Кәсіпорын экономикалық стратегиясы мен бағдарламасын әзірлеу



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
БӨЛІМ І СТРАТЕГИЯ ТҮСІНІГІ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
1.1 Кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .6
1. 2Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..10

БӨЛІМ ІІ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН БАҒДАРЛАМАСЫН ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорын экономикалық стратегиясы мен бағдарламасын әзірлеу ... ..12
2.2 Альянс Казахско-Русский текстиль ЖШС стратегиясы ... ... ... ... ... ...1 6

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0

КІРІСПЕ

Стратегия сөзі грек тілінде strategia және ол қолбасшылық өнер (stratos - әскер, ago - жүргізу) мағынасын білдіреді. Стратегия әскери компаниялар мен шешуші операцияларды соғысқа дайындау, жоспарлау және жүргізу сұрақтарымен айналысатын әскери өнердің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Стратегия жоғарғы команда берудің практикалық іс-әрекетін қамтиды.
Стратегия саясат пен әдіс-тәсілдер арасындағы алшақтықты жабады. Стратегия мен тактика құралдар мен мақсаттар арасында жатады. Абсолютті түрде дәл анықтауға болмайды, шынында ол қажет па?
Стратегия түсінігі - бұл күрделі ойлар мен идеялар, тәжірибе мен мақсаттар, жоспарлар мен үміт ету. Стратегия - ұйымның перспективалық даму бағыттарын, сонымен бірге қоршаған орта өзгерісі жағдайында оның жұмыс жасауының әдістері мен тәсілдерін анықтайтын басқарушылық шешім жүйесі.
Курстың мақсаты: басқарудағы стратегиялық тәсілдер оның орындалуын ұзақ мерзімді перспектива бойынша ұйым қызметі мен нарық талаптарының арасындағы сәйкестікті қамтамасыз ету
Кәсіпорын стратегиясын қалыптастыруда мына үш сұраққа жауап беруі қажет:
1.Шаруашылық қызметтерінің қандай бағыттарын дамыту қажет?
2.Қолма-қол ресурстар мен күрделі салымдарға қажеттілік қандай?
3.Таңдап алынған бағыттардың мүмкін қайтарымы қандай?
Стратегияны жасау барысында экономикадағы субъекті қызметінің бағыттарын, тапсырмалары мен мақсаттарын таңдауға әсер ететін факторларды ескеру қажет. Мұндай факторлар қатарына мыналар жатады. кәсіпорынның меншіктік нысаны; кәсіпорын типі (мамандандырылған немесе диверсификацияланған); салалық құрамы; кәсіпорын көлемі.

Стратегия жасауға әсер ететін факторлар: кәсіпорын миссиясы; кәсіпорынның бәсекелестік ұстанымы; кәсіпорынның ұйымдық құрылымы; кәсіпорын нарықтағы орны; кәсіпорын өнімі; құрылымдық өзгеріс; даму бағдарламалары - жоспарлар; басшының мәдениетімен хабардар болуы; ұйымның қызмет етуіне әсер ететін факторлар.

Стратегия - бұл жоғарғы деңгейде жетістікке жету үшін қызметтің негізі болып табылатын мақсаттарды жүзеге асыру құралы. Мақсат пен стратегияның айырмашылығы мынада: мақсат объектінің жағдайын, ал стратегия - оның жетістікке жету процесін сипаттайды.

Стратегияны жүзеге асыру процесі екі үлкен этапқа бөлінген:

а) стратегиялық жоспарлау процесі - кәсіпорынның базалық стратегиясынан бастап функционалдық стратегиясымен аяқталатын стратегиялар жиынтығын жасау;
б) стратегиялық басқару процесі - уақыт өте нақты стратегияны жүзеге асыру және жаңа жағдайлардың қалыптасуына байланысты стратегияны қайта жасақтау. Стратегиялық жоспарлау дұрыс ойлауға негізделген, жүйелендірілген және логикалық процесс. Сонымен бірге онда болжам жасау, зерттеу, есептеу және баламаларды таңдау өнері бар. Кәсіпорын стратегиясы иерархиялық принцип бойынша құрылуы қажет. Сол себепті стратегия деңгейі, кешенділігі мен оның интеграциясы, кәсіпорын көлемі мен түріне байланысты әртүрлі. Қарапайым ұйым бір ғана стратегияға ие болуы мүмкін, ал күрделі іс-әрекеттің әртүрлі деңгейінде бірнешеуіне ие болады.
Компания стратегиясы түсінігі компания әлеуеті түсінігімен тығыз байланысқан, яғни компания қызметінің болашағы, шектеулер мен мүмкіндіктерді анықтайтын компанияның стратегиялық ресурстарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Компанияның маңызды құрайтын әлеуеті оның бәсекелестік артықшылықтарының бар болуы: инновация, ақыл-ой ресурсы, өнімнің шарықтық ресурсы, материалды емес активтер (патент, лицензия) болып табылады. Үлкен көлемдегі есеп бойынша компания әлеуеті анықталған нарық сегментінде жұмыс жасайтын оның мүмкіндіктері мен перспективаларын анықтайды. Әлеуетті зерттеу барысында оның қызметінің нарығын таңдау қатынасы бойынша бірінші кезекте әлеуетті талдау қажет.
Отандық және шетелдік кәсіпорындарда жүзеге асырылатын стратегияны талдау осы стратегияларды нарыққа ену көзқарасы бойынша жіктеуге мүмкіндік береді: бұл белсенді даму және кеңею стратегиясы және тұрақтылыққа бейімделетін стратегия. Даму және кеңею стратегиясы келесі негізгі мақсат жетістіктеріне бағытталған: айналымды арттыру, нарық үлесін ұлғайту, компанияны кеңейту, қолайлы өзгерістерге қол жеткізу. Теория жүзінде даму стратегиясының көптеген тәсілдері бар, бірақ ірі компаниялардың ұйымдастырушылық дамуында екі негізгісін атап көрсетуге болады
-Интеграциялық стратегия
Дифференцацияға негізделген стратегия Ішкі қатаң реттеу мен тәртіп.Жауапкершілікті құрылымдау Ірі компаниялардың ұйымдастырушылық дамуының негізгі тәсілдерін аналитикалық бағалау.-Тұрақтандыру стратегиясы көбіне отандық компаниялардың ережесіне сәйкес келеді. Ол серіктестермен жұмысты жақсартуға байланысты тәуекелділікті шешуде шоғырландырылады. Бұл стратегия дағдарысқа қарсы іс-шаралармен байланысты. Ереже бойынша бұл жағдайда компания әлеуетін шоғырландыру, қаржыландыруды дамытуды тоқтатуды жүзеге асырады. Тәуекелділік осы стратегиямен байланысты, ереже бойынша нарықтағы позицияны жоғалту, капиталды төмендету, технологиядағы инвестицияның жоқ болуы, қызметкерлерді ынталандырмау және серіктестермен қатынасты жоғалтуға алып келеді.Компания стратегиясын жасауда күрделі, өзгермелі және анық емес орта жағдайындағы арнайы бағытталған жұмыстарға қажеттілік туындайды. Бұл жағдайда ол көптеген компаниялар арасында ымыраласушылықты іздейді. Мұнымен динамикалық даму экономикасы жағдайындағы жаңа компаниялардың келісілген стратегиясын қалыптастырудың әдістемесін жасау мәселесі байланысты. Негізгі стратегиялық жоспарлау базалық стратегияны таңдау болып табылады. Кәсіпорынның даму циклы мен деңгейіне сәйкес стратегияның бірі таңдалуы қажет: өсу стратегиясы - кәсіпорынның барлық құрылымдық құрастырушы жүйелерінің қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған кәсіпорынның негізгі стратегиясы; тұрақтылық стратегиясы - кәсіпорын қызметінің тұрақтылық жағдайының жетістіктеріне бағытталған; өмір сүру стратегиясы - кәсіпорынның экономикалық қызметінің жетістіктерін дағдарыс жағдайында қолданады. Әрбір базалық стратегия үшін стратегиялық баламалар іріктеледі.

БӨЛІМ І СТРАТЕГИЯ ТҮСІНІГІ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1.1 Кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау

Кәсіпорын қызметін анықтайтын көрсеткіштер мына төмендегі талдау мақсаттарына байланысты болады:
· Стратегиялық мақсат. Осы кәсіпорын қызметі нәтижелілігінің өзімен бәсекелестік басқа кәсіпорынның қызметімен салыстыру қажет. Осыған орай, қорытындылау көрсеткіштерін және қызметін қандай бір элементтерінің көрсеткіштерін таңдаған жөн.
· Тактикалық мақсат. Басшылық кәсіпорын қызметін бақылайды. Кейбір бөлімшелердің немесе қандай бір болмасын өнімнің жұмыс істеу тиімділігінің көрсеткіштері есептелінеді.
· Жоспарлау міндеті. Түрлі ресурстардың немесе осы ресурстардың түрліше ұшастырылуының пайдалылығын салыстыру қажет.
· Басшылықтың басқадай мақсаттары. Кәсіподақ пен ұжымдық шарт жасасу жөнінде келіссөздер жүргізу.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және коммерциялық қызметі қасиетінің әр түрлілігі және түрлі белгідегі көрсеткіштердің көптеген түрлеріне ықпал етеді. Сонымен, оларды пайдалану проблемасы мынадан тұрады: олардың бірде-бірі әмбебап көрсеткіштерін орындамайды, бір мағынада, бизнесте қол жеткен табыстар немесе сәтсіздік туралы пікір алысу мүмкіндігі туралы. Сондықтан да, практикада әр уақытта бір-бірімен байланысты көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады, бағаланады немесе кәсіпорын қызметінің түрлі жақтарын көрсетеді.
Кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі принцптері:

· Нақтылығы. Талдау нақтылығы деректерге негізделеді, оның қорытындысын нақтылы сандық тұрғыда пайдаланады.
· Жиынтылығы. Процесті объективті бағалау мақсатында оны жан-жақты зерделеу.
· Жүйелілігі. Бір-біріне өзара байланысты экономикалық құбылыстарды зерделеу, бірақ оқшаулау емес.
· Тұрақтылығы. Талдауды түпкілікті, алдлын ала белгілі аралық уақыт арқылы жүргізу керек, бірақ оқиғадан оқиғаға дейін емес.
· Объективтілігі. Экономикалық құбылыстарды тәжірибелі және әділ зерделеу, объективтік қорытындылар жасау.
· Пәрменділігі. Практикалық мақсатқа пайдалану, өндіріс қызметінің жаңа нәтижелілігі үшін талдау қорытындысының жарамдылығы.
· Үнемділігі. Талдауды жүргізуге байланысты шығындар, оны жүргізу нәтижесінде алынған сол экономикалық тиімділіктен елеулі түрде аз болуы керек.
· Салыстырымдылығы. Деректеу және талдау қорытындылары бір-бірімен жеңіл салыстырымды болуы керек, ал аналитикалық процедураларды (тәртіпті) тұрақты түрде жүргізуде қорытындылардың сабақтастығы сақталуы қажет.
· Ғылымдылығы. Талдауды жүргізу барысында ғылыми негізделген әдістер мен процедураларды басшылыққа алу керек.
Көрсеткіштер жеке, топтық және жалпы болып бөлінеді. Талдау мақсатына байланысты көрсеткіштер: абсолюттік, салыстырмалық және орта мөлшерлік нысаны түрде білдіруі мүмкін. әрбір нақты экономикалық көрсеткіш сапалық анықтықта(кеңістік, уақыты және мөлшері) болады.
Стратегиялық жоспар - бизнестің негізгі даму жоспары және ұйымдардың ұзақ мерзімді құрылымдық жоспары. Кәсіпорын стратегиясы жүйелі түрде қаралмайды, тек қажет болған жағдайда ғана қарастырылады. Мысалы, жаңа технология енгізілгенде, тұтынушылардың талғамы өзгергенде, жаңа бәсекелес пайда болғанда, міне осындай жағдайларда қарастырылады. Ол үш жылдан да ұзақ мерзімге (үш жылдық, бес жылдық және он жылдық жоспарлар) әзірленеді, ал кен өндіру және электр энергиясы өнеркәсіптерінде жоспар 20 жылға немесе одан да ұзақ уақытқа жасалады.
Стратегиялық жоспарлау арқылы бизнес саласындағы кызметті қалай кеңейту туралы шешім қабылданады, бизнестің жаңа саласын қалыптастырады, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру процесін ынталандырады, нарықтық сұранысты қанағаттандыру үшін кәсіпорын қандай шарттарды орындауы керектігін, қандай нарықта әрекет етуді, бизнесті қандай серіктестікпен жүргізуді және т.б. анықтайды. Стратегиялық жоспарлаудың нәтижесінде кәсіпорын алдағы кезеңнің мақсаттарын айқындап, оларға қол жеткізетін құралды жасайды.
Стратегиялық жоспарлау-ұйым үшін мақсат таңдау процесі және оның шешу жолындағы шешім. Стратегиялық жоспарлау барлық басқарушылық шешім негізі болып табылады. Жоспарлар жеке позицияны емес, жалпы ұйым үшін өңделу керек. Ресми жоспарлау мен ұйым жетістігі арасында тұрақты оң корреляция құралады.
Стратегиялық жоспарлау басты компоненті бұл мақсаттар арқылы шешім шешіледі, жоспарлаудың негізгі кезеңдері көрсетіледі. Мақсат миссиядан тұрады. Миссия басшы өзінің шешімдерін негіздейтін бағыт ретінде жүреді. Мақсат тарлығы шешім қабылдау баламаларын табы мүмкіндігін азайтады. Өте кеңейген миссия ұйым жетістігіне кедергі болады. Мақсаттар нақты, өлшенетін, уақытқа бағытталған, ұзақ және қысқа мерзімді, қолжетімді болу керек. Сыртқы ортаны бағалау сыртқы мүмкіндіктер мен қауіптерді бағалайды. Ұйымның күшті және әлсіз жақтарын басшылық жоспарлауды тиімді жүргізу үшін анықтайды.
Басқарушылық зерттеу- ұйымның функционалдық зоналарын методикалық бағалауды білдіреді. Ұйым құзіретінде төрт сратегиялық баламалар бар: шектеулі өсу, өсу, қысқару және бұл варианттар бірігуі. Барлық жағынан талдау жүргізгеннен кейін ғана баламалар таңдалып, стратегия алынады. Жалпы стратегия алынғаннан соң басқа функциялармен біоіктіруге болады. стратегия байлау маңызды механизмі бағдарлау жоспарын өңдеу: олар тактика, саясат,процедура, ережелер. Тактика нақты қысқа мерзімді стратегиялар. Саясат дегеніміз іс әрекет пен шешім қабылдау үшін жалпы бағдар. Процедура нақты жағдайда қолданылуы керек әрекеттер жазылуы. Ереже нақты жағдайдағы әрекет. Бюджет ресурстарды тарату механизмі ретінде жоспарлауда нақты жағдайды салыстыру үшін бақылауды өзіне біріктіреді. Мақсаттар бойынша басқару жоспарлау, бақылау, мотивация әдістері ұйым мақсаттары, басшы, қызметкер арасындағы мақсаттар жақсарту арқылы стратегия жүзеге асырылады. Стратегия жүзеге асырылуы я өзгерісінда басшылық әрдайым құрылым өзара байланысын ескеру керек. Құрылым стратегияда негізделеді, сондықтан оның тиімділігін қамтамасыз ету керек.
Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. Стратегия гректің - генерал өнері деген сөзінен шыққан. Стратегия термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.

Стратегияның басты міндеті - үйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеркілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялыц жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу;сыртқы ортаға бейімдеу; ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.

Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері:

Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды және жасайды.

Стратегиялык; жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін жасалады.

Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулерден және нақты деректермен негізделуі тиіс.

Стратегиялық жоспар фирманың айкындылығын, дербестілігін білдіреді,мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.

Стратегиялық жоспарды жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жагдайда жетілдіруді жэне қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.

Жайлы стратегиялық жоспарды бағдарлама ретінде карастыру кажет, сонда ұзақ уақыт бойы фирманың кызметін бағыттауға, әрі қажет болған жағдайда өзгертуге болады.

Стратегиялық жоспарлау үш негізгі шарттарды сақтауды талап етеді:

· Бірінші шарт-компанияның қызметі инвестициялық қоржынды басқару принципінде құрылады.оның мәні-компанияның әрбір қызмет бағытын орындау үшін ресурстардың тиісті түрде бөлінуінде.

· Екінші шарты-әрбір қызмет түрінің келешегін бағалау.Осы мақсатпен нарықтық өсу көрсеткіштері және компанияның нақты нарықтағы позициясы зерттеледі.тек ағымдық сату немесе пайда көлеміне бейімделген компаниялар олардың шектеулі екндігіне көздері жетті.Мысалы,1970 жылдары Ford Motor компаниясы үшін үлкен машиналарды өндіру тиімді болды.алайда нарықтық зерттеулер тұтынушылардың сұранысы шағын литражды автомобильдер жағына ауғанын көрсетті.Сондықтан компания инвестицияларды өндірісі сол кезде залалды болған шағын автомобильдерге жұмсады.

· Үшінші шарты-стратегияны әзірлеу.Әр бизнес үшін ұзақ мерзімді мақсаттарға жету жоспары жасалады.Сондықтан,әрбір компания іс-әрекетін,мақсаттарын,мүмкіндікте рін,ресурстарын зерттей отырып,өз стратегиясын әзірлейді.Егер компания саясаты шығындарды төмендетуге бағытталса,оның бәсекелесінің саясаты жаңа өнімге өндіруге бағытталуы мүмкін.

1.2 Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері

Көптеген ірі компаниялардың ұйымдық құрылымы төрт деңгейден тұрады.Олар-корпоративтік,бөлімше,б изнез-бірлік және өндірістік желі деңгейлері.Компанияның бас кеңесі іс-әрекетін келешекте пайда берсе,штаб-пәтер оның бөлімшелерін дамыту,бизнестің жаңа бағыттарын ашу немесе келешегі жоқтарын жабу туралы шешім қабылдайды.Компанияның әрбір бөлімшесі іс-әрект бағыттары бойынша ресурстар бөлінген жоспарын әзірлейді.Бизнес-бірліктің стратегиялық жоспары оны ұзақ мерзімді рентабельділікке,ал өндірістік желінің жоспары мақсаттарына жетуге бағыттайды.
Көптеген компанияларда маркетингтік жоспар стратегиялық және тактикалық екі деңгейде әзірленеді.Стратегиялық жоспар компанияның даму келешегін анықтайды, тактикалық-ағымдық міндеттерді шешуге бейімделген.Стратегиялық жоспар тек бір ғана өнім желісіне немесе нарық секторына байланысты жасалып қоймайды,ол кәсіпорынның барлық іс-әрекетін қамтитын бірыңғай жоспардан тұрады.
Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпорындар негізінен стратегиялық жоспарлауда қарағанда, жедел жоспарлауды көбірек пайдаланады. Стратегиялық жоспарлау нарықтағы бәсекелестік күрестегі басты фактор болып табылады.
Стратегиялық жоспарлаумен айналысатын фирмалардың жетістіктері жоғары болатындығы зерттеулер нәтижесінде анықталған. Стратегиялық жоспарлаудың мәні болашақта технологиялық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістерге байланысты өсіп отырады.

БӨЛІМ ІІ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН БАҒДАРЛАМАСЫН ТАЛДАУ

2.1 Кәсіпорын экономикалық стратегиясы мен бағдарламасын әзірлеу

Өндірістік бағдарлама тұтынушылар үшін өнім өндіретін кез келген кәсіпорында жасалады. Өндірістік бағдарламаны жасаған кезде әртүрлі факторларды ескеруді қажет етеді. Өндіріс саласына байланысты өнімнің бірнеше түрлерін анықтайды: материалдық өндіріс (өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс, тағы басқа) және материалдық емес өндіріс(тасымалдау, сауда, білім беру, денсаулық сақтау және тағы басқа) кез келген өндірісте өндірілетін өнімдердің сыныптамалары мен топтамалары болады, сол бойынша мысалға өнеркәсіпте машина жасау,тігу және тоқыма, аяқ киім тігу өнеркәсіптері бар. Қызмет те өз кезегінде бөлінеді: темір жол, теңіз, әуе, автомобильдік және басқа да тасымалдар.
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы - тұтынушылардың тапсырысы мен келісім - шартқа байланысты өндірілетін өнімдер мен қызметтердің жиынтығы болып табылады. Өндірістік бағдарламаны жасағанда кәсіпорынның негізгі мақсаты ескеріледі, яғни өнім табыстылығы мен капитал рентабельділігінің жоғары деңгейін сақтай отырып өндірісті кеңейту.Осы жоспарларды орындау үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді даму стратегиясын жасайды.
Ұзақ мерзімді стратегияны жасағанда өндірістік бағдарламада көрсетілген өнім номенклатурасының өмірлік циклының ұзақтығын ескерген жөн.Әрбір тауардың өмірлі циклы 4 кезеңнен тұрады: басы, дамуы, жетілуі, ескіруі. Сатылған өнім көлемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы
Шағын кәсіпкерлікті талдау
Корпорацияны дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы
Кәсіпорынның қаржылық сауықтыру стратегиясын әзірлеу
Қаржылық жоспарды құрастыру
Маркетинг ұғымы және нысандары (объектілері)
Өндірісті Басқару фуңцялары
Инновациялық менеджмент негізінде басқару процестерін жетілдіру
Тауарларды нарықта позициялау
Пәндер