Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
- Кіріспе ………. . .
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қазіргі заманғы кез келген қоғамның экономикалық құрылымының қалыптасуы мен дамуында, жергілікті бюджеттің қалыптасу және орындалу процессін басқару жоғарғы деңгейді талап етеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2012 жылдың 27 қаңтарындағы жолдаған үндеуінде экономиканың өсуі халықтың әл-ауқатымен ілесе жүреді делінген. Әлеуметтік саланы жаңғырту және халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту арқылы адам капиталының бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында білім берудің, денсаулық сақтаудың, әлеуметтік қамтамасыз етудің сапасын жақсартуға бағытталған маңызды әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылуда. [1]
«Жұмыспен қамту - 2020», «Қолжетімді баспана-2020», «Саламатты Қазақстан - 2015», «Бизнестің жол картасы - 2020» сияқты бағдарламаларының орындалуы елдің дамуының кілті. Осындай бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мемлекет қомақты қаражат бөледі. Сол бөлінген қаражаттарды игеру, олардың уақытылы, мақсатты жұмсалуы бәсекеге қабілетті, әлеуеті зор, экономикасы қуатты елдің құрылуындағы қадамдардың нәтижелілігінің белгісі.
Бюджет - мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.
Бюджеттің көмегімен әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етуге, ғылыми-техникалық прогресті ынталандыруға, қорғаныс қабілетін ұстауға, басқалай мемлекеттік қызметтерді атқаруға жағдай жасалады. Осыған орай, шаруашылық механизмінің бірқалыпты қызмет етуі бюджеттік қатынастарды жетілдірусіз, ғылыми түрде жасалған бюджеттік саясатсыз, бюджеттік процесті басқарудың тиімді жүйесінсіз мүмкін емес. Нарық, корпорация және мемлекет арқылы басқарылатын экономикаға өту мемлекеттік бюджетті, кәсіпорын және сала қаржыларын, аумақтық және жергілікті деңгейдегі қаржы қатынастарының жаңа блогының дамуын, бюджеттен тыс қорлардың терең реконструкциялауды қажет етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - бюджет жүйесінің құрылымы мен орындалу жағдайын қарастыру.
Жергілікті бюджетінің қалыптасуы мен басқарылуын зерттеу үшін әлеуметтік- экономикалық даму үдерісіндегі жергілікті бюджетті басқарудың ұйымдастырушылық-әдіснамалық негіздері мен тәжірибесін зерттей отырып, оның тиімділігін арттыруға бағытталған теориялық қағидаларды және тәжірибелік ұсыныстарды жасау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі негіздерін зерттеу;
- жергілікті бюджетінің қалыптасуы мен орындалу үдерісінің мәнін ашып, әдіснамалық негізіне сипаттама беру;
- тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы жергілікті бюджетінің қалыптасуы мен басқарылуын зерттеу;
- Ақмола облысының бюджетінің орындалу барысын талдау және оның жергілікті экономикасын дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы объективті рөлін негіздеу;
- жергілікті бюджетаралық қатынастардың қазіргі жағдайын талдау негізінде орын алып отырған мәселелерді айқындау және жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында оларды шешудің жолдарын ұсыну;
- жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ғылыми негізделген нақты ұсыныстар жасақтау.
- мемлекеттік бюджет жүйесінде кездесетін мәселелерін зерттеу арқылы даму жолын нақтылау;
- Бюджет жүйесіндегі проблемаларды шешу жолдары;
Дипломдық жұмыстың объектісі. Зерттеу нысаны ретінде Ақмола облысының бюджетінің жергілікті бюджет қаражаттарын қалыптастыру және пайдалану барысындағы ерекшеліктер мен айырмашылықтары және ҚР-дағы бюджет жүйесіндегі құрылымы және механизмдеріне сүйене отырып, оның ұйымдастырылу тәртібін жетілдіру мен бақылау.
Дипломдық жұмыстың пәні - Зерттеу пәні жергілікті бюджет үдерісі мен оны орындау барысында қалыптасатын қатынастар жиынтығы және Ақмола облысының қаржы басқармасы болып табылады.
Тақырыптың ғылыми зерттелуінің дәрежесі. Қазақстанда қоғамдық-саяси және экономикалық жүйенің өзгеруі елімізде жергілікті деңгейдегі басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты. Жиырма жыл бойы елімізде мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, жергілікті басқаруды қалыптастыру және оны дамыту бойынша зерттелген ғылыми жұмыстар баршылық. Соның ішінде жергілікті экономиканың дамуын басқару, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығындарының қалыптасуы, өндіріс орындарының алатын рөлі бағыттарында жазылған ғылыми еңбектер жеткілікті. Осы аталған бағыттарда қазақстандық ғалымдар Я. А, Әубәкіров, М. Б. Кенжегузин, Н. Ж. Бримбетова, К. Б. Бердалиев, Г. Н. Дугалова, Р. Е. Елемесов, Ж. Елубаева, Е. Б. Жатқанбаев, Ж. И. Ихданов К. Е. Кубаев, Г. Ж. Қарағұсова, К. С. Мұхтарова, Б. М. Мұхамедиев С. С. Оспанов, С. М. Өмірзақов, К. А. Сагадиев, Г. Н. Сансызбаева, А. Н. Тулембаева, Ө. К. Шеденов, А. И. Худяков, М. Т Мухитдинов, Д. Г Черник, Ф. О Махмудов, С Жумабеков, М Камалов, Р. Алиев және басқа да отандық, шет елдік экономист ғалымдар еңбектерінде жан-жақтылы баяндалған. Олардың ғылыми еңбектерінде аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу, облыстардың дамуын баскарудағы қаржы ресурстарының алатын орны жүйелендіріліп, олардың теориялық және тәжірибелік жақтары зерделенген. Дегенмен, жергілікті бюджетті басқаруды жетілдіру мәселесі арнайы ғылыми зерттеу объектісі ретінде әлі де болса зерттеуді талап етеді.
Қазақстан Республикасының 1996 жылдың 24 желтосанында қабылданған №125-1 «Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы» заң Қазақстан Ресбуликасында бюджеттік заңдылық принциптерін және бюджет жүйесі мен бюджеттік процестердің қызметінің құқықтық негіздерін белгіледі. Осыған байланысты бюджет жүйесін, бюджеттік процестерді, бюджеттік механизнің қызметінің заңдылық негіздері мен нақты тәжірибесін зерттеу қазіргі кезде ерекше өзекті болып отыр.
Бюджеттік әсер етудің нәтижелілігін көтеру көп жағдайларда осы жүйенің мәніне, оның дамуын анықтайтын факторларды білуге, керекті өзгерістердің теориялық негізділігіне байланысты болады.
Дипломдық жұмыстың жаңашылдығы - Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары ұсынылды. Зерттеу нәтижесінде алынған тұжырымдар мен нәтижелер бюджеттік жүйені жетілдіру, кіріс базасын нығайту және бюджеттердің тапшылығын қысқарту, қаржы органдарының талдамалық жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау жағынан маңызды.
Зерттеудің әдістері дипломдық жұмыста дедуктивті, аналитикалық, тарихи және экономикалық әдістер қолданылған.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік негізі - Ақмола облысының қаржы басқармасы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы - кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі қарастырылды.
Екінші бөлімде Ақмола облысының бюджетінің орындалуын талдау және Ақмола облысының қаржы басқармасының мәліметтері қарастырылды.
Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары көрсетілген.
Диплом жұмысының теориялық және методологиялық жазылуына негіз болған отандық және шетелдік экономистердің еңбегі, статистикалық мәліметтер мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің нұсқаулық әдебиеттері құрайды.
1 Қазіргі жағдайдағы Қазақтан Республиасының бюджет жүйесі
1. 1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
Қаржылық байланыстардың көп түрінің ішінен жекелеген жалпы белгілермен ерекшеленетін, шартталған сфераларды бөлуге болады. Жалпы қоғамдық өнімінің құндық қайта бөлуінің ерекше облысын қаржылық қатынастар құрайды, ол мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен, тұрғындармен қарым қатынасынан қалыптасады. Бұл қатынастарға олардың тікелей қатысушысы мемлекет болатын, бөлу процесінде пайда болатындығы жалпы тән және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған, ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын құру мен пайдаланумен байланысты. Қаржылық қатынастардың осы жиынтығы мемлекеттік бюджет деп аталатын түсініктің экономикалық мазмұнын құрайды.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджет объективті сипатта болады. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, мемлекеттің табиғаты мен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жылпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді.
Қаржыны орталықтандырудың арқасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылады.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет «айрықшалықты қоғамдық арналымды» орындайды - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын ерекше белгілер бар: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүргізіледі. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшылықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
- мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастарының айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
- құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
- қоғамдық өнімнің оның тауар нысаныдағы қозғалысы мен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де. өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынасымен тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес нақты материалдық-заттық түрде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында - бюджеттік қорында сақталады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор - бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құндық бөліністің белгілі стадияларынан өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шартталған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді [2] .
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшылығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сиқты сипатты функцияларды атқарады.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнелетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т. с. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін анықтайды.
Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық ұғым ретінде қарау керек. Мәселен, мемлекеттік бюджетте коғамдағы барлық экономикалық үдерістер бейнеленетіндіктен, сондай-ак барлық негізгі қаржы институттары - салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттің қарыздары және т. б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын қайта бөлгіштік үдерістер қарастырылады.
Негізгі қаржы жоспарының кірістері мен шығыстарының айрықшалықты баптары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастырудың көздері мен қорды пайдалану бағыттарын көрсетеді. Елдің негізгі қаржы жоспары мемлекеттің жоспарлы қызметінің жемісі болып табылады; онда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бейнелеп көрсететін мемлекеттің еркі білдірілген. Бюджет нақты кезеңге (әдетте, бір қаржы жылына жасалатын, ал 2011 жылдың 1 каңтарынан бастап бюджет үш жылға жасалады) бюджеттің кірістерін, шығыстарын, орталықтандырылған қаржылық ресурстардың шешуші бөлігінің козғалысын анықтайды. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері Парламенттің жыл сайын қабылдайтын республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады [3] .
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудағы басты механизмдердің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретінде бюджеттің ролі осыдан көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң)
Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн (1 сурет) .
Қондырма бөлігі
(Субъективті жағы)
Әлеуметтік - экономикалық дамуды
басқару механизмі
Базис бөлігі
(Объективті жағы)
Ескертпе - автормен құрастырылған
Сурет 1 - Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы.
Мемлекеттік бюджет - ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Мемлекеттік бюджеттің көмегімен ұлттық табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20 пайызы, жалпы қоғамдық өнімнің 10 пайызы бөлінеді және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстаның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланылады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағыттауы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының маңызы зор. Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар - халықтың табысы аз жіктерін қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы [4] .
Қаржылық жоспарлау процесінде ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық кәсіпорындармен және ұжымдармен етене байланысты.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылуы процесінде ұлттық шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түсуде.
1. 2 Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
Мемлекттік органдардың өздерінің функцияларын орындау үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының бюджет құрылысын құрайды.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар. Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар - халықтың табысы аз жіктерін қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.
Қаржылық жоспарлау процсінде ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық кәсіпорындармен және ұжымдармен етене байланысты.
Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық - әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктерімен ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Әр түрлі бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлері болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық - мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративті мемлекеттердегі бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
мемлекеттік бюджет, федералдық бюджет, орталық мемлекеттің бюджеті.
Федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ штаттарының, ГФР жерлердің, Канада провинциялардың, Ресейде федерация субъектілерінің бюджеттері) .
Жергілікті бюджеттер. Унитарлық мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады:орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, барлық әдеттегідей әлеуметтік - экономикалық процестерді орталықтандыру деңгейіне байланысты төмендігі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан федералдық емес, басқарудық Президенттік нысаны және сайланатын бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді қамтиды [5] .
Қазақстан жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz