Ұйымның қаржы қызметі жұмыстармен танысу



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
АСТАНАТРАНССТРОЙ ҚҚ ЖШС ТАНЫСУ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ ЖОСПАРЫ:
ТАҚЫРЫП I. Кіріспе әңгіме. Еңбекті қорғау және техниканы қауіпсіздігі бойынша нұсқау.
ТАҚЫРЫП II. Ұйымның қызметін жоспарлау бойынша құжаттармен танысу.
ТАҚЫРЫП III. Ұйымның қаржы қызметі жұмыстармен танысу.
ТАҚЫРЫП IV. Ұымның қаржы саясаты.
ТАҚЫРЫП V. Материалдарды жинақтау және тәжірибе бойынша есепті рәсімдеу.

Кәсіпорында өндірілген сапалы дайын өнімдер сатып алушы кәсіпорынға жасалған келісім-шарттарға сәйкес, көрсетілген мерзімде және тиісті көлемде жіберіледі. Келісім-шарттардың негізінде, дайын өнімдерді сату бөлімінде сатып алушыларға дайын өнімдерді жіберу үшін
Бұйрық - накладная құжаттары толтырылды. Қоймадан дайын өнімдер жіберілгеннен кейін Бұйрық-накладная құжаттары бухгалтерия бөліміне, есептеу-төлем құжаттарын толтыру үшін жіберілді. Бухгалтерия бөліміне Тауарлы-көліктік накладная құжаттары да түседі, ол құжаттарда көлік тарифінің сомасы жазылған. Бұл құжаттардың негізінде бухгалтерияда Төлем талабы - тапсырмасы құжаты толтырылады, бұл құжаттар сатып алушы кәсіпорны төлеуге келісім берген кейін, банкке инкассоға немесе сатып алушыға төлеу үшін берілді. Заңға сәйкес, сатып алушыларға жіберілген дайын өнімдер, сатып алушы Төлем талабы-тапсырмасы құжаты негізінде ақша аударып төлегенге дейін, жабдықтаушы, сатушы кәсіпорынның меншігі болып қала береді.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен әр мекеме өз өнімін, тауарын сатып, жұмыс орындап, қызмет көрсетуіне сәйкес есептеседі. Бұл жағдайда өнім жеткізуші кәсіпорын сатып алушыларға счет жіберіп, тауарларын жөнелтеді. Бухгалтерлік есеп принциптеріне сай, сонымен қатар салық есептеуді дер кезінде жүргізу үшін, ақының қай уақытта төленгеніне қарамастан, тауар жіберіліп, қызмет көрсетіліп және жұмыс орындалысымен олардан түсетін табыстың есебі қатар жүргізіліп отырады. Шот бойынша уақытында төленбеген сома дебиторлық қарыз болып саналады,немесе мекемеге төленбеген қарыз. 3 жыл уақыт өткеннен кейін, талап етілмеген дебиторлық қарыз мекеменің зияны болып шығысқа шығарылады, осы мерзім өткеннен кейін дебиторлық қарызға байланысты төленбеген салық жалпы есептелген сомадан шегеріліп тасталады. Қарызды шығысқа шығару үрдісі бухгалтерлік есеп пен салық есебінде әртүрлі жүргізілетінін ескеру қажет. Бухгалтерлік есеп бойынша, азаматтық кодекстің талаптарына сай, үш жылдық мерзімнің уақыты, мекеме өз құқығының бұзылғанын білген кезден басталады. Ал салық есебі бойынша, ол қарыздың бухгалтерлік есепте көрсетілген кезінен басталады.
Келесі құжат-келісімшарт. Келісім шарт тараптар арасындағы қатынастардың заңды нормасын қалыптастырып, мәміленің орындалу тәртібі мен атқару тәсілдерін анықтайды, сонымен қатар міндеттемелердің рет ретімен орындалуын қамтамасыз етуді қарастырады.

Келісім шарттардың келесі түрлері қолданылды:

-алып-сату келісім шарты;
-жеткізу келісім шарты;
-мердігерлік келісім шарт;
-ақылы қызмет көрсету келісім шарты;
Келісім шарттардың ең көп тараған түрі- алып-сату келісім шарты, ол бойынша сатушы тауардың меншіктік құқығын, шаруашылық жүргізуді немесе оперативтік басқаруды сатып алушыға беруді міндетіне алады. Сатып алушы соған сәйкес тауарды қабылдап алып, ол үшін келісілген қаржыны төлеуді міндетіне алады.
Алып- сату келісім шартының азаматтық заң кодексінің талаптарына сай, өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін, оның ішінде тауарды ұзақ мерзімге, несиеге беруге, тікелей сатуға, ж.т.б. түрде сатуға болады.
Келісім шартта тауарды қабылдап алу мерзімі көрсетіліп, ол шарт орындалмайтын болса, жауапкершілік шаралары қоса көрсетіледі. Мысалы, келісім шарт бойынша, тауар келісім жасалғаннан кейін, немесе ақы төленгеннен кейін 10 күннің ішінде жеткізіліп беріледі деп көрсетілген. Тауардың уақытында жеткізілмеуі немесе ақысының уақытында төленбеуі, келісім шартта көрсетілген жауапкершіліктерге әкеліп соқтырады. ҚР Салық кодексінің талаптарына сай, айыппұлдар және басқада жауапкершілік шараларынан туындайтын сомалар, алдын ала шегерілмеген болса, жылдық жалпы табыс көлемінің мөлшеріне қосылады. Осыған орай, мойындалған айыппұлдар, бюджетке төленгеннен басқасы, қарсы тараптың жылдық жалпы табыс көлемінің мөлшерінен алынып тасталады.
Алып- сату келісім шартында, ұйымның өзі өндірген өнімнің бағасы бойынша, арзандату және үстеме қосу тәсілдері жиі қолданылады. Арзандатылған кезде 6030 шоттарының тобы пайдаланылады. Осы шоттар тобында келісім шарт бойынша қарастырылған арзандату операциялары, және тауардың сапасыздығына байланысты бағасының төмендетілуіне орай жасалған операциялар көрсетіледі.
Көлік құралдарын алып- сату келісім шарты және өндірістік- техникалық мақсаттағы тауарларды жеткізу туралы келісім шарттарында тауардың сапалық сипаттары мен жеткізілу мерзімі көрсетілуге тиіс. Техникалық деректері мұқият түрде көрсетіліп, егер әртүрлі сапалы тауарлардың саны көбейіп кететін болса, онда олар келісім шартқа қосымша ретінде ұсынылады. Өндірістік- техникалық мақсаттағы тауарларды жеткізу туралы келісім шарттарда, техникалық құжаттардың міндетті түрде болуы көрсетіледі. Өнімді жеткізу келісім шартында, жеткізушінің ең соңғы жеткізетін күні, кепілдік міндеттемелері көрсетіледі. Көлік құралдары мен жабдықтарды негізгі құрал, болмаса тауар ретінде сатып алып, оларды соңынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық қызметі органдарының негізгі міндеттері
Кәсіпорынның жарғылық капиталға
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы жайлы
Ұзақ мерзімді активтер туралы
ШҚО статистистика департаменті бағдарламалық қамтамасыздандыруын игеру бөлімі бойынша ақпараттық веб парақшасын құру
«Alatau Dairy» ЖШС-ның ұйымдастырушылық құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары
Толық кіріс жөніндегі есептілік
Кәсіпорынның есеп және салық саясаты
Өндірісті жоспарлау
Кәсіпорынның микроортасына талдау
Пәндер