иницативтік;
- Мақсатпен оған жету құралдарының сәйкестігі;
- Шешім қабылдау уақыттылығы;
- Сызықтық және функциялларды үйлесімділігі;
- Жаңа мәселелер туындайтындай басқарушылық тапсырмалар шешілуі керек.
Отандық экономист Дауранов Н. Н мемлекеттік басқарудың келесі қағидаларлын атап көрсететді;
- Мақсатқа бағытталғандық;
- Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың оптималды қатынасы;
- Бәсекелі таңдау, басқарушылық кадрлерді дайындау және бекіту;
- Басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен уақытылығы;
- Басқару мақсаты мен қызметтерімен ақпаратың сәйкестігі;
- Динамикалық тепе-теңдік;
- Қабылданған шешімдердің дұрыстығы;
- Жауапкершілік;
- Кезеңдік пен кері байланыс;
- Кешенділік
- Иерархиялық пен бөлінушілік;
- Басқаруды ұйымдартырудың ескі нысандарынан жаңасына көшу. Мемлекеттік билік органдары жүйесі ішкі және сыртқы қызметтерді ұйымдартырушылық және орындау мақсатында қалыптасады.
Жалпы қабылданған квалификациялауға сай, ішкі қызметерге жатады: экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық салық салу және қаржылық бақылау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен тәртіпті қамтамассыз ету.
Сыртқы қызметтер қамтиды: әлеуметтік экономикаға интеграция, мемлекет қорғанысы, қандайда бір мәселені (экогогиялық, шикізаттық, энергетикалық, демографиялық және т. б) шешудегі еліміздің басқа мемлекеттермен қарым қатынасы.
Отандық ғалым Кубаев К. Е мемлекеттің келесі қызметтерін бөліп қарастырады: қорғаныс пен құқық қорғаушылық қызметі және конфликтерде үшінші жақ болады; қоғамдық игіліктерді өндіру; меншік құқығы спецификасы мен оны қорғау; ақпаратық құрылымды қалыптастыру; тауар қозғалысы арналарының инфрақұрылымын құру; Францияа айналысы жүйесін қосқандағы шара мен әдістердің меншік стандарттарын жасау.
Атқарушы билік органдары оларға басқару элементтері берілген жиынтық бойынша бөлінеді және өзінің статусы бойынша министрлік, комитет, агенство және басқа да болуы мүмкін. Әртүрілі критериялар - қызмет ету нысаны, билікті бөлу қағидасы, ирархия, өкілеттілік мерзімі құзретін жүзеге асыру тәжрибесі және т. б бойынша мемлекеттік органдарды топтау нұсқасы суретте берілген.
Әлемнің барлық елдеріндегідей біздің мемлекеттің басқару құрылымы шығындар мен оған қарсы әдістер жүйесін қолданатын билікті бөлу қағидасына негізделген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 3-бабында; «Республикада мемлекеттік билік жалпыға бірдей, конституция және заңдар негізінде жүзеге асырылады» - делінген. Оны келесідей бейнелеуге болады.
Cурет 1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бөлінуі
Мемлекеттің мәні, адамдар өміріндегі оның орны мен рөлі жөнінде өткен ғасырда либералдар мен этатистер арасында туындаған пікірталас жалғасын табуда. Мемлекетті бұрынғыдай күштеу машинасы, қысым көрсету құралы ретінде біржақты түсіндіру әлі де болса сақталуда. Қазіргі кезде мемлекет көбінесе қолында билігі бар саяси күштердің немесе тұлғалардың меншігі ретінде қарастырылады. Кейбір мемлекеттанушы ғалымдар мемлекетті әрбір адамға қайырым жасауға міндетті, жалпыға бірдей игілікті қамтамасыз ететін құрылым ретінде сипаттайды.
Мемлекет көптеген ғылыми пәндермен: мемлекет және құқық теориясымен, әкімшілік құқық, саясаттану, әлеуметтік басқару ғылымымен зерделенетін көпқырлы құбылыс. Әрбір ғылым мемлекеттік басқару органдарының қызметінің белгілі бір аспектісін, олардың құрылымын, мазмұнын, бағытталуын зерттейді.
Мемлекет қызметінің маңызды бағыты - адамдардың қоғамдық өмірін басқару. Ал адамдардың қоғамдық өмірі мемлекеттік басқару теориясының объектісі мен зерттеу заты болып табылады. Сондықтан да мемлекетті әрбір адам қоғам нысаны ретінде қарастырады. Ол адамдардың қоғамдық қатынастар жүйесімен байланысты, олардың сана-сезіміне, тәртібіне және қызметіне қатысады, белгілі бір аумақта өмірді, оның ішінде экономикалық өмірді ұйымдастыруға әсер етеді. Мемлекет мемлекеттік шекарамен белгіленген аумақта өмір сүретін адамдарды біріктіреді және олардың өзара іс-әрекетін қамтамасыз етеді.
1. 2 Мемлекеттік қызметтің ұғымы, маңызы және қағидалары
Мемлекеттік басқару - адамдармен, басқа адамдардың арасындағы қатынас негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан, мемлекеттік басқаруға барлық азаматтар қатысады. Қоғамды басқарудағы адам статусы, оның басқару объектісі немесе субъектісі ретінде қатысумен ерекшеленеді. Мемлекеттік басқарудың субъектісі - қоғамда мемлекет атынан, мамандандырылған негізде мемлекеттік қызметті, басқарушылық функцияларын жүзеге асыратын тұлға. Бұл функциялар басқарудың объектісі болып табылатын түрлі ұйымдық - құқықтық нысандағы адамдар қатысымен іске асады. Сондықтан мемлекеттік басқару персоналының сапалы құрамы қоғамды басқаруды тиімді, жоғары деңгейде жүргізудің көзі болып табылады.
Мемлекеттік аппарат кадрлары материалды және рухани игіліктерді өндірмейді. Бірақ олардың рөлі өндірісті ұйымдастыруда, қоғамның басқа да салаларында өте маңызды.
Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік билік міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған өкіметтіктерін атқаруы бойынша қызметі. Мемлекеттік қызметшілердің мамандандырылған қызметінің өзіне тән сипаттары бар. Оның бірі қызметтік функция, яғни оның жұмысы қызметтің белгісі бір түріне негізделеді. Келесі сипаты мемлекеттік орган қызметінде мемлекеттік қызметшінің жеке еңбектік қатысуы. Басқа сипаты - мемлекеттік органның регламентіне, ішкі еңбек тәртібіне тұлғаның мойынсынуы, тәуелді болуы. Ол өз кезегінде заңмен реттеледі. Ішкі еңбек тәртібінің ажырамас элементі- субординация жүйесі, яғни қызмет бабы бойынша төменгі сатыдағы қызметшінің жоғарыдағыларға бағынуы. Соңғы сипаты - қызметшінің еңбек ақысы. Еңбек ақының келесі ерекшеліктері бар: еңбек сапасы және мөлшеріне байланысты төленеді, алдын-ала белгіленген нормалармен жасалады, төлемнің негізгі бөлігі мемлекеттік органның штаттық тәртібімен анықталады, ал қосымшасы мемлекеттік қызметшінің мамандық деңгейіне, басқа да шарттарға байланысты.
Мемлекеттік қызметтің жалпы сипаттарымен қатар, арнайы ерекшеліктері белгілі:
- мемлекеттік қызмет- мемлекеттің міндеттері мен функцияларының ел ішінде, сондай-ақ елден тыс жүзеге асуымен байланысты;
- экономика салалары, әлеуметтік сфера және әкімшілік-саяси құрылыс дамуы бойынша мемлекеттің міндеттері мен функциялары мемлекеттік қызметшілер іс-әрекеті арқылы жүзеге асады;
- қоғамда басқару функцияларының жүзеге асуын қамтамасыз ететін, арнайы құрылған аппарат шеңберінде мемлекеттік қызмет жүзеге асады;
- мемлекеттік қызмет спецификасы басқарушылық функциялардың жүзеге асуымен байланысты;
- мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік - биліктік өкілеттерге ие;
- мемлекеттік қызмет қатаң түрде Конституция нормаларына, ҚР Президентінің Жарлықтарына, заңдарға негізделеді;
- мемлекеттік қызмет - практикалық, ұйымдастырушылық қызмет, атқарушылық сипатқа ие;
- мемлекеттік қызмет- бөлгіштік сипаттағы қызмет. Бөлгіштік қызмет - қажетті жағдайда басқару актілерін шығару;
- мемлекеттік қызмет - саяси емес сипатта, яғни мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды.
Жоғарыда келтірілген сипаттар өз жиынтығында мемлекеттік қызметті күрделі мамандандырылған қызмет ретінде көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет адамдардың спецификалық мамандандырылған қызметі ретінде белгілі бір қағидаларға негізделеді:
- Заңдылық, яғни мемлекеттік қызметшілердің Конституцияның, заңдардың жүзеге асырылуын міндетті түрде қамтамасыз етуі;
- Қазақстандық патриотизм. Мемлекеттік қызметтегі адамдар өз халқының салт- дәстүрін сақтап, өз елінің патриоттары болуы керек;
- Мемлекеттік өкіметтің заң шығырушылық атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;
- Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделері алдындағы басымдығы;
- Жалпы қол жетімділік, яғни Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы;
- Азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;
- Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігімен жоғары білімділігі;
- Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу;
- Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындайдың бағынысты мемлекеттік қызметшілермен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі;
- Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі;
- Мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетін қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру;
- Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;
- Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу;
- Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;
- Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу қағидасы.
Көрсетілген қағидалар өзара байланысты, бір-бірін толықтырады және мемлекеттік қызмет институты құрылып, қызмет атқаратын негіз салушы талаптарының бірегей жүйесін құрайды.
Енді мемлекеттік қызметті атқару барысында орындалатын мемлекеттің түрлі негізгі функцияларына тоқталайық.
Экономикалық функцияда шаруашылық жүргізу саласындағы мемлекеттің рөлі толық көрініс тапқан. Бұл функция Қазақстанның экономикалық механизімін түбірлі өзгеріске ұшыратқан нарықтық реформаға негізделген. Өткен жылдарда нарықтық қатынастардың кейбір маңызды элементтері: экономикалық бостандық, меншік құқығы, тауарлар мен қызмет нарығы белгіленген болатын. Сонымен қатар экономикалық процестерге мемлекеттің араласуының оңтайлы әдістерін іздестіру, нарықтық механизмге сәйкес келетін тиімді мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру қажеттілігі туындады. Экономикаға толық басқару жүргізген әміршіл-әкімшіл мемлекеттің шаруашылық-ұйымдастырушылық функциясымен салыстырғанда қазіргі кездегі мемлекеттің экономикалық функциясының басты ерекшелігі де осы.
Бүгінде экономикалық функция адамға, мемлекетке, әлемдік нарыққа аса қажетті өнімдерді өндіретін экономиканың құрылымын қайта құру, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және Қазақстан үшін стратегиялық, әлеуметтік маңызды өндіріске қолдау көрсету, өндірушілерді, оның ішінде шағын кәсіпкерлікті қолдау, мақсатты бағытталған инвестициялық саясат, ішкі және әлемдік нарықта қазақстандық компаниялардың мүдделерін қорғау, аграрлық секторда жүргізілген реформалар, ең алдымен, жерге деген жеке меншік құқығын қамтамасыз ету, инфляция қарқынын төмендету және баға өсуін тежеу сияқты мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды.
Әлеуметтік функция адамның еркін дамуына және оның тіршілік етуінің қалыпты жағдайын жасауға бағытталған. Елдегі адамдардың еңбегі мен денсаулығын қорғауды, еңбекақының кепілденген төменгі мөлшерін белгілеуді, отбасына, ана мен балаға, мүгедектер мен қарт адамдарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытуды, мемлекеттік зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік қорғау кепілдіктерін белгілеуді мемлекет өз мойнына алады. Сонымен бірге мемлекеттің әлеуметтік функциясы халықтың өмір сүру деңгейін тұрақтандыруға, кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес жүргізуге бағытталған.
Мемлекеттің мәдениет, ғылым мен білім беруді дамыту функциясы мәдениет пен әдебиеттің, өнер, театр, кино, музыка, денешынықтыру мен спорттың, радио, телевидение және басқа бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына мемлекеттік қолдау көрсетуді, тарихи-мәдени мұраны, тарихи кешендерді, қорықтық аумақтарды, музейлерді сақтауды және қорғауды қамтиды. Ғылымның дамуына, нарықтық жағдайда оның табиғи интеграциялануына мемлекеттік қолдау көрсету, ғылыми ұжымдар мен әр түрлі бағыттағы мектептердің шығармашылық қызметіне тиімді жағдайлар жасау, жаңа технологиялар мен фундаментальды теориялық зерттеулердің дамуын қолдау, жоғары мектептің ғылыми потенциалын тиімді қолдану, жалпы білім беретін мектептердің жұмыстарын жақсарту жөнінде шаралар белгілеу де мемлекеттің аталған функциясына жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz