Халық Банкінің кассалық бөлімінің ақпараттық жүйесін құру


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

«Инженерлі- экономикалық» факультеті

«Қолданбалы информатика» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Халық Банкінің кассалық бөлімінің ақпараттық жүйесін құру

Күндізгі оқу бөлімінің курс студенті

Мамандығы: Ақпараттық жүйелер

Ғылыми жетекшісі:

э. ғ. к., доцент Биярова А. Ө.

Дипломдық жұмыс қорғауға жіберілді:

«Қолданбалы информатика»

кафедрасының меңгерушісі

ф-м. ғ. к., доцент Заурбеков Н. С.

Алматы 2008

Мазмұны

Кіріспе . . .

1. «Халық Банкінің есептеу бөлімінің» ақпарат жүйесін тұрғызу

1. 1. Мәселенің экономикалық мәні . . .

1. 2. Ақпарат жүйесін құрудың мақсаты . . .

1. 3. Халық Банкінің есептеу бөлімінің ақпараттық жүйесі және операциялық сипаттамасы

1. 4. Халық Банк есептеу бөлімінің қалыптасу жүйесінің дамуы

1. 5. Халық Банк қызмет реттеу әдісі

1. 6. Қазақстан Республикасының өкіметі және халық банкіне қатысты талаптар

1. 7. Халық Банк есептеу бөлімін басқарудағы ақпараттық жүйені тұрғызудың концептуалдық схемасы

2. «Халық Банкінің есептеу бөлімінің ақпарат жүйесін тұрғызу және жобалау

2. 1. Халық Банк есептеу бөлімінің ақпараттық жүйесін құру мақсаты және қолдану бағыты

2. 2. АЖ-нің құрлымы және базасы

2. 3. Есептер кешенін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

2. 4. Есептер кешенін техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар

2. 5. Есептер кешенін математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар

2. 6. Есептер кешенін програмалық жабдықтауға қойылатын талаптар

2. 7. Банк ресурстарын қалыптастыру операциялары

3. «Халық Банкінің есептеу бөлімінің» операцияларын басқарудағы Ақпараттық Жүйені бағалау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар

КІРІСПЕ

ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған "ҚР Хлттық банкі" және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған "ҚР- ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР заңдарын басшылыққа алады.

Коммерциялық банктер - банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, занды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл, олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда.

Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.

ҚР-ғы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т. б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.

Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлтық банкі лицензия береді.

Дипломдық жұмыста «Халық Банкі» есептеу бөлімінің ақпараттық жүйесін қарастыруға арналған.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - клиенттің сұранысы бойынша уақыттың кез келген сәтінде қажетті қаржылық ақпаратты алуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, есептік операциялар бөлімінде ақпаратты өңдеуді автоматтандыру үшін клиенттерге қызмет көрсетудің ақпараттық жүйесін құру.

Теориядық жұмыста «Халық Банкісіне» сипаттама берілген, «Банктің есептеу бөлімінің» ақпараттық жүйесін құрудың мақсаты мен міндеті, оның құрылымына және ресурстарына қойылатын талаптар анықталған: ақпараттық, математикалық, бағдарламалық жабдықтауға қойылатын талаптар, «Халық Банкінің есептеу бөлімі» ақпараттық жүйесінің концептуалды сұлбасы құрастырылған.

1. «Халық Банкінің есептеу бөлімінің» ақпарат жүйесін тұрғызу

1. 1. Мәселенің экономикалық мәні

Қазақстан Республикасының Халық банкі - мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді білдіреді.

Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) - екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.

Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат - отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге, басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу кажеттігі ұсынылады.

ҚР Халық банкі - банктердің банкі

Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.

Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жұргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.

Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.

Халық банк - бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Халық банкте барлық, кассалық резевтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Халық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Халық банк мекемелері арқылы жүргізе асыра отырып, қажет жағдайларда Халық банктен несие ала алады. Халық банк - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық, бағалықтардан тұратын муліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.

Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі келесідей құқылық формалары кездеседі:

- мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан) ;

- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиеселі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Белгияда) ;

- орталық банктің функцияларын біртүтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі (АҚШ-та) .

АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан тұрады.

Халық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері - 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиеслі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.

2004 жылдан бастап, "Халық банкі туралы" ҚР заңына жасалған соңғы толықтырулар мен өзгерістердің кейінгі Халық банкінің басты міндеті - еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сол сияқты, Халық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі;

- мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау;

- төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;

- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамысыз ету;

- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

Халық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады:

- меншікті қаражат есебінен;

- басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;

- ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;

- арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.

Халық, банктің басқару құрылымы.

Қазақстанның Халық банкі - тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді.

Басқарма және Басқарма болып негізгі қызметтер Халық банктің басқару органына: директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.

ҚХБ-нің жоғары басқару органы табылады және басқармаға келесідей жүктеледі:

- мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;

- банк қызметтіне қатысы бар ҚХБ-нің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;

- Халық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;

- жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы шешім қабылдау;

- банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;

- алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;

- ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;

- ҚХБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау

және Президенттің бекітуіне беру;

- ҚХБ-нің жылдық балансын және табыс мен зияны туралы есебін қарау және бекіту;

- ҚХБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, ҚХБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

- банктер үшін пруденциальдық нормативтер мен басқа да міндетті нормаларды және шектерді бекіту;

- еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және бекіту;

- ҚХБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім қабылдау;

- Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;

- бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚХБ-не арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау;

Халық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Халық банктің Басқармасының құрамына:

- ҚХБ төрағасы және бес лауазымды тұлғалары,

- ҚР Президентінен бір өкіл;

- ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.

Халық банктің оперативтік басқару органы директорлар кеңесі болып табылады. Директорлар кеңесі құрамына Халық банк төрағасы, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.

Халық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:

- Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚХБ-нің төрағасын 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;

- ҚХБ төрағасының орынбасарларын да ҚХБ төрағасының ұсынуымен ҚР Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады.

- ҚХБ-нің жылдық есебін ҚР Прзеиденті бекітеді;

- Халық валютаның - теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті бекітеді;

- ҚХБ-нің ҚР Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды беріп отыруы.

Халық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Халық банк атынан жұмыс істейді. ҚХБ филиалдары мен өкілеттіліктері өз қызметтерін ҚХБ бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады.

Халық банктің функциональдық қүрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілетіліктері мен ұйымдары кіреді.

Халық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен дербес басқармалары бар:

• зерттеу және статистика департаменті;

• шетел операциялары департаменті;

• ішкі операциялар басқармасы;

• монетарлық операциялар департаменті

• сыртқы байланыстар бөлімі;

• заң қызметі департаменті;

• әкімшілік департаменті;

• қолма-қол ақшалармен жүмыс женіндегі басқарма;

• инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;

• бухгалтерлік есеп департаменті;

• есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;

• операциондық басқарма;

• төлем жүйесі басқарамсы;

• бақылау және аудит департаменті;

• персоналдармен жүмыс жасау басқармасы;

• халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;

• мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі.

Сонымен қатар, ҚХБ құрылымына мынадай дербес бөлімшелер де кіреді:

• Мемлекеттік сақтау қоймасы;

• Ресей Федерациясындағы Халық банк өкілеттігі;

• Банкноттық фабрика;

• Монета сарайы;

• Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) ;

• Қазақстан ипотекалык компаниясы;

• Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры;

• Процессинттік орталық;

• Актуарлық орталық;

• Банктік сервистік бюро;

• Халық ақпараттар технологиясы;

• Автобаза.

2004 жылдан бастап, Үкіметтің қаулысымен Халық банктің құрылымынан қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызметіне бақылау және қадағалау жөніндегі Қаржы агенттігі бөлініп шықты.

Оның құрамына: банктің қадағалау, бағалы қағаздар нарығын реттеу және сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу департаменттері кіреді.

Осындай өзгерістерге сәйкес Халық банктің атқаратын қызметтері де қысқарып, яғни тек қана классикалық қызметтер қалды.

Халық банк мынадай классикалық қызметерді атқарады:

- ақшаны эмиссялау;

- ақша-несие саясатын жүргізу;

- төлем жүйесін ұйымдастыру;

- төлем балансын құру;

- валюталық реттеу және валюталық бақылау. Халық банк мынадай операцияларды жүргізеді:

- бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке алады;

- мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

- депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады жөне сатады.

- депозиттік жөне есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға жөне басқаруға қабылдайды;

- қаржы қүралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

- қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

- чектерді жазып вексельдерді береді;

- жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады.

  1. Ақпараттық жүйесін құрудың мақсаты

Банк қызметінің табыстылығы мен бәсекелестігін жоғарылату үшін оның ақпараттануына маңызды рөл бөліну керек, бұл жағдайда банкке жаңа банк технологияларын қолдану көмектеседі, оларды мына қызмет облыстарында, қаржылық басқару, зерттеу және ары қарай нарықта кеңею, есепке алу мен есеп беруді тиімді жүргізу, клиенттермен оперативті жұмысын жоғарылытуда қолданады.

«ХБ кассалық операциялары» АЖ құрудағы негізгі мақсат болып:

- банктік АЖ дамыту және енгізу, ал халықтың ақша операцияларының жоғары тиімділігі қамтамасыз етеді.

- барлық ресурстарды тиімдігі қолдану, бұл қызметкерлердің тиімді жұмысы үшін;

- есеп айырысу жүйесін және банк клиенттеріне қызмет етуді жақсарту.

АЖ мақсатына сәйкес негізгі есеп болып:

- ақша операцияларын жүргізудегі сапасын жоғарылатуды қамтамасыз ету және мерзімін төмендету

- құжат айналымын төмендету, бұл банк қызметінің шығындарын төмендетеді.

- барлық талап комплексі табысталатын ақпаратты сенімді және қорғанысын орындау

- оперативті жиын, бақылау, өңдеу және ақпаратты беру жұмыстарын жақсарту

«ХБ кассалық операциялар» АЖ мәні персоналды компьютерлерді ақпараттың пайда болуы мен қолдану орындарына жақындастыру, ол құрылу шығындарының төмендеуіне мүмкіндік береді, ақпаратты табыстау және бақылау, кассир жұмысы автоматизирленуі болып табылады . Достық интерфейсі компьютермен жұмыс кезінде мамандардың өнімділік және еңбек сапасын жоғарылатудағы мүмкіндік береді.

  1. Халық Банкінің есептеу бөлімінің ақпараттық жүйесі және операциялық сипаттамасы

Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу-кассалық операциялар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • банктік шоттар ашу;
  • Халық немесе шетел валютасында аударым операциялары;
  • алдағы уақытта валюталалау күні қойылуға тиісті, Халық валютадағы аударым операциялары;
  • төлемнің шартын өзгерту не қайтару;
  • валюталық операцияларға бақылау жасау;
  • шоттың архивін беру;
  • шоттан қолма-қол ақша беру;
  • ұсақ ақшаларды ірілеп беру;
  • банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол шаларды инкассациялау;
  • құндылықтарды жеткізіп беру.

Отандық банктер есеп айрысу операцияларын ұйымдастырушылар болып табылады

Есеп айырысу операциялар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

Есеп айырысу субъектілеріне қарай:

  • банктік емес секторлар (шарушылық субъектілері) арасындағы банктер арқылы есеп айырысулар;
  • жеке сектор - үй шарушылықтарының банктер арқылы есеп айрысулары;
  • банктік сектор - банк аралық есеп айырысулар.

Есеп айырысу объектілеріне қарай:

  • тауарлы операциялар бойынша есеп айрысулар; бюджет жөне басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар;
  • банк ссудалары, вексельдері және басқа да міндеттемелері бойынша төлемдер.

Есеп айырысу аумағына қарай:

I . Мемлекет ішіндегі есеп айрысулар, оның ішінде: бір қаланың ішінде; қаладан тыс жерлерде, аудандарда, ауылда және т. с. с.

II. Мемлекет арасында (халықаралық) есеп айырысулар. Есеп айырысу уақытына қарай:

- сауда операциясы басталғанға дейінгі (аванстық) төлемдер;

мәміле жасалған соң, мерзімді төлемдер;

- коммерциялық несие шартында, яғни мәміле жасалған сон белгілі бір уақыттан кейнігі төлемдер;

- мерзімінен бұрын, яғни келіскен мерзімге дейін;

- ашық шот бойынша (жоспарлы), яғни тауарларды алған сайын үздіксіз төлемдер;

- мерзімі кейінге қалдырылған, ягни бастапқы белгісін мерзімін ұзарту жолымен;

- мерзімі өтіп кеткен төлемдер, яғни төлем уақыты кешіктірілген.

Есеп айырысу жүйелеріне қарай:

- пошта байланысы арқылы; телеграф-телетайп байланысы арқылы;

- телефон байланысы арқылы; электрондық байланыстар арқылы;

СВИФТ (Дүниежүзілік банкаралық телекомуникация коғамы) жүйесі арқылы

Есеп айырысу формаларына қарай:

I. Қолма-қолсыз аударымдар (банктік), оның ішінде:

- кредиттік; дебеттік;

- ашық шот арқылы;

- аккредитив;

- инкассо.

II. Қолма-қол ақшалар (банкнота жөне монеталар) арқылы;

Есеп айырысу төсіліне қарай:

- толық есеп айрысулар;

- жартьшай есеп айырысу;

Өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу (клиринг) арқылы есеп айрысулар.

Есеп айырысу құралдарына қарай:

I . Кредиттік аударымның құралдарымен есеп айырысулар, оның ішінде:

- төлем тапсырмасымен;

II. Дебеттік аударымдар құралдарымен есеп айрысулар, оның ішінде:

- төлем талап-тапсырмасы, чек, вексель,

- инкассалық өнімдер;

II. Аралас құралдар арқылы есеп айрысулар, яғни бірде дебеттік, бірде кредиттік аударымдар түрінде болатын: аккредитив, пластикалық карточкалар, банктік аударымдар және т. б.

Есеп айырысу шамасына қарай: ірі төлемдер; ұсақ төлемдер;

Есеп айырысу кезектілігіне қарай:

1) жалақы, бюджет, сақтандыру жөне т. с. с. төлемдер;

2) материалдық қүныдылықтар үшін төлемдер;

3) ссудалар үшін төлемдер;

4) сот шешімі айырысулар бойынша төлем құжаттарымен есеп.

Банктік шотты ашуды ұйымдастыру тәртібі

Есеп айырысу-кассалық операциялар негізінен клиенггердің банктердегі ашқан ағымдық және басқа да шоттары арқылы жүзеге асады.

Қазіргі кездегі екінші деңгейдегі банктерде шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы "Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы" ҚР заңына жөне 2000 жылғы 2 маусымдағы Халық банк Басқармасының N 266 бектілген "Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы" нұсқаулықта көзделген. Осы нұсқаулыққа сай банктерде ашылатын шоттар мынадай түрлерге бөлінеді: ағымдағы, жинақ және корреспонденттік.

Жоғарыдағы ережеге сәйкес, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерді шот ашу мынадай құжаттар талап етіледі:

Резидент-заңды тұлғалар үшін::

Жарғысының көшірмесі (нотариалды куәландырылған) ;

• Статистикалык. карточка;

• Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

• СТТН көшірмесі;

• Филиалдар мен өкілеттік үшін, резидент-заңды тұлғаның басшыларына берілген сенім-хаттьң көшірмесі;

• Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін ҚР Қаржы Министрлігінен рұқсат қағаз;

• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған, 3 дана) ;

• Қол қоюшы тұлғаларға арналған бұйрықтың көшірмесі мен олардың төл қүжаттары мен СТТН;

• Банктік шот ашу туралы өтініш;

• Банктік шот туралы келісім-шарт.

II. Бейрезидент-заңды тұлғалар үшін:

Мемлекеттік немесе орыс тілінде дайындалған, Филиал немесе өкілеттік туралы ереженің көшірмесі (нотариадцы куөландырылған) ;

• Статистикалық карточка;

• Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

• СТТН көшірмесі;

• Филиалдар мен өкілеттік үшін, бейрезидент-заңды тұлғаның олардың басшыларына берілген сенім-хаттың кешірмесі;

• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куөландырылған) 3 дана;

• Жеке куәлігі (көшірмесі) ;

• Банктік шот ашу туралы өтініш;

• Банктік шот туралы келісім-шарт.

///. Шаруа (фермер) шаруашылыгы:

• Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

• СТТН көшірмесі;

• Жерді пайдалануға жер бөлімшесін беру туралы құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған) ;

• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;

• Жеке куәлігі (көшірмесі) ;

• Банктік шот ашу туралы өтініш;

• Банктік шот туралы келісім-шарт.

IV. Жеке кәсіпкерлер үшін:

• Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

• СТТН көшірмесі;

• Қол қою және мәр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;

• Жеке куәлігі (көшірмесі) ;

• Банктік шот ашу туралы өтініш;

• Банктік шот туралы келісім-шарт.

V. Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілеттіктер үшін:

• ҚР Сыртқы істер министрлігінен берілген, оның аккредитациясын растайтын құжаттың көшірмесі;

• Қол қою және мер басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3 дана;

• Жеке куөлігі (көшірмесі) ;

• Банктік шот ашу туралы өтініш; )

• Банктік шот туралы келісім-шарт.

VI. Жеке тұлғалар үшін:

Жеке куәлігі (көшірмесі) ;

• СТТН көшірмесі;

• Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка нотариалды куәландырылған) 3 дана;

• Банктік шот ашу туралы өтініш;

• Банктік шот туралы келісім-шарт.

1. 4. Халық Банк есептеу бөлімінің қалыптасу жүйесінің дамуы

1922 жыл - РФСР Комиссарлар Халық Кеңесінің 1922 жылдың 26 желтоқсаны « Мемлекеттік жинақтаушы касса мекемелері туралы қаулысы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚ «Халық банк» тарихы
Банк саласындағы мемлекеттік басқару, оны жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы
Коммерциялық банктер – коммерциямен айналысатын ерекше кәсіпорын
Коммерциялық банктердің қызметін талдау
Коммерциялық банктің валюталық операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерінің қолма-қолсыз есеп айырысу операциясы
Қазақстан Республикасының банк жүйесі: мәселелері және ХХІ ғасырдағы келешегі.
Өндірістік іс-тәжірибе туралы есеп
Халық банкінің үжымына 80 жылдық мерейтойына орай тарихи материалдар
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz