Ғылыми зерттеудің категориальды - түсіндірмелі аппараты


СӨЖ
Ғылыми зерттеудің категориальды -түсіндірмелі аппараты.
Ғылыми аппарат бірнеше компоненттерден тұрады.
Кіріспе зерттеудін маңыздылығын, мақсатын, міндеттерін, көлемін көрсетеді.
Зерттеудің маңыздылығы бірнеше факторлармен анықталады:
- зерттелетін мәселеге байланысты теориялық ұғымдарды толықтыру үшін керектігі;
- сол мәселе жайында жаңалықтардың керектігі;
- зерттеудегі жаңа әдістемелер керектігі;
- зерттелетін мәселенің іс жүзінде керектігі.
Зерттеу объектісі - мәселелік жағдай туғызатын белгілі бір процесс немесе құбылыс.
Зерттеу пәні зерттелетін объектінің шекарасына кіреді. Ол объектінің қасиеті.
Гипотеза (болжам айту) - құбылыстың байланысы немесе себептері негізінде қорытынды жасалынады, бірақ бұл қорытындыларды толық дәлелді деп есептеуге келмейді. Гипотезаның формуласы - «егер, онда».
Зерттеудің міндеті - болжанған гипотезаға байланысты мақсатқа жету үшін керекті жолдармен, іс-әрекеттерді таңдап, белгілеу. Зерттеудін мақсатына және^пін оны бірнеше мақсаттарға бөліп жұмысты соны орындауға бейімдеу.
Зерттеудің негізгі әдістемесі - қандай әдістемелерді қолдану арқылы зерттеуді жүргізуге болатындығын көрсету.
Зерттеудің кезеңдері - зерттеушінің жұмыс жүргізу кезеңдері белгіленеді.
Зерттеудің құрылымы - зерттеуші қолданылған материалдарды, бөлімдерін, кестелерін, қосымша мағлұматтарды оның санын көрсетеді.
Ғылыми жаңалық - басқалармен ашылмаған қандай іс істелгенін және одан қандай нәтиже алынғанын көрсету.
Іс жүзіндегі маңызы - алынған ұсыныстардың қандай пайдасы бар екендігі және оны оқу-тәрбие жұмысында қолдануға болатындығы.
Зерттеудің мақсаты -бұл зерттеу барысындағы түрлі актілер мен операциялардың жүйелі реттелуінен сипатын анықтайтын әрекет жобасы мен зерттеудің жалпы бағыттылығы. Зерттеудің мақсаты теориялық және қолданбалы сипатта болуы мүмкін. Теориялық зерттеу объектінің құрылымы, қызмет, даму әдістері мен процедураларын негіздеуге бағытталған. Психологиялық зерттеу бағдарламасының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі зерттеу міндетін анықтау болып табылады.
Кейбір жиі қойылатын мақсаттар :
- кейбір тексерілмеген, әрі белгісіз аның зерттелмеген құбылыстарды анықтап сипаттама беру;
- құбылыстардың арасындағы байланысты анықтау;
- құбылыстың жаңа табиғатын ашу;
- жалпы заңдылықты қорытындылап анықтау;
- құбылыстардың жүйесін құру;
- әдістемені белгілеу;
- әдістемені адаптациялау.
Зерттеудің міндеттері - мәселені шешу мен талдауға бағытталған нақты мақсаттағы нұсқаулар жиынтығы. Зерттеу міндеті мәселені талдауға деген негізгі және қосымша талаптардан тұрады. Мысалы: теоретикалық мәселерді шешуге бағытталған зерттеулерде теоретикалық міндеттер негізгі, ал практикалық міндеттер қосымша талаптар болып табылады. Психологиялық зерттеу белгілі бір тапсырысқа сәйкес қоғамға қажетті нәтижелер алынған жағдайда ғана толыққанды зерттеу деп саналады.
Зерттеу міндеттерін : зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру тұрғысында құрылады. В. И. Загвязинскийдің пікірінше, психологиялық-педагогикалық зерттеудегі міндеттердің үш тобын атап өткен жөн. Ең жиі кездесетін бірінші тобы - тарихи-диагностикалық деп аталады. Бұл тарих пен қазіргі заман мәселелерін зерттеумен, сондай-ақ, зерттеудің жалпы ғылыми және психологиялық-педагогикалық дәлелдемелерін, түсініктерін анықтау және нақтылаумен байланысты; екіншісі - теориялық-модельдік міндеттер тобы, бұл құрылымдық, оның қызметтері мен түрлендіру әдістерін анықтау, ашумен байланысты, үшіншісі - тәжірибелік-түрлендіруші міндеттер тобы, бұл педагогикалық үдерістің, оның болжамдық түрленуін тиімді ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерін анықтау мен қолдану, сондай-ақ тәжірибелік ұсыныстарды даярлаумен байланысты.
Зерттеудің өзектілігі . Зерттеудің ммақсаты мен міндеттерін анықтау барысында оның өзектілігіне баға беру керек. Психологиялық зерттеу өзектілігінің негізгі қырлары болып мыналар табылады:
1. Зерттеліп жатқан құбылысқа қатысты теориялық құрылымның толықтырылуы. Сипаттамалар мен байланыстар туралы жаңа мәліметтер зерттеу құбылысының табиғатын айқындайды, нәтижесінде білімдер жүйесіндегі кейбір "ақ дақтарды" жабуға және түрлі қарама-қайшылықтарды шешуге көмектеседі.
2. Жұмыстың теориясы мен қолдану саласын кеңейтуге септігін тигізетін жаңа ғылыми дәлелденген мәліметтерге мұқтаждық.
3. Психодиагностикалық және зерттеу әдістерінің тиімділігінің артуына және жаңа мәліметтердің пайда болуына әсерін тигізеді.
4. Мүмкіншіліктері мен тиімділігі кеңірек әдіс-тәсілдерге, оқуға, машықтануға, емделуге, сауығуға, еңбекте қолдануына мұқтаж болу.
. Ғылыми психологиялық теориялар мен тұжырымдарды толықтыру және өңдеу қажеттілігінен туындайды.
Зерттеу мәселесі . Кез келген психологиялық зерттеудің бастапқы негізі мәселелік жайт болып табылады. Осыған орай, жалпы зерттеу мәселелерін 2 түрге бөліп қарастыруға болады.
-әлеуметтік мәселе, бұл тұрмыстық әлеуметтік қарама-қайшылықтар және оларды шеттету үшін мақсатқа бағытталған әрекеттерді ұйымдастыруды талап етеді;
-ғылыми мәселе, бұл "знание о незнаний" жағдайы. Бұл арада, бір жағынан, қоғамның қажеттіліктері мен оның теориялық практикалық ұйымдастырылуы арасындағы қайшылықтар, ал екінші жағынан, осы әрекеттерді жүзеге асырудың жолдары мен құралдарын білмеуден туындайды.
Аталған екі мәселені шешу қашан да нақты мақсаттар мен міндеттерді шешуге жетуге бағытталады.
Зерттеу нысанасы - адамның әлеуметтік субъект ретіндегі объективті және теориялық қызметінің бөлігі. Зерттеу пәні анық бір мақсатпен белгілі жағдайдағы зерттеу үдерісінде нысананың адамға қатысты жанама қасиеттерінің жиынтығы мен нысананың байланысын зерттеу нысанасының элементі болып табылады. Соңғы нәтижеге жету жолдары зерттеудің негізгі пәніне жататын нақты пайда күтілетін, жорамалдап айтылған нұсқаулардан тұрады.
Тақырып нақтыланып құрылымданған соң, зерттеу нысанасын таңдау кезегі келеді. Нысанаға педагогикалық үдеріс, педагогикалық болмыстың бір саласы немесе қайшылықтарымен көрінген қандай да педагогикалық қатынас алынуы мүмкін. Танымдық үдеріс баспалдағының бірі - нысананы белгілеу
Зерттеу объектісі бұл зерттеу бағытталатын құбылыс немесе процесс болып табылады. Нақты психологиялық зерттеуде объект ретінде психикалық шындық, тұлға, адамдар арасындағы қарым-қатынас, т. б. жағдайлар алынады. Объектіге қойылар негізгі талап ол белгілі бір мәселеге, яғни қарама-қайшылыққа ие болу керек.
Зерттеу пәні -тікелей зерттеу жүргізу аймағы. Қолданбалы психологиялық зерттеу пәні теориялық тұрғыдан оңай болып көрінгенімен, практикада өте күрделі болып табылады. Нақты ғылыми-психологиялық зерттеуде кейде зерттеу объектісі мен пәнін анықтау қиынға соғады.
Пән - нысанадан кесіп алынған бөлік емес, ол қарастырудың тәсілі немесе аспектісі, мысалы, «оқулық», «ғылыми негіздеме», «тұлғалық тәжірибе қалыптастыру» және т. б. Объектіні барлығы иемденеді, ал пән зерттеушінің жеке иелігінде, оның объектіні өзіндік көре білуі маңызды. Ол мақсатты түрде зерттеу пәнін қарастырады, объектінің жаңа білім алуға қажетті бөлігін бөліп қарастырады. Зерттеушінің, оның балаларының, немерелері мен шөберелерінің бүкіл өмірі, мысалы, мектеп оқулығы туралы жаңа білім алуға жетпеген болар еді. Өйткені оқулық туралы толық жаңа білім, яғни оқулықтың мүмкін болатын қызметтері оның әдістемелік, дидактикалық, тәрбиелік, эстетикалық, психологиялық, полиграфиялық, экономикалық, гигиеналық, және т. б. барлық қырларынан қарастырылуы мүмкін емес. Тағы бұны барлық пәндерге және оқудың барлық жолдарына қатысты қарастыру қажет. Мұндай жұмысқа бір адамның күші жетпейді. Тіпті оған үлкен ғылыми ұжым да үлгермейді, себебі ол шексіз. Пәнді анықтай отырып, біз соңғы нәтижеге (осы кезеңдегі) жетуге мүмкіндік аламыз.
Болжам - бұл шынайылығы әлі дәлелденуі қажет теориялық негізі бар болжамдар жиынтығы. Болжам - (грек сөзі негіз, негіздеу) фактілер тобына, фактілерге алдын ала түсінік беру немесе әртүрлі эмпирикалық білімдерді біртұтас байланыстыру. Болжам шынайы емес , ықтимал білім . Оның шынайылығы мен шынайы еместігі әлі анықталмаған. Болжамның шынайылығы немесе шынайы емес екендігін анықтау - таным үдерісінің міндеті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz