Әуе желілерін монтаждау



Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Дипломдық жұмыс

Әуе желілерін монтаждау

Актау, 2018 ж

Дипломдық жұмыс

Әуе желілерін монтаждау

Актау, 2018 ж

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
І. Негізгі бөлім
1. Конструкторлық бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1. Кернеу 1000 В-ке дейінгі әуе желілерін монтаждау ... ... ... ... ... ... .. ... ... . 7
1.2. Әуе желілері арналарын бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3. Тіректердің астына шұңқырлар қазу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
1.4. Әуе желілері тіректерін қондыру және жинау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .. 17
1.5. Тіректерді көтеру және қондыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.6. Кабель желілері туралы жалпы мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 22
1.7. Бағаналардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
1.8. Кабель желілері туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
1.9. Электр желісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 32

2. Технологиялық бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 34
2.1. Кернеуі 1000 В-қа дейінгі әуе желілерін монтаждау ... ... ... ... ... ... .. ... ... 34
2.2. Кернеу 1000 В дейінгі кабель желісін монтаждауға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.3. Кабель желілерінің құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
2.4. Электр тораптарының және желілерінің .қызметі, құрылысы, классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
2.5. Электр тораптары мен желілеріндегі қысқаша тұйықталу, себептері, түрлері, процесі, зиянды әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 49
2.6. Кабельдік өнімдер және олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 51

3. Есептеу бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
3.1. Кернеу желісін шамадан қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
3.2. Кабель желілерін есептеу және таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 61

4. Экономикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
4.1. Әуе және кабель желілеріндегі қуат шығыны мен электр энергия шығыны ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 63
4.2. Желідегі жоғалыстар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 65
4.3. Электр энергиясын жеткізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
4.4. Электр энергиясын өндіру және жеткізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 68

5. Еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 70
5.1. Әуе желілерін тарту кезіндегі қауіпсіздік техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... .. 70
5.2. Электр қауіпсіздігі. Қауіпсіздік техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 71
5.3. Электр құрылғылары мен электр аппараттарын пайдалану ... ... ... ... ... .. 73
5.4. Электр қондырғылары мен электр берілістерін жөндеген кездегі қауіпсіздік шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7 4
5.5. Электр тогы соққан адамға алғашқы көмек ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .. 76

6. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 80

7. Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 81

Кіріспе
Электрлік әуе желілері дегеніміз ашық ауада әртүрлі тірек конструкцияларда орнатылған электрлік энергияны тасмалдауға және таратуға арналған қондырғы. Әуе желілері 100 В және одан жоғары болып бөлінеді. Әуе желілері кенінен таралған және ерекшеленеді: - әуе желілерін жүргізген кезде жер қазу жұмыстар көлемі аз; - әуе желілерін пайдалануы және жөндеу жеңілдігі; - 1000 В - қа дейінгі әуе желілеріне радио, жергілікті телефон желілерін, сыртқы жарықтандырудын желілерін қосымша ілуге болады. Орталық опоралар сымдарды жерден қажетті биіктікте ұстап тұру үшін қажет, қасындағы бір опорада сым үзілген жағдайда оның салмағын қосымша етіп ұстап тұру үшін қажет, қасындағы бір опора сым үзілген жағдайда оның салмағын қосымша етіп ұстап тұра алмайды. Орталық опораларды тіке трассада кернеуі 1 кВ - қа дейінгі 35 -45 м арақашықтықта, кернеуі 6 және 1 кВ - қа дейінгі арақашықтық опоралар шагі деп аталады. Барлық әуе желілерің жүргізген опоралардың ішінде орталық опоралар 80% құрайды. Бұрыштама опоралар қасында орналасқан опоралардың салмағын қосымша көтеріп тұру керек. Тармақтау опоралары сымдарды магистралды әуе желілерін қажетті кезде тамақтану үшін керек. Қиылысты опоралар екі бағыттағы самдарды қиылыстыру үшін керек. Шеттік опоралар орталық, бұрыштама, тармақтау, қиылысты және шеттік опорала болуы мүмкін. Анкерлік опора барлық жағдайларда сымдармен жасалатын күштеуді көтеруге арналған. Екі анкерлік опора арасындағы арақашықтық анкерлік пролет беп аталады. Орташа күрделі тіке аумақтағы 1 кВ кернеулі анкерлі опоралар арасындағы арақашықтық 150 - 180 м, 6 және 1 кВ кернеуінде - 250 - 280 м тен болуы мүмкін. Әуе желісінің жер бетіндегі сым габриті дегеніміз сымның жер бетінен ең үлкен ілініп түсіп тұру кезіндегі вертикалды арақашықтығы. Әуе желілерінің сымдарының қыйылысу габриті дегеніміз сыммен қиылысатын объектінің арасындағы вертикалды арақашықтығы. Сым габриті әуе желілері астында орналасқан объектісімен (жол, өзен, және т.б.) әуе желісінің төменде орналасқан сымы арасындағы арақашықтықпен, ал қыйылысатын объектіні әуе желісінің үстінде орналасқан болса - жоғарғы сымнан қыйылысатын объектісі арасындағы арақашықтықпен анықталады. Әуе желілер сымдарының жақындасу габриті деп сым желісі және объект арасында рұқсат етілетін ең жақын арақашықтық.
Әуелік желілер келесідей конструктивті элементтерден тұрады: сымдардан, тіректерден, оқшаулағыштардан, арматуралардан. Әуелік желілер бір немесе екі тізбекті болады бір тізбекте біреуден үшфазалық желінің үш сымы немесе біреуден бір фазалық желінің екі сымы болады. 10кВ дейін кернеулі әуелік желілерді жасауға алюминиді, болат алюминиді немесе болатты сымдарды қолданады.
10кВ дейін кернеулі әуелік желілер тіректерін ағаштан немесе темір бетоннан жасайды. Ағаш тіректердің жасалуы қарапайым және арзан, бірақ ұзақ уақытқа шыдамайды, ал темір бетонды тіректер қымбат, бірақ төзімді болып келеді.
Әуелік желілердің трассалары және олардың конструкциясы ПУЭ - 2006 2.5 бөліміне сәйкес болуы тиіс. Әуелік желілердің кабельдері ПУЭ 2.3 бөлімі талаптарына сәйкес болуы тиіс.
1000 В кернеуден жоғары әуелік желілер темір бетонды тіректерден тұрады. Ағаш тіректер уақытша пайдалануы мүмкін.
Биіктігі жерден 1,5 м төмен емес әуелік желілердің тіректеріне:
oo Орнатылған жылы және реттік номері;
oo Паралельді жүретін желілер трасса учаскісіндегі барлық тіректерде желі номері немесе шартты белгісі.
Сонымен бірге, екі тізбекті тіректерде сәйкес тізбектер белгіленеді және жолдамрмен қыйылысқан; тұрғындар бар жерде барлық тіректерде жерден 2,5-3 м биіктікте ескертуші плакаттар ілінеді.
Әуелік желілерде орнатылған жоғарғы вольтты аппараттардың реттік номері мен диспечерлік аттары болады.
Тіректердің даттануы мүмкін барлық элементтері құрылыс талаптары ескеріліп қорғалуы тиіс.
Қоршаған ортаның әсері агресивті болатын, сонымен қатар металл заттарға қатысты атмосферасы агрессивті жерлерде мына жағдайларды қарастырған жөн:
oo Оқшаулағыштар мен арматураларға қатысты шараларды;
oo Тростар, сымдар және тіректердің тросты элементтерінің даттануға қарсы тұруы;
oo Жерлестіру құрылғылары элементтері қыйылысының үлкеюі, жерлестіруде даттануға қарсы қабатты қолдану.

Конструкторлық бөлім
1.1 Кернеу 1000 В-ке диінгі әуе желілерін монтаждау
Электр энергиясын сымдар бойымен беріп тарататын әр түрлі тірек құралымдарына ашық ауада орнатылған құрылғы - электрлі әуе желілері 1000 В-ке диінгі кернеулі және 1000 В кернеуден жоғары (3, 6, 10 кВ және стандартты кернеу шкаласынан жоғары) болып бөлінеді.
Елімізде әуе желілері өте кең таралған және мынандай ерешеліктері бар:
* Әуе желілерін құру кезінде өте кең таралған және жұмыстарының қажеттілігі;
* Әуе желілерін пайдалану және жүндеудің қарапайымдылығы;
* Кернеуі 1000 В-қа диінгі әуе желілері тіректерінің радиоторап, телефонмен байланыс, сыртқы жарықтандыру, телебасқару және белгі беруге арналған сымдарды ілуге, керуге пайдалану;
* 1 км әуе желісі құрылысы құнының төмендігі (осы қашықтықта) кабельді желілер құрылысымен салыстырғанда шамамен 25-30% -ға төмен;
Желінің қалыпты кернеуіне және оған қосылған электр тұтынушылардың категориясына қарай әуе желілері І, ІІ, ІІІ классқа бөлінеді (1.1.1- сурет).
Кернеуі 1000 Вке диінгі әуе желілеріне қосылған тұтынушылар ІІІ класқа жатады.
Әуе желілерін құру кезінде сол жердің климаттық жағдайын сымдағы мұздық заттардың пайда болу мүмкіндігін есепке алу керек.
Пайда болған мұздақ әуежелілеріне қауіпті. Олар әуе желілері сымдарында қосымша жүктемелерді тудырады және сымдардың жиі үзілуі мен желі тіретерінің бұзылуына себепкер болады.
Әуе желі сымдарында пайда болатын мұздақ ауданы мұз қабырғасының қалындығы мен сипатталады. Осы белгі бойынша мұздақтың төрт ауданы бар:
І аудан - сымдағы мұздың қабырғасы 5 мм - ге диін;
ІІ аудан - сымдағы мұздың қабырғасы 6 - 10 мм;
ІІІ аудан - сымдағы мұздың қабырғасы 11 - 15 мм;
ІV аудан - сымдағы мұздың қабырғасы 16 - 20 мм.
Егер әуе желі сымдарындағы мұздың қалындығы 20 мм-ден асса, онда ол жер ерекше мұздықты ауданға жатады.
Кернеуі 10 кВ-ке диінгі әуе желілерінің сымдарын ағаш немесе темірбетон тіректерінде қондырылған оқшаулағышқа бекітеді.
Құрылымына, атқаратын қызметіне және арналарда қондыру орнына қарай әуе тіректері аралықты, бұрышты, тармақталған, қиылысқан және соңғы тіректер болып бөлінеді.

1.1.1-сурет. Әуе желілердің түрлері (үйге кіру кезінде): 1 - оқшаулағыш; 2 - сығымдағыштар; 3 - кірме фарфорлық ұя; 4 - шығу ұя (төлке); 5 - эбониттік түтік; 6 - сым; 7 - тіреу
Аралық тіректер сымды жер бетінен қажетті биіктікте ұстауға арналған және бір бағытта сымдардың керілуі пайда болатын көрші өткендердің үзілуі жағдайындағы күшке есептелген. Оларды 1 кВ кернеу кезінде - 35-45 м, 6 және 10 кВ кернеуде 50-60 м қашықтықта арналары тік аймақтарда қондырады. Әуе желілері тіректерінің бір-бірінен алшақтау арақашықтығын тірек қадамы деп атаймыз. Аралық тіректер әуе желілерінің жалпы көлемінің 80% - ын құрайды.
Бұрыш тіректері әуе желілері арналары бағыттарының өзгеретін орындарында орнатылады. Бұл тіректерге қалыпты жұмыс кезінде сымдардан пайда болған ішкі бұрышының биссектрисасы бойында көрші өткіндер сымдарының ортақ керілуі күші түседі.
Тармақталған тіректер әуе желілері арналарынан алыс қашықтықта электр тұтынушыларын қажет екен жағдайда электрмен қамтамасыз ету үшін магистральды әуе желілерінен сымдарды тармақтауға арналған.
Қыйылысқан тіректерге әуе желілерінің екі бағыттағы сымдарын айқастыру үшін қолданылады.
Соңғы тіректер әуе желілерінің басы мен аяғына орнатылады. Олар желінің бойымен бағытталған, бір жақты қалыпты керілген сымдардың бір бағыттағы күшін қабылдайды.
Әуе желілерінде, сонымен қатар, жоғарыда аталып өткен тіректермен салыстырғанда беріктігі жоғары және құралымы күрделінген анкерлік тірек қолданылады. Анкерлік тіректер аралық, бұрыштық, тармақталған, айқастырылған немесе ақырғы (концевые) болып келеді. Аралық анкерлік тіректердің аяғын арна бойымен немесе қиғаш орналастырады.
Екі анкерлі тіректердің арасындағы арақашықтықты анкерлі өткін деп атаймыз (1.1.2-суретті қараңыз). Арнаның тік аймақтарында орташа күрделенген әуе желісінің анкерлі анкерлі өткіні 1кВ кернеуде 150-180 м-ге тең, ал 6 және 10 кВ кернеуде 250-280 м-ге тең. Анкерлі өткенді қолдану әуе желілерінің механикалық беріктігін арттырады. Желілердің бір немесе бірнеше сымдарының үзілуі кезіндегі жүктеме анкерлі тірекке қабылданады, ал сол кезде пайда болған ақаулар бір өткенде шектеледі. Тіректер типтеріне қарамастан, деңгек тіреуішпен немесе тектеуіш кермемен бір сымды және көп сымды болып келеді (1.1.3-сурет).

1.1.2-сурет. 35-110 кВ әуе желісіне арналған анкерлі АП - тәріздіарқан сым тіректері: 1 - А-тәрізді ферма; 2 - траверс; 3 - найзағайдан қорғайтын арқансым; 4 - арқансымды бекітуге арналған траверстер; 5 - сымдарды бекітуге арналған траверстер; 6 - жоғарғы ярустың тарамдары; 7 - жоғарғы ярустың көлденең белдемдері; 8 - төменгі ярустың тарамдары; 9 - төменгі ярустың көлденең белдемдері
Әуе желілері құрылысына қажетті тіректердің саны мен типтері және олардың арақашықтығы арнаның күрделілігі мен кейпіне, ілінетін сымдардың материалы мен қимасына, ауданының қлиматтық жағдайына, халықтарының қоныстану деңгейіне, пайдалану сенімділігі мен қауыпсыздық талаптарына байланысты байланысты анықталады. Әуе желілерінің сымдары жер бетінен жоғары көтерілуі және бір-бірінен алшақ болуы керек, сонымен қатар, қыйылысқан және паралель орналасқан нысаналардан белгілі бір арақашықтықта орналасуы керек. Бұл арақашықтықты сымның габриті деп айтамыз.
Әуе желі сымдарының жер бетіндегі габритті деп сымның төмен қарай ең көп салбыраған нүктесінің жерге диінгі арақашықтықты айтамыз.
Сымдардың қыйылысу габритті дегеніміз - сымнан қиылысқан нысанаға диінгі тігінен келетін ең қысқа арақашықтық. Әуе желілерінің астында орналасқан, қыйылысқан нысаналар кезнде (жол, өзен және т.б), сымның габриті төменгі сымнан қиылысқан нысанаға диінгі, ал нысаналар әуе желілерінен жоғары орналасқан жағдайда жоғары сымнан қиылысқан нысанаға диінгі арақашықтықпен анықталады.

1.1.3-сурет. Тіректердің биіктігін анықтауға арналған негізгі деректер
Әуе желілері сымдардың жақындау габриті дегеніміз - рұқсат етілген ең қысқа желі сымнан нысанаға диін әуе желісінің арнасымен паралель орналасқан рұқсат етілген ең қысқа арақашықтық.
Кернеуі 1000 В-ке диінгі әуе желілері үшін механикалық беріктік жағдайына қарай қимасы 16мм2 - алюминийлі, 10мм2-ден кем емес болат-алюминилі және бейметалл, 25мм2-ден кем емес көп талсымды болат, Ø 4 мм-ден кем емес бір талсымды болат сым және көп сымдар қолданылады.
Тармақталған сымдарды, сонымен қатар, қимасы 5мм-ден жоғары бір талсымды болат сымдарды және қимасы 6,5 мм жоғары бір талсымды бейметалл сымдарды қолдануға рұқсат етілмейді. Әр қималы немесе әр түрлі металл сымдарын қосу тек тіректерде орындалуға тиіс. Фазалы сымдарды тіректерге кез келген тәртіппен орнатуға болады, нөлдік сымды, әдеттегідей фазалық сымдардан төмен, ал сыртқы жарықтандыру сымдарын нөлдік сымның астына орнатады.
Тіректерге орнатылған балқымалы сақтандырғыштарды сымдардан төмен орнатады. І және ІІ мұздықты аудандарда тіректегісымдардың арақашықтығы тігінен 400 мм-ден кем болмауы, ал көлденеңінен 30 м өткенде - 200 мм, 30 м-ден асқан өткіндерде 300 мм болуы керек.

1.1.4-сурет. Сымдарды ілуге арналған оқшаулағыш және бекіту арматурасы
ІІІ және ІV мұздықты аудандарда сымдардың арақашықтығы тігінен 600 мм, ал көлденеңінен 400 мм болып есептеледі.
Сымның тірекке диін немесе оның жеке элементтеріне диінгі (траверс, тіреуіш керме және т.б.) арақашықтығы 50 мм-ден кем болмау керек.
Тораптағы бейтарап оқшауланған фазалық сымдардың ілмектері мен істікшелерін және әуе желілерінің темір бетонды тіректердің арматурасын жерлендіреді, ал бейтарап жерлендірілген тораптарда нөлдік тұйықталған сыммен қосады.
Әуе желілері тіректеріндегі жерлендіретін түсірме сымның диаметірі 6 мм-ден кем болмауы керек. Жерлендірілген құрылғының кедергісі 50 Ом-нан аспау керек.

1.2 Әуе желілері арналарын бөлу
Әуе желілерінің арналарын бөлу дегеніміз - желінің жоба бағытын және тіректерді қондыру орындарын анықтайтын кешенді жұмыс.
Жер бетіндегі арналар талапқа сай жасалу керек, яғни:
* Автокөлік және жаяу жүргіншілердің қалыпты қозғалыс жағдайы;
* Желінің барлық элементтерін жөндеу және пайдалану қызметінің ыңғайлылығы.
Тіректердең әр түрлі жер үсті құрылыстары арасындағы қашықтық төмендегідей көрсетілген:
Ең кіші қашықтық (м), жақын нысананың аты мен қашықтығы:
* Жер асты құбырлары, арна құбырлары және кабельдер.
* Өрт гидранттары, су тасмалдау колонкалары, жер асты арна құдықтары.
* Бензинтаратқыш колонкалар.
Әуе желілерінің арналарын бөлу жұмыстарын былай бастайды:
1. Теодолиттің көмегімен бірінші тік бағыттағы аймақ желісінің бағытын анықтайды.
2. Осы бағыт бойынша екі када тұрғызылды: біреуін аймақтың басында, ал екіншісін біріншісінен 200-300 м қашықтықта қондырады.
Алынған бағыт бойынша жобада көрсетілген тіректерді орнату орындарында әуе желілерін құратын жармалардың орналасу дұрыстығын тексеру үшін желінің соңғы аймағына белгі қойылып, кақытша қадалар қағылады, ал содан киін бұл қадаларды алып тастап, орнына пикетті белгілер қояды. Әр пикетті белгіде оның нөмірі, сонымен қатар, осы жерге қондыруға жататын тіректердің жоба нөмірі көрсетіледі. Пикетті белгілерді келесі шұңқырлардың ортасына орнатады.
Бір бағаналы тіректердің шұңқырлары және А тәрізді тіректер желінің жарма бойымен қондырылады және олар арнаның осі бойымен ұзын бөлікте орналасуы керек, ал желі жармасына қиғаш қондырылатын А тәрізді тіректердің шұңқырлары арна перпендикуляр орнатылады.
Желілердің бағыты өзгеретің пунктердің А тәрізді бұрышты тіректеріне алдын ала арналардың бұрылыс бұрыштарын бөлу жұмыстары орналасуы қажет. Бұл үшін тіректі бұрыштың шаңы немесе ұшы деп алып, екі жақты бағытта бір-біріне тең АВ және АС кесінділерін өлшеп алады. АД тік сызығы бұрыштың бессектрисасы болып табылады. Шұңқырлар осы биссектрисада орналасатын болады және А нүктесінен қондырылатын тіректің аяғымен анықталатын бірдей қашықтықта бір-бірінен алшақталуы тиіс. А тәрізді тіректердің щұңқырларын арнаулы үлгілер арқылы бөлу тиімді және ол осы жұмыстың тез және дәл орындалуын қамтамасыз етеді. Желінің бұрылысының бұрыштарын бұрыштық белгілерімен белгілейді. Бұрышты пикетті белгілерде оның нөмірін, желінің бұрылыс бұрышының мөлшерін және тіректің жоба нөмірін көрсетеді. Арналарға жүргізілген бөлу жұмыстарын жобамен тексереді, жобадағы пайда болған ауытқуларды жойып, жобалау мекемелерімен келісімге отырады, содан киін тіректерге шұңқырларды қазуға кіріседі.

1.3 Тіректердің астына шұңқырлар қазу
Әуе желілері тіректерінің шұңқырларын қазу механикалық тәсілмен орындалады. Бір тіреулі цилиндр тәрізді формалы шұңқырлар автошұңқыр бұрғылар және өздігінен жүретін бұрғылау-қранды машиналар көиегімен, ал тік бұрышты шұңқырлар анкерлі тіректер үшін экскаватордың көмегімен қазылап, көміледі.
Тірек шұңқырларын қолмен қазу жұмыстың аз көлемі кезінде немесе механизмдерді пайдалануға мүмкіндігі жоқ кезде қолданылады. Шұңқырларды қазу мен оған тіректерді орнату кауіпсіздік жағдайға байланысты өте қысқа мерзімде орындалуға тиіс
Автошұңқыр бұрғымен шұңқырларды бірнеше тәсілмен орындайды. 0,4-0,5 м терендікте бұрғылап, грунтті көтеріп, оны сыртқа алып тастайды. Бұл жұмысты қажетті тереңдікке жеткенше бірнеше рет орындайды.

1.3.1-сурет. Кернеуді 1000В-қа диінгі әуе желілері тіректерінің құрылысы: а - бір бағаналы; б - бір бағаналы, қиғашты тіреулер; в - сыммен керілген, бір бағаналы
Шұңқырлардың тереңдігі жобасында, топырақ сипатына, тіректің биіктігі мен мақсатына, климат жағдайына және орнатылатын сымның санына, олардың ортақ қимасына, арнадағы ерекше жағдайға байланысты анықталады.
Бұрыштық және ақырғы тіректерге арналған шұңқырларды шұңқырдың құрал тимеген жағы сымнаң кірілген жағынан келетіндей етіп қазады. Арнаның су басып кететін жерлерінде шұңқырларды қолмен қазады, тіректерді қосымша топырақпен бекітіп, айналасын таспен көмкереді.
Шұңқырларды қолдан қазғанда қол бұрғысын, күректерді, қалақшаларды, саперлік күректерді, сүймен және басқа да құрал-саймандарды қолданады.
Шұңқырдың терендігі 2 м-ден асқанан киін шұңқырдың қабырғалары қалындығы 25 мм-ден кем болмайтын қатты және диаметірі 100 мм-ден кем емес кергіштермен бекітілуі керек.
Шұңқырларды қазу және оларға тіректерді орнату жұмыстарын өте қысқа мерзімде орындау керек, өйткені шұңқырлардың табаны қатып, кейінен еріп, тіректің асты отырып қалады және сымның габриті бұзылады.
Сыртқы орта температурасы 0о-қа төмендегенде, шұңқыр қатып қалмауы үшін, жобадағы көрсетілген белгіден 15-20 см кем терендікте қазады.
Тіректерді қондыратын шұңқырлар 0,4 м тереңдікке жеткен кезде, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып қазуы керек. Жер асты кабель тартылымдары, өткізгіш құбырлар байқалғанда, жұмысты дереу тоқтатады және басшыға хабарлайды.

1.4 Әуе желілері тіректерін қондыру және жинау.
1000 В-ке диінгі әуе желілерін құру үшін ағаштан жасалған және темірбетон тіректер қолданылады.
Ағаштан жасалған тіректер әр түрлі құрылымды болып келеді. Ағаш тіректер жасау үшін негізінен қылқан жапыфрақты ағаштар қолданылады. 1000 В-ке диінгі әуе желілері тіректерінің негізгі элементтері үшін (тіреулер, траверстер және т.б.) диаметірі 14см-ден кем емес емен бөренелері, ал қосымша бөлшектер үшін 12 см-ден кем емес емен бөренелері қолданылады.
Ағаш тіректердің қолданылу мерзімі қысқа, мысалы, сіңдірілмеген емен тіректерінің қолдану мерзімі - 5 жыл. Ағаш тіректердің пайдалану мерзіміне әр түрлі құрт-құмырсқалардың болуы әсер етеді. Пайдалану мерзімін 3-4 есеге ұзарту үшін ағаш тіректерді әр түрлі химиялық заттармен - антисептиктермен өңдейді немесе улайды. Антисептиктер ретінде корезот майы, фторлы натрий, уралит донолиттер қолданылады. Ағаш тіректерді арнаулы құрылыс-зауыттарда дайындайды, улайды, жинайды және қондырылатын орындарға автокөліктермен жеткізеді. Бір тіреулі тіректерді (А тәрізді және т.б.) жартылай жинақты түрінде жеткізеді. Тіректерді жинақтау алдында оның барлық бөлшектерін мұқият қарап шығады. Олардан сыртқы қабырғаның зақымдануы, бұрындамалар мен шпилькалар бұрындамаларының зақымдалуы сияқты ақаулар болмау керек. Пайдалану процесі кезінде ағаш тіректердің жер бетінен 30-40 см жоғары және төмен бөліктері теззақымдалады, яғни ағаш тіркетерге ауа райы, жауын-шашын мен ылғалдың әсер ететін жерлерінде ағашты үнемдеу үшін ағаш және темір бетонды қосымша тіреумен жабдықтайды. Құрамды тіректер берік құрылым болып табылады, ол әуе желілерінің жұмысының беріктігін және қызмет ету мерзімін арттырады.
Тіректердің тіреулерін бір және екі қосымша тіректермен жалғау - құрастыру (бандаж) және құрықтау арқылы атқарылады.
Ағаш тіректерді қосымша ағаш тіреуіштермен қосу үшін тіреудің 1,5-1,6 м ұзындығы тегістейді. Осы ұзындықтағы көлемнің ені 100 мм жазықтықта тегістейді. Осы ұзындықта және енінде қосымша ағаш тереулердің жоғарғы бөлігін өңдейді. Тіреулер мен қосымша ағаш тіреуіштердің тегістелген жазықтығы қиғаш аяқталуы керек. Бөлшектің екі жағында да құрсудың сызықтарын және құрсуды тартып тұратын бұрындамаларға арналған ойықтар жасайды. Тіреудің және қосымша ағаш тіреуіштердің айналасындағы осы бөлшектердің жақсы тартылуын қамтамасыз ету үшін кедір-бұдырларды жояды. құрсуды екі жерде түйіндестіріп, қосымша ағаш тіреуіштерден 200 мм төмен шегініп және тірек бағандарынан 250 мм жерлерге орнатады. Құрсулар үшін Ø4 мм мырышты болат жұмсақ сымды немесе Ø5-6 мм мырышталмаған сымды қолданады. Құрсау бірнеше сым орамаларынан (тіреулердегі түйістіретін жерлерге орнатылатын) және берік оралған немесе тартылған бұрындамалардан тұрады. Әр құрсаудың орам саны құрсаудағы сымының диаметірімен анықталады. Бір құрсудың:
* Диаметірі 6 мм сымда - 8 орамы;
* Диаметірі 5 мм сымда - 10 орамы;
* Диаметірі 4 мм сымда - 12 орамы болуы керек.
Құрсуды тіректерге мынандай тәртіппен орнатады. Құрсуды сымның үшын 3 см ұзындықта тік бұрыштап иеді немесе бүгеді және қосымша ағаш тірегіне шегелейді, сонан соң орамның қажетті санын орап, ортасынан айырып, пайда болған саңылауларға арнаулы ұшы бүгілген сүймені қойып немесе кіргізіп, барлық орамдарды орайды. Осы тәсілмен екінші құрсауды да орайды, тіректі аударды да сүйменмен екі құрсауды да тіректін басқа жағынан бұрайды. Сонымен құрсауларды, қосымша ағаш тіреуішерді тірекпен берік түйістіріп бекітеді. Құрсауды тартып, бекіту үшін ораудың орнына гайкалы және шайбалы бұрындамаларды қолданады.
Екі қосымша тіректің тіреулерін құрсаулармен түйістіру жұмыстары бір қосымша тіреулі тіректің түйіндесуі сияқты орындалады, сонда тіректің бағанасы екі жақтан өңделеді. Әр қосымша тіреуштер тіреуге бөлек құрсаулармен бекітіледі, олар үшін қосымша тіреуіштерде алдын ала тереңдігі 6-8 мм және ені 60-65 мм шабылған ойықтар дайындалады. Тірек бөлшектерінің түйіндесу орындарын, шабылған ойықтарды және кесілген жерлерді антисептиктермен қаптайды. Гайка мен бұрындамалардың бастигінің астына шайба төсейді. Шайбаның астындағы ағаш шабылған емес, егілген болу керек. Жерден 3 м биіктікте бұрындама гайкаларының үштарын тойтаратады. Гайкадан шығып тұрған ұштықтары 10 мм-ден асса, оны кесіп тастайды. Тіректің мырышталмаған металл бөлшектерін асфальт-битумды лак пен екі қабаттап қаптайды.
Тіректерге оқшаулағыш орнататын имектерді орнатар алдында үлгілер (шаблон) арқылы орындарын белгілейді. Имектер орнатылатын, бұралатын орындарды электрленген бұрғылау құралдарымен тесіп орындайды.
Оқшаулағыштарды бұрап бекітер алдында олардың сыртын тазалап қарап, оларда жарықшақтардың жоқтығына көз жеткізу қажет.
Әуе желілерінің құрылысында ағаш тіректер кеңінен қолданылады. Ағаш тіректердің қызмет ету уақыты ұзақ емес, 50-60 жыл. Сондықтан соңғы уақытта олардың орнын темірбетон тіректер алмастыруда.
Кернеуі 1 кВ-қа дейінгі әуе желілерінің темірбетонды тіректер конусты, тік бұрышты немесе дөңгелек қималы болып келеді. Темірбетонды тіректің салмағын жеңілдету үшін тіреудің ұзындығының біраз бөлігінің ішін қуыс етіп жасайды. Темірбетон тіректер механикалық беріктігін арттыратын арматуралы болаттан жасалған қатты металл қаңқасымен жабдықталған, олар траверстер мен ілмектерде сымдарды асып қоюға арналады. Тіректің бойында оны дайындау барысында ілмектерді орнататын саңылауларды қалдырады. Темірбетонды тіректерде қаңқаның арматурасына пісіріп қосылған, желінің нөлдік сымына бейтарап жерлендірілген арнайы шақпалар қарастырылған. Темірбетонды тіректерді блокты фундаменттерге немесе тікелей жерге астына темірбетонды плитаны төсеп қондырады. Монтажшылардың еңбегін жеңілдету үшін тіректерді жабдықтау жұмыстары шұңқырға орналастырғанға диін орындалуы керек.

1.5 Тіректерді көтеру және қондыру
Тіректерді жеткізу, көтеру және қондыру жұмыстарын бастамас бұрын автокөліктің шұңқырларда қондыратын тіректерді көтеруге немесе қондыруға арналған механизмдерінің арна бойымен еркін қозғалу мүмкіндігін тексереді. Көтергіш (таклажды) механизмдер мен көмекші құралдар тексерілген және жұмыс жағдайына келтірілген болуы керек.
Тіректерді көтеру және шұңқырларға орналастыру көтергіш крандарменнемесе арнаулы механизмдермен (БМУ-2, БКГМАН-63 және т.б.) орындалады.
Бір бағыналы тіректерді көтеру және қондыру кезінде кранды әуе желі арасының осінен 3-4 м қашықтақта орналастырады. Тіректерді жинақтаған түрде шұңқырдың жанына қояды және оған ауырлық центрінен жоғары бірнеше арқандар (строп) және тіректің басына жіп тартылымдары бекітіледі. Арқансымдарды (трос) қосу және оларды механизмдермен тіректерге бекіту коуш ұстағыш қысқыштардың көмегімен атқырылады. Темірбетонды тіректерді көтеру кезнде тіреулерінің екі жерінен ұстатады. Тіректерді қарандармен тік бағытқа диін және тіктеуіш керме көмегімен оларды қажетті белгілер бойынша шұңқырға орналастырады. А тәрізді тіректерді түсу бойы мен көтеріп, қондыру кезінде (1.5.1-сурет) тетіктерді шұңқырларға тіректің аяғы шұңқырдың жиегінде 0,3 м қашықтықта орналасқандай етіп салады. Шұңқырдың қабырғасына тақтайшаны тігінен орнатады, ал тіректерді шұңқырға қондыру кезінде сырғауын қамтамасыз етеді. Тіректің шыңына, жоғарғы ұшына екі тіктеуіш керме және тежеуіш арқасым бекітеді. Тіктеуіш кермелер тіректерді көтеру кезінде қиғаш орын ауыстырудан қорғап тұрады, ал тежеуіш арқасым тежеуішті тік жағдайда қоңырау кезінде құлап кетуден сақтайды. Құлама бойын осы бойынша тірекке қарай 15-20о орнатады. Тіректің аяғын ақырын ғана тақтайшамен сырғанатып, шұңқырға түсіп кетпейтіндей етіп көтереді.
Жұмыстан сон тіректі арқасым тартымымен көтеруді жалғастырады.
Арқасымның диаметірлері есептеумен анықталады. Әуе желілерінің бір тіреуіш тіректің көтеру механизмдердің арқасымдарының ең кіші өлшемі: 1кВ 14 мм-тартқыш арқасымдарына, 12 мм тежеуіш арқасымдарына арналған.тіректің басы қажетті тіктелу жағдайына жеткен шақта арқансым арқылы тіректі сол тік күйде ұстап тұрады. Қажетті механизмдер болмаған кезде бір тіреулі тіректердің азғантай мөлшерін қондыруды тіректердің абайсызда құлап кетуінің және жазатайым оқиғаның алдын алуға арналған барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып орындайды. Бір тіреулі тіректерді басы жердің бетінен 2,5-3 м-ге көтерілгенше, алдымен қолмен көтереді, содан соң оны белгіленген шұңқырға тік бағытта абайлап қондырады. Тірек шұңқырдың табанына жеткен кезде оны тік күйде теңестіреді. Тіректерді орналастыру кезінде мынандай талаптарды сақтау керек:
* Тіректің осі арнаның осімен қиғаш орналасу керек;
* Ағаш тіректердің тік күйде ауытқуы - 5мм, ал темір бетонды тіректердің ауытқуы әр метр сайын 1 мм болуы керек; траверстер көлденен бағытта орналасуы керек; тіректің әр 1 м ұзындығына травестің айқасуы 10 мм болуы керек.

1.5.1-сурет. Темірбетонды тіректерді кранмен орнату: 1 - кран; 2 - арқансым; 3 - тіректі шұңқырға келтіріп туралайтын жіп тартқыш; 4 - төсеніштер
Тіректер желінің екі жаққа бөлінген аралығына орналасуға тиіс, олардың бұл аралықтан ауытқуы 100 мм-ден аспауы керек. Тіректің орнатылуының дұрыстығын тексеріп болған соң, шұңқырды тірегімен бірге көмеді және 30-40 см сайын нығыздайды. Тұрғызылған тіректі көтеру мен құруға арналған қосымша бөлшектерден босатады. Тіректі қатты жел кезінде көтеруге және шұңқыр толық көмілгенше көмекші құралдарды алып қоюға рұқсат етілмейді.

1.6 Кабель желілері туралы жалпы мәліметтер.
Кабель желілері әуе сым желілеріне қарағанда күрделі жолмен жасалынады, түсті металдары көп болады, сонымен қатар олардың жөндеу жұмыстары көп уақыт бөлуді және квалификациясы жоғары жұмыскерлер болуды талап етеді. Сондықтан да кабель желілерін әуе желілерін қолануға болмайтын жағдайларда, мысалы : қалаларда, кәсіпорындар аймағында, ауқымы үлкен су қоймасф арқылы және де (жасырын) көрінбейтін етіп жүргізуді қажет ететін жерлерде қолданады.
Кабель желілерінің артықшылықтары :
а) атмосфералық әсерлерге ұшырамайтындығы, мысалы: жел, мұз қату, найзағай түсу арқылы зақымдау, т.б.;
б) кабель трассасының бейтаныс адамдарға көрінбей және қол тигізбестей болып орналасуы.
Кабель желілерінің кемшіліктері:
а) әуе сым желілерімен салыстырғанда кабель тораптарын салу көп уақытты қажет етпейді;
б) кабель торабын жүргізу және монтаждау - бұл күрделі жұмыс, сондықтан оған квалификациясы жоғары жұмыскерлер қажет;
в) зақымданған жерін анықтауға және оны түзетуге көп уақыт кетеді.
Кез келген кабель желісі тізбектері келесі басты элементтерден тұрады:
- электр энергиясын таратушы кабель;
- бір тізбекте орналасқан жекелеген кабельдерді бір-бірімен жалғайтын жалғаушы муфталар;
- кабель ұштарында орналасқан муфталар (заделкалар);
- бекітушу муфталар (стопорные муфты), олар кабель тізбегінің тік орналасқан учаскесінде, кабель майы ағып кетпес үшін қолданылады;
- май толтырылған кабельдерден құрылған электр тізбегі үшін қажетті қоректендіруші аппараттар және майдың қысымын қадағалап хабар беруші жүйе;
- кабельдер орналасатын ғимараттар (кабельдік коллекторлар, туннельдер, каналдар, шахталар, құдықтар, қоректендіруші орындар).
Кабельдер. Түрлері және маркалары
Кабельдер бір, екі, үш және төрт талшықты болып бөлінеді. Тоқ өткізетін талшықты кабельдер мыс пен алюминийден жасалады. Талшықтар қима формасы бойынша жұмыс жасайды. Күштік кабельдердің стандартты қималары : 1,5; 2,5; 4; 6; 10; 16; 25; 35; 50; 70; 95; 120; 150; 185; 240; 300; 400; 500 және 600мм2 болады.
Кабелдердің маркалары тоқ өткізетін талшықтарының материалына, оқшаулатқыш және қорғаныс қабықшаларының материалдарына байланысты болады. Мысалы : АСБГ 3х95 кабелін талдап көрейік : бірінші "А" әріпі тоқ өткізгіш талшықтың алюминийден жасалғандығын көрсетеді, ал "С" - әріпі қорғаныс қабықшаның қорғасын (свинец) екендігін білдіреді, "Б" - әріпі брондалған (болат сауыты бар деген) сөз, ал "Г" - әріпі кабельдің жалаңаш (голый), демек сыртында смола сіңдірілген жгутпен қапталмағандығын білдіреді, 3 - цифрлы кабельдің үш талшықты, ал 95- олардың қимасының 95 мм2 екендігін көрсетеді. Егерде бұл кабель талшықтары мыс сымдардан жасалынған болса, оның маркасы СБГ 3х95 болып өзгереді.
АСБГ, АСБ, СБГ СБ маркалы кабельдері 10кв-қа дейінгі кернеуге арнап жасалынады.
Егерде механикалық бүліну қауіпі болмаса, онда болат сауыты жоқ арзан кабельдерді қолдануға болады (СГ және АСГ маркалары - қорғасын қабықшалы мыс және алюминий талшықтары, сыртқы қаптамасы жоқ, яғни жалаңаш).
20 және 35кв кернеуге арналған кабельдерді жеке қорғасындалған талшықтардан жасайды (маркалары ОСБГ және ОСБ немесе АОСБ).
Кернеуі 110кВ-тан жоғары қондырғыларда май толтырылған және газ толтырылған кабельдер қолданылады. Соңғысы 10 және 35кВ кернеуге де арналып жасалынады.

1.7 Бағаналардың түрлері
Бағаналар анкелік,аралық,бұрыштық,транспозици ялық және арнайы болып бөлінеді. Бағаналардың қандай да бір түрінің қолданылуы олардың әуе желісіндегі орнына, атқаратын қызметіне байланысты болады.
Анкерлік бағаналарды электр желісінің аса жауапты желілерінде сымдарды қатты бекіту үшін колданады. Анкерлік бағаналар екі сымның бір жақты салмағына төзуі керек. Ағаштан жасалған анкерлік бағана кернеулігі 110 кВ электр тораптарының түзу сызықты орналасқан бөліктері үшін арналған.
Анкерлік бағаналар аралық бағаналарға қарағанда күрделі және бағасы қымбат, сондықтан оларды анағұрлым аз қолдану керек. Кернеулігі 1000В жоғары желілердің түзу бөліктерінде анкерлік бағаналар әрбір 10-15 км ара қашықтықтан соң орналасып отырады.
Аралық бағаналар әуе желілерінің түзу сызықты учаскелерінде сымдарды ұстап тұру үшін кызмет етеді. Аралық бағаналар басқаларымен салыстырғанда, жасалуы оңай және бағасы арзан болып келеді. Аралық бағаналардың негізгі ерекшелігі - олардың көптігінде,мысалы аралық бағаналар жалпы бағаналар санының 80-90% құрайды.
Бұрыштық бағаналар электр желісінің бұрылатын жерлерінде орнатылады (1.7.1сурет). Желінің бұрылу бұрышы деп бұрышын айтамыз. Бұрыштық бағаналардың траверсаларын β бұрышының биссектрисасы бойынша орнатады. Көбіне бұрыштық бағана ретінде анкерлік бағаналар қолданылады. Транспозициялық бағаналарды сымдарды транспозициялау үшін колданады.
Арнайы бағаналардың екі түрі бар:
а) біріншісі - өтпелі бағаналар, олар электр желілері өзендермен, көлдермен, терең саймен (аңғармен) қиылысқан жерлерде орнатылады
(1.7.2 сурет);
б) екіншісі-тармақты бағаналар, олар басты электр желісінен басқа жаққа қарай жаңа электр желісі тармағын тарту қажет болған кезде қолданылады. (1.7.3 сурет).

1.7.1 сурет. Электр сым желісінің бұрылу бұрышы.
Әуе сым желілерінің бағаналары материалына байланысты: ағаш,темір бетонды және металдан жасалынған болып келеді.
Ағаш бағаналарды дайындау оңай және олар арзан. Бұл бағаналардың кемшілігі-олардың кызмет мерзімінің ұзаққа созылмайтындығы, орташа есеппен 3-5 жылдан аспайды, себебі ағаш шіриді,әсіресе олардың жерге енгізілген төменгі жағы тез істен шығады. Ағаш бағаналарды кернеуі 220 кВ - қа дейінгі бір тізбекті желілерде, карьерлерде және кұрылыс кезінде колданады. Экономикалық тиімділікке байланысты бағаналарды көбіне, кұрамалы етіп жасайды. Бағаналардың төменгі жағы 2 бөліктен тұрады: ұзын және қысқа (ұзын бөлігі - ол басты тірек, ал қысқа бөлігі - қосалқы тірек). Қосалқы қысқа тіректі басты тірекке диаметрі 4-5 мм болат сыммен екі рет орап бекітеді. Орап бекітуші сымды (бандажды) керіп тарту үшін болт кигізілген металдан жасалынған накладкалар пайдаланылады. Қосалқы тірек (пасынок) жердегі топыраққа 1,8-2,3м тереңдікке дейін көміледі.

1.7.2 сурет. 110кВ екі тізбекті металдан жасалынған аралық бағанасы.
Кернеуі 20 кВ дейінгі әуе желілеріндегі ағаш бағаналарды бір бағанды етіп жасайды, оқшаулағыштарды ілгектерге бекітеді. Орташа қималы сымдар үшін олардың оқшаулағыштарын штырларға бекітеді. Кернеуі 110 кВ және кернеуі 35 кВ көптеген желілерде 2 бағанды П-тәріздес бағаналар орнатылады. Ағаш бағаналарды көбіне ауаның ылғалдылығы аз және температурасы 0-ден +5 градус аралығында болатын аудандарда қолданады. Ағаш бағаналардың қызмет ету мерзімін ұзарту үшін оларды темір бетонды пасыноктармен қосып жасайды.

1.7.3 сурет. 110кВ екі тізбекті линияның металдан жасалынған бұрыштық анкерлік бағанасы.
Темір бетонды бағаналардың қызмет ету мерзімі ұзағырақ және оларға металл бағаналарға қарағанда, металл аз жұмсалады, оларға қызмет көрсету жеңілірек, сондықтан да соңғы уақытта барлық кернеудегі (500 кВ қоса) электрлік әуе сым желілерінде бұл бағаналар кеңінен тараған.

1.7.4 сурет. 220кВ бір тізбекті линияға арналған порталь тектес аралық бағанасы.
Кернеуі 6-10 кВ бір тізбекті желілерде бір бағанды вибробетоннан жасалған, тік бұрышты қималы еркін тұратын бағаналар колданылады. Сымдарды штырлы оқшауламаларға бекітеді.
Темір-бетонды тіректердің формасы: ұзындығы 18-26м, іші қуыс, конусты кұбырлар тәріздес болады. Оларды зауыттарда арнайы станоктардың көмегімен жасайды. Бағаналарды жиналған күйінде, жүк көтергіш кранның көмегімен орнатады.
Металл бағаналарды кернеуі 35 кВ және одан жоғары әуе сым желілерінде колданады. Бұл бағаналарға металл көп жұмсалады және оларды коррозиядан қорғау үшін жиі-жиі сырлау керек. Оларды ГОСТ 380-71 бойынша номері 3 болаттан жасайды. Металл бағаналарды таулы аудандарда және жүруге ыңғайсыз жерлерде орнатады,себебі олар жекеленген секциялармен тасымалданады. Металл бағаналарды темір -бетонды фундаментке орнатады. Металдан жасалынған бағаналардың негізгі размерлері - биіктігі және сымдардың өзара орналасу ара-қашықтығы - желінің номиналды кернеуіне, екі бағана арасындағы қашықтыққа байланысты болады.

1.8 Кабель желілері туралы түсінік
Кабель желілері электр энергиясын беру және тарату, сонымен қатар электр қондырғыларының элементтерін бір-біріне жалғастыру үшін қолданылады. Ток өткізгіш талсым (жила), оқшаулағыш, сыртқы қабық, сауыт қабықша кабельдің негізгі элементтері болып табылады. Кабельдің атқаратын қызметі мен қолданылу шартына қарай құрылысында жоғарыда айтылған элементтердің кейбіреуі болмауы немесе экран сияқты қосымша элементтер болуы мүмкін. Ток өткізгіш кабель талсымдарды өндірісте мыс және алюминий металдарынан дөңгелек пішінде дайындайды, секторлық және сегменттік түрінде, сонымен қатар 120, 150 және 185 мм2 аралас секторлы қима түрінде шығарады. Кабельдер мен талсымдарды оқшаулау үшін арнайы сұйық сіңдірілген кабель қағаздарын, пластмассаны және резеңкені қолданады. Талсымдарды оқшаулауға арналған қағаз оқшаулағыштың орнына көбіне диэлектрлік қасиеті жоғары, ылғалға төзімді, химиялық және механикалық беріктігі жоғары, дайындау және монтаждау технологиясы қарапайымдалған пластмассалы оқшаулағыштар қолданылады.
Кабельдің сыртқы қабаты қорғаныс, алюминий, резеңкелі және пластмассалы болады. Олар оқшауланған талсымды жарықтың, ылғалдың, қоршаған ортаның бас- қа да зиянды әсерлерінің салдарынан механикалық зақымдалудан қорғайды. Кабельді әр түрлі жағдайда төсеу және жүргізу кезінде кабельдің сыртқы қабаты жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығы мен беріктігін қамтамасыз етеді. Осы жағдайларға байланысты, кабельдер сауытсыз және болат таспалармен сауытталған, тік бұрышты және сыртқы қорғаныс қабатты, дөңгелек мырышты сымды болуы мүмкін.
Қорғаныш қабығы талшықты, материалды, пластмассалы, күшейтілген және ерекше күшейтілген түрлерге бөлінеді. Осы кабельдердің қорғаныш қабығы әр түрлі төсеу және пайдалану кезінде өзінін, сенімділігі мен пайдалану ұзақтығын қамтамасыз етеді. Кабель сауытының қалыпты сыртқы қабығы битум қабатынан және кабель орамының жабысып қалуынан сақтандыратын қабаттан тұрады.
Кабельдер өндірістен әр түрлі маркада пластмассамен оқшауланған және мыс, алюминий талсымдарымен оралған түрінде шығарылады:
ВВГ (АВВГ) -- поливинилхлоридті оқшауланған;
ПВГ (АПВГ) -- полиэтиленмен оқшауланған жөне поливинилхлоридті қабықшалы;
ВВБ (АВВБ) -- ВВГ сияқты, бірақ болат таспалармен қапталған;
ПВБ (АПВБ) -- ПВГ сияқты, бірақ болат таспалармен сауытталған.
Кабельдер құрылысына сәйкес әр түрлі белгілермен белгіленеді: С (қорғасын), А (алюминий), Н (жанбайтын резеңке), В (поливинилхлорид), Б (қорғаушы қабық), Л (таспалы сауыт), П (жалпақ сымды сауыт).
Сыртқы қабығы жоқ болса, Г (гладкий -- тықыр) әрпімен белгіленеді. Кабель маркаларында құрылысындағы басқа элементтерді көрсететін әріптер болуы мүмкін. Мысалы, кабельдің маркасы О әрпінен басталса, онда оның талсымдары ерекше қорғасынмен қапталғанын көрсетеді. Кабельдер 1000 В-қа дейінгі кернеулі және одан да жоғары кернеулі болып шығарылады.

Кабель электрлік - сырты қорғағыш қаптамамен қапталған, бір не бірнеше оқшауланған өткізгіштерден (ток өткізетін талсымдардан) тұратын өткізгіш. Кабель электр энергиясын және сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады. Кабель арналу мақсатына орай күш кабелі (электр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрлік әуе желілер
Электр желісінің құрылымдары
Қайынды газдандыру жұмыстарынан көрініс
Қосалқы станциядағы жөндеу жұмыстары
Әуелік электр тарату желілерінің монтажы
Қосалқы станцияның есептік сұлбасы
ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ СҰЛБАСЫ
Автоматты басқару жүйесі
Кабель
Абсорбциялау қондырғысын автоматтандыруда қолданылатын автоматтандыру құралдары мен бақылау приборларын монтаждау
Пәндер