Күнтәртібіндегі еңбек қабілеттілік динамикасы,апталық,жылдық. Ақыл-ой және дене шынықтыру еңбек қабілеттілігі


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Күнтәртібіндегі еңбек қабілеттілік динамикасы, апталық, жылдық. Ақыл-ой және дене шынықтыру еңбек қабілеттілігі.

Орындаған: Болатбек Еркежан

Тобы: АГ-413

Тексерген: Королева

Семей, 2018ж

Еңбек іс әрекетінің тиімділігі ең алдымен жүктеме мен еңбекке қабілеттілікке тәуелді болады. Жүктеме еңбек заты мен құралының өзара байланысымен, жұмыс орынын ұйымдастырумен, өндірістік ортаның гигиеналық факторларымен, техникалық-ұйымдастырушылық шаралармен қалыптасады.

Еңбекке қабілеттілік - максимальды қарқынды кернеулік кезінде белгілі бір уақыт аралығында орындалатын жұмыстың саны мен сапасын сипаттайтын ағзаның функционалдық мүмкіншіліктерінің шамасы.

Адамның еңбекке қабілеттілік деңгейі қалай жеке болса, дәл солай еңбек жағдайын анықтайтын көптеген факторларға байланысты болады.

Еңбекке қабілеттілік жағдайына берілген нақты іс әрекетті қамтамасыз ететін орталық жүйке жүйесінің, жүйкелік-бұлшықет аппаратының, жүрек-тамыр, тыныс алу және басқа да жүйелердің функционалдық жағдайының физиологиялық көрсеткіштерімен бағаланады.

Еңбекке қабілеттілік өзгерістері еңбек өнімділігі мен еңбек жылдамдығының ауытқуларымен көрінеді, бірақ бұл көрсеткіштер басқа да көптеген себептерге байланысты болады.

Еңбекке кабілеттіліктің интегральды көрсеткіштеріне бір сағат ішіндегі өнімділік пен еңбек сапасының мәліметтері жатады.

Ажу

Қажу - қарқынды немесе ұзаққа созылатын еңбек іс әрекетімен туғызылған шаршау сезімімен, еңбекке қабілеттліктің төмендеуімен жүретін, жұмыстың санды және сапалық көрсеткіштерінің нашарлауымен көрінетін және демалғаннан кейін орнына келетін жағдай.

Қажудың механизмдері туралы ертеден әртүрлі пікірлер қалыптасты. Қажуды тудыратын теориялар гуморальды-локалисттік болды, олар қажуды тек бұлшықеттерде жүретін үрдіс ретінде қарастырылды. Қазіргі кезде қажудың орталық-жүйкелІк теориясы ең танымал болып табылады. Бірақ қажудың жалпыға бірдей қабылданған теориясы әлі де болса жок.

Қажудың орталық-жүйкелік теория тұжырымдамасы, бұлшықеттер мен басқа да жұмыс істеп жатқан мүшелердің қажу үрдісінің қалыптасуына мүмкін болатын әсерін жоққа шағырмайды. Олар қажуды жылдамдатады, ал кері байланыс есебінен ОЖЖ-нің функционалдық күйін өзгерте алады. Қажу - біртұтас үрдіс, оның биологиялық мәнінде еңбекке қабілеттілікті шектеудің физиологиялық механизмдерімен көрінетін, қыртыстық қорғаныстық реакция маңызды орын алады.

Дене және ой еңбегінен қажудың физиологиялық суреті ұқсайды, және олар бір біріне әсер етеді. Бұл құбылыстар аса қысым көрген орталықтардан көрші орталықтарға, тежелудің иррадиациясымен қамтамасыз етіледі. Ой еңбегінде жиі белгілі бір дене қалпында ұзақ уақыт болуы себепті, бұлшықет қажуының элементтері болады. Жүйке жүйесінің әртүрлі реакциялары дене еңбегінде де ой еңбегінде де эмоционалдық кернеулік туғызады. Ой еңбегі кезіндегі ОЖЖ-дегі ауытқулар аса айқындау болады. Баяу дамитын қажу реңінде жұмысты жаңарту сақталып қалған қажудың іздерінің жинақталуына алып келеді және қажу қалжырауға алып келеді. Қалжырау кезінде бастың ауруы, баста ауырлық сезімнің болуы, былжырағандық, шашаыраңқылық, есте сақтаудың, зейіннің төмендеуі, ұйқының нашарлауы байқалады.

Қауырттылық дәрежсіне баға беруде эргономикалық көрсеткіштер - еңбектің ауысымдылығы, дене қалпы, қозғалыстар саны ескеріледі. Бірақ еңбек ету барысында, организмнің жалпы функционалдық күйін анықтайтын жүктеменің әртүрлі құрамдастары үйлеседі, сондықтан кернеулік пен жүктемені бөліп қарау тым шартты болып табылады.

Еңбек ауырлығы мен кернеулігінің бірнеше жіктемесі бар, олардың әрқайсысының өзіндік тағайындалуы болады. Еңбекті ауырлығы мен кернеулігі бойынша 6 категорияға бөлетін жіктеме бар, ол жеңіілдіктер мен компенсацияларды анықтауға арналған. Еңбек гигиенасында еңбек бұлшықеттік және жүйкелік жүктеме дәрежесіне қарай эргономикалық критерийлері бойынша 4 категорияға бөлінеді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар ағзасының функционалдық жағдайына мектеп ортасының әсері
Жоғары сынып мектеп оқушылары бойындағы қимыл-қозғалыс белсенділігін дене шынықтыру құралы ретінде пайдалану арқылы қалыптастыру
Денсаулық сақтау педагогикасы және оны жүзеге асыру технологиялары
Сауықтыру жаттығулармен айналысатын адамдар үшін медициналық бақылау
Ауылдық жердегі балалардың қазақтың ұлттық ойындары арқылы өзіндік сабақтарында дене дайындығы дағдыларын қалыптастыруы
Жаңа типті мектептерде оқу үрдісінің оқушылар ағзасының физикалық дамуына және жұмыс қабілеттілігіне әсері.
Спортшымен жаттығуды бағалау
Мерзімдік процестер биофизикасы. Биоритмология. Жарық және биоырғақ. Көпклеткалы организмдегі ырғақ иерархиясы. Биологиялық сағат
Орта мектеп жасындағы дене дамуының ерекшеліктері
Оқушылардың мектеп ортасына бейімделу мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz