Ел боламын десең, бесігінді түзе


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

№ 6 орта мектебі

Баяндама

З. Құдабаева

2009-2010 оқу жылы

Халқымыз үшін қысталаң қиын заманның небір кезеңдерінде мал мен жанның өзіне қарауға мұрша қалмаған шақтарда ұмытуға болмайтын бір ғана нәрсе ұрпақ тәрбиесі еді. Көнекөз қариялардың әңгімесінен бастап қарайпайым халықтың ұғымға, салт-дәстүрге дейінгінің бәрінен көрініс беріп, ол жас ұрпақты азаттық биігіне, адамгершілікке, бірлікке шақырып отыратын қазақы өнеге айқын көрінеді. Ғасырлар бойы сол өнегемен ата-бабаларымыз әлденеше ұрпағын түзеу тәрбиелеп келді. сөйтіп бүгін күнге жеткізіп берді.

Қоғамның дамуы, жанұяның бала санымен өлшеуді меже тұтқан халқымыздың «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп қарапайым топшылауыда тегін емес.

Бұл - отбасы-ошағымыздың түтіні сөнбесің деген жеке бастың тілегінен туған мақалдан емес, халықтың қамын қарастыру, елдікті ойлау, елдің ертеңгісі жайлы қам жеу. Қазақтың «Бір баласы бардын үйінде сөнбес шамы бар», «Балалы - үй базар, баласыз үй - қу мазар», «Бала - адамның бауыр еті» деуі тегін бе?

Қазақ ұл баланы дүниеге келуін «Ұл туғанға күн туған» ерекше бақыт санаған, отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала деп білген. Ал, әйелге, қызға дүниенің тұздығы, бастауы деп қараған. Балаға деген бауырмалдық, жылы жүректілік, шығыс халқына тән ежелгі жақсы қасиеті екенін айта келіп, орыстың ұлы педагогы «Балаға деген сүйіспеншілікті россиялықтар шығыс халқынан үйренуіне болады» деген еді. Қазақ халқына балаға деген қамқорлық, оның аман-сау өсуіне тілектестік бала тумай тұрып-ақ жасалады. Мысалы: аяғы ауыр әйелге жүк көтертпеуі, жерік асын тауып беруге, жаңа босанған әйелге қуатты тамақ беруі, үстін қымтап ұстпауы, жаңа туған нәрестені қалай күту жөнінде енелерінің келіндеріне ақыл-кеңес беруі, үлкендерді сәбиді тұзды шомылдырып, маймен денесін сылауы, шала туған баланы түлкі тымаққа салып асыруы, оған бие сүтін беруі-жас сәбиге деген қамқорлықтын айғағы. Қазақ халқының бала туғанда шілдехана жасап, ойын-той өткізуі, баланың туғанына қырық күн толғанда ауыл-аймақты жинап, ауылдағы үрім-бұтағы көп өнегелі, беделді бір анаға қырық қасық сумен нәрестенің үстін шайғызып бесікке салғызуы, бала тәй-тәй басып жүре бастағанда шаруаға икемді, еңбек сүйгіш пысық әйелдердің біреуіне тұсауын кескізу-нәресте сол аналардай бақытты, абыройлы, беделді, елгезек болса деген тілектен туған ырымдар.

Ана бесік жырын айта отырып, нәрестесін өлең жырымен тербеп, ұйықтату кезінде, екіншіден балаға ананың тілек-батасы, болашақта кім болып өсуін қандай қызмет атқаруын қалайтыны ана сөзімен баяндалады.

Мал бақ, кәсіп ет, ел-жұртыңды жаудан қорға деген ойын халық бесікте жатқан нәрестеге ақыл, тілек етіп білдіреді және кімді ардақтайтының аңғартады. Ана нәрестеге емшек сүтін беріп қана қоймай, жөргекте жатқан күннен бастап мінез-құлқын да тәрбиелейді. Б. Момышұлы ағамыз «Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің «Бесік жырын» айта білетін аналардың сейіліп бара жатқаның, ана мен әжелердің ертегісін естіп өспеген балалардың санасы тайыз, көкірегі тұңғыйық, қараңғы болады-ау деп қорқамын» деген екен. Сөйтіп апа-жеңгейлерге құлақ аса отырып, ұлттық намысымызды қорламай, балаларымыздың тәрбиесін бастауды қолға алуға шегелейді. Бала тәрбиесінің сыртында біздің ар-ожданымыз тұр емес пе? Абай атамыздың «Кедгенде дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» деген философиялық түйінінің астарында қаншама мән-мағына барына мән бере бермейміз. «Анау-оңдай», «мынау-мынадай» болды демей-ақ, ата-бабаларымыз осылайша ұрпағына тәрбие берген.

Міне, «Бесік жырының» құпия сыры. Осынау жақсы дәстүр ата мен бала, ене мен келін арасында шыңайы сыйластық, татулық, ынтымақты жанұялық қамтамасыз еткен. Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер ауылдастырының балаларының өрескел мінез-құлқын көрсе, өз баласындай ұрысып, зекіп, ақыл айтуға, тіпті, ретті жерде жазалауға қақылы болған.

  • Ұзартылған қызға ең қолайлы мал не?- деген сұраққа ол мүдірмей:
  • Ар мен ұя жауап берген екен.

Қыз баланы тәрбиелеу - қоғамды тәрбиелеу. Себебі, қоғамның шыққан тегі - отбасы. Ал, отбасының жаны - әйел адам. Адамның ары - асыл тас сияқты, болмашығы ғана дақ оны бар қасиеттен айырады.

Қазақтың біреудің баласы өнегелі, азамат болса, «оның жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан» ғой деп мадақтайтыны сондықтан жанұядан әкелер өз өнерін балаларына үйретіп, оларды өзіндей мерген, аңшы, құсбегі, қолөнер шебері немесе күйші етіп тәрбиелеуге көңіл бөлген. Ата өнерін баласының қууы, оны мирас етуі ежелгі дәстүр болған. Қазақ халқының өмірінде жеті атасына дейін мергендік, аңшылық немесе ұсталық, күйшілік өнерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі. Осындай әке мұрасын қуушы өнерлі жастарды дәріптеу қазақ ауыз әдебиетінен өзекті орын алған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл туралы Заңның орындалуы - өмір талабы
Қазақ халқының тәрбиесі
Отбасы тәрбиесінің мазмұны
Отбасындағы ұлттық тәрбие
ИСЛАМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Бала тәрбиесінің негізі көзі отбасы
Мемлекеттік тіл – қазақ тілі
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымы. бесік тәрбиесі
Қазіргі Қазақстандағы Ислам дінінің жағдайы
Этнопедагогика материялдарын ұтымыды пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz