Ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсету әдісі



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы:

Ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсету әдісі

Қорғауға жіберіледі Омарова А.С

Орыс филологиясының ішкі оқу бөлімінің
кафедра меңгерушісі 4 курс студенті
филология ғылымының докторы Кітапханатану

және библиография С.Ж. Баяндина ---------
-
мамандығы
050418

Ғылыми жетекшісі:
------ ----------
2009 жыл аға оқытушы

Ахметова О.Б.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Библиографиялық ақпараттың
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1. Библиографиялық ақпараттың функцияларының
анықтамасы ... ... ... ... ..8
1.2. Ғылыми ұғым ретінде библиографиялық
ақпарат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

2. Ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсету
әдісі ... ... ... ... ... ... .15
2.1. Ақпараттық – библиографиялық қызметтің қызметтің
түрлері ... ... ... ...16
2.2. Ұсыныстық библиографиялық қызметтің
әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...24
2.3. Кітапханада оқырмандарға библиографиялық білім берудің
әдісі ... ... ..30

3. Жаңашыл техналогияларды көпшілікке
тарату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 42
3.1. Ақпараттық технология саласындағы инновациялық
қызмет ... ... ... ... ..43
3.2. Иновациялардың жүзеге асыратындағы кітапханалардың ақпараттық

қызметі,функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .50

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56

Қосымша: Филология факультетінің ғалымдары.Слайд – шоу ... ... ... ..57

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Кітапхана ғасырдан ғасырға адамзат тарихының
керуенін сүріндірмей әкеле жатқан шырағы биік парасаттылық пен
білімділіктің киелі ордасы. Қазіргі таңда кітапханаларда алға талпыну
өзгерістері болып жатыр. Заман ағымына қарай, білім талабына сай
оқырмандардың да сұранысы өзгеруде.
Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани
байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын
қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алар орны ерекше.
Болашақ Қазақстанның азаматтарын тәрбиелеудің міндеттері, қоғамның
адамгершілік ахуалы бүгінгі мұғалімдер, профессорлар, оқытушылар,
кітапханашылар, мәдениет қызметкерлері қауымын рухани даму жолында үздіксіз
еңбек етуге үндейді. Елбасы өз Жолдауында көрсеткендей әрбір азамат осы
кезге дейін аталар қалдырып кеткен мұраны, еліміздегі барлық құндылықтарды,
байлықтарды талмай меңгеруі керек.
XXI ғасырда кітапхананы ақпараттық мекеме ретінде қарай отырып, оның
дамуын жаңа автоматтандырылған технологияларды пайдалануымен байланысты
екенін көреміз. Компьютерлер мен Интернет ұсынатын жаңа ақпараттық
технологиялар, электронды құжаттар ақпараттық құралдарды, уақыт пен
кеңістік өлшемінсіз шексіз кең пайдалануына әкеледі.
Мәселені құрастыру дәрежесі: Зерттеудің мақсаты ол – кітапхана
қызметінде ақпараттық библиографиялық қызметке талдау жасау. Ақпаратты
зерделеу үшін әр түрлі жалпы ғылыми және зерттеудің арнаулы әдістері
қолданылады: байқау, эксперимент, фокус, сұрастыру, біліктілік пен
форфологиялық талдаулар және басқалары. Ақпаратты зерттеуге бірінші төрт
әдістері әдебиетте қаралды оның кейінгі екеуінге тоқталайық.
Классификациялық талдау жетекші әдісті пайдалану үшін, ақпарат
қызметінде көп аспекті құрады, ал көп өлшемді инновация классификациясы
зерттеу құралын қарайды. Ақпаратты талдау үшін өзгешеліктің жүрісі мен
нәтижесін ақпарат қызметі арқылы іске асыруға болады, онда ақпарат
классификациясының әр түрлі құбылыстары қаралады, ол негізге алынады да
морфологиялық әдіске айналады.
Морфологиялық әдіс нарық жаңалығын зерделеу үшін пайдалануға болады
және кітапхананың ақпарат беделдігін бағалайды. Ол негізгі үш міндетті
шешу үшін құрылған: тәсілін анықтау, толық торын анықтау, барлық тәсілдерін
іздеу (әдісі, пайда болуы) бұл құбылыстың барлық шешімдерінің түйінді
мәселелері.
Объектісы:
- кітапхана объектісіндегі негізгі өзгеруін анықтау.
- Ақпараттық – билиографиялық қызметке кедергі жасаушыны анықтау.
- Ақпарат нәтижесі факторына әсер ететінді анықтау.
- Кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бағытын анықтау.
Пәндік. Әдістемелік жұмыста, ақпараттық – библиографиялық қызметте
маңызды орынды, кітапхана беделі, инновация орталығымен тығыз байланысып,
сапалы ғылыми деңгей қызметіне жетеді.
Дипломдық жұмыстың алға қойып отырған мақсаты – қажетті ақпараттарды
іздеуде көмек көрсету және ақпарат алуды бірнеше операциялар арқылы жүзеге
асыру. Дипломдық жұмысыма Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әсмбебап-
ғылыми кітапханасының жаңа ақпараттық технологиясы негізінде иннвациялық
қызметтің дамуы қарастырылады.
Дипломдық жұмысымда кітапханада ақпараттық библиографиялық қызмет
көрсету әдісі, ғылыми ұйымдастырылуы, инновациялық процесті басқару жұмысы
жазылады. Кітапханада шығарылған мәліметтер қоры мен ресурстарын
пайдаланушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында жүргізуімен қатар
перспективалық міндеттерді жүзеге асыру, кітапхананың оқырмандарға жылдам,
толық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін қазіргі кезеңдегі жаңа сапалы
орталыққа айналуына септігін тигізеді.
Кітапхана жұмысында жаңа технологияны қолдану – кітапхана қызметінің
сапасын арттырып, оқырмандар санын толықтырып, мәдени деңгейінің
көтерілуіне тиімді әсер етеді.
Ғылыми жаңалықтар. Қазіргі кезеңде кітапхана ақпараттық ресурстары,
ынталы шығармашылық кадрлық мүмкіндігі бар, мәдени бос уақытты пайдалы
өткізетін, білім беретін орталық болып саналады. Қайсы кітапханада болсын
автоматтандыру жобасын жүзеге асырудағы ең маңызды кезең базалық
бағдарламаны пайдалануды қамтамасыз етуді таңдай білу.
Кітапхана ісінде компьютерлік технологияларды кең ауқымды пайдалануды
оқырмандар мен кітапхананың басқа пайдаланушыларының ақпаратқа деген
сұранымын қанағаттандыруға негізделген. Еліміздегі болып жатқан жаңалықтар
мен өзгерістер, білім мен мәдениеттегі болып жатқан жаңа мемлекеттік
тапсырмаларды іске асырудағы шешуші қадамдар ең алдымен кітапханашыға келіп
тіреледі. Жаңа ақпараттық технологияға көшу, басқарудың экономикалық
амалдарын қолдану, оған еңбек ұжымының қатыстырылуы кітапхана
жұмысшыларының жаңа жоғарғы кәсіби деңгейін және жалпы мәдениет пен қарым-
қатынас мәдениетін игерген жаңа түрін қалыптастыруды талап етеді.
Тәжірибе маңыздылығы: Дипломдық жұмыс Ақпараттық – библиографиялық
қызмет көрсету әдісі тақырыбын қамтиды. Тақырыптың өзектілігі кітапханада
иннвациялық қызметтің даму үрдісін қалыптастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Автоматтандыру процесінде мәліметтер базасы меп электронды каталог
арқылы оқырмандарға қызмет көрсету, оқырмандар сұранымын зерттеу негізінде
толықтырылған компакт дискілер, толық тексті мәліметтер базасын ұсыну,
Интернет жүйесін пайдалану қызметтері жатады.

1. Библиографиялық ақпараттың құрылымы

Библиографиялық ақпараттың негізгі қоғамдық элементтері ретінде
көрінеді.
Бұл құрылымның генетикалық және логикалық тұрғыға негізделген графикалық
көріністегі екі тәсілін қарастырайық.
Функционалды – генетикалық құрылымы. Бибилографиялық ақпарттың негізгі
қоғамдық функцияларының тізбектілігі – зерттеулік, коммуникативтік,
бағалаулық жайдан – жай емес. Ол қарапайымнан барынша күрделіге,
генетикалық бастапқыдан туындыға ауысуын бейнелейді. Бұл, жекелей алғанда,
зерттеу қызметі генетикалық салыстырмалы тәуелсіздікке ие екендігімен
көрінеді. Ол тек зерттеу мақсаты ғана шешетін арнаулы құралдармен жүзеге
аса алады және өзіне коммуникативтік пен бағалау компоненттерін
жинақтамайды. Зерттеулер қызметі өзінің соңғы күйінде нақтылы құжаттар
қорының базасында барлық уақытта жүзеге асады. Бибилографиялық ақпараттың
белгілі бір зерттеу деңгейінде,яғни керек құжат табылғанда және оқырманның
қолына тиген уақытта аяқталады.
Генетикалық құжаттарда екінші ретіндегі коммуникативтік қызмет өзіне
зерттеу мүмкіндігін қоса алады. Коммуникативті қызметті жүзеге асырудағы
нақтылы құралдар барлық уақытта да зерттеу мақсатына пайдаланылады. Сонымен
қатар, құжаттың тұрған орнымен емес,оның құжаттары формадағы құрылымның
даму мен ілімнің мазмұндылығын істес болуы керек,коммуникативті қызмет енді
әлдеқандай бір қормен міндетті байланысты қажет етпейді. Оған қосымша, сол
қордан табылатын құжаттар белгілі бір ортаның шектеуінсіз толығырақ жүзеге
асады.
Және ақыр аяғында, бақылау қызметінің жүзеге асыру құралы зерттеу мен
коммуникативті функционалды мүмкіндіктерді өзіне қосып алады. Бұл
дегеніміз, тек бағалаушылық және өзіне қандай да бір зерттеулік және
коммуникативтік бастама артпасын, мұндай библиографиялық құрал жасауға
болмайды.
Мұндайлардың бар болуы олардың көзқарасынша, таза ұсыныс түріндегі құрал
жасамақ болған құрастырушылардың еркіне қатысты емес, жасырынып
библиографиялық ақпараттың генетикалық құрылымының схемасы жатқан
зерттеулік пен коммуникативтік моменттер туралы олар ойланбай қалуы және
құрал жасау үрдісінде олар есепке алмай кетуі мүмкін. Сонымен қатар бұл
моменттерді ашып көрсету мен жазып қоюдан басқа емес. Кітапхана жағдайында
бұл жазып қоюлар, мысалы, ұсынылатын көрсеткіштердің ақ шетінде шифрларды
түсіру арқылы түпкілікті жасауға болады.
Нақтылы библиографиялық үрдістете әрбір қоғамдық қызметтер келісінсіз
көрініп қалуы, бірақ алғашқысысының мүмкіндіктерін өзіне қоспауға мүмкін
еместігіне байланысты жалпы заңдылық пайда болады. Сондықтан да
библиографиялық ақпараттың функционалды – генеткалық құрылымын графикалық
түрде көрсетуге болады.
Мұнда әрбір қызметтің шеңбері, біріншіден, шартты түрде дербестігі,
екіншіден, өзінің генетикалық өткенді сақтайтыны және үшіншіден, өзінен
тыс қатынасы мен генетикалық туындының байланысты жағдайы көрнекі көрініс
тапқан.
Бір қызметтен екіншісіне ауысу, бір полюстен екіншісіне жылжу
библиографиялық ақпараттың екі жақтылық қасиеті бар екенін айқындайды, кері
байланыс ретімен формасы мен мазмұнының ерекшеліктерін барынша
дифференциалды есепке алады, құжаттың нақтылы ақпарттың бағалылығын керек
ететін тұтынушы жөнінде барынша дифференциалды көрсетулер жасалады. Бұл
ауысым коммуникативтік пен бағалау қызметтерінің ақпарат тұтынушыларға
арналады. Бірақ, сонымен қатар, зерттеу мен коммуникативтік қызметтерді сол
не басқа топтарының спецификалық ерекшеліктерін есепке алмай – ақ құжаттың
формалды жне мазмұнды белгілерін қамтып көрсетеді. Құжатты зерттеу міндеті
мен оны жария ету кез келген тұтынушыға бірдей мәселе болады және тек
құжатқа ғана қатысты шешіледі. Бағалау қызметі, керісінше, тұтынушыларға
бағытталады және жеке – даралық мінездемелері органикалық байланыста ғана
мәнді болады.
Генетикалық құрылым барынша жалпы және қарапайым формада библиографиялық
ақпараттың қоғамдық қызметтерінің іс жүзіндегі тарихи даму процесінің ішкі
логикасын ашады, ежелгі кітап қоймаларының қарапайым зерттеу құралдары
(каталогтар), одан соң коммуникативтік міндеттегі библиографиялық
ақпараттың толық қамтыған (тіркеудегі) формалары және ең соңында, ақпарат
тұтынушыларының белсенді мақсатында бағытталған библиографиялық әсер
(идеологиялық, трбиелік, ағарту саласындағы, ғылыми – қосалқылық) міндетін
шешуді бағалау қызметтерінің жүзеге асыратын р түрлі құралдар.
Бибилиографиялық ақпараттың тіршілік етуінің барлық толық түсіндірме
(есептік – тіркемеліктегі) үлгілері оның нақтылы – тарихи даму мен
зерттеудегі жне коммуникативті бастауларының жетілу нәтижесінен
жинақталған. Осы негізде библиографияның академиялық кітап зерттеу
концепциясы құралған.
Библиографиялық ақпараттың бағалау қызметтерін жүзеге асыру құралындағы
қажеттіліктің толық – түсіндірме көрінісі библиографиялық мәні мен
міндеттері толық аяқталған сипат жағдайында тарихи тұрғыдан анық көрінеді.
Көзқарас жағынан бұл дәстүрлі көріністерді бағалау функцияларын жүзеге
асыруда жаңа болатыны табиғи нәрсе,алайда олар берік бекінген
библиографтялық түсініктерге қарсылық білдіретін библиографияға жат секілді
қабылданады.
Библиографиялық ақпараттың генетикалық құрылымын бағалау қызметі аяқтай
келе, сонымен бірге өзі қызмет ететін ғылыми және іс – тәжірибелік бар
салалармен органикалық қосылысқа түсіреді.Нәтижесінде библиография мен оның
қызмет көрсететін сферасының арасы бұлдыр, анық емес. Міне, сондықтан да
библиографиялық ақпарат (қызметі де) басталатынын анықтау қиын. Генетикалық
құрылым теория жағынан мұндай қиындықтар дәл сол бағалаумен ғана байланысты
да, библиографиялық ақпараттың зерттеу немесе коммуникативті функцияларында
болмайтынын көрсетеді (жне бұл шындыққа келеді).
Функционалды – логикалық құрылым. Генетикалық құрылым библиографиялық
ақпараттың барынша жалпы ішкі даму заңдылықтары мен қызметін аша отырып,
сонымен қатар библиографиялық құбылыстардың барлық р түрлі функцияналдық
мүмкіндіктерімен қабыса байланысқан мәнді – функционалдық әр алуан шындығын
көрсете алмайды. Бұл әр алуандық барынша жинақталған көрініс құралымен
нақтылы библиографиялық обьектілердегі негізгі қоғамдық қызметтерден барлық
логикалық мүмкін үйлесім таба отырып, функционалдық – логикалық құрылым
қызмет етеді.[1,4-6 б.]
1.1. Библиографиялық ақпараттың функцияларының анықтамасы

Арнаулы баспасөзде библиографиялық ақпарат теориясыеың функционалды
аспектілеріне көп мән беріліп жүр. Көптеген авторлардың еңбектерінде
библиографияға қатысты қызмет және әлеуметтік қызмет ұғымдарының
мазмұнына көп назар аударылды.
Әлеуметтік қызмет аясында оның іс - тәжірибелік қызметін ұйымдастыратын
әлеуметтік жүйенің қоғамдық қызметін нақты ұйымдастырады; мақсат – жүйенің
ең соңғы қалпының моделі,қызмет– оған жетудің әдісі.
Осы және басқа да аналогиялық анықтамалардың мәні негізінде
бибилографиялық ақпараттың тәжірибелік тұрғыдан жүзеге асуының әдісі
дегенге келіп саяды.
Сонымен бірге библиографиялық ақпараттың функционалдық қызметі мен оның
негізгі функционалдық қызметіне жатпайтын мүмкіндігінің арасындағы
айырмашылықтарды да ажырата білуі керек.
Библиографиялық ақпарат құжаттың коммуникативтік жүйесіндегі
кедергілерді жең үшін, былайша айтқанда, тұтынушыға оның қажетсінушілігіне
қажетті құжаттарды жеткізу үшін қажет.
Алайда бұл пікірмен жұрттың бәрі келесе бермейді. Көп жылдардан бері
кеңістік библиогафиятануда жоғарыда аталған бибилографиялық ақпараттың
делдалдық қызметі, қызметі жағынан қосымша міндет атқаратындығы
(екіншілігі) мен оның туелсіздігі (біріншілігі) жайлы концепция өзара
бәсекеге түсіп келеді. Генетикалық жағынан екінші концепция өзінің төркінін
құжаттық массвтерді библиографиялық зерттеуден,қоғамдағы құжаттық (тек
құжаттық қана емес) процестерді өндіру мен қызметке қосудың негізінде пайда
болған библиографияның кітаптану ретіндегі жалпы жіктеуінен алады.
Библиографиялық ақпаратты библиографиялық емес мақсатта пайдаланылатын
бұл концепцияның жалпылама, тұрпайылау тұрғыдағы мәні библиографиялық
ақпараттың бастысы функционалдық табиғатынан келіп шығады.[2,13-17 б.]
Библиографиялық ақпараттың әр түрлі контекстер мен байланыстарға қатысты
міндеттері әдебиеттерді талдау мен мамандарға сұраныс жүргізгенде
көрінгендей: идеологиялық, ағартушылық, мәдени – ағартушылық, ұсыныстық,
оқулық, жариялылық, педагогтық, ағартушылық, оқырманның санасын оятушылық,
әлеуметтік, ақпараттық ортаны қалыптастырушылық, ақпаратқа құмарлылықты
тәрбиелеушілік, ғылымдық, ақпараттық, анықтамалық,
бірегейлеушілік,эвикалық, көздерді табушылық, кулятивтік, тарихи –
мәденилік, тарихтанушылық, ұйымдастыру – басқарушылық, металогиялық, есепке
алушылық, қорытындылаушылық, модельдеушілік, эстетикалық, емдеушілік.
Жүйелеуді қажет етпейтін бұл тізімді еркімізге қарай қанша соза берсек
те болады.
Бұл концепцияның өзіне ғана тән қасиеті мынада, мәселен, ой – пікір
түюде: роман секілді оқуға болатын жне құжаттар ретінде ұсынылған
құралдарға не солардың орындағыларға тәуелсіз танымдық, оқу, тәрбиелік,
көңіл көтерушілік және басқа да мақсаттар үшін тікелей пайдаланатын алғашқы
библиографиялық ақпарттан құралған библиографиялық құрал тақырыбындағы
кітаптың бара не жоғы соншалықты маңызды емес. Идеяны насихаттау
функциясын орындайтын, яғни оның мән – маңызын баяндайтын библиографиялық
ақпарат сол тақырыптағы кітапты ауыстыра алады.
Екі концепцияның да қолданылуға құқылы екені күмәнсіз. Олардың
арасындағы қарым – қатынас әзірге толық анықталмаған.Тұтастай алғанда,
қазіргі теориялық библиографиялық ғылымда бұл - барынша талас тудыратын
мәселе. Оны тереңдей зерттеу және түпкілікті шешу келешектің ісі.
Негізгі құжатты – библиографиялық қажеттілік белгілі болып отырған
кезде, библиографиялық ақпараттың негізгі қоғамдық функцияларының не екенін
анықтау қиын емес.
Құжат - тұтынушы жүйесіндегі негізгі құжатты – библиографиялық
қажеттілікке жауап ретінде шартты түрде белгіленген формалды, мазмұн және
бағалық секілді сәйкестіліктің үш типі пайда болады.
Сәйкестіліктің алғашқы типін библиографиялық жүзеге асыру
библиографиялық ізденіс міндетін шешуге әкеледі. Сонымен, библиографиялық
ізденістің екі неізгі кезеңін ажырата білу қажет: алдын ала және соңғы.
Алғашқы кезеңде дәлмедал библиогафиялық баяндау.
Дау арқылы құжаттарды библиографиялық құжаттарды идентификациялау
жүреді. Екіншісінде құжаттың дәлме - дәл тұрағы анықталады, әдетте бұл
кітапхана қорындағы сақталу шифрі арқылы жүзеге асады. Нақтылы ізденіс
кезеңінде бұл екі кезеңнің басы бірігіп кетуі де ықтимал.
Библиографиялық ізденістің ақырғы ерекше бір түрі құрама басылымдарға
(мысалы, шығармалар жинағындағы) жекелеген шығармаларды табу, сонымен қатар
тектес фрагменттерінің тұрған орнын анақтау болып табылады (тарауда,
парагрофта, жекелеген пікірлерде).[3,14 -16 б.]
Мұндай ізденістердің негізгі бастаулары басылымға көрсеткіштік қызмет
атқарады. (шығарма атының алфавит көрсеткіші, заттық, аталуы, географиялық
және басқа да). Ақырғы библиографиялық ізденіс әр уақытта құжаттардың
белгілі бір қоры негізінде немесе нақтылы құжаттың деңгейінде жүзеге асады.
Сәйкестіліктің екінші типін библиографиялық орындау барысында
тұтынушыларға жеткізу арқылы солай не басқаша ұйымдастырылған (мысалы,
жүйеленген) өткендегі, қазіргі жне болашақтағы мәліметтер тіркелген құжатты
ақпараттар ағынын хабарлау арқылы жүзеге асады.
Библиографиялық үшінші сәйкестіліктің барынша күрделі типін іскер
библиогрофтың араласуымен құжатты ақпаратты пайдалану процесі нәтижесінде
өтеді. Бұл терең мақсатты таңдау, мінездеме жасау және т.б арқылы
орындалады,яғни дайындықтың деңгейінде және тұтынушылардың белгілі бір
тобының қажеттілігіне сәйкес, сонымен қатар ақпараттық әсер етудің күні
бұрын жоспарланған мақсатындағы құжаттарын ғана ұсына алады. Сондықтан бұл
жағдайда құжаттарды бағалау спецификалық мақсатпен және библиографиялық
ақпартқа оқырманның талап қоя қарауынан туындайтын барынша әр түрлі
критерийлерімен жүзеге асады.
Библиографиялық ақпараттың алынаған барынша жалпы шектелген мақсаттарын
терминалогиялық түрде зерттеу, коммуникация (жария ету), баға (ұсыныс)
ретінде белгілемейміз.
Осыған сәйкес бибилографиялық ақпарттың негізгі коғмдық функциялары –
бұл:
А – Зерттеу В – Коммуникативті С – Бағалау
Функционалды тәуелділігі: Құжатты – библиографиялық қажеттіліктер
сәйкестілігі өзінің негізгі мағынасы деңгейіндегі библиографиялық ақпарттың
функцияларын схема арқылы көрсетуге болады. Бибилографиялық ақпарттың
негізгі қоғамдық функциялары ұғымының ғылыми маңызы. Библиографиялық
ақпараттың айтылған жалпы теориясының бастыпқы қалпын ең алдымен
библиография ғылымының методолггиялық және гносеолгиялық мүдделігі
позициясында қарау қажет, өйткені теориялық қалып, ғылыми абстракция
тікелей утилитарлы қолданысқа арналмаған, олар ең алдымен ғылымның өзінің
аясында пайдалылық функцияларына ие болады. Сонымен қатар кез келген
теориялық құрылымның ақыр соңында қоғамдық іс – тәжірибе іс жүзінде
ақиқаттылығы ғана тексеріліп қоймайды, сонымен қатар оған әсер етеді де,
оны жетілдіру мақсатында пайдаланатыны даусыз.Соның арқасында кейбір
библиографтардың ортасында күні бүгінге дейін библиография іс –
тәжірбиелік, мұнда ешқандай да жоғары теория болуы мүмкін емес деген
пікір бар. Бұл барынша қателесу.
Библиография ісін жүргізу саласындағы теориялық зерттеулердің даму
жолына бір жақты практицизм методологиясы кедергі болып келді және бола
береді де.
Библиографиялық ақпарттың негізгі қоғамдық функцияларының қабылданған
теориялық түсінігі бибилография ісін жүргізуге жне басқа да салаларда
кеңінен тараған бибилографияны қоғамдық құбылыс деп қараған әр түрлі
шектелген көзқарастарды жеңу үшін қажетті негізден тұрады (мысалы,
кітапхана ісін жүргізуде, кітап ісін жүргізуде, ақпартта). Осы секілді
кейбір көзқарастар жоғарыда айтылып өтті.
Библиографиялық ақпарттың негізгі функцияларының ара жіктерін ашу
(зерттеу, коммуникативтілік, бағалау) қоғамды библиографиялық қамтамасыз
ету негізінде жатқан принциптердің бір текті емес екенін, сондықтан да
мысалы, бар жне кез келген библиографиялық ақпараттағы бағалы табиғат
концепциясының шектелгендігін дл емес екендігін түсінуге келеді. Іс
жүзінде, құжатты бағалай қарау бибилографиялық ақпараттың тек бір негігі
қоғамдық қызметін бағалау екенін білдіреді.[4,18 -20 б.]
Библиографиялық ақпарттың зерттеу және коммуникативті функцияларының
бағалаудан айырмашылығы құжаттарды формалды және мазмұнды ретке келтірумен
байланысты. Библиографиялық ақпараттың зерттеу мен коммуникативті
функцияларының формалды – логикалық табиғаты сәйкес библиографиялық
үдерістерді толық автоматтандырудың принципі мүмкіндіктерін
қарастырады.Біздің көз алдымызда Бұл мүмкіндіктер өзінің өсе түскен
масштабымен, әсіресе ғылыми – ақпарттық қызметте, сонымен қатар, күнделікті
мемлекеттік бибилография саласында өмірге еніп жатыр.
Жекелей, таза күйіндегі, яғни абстракты алынған негізгі қоғамдық
қызметтер ерекше қоғамдық ретінде оның тұрақтылығын көрсететін барынша
жалпы үлгіде қызмет етеді.Бұл дегеніміз, библиографиялық ақпарат басынан
қандай бір өзгертулерді өткізбесін, тәжірибелік іске асыру әдістері әр
түрлі жағдайларда спецификалық нақтылық – тарихи бекітілген үлгілері
жаңалана ,өзгеріске түсіп жатса да, модификацияланса да өзінің қоғамдық
функцияларын орындап келді,орындап та отыр, орындайды да.

1.2. Ғылыми ұғым ретіндегі библиографиялық ақпарат.

Библиографиялық ақпарат термині алғашқыда библиографиялық жұмыстың
нақтылы үлгісін белгілеу үшін пайдаланады:бар немесе жаңадан түскен
әдебиеттерді жазбаша немесе ауызша жария ету.Жалпы бибилографиялық ұғым
ретінде оны тану көп кейін іске асты.
Бүгінгі таңда толық және дәл анықтамаларды формулдау үшін барлық
қажеттіліктер құрамынан табылатын теориялық материалдар баяндалған.
Бибилографиялық ақпарат – бұл ереже секілді,құжатты коммуникация жүйесінде
зерттеу,кооммуникативті, бағалау секілді негізгі қоғамдық функцияларды
орындайтын құжаттар жөніндегі белгілі бір дәрежедегі біріккен ақпарат және
қоғам мүшелерінің құжатты қажеттіліктерін қанағаттандыратын және
қалыптастыратын түпкі мақсаты бар.
Бұл анықтаманың бір кемшілігі бар. Бұл таныс емес ұғымдар негізінде
құрылғандықтан маман еместер үшін өте күрделі болып көрінуі мүмкін.
Бұл анықтамадан, қатал ғылыми түрде болмаса да, барлығына түсінікті
формада бибилографиялық ақпарттардың негізгі қоғамдық қызметтерінің ұғымы
негізінде құрылғанын байқау қиын емес.
Библиографиялық ақпарат ұғымының теориялық маңызы бибилографиялық
қызметтің жалпы теориясының бастапқы түрдегі категориясымен шектелмейді.
Қоғамдық құбылыс ретінде тұтастылық пен бибилография шекарасын алғашқы
түсіну сонымен қамтамасыз етіледі. Іс жүзінде жекелеген және онда
терминалогиялық жиі жасырынған адамзат іс - әрекетінің әр түрлі, кейде бір
– бірімен өте алыс саласына кіретін библиографияның пайда болған р
алуандылығын бір жүйеге біріктіру мүмкіндігі құрылады.[5,20 – 21 б.]
Библиографиятанушылар бибилографиялық ақпарттардың жалпы теорияларының
фундаменталды мәселелерінің үнемі қарастырып, талқылап отырады, соның
ішінде атап айтқанда: бибилографиялық ақпарат ақпарттардың ішіндегі қай
түріне жатады,оның спецификалық сапасы қандай, құжаттағы коммуникация
жүйесінде орны мен рөлі қандай, библиогафиялық ақпарттардың қызметі деген
не,оның құрамы мен иерархиясы қандай, оны теориялық түсіну мен практика
жүзінде іске асыру жолдары мен құралдары қандай деген мәселелер.
Басқалары жоғарыда әрқалай қаралғандықтан алғашқы екі проблемаға
тоқталайық.
Библиографиялық ақпарат ерекше бір түр ретінде екінші қайталанатын
құжатты ақпарттар құрамына тікелей енеді, яғни алғашқы құжаттар аналитика
– синтетикалық өңдеулердің нәтижесінде жасалған ақпараттар.
Екінші қайталанған – құжатты ақпараттар графиялық ақпараттар
библиографиялық еместен бөлінетін негіздегі ерекше белгі – библиографиялық
ақпараттар құжаттар мен тұтынушылар арасындағы әсер ететін жүзеге асырудың
сәйкестілігімен, тұтынушыны алғашқы құжатқа көңіл аударумен,ал
библиографиялық емес болса алғашқы құжатқа көңіл аударуды
ауыстыратындығымен қортындылады. Соңғысы бибилографиялық ақпараттардың
қайнар көзін функционалды жанама, жалғаспалы, бибилографиялық емес
пайдаланулардан басты мазмұн құрады.
Соңғы дискуссия барысында бибилографиялық ақпараттырн спецификалық
сапасы жөніндегі мәселеге барынша көңіл бөлінді.
Егер библиографиялық ақпараттар жөніндегі жоғарыда айтылғандардың брін
жинақтасақ, библиографиялық ақпарат келесі негізгі сапалары бойында бар
екінші қайталанған – құжатты ақпараттардың өзге түрі екенін білуге болады:
1. Библиографиялық ақпарат ерекше библиографиялық мәнде екінші. Сырттай
(библиографиялық жазбаларда) бұл қасиет құжаттарға қатысты ғана екіншілік
орын алып тұрған секілді,алайда іс жүзінде библиографиялық екіншілік ең
алдымен құжаттар арасындағы сәйкестілікке (бибилографиялық қызметтің
тікелей обьектісі) және ақпаратты тұтынушылар қатарына (бибилографиялық
қызметтің екінші обьекті және соңғы мақсаты).
Библиографиялық мақсаттың екіншілігі бұл ақпарттың тұтынушыға
керектігінде емес, тек алғашқы құжатты зерттеудің құралы ретінде, оның
мазмұны мен формасы, саны мен сапасын алдын ала анықтайтын құрал ретінде
ғана керек.
Дәл осы екіншілікте библиографиялық ақпараттың қалыпты түрдегі
спецификасы екінші қайталанған – құжатты ақпарат ретіне және құжатты
коммуникацияның бар жүйесіндегі басты мақсатқа жетуге айрықша құралы ретіне
құжаттар мен ақпараттарды тұтынушылар арасындағы сәйкестілікті жүзеге
асыруға байланысты.
2. Библиографиялық ақпараттардың жекелеген библиографиялық хабарламалар
(ең бастысы бибилографиялық жазбалар формасы), оның қайда тұрғанына
қатыссыз, құжаттарды идентификациялауды қамтамасыз етеді.
Құжатты коммуникацияның жүйесіндегі мұндай сапаны тек бибилографиялық
ақпарат қана иелік жасайды ол библиографиялық ақпараттың бірінші негізгі
қоғамдық қызметін практикалық жүзеге асыру мүмкіндігін зерттеуді қамтамасыз
етеді.
3. Библиографиялық құрал формасында (құралдар жүйесінде) қызмет ететін
библиографиялық ақпараттар кез – келген құжатты массивтер мен ағымдардағы
формалды және мазмұнды құрылымдарда бейнелеуінің интегралды сапасы бойына
жинақтайды.
4. Бұл сапа библиографиялық ақпараттың екінші қоғамдық қызметін –
коммуникативті жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Библиографиялық ақпаратқа комплекстік ақпараттық мазмұн тән, ол тек
библиографиялық қана емес, сонымен қатар қажетке қарай алғашқы ғылыми,
публистикалық, көркем және басқа да ақпараттардың комплекстілік
бибилографиялық ақпаратқа өзінің үшінші негізгі қоғамдық қызметі –
бағалауды жемісті орындайды.

Міне, осы сапа библиографиялық пен бибилографиялық еместің арасына
байқалмайтын дерлік шек жасайды және әр уақытта да шешімі қиын таласты
мәселелерді тудырып келді,тудыра береді де.Мысалы: ғылыми және әдеби сын
мен бибилография аралығындағы айырық қандай өтеді? Сыни библиография бар
ма? Библиографиялық пен реферативті ақпараттардың атақ тасы қалай
белгіленеді, қарастырып отырған бибилографиялық құжаттағы пән бойынша жаңа
ілімде библиографиялық ақпарат бар ма? Библиографиялық құралдардың қандай
түрлеріндегі алғашқы ақпараттардың орны мен рөлі қандай, соның ішінде
ұсыныстағы бибилографиялық құралда,оның өзінің құрамында бар,онда
ұсынылатын, сол әдебиетке туелсіз ақпаратқа тұтынушылардың қабылдау
үдерісіндегі тікелей тәрбиелік міндеттерді қаншалықты дәрежеде шеше алады?
Осы тектес бір мәселелерді библиографиялық зерттеу ғылымы шешті,ал
кейбіреулері әлі өзінің шешімін күтіп жатыр.
Библиографиялық ақпараттың екіншісі,үшіншісі және төртіншісі сапалары
біріншімен тығыз байланысты екенін атап өту керек және бибилографиялық
ақпараттырдың негізгі қоғамдық қызметтерін жүзеге асыру деңгейінде оның
дамуы, нақтылану болып саналады.
5. Библиографиялық ақпараттың аса маңызды сапалары – құжат ақпарат
тұтынушының екі жақтылық қатынасын бейнелейтін оның екі жақтылығы. Осы
сапада, бір жағынан – библиографилық ақпараттың зерттеуімен коммуникативті
функциялардың арасында өте маңызды айырмашылық, екінші жағынан – бағалауда,
содан кейін библиографиялық екі негізгі: жалпы және арнаулы (оқулықтың
келесі екінші бөлімінде қарастырылады) түрлерінің арасында айырмашылық
көрінеді.[6,7-8 б.]
Егер құжат (екіжақтылықтың бір жағы) библиографиялық ақпараттың барлық
негізгі қоғамдық қызметтерін жүзеге асырудың қажетті материалдық –
ақпараттық базасы ретінде көрінсе, онда тұтынушы (екіжақтылықтың келесі
жағы) бір жағдайда (зерттеу мен коммуникативті функцияларды жүзеге асырк
жолында ) барынша жалпы дифференциалды емес түрінде алға шығады (өзіне
қажетті құжатты іздейтін және әр түрлі мазмұн мен үлгісі бар құжаттың бар
екенін жария ететін абстрактылі әлдекім
Келесі жағдайда бағалау қызметінде көрінетін барлық іс жүзіндегі әр
алуандылық тұтынушының белгілі бір толық және жеке даралық ерекшеліктеріне
негіделеді. Библиографиялық ақпараттың тұтынушысына тәуелділігі әр түрлі
көрінуіне қарамастан,бұл тәуелділік қоғамдық құбылым ретінде барлық
жағдайда да бибилографиялық ақпараттың мәнін анықтаушы,бастысы болатынын
атап айту керек.
6. Принціпіне міндетті емес, бірақ іс – тәжірибелік жағынан
бибилографиялық ақпараттың өте маңызды сапасы болатын белгілі бір
ережелерде оның ішкі жинақтылығы. Библиографиялық ақпараттың жинақтылығы
құжаттың коммуникация жүйесінің барлық қоғамдық институттарында оны тиімді
біркелкі пайдалануды қамтамасыз етеді.
Келтірілген тізім, сірә, библиографиялық ақпараттың барлық маңызды
сапаларын жоққа шығармайды. Оны айқындау жүре береді. Жекелей алынған
сапалардың бірден біреуі бибилографиялық ақпараттың спецификасын
(табиғатын) толық аша алмайды, өйткені құжаттық коммуникациясының
жүйесіндегі басқа да обьектілерге көбірек тән болатынын айтып өту маңызды.
Библиографиялық ақпараттың ерекшелігі толық көлемде тек жиынтық қана
оның барлық сапаларының жүйелі бірлігі ғана аша алады.

2. Ақпараттық – библиографиялық қызмет көрсету әдісі.

Білім ордасы – кітапханаға бүгінгі таңда қойылып отырған талаптар
мынадай: экономика, озық тәжірибе жөніндегі, еңбек ерлері туралы, халық
шаруашылығындағы жаңалықтар туралы әдебиет оқушыға жетіп, пайдалы болуға
тиіс. Ғылыми-техникалық революция жағдайында кітапханалардың жұмысын
әсіресе ғылыми-техникалық кітапханалардың жұмысын бағалы ақпарат өз
адресатына дер кезінде жететіндей етіп құру қажет. Бұл міндетті барлық
типтегі және барлық жүйедегі кітапханалардың ақпараттық-библиографиялық
қызметі жүзеге асырады.
Ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету – кітапхананың библиографиялық
жұмысындағы жетекші бағыттардың бірі, қоғамдық тәжірибенің әр түрлі
сфераларын ақпаратпен қамтамасыз етудің жалпы жүйесіндегі маңызды буын.
Оның негізгі мақсаты – оқырмандарға ғылыми және өндірістік қызмет үшін
қажет болатын жаңа шыққан құжаттар туралы үнемі хабарлап отыру. Қазіргі
уақытта ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету әр түрлі типтегі
кітапханаларда (соның ішінде бұқаралық кітапханаларда да) кең дамыды.
Ақпараттық-библиографиялық қызметтің сипатын, ауқымы мен мазмұнын тек
кітапхананың типі ғана емес, сонымен қатар тұтынушыларға көрсетілетін
өндірістік және ғылыми ақпарат қызметінің ерекшелігі, кітапхананың
материалдық және кадрлар жөніндегі мүмкіндіктері анықтайды. Мысалы,
бұқаралық және арнаулы кітапханалардың жұмысында тым елеулі айырмашылықтар
бар. Бұқаралық кітапханалар оқырмандарының алуан түрлі құрамы, қызмет
көрсетілетін территорияда сан салалы кәсіпорындар мен ұйымдардың (соның
ішінде өзінің ақпараттық қызметі мен кітапханасы барларының) болуы,
материалдық және кадрлар жөніндегі мүмкіндіктерінің біршама аз болуы
кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қызметіне елеулі әсер етеді.
Бұқаралық кітапханалардан өзгешелігі сол, арнаулы кітапханалар (ғылыми-
өндірістік бірлестіктердің, ғылыми-зерттеу институттарының, өнеркәсіп
орындарының және басқаларының кітапханалары) тікелей нақты ұжыммен
байланысты болады, ал ол ұжымның ақпараттық қажеттерін шешілетін ғылыми
және өндірістік міндеттер шеңбері шектейді. Бір жағынан, мұның өзі
ақпараттық-библиографиялық қызметті ұйымдастыруды жеңілдетеді, өйткені оның
ауқымы абоненттердің саны мен тақырыптық диапозоны тұрғысынан информациялық
қажетті тарылтады. Екінші жағынан, ақпараттық жұмыстың терең
мамандандырылуын, ол жұмыстың зерттеулердің, конструкторлық талдамалардың
нақты кезеңдерімен немесе қызмет көрсетілетін әрбір жерде жаңа техника мен
озық технологияның енгізілуімен қатаң байланыстырылуын талап етеді.[7,232 –
233 б.]

2.1. Ақпараттық библиографиялық қызметтің түрлері

Кітапханалардың жұмыс практикасында ақпараттық-

библиографиялық қызметтің негізгі 2 түрі қалыптасқан, олар мыналар:
– сараланбаған (жаппай),тұтынушылардың белгілі бір тобына
бағдарланбаған және олардың нақты ақпараттық қажеттерін ескермейтін
түрі (басқаша айтқанда, сұрақсыз қызмет көрсету);
– сараланған (жеке немесе топтық), жеке оқырманның немесе белгілі бір
мамандар тобының үнемі жасалып отыратын (ұзақ мерзімді) талап-
тілектеріне немесе қажеттеріне сәйкес жүзеге асырылатын түрі.
Жаппай ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету. Жаппай библиографиялық
ақпарат кітапхана қорына түсетін әдебиетті насихаттау құралдарының бірі
болып табылады. Оның көп тараған формаларының бірі – ақпараттық
бюллетеньдер шығару, бұл бюллетеньдерде кітапханаға түскен басылымдар
туралы мәліметтер белгілі бір тәртіппен (көбінесе жүйелі түрде) орналасады.
Әдетте, бұл бюллетеньдерде тек кітаптар туралы мәліметтер беріледі, алайда
көптеген арнаулы кітапханалар өзгедокумент түрлері (патенттік және
нормативтік-техникалық әдебиет, есептер және т.т.) туралы да мәліметтерді
енгізеді. Көптеген кітапханалар библиографиялық сипатталарымен қатар
кітаптың шифрын және топталу (саралау) схемасының индексін қояды, бұл оны
оқушылар сұрағында іздеп табуды жеңілдетеді. Бюллетеньдерге қойылатын
маңызды талаптардың бірі – оларды жедел басып шығару және ақпараттық
интервалын (әдебиеттің кітапханаға түсуі мен оның кезекті бюллетеньде
көрсетілуінің арасындағы уақытты) мейлінше азайту. Бюллетеньдерді арасына
бір жарым айдан аспайтын ақпараттық интервалмен ай сайын шығарып тұру
мейлінше дұрыс деп саналады.
Жаңа түскен әдебиетті бюллетень шығару арқылы хабарлауды қазіргі
уақытта жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу мекемелерінің, әдетте,
өзінің полиграфиялық базасы бар кәсіпорындардың кітапханалары жүзеге
асырады. Бюллетеньдер тиісті мекемелердің ішінде (бөлімдер, кафедралар
бойынша), сондай-ақ ғылыми-өндірістік бірлестіктер мен фирмалардың құрамына
кіретін кәсіпорындарға таратылады.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің орталық кітапханалары
бюллетеньдер шығарады. Оларды орталық кітапханалар өздерінің филиалдарына
және қызмет көрсететін территориясындағы кейбір ұйымдар мен мекемелерге
жібереді. Өкінішке орай, орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің
көбінде өзінің полиграфиялық базасы жоқ болғандықтан, жергілікті
баспаханалардың қызметіне жүгінуге мәжбүр болады. Мұның өзі басылымдардың
дер кезінде шығуына теріс әсер етуде. Кейбір орталықтандырылған
кітапханалар жүйесінің тәжірибесі назар аударуға лайық, олар өз
бюллетеньдерін аудандық газетке қосымша ретінде шығарып, таратуды
меңгерген. Бұл басылымның жедел шығуына және информация берілетін адамдар
тобын (іс жүзінде газетті жаздырып алушылардың бәрі) едәуір кеңейтуге
мүмкіндік береді.
Бюллетеньдер шығаруға мүмкіндігі жоқ шағын кітапханаларда жаңа түскен
әдебиеттер тізімін машинкаға басып, әдетте, әдебиет берілетін стол жанына
іліп қояды. Кейде тізім орнына картотека жасап, әдебиет берілетін столға
немесе каталогтардың жанына қойылады.
Ірі ғылыми кітапханаларға түсетін әдебиет көлемінің көп болуы
бюллетеньдер шығаруға едәуір еңбек жұмсауды талап етеді. Сондықтан көптеген
әмбебап ғылыми (облыстық, өлкелік, республикалық) кітапханалар осы
кітапхана үшін, білім саласына қажетті неғұрлым маңызды кейбір
әдебиеттердің ғана түскенін хабарлайтын бюллетеньдер шығарумен шектеледі.
Бірқатар кітапханалар басқа да арнаулы (медициналық, ауыл шаруашылық)
кітапханалармен бірлесіп салалық бюллетеньдер шығарады.
Кезінде кітапханалар (әсіресе бұқаралық кітапханалар) әдебиетті
насихаттау үшін жаңа түскен әдебиетке ауызша шолуды белсенді түрде
пайдаланып келді. Ондай шолулар, әдетте, абонементті оқырмандар көп
жиналған кезде өткізілетінді. Бірақ бұл әдістің оқушыларымен тікелей
сөйлесу сияқты артықшылықтарына қарамастан, жалпы алғанда тиімділігі шамалы
болды. Өйткені аудиторияның ерекшеліктері ескерілмейтін еді. Қазіргі
уақытта жаңа түскен әдебиеттің бәріне шолу жасаудың орнына, әдетте белгілі
бір оқырмандар топтарының қажеттеріне арналған тақырыптық шолулар
өткізіледі.
Көптеген кітапханалар жаңа түскен әдебиеттерді хабарлау үшін бұқаралық
ақпарат арналарын пайдаланады. Көптеген кітапханалар осы кезде жергілікті
газеттердің беттерінде тізімдер мен қысқаша шолулар жариялайды. Олардың
тақырыбы актуальды саяси мәселелермен, аймақтың экономикалық саласымен
тығыз байланысты болады. Жекелеген кітапханалар газет беттерінде тұрақты
айдарлар (Кітап сөресі, Жаңа кітаптар) жүргізіп отырады, оларда
өздерінің қорына түскен неғұрлым қызғылықты кітаптар туралы мәліметтер
жариялайды. Арнаулы кітапханалар жоғары оқу орындарының, ғылыми-техникалық
институттарының, кәсіпорындардың көп тиражды газеттерінің беттерінде нақ
осындай библиграфиялық материалдарды жариялап отырады.
Кітапханалар библиографиялық ақпарат үшін радио мен телевизияның
мүмкіндіктерін де барған сайын кеңірек пайдалануда. Радио мен телевизия
арқылы аптаның белгіленген күндерінде арнаулы бір уақытта үнемі жаңа
кітаптар жайлы хабар беріп отыру библиографиялық ақпараттың пәрменділігін
арттыру шарттардың бірі болып табылады. Радио мен телевизияның
библиографиялық программалары мейлінше алуан түрлі болады. Библиографтар
жаңа түскен әдебиет туралы хабарлаумен қатар белгілі бір кәсіп адамдарына
арналған тақырыптық шолулар, журналдарда жарияланған материалдарға шолулар
жасайды, Баршаға белгілі ғалым типтес әр түрлі ақпараттық басылымдар
(реферативтік журналдар) туралы әңгімелер циклын ұйымдастырады.
Ақпарат күндерін, Мамандар күндерін, байқау-көрмелер өткізу
кітапхана оқырмандарын жаңа түскен әдебиетпен таныстырудың тиімді формалары
болып табылады. Ғылыми-техникалық кітапханаларда пайда болған, бұл жұмыс
формалары қазіргі уақытта кең таралып отыр, өйткені, мұндай жағдайда
танысуға мүмкіндік алады. [8,318 – 319 б.]
Ақпарат күні – жаңа түскен әдебиетті, оған қосымша библиографиялық
материалдарды да үнемі көрсетіп отырудың қолайлы бір түрі. Ақпарат күнін
өткізу мерзімі түсіп тұратын әдебиет мөлшеріне байланысты. Әдебиет аз
түсетін кітапханаларда ол айына бір рет, ал кейбір әдебиет көп түсетін ірі
ғылыми кітапханаларда ай сайын немесе апта сайын өткізілуі мүмкін. Ақпарат
күндері айдың алдын ала белгіленген күнінде (күндерінде) өткізіліп отыруы
қажет.
Кітапхана Ақпарат күндері туралы оқырмандарға, ұйымдар мен
мекемелерге плакаттар, жергілікті радио және жергілікті баспасөз арқылы,
сондай-ақ, арнаулы хабарлама-хаттар жіберу арқылы хабарлайды. Арнаулы
кітапханаларда Ақпарат күндеріне (жоғары оқу орындарының кітапханаларында
– Кафедра күндері) мекеме (кәсіпорын) әкімшілігінің тағайындауымен өз
бөлімшесі мен кітапхананың (ақпарат қызметі) арасында үнемі байланысшы
болып жүретін хабарламашы, яғни маман міндетті түрде қатысады.
Жаңа түскен әдебиет әдетте кітапхананың оқу залында көрсетіледі.
Жаңадан түскен материалдардың бәрі өздерінің мазмұнына қарай білімнің
негізгі салалары бойынша топтарға іріктеліп, столдарға жайылады.
Библиографиялық ақпарат деректемелері де (ағымдағы және ретроспективтік
көрсеткіштер, Бүкілодақтық кітап палатасының және басқа ақпарат
органдарының карточкалары) олардың мазмұнынасәйкес іріктеліп алынып,
бастапқы документтермен қатар қойылады. Кітапхана қызметкерлері
қатысушылардан өздері таңдап алған материалдарға тапсырма жинауды
ұйымдастырады, ақыл-кеңестер береді, мәселеге байланысты әдебиет
көрсетілген библиографиялық деректемелермен танысудың қажеттігін
ескертеді.[9,16 – 17 б.]
Мамандар күні – қызмет көрсетудің комплексті формасы болып табылады.
Онда бастапқы құжаттарды тікелей көрсету ісі ғылым мен техника
жетістіктерін насихаттау жөніндегі басқа да шаралармен ұштастырылады.
Мамандар күні сипаты мен мақсаты жөнінен жаппай және топтық ақпараттық-
библиографиялық қызмет арасында аралық орын алады. Атының өзі көрсетіп
отырғандай, ол белгілі бір дәрежедегі мамандар (экономистер, механиктер,
мұғалімдер және т.т.) үшін ұйымдастырылады. Оған кәсіпорын мамандары
міндетті түрде қатыстырылады.
Қызмет көрсетудің бұл формасын облыстық кітапханалармен бірлесе
отырып, территориялық ақпарат орындары мейлінше кеңінен қолданады. Соңғы
жылдары жеке орталықтандырылған кітапханалар жүйесі территориалық ақпарат
орындарымен бірлесе отырып, ауыл шаруашылық қызметкерлеріне арнап Мамандар
күндерін өткізуді жүзеге асыруда. Мамандар күнін өткізу кітапхана мен
ақпарат органының жылдық жұмыс жоспарында көрсетіледі, олардың нақты
мерзімдері мүдделі кәсіпорындар мен ұйымдарға хабарланады. Кітапханалар
Мамандар күндеріне арнап қызмет көрсетілетін мекемелер (кәсіпорындар)
қызметкерлерінің кәсіптік мүдделеріне сәйкес бастапқы және қайталама
документтерді іріктеп алады.
Егер Мамандар күні осы категориядағы қызметкерлер үшін бірінші рет
өткізіліп, ал әдебиет ретроспективтік әдіспен, қайталап өткізіліп отырса,
онда келесі күн тек жаңа түскен әдебиет бойынша іріктеліп алынады. Инженер-
кураторлардың көмегімен іріктеліп алынған бастапқы және қайталама
құжаттарды көрсетумен қатар, Мамандар күніне таңдап алынған проблематика
бойынша лекциялар оқу, техникалық фильмдер көрсету енгізіледі және міндетті
түрде негізгі әдебиетке библиографиялық шолу жасалады. Шаралардың мұндай
комплексі және мамандардың бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасау
мүмкіндігі (қарым қатынастың ресми емес арнасы) Мамандар күнін ғылым
мен техниканың ең жаңа жетістіктері мен өндірістік озық тәжірибені
таратудың мейлінше тиімді құралына айналдырады. Бұған маманның тапсырысы
бойынша көлемі шағын құжаттардың көшірмелерін алу немесе көшіруге болмайтын
материалдарды жергілікті кітапханааралық абонемент арқылы жедел жіберу
мүмкіндігін де пайдаланады.
Тиісті салалар немесе маңызды проблемалар бойынша қорда бар
документтермен тікелей таныстыру үшін кітапханалар байқау-көрмелер
ұйымдастырады. Тек жаңа түскен әдебиетпен таныстыратын Ақпарат күндерінен
айырмашылығы сол – байқау-көрмелерде ретроспективтік әдіспен іріктеліп
алынған әдебиет қойылады. Ірі ғылыми кітапханалар (соның ішінде әмбебап
кітапханаларда) кәсіпорындармен және мекемелермен шарт жасалып, көшпелі
байқау-көрмелер ұйымдастырады, оларда осы кәсіпорынның кітапханасынан
алынған әдебиет қоса көрсетіледі. Кейде мұндай байқау-көрмелерде
құжаттардың белгілі бір түрлері (мысалы, авторлық куәліктер мен патенттер
жөніндегі өнертабыстарының сипаттамалары) ғана қойылады. Байқау-көрмелерге
осы тақырып жөніндегі, көрмеге қойылмаған мақалалар туралы қосымша
мәліметтер алуға мүмкіндік беретін тиісті библиографиялық деректемелер
міндетті түрде енгізіледі.
Аудандық орталық кітапхана үйлестіріп отыратын орталық болып саналады,
біліктілігін арттыруда, озық тәжірибемен таныстыруда, аудан еңбекшілерінің
жалпы мәдени ой-өрісін кеңейтуде көмек көрсету жөніндегі ақпараттық жұмысты
жүзеге асырады. Мұнда ақпараттық жұмыс басқа ведомстволардың
кітапханаларымен және өз филиалдарымен бірлесе отырып, аудандық орталық
кітапхана жасаған Ауданның кәсіпорындарына, ұйымдарына, мекемелеріне
ақпараттық қызмет көрсетудің біртұтас үйлестіру жоспары бойынша
жүргізіледі. Жоспарда өз кітапханасы және техникалық ақпарат органдары жоқ
ұйымдар мен кәсіпорындарға ерекше көңіл бөлінген, оларға кітапханалар
бекітіліп, ақпараттардың тақырыбы мен олардың мерзімі белгіленіп берілген.
2007 жылдың ішінде 432 тақырып бойынша 300-ден астам коллективке
ақпарат берілген, жеке ақпарат алатын 190 абонентке 553 ақпарат жіберілген.
Бұл ақпарат Жеке, топтық және ұжымдық ақпарат картотекаларына, Халық
шаруашылығы мамандарының картотекасына, Кәсіпорындардың, мекемелер мен
ұйымдардың картотекасына сілтеме жасалған. Оқырмандарға информация берудің
сан алуан формалары мен әдістері пайдаланылады, жаңадан алынған [10, 23 –
24 б.]
Әдебиеттің тоқсандық бюллетені шығарылып отырады, аудандық Екпінді еңбек
газетінде жаңа кітаптар туралы қазақ тілінде хабарлар басылып тұрады. Мұнда
бұқаралық ақпараттың ең кең тараған формасы – Ақпарат күндері мен
Мамандар күндері, байқау-көрмелер болып табылады, олар өте қызғылықты
өтеді және бүкіл аудандағы оқырмандар активінің назарын аударады.
57 маман жеке ақпарат беруге қойылған, сауыншылардың, шопандардың,
механизаторлардың, дәрігерлердің, инженерлердің және т.б. топтары бөлінген.
Ақпарат беруді аудандық орталық кітапхананың абонементі, ауыл шаруашылық,
өнер секторлары, табиғат тану ақпараттық-библиографиялық секторы жүргізеді.

Сараланған ақпараттық-библиографиялық қызмет. Қазіргі уақытта саралап
қызмет көрсетуді ұйымдастыруға зор көңіл бөлініп отыр. Бірінші рет ол
ғылыми-техникалық кітапханалар жүйесінде туды, сонан соң олардың тәжірибесі
басқа кітапханалар жүйесінде де, атап айтқанда медициналық кітапханалар
жүйесінде қолданыла бастады.
Сараланған ақпараттық-библиографиялық қызмет формаларының одан әрі
дамуы мен жетілдірілуі елімізде ақпараттық қызмет жүйесінің құрылуы мен
библиографиялық процестері механикаландыру мен автоматтандыру құралдарының
енгізілуіне байланысты.
Арнаулы кітапханаларда бұл қызмет түрінің пайда болып, тез дамуына
олардың ғылыми-өндірістік ұжымдармен тікелей байланысы және осыдан
туындайтын, олар шешетін нақты міндеттерді ақпаратпен қамтамасыз ету
қажеттігі себепші болды. Ақпаратты тұтынушылардың біршама тұрақты құрамы
және олардың кәсіптік ақпараттық қажеттері тақырыбының айқын болуы арнаулы
кітапханаларда саралап қызмет көрсетудің дамуына қолайлы жағдай жасады.
Әмбебап (мысалы, облыстық) кітапханалар жағдайында оқырмандар құрамының
біртекті болмауы және олардың кәсіптік талап-тілектерінің алуан түрлі болуы
салдарынан саралап қызмет көрсетуді ұйымдастыру - әлдеқайда қиын іс.
Алайда, қазіргі жағдайда тек әмбебап ғылыми кітапханалар ғана емес, сонымен
қатар жекелеген бұқаралық кітапханалар да (әсіресе орталықтандырылған
кітапханалар жүйелері) сараланған ақпараттық-библиографиялық қызметтің әр
түрлі формаларын пайдаланады.
Саралап қызмет көрсетудің мәні мынаған келіп саяды: мемлекеттік
органдарда, ғылыми мекемелерде, жобалау-конструкторлық ұйымдарда, өнеркәсіп
және ауыл шаруашылық кәсіпорындарында, оқу орындарында жұмыс істейтін
мамандар өздерінің кәсіптік қызметіне қажетті документті, жаңа ақпарат
деректемелері туралы мәліметтерді үнемі алып отыруы керек. Бұл
деректемелердің шығуын қадағалап отыру мамандардың өздеріне жыл өткен сайын
қиындай түсуде. Қажетті ақпаратты өз іздестіру кейде маманның жалпы жұмыс
уақытының 30-40 процентін алады. Кітапханалар мен ақпарат қызметінің
маңызды міндеттерінің бірі – мамандарға барлық қажетті деректемелер туралы
қажетінше толық мәліметтер бере отырып, олардың уақытты мейлінше аз жұмсап,
жаңа шыққан әдебиетті қадағалап отыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Саралап қызмет көрсетуге жекелеген маман да, сол сияқты ақпаратты қажет
етуі тақырып ортақтығымен сипатталатын бір топ адамдар да абонент бола
алады. Тиісінше жекелеп және топтап қызмет көрсетіледі.
Саралап қызмет көрсету өте тиімді, бірақ еңбекті өте көп қажет етеді,
мұның өзі кітапхананың ақпараттық қызметін ақпаратты тұтынушылардың бәріне
бірдей таратуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан сараланған библиографиялық
ақпарат беруді ұйымдастыруда қызмет көрсетілетін мамандар тобын анықтау,
айқындаушы кезең болып табылады. Жеке-дара және топтық абоненттердің саны
мен олардың құрамын кітапхана жергілікті жағдайлар мен өзінің
мүмкіндіктерін ескере отырып анықтайды. Мысалы, әмбебап ғылыми
кітапханаларда маман оқырмандар санының көптігінен және олардың ақпаратты
қажет етуінің тақырыптық диапозонның кеңдігінен жеке абоненттерге қызмет
көрсету мүмкіндігі тым шектеулі. Сондықтан оларда жаңа түскен әдебиеттің
тақырыптық тізімдерін жіберу жолымен жүргізілетін топтық (коллективтік)
қызмет көрсету мейлінше кең тараған.
Ғылыми-өндірістік коллективтермен тікелей байланысты арнаулы
кітапханалардың абоненттерінде бірінші кезекте мекемелер мен
кәсіпорындардың әкімшілік қызметкерлері, бөлімше басшылары, жетекші ғылыми
және инженер-техник қызметкерлер, өндіріс озаттары, сондай-ақ тиісті
бөлімшелердің жекелеген коллективтері тұруы қажет.
Облыстық, аудандық кітапханалар абоненттердің (әсіресе ауыл шаруашылығы
мамандарының) территориялық жағынан шалғайда жатқандығы және олармен
тікелей байланыстың жоқтығы салдарынан мамандардың кәсіптік қызметінің
жалпы сипатына сүйене отырып, ақпараттық талаптардың бағдарын өздері
белгілеуге тиісті болады.
Библиографиялық қызметті саралап көрсету кезінде олар аудандық
әкімшілік кітапханамен тығыз байланыс орнатып, саяси оқу жүйесінің
насихатшылары мен тыңдаушыларының талап-тілектерін ескеріп отырды. Олар
үшін Насихатшылар мен тыңдаушыларға көмек деген картотека жасалып,
негізгі оқу курстары бойынша әдебеттің байқау-көриелері мен шолулуры
өткізілді.
Саралап қызмет көрсетудің басқа бір бағыты – мұғалімдерге көмектесу
жұмысы. Бұл жұмыс аудандық оқу бөлімімен бірлесіп жоспарланады, жалпы білім
беретін және кәсіптік мектептер жөніндегі жаңа реформаның негізінде болып
жатқан жаңалықтар хабарланып отырады. Оқырман-мұғалімге Мектеп оқушыларына
әскери-патриоттық тәрбие беру, Спортшылардың дене қасиеттерін тәрбиелеу
әдісі деген және т.б. тақырыптар бойынша жеке ақпарат беріп тұрады.
Жастарға қызмет көрсетуде де нақ осындай саралау әдісі жүзеге
асырылады. Бұл үшін қызмет көрсету бөлімінде жас өспірімдер кафедрасы
ашылған, ол 617 жас оқырманға қызмет етеді. Жастарға неғұрлым тереңірек
саралап қызмет көрсету мақсатымен олар үш топқа: жұмысшы жастар, сырттан
оқитын жастар және мектеп оқушылары топтарына бөлінген. Мамандық алып,
біліктілігін арттыруға көмек көрсету үшін: Жас маркетолог не оқуы керек?,
Жас механизатор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АБҚ Ақпараттық библиографиялық қызмет
Кітапханалық анықтамалық библиографиялық ақпаратты ұйымдастыру
Анықтамалық библиографиялық аппаратың қызметі
Тұтынушылардың ақпараттық құралдарға деген талаптары
Библиографиялық жұмысты ұйымдастыру
Құжаттарды библиографиялық іріктеу
Библиографиялық қызметтің қызмет ету принциптері
КІТАПХАНАНЫҢ ӨЛКЕТАНУШЫЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ- БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ АППАРАТЫ
Құжаттың библиографиялық суреттемесі
Инновацияны зерттеудің әдістемесі мен бағыттары
Пәндер