Мұғалімнің жеке тұлғасы



Кіріспе
1.Мұғалімнің жеке тұлғасы
1.1.Мұғалімнің жеке басына, мамандығына қойылатын талаптар
1.2.Мұғалім. адамтанушы мамандық

2.Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті
2.1.Мұғалімнің кәсіптік мәртебесі және беделі
2.2.Мұғалімнің кәсіптік этикасы, педагогтік әдептілігі
2.3.Педагогтік шеберлік, оны меңгеру жолдар.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. «Бір баланы адам етіп өсіргенше бір шаһар апат болады» дейді Шығыс даналығы. Ал, жеке тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру үшін қыруар уақыт пен тер төгетін үлкен жауапкершілік қажет. Халық мұғалімі – жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол- өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса ізгі және өте қиын кәсіп ұстаздан өз өмірін оқу- тәрбие ісіне арнаған тұрақты шығармашылықты талап етеді.
Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін- өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу- тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр.
Ахмет Байтұрсынов: «Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім»,- деген болатын.
Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті туралы Н.К. Крупская, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, К.Жарыкбаев, Ш.Т.Таубаева еңбектерінде кеңінен сөз болып, мұғалімнің әдеби, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы, сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме қозғалады. Мұғалімге қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Мұғалімнің киімі, қозғалысы, шаш үлгісі сәнді болып келгені абзал. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруде оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады.
Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады.
Педагогикалық әдеп- мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Кейбір мұғалім, кәсібін айтпай- ақ, өзінің әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады.
1. Асанов Ж. Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі.-Қызылорда, 1993
2. Дьяченко М.М., Кандыбович Л.А.Психология высшей школы. Минск: БГУ, 1978, 169-170 беттер
3. Қазақстан Республикасының қысқаша энциклопедиясы. Алматы, 1988, 3-том, 432 б.
4. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Астана, 1998
5. Педагогикалық энциклопедия. М: Советтік энциклопедия. 4 кітап, 1965, 2- кітап, 739-бет
6. Садықов Ә.Ы.Алтынсариннің педагогикалық пікірлері мен ағартушылық қызметі.Алматы, 1950ж


Мерзімді басылымдар
1. Әділханқызы Г. «Мұғалімнің жеке тұлғасы және оның кәсіптік мәдениеті»//Ұлағат.-2003.-№2.-36-38б.
2. Ахметкәрімов Қ. «Мұғалімнің кәсіптік мәртебесі және беделі туралы ой»//Қазақстан мектебі.-2003.-№9.-48-50б.
3. Байтеліұлы А. «Мұғалім- адамтанушы мамандық»// Қазақстан мектебі.- 2000- №10.-76-77б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
1.Мұғалімнің жеке тұлғасы
1.1.Мұғалімнің жеке басына, мамандығына қойылатын талаптар
1.2.Мұғалім- адамтанушы мамандық

2.Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті
2.1.Мұғалімнің кәсіптік мәртебесі және беделі
2.2.Мұғалімнің кәсіптік этикасы, педагогтік әдептілігі
2.3.Педагогтік шеберлік, оны меңгеру жолдар.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес.
Бір баланы адам етіп өсіргенше бір шаһар апат болады дейді Шығыс
даналығы. Ал, жеке тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру үшін қыруар уақыт
пен тер төгетін үлкен жауапкершілік қажет. Халық мұғалімі – жас ұрпақтың
рухани дүниесінің мүсіншісі, ол- өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын
балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді
өкілі. Осы аса ізгі және өте қиын кәсіп ұстаздан өз өмірін оқу- тәрбие
ісіне арнаған тұрақты шығармашылықты талап етеді.
Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін- өзі басқару шеберлігі,
мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу- тәрбие жұмысының
табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі
қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр.
Ахмет Байтұрсынов: Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика
әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім,- деген болатын.
Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті туралы Н.К. Крупская, С.Т.Шацкий,
А.С.Макаренко, К.Жарыкбаев, Ш.Т.Таубаева еңбектерінде кеңінен сөз болып,
мұғалімнің әдеби, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы,
сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме қозғалады. Мұғалімге қарапайымдылық,
ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Мұғалімнің киімі, қозғалысы, шаш
үлгісі сәнді болып келгені абзал. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруде
оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор
рөл атқарады.
Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа
адамды елітіп әкетуі басым болады.
Педагогикалық әдеп- мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік
белгісі. Кейбір мұғалім, кәсібін айтпай- ақ, өзінің әділдігімен,
ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады. Мұғалімнің
ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамауы пайдалы. Болашақ ұстаздар өз ісінң
әрбір қыр- сырын жетік игеру жолында кәсіптік сапаларды толық меңгерсе,
бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол
мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз[1].

1.Мұғалімнің жеке тұлғасы
1.1.Мұғалімнің жеке басына, мамандығына
қойылатын талаптар
Мұғалім еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Сондықтан мұғалімнің жеке
басына, мамандық деңгейіне арнайы талаптар қойылады. Оның әрекетінің сипаты
алдымен бағытына яғни қоғамға, өз мамандығының бағалы жақтарына сенімді
болуына байланысты. Мұғалімнің басты бағыты дүниенің шындығын тану, идеялық
тұрақтылық, қоғамдық- саяси белсенділік, азаматтық жауапкершілік, халық
ісіне берілуі, оған әділдік.
Мұғалімнің іс- әрекеті жүйесінде кәсіптік бағыттылық жетекші орын
алады. Оған баланы сұю, педагогтік жұмысқа психологиялық- педагогикалық
көрегендік және байқағыштық, педагогтік әдептілік, педагогтік қиял,
ұйымдастырушылық, қабілет, әділдік, қарым- қатынас жасай алу, талап қоя
білу, мамандыққа лайықты жұмысқа қабілеттілік, белсенділік, өз білімін
көтеруге дайын болу және жаңашылдық сияқты қасиеттер жатады.
Мұғалім әрекетінің нәтижелі болуы педагогтік қабілетке де байланысты.
Оның алғы шарты- кейбір адамдарда болатын нышар- тума іске жарамдылық
белгі, оны тәрбиелеу, дамыту қабілеттті айқындай түседі. Нышан болмаған
жағдайда да педагогтік қабілетті қалыптастыруға болады. Мұның негізі-
мұғалім ізденесі. Белгілі психолог В.А.Крутецкий[2] педагогттық қабілеттің
психологиялық мәнін зерттей келіп, оны: даралық, дидактикалық,
ұйымдастырушылық деп үш топқа бөлді. Даралық қабілет- мұғалімнің балаға
деген ынта- ықылатынан, сенімінен, қиын жағдайда өзінің сезімін, мінез-
құлқын басқара алуынан, оқушыға оқу материалын дайындап қызықты өткізуінен
көрінеді. Дидактикалық қабілет- мұғалімнің өз ойын өзгелерге түсінікті, дәл
жеткізуі, өтілетін тақырып материалын тиімді жоспарлауы, оқушының оқу
материалын қаншалықты меңгергендігін қадағалау, өзінің даусын, қимыл-
қозғалысын, бет- пішінін реттей алуы. Ұйымдастырушылық қабілет- мұғалімнің
балалар ұжымын құрып, олардың мақсаты мен міндетін дұрыс белгілеп,
балаларды өздігінен жұмыс жүргізуге, әр баланың дамуы мен ерекшелігін
есепке алуы, психологиясын сезе білуі, оған әсер етудің тиімді тәсілдерін
іріктеуі арқылы байқалады[3].
Мұғалімнің мамандық- көп еңбек етуді қажет ететін, қиындығы мол
қызмет. Сондықтан мұғалім күшіне, байсалдығына, жүйке әрекетінің жұмысына
арнайы талаптар қойылады. Айталық, күшті тітіркендіргіш әсеріне төзу
зейінін шоғырландыра алу, әр кезде белсенді, сергек болу, жұмыс соңына
дейін көңілді бұзбау, өз күшін қалпына келтіру, әр түрлі жағдайда
ұстамдылық, шыдамдылық таныту, ойды жеткізудегі нақтылық, сезімталдық, істі
шалт орындау, қойылған міндетті толқымай шешу, бір істен екіншіге тез көшу,
қажеттілікке байланысты жұмыстарды дайындықсыз- ақ өткізуге қабілетті болу,
жаңа жағдайға тез көндігу, үйлестіру және өзіндегі кемшілікті байқап, оның
өзгеден орын алмауын аңғару т.б.
Мұғалім оқыту, тәрбиелеу және оқушылардың дамуы мен қалыптасуы
процесін басқарады. Бұл олардың педагогика ғылымының методологиялық негізі
мен категориялары, оқушы дамуы мен қалыптасуы, тәрбие мақсаты мен міндеті,
әдістері мен тәсілдері, балалардың жасқа байланысты анатомиялық-
физиологиялық даму ерекшеліктері, оқушыларға гигиеналық тәрбие берудің
құралдары мен теориялық негіздері, бала психикасының даму заңдылықтары және
баланың жас кезендеріне сай дара- психологиялық ерекшеліктері жайлы
білімді, дайындықты талап етеді.
Мұғалім қызметінің әсерлі, тиімді және нәтижелі болуы олардың ісінде
тапқырлықты, ептілікті талап етеді. Айталық, орын алған әлеуметтік-
педагогикалық құбылыстың сипатына, болу себебіне талдау жасау және бағалау;
оқушылардың оқу, тәрбиелік деңгейін айқындау; жеке оқушы мен ұжымның дамуын
жобалау; оқу, тәрбие нәтижесін, оқушыларда боалтын қиындықтар мен қателерді
болжау; нақты педагогикалық міндеттерді белгілеп, оның шешу жолдарын
анықтау; оқу- тәрбие жұмыстарының дәлелденген әдістерін, құралдарын,
ұйымдастыру формаларын таңдау; оқушылар әрекетін, оған педагогикалық
басшылықты жоспарлау; оқушылардың тәртібін, мінез- құлқын, белсенділігін
және дара психологиялық ерекшеліктерін басқару.

1.2.Мұғалім- адамтанушы мамандық
Мұғалімдік мамандық- адамтану. Егер сіз мұғалім болу жөнінде арман
пайда болса, онда алдымен өзің сол жұмысқа дайынсың ба, жоқ әлде
бейхабармысың, зерттей біл. Ф.М.Достоевский Өзіңнен өзіңді ізде, өзіне
өзің бағын, өзіңді өзің біл- дегеніндей, бар нәрсенің өзіңе байланысты
екенін ұмытпағын.
Нағыз тегеурінді мұғалім бойкүйез емес, ол еңбекқор. Бірде мұғалім
бітіретін оқушылардан: Қандай мамандықты қалайсың? Қайда барасың? Деп
сұрағанымда кейбіреуі ата- анамыз біледі? десе, бірен- сараны ғана
жүректеріне қимастық асыл сезім ұялата білген ұстаздық мамандыққа
қызығатынын, арман етіп ол жолды жалғастырғысы келетіндіктерін ашып айтты.
Оай болса, мұғалім мамандығы- мамандық аталуының қайнар көзі, биік
тұғыры. Бұл биікке келген адамның оңай келе салуына хақысы жоқ. Чехтың ұлы
педагогі Я.А.Коменскийдің Мұғалім ең жоғарғы құрметті орында, күн астында
мұғалімдікке тең келер мамандық жоқ дейі сондықтан болса керек. Себебі
халық үшін саналы өмірін сарп еткен, осы жолда бар мүмкіндігі келгенше
сапалы іс тындырған, өз ісін өзінен кейінгілер жаңғартып та, жаңартып та
қайталап жатқан адам ғана ұстаз бола алмақшы. Ұстаз сөзі- жүректің терең
түкпірінен шығаратын сөз. Өмірдің өзі дәлелдеп отырғандай Ұстаз сөзі-
жүректің терең түкпірінен шығатын сөз. Өмірдің өзі дәлелдеп отырғандай
Ұстаз сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі- шағын түсінік бойынша белгілі
пәннен сабақ беретін оқытушы да, ал екіншісі – кең мағынада жоғары беделді,
адамдарға ересен ықпал етуші ақылгөй, дана адам. Сонымен, мектептегі ұстаз-
баланың екінші ата- анасы, болашаққа айқын жоң сілтер ақылшысы. Оның
мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның
бойындағы білім мен ақыл- ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір
еркені сабасына түсіреді, оларды саналы тәртіпке баулып, есейтеді.
Сондықтан да әрбір шәірт өзіне үлгі- өнеге болған сүйікті мұғалімін-
ұстазым деп атайды. Ұстаз бола білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай
таза ұстау- әр мұғалімнің азаматтық борышы. Ол өз мамандығын, өз пәнін,
барлық шәкіртін, мектебін шексіз суюі тиіс. Ұстаздардың осыншама қадір-
қасиет, құрметке бөлінуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан
сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым- қатынас жасауында.
Жалпы педагогика саласында, әсіресе оның басшылығында білгірлер, өз
саласын жетік білетіндер істесе, інжудің құнын іздеген біледідегендей
болар еді.
Мұғалімнің өзі мұғалімнің алдынан өтеді. Мұғалімдік біле білгенге
дүниедегі ең қасиетті мамандық екенін ескерте отырып, осынау киелі мамандық
жайлы көкейде жүргендерді да жаза кетейік. Ағылшын ақыны Джордж Герберт
сонау ХҮІІІ ғасырдың өзінде Жүз ұстаздан гөрі жалғыз әке басымырақ деуі
бала тәрбиелеуде әке- ұстаздың, еркек ұстаздың рөліне ерекше мән бергендігі
сезіледі. Сондықтан жыл сайын жоғары педагогикалық оқу орындарына түскендер
мен бітіргендер құрамына жан- жақты талдау жасай отырып, келешекте
педагогикалық оқу орындарына ұстаздыққа икемі бар балаларды көптеп
тартпайынша мұғалімдер қауымының сапасы қазіргісінен жоғарыламайды[4].
Мұғалім қандай болу керек? Мұғалімнің жеке басының үлгі- өнеге
болаларлық сипатының бірі- оның асқан мейірімділігі. Мейірімділігі мұғалім
балаға іштей жасауы керек. Мұғалім барынша адал болуы керектігін әсте естен
шығармайық. Мына бір оқыс оқиға соңғы кездері мектептерде белең алды. Қу
тіршілік мұғалімдердің ауру- сырқатын да ұмыттыра бастады. Бүгінгі
науқастанып жұмысқа жарамсыз қағазын алатын мұғалім ауылда бірен- саран
ғана. Себебі сол жұмысқа жарамсыз қағазына төленетін айлықты ала алмайды.
Ал ілініп- салынып жүрген ауру- сырқатты мұғалім қайбір сабақ өтеді дейсіз.
Біз, мұғалімдер, балалардың әке- шешелерінің кім екеніне қарамауымыз
керек. Оқымайды екен, қой екіні. Әділдіктен кетсең, өзіңді де, баланы да
бұзасын. Бұдан шығар қорытынды: кешегі жалрыға бірдей міндетті орта білім
беру кезіндегідей оқушыларға еңбегіне, біліміне қарамастан үш деген баға
қойып, орта білім жөніндегі аттестат беріп, мұғалім беделін түсіру ешкімге
ешқандай абырой әпермейді.

2.Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті
2.1.Мұғалімнің кәсіптік мәртебесі және беделі
Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың Ұстаздық еткен жалықпас,
үйретуден балаға дегеніндей, тәлім – тәрбие ісінен жалықпайтын,
шығармашылығы мол, еңбекшіл парасатты азаматы болуы керек. Өйткені, баланы
өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие
бола алады. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана болып
қоймай, тарихи танымы мол, саяси- экономикалық және педагогикалық-
психологиялық сауатты болуы тиіс. Сонымен бірге балаға ата- анадан кейінгі
ақыл- ой , адамгершілік, эстетикалық, сана- сезімдік дене тәрбиесі мен
ұлттық тәрбиені сіңіруші адам болуы шарт.
Жаңа заманның тарихын жазатын, кезінде бұрмаланған тұстарына әділ баға
беретін, оның кемшін тұстарын толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да
елімізде жүріп ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын
жастарды тәрбиелеп жатқан мына біздерге, мұғалімдерге үлкен жауапкершілік
жүктейді.
Білім беру- тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі заңды
нәрсе. Бұл үрдестегі басты тұлға- мұғалім. Ұлы ғұламамыз А.Байтұрсынұлы
ХХ ғасырдың басында Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика мен
методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім деген екен. Өткен ғасырдың
басында айтылған бұл сөз бұгінгі күні де маңызын жойған жоқ. Әсіресе, ол
қазіргідей білім реформасы жүріп жатқан, өркениеттілік көшіне ұмтылып
жатқан уақытта тіпті маңыздырақ болып отыр. Олай дейтініміз, өз білімін
көтеріп, өз бетінше жетілдіріп отырмаса, тынбай ізденбесе мұғалімнің балаға
берер білім дәрежесі жеткіліксіз болары күмәнсіз.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда тек күнділікті күн көріс үшін жүретін
ұстаздар да арамызда жоқ емес. Атақты педагог В.Сухомлинский Оқытушы
жұмысының жемісті болуы- балаға жүрек жылуын ұсына отырып, оқыту мәселесін
бірінші орынға қойғаны деген сөзінің ұстаз еңбегінде орындалғаны деп
түсінеміз.
Оқушыларды Отанды сүюге, адалдыққа, адами тазалыққа, ізгіліккеғ
имандылық пен инабаттылыққа, салт- дәстүрді құрметтеуге үйретін баулу-
әрбір ұстаздың абыройлы парызы һәм қарызы. Ол үшін мұғалім қазіргі заманға
лайық өзінің білімін беру ісінде рухани, этно- мәдени дәстүрлерді сақтап,
дамыта отырып, шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа
технология мен техниканы меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұлағатты
тұлға болуы тиіс.
Мұғалім беделі, жеке басының ерекшелігі мектеп ісінде, жас ұрпақ
тірбиесінде айрықша орын алады. Мұғалім беделінің артуына алдымен
мұғалімнің өзі, сонан соң мектеп жауапты. Егер мұғалім беделді, өз пәнін
жетік меңгерген болса, әрине, оның беделі өз ортасында- әріптестері,
шәкірттері арасында арта түсері даусыз.
Ұстаз- жеке тұлға. Ол- үлкен ақыл, парасат иесі, тәлімді тәрбиеші,
өмір тәжірибесі мол, мейірім- қайырымы көп ұлағатты жан. Алайда, жас ұрпақ
алдындағы мұғалім беделін қайтсек көтерреміз, абыройын қайтсек асырамыз
дейтін мәселені әркім тікелей шеше алмайды[5]. Мұғалімнің беделі тек өзіне
ғана байланысты. Мұғалімінді неге сыйламайсың? деп ешқандай шәкіртті
зорлап мойындата алмайсың. Қоғам, уақыт өзгертеді. Талап, талғам да жоғары.
Осы ретте Ж.Аймауытұлы ұстаз беделіне, жас ұрпақ тәрбиесі мен білім
сапасына көп көңіл бөлген. Әрбір адам өзіне- өзі сенпі, биік талап-
талғаммен қарап, туған еліне, жеріне, таңдаған мамандығына адалдық,
табандылық танытса еңбек – ізденіс нәтижесіне жетіп, ұлы мұрат міндеті
айқын көрінетін болады.
Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ сиезінде Болашақта
еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін
міндет өте ауыр деген сөз айғақтай түседі. Ендеше, өз ісіне берілген,
жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын
асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің
лайықты тұлғасы деуге болады.
ХХ ғасыр артта қалды. Сапалы білім мен тәрбие беруде орын алған
кемшіліктерді жойып, дүниежүзілік өркениеттілікке жету ХХІ ғасырдың үлесіне
тиіп отыр. Ондай азаматтық міндеттерді жүзеге асыру үшін білім беру мен
тәрбие мәселесін нағыз гуманистік дәрежеге келтіру, бүкіл ғаламдық мәдени
құндылықтарға қол жеткізу керек. Оны атқаратын, сөз жоқ, мұғалім.
Әр мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы
керек. Педагогикалық басты заңдылық адам өзінің шығармашылық өзгерушілік
қызметі арқылы адамдармен қарым- қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті
зор жеке тұлға болып қалыптасады. Көп білу үшін көп оқу, көп тоқу керек.
Яғни ХХІ ғасыр мұғалімі үшін Интернет жүйесін меңгеру қажеттігі
туындайды. Ал міндетті орта білім беру стандартындағы оқулықтарды
пайдалану, ақпараттардың көбеюі мұғалімнің білім берудегі жетекші рөлін
төмендетеді. Ендеше оқушысын білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге
үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәрсеге қол жеткізе алмайды. Жан- жақты даму
үшін балаға осы салада мұғалім ғана көмектесе алады. Сондай- ақ мұғалім
ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеттерімен
қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттары, дәйектерді, құбылыстарды
талдай білуі және олардың пайда болуының себеп- салдарын анықтай білуге
бейім болуы шарт. Қажетті жағдайда шешім таба алатын дәрежеге жетуі керек.
Мұғалімнің адамгершілік, саяси- идеялық ұстанымы да жұмысында көрініс
тауып, ол бала тәрбиесінде негізгі шарт болуы тиіс.
Қазір Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болуы керек? деген
негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен
қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісінде қатып қалған қасандыө пен
жаттандылықтан аулақ, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер
меңгерген психолог- педагог диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет.
Бұрын өз пәнімді жақсы білсем, аздаған педагогикалық әдіс- тәсілдерді
меңгерсем, баланы өз еркіме бағындырсам, өте күшті педагог болдым деген
тоқмейілсу орын алса, енді бұл көзқарасты мүлде өзгертуге тура келеді.
Өйткені, қазір заман өзгерді, қоғам өзгерді. Бүгінгі балалардың мақсаттары
да, құндылықтары да, табынатын идеялары да, бұрыңғыдан мүлде басқаша.
Өйткені олар- ешнәрседен қорықпайтын, өзінің болашағына тиімділік
тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, романтик, көп нәрсеге сене бермейтін
адамдар. Мұғалімге қойылатын талаптарды шешуде мектеп әкімшілігіне,
әдістемелік кеңестерге олардың бүгінгі күн талабына сай жетіліп дамуына жан-
жақты іс- шаралар жүргізуді талап етеді.
1. Мұғалімдердің өз жұмысына өзі талдау жасауға үйренудің маңызды
ерекшелігін ескеріп, мектеп басқару ұжымы мұғалімнің жұмысына
талдау жасау жүйесімен танысу, оның педагогикалық ойлау
логикасына ден қойып, сабақтағы міндетін айқындау, онығ
құрылымын, формасын, қолданылатын таңдау себептерін ғылыми
негіздеуге ұмтылуға бағыттау,сол мақсатта сабаққа кіріп, осы
негізде талдау жасау.
2. Әдістемелк жаттандылықтан қашып, нақтылы жағдайға сәйкес
әдістемелік қатынас таңдай білу, оқытудың жаңа технологияларын
қолдану, әр түрлі әдістемелік ұсыныстарға сүйене отырып, өзі
оқытатын сынып оқушылары ерекшеліктеріне, ұстаздың өзінің
ізденіс ерекшелігіне сәйкес әдіс- тәсілдерді таңдай алуға
мүмкіндік жасау. Қазіргі таңда педагогикалық шығармашылықты
дамытудағы жаттандылықты жойып, оқытуда таңдап алынған жаңа
технологиялардың тиімділігін кәсіптік білгірлікпен дәлелдей
алатын мұғалімдердің тәжірибесін жинақтап, соған сүйену. Онда
дамыта оқыту, ұлттық педагогика және оқушыларға қазіргі таңда
берілетін білім мазмұны сияқты мәселелерге байланысты
мұғалімдердің білімін, кәсіптік деңгейін көтеру.
3. Келесі бір өзекті мәселе: оқыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушы тәрбиесіне ықпалы
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау
Оқушыларды тәрбиелеудегі мұғалімнің жеке тұлғасының ықпалы
Тәрбиешінің тұлғалық қасиеттерін ұйымдастыруда әсерін анықтау
Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау үдерісіндегі педагогикалық практика
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері
Мұғалімнің жеке және кәсіби сапалары
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы туралы
Музыка мұғалімінің музыкалық - педагогикалық шеберлігі
Педагогтің тұлғалық сапалары
Пәндер