Басқарудағы негізгі әдістердің проблемалары және даму жолдары


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І Бөлім. Басқарудағы қолданылатын негізгі әдістердің теориясының жүйесі . . . 6
1. 1 Басқару ғылымының мазмұны, әдісі және эволюциясы . . . 6
1. 2 Басқару әдістерін жіктеудің негіздері мен экономикалық әдістері . . . 15
1. 3 Басқарудың әлеуметтік - психологиялық, ұйымдастыру - басқарушылық әдістері . . . 25
II Бөлім. "Ақсай -нан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметін қаржылық - экономикалық тұрғыдан талдау . . . 32
2. 1 "Ақсай - нан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы жалпы мәлімет . . . 32
2. 2 "Ақсай - нан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің негізгі экономикалық көрсеткіштері . . . 37
2. 3 "Ақсай - нан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметін қаржылық талдау . . . 39
III Бөлім. Басқарудағы негізгі әдістердің проблемалары және даму жолдары . . . 49
3. 1 Кәсіпорында өнім сапасын басқару және оның бәсекеге жарамдылығы . . . 49
3. 2 Басқаруда іскерлік стратегияны қалыптастыру. Персоналды ынталандыру механизмдерін дамыту . . . 57
Қорытынды . . . 78
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 80
Қосымшалар.
Кіріспе
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрларды дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігін туындайды. Осы тұрғыдан алғанда, кадрларды кәсіби тұрғыдан, әсіресе, менеджмент саласына лайықты дайындау мемлекеттің ұзақ мерзімді экономикалық саясатының құрамдас бөлшегі болуы тиіс. Нарық жағдайында түбегелі өзгерістерге ұшырайтын кәсіпорындар мен фирмалар деңгейінде бұл проблема үлкен мәнге ие болады. Бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршендігін қамтамасыз ету үшін жаңаша басқарып үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтық коньюктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезіне стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзінде асыратын ұжымда жетекшілік етуді қазіргі заман талаптары деңгейінде жүзеге асыра алатын жаңа типті басшы - менеджерлерді дайындауды талап етеді.
Менеджер қызметінің мақсаты - өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны еңгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және т. б. көздеге мақсаттарға жету жолын қарастырады. Нарық және бәсекелестік теорияларын басқару мәселелерімен байланысты, өйткені ашық қатынастағы нарықтық экономиканы нарық құрылымын, оның тетіктерін және елдің бәсеге қаншалықты жарамды екенін бағалау әдістерін дәлдікпен зерттелмейінше қалыптастыру мүмкін емес.
Теорияда да тәжірибеде де басқару ісі әрдайым халық шаруашылығының әр түрлі деңгейінде нақты әлеуметтік экономикалық процестерді басқаруды жүзеге асыратын белгілі бір әдістер жиынтығының айырықша мүддесін білдіреді. Көптеген әдістер бар. Алайда басқара білу өнері керекті сәтінде, яғни қажетті кезеңде белгілі бір деңгей мен объекті үшін дұрыс қолданылуы. Экономиканы қалыпты жұмыс істететін бір немесе бірнеше әдістерді таңдай білуді білдіреді. Басқару процесінде функцияларға ерекше мән беріледі, өйткені оларды дәлме-дәл орындау басқару ісінің тиімділігін көп арттырады. Функцияларды ғылыми негіздеп жіктеу және оларды ұйымдастыру, жоспарлау, маркетинг реттеу сияқты әр түрлі міндеттерін қатан түрде қолдану басқару қызметінің нәтижелі болуына өз әсерін тигізеді.
Басқарудың ғылыми негіздері танып білу, қандай да болсын басшыға қажет. Үлкен ұйымды немесе шағын бөлімді басқару болсын осының барлығы адамдарды, персоналды басқару болып табылады. Технологиялық және ақпараттық ресурсты алдыңғы қатарлы ғылымның жетістіктерін тәжірибиде қолдануды және басқаруға қажетті ақпарат толқынымен тиімді қамтамасыз етуді талап етеді. Серіктестіктің қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оның қоршаған ортасындағы экономикалық саяси нарықтық технологиялық, әлеуметтік факторларға байланысты болады. Басшылық аталған факторларды талдау арқылы төленетін ықтимал қауіп қатерді орнықта бағалап, мүмкін болатын зардаптарын саналы түрде алдын алу және сыртқы ортаға бейімделуі тиіс. Сыртқы ортаны талдау процесі арқылы серіктестік стратегиясын ұсынуға, өзгерістерді бағалауға бәсекелестері қызметін бағалауға және тиімді факторларды бөліп көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Бұнда кәсіпорынның мақсаты, жоспарлаудың, ұйымдастырудың, бақылаудың негізгі қызметтері қарастырылады. Бұл бөлімде басқару шешімдерін әзірлеу технологиясын, оны қабылдау және жүзеге асыру әдістері туралы жазылған. Шешім қабылдау басшы жұмысындағы түбегейлі мәселе болып табылады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде басқару ғылымының объектісі, мәні, мазмұны туралы негізгі түсініктері, басқаруда қандай әдістер қолданатыны баяндалын көрсетілген.
Екінші бөлім негізгі болып есептеледі, себебі бұл осы дипломдық жұмыстың маңызды бөлігі болып саналады. Онда “Ақсай нан” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің соңғы үш жылды салыстыра отырып қаржылық көрсеткіштерін талдау арқылы жүзеге асырылады.
“Басқаруда негізгі әдістердің проблемалары мен даму жолдары” атты үшінші бөлімінде өндірілетін өнім, оның көрсеткіштері, бәсекеге жарамдылығы, өнім сапасын басқару, басқаруда іскерлік стратегияны қалыптастыру, оның негізгі басғыттары, элементтері жайлы сонымен қатар еңбек әрекетіне байланысты мотивация, оның мәні, ынталандыру жүйесі, қызметкерлер еңбегінің өтем ақы жүйесі, оның мақсаттары, басқару жүйесі, туралы қарастырылған.
Нарықтық экономика жағдайында елімізде кез-келген өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін жоғарлатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр. Экономиканың қазіргі даму кезеңінде дүниежүзінің көптеген елдеріндегі негізгі проблемалардың бірі - персоналмен қалай жұмыс жасау болып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының көптігіне қарамастан өнер-кәсібі дамыған әр түрлі елдерде кадрларды таңдау процедуралары мен әдістерін бір қалыпқа келтіру; оларды бағалаудың ғылыми критерийлерін дайындау; персоналды басқарудың қажеттілігін талдауға ғылыми әдістерді пайдалану, кадрлік шешімдерді негіздеу және олардың жариялалығын кеңейту; мемлекеттік және шаруашылық шешімдерді кадрлік саясаттың негізгі элементтерімен жүйелі түрде байланыстыру негізгі ортақ үрдісіне айналып отыр. Қазіргі уақытта персоналды басқару функцияларының айырмашылығы мен рөліне келесі өзгерістер әсер етіп отыр:
- басқару жүйесі мен кәсіпорындардың қарым-қатынастары түбегейлі өзгерді;
- персоналмен жұмыс істеуге көмектесетін көптеген үйлестіруші әдістемелік орталықтар жойылды;
- басқару және шаруашылықпен айналысу жағдайлару күрт өзгеріске ұшырады ал бұл болса ой-пікірдің сел соқтығына, арқа-сүйенушілік сана-сезіміне, қызметкердің немқұрайды қарауына қайшы келді.
І БӨЛІМ. БАСҚАРУДАҒЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРДІҢ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ.
- БАСҚАРУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МАЗМҰНЫ, ӘДІСІ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Басқару ғылымы экономикалық-ұйымдастырушылық ғылымға қатысты, өйткені ол өндірісті басқару және тұтас экономика процесінде адамдардың қарым-қатынасын, байланысын зерделейді.
Адамдардың қоғамдасып тіршілік етуі үшін материалдық өндіріс қажет, ал осы өндіріске қатысты қарым-қатынас адамдардың қоғамдық тұрмысын анықтап береді. Қоғамдық өндірістің ішкі шеңберінде тікелей өндіріс шешуші мәнге ие, «Өндіріс - тұтыну үшін тек затты ғана өндіріп қоймай, оның тұтынудағы анықтамасын, сипатын, аяқталуын береді» (К. Маркс) . Онда болатын процестер мен оларды басқару осы ғылымның объектісі болып табылады.
Басқару ғылымының мазмұны біріккен еңбекті басқару қажеттілігінен пайда болатын ерекше міндетті іс (функция) ретінде басқарудың мәні арқылы анықталады. Өндіріс пен барлық экономиканы біліктілікпен басқаруды қажет ететін біріккен еңбек саласы, жеке адамдардың кооперативі ретінде қарастыруға болады.
Өндіріс пен оның адамдарды басқару процесіне адамдардың бір-біріне белгілі бір қарым-қатынасы жатады. Сондықтан да басқаруды оқып-білу - бұл ең алдымен өндіріс процесіне белгілі бір мақсатпен ықпал ету барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынасын зерделеу, басқару қатынастарын қалыптастыратын зандарды анықтау болып табылады. Осының негізінде басқару қызметінің принциптері, оларды жүзеге асырудың формалары мен тәсілдері белгіленеді.
Басқару ғылымы әр түрлі халық шаруашылығы буындарына қатысты басқару процестерін зерттейді: оның алғашқы әрі ең шешушісіне микродеңгей жатады. Кәсіпорынды, жеке өндіріс түрін, былайша айтқанда, түпкі есебінде қоғамның экономикалық бет-бейнесін жасайтын заттай-материалдық құндылықтарды өндіретін салаларды басқару объективті қажеттілік болып табылады, Осыған қарай басқарудың осы деңгейі барлық басқару жүйесінің басты назарында ұстайтын объектісі болуы керек.
Кәсіпорындарды басқару ісі барлық экономикалық байланыстар мен қатынастардың жиынтығын толық қамти алмайды. Өндірісті басқарудың ғылыми сипатында кәсіпорын халық шаруашылығының біртұтас жүйесін құрайтын қоғамдық, басқа да өндірістік және тұтынушы ұяшықтарымен бірге қарастырылады.
Басқарудың бір объектісі - мезодеңгей. Мұнда басқару пәндеріне өндіріс ұйымының, технологияның әр түрлілігімен байланысты өзіндік ерекшелігі бар салалар, аймақтар жатады. Аймақтарға олардың экономикалық дамуының алғышарттары мен кеңістіктегі орналасқан орнына, тарихи-географиялық факторларына, өндірістік әлеуетіне қарай болатын ерекшеліктер тән. Аймақтардың басты құрастырушыларына аймақтардың арасындағы экономикалық байланыстар, аймақтық жүйелер, өндірістік күштердің орналасуы жатады. Аймақты басқару объектісі ретінде мемлекет пен ұлттық экономиканың (аймақ мемлекет сыңайлы болады), аймақ-нарық, аймақ-әлеумет ретіндегі оқшауланған қосымша жүйені білдіреді.
Әлдеқайда ғаламдық сипаттағы басқару объектісіне макро-деңгей - экономикалық саясаттың күллі объектісі жатады. Макроэкономика - бұл экономикалық теорияның бөлімі. Онда экономика тұтас жүйе ретінде зерттеліп, экономикалық саясаттың мақсаттары қалыптастырылып, оларды жүзеге асыруға қажетті экономикалық құралдар анықталады. Макроэкономикалық тәсілдеме ұлттық деңгейде немесе үлкен секторлар деңгейінде экономиканың жағдайы мен қозғалысын зерттеу үшін пайда-ланылады. Макроэкономика ұлттық ауқымдағы экономикамен айналысатындықтан біріктірілген экономикалық көрсеткіштерімен (жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім, сұраныс жиынтығы және т. б. ) айналысады.
Экономиканың бұл аспектісі басқару теориясына апаратын басты аспекті болып табылады, өйткені оны халық шаруашылығының ауқымында алып қарастырганда ғана зерттеудің бастапқы сәтін анықтауға болады. Бұны кәсіпорынның (бастапқы буын) барлық халық шаруашылық жүйелерінің ажырамас бөлігін құрайтынымен байланыстырып түсіндіруге болады.
Қоғамдық ауқымдағы басқарудың өзіндік ерекшелігі бар объектілерге барлық әлеуметтік салалар, қызмет салалары кіреді. Мұнда басқару ісі негізінен адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметтермен айналысады. Бұл салада адамдардың көптеген талап-тілектері жүзеге асырылады. Ол қоғамның бүкіл жағдайына, оның ішінде әлеуметтік ақыл-ойының қалыптасуына себепші болатын барлық әлеуметтік инфрақұрылымдар мен қызмет түрлерін қамтиды.
Басқару ғылымының объектілері туралы жалпы сөз еткенде, өндірісті басқару кез келген әлеуметгік-экономикалық жағдайларда еңбек процестері жиынтығының ажырамас бөлігін құрайтынын түйіндеп айтуға болады. Оның көп қырлы сипаты болады, әрі «басқару ісі барлық өндіріс тәсілдерінің қажетті сәтіне жатады».
Тұтастай алғанда XX ғасырдағы басқару туралы ғылымның дамуын шартты түрде мына кезеңдерге бөлуге болады:
- 50-ші жылдары - таза басқарушылық шешімдер кезеңі;
- 60-ші жылдары - фирма ішіндегі ұзақ мерзімді жоспарлау;
- 70-ші жылдары - стратегиялық жоспарлау;
- 80-ші жылдары - стратегиялық менеджмент;
- 90-ші жылдары - стратегиялық процестерді зерттеуге көшкен басқару ғылымы дамуының жаңа кезеңі туды.
Басқару ғылымы әдістерінің жиынтығы
Кез келген ғылым секілді басқару ғылымының өз мазмұны, теориясы және әдістемесі болады.
Әдістеменің міндеті - осы саладағы білімнің өмір құбылыстарын (қолданысын, көрінісін) зерделеу мен қорытындылаудың әр түрлі құралдары мен тәсілдерінің жүйесін жасау болып табылады.
Басқару теориясы мен іс-тәжірибесінде көптеген әдістемелер қолданылады, оған жататындар:
- Диалектикалық әдістеме. Басқару ісінде барлық диалектикалық заңдар мен категориялардың өз орындары бар.
- Нақты-тарихи тәсілдеме - өндірісті басқару мәселелерін ғылыми тұрғыдан әзірлеуге қойылатын міндетті талап.
- Кешенді тәсілдеме - басқару бойынша ұсыныстарды тиімді зерделеу және әзірлеу шарттарының бірі.
- Аспектілік тәсілдеме - басқару қатынастарының бір қырын, бір ерекшелігін зерттеу. (Аспектілер: саяси-экономикалық, әлеуметтік, философиялық және т. б. )
- Жүйелі тәсілдеме - ол басқарушы жүйені және басқарылушы жүйені өзара байланыстыруға мүмкіндік береді. Жүйелі тәсілдемені жүзеге асырудың шарты - жүйелі талдаудың әдістемесі болып табылады. Жүйелі талдау басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жобалау-дың әдістемелік негізінің бірі ретінде қызмет етеді.
- Үлгілеу (моделирование) - басқару ғылымының тиімді әдістемесі. Ол басқарылатын объектіні немесе субъектіні басқарудың үлгілерін жасауға негізделген. Ал, үлгілер өз кезегінде объектілердің немесе субъектілердің ерекшеліктерін танып-білуді жеңілдетеді.
- Эксперимент әдістемелері, әлеуметтік әдістемелер, мотивация әдістемелері және т. б.
Басқару ғылымының эволюциясы
Басқару туралы идеяның тамыры теренде жатыр. Клод Ст. кіші-Джорждың (басқару саласының американдық теоретигі) «Басқару ойларының тарихы» атты кітабындағы «Басқару континуумы» тарауында біздің дәуірге дейінгі 5000 ж. бастап менеджменттің дамуы суреттелген. Ол туралы бірқатар мәліметтер (қысқартылып алынды) төмендегідей.
Менеджмент эвалюциясы.
Кесте 1
Менеджмент теориясының одан әрі дамуы ғылыми менеджмент жасалған XX ғасырдың басында жалғасын тапты. Дамудың бұл кезеңінде көптеген ғылыми бағыттар пайда болды. Бұл бағыттардың көрнекті өкілдері: Фредерик У. Тейлор, Анри Файоль, Мэри Р. Фоллет, Макс Вебер, Норберт Винер, Игорь Ансофф, Майкл Портер және т. б.
«Ғылыми менеджмент» мектебі
«Классикалық» («ғылыми менеджерлеу мектебі») кез келген ұйымды басқаруға жарайтын басқару принциптерін әзірлеуге ұмтылды.
Бұл мектеп ең алдымен Ф. Тейлордың есімімен байланыстырылып аталады.
Ол еңбек өнімділігін арттыру қожайынға да, жұмысшыға да мол өнім әкеледі деп ұйғарған. Бұл үшін оның да, басқалардың да санасын ояту, яғни олардың психикаларына төңкеріс жасау қажет.
Ф. Тейлор тұжырымдамасының негізгі ережелерін былайша бөліп көрсетуге болады:
- тәжірибеде қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерін алмастыра алатын ғылыми фундаментті жасау, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу;
- ғылыми критерийлердің негізінде жұмысшыларды іріктеп, оларды жаттықтыру және үйрету;
- еңбекті ұйымдастырудың ғылыми тұрғыдан әзірленген жүйесін іс жүзіне енгізуде әкімшілік пен жұмысшылардың ынтымақтастығы;
- әкімшілік пең жұмысшыларға жауапкершілікті және еңбекті тең бөліп беру.
Ф. Тейлор әрбір операцияны элементарлы құрамдық бөліктерге бөлшектеудің және жұмсалған уақытты есептеудің көмегімен жұмыстың әлдеқайда озық тәсілдерін анықтаудың мүмкіндіктеріне сенді. Тейлор еңбекақы жүйесінің елеулі түрде қайта құрылуына ықпал етті. Ол белгіленген нормалардың орындалуына қарай қатаң дараланған әрі сараланған түрде болды. Ол шұғылданған жекелеген жұмысшының еңбегін оңтайландыру мәселелерімен қатар еңбекті ұйымдастырудың әлдеқайда жалпы принциптерін әзірлеу қолға алынды. «Классикалық» мектепке зерттеудің осы бағытының негізін Анри Файоль қалады.
Оның пікірі бойынша, әкімшілік өзіне мына функцияларды құрамақ:
- өндірістік,
- коммерциялық,
- қаржылық,
- кредиттік,
- есептік-бухгалтерлік,
- әкімшілік.
А. Файоль кез келген әкімшілік қызметте, оның пікірі бойынша қолдануға жарайтын принциптерді әзірледі. Оған жататындар: еңбекті бөлу, билік, тәртіп, біртұтас басшылық, сыйақы, тендік, бастама, корпоративтік рух. Ол, сонымен қатар, маңызды принциптерді бөліп көрсетті: басшылық пен бұйрықтың біртұтастығы.
Басқарудың «классикалық мектебі» одан әрі екі негізгі бағытта дамыды - өндірісті оңтайландыру, басқарудың жалпы мәселелерін зерттеу. Бұл арада Г. Эмерсонның, Л. Урвиктің, М. Вебердің және Г. Фордтың еңбектерін бөліп айтуға болады.
Г. Эмерсон «Двенадцать принципов производительности труда» еңбегінде кәсіпорынды басқарудың мына принциптерін қарастырып, қалыптастырды:
- әрбір басшы мен оның әр түрлі деңгейдегі бағыныштылары қол жеткізуге ұмтылатын нақты белгіленген мақсаттар;
- алдағы кезеңнің мақсаттарын қоса ескеретін әрбір жаңа процесті талдаудың мағынасы айқын тәсілдемесі;
- білікті кеңес (кеңес беру) - арнайы білімдердің қажеттілігі. Шынайы білікті кеңес тек алқалылық қана бола алады;
- тәртіп;
- қызметкерге дұрыс қарым-қатынас жасау;
- жылдам, сенімді, дәл және тұрақты есебі;
- оперативтік басқару;
- нормалар және кесте;
- жақсы нәтижелер арқылы қол жететін жағдайларды нормалау;
- орындалу тізбегін белгілеу үшін операцияларды нормалау;
- жұмысты орындаудың барлық ережелерін дәл бекітуді қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;
- әрбір қызметкерді көтермелеуге бағытталған өнімділік үшін сыйақы.
Л. Урвик басты назарын формалды тұрғыдан ұйымдастыруды құратын принциптерді әзірлеуге аударды. Онысы бүгінгі таңда да өзінің көкейтестілігін жоғалтқан жоқ. Құрылымдағы адамдардың сәйкестігі, арнайы штабтың құрылуы, құқық пен жауапкершіліктің салыстырмалылығы, бақылау диапазоны, мамандандыру, нақтылық және т. б. Бұлар оның тұжырымдамасының негізгі ережелері.
«Адамдық қарым-қатынастар» мектебі
Басқару теориясындағы жаңа бағыттың негізін қалаған америкалық ғалым - Элтон Мэйо (1880-1949 жж. ) . Ол жұмысшылардың тобымен бірлесіп 13 жылдай жүргізген тәжірибенің нәтижесінде мынадай қорытындыға келді: жұмысшылардың еңбек өнімділігі еңбек жағдайы мен әкімшіліктің әрекетіне ғана байланысты емес, ол, сондай-ақ, жұмысшылар ортасының (формалды емес шағын таптар деп аталатын) психологиялық және әлеуметтік климатына да тәуелді болады.
Ф. Херцберг, Рл. Ликарт, Дуглас Макгрегор, Фоллет Мэри Паркер және т. б. осы мектептің көрнекті өкілдері.
Бұл бағыттың негізгі ережесі - бейформалды шағын таптарға қатысты рөлді анықтау және басқару іс-тәжірибесінде топтардың психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін анықтап, пайдалануға мүмкіндік беретін әдістердің қажеттілігіне сендіру.
Осы мектептің өкілдері басқару жүйесіндегі қызметкерлердің еңбегін жетілдіру әдістерін іздестіруге айтарлықтай маңыз береді. Әрі-беріден соң оларға ұйымның формалдық құрылымын қайта құру барысында бейформалды әлеуметтік құрылымдарды өзгертуге баса назар аударуына кеңес берілді.
Жауапкершілікті жүктеу біршама деңгейде ұйымдағы уәждемемен (мотивациямен) байланысты. Осы позиция тұрғысынан Д. Макгрегордың көзқарасы кеңінен тараған. Оның сендіруі бойынша, басқаруды ұйымдастырудың екі негізгі тәсілдемесі бар.
Біріншісі - X теориясы нормаланған процедуралар мен операцияларды пайдаланатын мәжбүрлеу және көтермелеу («қамшы және жылы-жұмсақ»), әдістерін қолдануға негізделген. Екіншісі - У теориясы қызметкерлерді ынталандыруға, септігін тигізетін олардың белсенділікпен бастамалар көтеруіне мүмкіндік беретін жағдай тудыруға айрықша көңіл бөледі.
Д. Макгрегордың пікірі бойынша, ұйымның X теориясынан У теориясына өту шамасына қарай ұйымның құрылымы қатаң иерархиялық құрылымнан қашықтап, күрделі өзгеріске ұшырамақ.
Жалпы қорытындысында «адамдық қарым-қатынастар» мектебі адам факторының есебіне және ұжымда тиісті психологиялық климат тудыруға баса назар аударады.
«Эмпирикалық» басқару мектебі
Бұл мектеп өкілдерінің мәлімдеуінше, басқару саласындағы ғалымдардың негізгі міндеті - тәжірибе материалдарын жинап алу, қорытындылау әрі осының негізінде басқарушының ұсыныстарын әзірлеу болып табылады.
Бұл мектеп басқаруды ұйымдастырудың мәселелерін нақты психикалық-ұйымдастырушылық және экономикалық тұрғыдаи зерттеулер жүргізу бағытында дамыды.
«Эмпирикалық мектептегі» негізгі зерттеу бағыттарының біріне басшылардың функцияларын және еңбектің мазмұнын зерделеуді жатқызуға болады. Бұл бағыт біршама деңгейде мынадай жағдайға себепкер болады: басқару кәсібиленеді, яғни басқару ісі бойынша еңбекті дербес, өзіндік ерекшелігі бар еңбек түріне ерекше кәсіпке айналдырады.
«Эмпирикалық мектеп» өкілдерінің пікіріне сүйенсек, басқарушының еңбегі кәсіпорынның басқа қызметкерлерінде болмайтын екі ерекшелікпен сипатталады.
Бірінші ерекшелік - басқарушы қолдағы бар ресурстардан тұтас бір бүтін жасауы керек.
Екінші - ол әрбір шешімі мен әрекетінде болашаққа, яғни ұйымды дамытудың келешегіне бағдарлануы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz