Айғыр бағудың технологиялық жобалау нормалары мен зоогигиеналық талаптары
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Ветеринария факультеті
Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы___________________________ ____________________________
Орындаған:
Қабылдаған:
АЛМАТЫ 2016 ж.
Жоспар:
І.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
ІІ.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4
2.1 Айғырларға арналған қоражайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
2.2 Жылқы шаруашылығының маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .. 14
2.3 Жылқы қорасының құрамы, сиымдылығы мен типтері. Жылқы қорасына қойылатын гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
2.4 Айғыр бағудың технологиялық жобалау нормалары мен зоогигиеналық талаптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28
ІІІ.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 39
І.Кіріспе
Ертеде айғырды тек сыртқы мүсіні мен ата-енесінің ерекшелігіне қарай бағалаған.Жыныс қуатыжетілген, піштірілмеген жылқы тынышсызболады, секірмейді. Сондықтанүйіргесалатынайғырданбасқа жылқылар піштіріледі.
Айғыр-жылқының жыныс қуаты жетілген еркегі.
Мінезіне, түр-түсіне қарай қойылған атаулары өте көп:
* шақарайғыр
* желқуықайғыр (мінезі)
* құрайғыр
* шу асауайғыр (бұрынқолғаұсталған-ұсталмағаны)
* сәурік (үйіргетүспеген)
* шалқұйрық
* құбақай (түсі), т.б.
Еркек жылқының жыныс қабілеті 1,5 жасында (тай) жетілгенімен, оны 3 жасқа (дөнен) толмай үйірге салуға болмайды.
Жас айғырдың үйірінде 10 - 15, толысқан айғырдың үйірінде 20 - 25, сақа айғырдың үйірінде 12 - 15 биеден болады. Бұл әдістің артықшылығы - айғыр үнемі үйірде болады да, бие дер кезінде тоқтайды, кемшілігі - айғырдың жыныс қуаты үнемді пайдаланылмайды, тіпті оның күші үздігуі де ғажап емес.Айғыр қолдан ұрықтандыру үшін де пайдаланылады. Бір айғырдың ұрығы 150 - 200 биеге жетеді және ішкі жыныс мүшесінде кемшілігі бар (жатыры қисық, т.б.) биелер Айғырқосқандаүнеміқысырқалатынболса , бұләдістіқолданғанда құлындайды.Ғылымныңдамуынабайланыст ы үйірге салынатынайғыржан-жақтызерттеліп, тексеруденөткізіледі.
Осы ерекшеліктергеқарайайғырдыбағып-күт уәдістері де сан алуан.
Айғыр (жеребец) - жыныстық қуаты толық жетілген жылқының еркегі. Биеденгөрі айғыр ірі, салмағы да едәуір ауыр, шоқтығы биік, кеудесі кең омыраулы, мойны жуан, басы үлкен, сүйегі ауыр әрі берік, терісі қалың келеді. Тұқымына қарай еркек кұлынының жыныс қабілеті 8-9 айлығында жетілгенмен, шағылысуға алғашқы рет 3-4 жасында қосылады. Шағылыстыруға түскен айғыр үйіргетегіне, дене бітіміне, өнімділігіне, ұрпағының сапасына карап тандап қосу арқылы өсіріліп отырған жылқы тұқымына сылдандыруға болады. Үйірдегі бие саны айғырдың жасына және шағылыстыру тәсіліне байланысы өзгереді. Қолдан шағылыстырғанда 5-14 жасар А. бірмаусымда - 35-40, 15 жастан асқандары - 20-30, ал алғашқы шағылысқа түскен жас 3-4 жасар А. - 15-20 биеге дейін ұрыктандыра алады. Үйірге түскен ересек айғырға - 20-25, ал жас және сақайған айғырға - 12-15 биеден бөлінеді. Қолдан ұрықтандырғанда бір айғыр ұрығымен бірмаусымда 300 биеге дейін ұрықтандыруға болады. Тұқымдық айғыр шаруашылықтың бағытына қарай (мініс, жегіс, спорт не етөндіру) тандалады. Осы ерекшеліктеріне байланысты айғыр бағып-күту әдістері де өзгешеленеді.
ІІ.Негізгі бөлім.
2.1 Айғырларға арналған қоражайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Шабыс кезінде шайыр тұқымды айғыр
Жылқының басы созылған арықтау келеді; көздері үлкен өткір, танаулары кең, сүйір құлақтары ширақ қимылды үлкен не орташа көлемді (басының жартысынан да кішірек) болады. Жалы ұзын салбыраған, мойны ұзын бұлшық етті, денесі жұмырланған болады; құйрығы түбірінен басталатын ұзын қылдардан тұрады; түсі әралуан келеді. Аяқтары биік сымбатты, жуандығы орташа болады; 1-ші және 5-ші саусағы мүлдем болмайды, 2-ші және 4-ші саусақтары рудиментті түрде ғана қалыптасқан; тұяғы ең қатты дамыған ортаңғы саусақтың басын ғана қаптайды (сондықтан дененің бүкіл салмағы соған келеді). Асқазаны қарапайым болады, өт қабы жоқ, бүйені қатты дамыған. Миі біршама кішкентай, және қатпарлы үлкен ми сыңарлары мишықты қаптамайды. Алайда ақыл қабілеті едәуір жоғары болады. Сезу қабілеттерінен естуі ең жақсы дамыған, содан кейін көруі, сосын иіс сезуі. Шоқтығынадейінгібиіктігі 50 - 185 см, салмағы 60 - 1500 кгболады.
Жылқылар әдетте бір айғыр бастайтын бірнеше биеден тұратын үйірге жиналады. Көбінесе жазық далада тұрады; ерекше сипаттары - үлкен жылдамдықпен сақтылық.
Жылқы түсі қылаң, баран, ала боп бөлінеді.
-Қылаңға ақбоз, боз, бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құлажирен, шабдар, көк, сұр, құлагер, қызыл, нарқызыл, т.б. жылқылар;
-баранғаторы, қара, қаракөк, қарасұр, қоңыр, жирен, күрең, т.б. жылқыларжатады;
-алағасарыала, сұрала, көкала, керала, қарала, қоңырала, күреңала, т.б. жылқыларжатады.
Алыстан қарағанда жылқының денесіндегі бозғыл түктер басым болса, ол қылаң жылқы деп аталады. Қошқыл түстер көбірек болса, баранға жатады. Ерекше кездесетін түстер болады. Мысалы, шұбар, бозшұбар, көкшұбар, қарашұбар, т.б. жылқылар. Будандарықашыр, қартақашыр (лошак), құланоид (құлан мен жылқы буданы), зеброид (зебр мен жылқы буданы) депаталады. Шабыс кезінде -шайыр тұқымды айғыр; Мінезіне, түр-түсіне қарай қойылған атаулары өте көп:шақар айғыр,желқуық айғыр (мінезі), құр айғыр,шу асау айғыр (бұрын қолға ұсталған-ұсталмағаны),сәурік (үйірге түспеген) шалқұйрық,құбақай (түсі), т.б. Ертеде айғырды тек сыртқы мүсіні мен ата-енесінің ерекшелігіне қарай бағалаған.Жыныс қуаты жетілген, піштірілмеген жылқы тынышсыз болады, секірмейді. Сондықтан үйірге салатын айғырдан басқа жылқылар піштіріледі.Еркек жылқының жыныс қабілеті 1,5 жасында (тай) жетілгенімен, оны 3 жасқа (дөнен) толмай үйірге салуға болмайды.Жас айғырдың үйірінде 10 - 15, толысқан айғырдың үйірінде 20 - 25, сақа айғырдың үйірінде 12 - 15 биеден болады. Бұл әдістің артықшылығы - айғыр үнемі үйірде болады да, бие дер кезінде тоқтайды, кемшілігі - айғырдың жыныс қуаты үнемді пайдаланылмайды, тіпті оның күші үздігуі де ғажап емес.Айғыр қолдан ұрықтандыру үшін де пайдаланылады. Бір айғырдың ұрығы 150 - 200 биеге жетеді және ішкі жыныс мүшесінде кемшілігі бар (жатыры қисық, т.б.) биелер Айғыр қосқанда үнемі қысыр қалатын болса, бұл әдісті қолданғанда құлындайды. Ғылымның дамуына байланысты үйірге салынатын айғыр жан-жақты зерттеліп, тексеруден өткізіледі.Осы ерекшеліктерге қарай айғырды бағып-күту әдістері де сан алуан. [1]
Айғыр (жеребец) - жыныстық қуаты толық жетілген жылқының еркегі. Биеден гөрі А. ірі, салмағы да едәуір ауыр, шоқтығы биік, кеудесі кең омыраулы, мойны жуан, басы үлкен, сүйегі ауыр әрі берік, терісі қалың келеді. Тұқымына қарай еркек кұлынының жыныс қабілеті 8-9 айлығында жетілгенмен, шағылысуға алғашқы рет 3-4 жасында қосылады. Шағылыстыруға түскен А. үйірге тегіне, дене бітіміне, өнімділігіне, ұрпағының сапасына карап тандап қосу арқылы өсіріліп отырған жылқы тұқымын асылдандыруға болады. Үйірдегі бие саны айғырдың жасына және шағылыстыру тәсіліне байланысы өзгереді. Қолдан шағылыстырғанда 5-14 жасар А. бір маусымда - 35-40, 15 жастан асқандары - 20-30, ал алғашқы шағылысқа түскен жас 3-4 жасар А. - 15-20 биеге дейін ұрыктандыра алады. Үйірге түскен ересек А-ға - 20-25, ал жас және сақайған А.-ға - 12-15 биеден бөлінеді. Қолдан ұрықтандырғанда бір А. ұрығымен бір маусымда 300 биеге дейін ұрықтандыруға болады. Тұқымдық А. шаруашылықтың бағытына қарай (мініс, жегіс, спорт не ет өндіру) тандалады. Осы ерекшеліктеріне байланысты айғырды бағып-күту әдістері де өзгешеленеді.
1-сурет. Айғырлар.
Айғыр қою - жылқының құтпанын аталық ретінде тандауға байланысты жасалатын рәсім. Айғыр қоюға тандалған құлынды жас кезінен таңдап, оның жалы, шоқтығы, құйрығына қол тигізбейді, яғни оны күзеп, кеспейді. Қол тигізсе киесі басылады, жал құйрығын күзеп тастаса сұсы қайтады-мыс. Әуелі, айғыр қоятын құлынды табатын бірнеше биені таңдайды: сыны келіскен жасамыс биеге алыстан басқа бөгденің үйірінен әкеліп салған сыны мен бабы келіскен айғырды әкеліп салады. Ол айғырға қалыптасқан жосын бойынша ақтық байлап, иесіне кәде береді. Реті болса, құлынның енесіне әдейілеп іш тастатып, алдағы қыста қысыр етеді. Ол үшін таңдалған биені қыстың сары аязында терлетіп, суық су мен суарып, таң асырып әдейі құлын тастатады. Келер қысында туған еркек құлындар арасынан таңдалған құлынды арда емізеді немесе басқа биеге телі емізеді. Құнанында жүген құрық тигізбейді, дөненіңде көктемде жуасытып үйретіп жібереді. Осылайша, айғыр қоятын құлынды шаңырақ иесінің тән меншік тума еркек құлындардың арасынан таңдап алынады. Айғыр қоюды алдымен оның түр-түсі де ескеріледі. Қазақы ортада көкмойын, құла, қарагер көбірек таңдалады. Ал ала түс дәстүр бойынша өзіне біткен жылқының саны жүзден асса қара түсті Айғыр қоюға рұқсат етілген. Айғыр қоятын сәуіріктің сыртқы сымбаты келісті болу керек: басы етсіз, дене тұрқы тегіс, сіңірлі, бұлшық еті мығым, құйрық-жалы қою, шоқтығы биік, қабырғасы етті, әрі адырайған, шығыңқы, жоны тақтайдай тегіс, алқапты, ұша тұсы сәл бүкіс, сирағы жуантық, бұты талтақ, құрсағы салыңқы болса ол алғашқы сыннан өтеді. [2]Үш шоқысы (шүйде, шоқтық, шонданайы осы үшеуге солай атайды) байлап қойған кезде бір деңгейде жатқан түзу, ауыз омыртқа шығыңқы, тірсегі төмен, кеуделі, төсі кең, бойшаң, жалы міндетті түрде қамшылар жағына жығылған болуы керек. Онан кейін жеке сынына келеді: айғыр қоятын сәурік кең маңдайлы, қамыс құлақ (ұзын) танау тесігі кең, сағағы тік, қабағы қалың, кірпігі сояулы ұзын, көз жанары үлкен, тұяғы сом, тісі жуан, терісі кең, ұмасы үлкен, көлемі тең, үйірсек, мініске қолайлы, көнбіс болуы шарт. Егер өн-бойында жүннің үйысқан орайы көп болса жақсы айғыр болудың нышаны деп есептелген. Дәстүрлі тәжірибе мен сенімде ондай орайдың сағақ, алқым тұсында оңға ширатылған көп орайлысы мықты айғырдың нышаны дейді. Толарсақ иілген садақтай болып тұрса, төмендеу келген, яғни бота тірсек болса айғыр қуатты, қайратты деп есептейді. Тағы бір ескере нәрсе, құйрық түбі жуан болған сайын қайраттылықтың белгісіне саналады. Керісінше құйрық түбі жіңішке болса әлсіз болады. Жалы мінер жағына жығылған жылқыны жаман ырымға жорып, мінбейді, бәйгеге қоспайды. Таңдалып алынған сәурікке алдымен 3-5 байтал қосып бел қызығын көрсетеді. Сол кездегі биеге шабуы, үйірді қайтару кезіндегі мінез-құлқын байқайды: қызба, күйгелек мінездісін жаратпайды. Егер үйірді жақсы қайырса, және басқа саяқ жылқылар жібергенде бөтен сәурікке қарсы тұрып, үйірді қызғанса жақсы айғыр болудың нышанына саналады. Айғыр қою рәсімі өзіндік қалыптасқан ережемен жүріледі: сәуріктің сауырына сары май жағып, Иә, жарықтық-ай, бауырың өссін! деп игі тілек тілеп. шоқтығына дұғалық тұмар, құйрығына жеті тал үкі байлап, үйірге қосады. Айғыр қоярда: Жылқышы ата, жирен сақал, Айғырыңыз арынды болсын, Үйірге қайырымды болсын, Бауыры құт болсын!' - деп бата айтады. Осылай айғыр қойған соң жастау биелер мен қысырақтан кемі бес, арысы он екі-он үштен кем емес етіп топтап, үйір салып, сәурік айғырдың шабуына мүмкіндік жасайды. Егер үйірде жаңадан қойылған айғырдың өзінің туған енесі немесе бір енеден туған енелес биелер болса оны бөліп, басқа үйірге қосады. Себебі, айғырдың ерекше инстинкті сол, оны қазақтар бүкіл мал атаулының ішінде өзінің тумасына, енесіне, енелесіне шаппайтын есті жануар деп бағалайды. Жаңадан салынған үйірге басқа айғыр шапқан бие болмауын қадағалайды. Болған күннің өзінде айғыр оны қуалап, үйірден аластап тастайды. Малдың табиғи ортамен үйлесімі, физиологиялық жай-күйі, ауа райы құбылыстарына сезімталдық танытанын ерекшелігі көбіне тұқым қуалаушылыққа негізделеді деп есептейді. Айғырды неден салсаң үйірді сонан мінесің, Мал нәсіліне қарай өседі, егін ұрығына қарай бітеді, Байсалды айғырдың үйірін aт жақтайды, Айғыр қойсаң үндіден қой, қошқар қойсаң жүндіден қой деп келетін көптеген паремиологизмдер осыны аңғартады. [3] Жылқы түлігінің аталығы, үйірдің құтпаны. Жыныс қуаты жетілген, піштірілмегендіктен айғыр тынышсыз болады және шайланып семірмейді. Еркек жылқының жыныс қабілеті тай-құнанында жетіле бастағанымен, оны дөнен (бұл қазақта төрт жасқа саналады) жасқа толмай, белі жетілмеді деп үйірге салмайды. Айғыр суыққа төзімді келеді. Аязды боран күндері үйірін ықтасынға қарай бастап иіреді. Үйірін ит-құстан қорғағанда айырықша батылдық көрсетеді. Мықты, күшті айғырлар үйірін әдетте ит-құсқа алдырмайды. Айғыр аса төзімді, әрі есті мал деп саналады. Қазақы жылқының (қазанат, жабы тұқымының) айғырлары енесі мен өзінен ерген құлынын үйірінен қуып, шығарып жібереді. Яғни қандас жақын ұрғашы жылқыларға шаппайды. Айғыр лайықты сымбаты мен түр-тұлғасы, мінезі келіскенін таңдап қояды. Қазақы ортада ең қадірлі түлікке саналатын жылқының құтпаны айғырға қатысты сан алуан ғұрыптар мен ырымдар дәстүрлі наным-сенімдегі өркендеу идеясына негізделеді. Қазақтың тіршілік циклына қатысты ғұрыптарда айғырдың араласатын тұстары көп: айталық, босанатын әйел марту басып қиналса толғағын жеңілдету үшін көрші ауылдың айғырын әкеліп көрсетеді (С.Сейфуллин). М.Ибрагимовтың мәліметі бойынша, толғатып жатқан әйелдің көкірегіне айғырдың тұмсығын тигізетін болған. Толғақты жеңілдету үшін үйдің сыртына жылқы үйірін әкеліп иіру, тасырлатып шаптыру және ішінен айғырды ұстап жүгендеп, маңдайшасын алған есіктен үйге енгізіп көрсету тәрізді шаралар Алтай қазақтарында XX ғасыр екінші ширегінде де атқарылған. Көптеген түркі халықтарындағыдай қазақтарда сол шаңырақтың, әулеттің құты үйірдегі айғырдың жалында байланып жүреді деп сенеді. Соған байланысты, қазақта айғырдың жалына қол тигізу шаңырақтың құт-берекесін қашырады деп ырым еткен.[4] Айғырдың жалын күзесе күші қайтады деп оған қол тигізіп, қырықпайды. Жылқыға өлік артпаған. Ертеректе ең тандаулы деген айғырды ауруды емдеуге де пайдаланған. Мәселен, Алматы облысының тұрғыны қаңлы руынан шыққан Ержұма деген бақсының көтеріліп ауырган келіншекті айғырға мініп алып айнала жүріп емдегені жайында айтылады. Ел жайлауға шыққан соң желі тартып, алғаш бие байлағанда үйірдің бастаушысы айғырдың сауырына май жағылады, қымызмұрындық ғұрпында айғырдың маңдайына қымыз тамызады. Бұл - үйірдің төлі көбейсін және ақ мол болсын деген тілектің нышаны. Айғырдың мінезіне, түр-түсіне қарай қойылған атаулары өте көп. Құр айғыр - өмірі ұсталмаған, мініс көрмеген, шу асау; құтпан айғыр -үйіріне жайлы, жуас, байлық басы есептелетін мал. Сәуірік айғыр - жаңа үйір ала бастаған айғыр. Айғырды дұрыс таңдамаса тұқым бермейтін белсіз, бие тоқтамайтын сыңар енді және шартық сияқты кінараттары болады деп есептейді. Айғырлар жасы мен шаруашылық талаптарына қарай бөлінеді: сәуірік үйірге енді қосылатын жас айғыр; шартық немесе сыңар аяқ - ауру менжарақаттан, әлдебір белгісіз тұқым қуалаушылықтан кінаратқа тап болғандар; азбан айғыр - шау тартып, ақталанып, үйірге салудан қалғаны; бауыры 0құт айғыр - көп тұқым алынатын құтты саналатын өсімталы. Айғыр мінезіндегі осал жақтары: шақар, шайнағыш, асау, таласқыш тәрізділері болса ондай жағымсыз қылықтар мал тққымына әсер етеді деген ұстаным бойынша оны алмастыруға көшеді. Үйірге айғыр қосқанда үйірге таңдаулы тұқымның айғырын ғана салады. Жас айғырдың үйірінде 10-15 бие, толысқан айғырдың үйірінде 20-25 бие, сақа айғырдың үйірінде 12-15 биеден болады. Бұл әдістің артықшылығы айғыр үнемі үйірде болады да, бие дер кезінде тоқтайды, кемшілігі айғырдың жыныс қуаты үнемді пайдаланылмайды, тіпті оның күші үздігуі де ғажап емес. Айғыр салатын дөнен дәстүрлі ат сыны бойынша, төмендегідей талғамға сәйкес келуі керек: бірыңғай баран өңді, жуас; үйірге қазымыр емес, үнемі үйірдің артында жүреді. Басы етсіз, мандайы кең, қамыс құлақ, тістері ірі, салпы ерін, кірпік, қасы, құйрық жалы мол, жүндес, кеудесі кең, шоқтығы биік, тұрқы сәл бүкіштеу, жаясы жалпақ, мықыны тарлау келеді. Тура артынан қарағанда, оқабырғаның қанаты жаяға жасырынбай толық көрініп тұратын, қабырғалы, бауыры жазық, жоны тартыңқы болу керек. Тумасында орайы болса, бауыры аман болады, үйірі өседі. Төрт аяғы тең (маймақ емес), жуан, жерге қаққан қазықтай нық та тең басады. Жіліншіктің сіңірлері білеуленіп, бөлектеніп тұрады. Бақайы қысқа, алдыңғы аяқтарының бақайы артқы бақайынан сәл ұзындау, тұяғы жұмыр әрі берік. Жерсоғары қалың, шашалы келсе құба-құп. [5]
2-сурет. Айғыр қою.
Үйірге айғыр қосу. Шағылыстырудың қолдан, бөлме ішінде және үйірде шағылыстыру деп аталатын 3 түрі бар. Шаруашылық жағдайына байланыстыбұлардың кез- келгенін қолдануға болады. Қолдан шағылыстырғанда жасы 4-12 аралығындағы айғырларға 35-40 бие тағайындайды. Шәуетінің сапасы мен жалпы күйіне қарай оған қосылатын бие санын көбейтіп немесе азайтып отырады. Шағылыстыруға алғаш қосылып отырған - жасар айғырға 15-20 бие жүктеледі. Сақа айғырға денсаулығына байланысты бие бұдан гөрі аз тағайындалады. Қолдан немесе қамап шағылыстыратын жағдайда 4 жасар және одан ересек әрбір айғырды күн сайын 1-23 рет биеге қосуға болады. Бірақ ол ұшін оның азығы жеткілікті және құнарлы болуға тиіс. Бір қосылу мен екінші қосылу мен екінші қосылу аралығы 8 сағаттан кем болмауы керек. Жалпы күйіне, ұрық сапасына, жыныстық шабытына қарай жас және сақа айғырларды биеге күніне не күн ара бір-ақ рет қосу крек. Барлық айғырларға аптасына бір рет демалыс беріледі. Үйірде шалыстыру кезінде әрбір ересек айғырға 20-25, ал жас және сақа айғырға 12-15 бие үйір болып топтастырылады. Қолдан ұрықтандыру. Алғашқы рет жылқы шаруашылығында қолданылған. Соңғы жылдарда ірі қара және қой шаруашылығында да кеңінен пайдаланылып жүргені белгілі. Малдың санын арттырып, сапасын жақсартуға әсірісе тұқымдық айғырдың ұрығын қатыру және 1960 С сұйық азотпен ұзақ уақыт бойы сақтауға қолдан ұрықтандыру ауқымын едәуір кеңейтуге және оны тасымалдауға кеткен транспорт шығындары азайтуға мүмкіндік береді. Айғырдың бір жолғы алынған ұрығымен 15-20 биені, ал маусым кезінде 300-500 биені ұрықтаныруға болады. Мысалы, орлов желгіш жылқысының Квадрат деген айғырының ұрығымен қашырылған биелерден 600 құлын алынған. Ұрықты алуға, сақтауға және биені ұрықтандыруға қолданылатын құрал- саймандар мен аспаптар үнемі жуылып, кептіріліп, әрә зарарсыздандырылып отырады. Жаңа жабдықтар мен аспаптары майлы заттардан шаң-тозаңнан тазартып, соңынан зарарсыздандырылады. Таза аспаптар, сондай-ақ қолдан ұрықтандыруға қажетті материалдавр мен химикаттарды жабық шкафта сақтайды, алд мұнда басқа да дәрі-дәрмектер мен дезинфекциялағыш заттарды сақтауға болмайды. Айғырдан ұрық аларда жасанды қынапты биенің жамбасына тақап ұстап тұрады. Айғыр биеге артылған мезетте оның жыныс мүшесін үрпінен ұстап, жайлап жасанды қынапқа сұғады. Айғырдан ұрық бөлінісімен сол мезетте жасанды қынаптың ұрық қабылдаушысы тұрған жағын төмен қаратып, ауасын шығарады да, ұрық қабылдауышты жайлап шығарып, бетін дереу шыны қақпақпен жабады. Осыдан кейін жасанды қынаптағы суды төгіп, оны жылы соданың ертіндісімен жуып, вазелинін кетіреді,соңынан таза ыстық сумен шаяды. Айғырдан ұрық бөлінгенін оның қимылы тоқта құйыршығы қозғалғанынан бәлуге болады. Айғырдың ұрық бөлінуі 10-20 секундқа созылып, 50-120мл ұрық береді. Ұрық сапасын 38-400 температурада микроскоппен 120-180 есе үлкейтіп қарайды. Ол үшін ұрықтың бір тамшысын төсеніш шыныға тамызып, оған 3% лимон қышқылды натрий ертіндісімен 1-2 тамшы қосып, араластырады. Төсеніш шыны арасында ауа көпіршігі қалмайтындай етіп, жабқыш шынымен мықтап жабады. Төсеніш және жапқыш шынылар таза жуылып кептірілуі тиіс. Микроскопты туралағанда жапқыш шыныға тимейтіндей етіп микроскоптың трубасын бүйіріненқарап тұрып, шыныға мейлінше жақындавтады да, сосын ғана окулярдан қарап тұрып, шәует анық көрінгенше жайлап көрсетеді Микроскоп арқылы шәуеттің қоюлығын сондай-ақ үдемелі қозғалысы бойынша ұқық сапасын көз мөлшерімен тексереді. Егер микроскоп аясында шәует быжынап жатса, онда ұрықты Қ(қою) әрпімен, егер шәует аралығы тым сирек болса С(сирек) әрпімен, ал шәет болмаған жағдайда А(азооспермия) әрпімен белгілейді. Қоюлығы сирек, 5 балдан төмен ұрықтар пайдалануға жарамайды. Шәуеттің активтілігін он балдық шкаламен белгілейді.Барлық шәует түзу сызықты үдемелі қозғалыста болса, онда олар жоғары баға алады. 9 балл алған жағдайда әр он шәеттің 9-ы түзу сызықты үдемелі қозғалыта, 8 балл алғанда- он шәуеттің 8, 7 балл алғанда- он шәеттің 7-і түзу сызықты үдемелі қозғалыста болады. Ұрықтағы барлық шәует тербермелі қозғалыста болса Т(тербелмелі) әрпімен егер барлық шәует қозғалыссыз болса Н(некроспермия-өлі ұрық деген сөз) әрпімен белгілейді.Ұрықтың қоюлығы мен активтілігін екі таңбамен белгілейді. Мәселен, Ұ-9 өою ұрық, түзу сызықты үдемелі қозғалыспен жылжиды, активтілігі 90% дегенді білдіреді. Шәуеттің концентрациясын күнбе-күн ал төзімділігін, он күнде бір рет Горяевтің есептегіш камерасынмен анықтайды.Ұрықты сұйылтуға лейкоцит параластырғыш маленжерді алдымен тазартылған немесе қайнатып сүзілген сумен сосын спиртпен жуып, эфирмен кептіреді. Маленжердің ұшына резеңке түтік кигізеді. Маленджердің 0,5 деңгейіне дейін ұрықты, 11 деңгейіне дейін 3 % хлорлы натрий ерітіндісін сорып алады. Хлорлы натрийдің гипертониялық ерітіндісі шәетті өлтіріп, ұрықты сұйылтады.Мұның өзі олардың санын есептейді азайтады. Меланжердің екі ұшын бас бармақ және сұқ саусақтармен қосып тұрып 2-3 мин шайқайды. Ерітіндіні араластыру кезінде түтіктің екі ұшындағы араласпай қалған ұрықты шығарып тастау үшін мселанджерден 4-5 тамшыны ағызып жібереді. Сұйытылған ұрықтың бір тамшысын жапқыш шыныың астындағы камера торына тамызып, оны ауа кірмейтіндей тығыз жабады. Камераны микроскоптың төсегішстолына қойып, 200-300 есе үлкейтіп барып, тағы шәуетті есептеп барып шығарады.Шәуеттің бас квадрат ішінде немесе оның жоғарғы және сол жақ сызығында жатқандары ғана есептеледі. Саналған шәуеттің 1000-ға бөліндісі 1мл ұрықтағы шәуеттің санын көрсетеді.Әдетте айғыр ұрығының бір миллиметрінде 0,2 миллиард шәует болады. Әрбір анықтаудан кейін араластырғышты, камераны және жапқыш шыныны алдымен жай сумен, сосын тазартылған сумен жуып, осыдан кейін аралстырғыш пен камераның ішіндегі су қалдығын 96% сиртпен, эфирмен кептіріп, Ричардсон шарымен немесе резеңке грушамен кептіреді. Ұрықтың тіршілк қабілеті сұйылту арқылы анықталады. Ол үшін құрамында 4,16г натрий фосфатыжәне 0,16 калий фосфаты бар 100мл дистилденген суда ерітіп тексереді.Ішінде сұйытылған ұрығы бар шыныны температурасы 38 градус жылы суға қояды да, ұрықтың тіршілік қабілетін бір сағат сайын анықтап отырады. Тіршілік қабілетін анықтағанда қатар тұрған екі бағананың әр біреуінің жартысы бір-біріне қосылады. Сапалы ұрықтың тіршілік қабілеті 400 өлшемге тең болуы тиіс. Жылқыны ұрықтандыру үшін активтілігі 5 балдан ал шәует концентрациясы 1миллиметрінде 0,2 миллиардтан кем емес ұрық қана пайдаланылады. Ұрықты биенің тікелей жатыр мойнына жіберетін юолса, әрбір биеге 25-300мл мөлшерінде қолданылады. Ұрықты жатырға 8-10 см тереңдетіп, резеңке катетермен және жартылай автоматты шприцпен енгізеді. Ауыр жүк тататын тұқым жылқысына жаңа құлындаған болса ұрықты 35-400 млн мөлшерінде жібереді. Айғырдың ұрығының бір дозасында 300-400активті шәуеті болуға тиіс. Спирт Келесі биені ұрықтандырар алдында катетерді 96 градустық спирт малынған мақта тампонымен сүртіп зарарсыздандырады, бұл кезде катетер каналына спирттің кіріп кетуін болдырмау керек. Әрбір ұрықтандырғаннан кейін айнаны ыстық сумен жуып, сүлгімен құрғата сүртеді, содан соң түтіні жоқ жалында ұстап зарарсыздандырады. Ішіндегі ұрық толық аластатылған кезде шприцті 1% хлорлы натрий ерітіндісімен жуып, соңынан 70 градустық спиртпен сүртеді де, қағазға орап қояды. [6]
Қолддан ұрықтандыру пунктерінде мынандай документтер, атап айтқанда, айғыр белгілеу журналы, бие карточкасы, қолдан ұрықтандырылған биелерді тіркейтңн журнал, қолан ұрықтандыру жұмысының барысы туралы есеп берудің формалары, есепке алынған жабдықтар мен материалдардың тізімі болуға тиіс.
Айғырлар түрлері: Айғыр. Жылқының жыныс қуаты жетілген еркегі. Мінезіне, түр-түсіне қарай әр түрлі атайды. Айғырдың үйірінде 10-нан 30-ға дейін бие болады.Жасамалы. Үш-төрт жастан асқаны. Желқуық айғыр. Көктемде айғырдың көкке тойынып, үйіріне қараған кезін, күйін білдіреді.Сәурік айғыр. Үш-төрт жастағы піштірілмеген, әрі үйірге салынбағанын айтады.Құр айғыр. Өмірі жүген-құрық тимей, әбден семірген айғыр.Бұзғыш айғыр. Айғырдан шыққан биеге еріксіз шауып, немесе екі құлағын жымырып, басын жерге салып, биені сауырлап қуып жүріп, құлынын ағызып жібереді.Шақар айғыр. Өз үйіріндегі биелерді місе түтпай, басқа айғырдың бауырындағы үйірін тартып алып жүретін айғыр.Сыңар ен айғыр. Туысынан бір ен боп туған еркек жылқы.Шартық айғыр. Екі енінің бірі піштірілмей қалғаны.Азбан айғыр. Алты жасында піштірілген жылқы. Ол піштірілгенімен айғырлық әдетін қой- майды. Оқыранып биелердің есін шығарады. Бірақ бұрынғыдай биенің күйітін қандыра алмайды.
Саяқ (бойдақ) жылқылар атаулары: Бойдақ жылқылар. Піштірілген құнандар мен дөнендер және бестілер.Ат. Піштірілген еркек жылқы.Сақаат. Жас мөлшері он бір-он екіге келгендері.Арда емген. Құлын кұйінен бастап немесе құнанына дейін енесін еміп, ақ жілік болғаны.Еркек тел тай. Өз енесі мен телінген енесін, немесе екі енені бірдей еміп жүрген еркек ж7ылқының бір жастағысы.Еркек кенже тай. Бір жасқа толмаған, былтырғы кеш туған құлын.Тоқтасқан ат. Жас мөлшерінің он екі-он үшке келгені.Ши арқа ат. Қөп міністен жауыр болып, ер батқан соң арқасының шиі шығып тұратын мініс көлігі.Мықырат. Шоқтықсыз келген жылкының тапалы.Қысыр емген. Айғырдан шығып, құлын тастаған биенің былтырғы құлыны бір жастан екі жасқа дейін енесін еміп өскені.Шобыр. Мініске, күш-келікке өте мықты келетін шабан ат.Тұғыр. Шобырдың ең жақсысы, мініске мықты ат.Мес ат (мәстек). Тоқ-аштығы білінбейтін жуан денелі, қарынды, сирақты, күшті боп келген ат.
Жылқының піштірілуі мен күш-келіктілігіне қарай аталуы.
Саяқтар. Бұл атау піштірілген тайлар мен құнандарды және дөнендерді (аттар да осының ішінде) бірыңғай беліп жібергендерін білдіреді. Кейде саяқ деп үйірден бөлініп, тоқтамай, лағып кететін бірлі-жарым биелерге де айтылады.
Ығырат. Көп мініс көріп ерғашты болған деген ұғымды білдіреді. Ол жануар жүгеннің сылдыры шықса болды, қаша жөнеледі. Сондықтан ат қора түгілі, ауылға жоламай, малдан бөлек жайылады.
Құр ат. Жүген-құрық тимей, әбден семірген ат.
Сетер ат. Құлын күнінен бастап, қартайып өлгенше үстіне шабыннан басқа ештеме шықпаған, жүген-құрық тиіп, ер-тоқым салынбаған атты айтады.
Уыз ағыздыру. Піштірілген кезде енін алмай, оның тек ішіндегі ұрығын ағызып жіберу.
Піштіру (кестіру). Құнан, денен, бестілердің енін еткір кездікпен өте жылдам сылып тастау.
Пішпе. Піштірілген жылқы.
Жылқыны бордақылау кезіндегі гигиеналық талаптар
Жылқыларды ұстаудың жүйелері мен әдістері. Жылқыны республикамызда әртүрлі бағытта пайдаланады. Атап айтқанда күш көлігі ретінде, ет, сүт өндіру үшін, асыл тұқымды мал өсіру мақсатында, спортқа қолдану әрі донор ретінде пайдаланады.
Жылқы күш көлігі ретінде үш бағытта қолданылады бағу, жегу және жүк арту ретінде. Жылөыны асыл тұқымды бағытта қолданудың басты міндеті асылдандыру және асыл тұқымдыжас мал өсіру. Тауарлы жылқы шаруашылығы бұл жылқы етін, шипалы сусын қымызды өндіреді.
2.2 Жылқы шаруашылығының маңызы.
Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән маңызы да өзгереді. Жылқы шаруашылығы бұрынғыдан жетілдіе түсті. Жылқының щаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе көлік, сүті - қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқының әскер мен спортқа пайдалануы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпал
н тигізеді. Бұл салада өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын жасауға кеңінен пайдаланылады. Халықаралық көрмелерде де жылқвға деген талап-тілек артып отыр.
Еліміздің ерте кезден ақ Жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімделген ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайлымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайлымдарға малдың басқа түріне қарағанда үірлі жылқылар жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардың алынатын өнімінің молаюы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдіруіне байланысты. Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елемізге мәлім. Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасмалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықта құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленнеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсаты мен жылқы шаруашылығында селекцичлық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады. [7]
Арнаулы бордақыда бағып, оны сойса жылқы еті өте шипалы тағам екенін айтпай-ақ білуге болады. Мысалы, жылқы етінде 17-24 % белок, 1-2 % май бар, орташа калориясы 940-1566 Дж аралығында болады екен. Ал, енді жылқы майы биологиялық активті компоненттерге өте бай.
Бордақы жылқылар
Қазақстанда өсірілетін спорттық аттар дүние жүзінде басты орындар алған. Мысалы, үш дүркін олимпиада чемпионы, бірнеше рет Одақ чемпионы Абсентті айтуға болады. Алпысыншы жылдары Абсентті Қазақстанның бірінші жұлдызы деп атады.
2.3 Жылқы қорасының құрамы, сиымдылығы мен типтері. Жылқы қорасына қойылатын гигиеналық талаптар.
Географиялық және климаттық жағдайға байланысты әр бір зонада жылқыны күтіп бағудың өзіндік ерекшеліктері болады. Жылқы шаруашылығында оның екі жүйесі қолданылады: қорада және табында. Бұл жүйелерді қолдану жылқының тұқымына, шарушылықта малды қолдану бағытына, жергілікті жердің жағдайына және шаруашылықтың экономикалық жағдайына бапйланысты жылқыны қорада ұстау жүйесі еліміздің барлық аудандарында асыл тұқымды, тауарлы, соның ішінде қымыз өндіру кәсіпорындарында қолданылып келеді. Жылқыларды қорада ұстаудың өзі әжіреде және топтап ұстау тәсілі болып бөлінеді. Мысалы, айғырларды, жас жаратылатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz