Ақ, қара түс атауларының лингвистикалық әлеуеті


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі.
Еліміз егемендік алып, тіліміз, мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты қоғамда тарихи сана мен ұлттық таным көкжиегі кеңейе бастады. Әр халықтың өзіндік салт-санасы елдік рухы алдымен оның тілінде таңбаланады. Тілдің мемлекеттік мәртебесін нығайтудың қазіргі таңдағы басты бір мүмкіндігі - оның осы танымдық қызметін неғұрлым толық ашып көрсету, сол арқылы ежелгі елдік атрибуттарды, халықтық қалыпты, рухани тамырда терең зерттеп, жете тану.
Осы орайда түр-түсті айшықтайтын сөздердің бойында берілетін ақпараттың мол екендігі де назарға ілінеді. Ең алдымен, аталмыш нысан - қазіргі қазақ тілінің морфология саласына тиесілі тақырып. Дегенмен, тілдің қарқынды дамуына байланысты бұл тақырыптың қолданылу өрісі кеңіп, сөзжасам, фразеология, ономастика (антропонимика, топонимика) психология, когнитивтік лингвистика, этнолингвистика салаларына да қатысы бары анықталып отыр. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда, түр-түс тақырыбының әлі де тыңғылықты зерттеуді қажет ететін жақтарының барлығы анықталады. Алынған тақырыпқа қатысты қазіргі тіл біліміндегі соңғы жаңалықтарды зердеп-зерделеу, тілдік фактілермен дәлелдеу, қызықты тақырыптардың біріне айналдыру мол ізденісті қажет етері сөзсіз. Осы тұрғыдан келгенде, зерттеу нысанына айналған тақырыптың өзектілігі дау туғызбаса керек.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Түр-түс сөздерінің сыр-сипатын анықтап, лингвистикалық тұрғыдан сипаттама беру, оның қолданылу аясын анықтау, түстердің танымдық, этнолингвистикалық, номинативтік белгілерін саралау зерттеу жұмысының мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалды:
- Түр-түстің зерттелуіне шолу жасау;
- Түр-түс сөздерінің лингвистикалық табиғатын сипаттау;
- Ақ, қара түс атауларының фразеологизмдердегі қолданысына сипаттама беру;
- Ақ, қара түстің тілдік бірліктерінің номинативтік белгісін саралау;
- Ақ, қара түс атауларының тілдік жүйедегі когнитивтік моделін жасау;
- Ақ, қара түс атауларының этнолингвистикадағы қолданысын анықтау;
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны. Ақ, қара түс атауларының лингвистикалық әлеуеті.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері . Жұмыста сипаттама, салыстармалы-тарихи, этнолингвистикалық талдау этимологиялық әдіс-тәсілдер, жүйелеу, топтау, салыстыру тәсілдері қолданылды.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы мен нәтижелері.
Зерттеу нысаны бойынша төмендегідей мәселелер ғылыми шешімін тапты:
►Түр-түс тақырыбының зерттелу тарихына шолу жасалды;
► Ақ, қара түстердің лингвистикалық табиғаты сипатталды;
►Ақ, қара түстің фразеологизмдерде молынан кездесіп, түрлі ауыспалы мағынада жұмсалатыны сипатталды;
►Түр-түс қазақ халқының мәдениетінің, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының ажырамас бөлігі екендігі айқындалып, антропонимика, топонимика, зооним, фитоним дериваттарын жасаудағы негізгі тұлға, аналитикалық сөзжасамның бір тілдік көрсеткіші екендігі жан-жақты зерделенді;
►Ақ, қара түс атауының когнитивті моделі анықталды;
► Түр-түсті білдіретін тілдік бірліктердің психологиялық портреті жасалды;
►Түр-түс атауына қатысты тілдік деректер жинақталып, жүйеленіп, этномәдени бірлік ретінде сипатталды.
Курстық жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы. Зерттеу барысында алынған тұжырымдар мен нәтижелер лексикология, семасиология, сөзжасамның жалпы-теориялық негіздерін, этнолингвистиканы, когнитивтік лингвистиканы дамытуға септігін тигізе алады. Жұмыстың нәтижелерін лексикология, сөзжасам, этнолингвистика, лингвомәдениеттану, елтану, мәдениеттану бойынша арнайы курстарда, сөздіктер (түсіндірмелі, диалектологиялық, этимологиялық, жиілік) жасауда қолдануға болады.
Курстық жұмыстың дереккөздері: Зерттеу жұмысында көтерілген мәселелер бойынша белгілі тілші-ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды: А. Байтұрсынов, І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов, Ғ. Мұсабаев, Ж. Шәкенов, Ф. Оразбаева. Аталмыш тақырыпты зерттеу барысында қазақ тілінің түсіндірмелі, фразеологиялық, тұрақты теңеулер, қазақ әдеби тілінің сөздіктері, ұлттық энциклопедия пайдаланылды.
Курстық жұмыстың құрылымы . Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1 Түр-түс атауларының зерттелу тарихы
Табиғаттағы неше алуан түр-түстер мен олардың реңктерін адам баласы екі түрлі жолмен танып, біле алады екен. Олардың бірі - ғылыми жол да, екіншісі-халықтық дәстүр, тәжірибе. Түр-түс әлемін ғылыми жолмен тану, әрине, осы құбылысты зерттеуге қатысты ғылым салаларының (колориметрия, физика, физиология, психология) дамуына байланысты болса, дәстүрлік тану белгілі бір қауымның ұзақ дәуір бойындағы өмір тәжірибесіне сүйенеді. Хронологиялық жағынан алып қарасақ, әрине, дәстүрлік тану ғылыми танудан бұрын тұру керек еді. Бұдан 60 жылдай бұрын австриялық атақты физика зерттеушісі - Эрвин Шредингер (1887-1961) түр-түс танудың екі саласын ажырата зерттеуді ұсынған болатын. Олар бір-бірімен байланысты болғанымен ғалым түр-түсті сезім арқылы қабылдауды жоғары санап, таза физикалық негізін екінші сатыға қойған. Өйткені түр-түсті сезім арқылы қабылдауда адам психологиясы мен физиологиялық ерекшеліктерінің мәні үлкен де сан-салалы. Түр-түс көрінісін бағдарлау арқылы қабылдау психофизиологиялық жағдай болғандықтан, оның өнер мен әдебиетте, тілде алатын орны ерекше. Колориметриялық зерттеулердің үлкен маманы Д. Джадд түр-түстердің 10 млн-ға жақын айырмашылықтары бар екенін айта келіп, оларды сөзбен сипаттауға да болады дейді. Бірақ тілде соншалықты түр-түс атаулары жоқ екені бізге белгілі[1, 19] . Тіл білімінде белгілі тілдік деректерде тілдегі түр-түс атауларының байлығы сол халықтың мәдени дамуының деңгейін көрсетеді деген ақпарат та кездесіп қалады. Үздік дамыған тілдерде түр-түстердің он бір атауы кездесетіндігі тілге тиек етіледі. Қазақ тіліндегі негізгі түр-түстердің атауларын зерделей келгенімізде, оның саны да он бірге жетті. Олар: ақ , қызыл, сары, жасыл, көк, күлгін, қоңыр, қара, сұр, боз, ала. Төл әдебиетіміздің қай шығармасын алсаңыз да түр-түс атаулырының байлығы арқылы суреттелетін табиғат, адам сұлулығы, төрт түлік малдың әр қайсысына тән түрі мен түсін ажырататын атаулар бұған дәлел бола алады. Мысалы: Аспанда ұсақ қана ақ мамық бұлттар қалқиды (М. Әуезов ) . Сондықтан да түр-түсті көру, бағдарлау арқылы қабылдаудан туатын ерекшеліктер мен заңдылықтар - шығармашылық процестің үлкен бір құралы. Адам өзін қоршаған табиғаттан ғасырлар бойы үйлесімділіктің неше алуан көріністерін байқап, оның әсемдік пен әдеміліктің көзі, бастау бұлағы екенін ұққан. Әсіресе табиғаттағы түр-түс үйлесімділігі ғажайып әсерімен адам баласын таңдандырып, оның мінез-құлығына, әдет-ғұрыпына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Біз әсемдік пен әдемілікті әр кезде гүлге, жастық пен балалықтың белгісін көктемнің жасыл шөбі мен көк шыбыққа теңейміз. Табиғаттың түр-түсі, өсуі-өнуі адамның қол өнеріне, ою-өрнегіне, жалпы өнер атаулыға бүгінгі күнге дейін арқау болып келді және бола бермек. Жауыннан кейінгі кемпірқосақ, солтүстікте болатын түрлі-түсті сағым біздің «түр-түс тану» ғылымының көрнекі тәжірибесі іспетті де, әрі үйлесімділіктің эталоны сияқты.
Табиғаттағы түр-түстердің үйлесімділігі, адамды олардың заңдылықтарын іздеуге итермелейді. Немістің атақты ақыны Гёте (1749-1832) де түр-түсті бейнелеу өнерімен байланыстыра зерттеп, психофизиологиялық ерекшеліктерін ашып берді. Сондықтан да болар, Гёте: «үйлесімділік - тек адам құқының нәтижесі»- деп санаған. Ал қазір біз үйлесімділіктің негізі табиғатта екеніне дау айта алмаймыз.
Неміс ғалымы В. Оствальдтың (1853-1932) еңбектері кезінде жоғары бағаланған әрі 24 түстен тұратын атласы көп уақытқа дейін суретшілердің негізгі көмекші құралы болған. Үйлесімділік заңдылығына ғалымның ахроматты түстер туралы қосқаны - ең құнды еңбек. Түр-түс атауларының негізгі көпшілігі көне замандардан келе жатқан түркі тілдеріне ортақ дүние болғандықтан, тіл біліміндегі оның зерттеу тарихында да белгілі ортақтық болатыны сөзсіз. Осыған орай, түр-түс атаулары - сапалық сын есім ретінде жиырмадан астам түркі тілдерінің бәрінде де лексико-грамматикалық және этимологиялық тұрғыдан зерттелген, анықталған және белгілі дәрежеде жүйеге түскен категория. Ол жөніндегі мағлұматтарды біз кез келген түркі тілдерінің грамматикасынан (М. Терентьев, П. М. Мелиоранский, В. В. Катаринский, А. К. Боровков, А. Н. Кононов, И. А. Батманов, Н. К. Дыренкова, Н. К. Дмитриев, Н. А. Баскаков, Е. И. Убрятова, А. М. Ширалиев, М. Н. Хыдыров, К. М. Мұсаев, Э. Н. Наджип, Л. А. Покровская, Э. Р. Тенишев) табуымызға болады. Кейбір түр-түс атауларының шығу тарихы мен тілдік табиғатын қарастыратын зерттеулерді көбінесе орхон-енисей және орта ғасырлық жазба ескерткіштеріне арналған еңбектерден(С. Малов, Г. И. Рамстедт, М. Рясянен, А. И. Щербак, В. Л. Котвич, А. К. Боровков, И. А. Батманов, Б. М. Юнусалиев, Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов ) тарихи-салыстырмалы және этимологиялық сөздіктерден(В. В. Радлов, Н. И. Ашмарин, Л. З. Будагов, Э. Н. Наджип, Э. В. Севортян, Н. И. Егоров, Э. К. Пекарский) кездестіруге болады. Алайда түр-түс проблемасын жан-жақты, түркі тілдерінің фактілерінің негізінде тұлғалық, мағыналық ерекшеліктерін аша отырып зерттеген еңбектер аздық танытады. Бұған байланысты академик А. Н. Кононовтың «Семантика цветообозначения», «Способы и термины определения стран цвета у тюрских народов», «О семантика слов «қара» и «ақ» в тюркской географической терминологий», шет ел тюркологтарынан В. Банг, А. Габен, Л. Циртаутас, А. Джафароглу, Г. Дерфер сынды ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Түр-түс атауларын орыс тілі бойынша арнайы зерттеушілер қатарына Н. Б. Бахлина, А. П. Васильевич, Е. М. Вольф, Л. И. Граноская, Н. Д. Нюрберг, Р. М. Фрумкина, А. В. Михеев, Ф. Н. Шемякин сынды ғалымдарды қосуға болады.
Түр-түс атаулары - қазақ тілінде, басқа тілдер сияқты, біршама зерттелген категория (А. Байтұрсынов, І. Кеңесбаев, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов, М. Балақаев, С. Аманжолов, Ғ. Мұсабаев, Ж. Шәкенов) . Олар қазақ тілі мамандары тарапынан негізінен сын есім категориясы ретінде қаралып, сапалық сын есімге тән лексико-грамматикалық категорияның табиғаты мен мағынасы, қолданылу аясы анықталған. Әсет Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты еңбекте ғалым түркі тілдеріне ортақ сөздерді 11 топқа жіктеген. Сонда алтынша түрі санатында түр-түсті, сапа-сынды білдіретін атаулар екенін айта келіп, оған: қызыл, жасыл, қара, сары, ақ, қоңыр, сұр, жирен, торы, қысқа, ұзын, қалың деген тілдік деректерді келтіреді. Сонымен қатар фразеологизм бөлімінде фразеологизмдердің сөз табына қатысын анықтай отыра, сындық мағыналы фразеологизмдерге: қара қылды қақ жарған - әділ, турашыл; көк жан - арық, жүдеу; қара бет - арсыз, бетсіз; заттық мағыналы фразеологизмдер: қара көлеңке - апақ-сапақ; қара халық - бұқара; қара мал - ірі қара, сиыр; қара шаңырақ - үлкен үй, шыққан ұя; шұбар төс - бай, шонжар деген мысалдар келтірген[2, 54] . Айтбай Айғабыловтың «Қазақ тілінің лексикологиясы» оқу құралында сөздің көп мағыналылығы атты бөлімінде тұрақты метафоралар жанры халық тілінде қолданылатын, бірақ суреттеу құралы ретінде образдылығымен ерекшеленетін ауыспалы мағыналы сөздер екендігі тілге тиек етіледі. Дәлелдеме ретінде сары алтын (бидай), қара алтын (көмір), ақ алтын (мақта), көгілдір экран (телевизор), жасыл алаң (футбол) сияқты тілдік бірліктер көрсетіледі[3, 11] . А. Байтұрсынов «Тіл тағылымы» атты еңбегінде « Нәрселердің сынын көрсететін сөздерді сын есім дейміз. Сын есім екі түрлі: 1) тек сыны, 2) сыр сыны. Тек сыны нәрсенің тегін көрсетеді, мәселен ағаш аяқ, күміс қасық, алтын жүзік, жез құман деген тіркестерді жатқызады. Сыр сыны нәрсенің ішкі, тысқы сырын, реңін яғни түрін, түсін, тегін, тұлғасын, пішінін, жайын, күйін көрсетеді, мәселен, биік, аласа, қызыл, сары, көк, жасыл, торы, күрең, шабдар, бурыл, сұм, аңқау сияқты сөздер жатады», - деген деректеме береді[4, 217] .
Түр-түс атауларының сан жағынан қаншама көп болғанымен, сұрыптай келгенде бір топ негізгі, базистік сөздің шеңберінен шықпайтынын көрдік. «Қаза тіліндегі түр-түс атаулары қалай пайда болды?» деген мәселеге байланысты оларды орыс тілінің кейбір фактілерімен салыстыра қарауды мақұл көрдік.
Мәселен, орыс тілінде тек бір сөзбен ғана берілетін түр-түс атауларының жалпы саны 150-ден аспайды. Қарап отырсақ, осылардың 80-90 проценті тілдік табиғаты айқын, заттық негізі белгілі атаулар екен. Оларды заттақ негізіне қарай топтастыру да оп-оңай: өсімдік, жеміс-жидек негізінде ( зелень-зеленый, роза-розовый, вишня-вишневый, малина-малиновый, гранат-гранатовый ) .
Осы принциптің негізінде орыс тіліндегі түр-түс атаулары ылғи байып, толығып отырады. Әрбір ақын, жазушының өз тұсынан енгізген жаңа атаулары да бар. Мәселен, М. А. Шолохов өзінің «Көтерілген тың» романында волчий, голубиный, изморозный , сондай-ақ белоглазый, белоноздрый, желтоусый, черножилый сияқты атауларды қолдану арқылы орыс тілінің көркем сөз палитрасын толықтыра түседі.
Түр-түс атауларын жасаудағы орыс тілінің заттық негізге сүйену принципі дәл осы тіл үшін керемет тәсіл болып саналады. Соның арқасында тек элементті түр-түс атауының саны қазірде жүз елуге жетіп отыр. Жаңадан жасалып жатқандары тағы бар. Осыған орай, қазақ тіліндегі түр-түс атауының тапшылығын сезінген жазушы Ғабит Мүсіреповтың мына бір құлаққағысы еске түседі: «Өсімдік көгі мен аспан көгі бір түстес бола алмайды. Тегінде, термин комитеті зеңгір, көк, жасыл деген атаулардың аздығынан араласа бермейтінін ескеріп осы мәселені бір қарастырса болар еді. Орыс тілінде «шие түсті», «бөтелке түсті», «кофе түсті», деген қосымшалар бар ғой. Мүмкін, бізде осы маңынан бірдемелерді табармыз».
Қазақ тілінің табиғатына тән бір ерекшелік: көптеген түр-түс ауларының шығу тегі бүгінде белгісіз. Олардың кейбіреулерін этимологиялық жолмен анықтауға болса да, кейбіреулерінің құпия сырын ашу мүлде мүмкін емес. Мәселен, ақ, боз, сұр, көк, кер, ал тәрізді бір буынды түр-түс атауларын талдап, анықтап жатудың қажеті жоқ сияқты. Өйткені бұлар одан әрі жіктеуге, морфемаларға бөлшектеуге келмейді. Демек, оларды көне түркі заманнан бері келе жатқан байырғы ілкі түбірлер санатына жатқызуға болады. Көптеген түркі тілдерінде кездесетін бұл сөздердің түстік мағынасы да көне болса керек[5, 37] .
Тіл білімінде түр-түс атауына қатысты біршама ғылыми зерттеулер кездеседі. Оны хронологиялық тұрғыдан төмендегіше көрсетуімізге болады:
1954 жылы А. Н. Кононовтың «О семантике слов «ақ» и «қара» в тюркской географичесой терминологии» атты еңбегінде қара сын есімінің өзіне ғана тән жиырма шақты қосымша, қосалқы, ауыспалы мағыналар бар екенін ескертеді[1, 63] .
1974 жылы Қазақ ССР-ның «Ғылым» баспасынан «Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі» жарық көрген. Бұл еңбекте қазақ тілінде қолданыс тапқан әр түр-түске анықтама берілген. Мысалы: Ақ-сын. қардың, сүттің, бордың, түсіндей (қара түске қарама-қарсы) [2, 126] .
1977 жылы Қазақ ССР-ның «Ғылым» баспасынан І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» ақ, қара, сары, сұр, қызыл, қоңыр, түстерінің фразалық тіркес құрамында қолданылуы қарастырылған. Мысалы: ақ ауыз қылды, көк бақа, қара бет, сары уайым, сұр кедей, қызыл қырғын, қоңыр жел, қоңыр салқын[3, 22] .
1978 жылы Д. Джадд, Д. Вышедский «Цвет в науке и технике» атты еңбегінде колориметриялық зерттеулердің үлкен маманы түр-түстердің 10 млн-ға жақын айырмашылықтары бар екенін айтады. Бірақ тілде соншалықты түс-түс атаулары жоқ екені белгілі. Мерц пен Паулдің түр-түс сөздігінде 4000-ға жуық түр-түс атаулары берілген[4, 19] .
1984 жылы Есенкелді Керімбаевтың «Атаулар сыры» атты еңбегі жарық көрді. Аталған еңбекте түске байланысты атауларға шолу жасалған. Қазақстанның картасының құрамында «ақ», «қара», «көк», «қоңыр», «боз», «сары», «қызыл» түсті білдіретін сөздердің жер-cу, елді мекен аттарының құрамында кездесетіні жайлы сөз етіледі. Мысалы: Қарасу, Ақсу, Сарысу, Көксу атты өзендер, бұлақ, Қарабұлақ, Сарыбұлақ атты бұлақтар бар[5, 89] .
1988 жылы Әсет Болғанбаевтың «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты еңбегінде түркі тілдеріне ортақ сөздердің 11 тобы көрсетіледі. Оның алтыншы түрі түр-түсті, сапа-сынды білдіретін атаулар екендігін айта келе, қызыл, жасыл, қара, сары, ақ, қоңыр, сұр, жирен, торы, қысқа, ұзын, қалың деген тілдік бірліктерге тоқталады[6, 54] .
1988 жылы Ғ. Мұсабаевтың «Қазақ тілі тарихынан» атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте сын есім біздің заманнан әлдеқайда бұрын болғандығы, оны хун, үйсін тілдеріне қатысты келтірілген мысалдардан көруге болатындығы, орта ғасырдың әдебиеттерінде сын есімнің түр-тұлғасынан асып кеткен өзгешеліктің жоқтығы, осы күнгі қолданыспен бірдей екендігі, қызылы-қызыл, ағы-ақ дегендей мәліметтер берілген[7, 102] .
1988 жылы Ф. Оразбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер» атты еңбегінде лексикалық-фразеологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер атты тақырыбында түр-түске қатысты бірлі-екілі деректер кездеседі: «ақ сөзінің мағыналық жақтан дамуын сипаттайды:
- Ақ -боз, шаңқан, аппақ.
- Ақ - таза, пәк, адал.
- Ақ - сүттен жасалған әр түрлі тағам.
Мұндағы ақ сөзінің аппақ, боз, шаңқан деген мағынасы тура мағына да, басқа мағыналары тура, негізгі мағынаның нәтижесінде жасалған туынды мағыналар»[8, 24] делінсе 1991 жылы Ахмеди Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде сын есім тақырыбында түр-түске қатысты: «Ақ, сары, қара, көк, сұр, биік, үлкен, жылы сияқты сапалық сын есімдерді алсақ, қазіргі кезде олардың қай-қайсы болса да, тиісті морфемаларға бөлшектенбейтін түбір сөздер есебінде қабылданып, ежелден келе жатқан негізгі сын есімдер ретінде түсініледі», - деп сипатталған[9, 171] .
1992 жылы А. Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы» атты еңбегі жарық көрді. Нәрселердің сынын көрсететін сөздерді сын есім дейміз. Сын есім екі түрлі 1) тек сыны, 2) сыр сыны. Тек сыны нәрсенің тегін көрсетеді, мәселен ағаш аяқ, күміс қасық, алтын жүзік, жез құман деген тіркестерді жатқызады. Сыр сыны нәрсенің ішкі, тысқы сырын, реңін яғни түрін, түсін, тегін, тұлғасын, пішінін, жайын, күйін көрсетеді, мәселен, биік, аласа, қызыл, сары, көк, жасыл, торы, күрең, шабдар, бурыл, сұм, аңқау сияқты сөздер жатады [10, 217] .
1992 жылы Ә. Қайдаров, З. Ахтамбердиева, Б. Өмірбековтың «Түр-түстердің тілдегі көрінісі» атты еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте түр-түс табиғатын танып білу, түр-түс табиғатын дәстүрлі түрде тану, түр-түс атауларының тұлғалық ерекшеліктері, түр-түс атауларының мәні мен мағынасы, төрт түлік малдың түр-түстері, түр-түстің дүниетанымдағы орны, түр-түс атауларын қолдану өрісі деген мәселелер қарастырылса[11, 4] .
1994 жылы Еркебай Мергенбаевтың «Қазақ тіліндегі сөзөзгерім жүйесі» атты еңбегінде: «Тіліміздегі түр, түсті білдіруші ақ, қара, қоңыр сын есімдер шығыс септігіндегі зат есімдерді меңгереді. Мұндай сөз тіркестері салыстырмалы түрде бір белгінің (сапаның) екінші белгіден артық екенін көрсетеді», - деген пікір келтірілген [12, 99] .
1995 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» атты журналының № 9 санында Әйтім Әбдірахмановтың «Қызылқұм топонимдері» атты мақаласы шығады. Бұл мақалада: «Қызылқұм - кең байтақ өлкені алып жатқан шөлейт дала. Қызылқұм топонимдері қазақ тілінің материалдарынан құралған. Қызылқұмда кездесетін жер атаулары: Ақүрме - ақ құм үйген төбе. Бесшұбар - алыстан көрінетін бес шұбар төбе. Қызылқабақ - бұл қырдың аты», -деген номинацияларға сипаттама берілген[13, 116] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz