Ақпараттық өнімдерді сапалы басқару


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Орыс филология кафедрасы

Есенгулова Тоғжан Сейткереевна

Ақпараттық өнімдерді сапалы басқару

/тақырыбы/

Дипломдық жұмыс

Мамандығы 5В091000 Кітапхана ісі

Көкшетау, 2012ж

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Орыс филология кафедрасы

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Ақпараттық өнімдерді сапалы басқару

Мамандығы: 5В091000 Кітапхана ісі

Орындаған: Есенгулова Тоғжан Сейткереевна

Ғылыми жетекші

аға оқытушы доцент Нұрпейісова М. Ш.

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі:к. ф. н. Фаткиева Г. Т.

Көкшетау, 2012ж

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 5

  1. Кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қызметін басқару негіздері

1. 1. Басқарудың негізгі функциялары және әдістері 9

1. 2. Өнім сапасын басқару - кітапхананың қызметінің басты

факторы ретінде 19

  1. Ақпараттық өнімдерді кітапханада сапалы басқарудың өнімдер мен қызмет көрсетулердің өзіндік құны 29Бәсекелестік қабілеті өнім тұтынушылық

құрамымен анықталуы 39

  1. Қазіргі кітапхана басқарудағы рөлі мен болжауКітапханадағы өнімдерінің сапасын жоғарылату 49Кітапхана жұмысының басқару стратегиясы 59

Қорытынды 69

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 72

Қосымша: Филология факультетінің ғалымдары. Слайд - шоу 74

Кіріспе

Зерттеудің актуальдығы: Бүгінгі күні өзекті және нақты болып табылатын ақпарат, ертенгі күні ескірген, керексіз болуы әбден мүмкін. Қоғамымыздың дамуы ақпараттың кең таралуымен, мәдениет мәйегін халыққа тереңдетіп түсіндіру мәселелерімен тиянақтала түседі.

Ақпараттандыру өркениеттін дамудағы обьективті заңдылық қазіргі заман қоғамының дамуына экономиканы қарқындандыруға, өндірістік және қоғамның өзара байланысынын дамуына әсер жасайтын маңызды фактор. Ақпараттандыру қоғамның барлық саласында жаңа ақпараттық технологияларды тиімді қолдану. өндірістің индустриясын құру және ақпаратты өндеу арқылы сипатталады. Дамыған елдердің байлығы, олардың өркениеттілігі қоғамның ақпараттандырылуына байланысты өлшенеді. Қазіргі уақытта ақпараттандыру қоғамның негізгі өндірістік күші болып табылады [1, 3-4б] .

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" деп аталған халқына Жолдауында "XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушысыз біз инновациялық экономика құра алмай-мыз" деп атап көрсеткені мәлім. Бұл талап жаңа ғасырдағы білім және мәдениет саласы қызметкерлеріне жауапты міндеттер жүктейді.

Қазіргі мәдениеттің жаңашыл бағытының өзгеруі, қоғамға жоғары білімді, рухани-адамгершілігі мол, өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа қабілетті, бейімділігі мен жауапкершілік сезімі биік адам қажет. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модель керек. Кітапханалық менеджмент адамдардың өзін-өзі дамыту, еркіндік және шығармашылығын дамыту болып табылады.

Библиографиялық өнім - бұл библиографиялық ақпаратпен қамтамасыз етілген ақпараттық өнімнің түрі, ол библиографиялық ақпаратты қолданатын және тарататын құжаттардың жиынтығын көрсетеді. Библиографиялық өнім библиографиялық ақпараттың құжаттық түрлерінен тұрады:

а) жеке мәнге ие болатын бөлек библиографиялық жазбалар;

ә) барлық түрдегі библиографиялық құралдар. Библиографиялық өнімнің негізгі типтеріне жататындар: библиографиялық сілтеме, каталогтық карточка, (ақпаратты іріктеп тарату жүйесі) бойынша библиографиялық хабарлама, жеке электрондық библиографиялық жазба, библиографиялық көрсеткіш, тізім, шолу, каталог, библиографиялық картотека, библиографиялық мәліметтер базасы мен банкілері, жазбаша библиографиялық анықтама [3, 5-7б] .

Жазба тәсілі мен материалдық тасымалдаушыға байланысты библиографиялық өнім әр түрлі формаларда шығады. Алғашқы формалары қолжазбалық одан кейін баспалық кітап және карточка түрінде болды. XX ғасырда машиналық жазба, библиографиялық өнімі, баспа библиографиялық карточкалар, микротасымалдаушылар (микрофильмдер, микрофишалар) және машина оқитын библиографиялық өнім (магнит таспалары мен дискілердегі) пайда болды.

Барлық өнімдерінің арасында неғұрлым кең таралған формалары - карточкалық каталогтар мен библиографиялық картотекалар, библиографиялық басылымдар [33, 23-32б] .

Мәліметтер базасы негізіндегі автоматтандырылған тәртіп бойынша толық дайындалатын библиографиялық басылымдар мен библиографиялық анықтамалар, электрондық библиографиялық өнімдер: машина оқитын жазбалар, мәліметгр базалары мен банкілері, соның ішінде СD-RОМ-да жазылған т. б. электрондық библиографиялық өнімнің көлемі ұдайы өсіп келеді.

Диплом жұмысының өзектілігі . ХІХ - ғасырдың ақпараттық өнімдерді кітапхананың библиографиялық қызметінің сапалы басқаруды қалыптастырды. Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі теоретикалық экономикаға баға бәсеке дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытта бәсекелестеріне қарағанда сондай өнімге бағасы төмен кітапхананың ақпараттық өнімдермен алға шықты. Осы бойынша америка ғылымы, экономист, П. Самуэльсон: «Тауар өндірушілер бағалар бәсекесіне қарсы тұра алады және өздерінің пайдасын максимум деңгейге дейін көтере алады, тек қана шығындарды минимум деңгейге дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өндірістің ең тиімді әдістерін ендіргенде ғана қол жеткізіледі» - деп жазды.

Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындары азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе кітапханалар арасында бәсеке болғанда ерте ме кеш не кітапхана үшін төлем төлей алмау әкеледі. Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы өтпелі экономика ретінде сипатталады: бір елдер, бұрынғы социалистік елдерді қосып алып нарықтық экономикаға өтуде, дамушы елдердің бір қатары дамудың индустриалдыға дейінгі деңгейіннен индустриалды дәуірге өтуде, индустриалды дамыған елдер индустриалдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.

Объекті: Ақпараттық өнімдерді сапалы басқарудың қызметтің көрсету. Пәндік: Кітапханалардың сапалы, жүйелі түрде оқырмандарға қызмет көрсетуінің бірден-бір жолы ақпараттық өнімдерді тиімді де сапалы дайындап, ақпараттық нарыққа шығару.

Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен сұраныстары көн қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан алыстауда, сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі болуда. Кітапхана, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру болса да.

Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Кітапхананың библиографиялық қызметті бойынша ақпараттық өнімдерді сапаплы басқару мәселелерін қарастыру. Сонымен біріншіден, басқарудың негізгі функцияларын және әдістерін зерттеу; өнім сапасын басқару - кітапхананың қызметінің басты факторы ретінде анықтау; кітапханадағы өнімдерінің сапасын жоғарылату стратегиясын көрсету.

Жалпы қабылдағандай, кітапхана басшысы білімді және жан - жақты болса да, менеджерлер мен инженерлердің қандай таланттары мен қабілеттері болғанымен, бағалық емес, қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар сұраныстарының құрылымында бірінші орынға жаңашылдық, сапа, дизайн, жиі жаңарту мен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегі сервис қойылғанда, өз кітапханасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.

Ғылымдағы жаңалықтар: Қазіргі кезеңде кітапханаларын стратегиялық басқару. Ғалымдардың пікірінше қызмет көрсетуді зерттеу, бұл қоғамның даму тенденциясын зерттеп білу. Кітапханалардың қызмет көрсету жұмысын және ақпараттық өнім нарығын зерттеу болып табылады. Зерттеу барысында отандық библиографтар еңбектері, отандық басылымдар, сондай-ақ ақпарат басылымдары және электрондық құжаттар түрлері қарастырылды. Ақпараттық қызметті басқару кітапханалардың жұмыс ерекшеліктерін ескеруі тиіс.

Тәжірибелік барысы: Дипломдық жұмыс «Ақпараттық өнімдерді сапалы басқару» тақырыбын қамтиды. Тақырыптың өзектілігі кітапханада басқару қызметтің даму үрдісін қалыптастыру болып табылады. Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Осы жұмыс барысында ақпараттық қызметті ұйымдастырудың жалпы принциптері мен оны сапалы басқару, әр түрлі типтегі кітапханалардың библиографиялық қызметінің құрылымы жөнінде нақты мағлұмат алады, сондай-ақ, библиографиялық қызметтің негізгі базасы саналатын анықтамалық-библиографиялық аппаратты және оның құрамына кіретін аса маңызды анықтамалық және ақпараттық өнімдерді пайдалану мүмкіндіктерімен танысады.

Дипломдық жұмысты қорғаудағы негізгі ережелер: ақпараттық өнім, қызмет көрсету, тұтынушы қажетін тауып, оның сұранысын қанағаттандыру жолдары қарастырылған. Осының бәрі ғылыми-әдістемелік әдіске сүйене отырып негізделген. Тәжірибелік маныздылығы: зерттеуді қорытындылай келе, көптеген әдістемелік комплекс, модель және жаңа технологияны қолдану, осының бәрі көптеген шешімдерді анықтап негізделген. Әрбір тұтынушы қажеттілігін қанағаттандыру, қызмет көрсету мамандығымыздың негізгі борышы болмақ.

Кітапханалық қызмет, ғылыми-ақпараттық қызмет, ақпараттық өнімдер көптен бері зерттелуде. Оған көп үлес қосқан өзіміздің отандық ғалымдар Р. А. Бердіғалиева, С. Ахметова, М. Ақшалова. Олардың еңбектерінде библиографиялық қызметті интенсивтендіру, библиографиялық құралдар жүйесін одан әрі қалыптастыру мен жетілдіру жолдары қарастырылған. Бүгінгі күні яғни инновация заманында библиографиялық қызмет көрсету ісін жетілдірудің аса маңызды шарты, оларды жаңа технологиямен жабдықтау. ең алдымен ақпараттық техниканы, библиографиялық процесстерді автоматтандыру құралдарын тәжірибеде барынша енгізіп, библиографиялық ресурстарды жұртшылықтың пайдалануын интенсивтендіру, запасы мен тиімділігін арттыру болып отыр [3, 4-5б] .

Кітапханада жаңа заман талабына сай автоматтандырылған технологияларды енгізу. Жаңа инновациялық технологияларды пайдалана отырып, сапалы өнім дайындау, тұтынушыларға толыққанды қызмет көрсету және ақпараттық нарықта тиесілі орын алу болып табылады.

Кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қызметін басқару негіздері

1. 1. Басқарудың негізгі функциялары және әдістері

Елеміздегі болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер, білім мен мәдениеттегі болып жатқан жаңа мемлекеттік тапсырмалары іске асырудағы шешуші қадамдар ең алдымен кітапханашыға келіп тіреледі. Жаңа ақпараттық технологияға көшу, басқарудың экономикалық амалдарын қолдану, оған еңбек ұжымының қатыстырылуы кітапхана жұмысшыларының жаңа жоғары кәсіби деңгейін және жалпы мәдениет пен қарым-қатынас мәдениетін игерген жаңа түрін қалыптастыруда талап етеді. Нарықтық экономика кітапхана мамандарына бәсекелестікке бейімділу талабын қояды, соған байланысты әркім өз білімін ұдайы жаңартып, іскерлік пен шығармашылығын жүзеге асырады.

Бұл ғасырда мемлекет басқару жүйесі түрлі өзгерістерге ұшырады, экономикалық саясатта өзгерді. Сондай-ақ дербес мемлекетті басқару жүйесіне баса назар аударыла бастады. Нарықтық экономиканы жетік басқару үшін арнай білім көзі болуы керек.

Нарық дегеніміз - адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынасты сипаттайтын күрделі түсінік. Нарықтың шынайылығы сатушы мен сатып алушының арасындағы қарым-қатынаста, өнімге құрылатын бағада, өнімді сату, сатып алу актісінде көрініс береді [6, 21-23б] .

Басқару теориясы ғылым ретінде (оның аңықтамасынан ерекшелігі) өткен ғасырдың аяғында пайда болды және осы уақытқа дейін көптеген өзгерістерге ұшырады.

Сонымен бірге, "ғылыми менеджмент" түсінігін басқару теориясының негізін қалаушы болып саналатын Ф. У. Тейлор енгізді.

30-40 жылдардағы басқару облысының теоретигі, Лютер Гьюликтің пікірінше, басқару әр түрлі теорияларды, жинақтаған әр түрлі құбылыстарды жүйелі түрде игеретін ғылым болып табылады және "адамдар орталық мақсаттарына жету үшін неге және қалай жүйелі қызмет етеді, сонымен бірге осы қарым-қатынас жүйелерін барлық адамзат үшін неғұрлым пайдалы жасау үшін жүйелі негізде түсінуге тырысады".

Әлбетте, басқарудың теориясы мен тәжірибе эволюциясы өнеркәсіп пен жалпы ғылымның дамуымен тығыз байланысты.

Қазіргі таңда кітапханаларда алға талпыну өзгерістері болып жатыр. Заман ағымына қарай, білім талабына сай оқырмандардың да сұранысы өзгеруде. Республика кітапханашыларына көмек ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасы "Кітапханашының кітапханасына" атты сериясымен іс-тәжірибелік құралдарды шығарады. Ұсынылып отырған әдістемелік құрал кітапханалық маркетингті қамтитын екі күрделі тақырыптардан тұрады: фандрейзинг және жарнама. Әсіресе, ағымдағы ақпараттар мен соңғы шығарылып жатқан анықтама басылымдар оқырмандарды көп қызықтырады. Әрине, оқушының ордасы ретінде мұндай сұраныстарға кітапхана қызмет көрсете алады, бірақ қалай?

Кітапханаға әрдайым қосымша қаржылық толықтырылу жұмысы іске асырылып отыру керек. Бұл қосымша қаржылық көздерін екі топқа бөлуге болады:

- ішкі (өз мүмкіндіктеріп барынша қолдану)

- сыртқы (өзгенің кемегін өз игілігіне жарату) .

«Өзге» өздігінен көмек бермейді, ол қорларды да кітапхана жоспарларымен, алға қойған келелі мақсаттарымен таныстырып, баулу керек. Кітапхананың басында екі жақты күрделі мәселе тұрады - дәстүрлі сарқылмас қорды қолдау мен сақтап қалу және жаңа технологияларды басқару қызметіне мекемені енгізу. Электронды технология дәуірі жаңа қаржылық көздерді кітапхананың даму игілігіне қарай өзіне тартуын талап етеді.

Басқару (басқару процесі) - мақсатқа жетуге бағытталған іс-қимылдарды ұйымдастыру. Менеджмент - өзіне міндетті әлемент ретінде адамдарды басқаруды, әлеуметтік ұйымдар мен құрылымдарды басқаруды қосатын сәйкес білім облысы бар адам қызметінің сферасы. Менеджмент - бұл нарық жағдайындағы басқару. "Менеджмент" түсінігінің мазмұнын бірнеше аспектілермен қарастыруға болады:

• Менеджмент - бұл әр түрлі ұйымдардағы адамдарға жетекші ету қызметінің түрі, функциясы, басқару

• Менеджмент - бұл басқару функциясын жүзеге асыруға көмектесетін адамзат білімінің облысы. Бұл ғылыми пән.

• Менеджмент - басқару бойынша жұмыс жасаушының әлеуметтік табы.

Менеджментке байланысты бірнеше авторлардың анықтамалары бар:

"Адамдық қатынастар" мектебінің өкілі Паркер - Роллеттің анықтамасы: "Менеджмент - басқа адамдардың көмегімен жұмыстың орындалуын қамтамасыз ету" [33, 114-116б] .

"Менеджмент - ұйымның мақсатына жетуге және құруына қажетті бақылау, мотивация, ұйымдастыру жоспарлау процестері" (Мескон, Альберт, Хедоуридің Менеджмент негіздері" оқулығы) .

"Фирманы басқарудың теориясы мен тәжірибесі және нарьқ жағдайындағы оның қызметшілері (Веснин Менеджмент негіздері") .

"Өндірістің тиімділігін жоғарылату мақсатымен болатын принциптер, әдістер, құралдар мен өндірісті басқару формаларының жиынтығы" (1988 ж. шетелдік сөздер сөздігі) .

"Өзіне міндетті элемент ретінде, адамдарды басқаруды қосатын сәйкес білім облысы бар адам қызметінің сферасы (Американдық энциклопедия) .

Менеджменттің 3 маңызды факторын байланыстырады - мақсат, тиімділік, адам.

Бәсеке жағдайында тиімділік - фирманың өміршеңдігінің басты шарты. Фирманы табыстылықпен, жетістікпен қамтамасыз ететін тиімді менеджмент адамның бейімділігін талап етеді: сыртқы орта бөлігінде тұтынушының, ал ішкі орта бөлігінде қызметшінің.

Ұйымдағы менеджмент кешенінің құрамы мынадай компоненттерден тұрады: стратегиялың менеджмент қызметшілерді басқару (қызметші немесе кадрлық менеджмент), технологиялық процестер мен операцияларды басқару, қаржыны басқару (қаржылық менеджмент), материалдық-техникалық жабдықты басқару, өнімді өткізуді басқару, жылжымайтын мүлікті басқару, жаңартпашылың менеджмент (дамуды басқару), өнім сапасын немесе қызмет көрсетуді басқару [33, 114-116б] .

• Стратегиялық менеджмент - басты стратегиялық шарттарды құру және жету. Мақсаткерлікті таңдау, оқиғалық анализ, стратегиялық маркетинг, қызметті стратегиялық жоспарлау, ұйымдық құрылымдарды құру және түзету, стратегияларды жүзеге асыруды басқару стратегиялық менеджментке жатады.

• Қызметшілерді басқару - маңызды менеджмент құраушысы. Ұйымньң барлық максаттары адамдар арқылы жүзеге асады.

• Технологиялық процестперді басқаруда машина, аппаратура, механизмдер, сондай-ақ компьютерлер және басқа арнайы құрылғылардың көмегімен адамдар арқылы жүзеге асады.

• Қаржыны басқаруда кәсіпорынның өндірісті-шаруашылық қызметі қаржыны таратуды тиімділікпен қамтамасыз ету реттеледі.

• Материалдық-техникалық жабдықты басқару шикізатты, материалдарды, құрал-саймандарды қажетті өнімдермен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

• Өткізуді басқару сыртқы ортаның мониторингісін қосатын маркетингтік қызмет арқылы жүзеге асады.

• Жылжымайтын мүлікті басқаруда эксплуатация, сату, сатьш алу, айырбас, жал және жылжымайтын мүлікпен байланысты басқа да қозғалыстар сипатталады.

• Жаңартпашылық менеджменті дамуды басқару, өзгермелі жағдайдағы ұйымның тиімділігін жоғарылату мен сақтау үшін қажет. Жаңа өзгерістер жоспарланады, ұйымдастырылады, ынталандырылады және бақыланады.

• Сапаны басқару нарықтық бәсеке жағдайындағы фирманың бәсекеге тұрақтылығын қолдау үшін міндетті болып табылады.

Басқару - белгілі бір бағыттағы іс-қимылды өзгерту мақсатында ақпарат арқылы бір жүйенің келесі жүйеге ықпал жасауы [33, 114-116б] .

Менеджмент пәні ұйымның мақсаттарына жету мақсатындағы еңбектік, материалдық, қаржылық, ақпараттың ресурстармен басқаруды игереді.

Менеджмент дегеніміз - бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату мен пайданы молайту мақсатында қолданылатын принциптер, әдістер және өндірісті басқару амалдарының жиынтығы .

Менеджменттің міндеті тиімді өндірістік күшке ұйымдастыру үшін адамдарға бағыт беру:

• Өндірістің автоматтандырылуын және жұмысшылардың жоғары маманды болуын қамтамасыз ету;

• Қызметшілер жұмысын неғұрлым жоғарғы еңбек-ақымен ынталандыру жөне еңбекке жағдай жасау;

• Фирма қызметінің тиімділігін бақылау, бөлімшелер жұмысын біріктіру.

• Жаңа нарықты игеру мен үнемі іздеу;

• Нақты мақсаттарды анықтау;

• Мақсаттардың басымдылығын, олардың кезектілігін, шешімдердің дәйектілігін анықтау;

• Фирманың дамуы стратегиясының шаруашылық міндеті мен оларды шешу жолдарын өндіру.

Нарық жағдайында басқару былайша құрылған:

- Нарықтық сұранысы мен тұтынуына байланысты фирманың бейімділігінде;

• Өндіріс тиімділігін жоғарылатуға үнемі талпынуында

• Шаруашылық өздігінде, соңғы нәтижесіне жауапты болатын адамның шешім қабылдау бостандығында;

• Нарық жағдайына байланысты міндеттер мен мақсаттарды үнемі түзетуінде;

• Шешім қабылдау кезінде көптеген есептер үшін компьютерлік техниканың қазіргі негізін қолдану қажеттілігінде.

Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізгі болып табылады. Жаңа мыңжылдықта кітапханалар қоғамның қайта жанданып, өзгеруінде басқа мәдени мекемелер арасында үлкен мүмкіндіктерге ие. Бүгінгі таңда рухани дүниетанымы кең, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіру, оны өнерге, халықтық мұраға бейімдеуде, мәдени құндылықтарды жаңғыртып, таратуда сипат беретін мәдени орынның бірі - кітапхана.

Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғарғы эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алар орны ерекше. Сондықтан кітапхана мәдени-ағарту және ақпарат мекемесі облыстағы баспа шығармларын сақтайтын, оны тарату мен насихаттау жөнінде қызмет атқаратын мәдениет ошағы. Кітапханада тәлім-тәрбие жүйесінің толымдылығын қамтамасыз ету үшін тәрбиенің де, ағартушылықтың да әдістемелік жүйелерін жасап, оларды жұмыс практикасы мен қоғамдық өмірге кеңінен енгізу міндеті тұр.

Басқару қызметінің тиімділігін белгілейтін адамнын жеке қабілеттерінің даму денгейі. Басшының ұйымдастыру потенциалы қарым-қатынастар жүйесінде анықталады. Басшының лидер, ұйымдастырушы, маман және тәрбиеші ретіндегі әлеуметтік функииялары сан түрлі, бұл басқару қызметінің күрделілігіне әкеліп соқтырады. Басқаша айтқанда, басшының жеке қасиеттері - оның функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін оның барлық ерекшеліктерінің жиынтығы [5, 18-22б] .

Қазіргі экономикалық жағдайда басшылар тек іскерлік шаруа жүргізушілер емес, сонымен қатар, саяси қайраткерлер болуы тиіс, бұл үшін олар адамның мұқтаждарын қанағаттандыруға бағытталған сәяси мәдениетке ие болулары қажет. Әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, басшылардың үштен екісі өздерін саяси лидерлер деп есептейді. Қоғамдағы әлеуметтік жауаптылық басшылардың 28% ғана толғандырады. Ал олардың 18% мемлекеттің әлеуметтік саясатын шындап білгісі келеді. Сонымен, басшылардың саяси мәдениетінің деңгейі белгілі болып, буның белгілі масштабтағы мәселе екені анықталады.

Кітапхананы басқару - кітапхананың өндіріс басқарудың құралды бөлігі. Басқару тәрізді "жұмыстың жақсы жағдайларда кітапханашыға ешқандай жамандық әкелмей, баяндауға жол бермейтіндей жылдамдық шегін нақты анықтау қажеттілігін талап еткен" Тейлормен ғылыми негізде бірінші қойылды. Тейлор ұсынған амал оны жеткілікті жоғарылатуға ғана мүмкіндік берген жоқ, орындаушылардың еңбегі жабдық жұмысы тәрізді белгіленеді.

Кез келген жұмысты нөмірлеуге болмайды. Егер жұмыс үздіксіз болмаса, орындалған жұмыс көлемі аз болса, қызметшілер әр түрлі міндеттерді орындаса, орыңдаушының еңбегін реттеп қажеті жоқ.

Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс - әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталды. Кітапхана өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі әлеуметтік - бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кітапхана шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді [33, 46-49б] .

Сондықтан да барлық кітапханадар меншік түріне байланыссыз - ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті. Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:

− өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті тауар мен қызмет өндірісімен байланысты;

− алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда өндіріс іс - әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және ұжымды әлеуметтік дамытуға жұмсалады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарттық өнімдерді өткізудің ақпараттық жүйесі
Бастауыш мектепте қолданылатын оқу бағдарламалық өнімдер
Ақпаратты өңдеуді ұйымдастыру
Қаржы менеджменті туралы
Қонақ үй бизнесі жайлы
Өнім өндіруді оптимизациялау
Банкті басқару мен бақылау
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
Кәсіпорынның потенциалын бағалау
Туризм мамандықтарына арналған дәрістік кешені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz