Қарым-қатынас психологиясы бойынша сөздік құру
СӨЖ
Қарым-қатынас психологиясы бойынша сөздік құру.
Авторитарлық сипат (лат. Аиtоritas - қаз. ықпал ету, билік) - тұлғаның өзара әрекет пен қарым-қатынас серіктестерін өз ықпалына барынша бағынды- руын, өктемдігін бейнелейтін әлеуметтік-психологиялық сипат. Авторитарлық мынадай жеке мінез-құлық ерекшеліктерімен тығыз байланысты: агрессивтілік ,өзін-өзі асыра бағалау және талап етудің жоғары деңгейі, таптаурындылыққа бейімділік, әлсіз рефлексия, т.б.
Агрессия (лат. Aggressio - қаз. шабуыл жасау) - әлеуметтегі адамдардың арақатынас тәртібінің талаптарына қарама-қайшылықты себептенген деструктивтік қылық.
Агрессиялық - (лат. Aggressio - шабуыл) - адамдар арасындағы қарым- қатынаста күш көрсетумен, кемсітумен сипатталатын психикалық құбылыс.
Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі.
Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы (кісілік, ізгілік, имандылық ұғымдарымен мағыналас).
Адамгершілік тәрбиесі - балалардың бойында моральдық нормаларды, құндылықтарды қалыптастыру.
Адекваттық ( лат. Adaequatus - теңестірілген) - берілген шарттарға тең, теңестірілген, сәйкес.
Ақпарат - басқарылатын жүйенің жай - күйін сипаттайтын, сондай - ақ оны дамыту мен жақсарту үшін қолданылатын пайдалы мағлұматтар, деректер, мәліметтер жиынтығы.
Ақыл-ой тәрбиесі - балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамыту
Алшақ- коммуникатор екі қарама-қарсы көзқарасты салыстырып, өзін екеуінен де алшақ ұстайды.
Альтруизм - негізгі орталық мотив немесе адамгершіліктік бағалаудың белгісі басқа адамның немесе әлеуметтік қауымның мүддесі болып табылатын тұлғаның құндылықтық бағдарлар жүйесі.
Альтруизм (лат. Alter - басқа) - басқа адамның, әлеметтік топтың пайдасына өзінің қызығушылығын құрбан ету. Эгоизм (өзімшілдік) ұғымына қарсы термин.
Араздасу - мінез-құлықтағы өш- тесу, қастасу, ренжісу, ұрысу сияқты жағымсыз қылықтар.
Арамзалық - адам мінезіндегі қараниеттілік, зұлымдық, бұзықтық- тан туындайды. А. Мінездің көрініс- терін сұм, залым, ішмерез деп те атай береді.
Ассоциативті топ - жеке тұлғалық мәнге ие болған мақсаттар төңірегіндегі байланысты бірігім (аңшылар, балықшылар және т.б.)
Афференттік қозғалыс афазиясы - сөздерді буындарға бөліп айта алмай қиналудағы кемістік.
Ашық- коммуникатор айтылған ойдың жақтаушысы екенін ашық айтады.
Әдет - жеке адамның өмірінде тұрақтанып қалыптасқан, бойына дарып үйреншікті болып кеткен қылық, тұрақты дағды
Әлеуметтендіру - мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар иен құндылықты игеру - негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Әлеуметтену - адамның әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесіне енуі
Әлеуметтік бейімделу (адаптация) - индивидтің қоршаған орта жағдайына ыңғайлануы
Әлеуметтік ингибиция (латынның inhebere - тежеу, тоқтату) яғни басқа адамдардың (шынайы немесе қиялдағы) қатысуының орындалып жатқан іс-әрекеттің сапасы мен жылдамдығының нашарлауына әкеледі.
Әлеуметтік конфликт дегеніміз - әлеуметтік өзараәрекеттесу процесінде пайда болатын, конфликт субьектілерінің қарама-қарсы әлеуметтерімен сипатталатын және олардың бір-біріне қатысты бастан өткеретін жағымсыз эмоцияларға ұштасатын мәнді қарама-қайшылықтарды шешудің анағұрлым шиелініскен тәсілі.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас, адамдар, олардың көп қырлы іс- әрекеттері.
Әлеуметтік рефлексия құбылысы -адамдардың бәрі өз бейнесінің араласқан адамдары көңілінде ұнамды кейіппен орныққанын қалайды, өз қадір-қасиетінің беделінің жоғарыдан көрінгенін армандайды.
Әңгімелесу - вербальдық (сөйлеу) қарым-қатынас негізінде ақпарат алу әдісі. Психологияның әр түрлі салаларында көп қолданылады және сыналушыны психологиялық эксперимент жүргізу жағдайына енгізудің, кірістірудің негізгі әдісі болып табылады.
Бағыттылық - қажеттілік пен дәйектілік жиынтығы арқылы тұлғалық қызметін бағыттайтын ұғым. Ол адамдардың дүниетанымын білдіретін мүдделерінен, бейімділік, сенім, мұрат секілді ой нысандарымен сипатталады.
Байқағыштық - адамның заттың, құбылыстың егжей - тегжейін аңғаратын қабілеті. Бақылау - кең көлемде бір нәрсені тексеру
Бақталастық-оппоненттің конфликтідегі өз мүдделеріне бағдарланудан, екінші жаққа өзі қалаған шешімді зарлап міндеттеуден, өз мүдделерін іске асыруға байланысты ашық күрестен тұратын мінез-құлық стратегиясы.
Басқару - мектеп ішіндегі психологиялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу.
Басқару стилі - бұл жеке адамдарға және ұжымға әсер ететін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Басқару субьектісі -- иерархиялық бағынышты лауазымды тұлғалар.
Басқару этикасы -- әкімшілік-шаруашылық функцияларды сапалы орындауға бағытталған теориялық-қолданбалы этикалық білімдер мен практикалық ұсыныстардың жүйесі.
Басқарудың авторитарлық стилі - бұл әкімдікке құмар, шексіз билеуге, құрғақ беделге ие болу, басшының ролін көтеру, ұжымының мүмкіншіліктерін бағаламау. Мұндай басшы қарамағындағы қызметкерлерімен құрғақ ресми сөйлеседі, сынды көтермейді, өз пікірін зорлап міндеттейді.
Басқарудың адамдық қарым-қатынас теориясы - адамның ұйымдағы мінез құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бірінші орынға қояды. Бұл теория ххғ. 50-60ж. Ақшта кең өріс жайған.
Басқарудың демократиялық стилі - бұл стильмен өз жұмысын басқаратын мектеп директоры басқару міндеттерін өзара орынбасарларымен бөліседі, ұжым мүшелерінің кәсіби өсуіне жағдай жасайды, оқу-тәрбие процесін жетілдірудің негізгі жолдарын іздестіруді, жұмысты нақты жоспар бойынша істеп, ұжым мүшелерінің қатысуымен мәселелерді шешу үшін дәлелді шешімдер қабылдайды.
Басқарудың либералдық (ымырашылдық) стилі - мектеп басшысының өз қызметіне жауапкершілігінің төмендігі, кемшіліктерді көрсе де, көрмеген болуы.
Басқарушы жүйе - мектеп басшылығы мен мұғалімдер. Басқарылушы жүйе - оқушылар мен олардың ұйымдары.
Бітістіруші дау - жүйенің өзгермелі қоршаған орта шарттарына икемдесуге қолайлы жағдайлар жасауда жәрдемін көрсетеді.
Бітістіруші тип - екеуара тиімді болған шешімдер тауып, жанжал өртін басуға ниетті адам
Бұзақы дау - белгілі құрылым тиімділігін төмендетіп, оның біртіндеп жойы- луына себепші болады.
Бұзақы тип - өз мүддесінің матауында қалып, оны қалайда іске асы- ру үшін жанжалға май құйып, үдете түсуге шебер адам. Бұл типтегі тек өкілдері әрдайым дауға әпербақандықпен дайын тұрып, көздеген мақсатынан қайтпайды, екінші тараптың келісім жасауға деген ниетін бірде көре білмейді (террористер, әкімдік беделді адамдар, құбылыс мәнін пайымдай алмайтын тек өкілдері).
Вербалдық (лат. Verbalis - сөздік, ауызша) - сөз арқылы берілген информацияны білдіретін термин
Грамматика (гр"gramma" - әріп жазу) - тіл құрамы, тіл формаларының жүйесі, сөз айтудың әдісі, синтаксистік конструкция тіл қарым-қатынасының негізін құраушы.
Дау-дамай (конфликт) - әрқилы мұддеге бағытталған тараптардың қарама-қайшылықты тайталасы.
Даулы қарама-қарсылықтар - тек өкілі мен әлеуметтік жүйе дамуының негізі. Адам даулы жағдайлардан қашпауға тырысқаны жөн, керісінше, одан бейімділікпен жол табуға ынта білдіргені дұрыс.
Девиантты мінез-құлықты балалар, немесе қиын балалар - бұлар еңбекке, оқуға, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.
Диалог - тең құқылық, субьективті қарым-қатынас, оның мақсаты: өзара танып-түсінісу, партнерлер арасында өзін түсіну, өзіндік даму. Диалогты қарым-қатынас жасау қарым-қатынастың белгілі ережелерін сақтағанда ғана мүмкін.
Дикция (лат "dictio" - оқылу, айтылу) - сөздердің оқылу және айтылу манерасы.
Диффузды топ - бірлікті іс-әрекет мазмұны болмаған, ашыналық қатынасқа негізделген шашыраңқы бірігім;
Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы - мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
Дыбыстық паралингвистикалық құралдар қатары - дауыс ырғағы, сөйлеу жеделдігі мен көтеріңкілігі, екпін тұрақтылығы, дыбыстау ерекшеліктері және іркілістер мезетіндегі әрекеттер - кіреді.
Жабық- коммуникатор өзінің көзқарасын білдірмейді, кейде арнайы әдістерді қолданып жасыруға тырысады.
Жағымпаз тип - қойылған талаптарды ойсыз бас шұлғумен, иіле қабылдай отырып, екінші тараптың жанжалды әрекеттерін үдете түсуге итермелейді.
Жанама кері байланыс - психологиялық мәліметті берудің астыртын түрі. Бұл жағдайда әр түрлі сұрақтар, кекету, күтпеген эмоциялық реакциялар болуы мүмкін.
Жеке бас топтық қарым - қатынас - бұл бір жағы жеке адам, келесі жағы топ, ұжым болғанда болатын қарым - қатынас. Бұл түрі әсіресе жетекші мен топтың, ұжымның өзара қарым - қатынасы кезінде жақсы байқалады.
Жолдастық қатынас кезеңінде пікірлер жақындығы пайда болып, адамдар бір-біріне қолдау көрсетуді ниеттейді.
Идентификация - бұл тұлғаның өз сұхбаттас не іс-әрекеттік әріптесін тану және оның ойы мен ұғым-түсініктерін анық қабылдау мақсатымен ой аймағында оған ұқсап бағуы және өзін оның орнына қоя, бағалауы.
Интеграциялық көрсеткіштер: бейімделудің қалыпты механизмінің бұзылуы; психологиялық стрестің күшеюі.
Кинесика - адам сезімдері мен эмоцияларының сырт көріністерін зерттейтін ғылыми білім аумағы. Оның ғылыми обьектісі ретінде ым-ишара, қимыл-қозғалыс, пантомимика және көз арқылы білдіру (көз арқылы контак жасау) шығады.
Кіші топ - барлық мүшелері бір - бірімен тікелей қарым-қатынасқа келген адамдар бірлестігі. Әдетте, мұндай бірлестік өз ішіне екі не одан көп бірнеше ондаған адамды қамтиды.
Когнитивті сфера: Мен бейнесінің қайшылығы; өзін-өзі бағалаудың төмендеуі; өз күйін психологиялық дағдарыс, шешім қабылдаудың кідірісі ретінде ұғыну; құндылықты таңдау мәселесінің болуын субьективті мойындау, субьект бұрынырақ басшылыққа алған мотивтер мен принциптердің шынайылығына күмәндану.
Коммуникативті техникалар - қарым-қатынас ситуацияларының элементеріне әсер ету, түсіндіру және қабылдау тәсілдерінің жиынтығы (серіктес бейнесін дәл құрастыру, контакт орнату, басқанны түсіну, хабар мен эмоцияларды жеткізу, өзара әрекеттесушілердің мінез-құлқына әсер ету және өзгерту, т.б.).
Коммуникациялық жүйе - бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Коммуникацияның интерактивтi функциясы - адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
Коммуникацияның информативтi функциясы - адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
Коммуникацияның перциптивтi функциясы - қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
Коммуникацияның экспрессивтi функциясы - эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.
Конфликт - (лат.тіл. Conflictus- қақтығыс) - күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы.
Конфликтолог - конфликтіде делдалдық жұмысшеберлігін меңгерген, конфликтілі ситуацияны конструктивті басқара алатын шебер.
Корпорация - жеке - топтық ортақ мүдделермен жанамаланған өз дербестігі шектелмеген тұлғалар қатынасынан пайда болған ірі бірігім;
Көпшіліктік қарым-қатынас - көпше түрдегі таныс емес адамдардың және көпшіліктік мәлімет құралдары арқылы қарым-қатынас жасау, осындай қатынастың түріне өнер, эстетикалық қарым-қатынастарды да жатқызады.
Қарым - қатынас - біріккен іс - әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz