Қазіргі кезде кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары


Мазмұны:
Кіріспе . . . 4
1. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері
1. 1. Кәсіпорынның ақша қаражатының экономикалық мыңызы . . . 8
1. 2. Кәсіпорынның ақша қаражатының атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері . . . 15
1. 3. Кәіпорынның ақша қаражаттарын басқаруды жоспарлаудың ерекшеліктері . . . 30
2. «КХП Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау
2. 1. «КХП Ақайнар» АҚ - ның 2009-2010 жылдардағы активтерінің құрамы мен құрылымын талдау . . . 41
2. 2. «КХП Аққайнар» АҚ- ның 2009-2010 жылдардағы негізгі құрал - жабдықтардың көрсеткіштерін талдау . . . 46
2. 3. «КХП Аққайнар» АҚ - ның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау . . . 48
3. Қазіргі кезде кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары . . . 50
Қортынды . . . 57
Қолданылған әдебиеттер . . . 60
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлік қызметті жүргізуде, капиталды тарту мен пайдалануды қамтитын әртүрлі нысандары мен тәсілдері бар. Кәсіпорын келесі нышандары: шаруашылық қызметтің түрі, меншік нысаны, сандық көрсеткіштер, маңызы мен аумақтық орналасуы, ұйымдық-құқықтық түрлері және басқа да нышандары бойынша сараланады. Кәсіпорын -экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру- әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Еліміз нарықтық қатынастарға өткеннен кейін кәсіпорындардың дербестігі мен олардың экономикалық және құқықтық жауапкершілігі жоғарылауда. Шаруашылық субъектілердің қаржылық тұрақтылығының маңызы тез жоғарылауда. Мұның бәрі кәсіпорынның қаржылық жағдайын, яғни ақша құралдарының басқарылуы, бөлінуін және қолданылуының талдау рөлін жоғарылатады.
Мұндай талдаудың нәтижесі біріншіден меншік иесіне, сонымен қатар кредиторларға, инвесторларға, жабдықтаушыларға, менеджерлар мен салық қызметтеріне қажет. Осы жұмыста кәсіпорынның қаржылық талдауы меншік иесінің көзқарасы жағынан жүргізілген, яғни ішкі қолдану мен қаржыны оперативті басқару үшін қажет.
Қаржылық нәтижелер көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық жүргізуінің абсолюттік тиімділігін сипаттайды. Олардың ішінде ең негізгілері болып кәсіпорын экономикасының дамуының негізін құрайтын пайданың көрсеткіштері табылады. Пайданың өсуі өз-өзін қаржыландыру үшін, өндірісті кеңейту үшін, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін және жұмысшылардың материалдық қажеттіліктері үшін қаржылық базаны қлыптастырады. Пайданың есебінен бюджет, банктер және басқа да кәсіпорындар мен ұыймдар алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігі өтеледі. Осылайша пайданың көрсеткіштері кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің бағалауындғы ең негізгілері болып табылады. Олар оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық жағдайының деңгейін сипаттайды.
Кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі бұл өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден және басқа да өткізулерден болған нәтижелер сомасы ретінде сонымен қатар жүзеге асырылмаған операциялардан болған табыстар мен шығыстар сальдосы ретінде көрінетін баланстық пайда немесе шығын.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық жәнебасқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқашаруашылық субъектілерімен қаржылыққарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндікқұн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылықтұрақтылығын және оныңөз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Диплом жұмысының нысаны - «КХП Аққайнар» АҚ - ның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау. Сонымен, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынасындағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгендігін бағалайды. кәсіпорынның қаржылық жағдайын объективті дұрыс бағасын алудың еңжақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынныңдаму бағытын анықтауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылыққызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетінқызметіболып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Мен бұл диплом жұмысымда негізінен нарықтық экономика жағдайындағы байланысты кәсіпорынның ақша қаражаттарының қалыптасу ерекшеліктері мен даму жағдайы, оның экономикалық мәні, олардың қызметтері мен міндеттері және басқаруды жоспарлауды, яғни компанияның ақша қаражаттарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмдерін дамытуы мен оны жетілдірудің жолдарын қарастырдым.
Диплом жұмысыың құрылымы - кіріспе бөлім, екі тарау, алты бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері
1. 1. Компанияның ақша қаражатының экономикалық мыңызы
Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.
Нарықтық экономика жағдайында мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық өмірінде күрделі өзгерістер жүруде. Қаржы жұмыстарын ұйымдастырудың бұрынғы тәсілдері жаңа тәсілдермен сәйкес келмеді, кәсіпорындардың қаржылық қызметтерінің алдына жаңа талаптар қойыла бастады. Оның маңызды себептерінің бірі экономиканың нақты секторындағы реформаның тежелуі.
Кәсіпорындары басшылары мен менеджерлері алдында қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне көбірек көңіл бөліне бастады. Өйткені кәсіпорындар қызметін жоспарлауға алдын қолданылған көрсеткіштер мен процедуралардың, мысалы, өндірілген өнімнің көлемінің құнының өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы салдарынан жеңісті бәсекелестікке әкелмейтіндгігі анықталады және бәсекелестіктердің пайда болуы дәстүрлі пайданы алуға кедергі келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар кей жағдайларда пайданы ең төменгі деңгейге дейін жеткізеді.
Компанияның ақша қаражаттарын басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорылар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т. б. осындай басты мәселелерді шешу диссертациялық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.
Сонымен қатар, кәсіпорындарда әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін, қаржы ресурстарын басқару жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі де бар. Мәселенің өзектілігі Қазақстанның жеке меншік иелігіндегі және өз қызметінің ерекше салалық, өндірістік және технологиялық ерекшеліктеріне ие, мақта тазалау өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін оның жеткіліксіз жасалуымен күшейеді. Аталған жағдайлар диссертациялық зерттеу тақырыбы ретінде қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін мақта тазалау кәсіпорындарында ұйымдастыру, оның өзекті мәселелерін таңдауды анықтады.
Қаржы ресурстарын басқару жүйесінің тәжірибесі шағын кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру проецесін талдауға мүмкіндік береді. Қаржы ресурстары туралы ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді. Осы мәселелерге қазақстандық келесі ғалымдар өз еңбектерін арнаған: Джуманов А. М., Жуйриков К., Ильясов К. К., Сатыбалдин А. С., Отаров Э. К. және т. б. Сонымен қатар ғылыми басылымдарда қаржы ресурстарының анықтамасы қаржы түсінігімен жүргізілуде, ал нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқаруға көп көңіл бөлу керек, өйткені қаржы ресурстарын басқарудың тиімді жұмысы туралы сөз қозғауға болмайды. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру арнайы кешенді зерттеуді және талдауды талап етеді.
Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі. Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді.
Мемлекеттік кәсіпкерлік - әдетте түрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, үкіметгің қаржылық және үйымдастырушылық жағынан қамқорлығында болатын кәсіпкерліктің түрі. Жеке кәсіпкерлік - бір ғана адам айналысатын бизнес. Жеке сектор мемлекетікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:
- қызмет сферасын таңдау еркіндігі;
- бизнес көлемінің шектелмеуі;
- қатаң бағамен шектелмеуі.
Әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өндірісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бірақ кемшілігі капиталдың аздығы мен жауапкершіліктің шектелмеуінде жатыр.
Экономиканың жеке меншік секторындағы кәсіпорындар кәсіпорын иелері бір немесе бірнеше адам болып келулеріне, кәсіпорын жұмысы үшін жауапкершіліктеріне, кәсіпорынның жалпы капиталына жеке капиталдарды қосу тәсіліне байланысты бөлінеді.
Серіктестік - екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнес. Серіктестіктің бірнеше түрлері бар. Енді олардың әрқайсысына тоқталайық.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның мівдеттемелері бойынша өзі қосқан қаражат мөлшерінде ғана жауапкершілік көтереді.
Жауапкершілігі шектеусіз серіктестік - кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктерімен ортақ жауапкершілікте болады.
Толық серіктестік - мүшелердің үлестік (пай) меншіктігіне негізделген. Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызметтің нәтижесі бойынша өздерінің жеке мүліктерімен толық жауапкершілікті көтереді. Қаржылы жылдың қорытындысы бойынша серіктестік тапкан таза табыс қатысушылар арасында олардың жарғылық капиталға қосқан үлесіне сәйкес бөлінеді.
Артъщшылыгы: айтарлықтай қаражатты салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде жинақтауға болады; қаражат салу бағытында жұмыла кірісіп кете алады, экономиканың әр түрлі салаларына қаражат салуда әртүрлілікті қолдана алады.
Кемшілігі: таза табысты бөлу кезінде серіктестікке қатысушылар арасында қиындық туады; салық салуда жеңілдік жоқ.
Командитті серіктестік - үлестік меншікке негізделген. Командитті серіктестік өзінің салымы мөлшерінде жауапкершілік көтеретін, салымшы мүшелерді (коммандистер) және міндеттеме бойынша толық ортақ жауап беретін толық жолдастарды (өзінің мүлкімен жауап беретін жауапты серіктестерді) қамтиды.
Артықшылығы: баскаруға қатысы жоқ, бірақ өз капиталы болғанды қалайтындарды серіктестікке тартуға болады.
Өндірістік кооператив - өндіріс, қайта өңдеу, өткізу, сауда, түрмыстық қызмет көрсету саласында бірігіп шаруашылық жүргізу үшін азаматтардың ерікті бірлестігі.
Акционерлік қоғамдар - бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы. Корпорация меншігіне қүқық акциялар бойынша бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция үстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып бөлінеді.
Ашық акционерлік қоғам - бүл акция шығарып және оны сату арқылы көптеген қатысушылардың қаражаттарын біріктіру жолымен ақшалай қаржысы қүралған кәсіпорын.
Жабық акционерлік қоғам - акцияларды тек оның құрылтайшылары арасында немесе алдын ала белгіленген адамдар арасывда ғана бөледі.
Корпорацияның артықшылықтарына мыналар жатады:
- акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда шектелмейтін мүмкіндіктер;
- басқару функцияларын орындау үшін кәсіби мамандарды тарту;
- корпорация қызметінің тұрақтылығы, өйткені акционерлердің біреуінің қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.
Кемшіліктері: корпорация табысының акция үстаушыларға дивидент түрінде төленетін бөлігіне екі жақты салық салу: бірінші рет корпорация пайдасының бір бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке табысының болігі ретінде. Кіші корпорациялардың иелері үшін екі жақты салық салудың ауыртпалығы елеулі. Сондықтан АҚШ-та бүндай фирмаларға 8 корпорациялары (зтаіі Ьизіпезз согрогаііоп) стахусын алуға болады. Бұл кезде корпорация табысы олардың иелерінің табысы болып саналады және тек табыс салығы алынады.
Кәсіпкерлік көлеміне қарай шағын, орта, ірі болып бөлінеді. Шетелдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстан жағдайында шағын бизнеске мынадай анықтама беруге болады: шағын бизнес бір немесе бірнеше инвестормен құрылатын географиялық шектеулі аймақта қызмет ететін нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқару сипаты икемділікпен ерекшеленетін кәсіпорындар. Шағын бизнестің ерекшеліктеріне оның икемділігін, өндірілетін өнім мен қызмет түрін тез өзгертуге қабілетті, технология және басқа да қызмет сфераларында жаңалықты ендіруге икемділігін жатқызуға болады. Сонымен қатар жұмысшылардың басқару, табысты бөлуге қатысуға тікелей мүмкіндігі бар. Ірі фирмаларда құрылтайшылар кәсіпорынды басқаруға кәсіпқой менеджерлерді тартады, бұл өз кезегінде екі жақ мүдделерінің келіспеушілігін туғызады, нәтижесінде басқару тиімділігі төмендейді. Шағын және орта кәсіпорындарда мұндай келіспеушілік жоқ, өйткені кәсіпорынның негізін қалаушы мен менеджер бір адам болып табылады. Шағын кәсіпорынды құрудың бірнеше формасы бар: жаңа кәсіпорынды бастау, бизнесті сатып алу, франчайзинг және жанұялық бизнес. Батыс елдерінде шағын бизнес шаруашылықтың елеулі бөлігін құрайды. Мұнда бизнестің франчайзингтік және венчурлық формалары кең тараған. Біздің республика үшін шағын бизнес формаларына франчайзинг пен жанұялық бизнесті жатқызуға болады.
Франчайзинг - ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға қүқық алу үшін және белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз қызметін жасау үшін келісім шарт жасайтын үсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың бағаны төмендетуге, тауарды жеткізуге, қүрал-жабдықтар сатып алуға, несие алуға көмек түрінде жеңілдіктері бар. Франчайзингтік қатынастардьщ 3 типі бар:
1. Франчайзер - өнім шығарушы немесе қызмет көрсетуші фирма өзінің өнімін өндіру немесе қызмет көрсетуге франчайзи қүқығын береді.
2. Франчайзер - өнімді негізгі өндіруші өзінің өнімін көтерме саудамен сату бойынша франчайзи құқығын береді.
3. Франчайзер - көтерме саудагер, фрачайзи фирмаға бөлшек сауда бойынша күқық береді.
Артықшылығы: оқыту мен дайындау, қаржылық көмек, маркетингтік көмек, басқару көмегі, бизнесті тез бастау, қауіп-қатер деңгейінің төмендігі.
Кемшілігі: франчайзингтік төлем, өсу шектеулілігі, тәуелсіздіктің шектеулілігі, келісім-шарт мерзімі мен іс-қимылдың шектеулілігі, тек бір ғана франчайзермен жүмыс жасау мүмкіндігі.
Шағын бизнестің қалыптасуының келесі жолы - бір жанүя мүшелерінің күшімен қүрылған және қызмет істейтін жанұялық бизнес. Жанүялық бизнестің басты артықшылығы бизнесті жүргізуге көмектесетін туысқандық байланыстардың болуы. Тағы бір артықшылығы ірі корпорациялармен салыстырғанда жүмысшылардың жағдайына жоғарғы дәрежеде көңіл бөлінеді. Жанүялық бизнес кәсіпорындары кәсіпорын мөлшері, өнім мен қызмет түрі бойынша әр түрлі ерекшеленеді.
Венчурлық фирма - ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын коммерциялық үйымдар. Олар жаңалықтармен бизнес жасайды. Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет формалары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен анықталған. Соған сәйкес барлық үйымдар (заңды түлғалар) коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді. Коммерциялық фирмалар шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар, мемлекеттік және жергілікті унитарлық кәсіпорындар формасында құрыла алады. Коммерциялық емес фирмалар тұтыну кооперативтері, қоғамдық және діни ұйымдар, қайырымдылық қорлар формасында құрылады.
Кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үйлесімдері болуы мүмкін. Бүл кәсіпкерлікпен шүғылдану үшін қолданылатын капиталдың толық меншікті болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын да қолдануға болады. Алайда, қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады. Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі өседі. Ал тәуекел дегеніміз - жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен салыстырғанда, табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы.
Кәсіпкерлік қызмет әрқашан да жаңалықты іздеу, игерумен тығыз байланыста болуы қажет. Осыған байланысты кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық. Біріншісінің мәні бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар ресурстардан максимальды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұмтылады. Екінші модель өзінде бар ресурстарын ғана емес, сондай-ақ сыртқы ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. Өзінің және сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі дамуының тиімді варианттарымен шұғылданады.
Бұл жұмыстың басты мақсаты -кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқарудың қазіргі заманғы жағдайын жүйелі - кешенді зерттеу және осы сферадағы негізгі мәселелерді анықтауға негізделген қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау жыне талдау жүргізу болып табылады.
1. 2. Кәсіпорынның ақша қаражатының атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылықтұрақтылығын және оныңөз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді?
Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты «өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншіктіжәне қарыз қаражаттырының байланысы деп жазады.
Енді біреулер «өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және деөз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазады.
В. Г. Артеменко мен М. В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: «Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді жәнеоларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылықтұрақтылық барлық өндіріс - шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады».
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В. М. Радионова мен М. А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
- Пайда болу орнына байланысты- ішкі және сыртқы;
- Нәтижесінің маңыздылығына байланысты- негізгі және негізгі емес;
- Құрылысы бойынша- қарапайым және күрделі;
- Әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдасьтыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- Кәсіпорынның салалық топқа жату;
- Шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- Төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- Шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
- Қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- Кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz