Ағартушы ғұламалардың бала ойын дамытудағы көзқарастары


Жоспар
Кіріспе . . . 3 -7
I. Төменгі сынып оқушыларының ақыл - ой процесінің ерекшеліктері.
А) Ақыл ойды дамытуда ойынның алатын орны
Ә) Оқу процесінде танымдық процестерін жетілдіру . . . 8 - 27
- Ағартушы ғұламалардың бала ойын дамытудағы көзқарастары.
А) Ойындардың бала дамуындағы әсері.
Ә) Төменгі сынып оқушыларының ойын барысындағы
әрекеті . . . 28-35
III. Төменгі сынып ойындарының маңызы мен атқаратын ролі.
А) Оқу-таным процесіндегі ойынның ролі.
Ә) Тәжірибе барысындағы ойын түрлерінде шығармашалық деңгейлерін анықтау шарттары мен жолдары . . . 36-52
IV Қорытынды . . . 53-57
V. Қосымшалар . . . 58-64
VI Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 65-67
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі қоғамнын түрлі сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендігінің жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетін белсенділендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдық-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделі педагогиқалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып табылады.
Психологнялық-педагогиқалық әдебиеттерден талдауда көрсетілгендей, «танымдық белсендлік» терминнінің негізінде белсенділік жөнінде түсінік жатыр. Ол әртүрлі салада талдауды талап етуші көп аспектіліі феномен ретінде көрінеді:
- биологиялық (П. К. Анохин, В. М. Бехтерев, Н. А. Бернштейн, А. Илиади, И. МХ сеченок т. б. ) ;
- психологиялық (Б. Г. Ананьев, М. Я. Басов, Л. С. Выготский, Б. Ф. Ломов, В. С. Мухина, В. А. Мясищев) ;
-педагогиқалық (Ш. А. Амоношвили, Я. А. Коменский, Д. Локк, Ж. Ж. Руссо,
К. Д. Ушинский, Г. И. Щукина, Т. И. Шамова т. б. ) .
Биологиялық аспект - белсенділік мәселелері түсінігімен байланысты белсенді бастама адамда энергиянын жиналуынын нәтижесі болып табылатындығы жөнінде түсінікпен тығыз байланысты. Ол өзін-өзі ретке келтірумен негізделеді. Биологиялық белсендшік адамнын ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін оған тән тұқым куалау қасисті. Осы өзара қарым-қатынас кезінде ағза мен оның тіршілік ету шарттарымен аралығында туатын қарама-қайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды, сонымен қатар осы әсерді жоюға мүмкіншілік беретін және мінез-құлық кұруға өткен оқиғаға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкіндік береін физиологиялық механизмдер де туып отырады (П. К. Анохик) . Белсенділік бейне белгісін тұрақтандырушы сапа болып табылады. Бұл тірі материанын іштей детерменацияланған іс-әрекеттің бір түрі болып табылады (В. З. Коган) . Белсенділік кезі болып сыртқы орта және ағзада тұратын және өтетін ішкі үрдістерден табылады. Адам өзіндік табиғи сапаларының күшімен, алеуметік мәнділік күшімен де белсенді келеді.
Психологиялық, аспект тұрғысынан белсенделік С. Л. Рубинштейн көз қарасындағы жалпы психиқа жөніндегі детерминистис түсінік беру сұрағынын бір бөлігі ретінде қарастырылады. Мұнда белсенділік ішкі шарттар арқылы болатын сыртқы себептерінің әрекетінде көрінеді, сыртқы шарттардың нәтижесінде және ол ішкі сапаларға тәуелді. Ішкі мен сыртқының қарым-қатынасы өзбетіншіліктің және сыртқы әсер жауап беру белсенділігінің өсуінде көрінетін күрделі шарттардың жоғарылауына сай өзгеріп отырады. Белсенділік адамның жаңа қарым-қатынасына айналады, бұл - адам жеке тұлға ретінде көрінгенде және белсенді әрекет қарым-қатынас иесі болған жағдайда болады.
С. Л. Рубинштейн адамның белсендігін былай түсіндіреді «Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер арқашан ішкі шарттар арқылы ерекет жасайды». Белсенділік субъектінің объектіге қатынасын қарастырады. Ол қатынас мына сәттердің болуын қалайды: объектілерге бағытталған ынғайлы тандаушылық объектіні таңдаудан кейінгі мақсаты, тапсырмаларды қою; әрекетте объектінің қалыптасуы; мәселені шешуге бағытталуы. Практикалық әрекеттің жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер етеді, таниды, өз қажеттіліктері мен мақсаттарына сәйкее құрады.
Әлеуметтік тұлғалың аспект меселелері іс-әрекет кезіндегі тұлғаның белсенділігін зерттеумен байланысты. Тұлғалық белсенділік - адамың тек табиғи қасиеті ғана емес дегенге сүйенеді.
Бұл орайда субъект белсендігі сыртқы материалды және ішкі психикалық әрекетті өз қатарына қосатын затты іс-әрекеттің бірдей жүйесі болып табылады (Б. Г. Ананьев, В. М. Бехтерев, Л. С. Выготский, В. Н. Мясищев, СЛ. Рубенштейн) . Тұлға белсенділіктін өзгеге ғана тән түріне ие - әлеуметтік өзіндік әрекет, мұнда ол белгілі бір мақсатқа жетеді. Бұл әрекет өз жеке тұлғасыньң өзгеруімен және әлеуметтік ортаның өзгеруімен байланысты өзгеруі мүмкін.
Белсенділікті тұлғаның әлеуметтік сапасы деп қарасақ оны әрекеттін қысқа сипаттамасында қарастырып көрген дұрыс. Әрекет бұл адамның қоршаған әлемді менгеруінің және белсенді кұруының бір түрі. Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды. Тұлғаның әрекетке қарым-қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әртүрлі болуы мүмкін. Белсенділік бомлыстық қоғамдық формаларын құруға және адамның қоғамдық мәні жүзеге асыруға бағытталған әрекет болып табылады.
Педагогикалық аспектідегі белсенділік мәселесін зерттеу берілген түрлі түсіндірумен байланысты:
- белсенділік баланың таным іс-әрекетіне (мақсатқа жетудің тиімді жолдарын таңдау, талпыныс, дайындық жүзеге асыру) деген қатынасын сипаттайтын тұлғанын бір белгісі ретінде түсіндіріледі.
- белсенділік субъектісінің іс-әрекетке қатынасын (қажеттілік, мотив, ерік күші, эмоция) керсететін негізгі белгілермен қатар тұлғанын сипаттамасы ретінде түсіндіріледі.
Белсенділік жөніндегі қысқаша сипаттамадағы таным мақсаты - объективті шындықтағы индивидтің санасындағы бейнемен шектеледі. Әйтседе, белсенді танымның ерекшелігі немен байланысты екенін түсіну үшін таным процесінің болуымен, бір-бірінен айырмашылығы бар репродуктивті және продуктивті атты таным шындық әлемінің кершісі ретінеде субъект санасында екі денгейге ие екенін ескеру қажет. Белсенділіктін дамуы репродуктивті деңгейден іздеу-орындау арқылы продутивті деңгейге дейін тұлғалық даму процесі қамти отырып жүзеге асады.
Репродуктивті таным денгеиінде объект (оқу материалы) сырттай қабылдауда сол күінде қабылданады. Т. И. Шамова репродуктивті танымның мәнін мақсатқа бағытталған іс-әрекет ретінде ашады танымның жоғары денгейі - өнімді келген белсенді таным болып табылады.
Педагогиқалық аспект тұрғысынан белсенділікітң үш түрлі белгі қарауға болады: ақыл-ой белсенділігі, интеллектуальды және таным белсенділігі.
Ақыл-ой белсенділігі элементарлы іс-ерекеттен бастап шығармашылықтың күрделі түрге дейінгі барлық денгейден нағыз әмбебап іс-әрекет шарты болып табылады. Ол түрлі модификацияларда көрінуі мүмкін:
- ынталандыру жаңалығынан туған зейін белсенділігі және бағдарлы зерттеу іс-әрекетіне бағытталған зерттеу белсенділігі ретінде;
- интеллектуальды ынталылық түріндегі (Д. Б. Богояатенская) көрінетін тұлғалық белесенділік ретінде.
Ақыл-ой белсенділігінің орталық ядросын когнитивті функциялар мен процестер кұрайды. Н. СЛейтес былай бекітті: ақыл-ой белсенділігі кез келген дені сау балаға тән, бірақ әртүрлі деңгейде болады өз бақылауынын кен материалында Н. СЛейтес «балалық шақтың әр кезені - белсенділік дамуының өзіндік сапалы сатысы» деген қорытындыға келді.
Интеллектуальды белсенділік өзіндік шарттарға сай ой әрекеті ретінде түсіндіріледі. Бұл терминнің кен өріс алуы, жиі қолданылуы Д. Б. Богоятенскаяның жұмыстарымен байланысты. Оның пікірі бойынша, интеллектуальды белсенділік интеллектуальды жене интеллектуальды емес (алдымен мотиваңиялық) факторлардан қоршаған жүйенің интегралды қасиеті болып табылады.
Танымдық белсенділік - жалпы белсенділік феноменінін маңызды саласы, оның негізі ретінде адамнын ой маңызды қасиеті болып табылады: қоршаған әлемді тек шынлықтағы биологиялық және әлеуметтік мақсатта ғана тану емес, сонымен қатар, адамнын әлемге деген ең манді қарым-қатынасымен. Яғни онын алуан түрлілігіне енуге ұмтылуымен, санала мәнді жақтарың бейнелеуімен, себеп-салдарды байланыстар, зандылықтар, қайшылықтарымен түсіндіріледі.
Танымдық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі кұрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие, Білімді белсендендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде таным белсенділігіне анықтама беріледі, оның кұрамды белгілері бөлшектеніп, мазмұны мен көлемі анықталынады. Таным бөлшнгінің мәселесі - педагогикалық зерттеудің терең негізі екенін атап өту керек. Онын зерттелуіне манызды үлес қосқандар: М. Н. Скаткин, И. Ф. Харламов, М. А. Данилов. ИЛ. Лернер, М. И. Махмутов, Т. Ш. Шамова, Г. И. Щукина және т. б. Маңызды әлеуметтік күшіне байланысты бұл қазіргі диалектикада, білім беру тәжірибесі мен тәрбиеде ненізгі болып саналып отыр. Пелагогикалық-психологиялық әдебиеттерге белсенділіктің төмендегідей анықтамалары бар:
- Адам зейіні белсенділігінің таңдаулы бағыттылығы (Н. Ф. Добрынин, Т. Рибо) .
- Таным субъектісінің акыл-ой қабілеттерінің көрінуі (С. Л. Рубинштейн) .
- Әртүрлі сезімдерді белсендендіргіш (Д. Фрейер) .
- Адамның іс-әрекеті мен санасының деңгейіі жоғарылататын эмоциональды-еріктің және ақыл-ой процесінің ерекше қорытпасы {А. Г. Ковалев) .
- Білімді қарқынды менгеруге әзірлік, яғни қабілет пен ұмтылыс (Н. А-Половни-ков) .
- Субъектінін қоршаған заттар мен құбылыстарға қатысты қайта кұрылуәрекетінің көрінуі (Л. П. Ариегова) .
- Тұлғаның күшейтілген танымдық жұмысымен сипатталатын еріктік жағдай (Р. А. Низамов) .
- Оқушының өмірлік күшінің әсерлілігі(Г. И. Щукина) .
- Таным мақсатына жетудегі құлықтық-еріктік әректтерді жиюға ұмтылумен және білім беру сипатына, мазмұнына қатысты тәрбиеленуші тұлғасынын айқындалуы, әрекет сапасы (Т. И. Шамова) .
Танымдық белсеніділік көп түрлі тұлғалық, қатынастардың калыптасуымен тығыз байанысты. Танымдық ерекеттің белгілі бір ғылым саласымен тандаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге, адамның барлық жоңғарғы таным проңестерін өзінің даму денгейінен белсендендіруде танымдық белсенділік тұлғаның шындықты қайта кұру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізеніске жетелейді.
Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсенділігі дамуы бес-алты жас ара-лығында қарқынды келеді. Бұл есіресе баланың логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің мәндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар , экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар , қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын онын нәтижесіне қарап бағалайтын балды. Білім берудің қазіргі мақсаты білім алып , білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктіліке - ақпаратыөзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалаану болып табылады.
Қазір педагогикалық қоғамдастықтын алдында білім берудін, жаңа моделін құрудың сынақтан өткізу мен енгізудін ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесін негізгіі ұстанымдары «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілген .
Қазіргі қоғамдағы әлеуметік-экономикалық өзгерістер мектеп оқушыларынан терең және орнықты білім талап етеді. Оқу үрдісін жандандыру үшін оқушылардың білім сапалық денгейін, ынтасын, белсенділігін арттыру үшін сабақ барынсында жаңа педагогикалық технологияларды қолданылып, ізденістер жүргізуде. Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау денгейіне қарай іріктелініп қолданылады да, тиімді пайдалыларын жетілдіре түседі көрнекті педагог В. А. Сухомлииский «Сабақ жас өспрімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтын құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаналығы өзіндік қолтанбасы әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Мектептін оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен қолданылып жүрген, оқушыларды қызықтыратын қызықты сабақтар дәстүрлі емес сабақтар. Дәстүрлі емес сабақтардын негізгі мақсаты - оқушылардын ойлау қабілетін дамыту, белсенділіктерін арттыру, ізденімпаздық пен шығармашылыққа баулу. Дәстүрлі емес сабақтардын Міндеті - оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ояту. 1-кестеде дәстүрлі емес сабақтардың міндет мақсаттарын көрсеттік.
Сайыс сабақ. Тарау бойынша оқушылардын алған бітімдерін пысықтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында қайталау сабағын сайыс сабақ ретінде өткізудін маңызы зор.
Тренинг дегеніміз - белгелі 6ір тақырыпта еткізілетін жеке сабақтың бір түрі. Трепингте қатысып отырған оқушылар өз ойларын айтып, өз еркімен белсене қатысу керек.
Тренинг сабағынын ерекшеліктері:
1. Оқушьшардың сабаққа өз еркімен белсене қатысуы;
2. Оқушылардың өз білімдерін көрсете білуі;
- Оқушылардың есептерді бірігіп, талдап шешу жолдарын іздестіруі;
4. Оқушылардын топпен жұмыс істеуі;
5. Оқушылардың логикалық ойлау;
1-кесте. Дәстүрлі емес сабақтардың міндет-мақсаттары.
6. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артуы.
Қоғамдық, білім байқауы - өткен материалдарды жалпылау және жүиелеудің тиімді тәсілі. Қарастырылған сұрақтарынлағы негізгі түйінді оқушьшар осы қоғамдық білім байқауы үлкен тақырыпқа дайындалу кезінде түсінеді. Сонымен бірге қоғамдық байқау кезінде маңызды тәрбиелік міндеттер шешіледі. Оқушылар ұжыммен топпен жұмыс жасауға үйренеді,
өзінің және өз тобының білімімен жауапкершілікке бағытталады.
Қоғамдық байқаудан бір жеті бұрын онын өтетіні туралы, комиссия мүшелері туралы хабарланады. Комиссия мүшслері - жоғары 11-сынып оқушылары күні бұрын сынып оқушыларымен өтілген материалды қайталайды, есептер талдауда көмектеседі, байқауға көрнекі құралдар дайындасады және т. с. с. Байқауға мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитеті, оқушылар комитеті, математиктер, сынып жетекшілері қатысады.
Әрбір 5 оқушыдан тұратын топқа болінген сынып оқушыларынын әрбіреуінде басшы сайланады. Бұлар оқушылардын дайындығын жуүргізеді
және қай уақытта топ бойынша жауап береді, қай оқушы жеке дайындала-тынын анықтайды.
Байқау кезінде әрбір бестіктен тұратын топ бір-бірімен жарысады. Байқаудан кейін комиссия әрбір сұралған оқушының жеке топтық жиналған ба-лын іледі. Осы бойынша қай бестік нешінші орын алғандығы анықталады.
Бұл сабақ үш бөлімнен; математикалық, диктант, ауызша сұрақтар және
Аукңион сабақ. Міндеті математикатық білім денгейінің көлемі оқушыларға ең қажетті оқу материалдарын меңзейді. Бүгінгі сабақ оқытудын барлық кезенінде мұғалім мен баланын бірлесіп істейтін тиімді әрекеттерінің бірі білім беру мен тәрбиелеу. Өйткені сабақтардьың мақсаттарын бірлестіре отырып, сабақты түрліше өткізуге болады. Сонда біз уақьггты ұтамыз, тиімді әдісін пайдаланамыз. Қазіргі кезде жиі қолданылып жүрген дәстүрлі емес сабақ түрлерінің ішіндегі аукцион сабақтың алатын орны ерекше.
Қорыта келе айтарымыз, осындай дәстүрлі емес сабақтарды оқушылар-дың танымдық қызығушылығы мен іскерлік шығармашылық қасиеттерін қалыптастыруға манызы ерекше.
Ойындар - оқытудын неғұрлым белсенді түрі. Іскерлік ойьн деп шартты жағдайларды, болған іс-әрекетті көрсетуді айтады. Іскерлік ойынға, алға қойылған мақсатқа қарай, әртүрлі ара қатынасты бейнелей көрсету үшін оқиғаны рөлдерге бөле көрсетіп орындау кіреді. Іскерлік ойында қарым-қатынас жасай білу шеберлігі қалыптасады, сөйлегенде, іс-ерекет жасағанда өзін ұстай білуге тербиеленеді. Студенттердің жетістіктерге талпынысы, өз-өздеріне сенімі, балаларды оқутып, тербиелеудің неғұрлым нәтижелі амалдарын іздестіріп, педагогтық шеберлігін арттыруға деген ынтасы артады.
Іскерлік ойыны - кәсіби үйретуші, педагогикалық, шығармашылық ойыны. Мұғалімнің тәрбиешінің рөлін ойнау барысында студенттер балаларды ұйымдастыруға жаттығады, іс-әрекетті талдайды, қорытынды жасайды, шешім қабылдайды.
ОҚУТУДЫҢ БҰЛ ТҮРІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?
1. Оқуту міндеттерін шешуге барлық топ қатысады;
2. Ойын барысында барлық студенттердің белсенділгі мен қызығу-
шылығы қамтамасыз етіледі;
- Ойын студенттерден тақырып бойынша кең білім деңгейін талап етеді, бұрынғы өтілген материалдарды қайталауға, пысықтауға, тереңірек оқуғамүмкіндік туады, әрі білім, іскерлік дағдыны кешенді түрде қолданудымеңгереді;
- Балалар ұжымымен жұмыс істеуді үйренеді;
5. Ойынның маңызды ерекшелігі оқутушының атқаратын қызметі. Ол
ойынды жүргізушінің рөлін атқара отырып, өзі де ұжымдық қызметке
араласады, студенттердің аға жолдасы болып табылады. Бұл студенттерді
өзін еркін ұстауға, шығармашылыққа жетелейді
Іскерлік ойынды жүргізуді жоспарлағанда, онын мынадай элементтерін бөліп көрсетуге болады:
- Педагогикалық міндет.
- Педагогикалық жағдай.
- Рөлдерге бөлу.
- Ойынды өткізу кезендері.
- Ойынның ережесі.
Енді әрқайсысына жеке тоқталып өтейік.
Педагогикалық міндет ойынға қатысушыны неге үйрету керектігін анықтайды, яғни студент не істеу керектігін біледі, ал ойында ол қалай істеу керектігін үйренеді. Сондықтан, міндетті анықтағанда студенттің іс-әрекетінің бірі бірімділігіне, жүйелілігіне көңіл аудару қажет, яғни ойын нетижесінде ол педагогикалық қызметтін бір түрін меңгеріп шығуы керек.
Педагогикалық жағдайға қойылатын талап - ондағы педагогикалық мәселенің шын болуы, қиындық деңгейі. Ойын және ондагы жағдай оған қатысушылардың шамасы келетіндей болған дұрыс, әйтпесе тиісті нәтиже болмайды.
Ойындағы рөлдер - мұғалімнің тербиешінін, әдіскерлердің, т. б. әлеуметтік рөлі. Қабылданатын шешімнің нақтылығы рөлді нанымды етіп ойнаудан көршеді.
Ойын ережесі - ойнаушыларға қойылатын талаптар, нұсқаулар. Ойынға қатысушыларға ұсынылатын нұскаулар қойылған мақсатты жүзеге асы-ратындай болуы керек. Нұсқау белгілі бір жағдайда ойыншыға өзін қалай ұстауды керсетеді. Ойын оған қатысушыларға қуаныш пен қанағаттану сезімін әкелу керек.
ОЙЫНДЫ ӨТКІ3У КЕЗЕҢДЕРІ:
Ойынды өткізу зор ідістемелік және ұйымдастырушылық дайындықты қажет етеді.
Ойынды дайындау мен өткізудің мынадай кезендерін атап көрсетуге болады:
- Оқу материалының меңгершу келеміне қарай, бағдарламаныңмақсатын, міндеттерін нақтылау;
- Ойын сценарийінің негізі болатын барынша қызықты жағдайдытаңдау, жоспарын құру;
- Ең жауапты кезен - ойын жағдайынын сценарийін құру.
Сценарийдің жоспарында мына мәселелер көрсетіледі:
Жағдайдың педагогикалық кұндылығы;
Оқып үйренбек пәннің тарауы; ойынның тақырыбы; ойынның мақсаты; ойынға керекті материалдар; пәнаралық байланыстар; ойынның барысы; қатысушылардың ойындағы рөлі; жетекшінің міндеті мен қызметі; уақыты.
Сценарийге қосымша ойнаушыларға арналған ереже беріледі.
Оқытушы студенттерге алдын-ала ойынның мақсаты, мазмұны туралы түсік береді. Педагог өзі ойынның ұзақтығын бақылау, қорытынды жасау, қатысушылардың іс-әрекетіне баға беру, жіберген қателер мен кемшіліктерді анықтау, дұрыс шешіге тоқтау туралы жақсылап ойланғаны дұрыс.
Ойынға басшылық жасау оқытушыдан жоғары психологиялық-педагогикалық мәдениет пен шеберлікті талап етеді.
Ойын барысында сценарийден ауытқу болу мүмкіндігінен, оқытушы кез-келген жерде тапқырлық көрсетуі қажет.
Оқытушынын сөйлеу мәдениеті, өзін-өзі ұстауы, сабырлылығы, шыдамдылығы, тапқырлығы, өзгені тындай білуі - студенттер үшін таптырмайтын өнеге.
Сабақтың түрі . Практикалық сабақ.
Өткізу әдісі : Іскерлік ойын.
Ойындағы жағдай: Балабақшадағы жалпы ата-аналар жиналысы көрсетіледі, жиналысқа меңгеруші, әдіскер, барлық топтардың тербиешілері, ата-аналар қатысады. Жиналысты балабақша менгерушісі жүргізеді. Ата-аналар отбасында балаларды математикаға үйрету тежірибелерімен бөліседі
Ойы нережесі :
1. Ойын сабақ үстінде өтеді.
2. Меңгеруші күн тертібін жоспарлап, ойын барысында оның орындалуын қадағалайды.
3. Көрмедегі материалдар талқыланатын сұрақтарға сай болуы керек
- Әр сөйлеушіденен кейін меңгеруші қорытынды жасап отырады.
- Тербиешілер әдіскердің көмегі мен балаларды ұйымдастырып, олардың білімін, іскерлігін, дағдысын көрсетеді
- Ата-аналар баяндаманы талқылауға қатысады.
РӨЛДЕРГЕ БӨЛУ:
- Меңгеруші
- Әдіскер
3. Тәрбиешілер
- Әр жастағы балалар
- Ата-аналар.
ОЙЫННЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ:
- Баяндамалар
- Анкета және оған жасалған талдау.
- Ойынға қатысушыларға арналған нұсқау
- Көрнекі кұралдар көрмесі
- Әдебиеттерге шолу
- Ұсыныстар.
ОЙЫНҒА ДАЙЫНДЫҚ
- Пен бойынша алған білімдеріне сүйене отырып, студенттер алдынала рөлдерді беліп алады. Оларға нақты тапсырмалар беріледі. Практикабарысында ойынға қажетті іскерліктерді меңгертеді.
- Анкета сұрақтары қарастырылады. Оның жауаптары талқыланады.
- Қажетті әдебиеттер жинақталып, көрменің материалдары дайындалады.
- Оқытушының көмегімен ойынға қатысушыларға арналған .
- Баяндамалар дайындалып, оларды оқытушы тексереді.
- Рөл алмаған студенттер көрнекті кұралдар көрмесін дайындайды.
АНКЕТА
- Балабақшада балаларды математикаға үйрету неше жастан бастапкерек деп есептейсіз?
- Балалардын математикалық білімдері қандай көлемде болуы керек?
- Балаларды тәрбиелеуде, оқытуда қандай құралдар қолданасыз?
- Үйде балаңызды математикаға үйретесіз бе? қалай?
- Үйіңізде балаларға арналған қандай қызықты материалдар бар?
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz