Оқу сапасын арттырудағы көрнекіліктің бастауыш сыныптарда қолданылатын әдістері



Кіріспе
1. Көрнекі оқыту әдістері
Көрнекілік туралы түсінік
Көрнекі оқыту әдістері

2. Көрнекі құралдарды бастауыш сыныптарда қолданылуы
Сабақта көрнекі құралдарды пайдалану
2.2. Көрнекілік әдістерін пайдаланған сабақ жоспары
Қорытынды
Пайдаланан әдебиеттер
Болашақ маманның ең негізгі міндеті таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс- тәжірибе кезеңінің үлкен көмегі болады. Сондай іс- тәжірибе кезеңдерінде бағдарламаның тақырыптық құрылымына сай сан алуан шығармалар, көркеніліктерді пайдалана отырып, балаларды ән әлеміне қызықтыра білу керек. Жас мұғалім өзін мәдениетті ұстай білуі, үйірсектік, мақсатқа жетуде табандылық, орынды әзіл, баланы жасы көру, ұстаздық байқағыштық, ұйымдастыру қабілеті т.б. кәсіби пайдалы сипаттарды білгені жөн. Тәрбие мен білім алу қандай тығыз байланыста болса, алған білімді кәсіби жеткізе білу де шеберлік.
Оқушының байқау, көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп, дамытатын- көрнекілік.
Көрнекілік- оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бітімін, сыр- сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жағалықтарына сергек қарап, сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөлген.
«Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен көріп ажырата білулері керек»,- деген.

1.Көрнекі оқыту методы
1.1.Көрнекілік туралы түсінік
Сан алуан көрнекіліктер түрлері педагогика ғылымында жүйеленіп, топтастырылған: нақтылы, табиғи көрнекіліктер, символикалық, графикалық, салыстырмалы көрнекіліктер.
Педагогикалық машық кезеңдерінде әртүрлі көрнекіліктерді шын түрлерімен қолдана отырып студенттердің байқағаны: оқушылардың
1. Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. «Мектеп» баспасы, Алматы, 1976
2. Сабақ беру тиімділігін арттыру жолдары. Құраст.Б.Сманов.- Алматы: Мектеп, 1989
3. Ералина А. Қазақ ұлттық қолөнер шеберлері шығармашылығын пайдалану// Бастауыш мектеп.-2005.-№9.-23-25б.
4. Ержанов С. Бас әріппен жазылатын сөздер.//Бастауыш мектеп.-1998.-№1.-40-41б.
5. Жәрдемова А. Ән сабағында көрнекіліктерді пайдалану// Бастауыш мектеп.-2003.-№2.-13-15б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Оқу сапасын арттырудағы көрнекіліктің бастауыш сыныптарда
қолданылатын әдістері

Орындаған: ____________________________
Қабылдаған: ___________________________

ЖОСПАР

Кіріспе
1. Көрнекі оқыту әдістері
Көрнекілік туралы түсінік
Көрнекі оқыту әдістері

2. Көрнекі құралдарды бастауыш сыныптарда қолданылуы
Сабақта көрнекі құралдарды пайдалану
2.2. Көрнекілік әдістерін пайдаланған сабақ жоспары
Қорытынды
Пайдаланан әдебиеттер

Кіріспе
Болашақ маманның ең негізгі міндеті таңдаған мамандығы бойынша
теориялық білімі мен практикалық дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби
тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс- тәжірибе кезеңінің үлкен көмегі
болады. Сондай іс- тәжірибе кезеңдерінде бағдарламаның тақырыптық
құрылымына сай сан алуан шығармалар, көркеніліктерді пайдалана отырып,
балаларды ән әлеміне қызықтыра білу керек. Жас мұғалім өзін мәдениетті
ұстай білуі, үйірсектік, мақсатқа жетуде табандылық, орынды әзіл, баланы
жасы көру, ұстаздық байқағыштық, ұйымдастыру қабілеті т.б. кәсіби пайдалы
сипаттарды білгені жөн. Тәрбие мен білім алу қандай тығыз байланыста болса,
алған білімді кәсіби жеткізе білу де шеберлік.
Оқушының байқау, көру қабілеттерінің ерекшеліктерін ескеріп,
дамытатын- көрнекілік.
Көрнекілік- оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс
бітімін, сыр- сипаттарын сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап,
құлақпен естіп қабылдауға баулитын дидактикалық үрдіс. Көрнекілік
мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен әдістеме жағалықтарына сергек қарап,
сабақ барысында шебер пайдалана білуді талап етеді. Көрнекіліктерді
пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөлген.
Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен
көріп ажырата білулері керек,- деген.

1.Көрнекі оқыту методы
1.1.Көрнекілік туралы түсінік
Сан алуан көрнекіліктер түрлері педагогика ғылымында жүйеленіп,
топтастырылған: нақтылы, табиғи көрнекіліктер, символикалық, графикалық,
салыстырмалы көрнекіліктер.
Педагогикалық машық кезеңдерінде әртүрлі көрнекіліктерді шын
түрлерімен қолдана отырып студенттердің байқағаны: оқушылардың әуенге деген
ынтасы мен талғамын өсіруде теріс әсер етпейді. Қайта ойынға деген
қызығушылықтарын арттыра отырып, олардың санасына әуен ұғымы туралы
түсініктерді қалыптастыруға болады.
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршіндерге әуен туралы
түсіндіруде арнайы бағдарламаға сүйене отырып, қай жағынан алғанда
қызғылықты және қонымды болады, міне, осы тәсілдерді ізденістіру қажет.
Көрнекіліктер түрлері дидактикалық үрдістерімен, соның ішінде дамыта
оқыту үрдісімен ұштастырыла іске асы тиіс. Педагогикалық машық кезеңдерінде
студенттер көрнекіліктерді көбірек қолдануға тырысады. Себебі, сыныпты
жалпы және әр баланы жеке көріп- білуге, олардың эстетикалық талғамын,
қызығушылығын, сабаққа деген ынтасын арттыруға зор ықпал етеді.
Күнделікті сабақтарда тақырыпқа сай күйтабақтар, үн таспалары, әнші
сазгер суреттері, музыкалық т.б. пайдаланылады. Көрнекіліктерді қолдануға
мынадай талаптарды ескерген жөн.
1. Көрнекіліктер оқу бағдарламасына сай дайындалуы керек.
2. Эстетикалық тәрбие беру мақсатында балалардың талғамын өсіретіндей
әсем, ұқыпты да тартымды орындалғаны жөн.
3. Жүйелі, жинақты тұруы тиіс.
4. Тақырыптың мазмұнын аша түсіп, толықтыратындай болуы керек.

Тоқсан соңындағы қайталау сабақтарында оқушылардың білімін тексеру
бағытында бүкіл сыныпты қамтитын ойындар ұйымдастырылады.
Мысалыға ән сабақты алайық. Жалпы ән сабағын көрнекіліктердің
пайдалануына қарай үш бөлікке бөлуге болады. Бірінші төлігіндегі өткен
сабақты қайталау және музыка теориясынан білім беруде тақырыпқа сай
карточкалар, сөзжұмбақтар, ребус, музыкалық домино т.б.ойындарын
ұйымдастыруға болады.
Сабақтың екішнші бөлігінде ән үйрету, ән айтқызуға әнші- сазгер
суреттері, ән мазмұнына байланысты суреттер, дауыс жаттықтыруға плакаттар,
музыкалық аспап пайдаланылады.
Сабақтың үшінші бөлігі оқушылардың ой- өрісін, эстетикалық талғамын
өсіріп, жақсы әсер ететін- музыка тыңдату. Мұнда түрлі күйтабақтар,
үнтаспалар, диафильмдер, түрлі суреттерді пайдалануға болады.
Көрнекіліктердің әуеннің мазмұнын түсіну, есте сақтауға көмегі бар.
Мектептегі барлық оқу әне сыныптан тыс эстетикалық бағыттағы жұмыс
барысы мұғалімнің кәсіби білімін, іскерлігін талап етеді. Сондықтан да
болашақ жас маман өз міндетін дұрыс түсініп, кәсіби тұрғыдан жан- жақты
даярлануы қажет. Музыканың қыр- сырын әртүрлі әдіспен түсіндіру іс жүзінде
мұғадімнің білім деңгейі мен іскерлігіне, жауапкершілігі байланысты болып,
оқу- тәрбие жұмысында жақсы нәтиже беретініне сенім тудырады.

1.2.Көрнекі оқыту әдістері
Көрнекі оқыту методы өтетін материалды оқушылардың көзімен көріп,
нақтылы түсінулеріне мүмкіндік береді. Мысалы, адам анатомиясы,
физиологиясы, гигиенасы пәнінен адам скелеті көрсетіліп, осы сүйектің
құрылысы мен химиялық құрамы және буындардың құрылысы мен маңызы, атқаратын
қызметі оқушыларға түсіндіріледі. Ботаника сабағында Өсімдіктердің
органдары тақырыбы бойынша көрнекілік ретінде гербарийлеп мен коллекциялар
көрсетіледі. Әдебиет пәнінен картиналар сериясы, тарих пен география
сабақтарында географиялық және таризи карталар, картограммалар,
диаграмммалар, схемалар, таблицалар, диапозитивтер пайдаланылады. Физика
мен химия пәндері кезінде жасалатын эксперименттік тәжірибелері де
көрнекілік оқыту методы деп атауға болады.
Фильм көрсеті. Оқу фильмдері оқыту методы ретінде қолданылады.
Программалық материалды оқу фильмдері арқылы баяндауды кино сабақтар немесе
экрандап оқыту методы деп те айтады. Фильмдер әдебиет, ана тілі пәндерінен
көбірек қолданылады.
Фильмдер сабақ кезінде иүрлі дидактикалық мақсатта да пайдаланылады.
Оны оқушылардың ынтасын арттыру мақсатымен материалды меңгерт удің алдында
көрсетуге де болады. Ара тұра оқушы білуге тиісті тақырыптардың кіріспесі
ретінде оқу фильмдерінің мазмұны түсіндіріледі. Кей кезде фильм материалды
өткеннен кейін көрсетіледі. Себебі ол өткен сабақты тереңірек ұғынып,
пысықтау мақсатында да қолданылады.
Фильмерді материалды түсіндіру үстінде көрсету- педагогикалық
тәжірибелерде көбірек тараған әдістің бірі.
Сабақ үстінде материалды біртіндеп түсіндіре отырып, осы тақырыпқа
байланысты фильмдерден үзінділер көрсетуге де болады. Сабақ біткеннен
кейін, мұғалім көрсетілген фильм туралы оқушылармен әңгіме жүргізіп, өткен
тақырыпты тұтастай пысықтап қорытады. Оқу фильмдері сабақ тақырыбының
мазмұнын кеңейтіп, оны толықтыра түседі.
Киноны оқушылардың өздігінен меңгеретін жұмыстарына байланысты да
пайдалнуға болады. Бұл үшін алдымен мектеп жанындағы кино үйірмесі арқылы
кино аппараттар мен жұмыс істей білуге тиіс.

Телевидение. Телевидение да техникалық оқу құралдарының бірі болып
есептеледі. Оқыту әдісі бойынша телевидение дыбысты- экрандық көрнекі
құралдардың қатарына жатады. Сондықтан оқыту құралы ретінде мұның да ролі
зор. Телевидение арқылы ғылым, техника және өнер саласынан көрнекті
мамандардың сөздерін пайдалануға болады.

Радио. Дыбысты техникалық құралдардың бірі- радио. Елімізге радио
хабарлары оқыту әдісінің бір түріне жатады. Көптеген мектептерде, оқыту
мақсатына байланысты ұйымдастырылған өздерінің радио торабы бар. Жаңа
салынатын мектептердің жобасы бойынша арнайы радио кабинеттері
жабдықталады. Радио арқылы ғылымның әр саласынан мамандардың сөздері
беріледі және деге шынықтыру ән мен музыка сабақтары жиі хабарланады. Кей
мектептерде радио сабақтары әсіресе шет тілдерден өте табысты өтуде. Радио
хабары арқылы шет тілі сабақтарынан оқушылардың тілін дамытуға және
мәнерлеп оқуға үйретуге болады. Радио арқылы оқушылар үшін әдебиет сабағына
арнап музыкалық иллюстрацияларды хабарлайды.

Магнитофон жазбалары. Ана тілі сабақтарынан жыбысты техникалық
құралдар ретінде магнитофон жазбалары пайдаланылады. Оларға жазылған
сабақтарды қайталап тыңдау арқылы оқушылар ана және орыс тілдерінде қатесіз
сөйлей білуге дағдыланады.
Магнитофон жазбалары әдебиет пен музыка сабақтарынан да өте бағалы
құралдардың бірі болып саналады.

Экскурсиялық оқыту. Экскурсия- exsursio деген латын сөзінен алынған,
серуен жасау деген мағына береді.
Экскурсия өзінің мазмұны жөнінен үш түрлі дидактикалық мақсатпен
ұйымдастырылады: жаллпы білім беру, өлке тану, тәрбиелеу.
Экскурсия сабағының барысында өтетін тақырып әңгіме методы мен көрнекі
оқыту методының ұласуы арқылы түсіндіріледі. Олай дейтін сабебіміз:
экскрсия кезінде әңгіме, лекция методтары қолданылады да, экспонаттап
көрнекілік ретінде көрсетіледі. Демек, экскурсия методы әңгіме әдісі мен
көрнекі оқыту әдістерінің комбинациясы деуге болады. Мұнда ауызша түсіндіру
мен көрнекілік әдістері теңбе- тең жүріп отырады.
Экскурсия кезінде оқушылар көптеген материалдар жинайды, суреттер
салады. Сөйтіп, оқушылар сабақ мазмұнын шешуге өздері тікелей қатысады. Бұл
жөнінен экскурсия практиакалық оқыту әдісімен тығыз байланысты.

2.Көрнекі құралдарды бастауыш сыныптарда қолданылуы
2.1.Сабақта көрнекі құралдарды пайдалану
Оқушылардың сабаққа ынталы қатысып, программалық материалдарды жете
меңгеруі ең алдымен мұғалімге байланысты. Оның күнделікті сабаққа қалай
дайындалып, жоспарланған материалдарды оқушыларға жеткізе білуіне де көп
нәрсе қатысты.
Сабақтың зқызғылықты да әсерлі өткізілуі жаңа тақырыптың тартымды
түсіндірілуіне тікелей қатысты. Көрнекілік пен техникалық құралдарды ұтымды
пайдалану жоғарыдағы міндетті ойдағыдй шешуге игі ықпал етеді. Оқушылардың
материалдарды жеңіл меңгеруіне мүмкіндік туғызады. Олардың сабаққа ынтасын
ұштап, қызығушылығын арттырады.
Мысалы: Күз тақырыбын алғанда құлап түсу, жапырақ, жеміс, жер, алма,
алмұрт, көкөніс, піскен, колхозшы, ұшу, ұшып кету сөздері картиналардың
көмегімен оқушыларға үйретіледі.
1. Жапырақ: Бұл жапырақ сары, ал мынау да жапырақ, бірақ ол қызыл.
Жапырақтар әр түрлі. Ағашта көп жапырақтар бар. Жапырақтар желмен
ойнақшып билейді.
2. Құлап түсу. Жапыратқтар құлап түсіп жатыр.
3. Жер: жапырақтар жерге құлап түсіп жатыр. Жерде көп жапырақтар бар.
4. Алма: мынау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көрнекі құралдар түрлері
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімні іс-әрекеті
Математика сабағында көрнекілік принципті қолдану технологиясы
Бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағын оқытуда көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш мектеп математикасын оқытуда көрнекілік принципін жүзеге асыру ерекшеліктерін зерттеу
Бастауыш сыныпта математика сабақтарында оқушылардың білім деңгейін арттырудағы мұғалімнің іс-әрекеттері
Бастауыш сынып оқушыларының есептерді шешу біліктіліктерін қалыптастыру ерекшеліктері
Математиканы көрнекі түрде оқыту
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері
Пәндер