Біліктілігі және лауазымы бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстарды қайталау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАРЖЫ АКАДЕМИЯСЫ» АҚ КОЛЛЕДЖІ

:
:

Дипломалды тәжірибесінің

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Мамандық 0516000 «Қаржы»

оқыту нысаны күндізгі

3 курс VI семестр

Барлық сағат саны 216

Теориялық 0 практикалық 216

Зертханалық

Емтихан

Сынақ VI

Курстық жоба

Астана

2017-2018 оқу жылы

Бекітемін

колледж директоры

Л . Ж. Шаяндина

педагогикалық кеңестің отырысында № 1 хаттама

«31» тамыз 2018 ж.

Бағдарламаны құрастырушылар:

Әбілхасенова А. С, Жастабанова Б. М. Алшымбавева А. О., Садырбаева З. Ф., (оқытушының аты-жөні)

Бағдарлама «Қаржы академиясы» АҚ ғылыми кеңесінде бекітілген оқу жұмыс жоспары негізінде құрастырылды

№10 «02» 07 2015 ж.

«Есептік және экономикалық пәндер» циклдық комиссиясының отырысында қарастырылды және бекітуге ұсынылды.

№ 1 хаттама, «31» тамыз 2018 ж.

ЦК төрайымы Әбілхасенова А. С.

Бағдарлама колледждің әдістемелік кеңесінің отырысында қарастырылды

№ 1 хаттама, «31» тамыз 2018 ж.

Әдістемелік кеңес төрайымы Жунусова З. С.

Түсіндірме жазба

Кәсіптік тәжірибе - теориялық оқытудың тәмәмдау кезеңдерінің бірі. Кәсіптік тәжірибенің мақсаты болып студенттердің білімдерін бекіту, тереңдету және жүйелеу болып табылады

Тәжірибенің міндеттері болып келесілер табылады:

  • теориялық білімдерді бекіту, кеңейту және тереңдету;
  • тәжірибелік дағдылар алу;
  • кәсіби біліктілік мінездемесіне сәйкес негізгі кәсіби дағдылар мен қабілеттерді қалыптастыру.

Дипломалды тәжірибе «Қаржы» мамандығы бойынша келесідей пәндерден жүргізіледі

Ұйым қаржылары- 10 күн

Қаржылық есеп - 13 күн

Экономикалық талдау және қаржылық есептілікті талдау - 8 күн

Дипломалды тәжірибе білім алушыларға оқу тәжірибесінен кейін өткізіледі. Дипломалды тәжірибені білім алушылар шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде жалпы мағлұмат алу үшін, теориялық алған білімдерін бекіту және кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша тәжірибелік дағдыны қалыптастыру мақсатында шаруашылық субъектілерінде өтеді.

Тәжірибе қорытындысында студент- практикант білу және істей алуы керек:

  • Бухгалтерлік қызметтің құрылымын
  • Бухгалтердің міндеттері мен құқығын;
  • Шаруашылық субъектісі мен қаржы және салық органдарының байланысы
  • Субьектінің ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттамасы
  • Бухгалтерлік құжаттарды толтыру және өңдей білу
  • Автоматтандырылған жұмыс орнында жұмыс істей білу

Тәжірибе базасы

Мамандық бойынша тәжірибе базасын таңдағанда келесілерді ескеру керек:

  • Өндіріс бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндіктің болуын;
  • тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруда қажетті көмек көрсететін кәсіби мамандардың болуын;

Студент міндеттері:

  • Студенттер тәжірибеден өтетін бөлімдердің ішкі тәртіп ережелеріне
  • бағынуға;
  • жұмыс орындарында тапсырылған жұмысты өздігінен орындауға және оған,
  • сонымен қатар оның нәтижесіне жауап беруге;
  • белгіленген нысан бойынша күнделік-есепті жүргізуге (2 қосымша),
  • күнделікті (қажетінше) оны тексертуге және тәжірибе басшысының қолын қойдыруға;
  • қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға;
  • Колледжге талаптарына сәйкес қосымшаларымен тәжірибе нәтижелері
  • туралы жазбаша есепті әкелуге.

Студент өз бетімен тәжірибелік жұмыстарды тәжірибе жетекшісінің бақылауымен орындайды.

Мамандық бойынша тәжірибенің жұмыс

бағдарламасын жасау бойынша нұсқаулықтар

(мамандықтар үшін)

Бағдарламада ұсынылған пәндер бойынша тақырыптық жоспарларын және жұмыс мазмұнының сипаттарын өзгертуге рұқсат етіледі. Сондықтан студент тәжірибеден өтетін жердегі шаруашылық субъектінің, аудиторлық ұйымның, фирманың, бухгалтериясының жұмыс ерекшеліктерін есепке ала отырып тәжірибенің жұмыс бағдарламасын құру керек. Егер оқушы тәжірибе бағдарламасындағы қандай да бір жеке пункті орындай алмайтын болса, онда ол сұрақты жұмыс бағдарламасынан алуға болады. Осы сұраққа бөлінген уақытты басқа тақырыпты тереңдетіп меңгеруге пайдаланған жөн. Сонымен қатар есепте сол немесе басқа тақырыпты өту мүмкіндігінің жоқтығын растайтын жазбаша жазу болу керек (мысалға, барлық ақпараттық жүйелерге жол жоқтығы) .

Оқу жұмыс бағдарламасында күнтізбелік - тақырыптық жоспардың орындалу мерзімі әрбір тақырыптар, тапсырманың орындалу орны, (шаруашылық субъектісі, аудиторлық ұйымдар, фирмалар, ) .

Оқу жұмыс бағдарламасы пәндік әдістемелік комиссияда қарастырылып, келісіліп, уәкілетті органдардағы тәжірибе базасының жетекшісімен және колледж директорымен, оның кәсіптік тәжірибе орынбасарымен бекітіледі.

Есептің мазмұны мен оны қорғау

Әр тақырып бойынша тәжірибелік жұмыс есебінің нақты мазмұны тәжірибелік жұмыс бағдарламасында қарастырылған. Төменде тәжірибе бойынша есеп беруді толтыруға қосымша түсініктер берілген.

Белгілі бір нақты бөлімдерде есепті ұйымдастыруда есеп беруге теориялық сұрақтардың сипаттамасын енгізуге болмайды, сонымен қатар оқулықтар мен дәрістер жазбасынан кіргізуге болмайды

Есеп берудің мәтін бөлігі парақтың бір жағында қысқартылған сөздерсіз, түсінікті, тиянақты жазылуы керек. Бұл талап бұзылған жағдайда есеп беру қайта түзетуге жіберіледі.

Есепке бірге салынады:

  • Шаруашылық жүргізуші субьектінің немесе фирманың басшысы қол қойған өндірістік тәжірибенің күнтізбелік жоспары (ұйым мөрімен бекітілген шаруашылық жүргізуші субьектінің немесе фирма басшысының қолы, егер басшының қолы болмаған жағдайда, оның орынбасарының қолы, тәжірибе жетекшісінің қолы және тәжірбие өткушінің қолы болуы керек)
  • Тәжірибенің әр күніне тәжірибе жетекшісінің қолы қойылған күнделік, мөрмен бекітілген және қол қойылған мінездеме (міндетті түрде)

Есеп берудің мәтіндік бөлігіне бастапқы құжаттарды есеп регистірлерін, есеп беру түрлерін, ұйымның есеп айырысулары бойынша негізгі құжаттарды қосымша алу., жалақы мен еңбек өнімділігі бойынша есеп айырысулардың негізгі құжаттарын қосу қажет. Бұны тәжірибеші тәжірибелік жұмыс кезінде құрастыруға міндетті. Бастапқы құжаттар, есеп регистірлер мәліметтерінің саны, ал тәртіп бойынша есеп беру түрлері бір бірімен байланысты және бір есептік кезеңіне құрастырылуы қажет. Есеп беру мәтінінің кейбір жерлерінде есеп беруге қосымша құжаттар болуы қажет.

Дипломалды тәжірибелік жұмыс үрдісінде субъектінің есеп беру мәліметтері мен есепті ұйымдастырудың ерекшеліктеріне көңіл аудару қажет. Бұл ерекшеліетерді тәжірибелік жұмыс туралы есепте мінездемелеу және оған өзіндік баға беру. Берілген субъектідегі бухгалтерлік есептің әрі қарай дамуы, қаржылық есеп беруінің тиімді жолдарын қарастыратын қорытынды мен ұсынысын жазу керек.

Есеп беруді құрастырғаннан кейін оны субъектідегі тәжірибелік жұмыстың жетекшісіне көрсетеді, ал жетекші жасалынған жұмыспен танысып, өз ескертулері мен бағасын қояды.

Тәжірибелік жұмыстан кейін оқушы есеп беруін колледжге тапсырады. Циклдық комиссияда тәжірибенің жетекшісі есеп беруді тексерген соң, оқушылардың есеп беруді қорғауы жүргізілінеді

Тәжірибе бағасы студенттің сынақ кітапшасына қойылады.

Дипломалды тәжірибелік жұмыстың

күнделігін толтыру үшін нұсқаулық

Күнделіктегі жазбалар студенттің мекемеге барып, дипломалды тәжірибені өтетін күннен бастап толтырылады. Күнделік студент қай күні және қай бөлімде жұмыс істегені туралы түсінікті, нақты мәліметтер жазылу керек. Күнделікте сонымен қатар студент тапсырманы орындағандығын сиямен таза жазып, күнделікті орындаған жұмыс туралы тәжірибе жетекшісінің қолымен бекітілуі керек.

Дипломалды тәжірибенің қорытындысы бойынша студенттердің орындалған жұмысы тәжірибелік жұмыс жетекшісімен бағаланады.

Шаруашылықтағы өткізілген тәжірибелік жұмыс қорытындысы бойынша студентке мінездеме жазылынып, субъектінің мөрі және басшысының қолымен бекітіледі

Диплом алды тәжірибенің тақырыптық жоспарлары

№:
Тәжірибе тақырыптарының атауы: Тәжірибе тақырыптарының атауы
Күндер саны: Күндер саны
Сағат саны: Сағат саны
№: 1
Тәжірибе тақырыптарының атауы: Тақырып 1. Кіріспе әңгіме. Тәжірибенің мақсаттары мен міндеттері. Кәсіпорынды рәсімдеу. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау
Күндер саны: 3
Сағат саны: 21
№: 2
Тәжірибе тақырыптарының атауы: Тақырып 2. Кәсіпорынның /ұйымның қаржы қызметі жұмыстарымен танысу
Күндер саны: 6
Сағат саны: 42
№: 3
Тәжірибе тақырыптарының атауы: Тақырып 3. Кәсіпорынның /ұйымның қаржы саясатымен танысу
Күндер саны: 4
Сағат саны: 28
№: 4
Тәжірибе тақырыптарының атауы: Тақырып 4. Біліктілігі және лауазымы бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстарды қайталау
Күндер саны: 15
Сағат саны: 105
№: 5
Тәжірибе тақырыптарының атауы: Тақырып 5. Материалдарды жинақтау және тәжірибе бойынша есепті рәсімдеу
Күндер саны: 3
Сағат саны: 20
№:
Тәжірибе тақырыптарының атауы: БАРЛЫҒЫ
Күндер саны: 31 КҮН
Сағат саны: 216

Тақырып 1. Кіріспе әңгіме. Тәжірибенің мақсаттары мен міндеттері.

Кәсіпорынды рәсімдеу. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау

Диплом алды тәжірибесінің мақсаттары:

  • мамандығы бойынша дағдыларды жинақтау және жетілдіру;
  • орта буын маманына жүктелген қызметтер шеңберінде жеке өндірістік звеноларды басқару дағдысын басқару;
  • кәсіпорынның/ұйымның өндірістік қызметіне нақты телімдерді оқып білу;
  • біліктілігі мен лауазымы бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстарды қайталау;
  • жұмыс күнін жоспарлауға қатысу.

Кәсіпорынның/ұйымның құрылтай құжаттарымен танысу. Кәсіпорын/ұйым дамуының тарихы мен болашағы. Кәсіпорынның/ұйымның рөлі мен маңызы. Кәсіпорынның/ ұйымның типі және құрылымы. Техникалық жабдықталуы. Өндірістің немесе көрсетілген қызмет пен жұмыс көлемі. Кәсіпорынның/ұйымның жұмыс режимдері.

Өндірісті басқару құрылымы. Кәсіпорынның/ұйымның объектілерімен және құрылымдық бөлімшелерімен танысу.

Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау.

Орындау керек: ұйымның құрылу мақсатын жазу. Ұйымның орналасқан жері, қызметінің түрі, басқару органдарының құрылымын көрсете отырып ұйымның құқықтық деңгейін қысқаша сипаттама

Есепке салу керек: құрылтайшылық құжаттарды, ұйымның ұйымдастыру мен өндірістік құрылымдық құжаттарын

Тақырып 2. Кәсіпорынның/ұйымның қаржы қазметі жұмыстарымен танысу

Кәсіпорынның қызметімен, орнымен, қаржы қызметі міндеттерімен, оның құрылымымен, басқа бөлімшелерімен байланыстарымен танысу келесі жұмыстарды оқып білуді қарастырады:

  • өндірістік техникалық бөлімі;
  • жоспарлау экономикалық бөлімі;
  • еңбекті ұйымдастыру және еңбекақы бөлімі
  • жабдықтау және сату бөлімі;
  • бухгалтерия және оның қызметкерлерінің функционалдық міндеттері.

Кәсіпорынның/ұйымның қаржы қызметі жұмыстарын меңгеру нәтижелері бойынша білім алушылар кәсіпорын/ұйым бөлімдерінің қызметіне, бухгалтерия және оның қызметкерлерінің функционалдың міндеттеріне қысқаша сипаттама беруі тиіс.

Тақырып 3. Кәсіпорынның/ұйымның қаржы саясатымен танысу

Кәсіпорынның/ұйымның қаржы саясатымен танысу келесі жұмыстарды меңгеруді қарастырады:

  • ұйымның қаржылық механизімін;
  • қаржылық талдау әдістерін.

Кәсіпорынның/ұйымның қаржы саясатын меңгеру нәтижесі бойынша білім алушылар ұйымның қаржы ресурстарына және қаржылық жағдайына баға беруі және сипаттауы тиіс.

Тақырып 4. Біліктілігі және лауазымы бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстарды қайталау

  • Кассир лауазымының жұмысы:

Кассадағы ақша қаражаттарына есеп жүргізу тәртібімен, оның құжаттамалық рәсімделіумен, кассадағы қолда бар ақшаны сақтаумен және оның қозғалысымен, кіріс және шығыс кассалық ордерлерін тіркеумен, кассалық кітаппен танысу келесі жұмыстың орындалуын қарастырады:

  • Кіріс және шығыс кассалық ордерлерін толтыру, оларды кіріс және шығыс кассалық ордерлері журналына тіркеу;
  • Кассир есептеріне құжаттық өңдеуді жүргізу;
  • №1 журнал - ордеріне және №1 журнал - ордеріндегі тізімдемені жазбамен рәсімдеу.
  • Есепші лауазымының жұмысы:

Ағымдағы банк шотындағы ақша қаражаттарына есеп жүргізу тәртібімен, есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысу, басқа ұйымдармен есеп айырысу, еңбек және еңбекақы, тауарлы - материалдық қорлар, негізгі қаражаттар, өндіріс және оны таратумен танысу келесі жұмысты орындауды қарастырады:

  • банк үшін құжаттарды толтыру: чектер, қолда бар жарналарға хабарландыру, төлем тапсырыстарды, төлемдік талап - тапсырыстар;
  • ағымдағы шот көшірмелерін өңдеу, оларға құжаттарды іріктеу;
  • іссапар куәліктері мен аванстық есептерді тексеру және өңдеу;
  • басқа ұйымдармен есептер жүргізу үшін жүкұжаттар мен шот - фактураларды толтыру;
  • сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есептер жүргізу бойынша тізімдемелерге жазбаларды рәсімдеу;
  • еңбекақы төлемдері бойынша есептер жүргізуге;
  • уақытша еңбекке жарамсыздық жәрдемақысын және кезекті еңбек демалысы бойынша толемді есептеу;
  • есептеу - төлеу тізімдемелерін құру;
  • банк арқылы еңбекақыны төлеуге арналған төлем тізімдемесін рәсімдеу;
  • негізгі қаражат есебі бойынша бастапқы құжаттарды толтыру;
  • негізгі қаражат және материалдық емес активтер амортизациясын есептеу;
  • жүкқұжат шығындарын бөлу;
  • өнімнің, жұмыс пен қызметтің өзіндік құнын және калькуляциясын есептеу;
  • тиелген және таратылған өнімді, қызмет пен жұмысты есептеу бойынша бастапқы құжаттарды толтыру;
  • сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен, есептер жүргізу бойынша тізімдемелерді толтыру;
  • кіріс және шығын баланстарын құру;
  • несиелік тапсырысты құруды;
  • банк міндеттемелері бойынша барлық төлем түрлеріне банктік құжаттарды дайындау;
  • есеп және төлем міндеттемелерін орындау;
  • кассалық тәртіптің және жеткізушілермен есеп айырысудың сақталуына бақылау жасау;
  • қаржылық есепті құру.

Есеп жүргізу тәртібімен тынысу және қаржылық нәтижелерін анықтау келесі жұмыстарды орындауды қарастырады:

  • шығындар есебі бойынша шоттарды оқып білу;
  • табыстар есебі бойынша шоттарды оқып білу;
  • кәсіпорынның/ұйымның қаржылық есеп формаларын оқып білу.

Кәсіпорынның/ұйымның қаржы - шаруашылық қызметін талдауды жоспарлау жүйесімен танысу келесі жұмыстарды орындауды қарастырады:

  • кәсіпорынның/ұйымның шаруашылық қызметін жоспарлау әдістері мен түрлерін оқып білу;
  • өнімді өндіруді және сатуды жоспарлауға талдау жасау;
  • кәсіпорынның/ұйымның материалдық - техникалық және кадрлық қамтамасыз етілуін оқып білу және бағалау;
  • шығындарды қалыптастыру механизімін, олардың тиімділігі мен баға жасауын анықтау;
  • өнімді өндіруге кететін шығындарғы талдау жасау;
  • кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін анықтау және талдау.

Кәсіпорынның/ұйымның қаржылық жағдайын талдау келесі жұмыстарды орындауды қарастырады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның ұйымның қаржы қызметтері жұмыстарымен танысу
Еңбек ақы шығындары
Заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің меншік құқығы
Шарт және оның түрлері
Қызметкерді басқару әдістері
Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарындағы адам ресурстарын басқарудың ерекшеліктері
Көлік кәсіпорындары, басқарулар
Жалақыны құқықтық реттеу: теориялық және қызметтік практикалық мәселелері (құқық қорғау орᴦандары)
Іс қағаздарын жүргізу негіздері
Кризиске қарсы басқарудағы шетелдік тәжірибелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz