АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ, ӘДІСТЕРІ



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1. АЙМАҚТАРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1.1 Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 6
1.2 Аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық негізгі
міндеттері ... ... ... ... ... .18

2. АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІ–ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ТАЛДАУ

2.1Аймақтар дамының қазіргі жағдайы және ақмола облысының дамуындағы
экономикалық қауіпсіздік
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
3
2.2 Индустриалық – инновациялық стратегияның Ақмола облысында жүзеге асу
барысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.3 Ақмола облысының әлеуметтік – экономикалық жүйесіне
талдау ... ... ... 41

3. АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ,
ӘДІСТЕРІ

3.1 Аймақтық инвестициялық тартымдылығын
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
3.2 Аймақтағы әлеуметтік – экономикалық жағдайды жақсартуға мемлекеттік іс
– шаралар
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .49
3.3 Ақмола облысының әлеуметтік – экономикалық жүйесін дамыту
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .56

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..58

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі нарақтық қатынастар
аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп
жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік – экономикалық жүйедегі орны мен
рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осығанорай аймақ экономикасын басқару,
олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері
сөзсіз.
Дипломдық жұмыстың мақсаты әлеуметтік – экономикалық жүйенің
аймақтық астары. Әлеуметтік – экономикалық жүйенің үш негізгі міндеттері:
- әлеуметтік-экономикалық жүйеінің ерекшелігі және маңыздылығы;
- Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау;
- Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық жүйесін дамыту жолдары,
әдістері.
Зерттеу пәні болып, әлеуметтік-экономикалық жүйесін жетілдіру –
республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір
орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық
бірлікті құрайды. Сондай – ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды
орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік
шаруашылық құрылымы бар.
Жұмыстың теориялық және методикалық негізі қазіргі кезеңде
негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек,
оларға әлеуметтік – экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты
қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады.
Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады.
Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар-бұл
әлеуметтік-экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және басқа да
жағдайлармен байланысты табиғи, аумақтық айырмашылықтар. Осы орайдағы
мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып
табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Аймақ дамуын мемлекеттік реттеудің
негізі – аймақтардың тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндіктержасау
негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашу болып
табылады.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, аймақтық
саясаттың жасақталу барысын, оның жүзеге асу бағыттарын, аймақтардың дамуын
мемлекеттік реттеудің әдіс, тәсілдерін, аймақ экономикасын басқарудың
бүгінгі күнгі өзекті мәселелерін оқыту болып табылады.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Қазіргі уақытта республика
кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы
мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін аңықтайды.
Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері,
оларды жүзеге асыру механизмдері аңықталады.
Аймақтардың қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктеріне, әлеуметтік –
экономикалық жүйесінің жүзеге асу барысына,бюджетаралық қатынастарды
жетілдіру мәселелеріне, аймақ экономикасын басқару механизмін жетілдіруге
басты назар аударылады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш
бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеу нәтижесі қорытындыда көрсетілген.

1 АЙМАҚТАРДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ
ЕРЕКШЕЛІГІ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1.1 Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған
стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т.б. аумақтық факторларды
толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында
нақтылағанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі
жоғары болады.
Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық
даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін
аймақтық саясат ерекшеліктерін аңықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық
саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері
аңықталады [1].
Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға
толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей
араласпағанмен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы
шектеулер т.б.) араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді
қызмететуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс
өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін
қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының
дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан
реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын
мемлекеттік реттеу-бұл олардың дамуының қажетті шарты.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде
қарастырылған аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның
тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгімәселелердің бірі болып
табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған
жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін
тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінейік.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру барысында жүргізілген
реформалар аймақаралық саралауды (дифференциация) тым күшейтіп жіберді.
Нәтижесінде жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімді (ЖАӨ) өндіру көлемі
бойынша республикахалқының айырмашылығы он есеге дейін жетті. Ал АҚШ-таең
алдыңғы және ең артта қалған штаттарының арасындағы айырмашылық-небәрі
1,8 есе ғана. Кесте деректері көрсетіп отырғандай, жан басына шаққандағы
жалпы аймақтық өнімнің ең жоғары көлемі-Атырау облысына, ал ең төменгі
көлем Жамбыл облысына тиесілі болып отыр. 2011 жылғы деректер бойынша осы
екі облыстың жан басына шаққандағы ЖАӨ-дегі айырмашылық 12 есе болған.

Жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім, мың теңге

Облыстар 2007 2008 2009 2010 2011 Ауытқу
+\-
Қазақстан 121,1 157,8 168,4 172,3 266,9 94,6
Республикасы
Ақмола 87,1 94,7 95,8 98,1 157,6 59,5
Ақтөбе 124,2 162,5 185,4 200,1 285,9 85,8
Алматы 58,5 72,0 74,6 85,7 120,8 35,1
Атырау 288,6 581,7 698,2 701,5 1099,4 397,9
Шығыс 125,6 143,3 152,4 164,8 196,7 31,9
Қазақстан
Жамбыл 44,0 50,2 56,4 60,1 91,2 31,2
Батыс 115,9 203,4 240,0 258,9 323,0 64,1
Қазақстан
Қарағанды 150,8 197,2 201,4 202,5 272,2 69,7
Қызылорда 122,6 144,1 145,6 158,3 217,1 58,8
Қостанай 58,8 93,4 100,7 103,4 189,5 86,1
Маңғыстау 247,4 432,1 458,3 504,3 566,5 62,2
Павлодар 136,7 175,2 198,3 203,4 289,9 86,5
Солтүстік 55,1 61,1 67,5 71,3 147,8 76,5
Қазақстан
Оңтүстік 55,1 61,1 67,5 71,4 110,3 38,9
Қазақстан
Астана қаласы 243,3 254,0 259,4 302,5 510,6 208,1
Алматы қаласы 283,1 329,9 331,2 367,1 625,7 258,6

Мұндай тым саралау, әрине, миграцияның күшеюіне, дағдарысты және
кедей ареалдардың кеңеюіне, аймақтардың экономикалық өзара әрекет ету
механизмінің әлсіреуіне және аймақаралық қарама-қайшылықтардың өсуіне алып
келері сөзсіз. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік-экономикалықсаясатты
жүргізуді айтарлықтай қиындатады. Аумақтық әлеуметтік-экономимкалық
теңсіздіктер (диспропорциялар) көбінесе объективті сипаттағы себептер мен
байланысты болғанмен де, оларды жұмсарту қажеттілігі айқын. Мемлекеттің
тұтастығын сақтауға ұмтылған бір де бір мемлекет аумақтық теңсіздіктердің
соншалықты алшақтығына жол бермейді. Мұны дамыған мемлекеттердің тәжірибесі
де дәлдей түседі. Сондықтан Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму
қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу
стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты
өсуіне елдің проблемалық аймақтарындағы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша
мүмкін емес. Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік,
экономикалық, экологиялық ерекшепроблемаларымен сипатталатынәр түрлі
аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу
қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:
1) шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
2) индустриялық дамыған;
3) агроөнеркәсіптік;
4) дағдарыстық.
Бірінші топқа-стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың
айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми-өндірістік әлеуетінің қарқынды
дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық-
әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен
ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан
шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін
төмендегідей проблемалар кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:
- минералды шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндіру мен
өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық шикізат
түрлеріне бай жерлерді интенсивті игеру;
- отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық
климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары
дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымдарды
құру;
- ауылдық аумақтарының дамуындағы жинақталған күрделі проблемаларды
(әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.
Екінші топқа ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары
технологиялық ғылымды қажетсінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық
жағдайларды және жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар, негізінен қаржылық
ресурстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.
Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін проблемалар қатарына
төмендегілерді жатқызуға болады:
- шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті
қалыптастыру;
- жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа
технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника
құралдары, автомобиль құрылысы, жаңа материалдар, лазер
технологиясын дамыту;
- нарықтық инфрақұрылымды дамытуды жеделдету.
Үшінші топ-ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік
кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын
қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы
мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет
[2].
Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін
келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді мамандандыруды
жүзеге асыру;
- ауыл шаруашылық өнімнің жоғары сапалығын және экспорттық
әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология
мен техникаларды енгізу және пайдалану;
- тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну
заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының
материалдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және
әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру [3].
Төртінші топқа-қысылшаң (экстремальный) табиғи-климаттық,
әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы,
шаруашылықтың салалалық құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен
қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда
жинақталған проблемалардан арылу үшін мемлекеттік реттеудің нақты
шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі
тиіс мәселелер келесідей:
- экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу;
- осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және
деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;

- қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті
ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты
жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін
халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
- шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және
оларды тиімді пайдалану.
Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық
мәселелерін тиімді шешеуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды
дамытуға мүмкіндік берді [4].
Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің салдарынан
экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе
төмен, ал экономикасы өнеркәсіптіңаз әртараптандырылған (диверсификация)
құрылымымен, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады.
Мұндай аумақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне
мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған
Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет-аймақтар үшін жағымсыз салаларды
бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру
негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.
Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:
- өндіріс қарқының төмендеуі;
- халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы
табыстың төмендігі);
- жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі
(жұмыссыздықтың жоғары деңгейі)
- демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету
саласындағы проблемалардың күшеюі және т.б.
Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады.
Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар-бұл
әлеуметтік-экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және басқа да
жағдайлармен байланысты табиғи, аумақтық айырмашылықтар. Осы орайдағы
мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып
табылады.
Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс аймақтық
айырмашылықтар көбінесе аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық,
ресурстық және инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай-ақ олар
мемлекеттің теңестіру саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы
саясатты жүзеге асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндеттерінің
қатарына артта қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық даму
параметрлерін ең болмағанда орташа деңгейге (осы параметрлер бойынша)
біртіндеп жақындату жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан
аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін
қолдау (қолайлы жерлерге көшіп-қонуға көмек көрсету); артта қалған
аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т.б. болып
табылады [5].
Аймақ дамуының кез келген аясында дағдарысты жою, бір жағынан
алғанда, экономикалық белсенділік деңгеімен байланысты. Әлеуметтік даму
салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде
ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму
деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік
жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты
бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп
туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық
құраушыларының тепе-теңдігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік
құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі
бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының
деңгейін көтеруге болады, бұл түптен келгенде мемлекеттің аймақтық
саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып
табылады.
Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге
асырудың өзіндік механизмдері бар. Макроэкономикалық саясаттың құрамдас
бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының
тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың
тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа
жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен
жекелеген аумақтардың мүдделерін үйлестіру, аумақтық дамудың әрекетті
механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтық ресурстық, ғылыми, еңбек
әлеуетін барынша пайдалану жатады. Осы суреттен көрініп тұрғандай, аймақтық
саясаттың мақсаты, міндеттері мен жүзеге асыру әдістері мемлекеттік
реттеудің басқа бағыттарымен өзара тығыз байланыста жүзеге асырылады.
(Қосымша А)
Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен-өзі жеке дами алмайды, өйткені
басқа аймақтардың даму барысына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктерін де
ескеруі тиіс. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі
аймақтық саясаттың маңызы ерекше бола түседі. Мемлекет әрбір аймақ үшін
бағдарлама жасап, сол бойынша аймақтар өзінің даму бағытын жүзеге асырады.
Аймақтық саясатты нақты қалыптастыру үшін еліміздің кеңістікті
айырмашылық себептерін көрсету қажет. Оларға жататында төмендегілер:
- еліміз аймақтарының табиғи-климаттық жағдайының айырмашылығы;
- аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану
бағыты, саласы және ауқымы. Бұл фактор тек ауыл шаруашылық, сондай-
ақ пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру
жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер
етеді;
- аймақтың орналасуының күрделі жағдайы, соның әсерінен шығындар
артып, бағаның өсуі туындайды. Бұл аймақтың көлік және байланыс
қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық даму деңгейіне
ықпал етеді;
- инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірісінің ескі құрылымы;
- елдің экономикалық даму тенденциясы;
- тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;
- институционалдық фактор: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары,
саяси жағдайы, аймақтың даму тарихы және т.б.;
- орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі,
өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс
жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфрақұрылым;
- әлеуметтік-мәдени факторлар: урбанизация деңгейі, халықтың білім
деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б;
- орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық
ерекшеліктердің есепке алынбауы;
- орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді
жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.
Сонымен қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік
аймақтық саясаты ең алдымен шектен тыс аумақтық теңсіздіктерге жол бермеу
және оларды тегістеу саясаты болуы тиіс. Бұл жағдайда орталықтандыру мен
орталықсыздандырудың тепе-теңдігі қажет. Осыған орай аймақтық дамудың
шешілуін әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени, демографиялық
және т.б. шаралар жүйесін талап ететін санқырлы проблема ретінде
қарастыруға болады [6].
Нарықтық экономикаға өту барысындағы аймақтық саясат біршама
өзгермелі болып келеді. Әрбір аймақтың ерекшеліктеріне қарай, кейбір
аймақта мемлекет тарапынан нарықтық экономиканың қалыптасуы үшін жалпы
құқықтық режимді қолдау жеткілікті болса, басқасында экономикалық
белсенділікті ынталандыру қажет, келесі біреуінде, аймақтық экономикаға
экономикалық және әкімшілік әсер ету әдістері қажет т.б.
Экономикалық саясат, еліміздің және оның жекелеген аймақтарының
экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге және қойылған мақсаттарға жетуді
көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс. Ал, аймақтық саясаттың мәні
жалпы ұлттық мақсаттарағ жету үшін аймақтық дамуды басқару болып табылады.
Республикамызда соңғы жылдары аймақтық экономикаға, аймақтарды
дамытуға, дәлірек айтсақ, республикадағы әрбір аймақтың экономикалық
өсуіне, әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл –
ауқатын көтеруге, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны
тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, сонымен қатар шағын
және орта бизнесті дамыту сияқты мәселелерді шешуге айтарлықтай көңіл
бөлініп, нақты іс – шаралар кешені жүзеге асырылуда.
Соның нәтижесі ретінде 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда
өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі Қазақстанның барлық аймақтарында
байқалады. Ең көп өсуге Қызылорда облысындағы (18,7%) қол жеткізілсе, ең аз
өсу Атырау облысында (0,3%) орын алды. Өнеркәсіп өндірісінің орташа
республикалық деңгейі еліміздің 11 аймағында асып түсті.
Ауыл шаруашылығы саласына келер болсақ, 2009 жылғ,ы бағалау
бойынша тұтастай республикада ауыл шаруашылығыныңжалпы өнімінің көлемі
ағымдағы бағамен 606,7 млрд. Теңгені құрады, бұл 2008 жылғы тиісті
кезеңдегіден 1,4% артық.
2009 жылы жалпы аймақтық өнім халықтың жан басына шаққанда 266,9
мың теңгені құрады, оның ең жоғары көлемі Атырау (1099,4 мың теңге),
Маңғыстау (566,5 мың теңге) облыстарында және Алматы (625,7 мың теңге) мен
Астана (510,6 мың теңге) қалаларында байқалады [7].
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2008 жылмен салыстырғанда
10,6% - ға артқан. Инвестицияның өсуі республиканың 13 аймағында байқалып
отыр. Осы келтірілген деректер аймақтар экономикасын дамытуға қатысты іске
асырылған шаралардың бірқатар оң нәтижеге жеткізгендігіне дәлеле бола
алады. Дегенмен шешімі табылмаған, жақын мерзімде шешілуі қажет мәселелер
әлі де болса жеткілікті. Республикамыздың кең байтақ аумағы мен оның әрбір
аймағының өзіндік ерекшеліктері, олардың экономикалық әлеуеті,
республикалық еңбекбөлінісіндегі орны, әлеуметтік –экономикалық дамудеңгейі
нарықтық қатынастарға өткелі бері жүргізіліп жатқан реформалардың
нәтижесінің әркелкі болуын тудырды. Қазіргі кезеңде Қазақстан аймақтарының
әкімшілік – аумақтық құрылымы мен негізгі сипаттамаларын келесі кесте (3 –
кесте) деректерімен бейнелеуге болады.Осы кесте мәліметтерінен байқалып
отырғанындай, республика аймақтары негнізгі көрсеткіштері (аумағы, халқы,
олардың орналасу тығыздығы, барлық халық санындағы облыс халқының үлесі
және т.б) бойынша да бір бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Сондай – ақ
әрбір аймақтың өзінің маманданған саласы бар.
Жалпы аймақтық өнімнің салалыққұрылымына талдау жасау аймақтар
бойынша мамандану деңгейін сипаттауға мүмкіндік береді.
Кестеде көрсетілгендей, аграрлық сектор Солтүстік Қазақстан
(36,2%), Ақмола (31.3%), Алматы (24,6%), Қостанай (22,5%), Жамбыл (20,8%),
және Оңтүстік қазақстан (17,1%) облыстарының экономикасында елеулі рөл
атқарады. Өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған аймақтар тқатарына Маңғыстау
(64,5%), Қарағанды (53,3%), Қызылорда (48,1%), Павлодар (47,4%), Атырау
(44,8%), Ақтөбе (41,9%), және Шығыс Қазақстан (40,5%) облыстарын кіргізуге
болады. Құрылыс жұмыстарының көлемі Астана қаласында (16,7%), Батыс
Қазақстан (16,3%), Атырау (44,8%), Ақтөбе (41,9%), және Шығыс Қазақстан
(40,5%) облыстарын кіргізуге болады. Құрылыс жұмыстарының көлемі Астана
қаласында (16,7%), Батыс Қазақстан (16,3%), Атырау (14,2%), Қызылорда
(12,7%), Жамбыл (8,9%) және Ақтөбе (8,2%) облыстарында республикалық
деңгейден асып түскенін кесте деректері көрсетіп отыр.
Сауда, көлік, байланыс, білім, денсаулық сақтау және халыққа
қызмет көрсететін экономиканың басқа салалары кіретін қызметтердің жиынтық
үлесі республика бойынша тұтастапй 52% - ды құрайды. Қызмет көрсету
салалары Астана және Алматы қалаларында басымдыққа ие.
2009 жылдың алынған құрылымына сәйкес аймақтарды үш топқа бөлуге
болады. Жалпы аймақтық өнімнің үштен бір бөлігі (30,8%) ЖАО – нің 10% -
ынан астамын өндіруші аймақтарды біріктіретін бірінші топқа келеді – бұл
Алматы қаласы (18,2%) және Атырау (12,6%) облысы. Екінші топқа алты аймақ
кіреді, олардың ЖАӨ -дегі үлесі 5% - дан асады. Үшінші топқа сегіз аймақ
жатады, олардың жалпы аймақтық өнімнің тұтас көлеміндегі үлесі 5% - дан
аспайды.
Аймақтар дамуының қазіргі жағдайын саралау олардың дамуының
экономикалық қауіпсіздігін бағалауды талап етеді.
Аймақтық экономикалық қауіпсіздігі – аймақ экономикасының оның
дамуының әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық – саяси тұрақтылығын
қамтамасыз етуге қабілеттілігі, халықтың өмір сүру сапасын жоғары
әлеуметтік стандарттар деңгейіне жеткізу, табиғат ресуртарын ұтымды
пайдалана отырып, ішкі және сыртқы қауіптердің ықпалына қарсы тұру. Демек,
аймақ экономикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тұтас ел экономикасы
өркендеуінің негізгі шарттарының бірі деп тұжырымдауға болады. Осыған
байланысты экономикалық қауіпсізджіктің қатерлерін аймақтық деңгейде
анықтаудың маңызы да арта түспек.
Аймақтардың саралануының күшеюі жалпы аймақтық өнім сияқты
көрсеткіштер динамикаксынан көрінеді. Аймақтық дамудың саралануына
байланысты, экономикалық қауіпсіздік факторлары әрбір аймақ деңгейінде
өзінің аймақтық ерекшеліктеріне ие болады. Әрбір аймақта экономикалық
қауіпсіздік факторларын анықтау нәтижесінде ғылыми негізделген шешімді
талап ететін экономикалық қауіпсіздіктің ерекше мәселелері туындайды [8].
Аймақтар дамуының тікелей қателеріне келесілерді жатқызуға болады
орталық және жергілікті билік органдарының арасындағы өкілеттіліктер
маен жауапкершіліктердің айқын бөлібеуі;
- аймақтардағы реформалардың жүргізілуі қарқыныңдағы айырмашылықтар;
- халықтың өмір сүру деңгейі мен свапасы бойынша аймақтардың саралануы;
- әлемдік нарық сұранысына сәйкес Қазақстан экономикасының салалық және
аймақтық құрылымының өзгеруі, нәтижесінде өнеркәсіптік және аграрлық
аймақтардан басым шикізат пен отын өндіретін аймақтар иерархиясы
қалыптасты;
- аймақтар дамуындағы аумақтық және салалық үйлестіру қағидасының
бұзылуы.
Барлық аймақтар үшін жалпы қатерлер:
- жұмыссыздық;
- ірі өңденуші кәсіпорындардың тоқтап қалуы немесе толық қуатында жұмыс
істемеуі;
- экологиялық проблемалардың көбеюі;
- шағын қалалардың дағдарысты жағдайы.
Аймақ дамуының әлеуметтік қатерлері:
- жан басына шаққандағы табыстың төмен деңгейі және табыстары күнкөріс
минимумынан төмен халық үлесінің артуы. Кедейшілік шикізат әлеуеті
төмен және жұмыссыздық жоғары (Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл)
аймақтар үшін ғана тән болып отырған жоқ. Кедейшіліктің күшейе түсуі
мұнай өңдеу және металлургия салаларының жоғары және орта өсу
қарқындары бар және осындай аймақтардың ауылдық жерлерінде
шоғырланғаны байқалып отыр;
- халықтық жалақысының төмен деңгейі. Бес облыста – Оңтүстік Қазақстан,
Жамбыл, Алматы, Ақмола және Солтүстік Қазақстан – орташа айлық жалақы
республикадағы орташа деңгейге жетпейді;
- жан басына шаққандағы табыс пен орташа айлық жалақы деңгейі бойынша
аймақтардың өте саралануы (резкая дифференциация). Мысалы, Атырау
облысындағы жалақының жоғары деңгейі мен Ақмола облысындағы төмен
деңгей арасындағы айырмашылық үш еседен артық;
- аймақтар ішіндегі айтарлықтай саралану – қала және ауыл тұрғындарының,
өңдеуші және металлургия салаларында жұмыс істейтіндер мен қалған
халық табыстарының арасындағы;
- барлық аймақтарда әлеуметтік аясы (сфера) салаларының дамуындағы
жағымсыз тенденциялардың сақталуы.
Бірінші топтағы аймақтар (Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар)
үшін тән қатерлер:
Аймақтардағы өнеркәсіп өндірісі құрылымының өндіруші сала жағына
қарай өзгеруі, өндеуші сала үлесінің төмендеуі. Қара және түсті металлургия
салалары басымдыққа ие болып келеді [9].
Шығыс Қазақстан облысында түсті металл рудалары кен орындарының
азаюы.
Қарағанды көмір өнеркәсібінің проблемалары: жер асты көмірін
өндірудің жоғары шығындары, өнімге сұраныстың азаюы және т.б. Павлодар
көмір өнеркәсібнің проблемалары: қоныр көмірді (лигнитті) өткізудің тұрақты
нараықтарының жоқтығы, меншік проблемелерының әлі де шешімін таппауы.
Аймақтағы ірі кәсіполрындардың көпшілігі шетелдік компанияларға
басқаруға берілгендіктен, жалдамалы еңбекке қатысты әлеуметтік
проблемалардың туындауы.
Аймақтардың (Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан) екінші
тобына тән қатерлер:
Оңтүстік Қазақстан облысы энергия тапшы аймақтар қатарына
жатқызылады. Бұл облыста энергия ресурстары жеткіліксіз болғандықтан,
тасылып әкелінетін көмір мен газға сүйенеді. Қажеттіліктің біршама бөлігі
Орта Азия республикаларынан импорттау есебінен қанағаттандырылады. Оңтүстік
аймақ облыстары Қырғыстан мен Өзбекстанға шығатын жалпы электр желісіне
біріктірілген. Ақтөбе облысы да Ресейден тасымалданатын электр энергиасына
тәуелді.
Жамбыл облысында өндірілетін фосфор минерал тыңайтқыштарына
сұраныстың жоқтығы.
Орташа республикалық деңгейдің 60 – 80 % - ын құрайтын халық
табысының төмендігі.
Аймақтардың (Атырау , Маңғыстау) үшінші тобына тән қатерлер:
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында мұнай өндіру өнеркәсібінің
басымдығы;
Сыртқы факторларға, мұнайдың әлемдік нарығындағы коньюнктураның
өзгеруіне тәуелділік салдарынан аймақтың дамуындағы тұрақтылықтың
төмендеуі;
Өндеуші өнеркәсіп жұмысшыларының экономиканың басқа салаларындағы
жұмысшылардың табыстары мен салыстырғанда өте қарама – қарсылығы;
Көлік коммуникацияларының дамымауы, автомобиль және темір
жолдардың тығыздығының төмендігі.
Аймақтардың (Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан) төртінші
тобына тән қатерлер:
Өнеркәсіптік өндірістің, ең алдымен бұрын аймақтағы дамыған
салалардың бірі болған машина жасау саласының құлдырауы;
Машина жасау кәсіпорындарының, әсіресе қорғаныс өнімдері үшін
өткізу нарықтарын табу проблемасы;
Қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі. Облыстар республикалық
бюджеттен жәрдем қаржы (субвенция) алады. Салықтық түсімдер жергілікті
бюджеттің табыс бөлігінің 60 – 80%-ын қамтамасыз етеді [10].
Электр энергиясына ішкі сұраныс аймақтың өзіндегі өндіріспен
қамтамасыз етілмейді, Ресейден тасымалданатын электр энергиясына деген
тәуелділік жоғары.
Жер сапасы мен топырақ құнарлығының төмендеуі; Ауыл шаруашылығы
өнімдерін өткізу нарықтарын жоғалту.
Аймақтардың (Ақмола, Алматы, Қызылорда) бесіші тобы үшін тән
қатерлер:
Қызылорда облысының өнеркәсіп өндірісінің құрылымында мұнай
өндіру өнеркәсібінің басымдығы;
Алматы облысын электрмен, газбен жабдықтаудың тұрақсыздығы;
Алматы облысында туризмнің төмен даму деңгейі.
Аймақтардың (Астана, Алматы) алтыншы тобы үшін тән қатерлер:
Қалалық коммуналдық шаруашылықтың материалдық-техникалық
базасының әлсіздігі;
Алматы қаласы үшін сейсмикалық және сел қаупінің болуы. Тұрақты
дамуы деген терминнің мәніне келер болсақ, ол экономикалық, саяси,
әлеуметтік және психологиялық факторлардың кешені, осы факторлардың үйлесуі
қоғамның аймақтың, мемлекеттің дамуын қамтамасыз ету үшін алғышарттар
жасайды.
Тұрақты дамудың негізі, оның басты көрсеткіші болып экономикалық
өсудің қарқыны, оның шамасы және тұрақтылығы саналады.
Экономикалық тұрғыдан алғанда тұрақты даму мен қауіпсіздік екі
түрлі, бірақ кез келген аядағы бір – бірімен өзара байланысты жағдайлармен
сипатталады. Мұнда тұрақты даму анықтаушы болады да, ал қауіпсіздік осы
дамуды қамтамасыз етеді. Сонымен, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз
етуді экономиканың қалыпты жұмыс істеуі мен тұрақтыдамуының қажетті шарты
ретінде қарастыру керек.
Жоғарыда көрсетілгендей, қатерлер әрбір аймақ үшін ерекше және әр
түрлі әлеуетке ие. Сондықтан бұл объективті түрде көрсетілген нақты
қатерлер факторын анықтау негізінде экономикалық қауіпсіздік қатерін терең
зерттеу, талдау және нақты аймақтардың экономикалық қауіпсіздігінің
бағалаудың қажеттілігін негіздейді [11].
Аймақтық шаруашылықтың жекелеген элементтерінің дамуындағы
қажетті қатынастардың бұзылуы, әлеуметтік мәселелерді шешудегі артта
қалушылық, экологиялық жағдайдың нашарлауы және аймақтық ресурстарды
тиімсіз қолдану макродеңгейдегі экономикалық қауіпсіздік қатерлерін
күшейтеді.
Аймақтың мамандану тұрпаты көбінесе экономикалық
қауіпсіздікфакторларын анықтайды.
Аймақтардың экономикалық қауіпсіздігін бағалау үрдісінде
қолданылатын көрсеткіштер мен индикаторлардың жүйесіне қойылатын талаптарды
қарастырайық:
1. Экономикалық көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі бір – бірімен
байланысты болуы керек;
2. Эконогмикалық көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі экономикалық
қауіпсіздіктің негізгі қатерлер тізіміне сай болуы тиіс;
3. Экономикаылқ көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі қажетті және
жеткілікті болуы тиіс;
4. Алынған талдау нәтижелері нақтылыққа сай тексеру мүмкіндігіне ие болуы
керек;
5. Олар уақытқа сай болып, әлеуметтік – экономикалық өмірдің белгілі бір
кезеңін сипаттауы қажет.
Сандық сипаты бар мұндай көрсеткіштер төнген қауіпті алдын ала
көрсетуі тиіс. Мұндай көрсеткіштер жүйесі экономикалық ресурстардың,
өндіріс факторларының айналысы жүзеге асырылатын аймақтық жүйенің ұдайы
өндіріс сипатын бейнелейді.
Экономикалық қауіпсіздіктің маңызды көрсеткіштерінің бірі аймақта
бір жыл ішінде өндірілген өнім, яғни ЖАӨ болып табылады. ЖАӨ - аймақтарда
орналасқан салалардың қосымша құндарының сомасы ретінде анықталады.
ЖАӨ динамикасын анықтайтын экономикалық қауіпсіздіктің факторлы
көрсеткіштері еңбек, капитал және табиғи ресурстарды қолдану болып
табылады. Бұл көрсеткіштердің байланысын келесі функция түрінде көрсетуге
болады:

WRP=f(Ka,Lb,Zc)
(1)

Мұндағы WRP – ЖАӨ
K – капитал көлемі
L – еңбек шығыны
Z – жер мен ресурстарды пайдалану көлемі;
a, b, c - әрбір факторға қатысты ЖАӨ - нің икемділігін көрсететін
коэффициенттер.
Аймақтардың экономикалық қауіпсіздік деңгейіне әр түрлі
факторлардың әсерін бағалау үшін талдаудың корреляциялық – регрессиондық
әдісін қолдануға негізделген экономикалық – математикалық модель құрылады.
Кез келген модель объектінің, біздің жағдайда ЖАӨ динамикасымен анықталатын
аймақтық жүйе үшін жасалынады.
Модельді құру негізінде аймақтарды экономикалық әлеуеті, даму
деңгейі мен мамандануы бойынша бөліп, оларды топтастырады. Қазақстанның
аймақтарының әрбір тобында аймақтық ерекшеліктеріне негізделген
экономикалық қауіпсіздіктің ерекше қатерлер кешені бар.
Республика аймақтарының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында макроэкономикалық үйлесімділік (пропорциялар) мен тұрақтылықты
сақтай отырып, ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету
қаже[12].

1.2 Аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық негізгі міндеттері

Қазақстан Республикасының Индустриалық – инновациялық дамуының
2003 – 2015 жылдарға арналған Мемлекеттік стратегиясының мақсаты – шикізат
бағытын біртіндеп арылуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру
жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік
– технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады. Мұндай
стратегияның қабылдануына әлемдегі экономикалық даму қарқыны негіз болып
отыр. Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, трансұлттық корпорациялар
сияқты институттардың осыған дейін де әлемдік экономикада билік жүргізіп
келуі дамушы елдерге инновациялық игіліктерді игеруге түрткі болуда.
Өйткені, әлемдегі шеткері жатқан дамушы елдер шикізатжеткізуші қызметін
атқарып, ал аталмыш институттардың құрылуына негіз қалаған орталықтағы
іргелі мемлдекеттердің оны өңдеп, оларға қайта сату үрдісі болашақта
шикізатқа бағытталған мемлекеттердің әлемдік тауар нарықтарындағы
жағдайларға тәуелді болып қалу қаупін тудыруда. Әлемдік тәжірибе
көрсеткендей, шикізат қорына бай кейбір елдер осы сектор арқылы едәуір
табысқа ие болады да, өнеркәсіптің жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды.
Дегенмен, шикізат қоры бір кездері сарқылатындықтан да тұрақты даму
тұрғысынан алғанда шикізатты ел елеулі проблемаларға тап келеді.
Бастапқыдашикізаттық мемлекеттер саналатын Латын Америкасындағы Мексика
және Бразилия елдері, Шығыс Азиядағы Оңтүстік Корея, Сингапур мемлекеттері
инновациялық саясатты қолдану, яғни сервистік – технологиялық экономикаға
өту арқылы өркендеуге қол жеткізуге болатынын дәлелдеп берді [13].
Жалпы алғанда, жаңа ғаламдық эконогмикаклық жағдайды
қалыптастыратын әлемдік экономикадағы басым үрдістердітөмендегідей тұрғыда
жіктеуге болады:
- дамыған елдерде индустриалық экономикадан сервистік –
технологиялық экономикаға өту;

- ғаламдану;
- экономиканы ырықтандыру;
- ғаламдық бәсекенің артуы және аймақтық ықпалдасу.
Жиырмасыншы жылдың соңғы ширегінде экономикасы дамыған елдер
индустриалық даму сатысынан аса жоғары сервистік – технологиялық
экономикаға өтті. Бұл елдерде жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) үлкен бһлігі қызмет
көрсету секторында қалыптасты. Мұндай қызметтердің айқын байқалатын ғылыми
және инновациялық негізі бар.
Экономикасы дамыған елдерде санаткерлік ресурстар және қаржы
капиталы шоғырланған, ал индустриялық өндіріс, әсресе, еңбекті көп қажет
ететін өндірістер біртіндеп әлемнің экономикалық дамуы тұрғысынан неғұрлым
артта қалған елдеріне ауысуда.
Елдің Индустриалық – инновациялық даму бағдарламасында
дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясындағы Қазақстан экономикасының
дамуында орын алған бірқатар проблемалар көрсетілген, олардың негізгілері
ретінде келесілерді атап өтуге болады: Қазақстан экономикасының біржақты
шикізат бағытылығы; әлемдік экономикаға ықпалдасуының әлсіздігі; ел
ішіндегі салааралық және аймақаралық экономикаылық ықпалдасудың бостандығы;
ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының
мардымсыздығы; өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы;
кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта
қалушылығы; ғылым мен өндірістің арасында ықпалды байланыстың болмауы;
ғылыми – зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ)
қаржының аз бөлінуі жіне т.б. Сонымен қатар бағдарламада экономиканың
үрдістерін талдау дәне Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетін
арттыру проблемелеры да қарастырылға [14].
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан ғаламдық экономикада әлемдік
тауар нарықтарына мұнай, газ, қара, түсті, сирек кездесетін және қымбат
металлдар мен уран өнімдерін шығаратын ел ретінде таныла бастады. Ауыл
шаруашылық өнімдерінің ішінде астық экспортының келешегі бар.
Өнеркәсіптің шикізат салаларына шетелдік инвестицияларды тарту
және қаржы саласында құрылымдық – институционалдық өзгерістерді жүзеге
асыру жөнінде мемлекеттік саясаттың жүргізілуіне орай Қазақстан
экономикасының дамуында ілгерілеу байқалуда және ұзақ мерзімді кезеңде
индустриялық сервистік – технологиялық даму сатысына өтуге мүмкіндік
беретін қаржы ресурстары жинақталуда.
Дүниежүзілік Банк Қазақстанды әлемдегі инвестиция салуға ең
тартымды 20 елдің қатарына қосты. Соңғы он шақты жылдан астам уақытта
Қазақстан экономикасына 21 миллиардтан астам АҚШ доллары тартылды.
Құрылымдық - институционалдық реформалар саласындағы
жетістіктерді, қаржы секторы сенімділігінің артуын және елдің экспорттық
әлеуетінің жедел қарқынмен өсуін айта отырып, өнеркәсіптің өңдеуші
салалары, сондай – ақ өндірістік сипаттағы қызметтер көрсететін салалар
тиісінше дамымай отырғанын да атап өткен жөн. Өңдеуші өнеркәсіпте
металлургиа өнеркәсібі ғана сыртқы нарықта бәсекеге түсе алады.Тамақ
өнеркәсәбәнәң кейбір өнімдері осыған ұқсас шетелдік өнімдермен ішкі нарықта
ғана бәсекеге түсе алса, ал өңдеуші өнеркәсіптің қалған өнімдері бүгінгі
таңда тікелей және жанама демеуқаржылардың (субсидиялардың) есебінен ғана
ұсталып отыр. Бұл электр энергиясына, жанар – жағар майларға, өнімді
тасымалдауға төмен және экономикалық тұрғыдан негізделмеген тарифтің
белгіленуінен, кедендік қорғау баждарын белгілеуден көрініс беруде. 2009
жылға дейін өнеркәсіптің кейбір (машина жасау, тоқыма, тігін, былғара аяқ
киім, резина, және пластмасса бұйымдарын өндіру, химия өнеркәсібі)
салаларына бюджет алдында жол берілген бұрынғы берешектерінтөлеу өсімі
есептелмей кейінге қалдырылды. Тоқыма, тігін, былғары аяқ киім өнеркәсібі
салаларының өздері өндірген өнімдерін өткізуге 2008 жылға дейін қосылған
құнға салық нөлдік мөлшерлеме (ставка) бойынша салынды. Бағдарламада
қысқаша келтірілген өңдеуші өнеркәсіптің қазіргі сипаты осындай.
Аталған шешімнің табуы қажет проблемелермен қатар ел
өнеркәсібінің қазіргі кейбір көтсеткіштерінкелеңсіз көріністерінен де
деректер келтіргенді жөн санаймыз. ЖІӨ - нің 1 долларына электр
энергиясының жұмсалу деңгейі бойынша, сондай – ақ экономика салаларындағы
еңбек өнімділігі бойынша еліміз кейбір индустриалық дамыған елдердің 7 – 10
еседен астам артта қалып отыр. 2007 жылыдың басында негізгі құралдардың
тозу дәрежесі орта есеппен 29 пайыз құрады. Бірқатар салаларда негізгі
құралдардың нақты тозуы 50 пайыздан астам деңгейге жақындауда. Негізгі
құралдар құрылымында аса тозғандары машиналар мен жабдықтар. Олардың тозу
дәрежесі 2006 жылы 42,1 пайыз құрады. Көлік құралдары – 41, ғимараттар 36,5
пайызға тозған. Мұнай өндіру және металлдарды өндіру мен байланысты емес
салаларда жабдықтың тозу дәрежесі соңғы үш жылда 45 пайыздан 62 пайызға
дейін жеткен. Өндеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында толықтай тозған
машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының үлес салмағы 12 пайызға
жетті. Мұның барлығы да сайып келгенде ел экономикасының бәсекеге түсу
қабілетінің төмендеуіне алып келеді [15].
Бағдарламада индустриалық – инновациялық саясаттың басымдылықтары
жан – жақты қарастырылған. Әлеуетті бәсекеге қабілетті, соның ішінде
экономиканың шикізаттық емес бағыттағы салалрында жұмыс істейтін экспортқа
бағдарланған өндірістердіқұру және дамыту индустриялық – инновациялық
саясаттың басымдылықтары болып табылады.
Индустриялық – инновациялық стратегияны енгізудің тиімді
тәсілдерінің бірі – бұл бір аумақта орналасқан және түпкі өнім өндіру
шеңберінде өзара технологиялық байланысқа ие болған кәсіпорындардың
интеграциялануы. Бұл осы салаға материалдық, қаржылық және санаткерлік
ресурстар құйылуының қуатты факторлары болып табылады. Экономиканы
дамытудың мұндай инновациялық тәсілі кластер қағидасын пайдалану негізінде
жүзеге асырылады және оның мақсатты интеграцияға кіруші кәсіпорындардың
бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату болып табылады. Қазіргі кезде Қазқстанда
машина жасау саласында, металлургияда, химия мен экономиканың басқа да
салаларында кластер нышаны байқалуда. Мысалы, олардың ең үлкені – Павлодар
– Екібастұз отын-энергетика кешенінде жүзеге асырылып отыр. Дегенмен,
қазіргі кезде көптеген отандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігі
төмен болып, әлемдік нарықтағы бәсекелестікті айтпағанда, Қазақстан
ішіндегі ұлттық компаниялармен кластерлік (мысалы, оларды қосалқы
бөлшектермен қамтамасыз ету, техникалық қызмет көрсету және т.б.) сипатта
жұмыс істей алуға мүмкіндіктері шектеулі [16].
Мұнай экспорттаушы елдердің барлығын дерлік өз экономикасын
әртараптандыру пробемасы аландатады. Ол елдер соңғы онжылдықта мұнай
экспорттаудан алынатын табысты қайта бөлу есебінен экономикаынң өндірістік
құрылымын жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыруда. Осымен бір мезгілде
дамыған елдер экономикасынан кіріс алу мақсатында басқа елдерге капитал
экспорттау жұмысы жүргізіледі. Қазақстанда мұнай – газ өнеркәсібіне жылдан
жылға көбейіп келе жатқан инвестициялар көлемі экономика құрылымымен
әртараптандыруға қолайлы жағдай туғызады. Осыған байланысты Каспий
теңізінің қазақстандық секторын игеру индустрианы дамытудың қозғаушы күші
бола алады. Онда көмірсутектерінің жалпы қоры 8,0 млрд. тоннаны құрайтынын
ескерсек, Қазақстанда отын энергетика кешенінің дамуы алдағы уақытта
аталмыш сектордың дамуымен айқындалатын болады. Алдағы он бес жылда
Қазақстан мұнайын өндіруді дамытуға инвесторлар 80 млрд. АҚШ долларынан
астам қаржы салуға ниет білдіруде. Айта кету керек, мұнай мен газды өңдеуді
тереңдете түсу іс жүзінде экономиканың барлық салалары мен тұрмыста
пайдаланатын полимерлік бұйымдардың шамамен 200 түрін шығаруға мүмкіндік
жасайды. Сонымен бірге металлургиялық қалдықтар мен кен қалдықтарын ұқсату
жөніндегі жаңа технологияларды енгізу орта мерзімді болашақта қосылға құны
жоғары өнім алуға мүмкіндік береді [17].
Индустриалық – инновациялық стратегияға сәйкес өңдеуші саланы
дамытудың алғашқы шаралары жүзеге асырыла бастады. Атап айтқанда, жоғары
технологиялық және ғылыми өндірістерді құру жобаларын дамыту, оларды
қаржыландыру, сырттан инвестиция тартуға негізделген Инвестициялық,
Инновациялық қорлар, Даму банкі, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды
сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды. Даму банкі
құрылғалы бері жалпы құны 400 млн. АҚШ доллары тұратын 35 инвестициялық
жобалар мен экспорттық операцияларды жүзеге асыруға қатысты. Ендігі кезекте
жаңа өнім түрі мен сапасына жасалған сараптамадан өткен жобалар
қаржыландырыла бастамақ. Осы орайда отандық инновациялық жобалардың нарық
кеңістігіндегі бәсекелестікке төтеп беруі үшін қатаң талаптар қойылып,
оларды мемлекеттен емес, даму институттары арқылы ғана инвестициялау
қарастырылды. Қазақстандық мамандар мұндай шешімге 1979 жылы Филиппин
үкіметінің елде жаңа мүмкіндіктерді туғызу мақсатында толық талданбаған
ірі индустриялық жобаларда қаржыландыруда еш нәтиже шығара алмау
тәжірибесі негізінде келді.
Стратегияны іске асыруға арналған инвестициялық сипаттағы тікелей
шығындардың болжанатын көлемі жылына 1,2 млрд. АҚШ долларын, мемлекеттік
шығындарының құны 2008 жылдың бағасы бойынша жылына 260 млн. АҚШ долларын
құрайды. Стратегияны іске асырудан күтілетін нәтижелер де анықталған. Атап
айтқанда, экономиканың өсу қарқыны жылына кемінде 8,8 – 9,2 пайыз көлемінде
болады, 2006 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖІӨ көлемі шамамен 3,5 – 3,8
есе өседі, сонымен қатар, өңдеуші өнеркәсіптің орташа жылдық өсу қарқыны 8
– 8,4 пайызға дейін, 2006 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігі
кемінде 3 есе өседі және ЖІӨ - нің энергияны қажет етуі екі есеге
төмендейді деп күтілуде. Стратегияны жүзеге асыру ЖІӨ құрамындағы тауар
өндірісінің үлес салмағын 2015 жылы 46,5 папйыздан 50 – 52 пайызға дейін
өсіруге, ЖІӨ құрылымындағы ғылыми және ғылыми – инновациялық қызметтің үлес
салмағын 2006 жылғы 0,9 пайыздан 2015 жылы 1,5 1,7 пайызға дейін көтеруге
жағдай жасайды.
Индустриялық стратегияның негізгі міндеттерінің бірі – аймақтық
және халықаралық ауқымдағы еліміздің бәсекелестік артықшылығын анықтау
болып табылады. Үкімет трансұлттық компаниялармен, шетелдік және ірі
Қазақстандық компаниялармен бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру
жөніндегі ынтымақтастықтың белсенділігін арттыруда. Ақпараттық
технологиялар саласындағы әлемдегі жетекші компаниялар саласындағы әлемдегі
жетекші компаниялар Майкрософт, Хьюллет – Паккард, Сименс, Циско
және басқалармен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Бұдан
басқа машина жасау мен металлургияда ірі жобаларды жүзеге асыру жөнінде
шаралар қабылдануда. Мәселен, Қазақстан – КАМАЗ автомобиль консорциумы
құрылды, оның басты мақсаты - өз елімізде автомобиль және трактор жасауды
дамыту [18].

2 АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ТАЛДАУ

2.1 Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы және Ақмола облысының дамуындағы
экономикалық қауіпсіздік мәселелері

Үдемелі индустриялық – инновациялық даму бағдарламасы бойыеша
ауқымды жұмыстар жүргізілді. Индустиаландыру картасы щеңберінде 18,9
миллиард теңгенің 18 жобасы жүзеге асырылды.
Мұның бәрі іс жүзінде өнеркәсіп өнімдерін өндіру көрсеткішінің
айтарлықтай өсіп, 13,3 пайызға жетуін қамтамасыз етті, ал бұл республика
бойынша ең жоғары көрсеткіштеродің бірі болып табылады (Астана, Алматы
қаласы және Жамбыл облыстарынан кейінгі төртінші орын). Оның ішінде басым
бағыттар саналатын машина жасау – 127 пайыз, металлургия – 108,6 пайыз және
азық – түлік өнімдерін өндіру – 112 пайызға артты.
Өнеркәсіп саласының осылайша қарқынды дамуына 2010 және 2011
жылдары Индустриаландыру картасы шеңберінде іске қосылған кәсіпорындар
айтарлықтай серпін бергендігін атап кеткен жөн. Өнеркәсіп өнімдері
көлемінің өсуіне үдеиелі индустриялық – инновациялық даму бағдарламасы
есебінен іске қосылған инвестициялықжобалардың қосқан үлесі 20 пайызды
құрады [19].
Жаңа өндірістік жобалардыіске қосудың арқасында алтын өндіру
көлемі 1,5 есеге артып, 10 тоннаға жетті оның 7,3 тоннасы Алтынтау –
Көкшетау ЖШС – нің еншісіне тиеді), керамикалық кірпіш шығару 1,8 есеге
артып, 70 миллион дана кірпіш шығарылды (оның 30 миллион данасын Енки
серіктестігі шығарды),пластмасса құбыр шығару 2,2 есеге көбейіп, 19,5 мың
тонна құбыр шығарылды (оның 15 мың тоннасы Арыстан Степногорскқұбыр
зауытының еншісінде).
Өндеуші саладағы еңбек өнімі 2010 жылмен салыстырғанда 1,5 еседей
артып (әр еңбек етушіге шаққанда 17,8 мың АҚШ доллары көлемінде), бұл
саланың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақмола облысының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Салық жүйесінің атқаратын қызметтері
Ақмола облысының туристік мүмкіндіктері
Туристік ресурстар тізімін дайындау
Сақтандыру делдалдары
Бюджет деңгейлері арасындағы қаржылық ағындарды ретке келтіру
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары
Қазақстанның шағын қалаларындағы әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін теориялық тұрғыдан зерттеп, оған әсер ететін факторларға тұжырымдама және талдау жасау негізінде олардың экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жетілдіру үшін ұсыныстар жасау
Инновациялық дамудың экономикадағы рөлі мен маңызы
Бюджеттің білімге арналған шығындарының тиімділігін талдау
Пәндер