Ақша қаражаттар есебiнiң аудитi және талдауы


Тақырыбы: «Ақша қозғалысының аудиті және талдауы» «AvtoTehMas LTD» ЖШС КФ мысалында.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Кәсіпорынының экономикалық характеристикасы.
1. 1 Жалпы кәсіпорынының құқықтық мәртебесі . . . 5
1. 2 Қаржылық және экономикалық талдау . . . 11
2 Ақша қаражаттар есебінің негіздемесі
2. 3 Валюталық шот операцияларының есебi. . . 26
2. 4 Касса операцияларының есебi. . . 31
2. 5 Банктердегi арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебi. . . 35
2. 6 Төлем карточкаларының есебi. . . 41
2. 7 Ақша қаражаттар қозғалысының есебi. . . 44
3 Ақша қаражаттар есебiнiң аудитi және талдауы
3. 1 Аудиттiң әдiстемелiк тәсiлi. . . 48
3. 2 Касса есебiнiң аудитi. . . 52
3. 3 Есеп айырысу шотының аудитi . . . 59
3. 4 Банктегi арнайы шоттардағы және жол үстiндегi нақты ақша қаражаттар есебiнiң аудитi. . . 64
3. 5 Ақша қаражаттарының талдауының мазмұны мен міндеттері . . . 67
3. 6 Төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау . . . 69
Қорытынды. . . 71
Қолданған әдебиет тізімі74
Қосымша76
Кiрiспе
Бухгалтерлiк есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелiмен көштi, оны бүкiл әлемдiк қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда бiздiң Республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдiк нарықта бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым бiздiң экономикамыздың деңгейi де жоғарлай бередi. Бұл бүгiн, ертең, алдыңғы отыз жыл iшiнде де ең өзектi мәселелердiң бiрi болатыны Қазақстан Республикасының Президентiнiң «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсiпорын қызметiнiң дұрыс жолға қойылуы көптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның iшiнде бухгалтерлiк есептiң, аудиттiң, оның iшiнде қаржылық есептiң, iшкi аудиттiң және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргiзiлуi үлкен роль атқарады. Бұл қызметтердiң мәнi «тiрi» ақпаратта. Ал кiм ақпаратқа ие болса, сол әлемдi билейдi деген сөз бар. Бухгалтерлiк есептiң маңызын осыдан ақ бiлуге болады.
Есепке алу мәлiметтегi кәсiпорынның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн жедел басқару үшiн, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшiн, сөйтiп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерртеу үшiн қолданылады. Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында кәсiпорынның күрделi экономикалық тетiгiн нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесiнiсiз, сондай - ақ сенiмдi экономикалық ақпаратсыз басқару iс жүзiнде мүмкiн емес. Осы тұрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебi мен оның iшкi аудитi өзектi болып есептелiнедi.
Бухгалтерлiк есептi халықаралық стандарттардың талабына сай жүргiзу қазiргi кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлiк есеп пен аудитке жүктелетiн мiндетi қай кезде болмасын күрделi болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебiн дұрыс ұйымдастырудың рөлi зор.
Ақша қаражаттардың есебiн зерттеп бақылай отырып кез - келген кәсiпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерiнiң кiм екендiгiн, олардың қандай тауар сататынын, қызмет көрсететiнiн, олармен қандай қарым - қатынастарда, қандай тәртiпте, қандай құжат негiзiнде жүзеге асатынын көрiп бiлуге болады.
Бұл жерде тағы маңызды бiр нәрсе - банк мекемесi. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым - қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесi де бұл қатынастарда өз үлесiн қосады. Яғни, кәсiпорын банкi мен жабдықтаушы банкi арасындағы қатынастар жүзеге асырылады. Бұл жерде банк қызметiмен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсiпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенiн көруге болады.
Жоғарыдағы айтылып кеткен мәселелер менi қызықтырды, сондықтан бухгалтерлiк есептiң ақша қаражаттар бөлiмiн кеңiрек ауқымда қарастырып, бiтiру жұмысымның тақырыбы ретiнде таңдап алдым.
Бiтiру жұмысын жазудағы менiң басты мақсатым ақша қаражаттар есебiнiң ұйымдастырылу тәртiбiн теориялық тұрғыдан тереңiрек зерттеп оны тәжiрибелiк мәселелермен ұштастыру. Жоғарыда көрсетiлген мақсатқа жету үшiн, бiтiру жұмысымның жазылу жоспарын құрдым. Жоспарда қарастырылған басты - басты мәселелер келтiрiлген.
Тәжiрибелiк мәселелердi тiкелей өндiрiстiк iс - тәжiрибе өткен кәсiпорында қарастырдым. Кәсiпорынның атауы Көкшетау филиалы «AvtoTehMas LTD» ЖШС. Серiктестiк Қазақстан Республикасының 27 ақпан 2006 - жылғы «Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiктi серiктестiктер туралы» Заңына сәйкес жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк түрiнде құрылған заңды тұлға болып табылады.
Серiктестiктiң атауы жазылған мөрi, дербес балансы, банктерде есепшоттары бар. Серiктестiктiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте тiркелетiн өзiнiң тауар белгiсi мен символикасы бар.
Серiктестiк қызметiнiң мақсаты қатысушының мүддесiне шаруашылық қызметтi жүзеге асыру жолымен табыс алу болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшiн Серiктестiк келесi қызмет түрлерiн жүзеге асырады:
- табиғи монополия саласына жатпайтын шикі мұнай және мұнай өнімдерін сатып алу және сату;
- техникалық майларды өңдіру, сатып алу, өндіру, сақтау және тасымалдау;
- ЖЖМ өнімдерін өндіру сатып алу, өндеу, сақтау, және тасымалдау;
Серiктестiктiң бухгалтерлiк есебi «1С Бухгалтерия» компьютерлiк бағдарламасы бойынша жүзеге асады. Iшкi аудит жүйесi бар.
1 Кәсіпорынның экономикалық характеристикасы
- Жалпы кәсіпорынның құқықтық мәртебесі
«AvtoTehMas LTD» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Көкшетау филиалы мына мекен-жайда орналасқан: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Горветка көшесі, 1 үй.
Филиалдың мемлекеттік тілдегі атауы: «AvtoTehMas LTD» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Көкшетау филиалы.
Филиал Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес 27 ақпан 2006 жылы 75967-1910-ЖШС нөмірімен тіркелген «AvtoTehMas LTD» ЖШС уәкілетті органның шешімі бойынша құралды.
Серіктестіктің негізгі қызмет мақсаты табыс табу болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін Серіктестік келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
а) шикі мұнай мен мұнай өнімдерін сатып алу және өткізу;
б) техникалық майларды өндіру, сатып алу, өндеу, сақтау, сату және тасымалдау;
в) ЖЖМ, мұнай, мұнай өнімдерін өндіру, сатып алу, өндеу, сақтау, сату және тасымалдау.
Филиал негізгі қызмет түрлері төмендегідей болып табылатын Серіктестіктің жекеленген бөлімшесі ретінде құрылады:
а) табиғи монополиялар саласына жатпайтын шикі мұнай және мұнай өнімдерін сатып алу және ақшаға өткізу;
б) техникалық майлардың өндірісі, сатып алынуы, өнделуі, сақталуы, тасылуы және сатылуы;
в) жанар-жағар май, мұнай және мұнай өнімдерінің өндірісі, сатып алуы, өнделуі, сақталуы, тасылуы және сатылуы.
Серіктестіктің Филиал Директорына берген Сенімхаты негізінде Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік билік органдарымен, Қазақстан Республикасы мекемелері, ұйымдары және азаматтармен қарым-қатынастарда Серіктестіктің мүдделерін білдіру және қорғау болып табылады.
Филиал, сонымен қатар, Серіктестік Жарғысына, Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңдарына қайшы келмейтін басқа да шаруашылық қызмет түрлерін жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасында жүзеге асырылуы үшін сәйкес лицензия ( патент, сертификат) қажетті барлық қызмет түрлерін Филиал тек оларды Қазақстан Республикасы жүзіндегі заңдарына сәйкес аынғаннан соң ғана жүзеге асырады.
Филиал заңды тұлға болып табылмайды және мәмілелер және басқада құқықтық іс-әрекеттерді Серіктестік атынан жасайды. Филиалға өз бетінше мүмкіндік жауапкершілік жүктелмейді. Филиалдын барлық мүліктік, қаржылық және басқа да міндеттемелері бойынша жауапкершілік толық көлемде Серіктестікке жүктеледі.
Филиал өз қызметінде осы Ережелерді, Серіктестіктің басқару органдары және лауазымды тұлғаларының шешімдерін және бұйрықтарын және іс жүзіндегі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын басшылыққа алады.
Занды тұлғалардың міндеттемелері бойынша даулардың туындауы жағдайында, шағымдар және талап ету арыздары Филиалдың атынан немесе Филиалға беріле алмайды.
Өз мүлкі және занды тұлға құқықтарына ие болмағандықтан, «AvtoTehMas LTD» ЖШС Филиалы мүліктік жауапкершілік субъектісі болып табылмайды.
Филиал ресми хат жазуларды, келісім-шарттарды және басқа да құқықтық актілерді өз атынан және өз бланкілеріне толтырады (егер арнайы келісім-шарттарды басқаша жөн көрілмесе) .
Серіктестік Филиалдың өтініші бойынша қорлар, оларға бөлінетін төлемдердің мөлшерін және оларды қолдану тәртібін құра алады.
Филиалдың құқықтары.
Филиал өз қызметін жүзеге асыру барысында төмендегідей құқықтарға ие:
-Серіктестік атынан заңды және жеке тұлғалармен байланыстар құру;
-Қазақстан Республикасы аумағында Серіктестік мүдделерін білдіру және қорғау оның мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына көмектесу;
-Серіктестік атынан келіссөздер және оның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті мәліметтер мен ақпараттарды жеткізу;
-Серіктестіктің берген уәкілеттіліктері аясында белгіленген тәртіппен оның атынан мәмілелер жасау және келісім-шарттарға отыру;
-Серіктестікпен келісім бойынша Филиал ішіндегі жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңдары және осы Ережа аясында шешімдер қабылдау.
Филиал осы Ережеде бекітілген шектеулерден басқа, Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі заңдарында осы типтегі ұйымдарға берілген барлық құқықтарды қолданады.
Филиалдың мүлкі және қаржысы.
Өз міндеттерін орындау үшін Филиал өзіне Серіктестік белгіленген шеңберде және шарттарда қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асырады.
Серіктестік Филиалдың мүлкі Серіктестіктің оған бекіткен қаржыларынан, сонымен қатар, Серіктестіктің жалпы балансына кіретін оның шаруашылық қызметі барысында алынған материалдық құралдардан, құнды қағаздардан және материалдық емес активтерден құралады. Серіктестік Филиал қызметін оның банктік есеп-шоттарына ақшалай қаржылар аудару жолымен қаржыландырады.
Филиал Серіктестіктің арнайы бөлген қаржылары есебінен өз мүлкін ұстау және пайдалану, бөлмелерді жалға алу, байланыс қызметтерін және коммуналдық қызметтерді төлеу, персонал еңбек ақысын төлеу бойынша шығындарды мойнына алады.
Филиал қызметіне қатысты есеп-қисаптардың, төлемдер мен түсіндердің барлық түрлерін оған қызмет көрсететін банктар Филиал Директоры тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы заңдарында бекітілген тәртіп бойынша жасайды.
Филиал Серіктестік алдында келтірілген зиян бойынша материалдық жауапкершілік жүктеледі.
Филиал істерін басқару.
Серіктестіктің Филиалды басқару бойынша құзыретіне төмендегілер кіреді:
-осы Ережені бекіту, өзгертулер мен толықтырулар енгізу;
-Филиал Директорын тағайындау және орынан алу;
-аудитор тағайындау;
-Филиал құрылымын бекіту;
-Филиал қызмет нәтижелері бойынша жылдық есеп берулерді, аудиторлардың есеп берулерін және қорытындыларын бекіту, табысты бөлу және шығындарды жабу тәртібін белгілеу;
-Филиал қызметін тоқтату бойынша шешімдерін қабылдау, тарату комиссиясын тағайындау, тарату балансын бекіту.
Филиал қызметін Серіктестіктің сәйкес уәкілетті басқару органы бекіткен Директор басқарады. Филиал Директоры өзіне Серіктестіктің берген сенімхаты негізінде әрекеті етеді, Филиал қызметін өз құзыреті аясында басқарады. Филиал Директоры Филиалдың қызметі нәтижелері бойынша Серіктестіктің Директорлар Кеңесі алдында жауап береді, оған өз қызметінде есеп беруге тиісті.
Филиал Директоры осы Ережеге сәйкес және Серіктестік берген Сенімхат негізінде:
-Филиал жұмысын ұйымдастырады;
-кез келген меншік түрі шаруашылық субъектілерімен Серіктестік атынан мәмілелерге, келісімдер, шарттарға және басқа да құқықтық актілерге отырды;
-жекелеген қаржылық операцияларды жүзеге асырады;
-Филиалдың есеп-шотындағы Серіктестіктің ақшалай қаржыларын жұмсауға байланысты мәселелерді шешеді, оның ішінде қаржылық және төлемдік құжаттарға қол қояды;
-мемлекеттік басқару органдарында, сотторда және басқа да Қазақстан Республикасы органдарында және мекемелерінде, басқа заңды және жеке тұлғалармен Серіктестіктің мүдделерін білдіреді және қорғайды, және Серіктестік атынан олармен басқа да байланыстарды жүзеге асырады;
-қолда бар құзыреттері аясында Филиалдың барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын бұйрықтар және нұсқаулар шығарады. Филиал Директорының оның құзыреттілігі аясындағы бұйрықтары және өкімдері Филиалдың барлық қызметкерлері үшін орындалуға міндетті;
-банктарда есеп айырысу және басқа да есеп-шоттарын ашады;
Серіктестіктің мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін қажетті басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
Филиал Директоры жеке еңбек келісімдері (контрактілері), Филиалдың ішкі еңбек тәртібі ережелері және іс жүзіндегі Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес Филиалдың штаттық санын және ұйымдық құрылымын, Филиал персоналының еңбек ақысын төлеу шарттарын, жұмыс уақытын, жыл сайынғы ақылы демалыстың берілуі және ұзақтығы тәртібін белгілейді, Филиал қызметкерлерін жұмысқа алуды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу және жаза қолдану шараларын қолданады.
Бұл жағдайда Филиал қызметкерлерімен отырылатын еңбек келісімдерінің (контрактісінің) шарттары Қазақстан Республикасының еңбекке қатысты заңдарына сәйкес анықталады.
Филиал Директоры сондай-ақ Филиал қызметкерлерін және оның орналасқан жерін қорғауды ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналыстарының шешімдерін Филиал орындауға міндетті. Филиал Директорының бұл шешімдермен келіспеуі жағдайында ол өзінің негізделген пікірін Серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысына білдіруге құқылы.
Филиалдың бухгалтерлік есебі және есеп беруі
Серіктестік Филиалдың Серіктестік алдындағы ағымдық бухгалтерлік есебін және есеп беру тәртібін, нысанын және кезеңдерін белгілейді.
Оперативтік, бухгалтерлік және статистикалық есеп және Филиалдың есеп беруі Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі нормативтік актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Филиалдың ағымдағы жылы әр жылдың 01 қаңтарында басталады және 31 желтоқсанына аяқталады.
Филиалдың қаржылық-шаруашылық және құқықтық қызметін бақылау.
Филиалдың қаржылық-шаруашылық және құқықтық қызметін тексеру Серіктестік тағайындаған немесе қажет болған жағдайда сырттан шақырылған аудиторлық қызметтермен және басқа да қызметтермен жүзеге асырылады.
Филиалдың қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды аудитор (олармен отырылған келісім-шарттар негізінде аудиторлық ұйымдар) жүзеге асыра алады.
Аудиторлар Филиалдың лауазымды тұлғаларынан барлық қажетті материалдардың, бухгалтерлік және басқа да құжаттардың және жеке түсініктемелердің өздеріне берілуін талап етуге құқылы.
Аудиторлар өздері жүргізген тексерулердің нәтижелерін Серіктестіктің уәкілетті органына жібереді
Филиалдың қызмет мерзімі, оның қызметінің тоқтатылуы
Филиал белгісіз мерзімге құрылады. Филиал Директорының құзіреттілігі мерзімі Серіктестіктің мерзімімен анықталады.
Филиал қызметі:
- Серіктестіктің уәкілетті органының шешімі бойынша;
- Серіктестіктің таратылу жағдайында;
- сот шешімі негізінде тоқтатылады.
Филиалды тарату тәртібін Серіктестік Қазақстан Республикасының іс жүзіндегі зандарына сәйкес анықтайды.
Құпиялық
Филиал Серіктестік Филиалы атымен қол қоюға уәкілетті.
Филиал Серіктестіктің ішкі жергілікті актілерінде айтылған, Серіктестіктің құпия ақпараты тізіміне жататын Серіктестіктің қандай да болмасын ақпаратын жарияалай алмайды.
Ақпаратты жарияламау бойынша міндеттемеге Филиал қызметкерлері қол қояды және жұмыстан босатылғаннан соң үш жыл бойы күшінде болады.
Жазбаша құжаттар, атап айтқанда: бюджет, бұйрықтар, штаттық кесте, ішкі хат жазысу, қаржылық есеп берулер және берілуі Серіктестік мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін басқа да коммерциялық ақпарат оған Серіктестіктің берген уәкілеттігінсіз көшіріле алмайды немесе үшінші кісілерге беріле алмайды.
Сонымен қатар, Филиалға жазбаша немесе ауызша берілген ноу-хау, сондай-ақ құрал-жабдықтар, қосалқы бөлшектер және т. б. Серіктестіктің меншігі болып табылады. Сондықтан да осы аумақта немнсе оның сыртында бұған уәкілеттілік берілмеген азаматтардың қолы жетерлік болмауы тиіс.
Серіктестіктің құпия ақпаратын сақтау туралы талаптарын бұзған Филиал қызметкерлері Қазақстан Республикасы іс жүзіндегі заңдарына сәйкес жауапты болады. Зиянның мөлшерін Серіктестік белгілейді.
Қорытынды ережелер
Осы ереженің қандайда болмасын қағидасын жарамсыз деп табу жағдайында, оның қалған ережелері күшінде қалады, ал бұндай қағида заңдарға қайшы келмейтін басқа қағидамен өзгертіле алады. Серіктестік шешім бойынша осы Ережеге Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтін, заңмен белгіленген тәртіппен тіркелуі тиіс кез келген өзгертулер және толықтырулар енгізіле алады.
Осы ереже орыс және қазақ тілінде құрастырылған. Белгіленген тәртіппен тіркелген мәтін қажет болған жағдайда орыс тілдегі мәтін басым күшке ие.
Осы ереже Филиалдың Қазақстан Республикасы әділет органдарында есептік тіркелу сәтінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған «AvtoTehMas LTD» ЖШС заңды кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын тұлға, қаржылық есеп беруді және бухгалтерлық есепті жүргізу міндеттілігі жүктелуде.
«AvtoTehMas LTD» ЖШС жарлық капиталы бірнеше серіктестік тұлғалардың ұйымдастыруымен құралған. Олардың қосқан үлесі құрылтайшылардың құжаттарына бөліп корсетіледі, олар өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ғана алған міндеттемесі мен тәуекелдік залалы бойынша жауап береді.
«AvtoTehMas LTD»ЖШС өзінің нақты жағдайына, көлеміне және қызмет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады: бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейд; есептік саясатын қалыптастырады; қаржылық пен өндірістік есептері бойынша қызмет ету аясын белгілейді; шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді, сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқа да қажет шешімдерді жасайды.
Бұл субъектіде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға, шаруашылық операцияларын орындаған кезде оның заңдылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып келеді. Ал құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге асыруға кәсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді. Бухгалтерлік қызметтің басты мақсаты субъектіні жедел басқару үшін қажет ақпараттарымен, субъектінің қаржылық нәтижесі мен шаруашылық процесстері туралы дұрыс және толық ақпараттарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ инвесторларға, жабдықтаушыларға, сатып алушыларға, кредиторларға, мемлекеттік органдарға, банктерге және басқа да мүдделі тұлғаларға бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес қаржылық есеп беруді жасау болып табылады.
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айланысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық - шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құралады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшілігіне есептің сәйкес келуін қамтамассыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі эканомикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы осы кәсіпорын шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге оның сапасын көрсетуге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаган ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағалауға болмайды.
- Қаржылық және экономикалық талдау
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезендегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамын. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғанның каржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушылар қатарына потенциалды инвесторлар, кредитролар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы оргындардың жұмысын және субъектің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдердге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Түгендеу кезіндежәне басқа да тексерістердің көмегімен анықталған мүліктің нақты қолда бары мен бухгалтерлік есептегі деректердің арасындағы алшақтығы белгілеу тәртібі бойынша реттеледі. Сортталу нәтижесінде анықталған кем шықандар мен артықтардың өзара есеп айырысуы тек ерекшклік ретінде ғана, сол тексеріліп отырған кезен үшін, тексерген комиссияның жұмысын бағалау үшін және тауарлы-материалдық құндылықтардың сапасы мен мөлшерін анықтау үшін қажет болуы мүмкін.
Түгендеу комиссиясы құжаттарды тексеру жолымен, сондай-ақ банк мекемелерімен, қаржы және салық органдарымен, кәсіпорынның жеке баланстарға бөлінген құрылымдық бөлімшелерімен және бас кәсіпорындарымен есеп айырысудың дәлме-дәлдігін анықтайды.
Талдау (грек тiлiнен аударғанда - бөлек қою, бөлшектеу) зерттеудiң әдiсi ретiнде зерттеу обьектiсiнiң жақтарын, құрамдас бөлiктерiн, сондай - ақ айқын белгiлерiн қасиеттерiн және қатынастарын анықтау үшiн олардың арасындағы қарым қатынасты қарастырады.
Кесте 1-Баланстың активтер айналымдылығы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz