Мемлекеттік активтерді пайдалану бөлімінің қызметін ұйымдастыру


Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Әр аймақтың экономикалық - әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Оны өзгерту, көтеру жолында талпынған сол аймақ ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса болмайды. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады.
Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі.
Мемлекеттік бюджет - бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.
Мемлекеттік активтер - бұл бюджеттiк ұйымға жататын, оның iшiнде жалға берiлген, барлық активтердiң қолдағы саны және жылжуы есептелiнедi.
Мемлекеттік активтердiң бухгалтерлiк есебi есептiк тiркемелерде активтер түсiмiнiң, олардың бюджеттiк ұйым iшiнде ауыстырылуының және шығарылуының дұрыс құжаттық рәсiмделуiн және уақытында көрсетiлуiн, сондай-ақ әрбiр объектiнiң (заттың, заттар тобының) сақталуына және дұрыс пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуi тиiс.
Мемлекеттік активтерге мыналар жатады: жылжымайтын мүлiктер (жер бөлiктерi, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық ағаштар және жермен тығыз байланысты, жылжытқанда олардың мақсатына зиян келтiрiлмеуi мүмкiн емес, басқа объектiлер), көлiк құралдары, жабдықтар, өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандары, ересек жұмыстық және өнiм беретiн мал, арнаулы құрал-саймандар, өзге активтер.
Қазақстанның қаржы органдарының тарихы 1920 жылдың қазан айынан басталады, ал бақылау - тексеру қызметі 1923 жылдың соңында қаржы халық комиссариаты жанынан ұйымдастырылды.
Бақылау басқармасының негізгі қызметтеріне бюджетті толықтыру және мемлекеттік қаражаттың шығыс есебіне тексерулер жүргізу кірді. Қаржы бақылау органдарының құзіреті бүгінгі күні өзгерген жоқ.
Органдардың әр кездегі әртүрлі дәрежесі тек қана қаржы - экономикалық жағдайының нақты қажеттілігінен ғана туындаған жоқ, бақылау жұмысының көлеміне және сипатына шектен тыс қарама - қайшы көзқарастардан туындайды.
Экономиканың ырықтандырылуы, нарық қатынастарының дамуы мемлекет үшін ақшалай ресурстардың ағымына қатаң бақылау жүргізу қажеттілігін нақты көрсетеді.
Қаржының айқындылығы - нақты демократияның бірден бір мәнді көрсеткіші. Бюджет, қаржы саласындағы заң, тәртіп бұзушылықтар мен зиянкестіктер небір хронологиялық байланысқа, ұлттық тамырларға ие емес, себебі:
- біріншіден, әр мемлекеттің қажеттілігі оның қаржылық мүмкіндіктерінен асады, сондықтан шенеуніктер тез арада, заңды және Парламентті айналып өтіп, қаржыны «тығыз» қажеттіліктерге бөлістіруге ұмтылады;
- екіншіден, әр қоғамда әртүрлі дәрежедегі түрлі компаниялардың, топтардың саяси және коммерциялық мүдделері айқындалады, аталған мүдделерді экономика саласында қорғау, түрлі жеңілдіктер алу көзделеді.
Адамзат өзін - өзі ұйымдастырылған қоғам ретінде тани бастағаннан бастап қазіргі күнге дейін әр мемлекет үшін «мемлекет қалтасы» жағдайына жалпы, ашық бақылау жүргізу, бюджет қаражатының пайдалануына бақылау жүйесін құру және жетілдіру мәселесі маңызды.
Тақырыпты зерттеудің дәрежесі. Мемлекеттік активтер және мемлекеттік активтерді басқару комитетінің механизімін зерттеу, мемлекеттік активтердің қазіргі жағдайы, жеткен жетістіктері, проблемалары отандық және шетелдік экономистердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Мемлекеттік активтерді басқару механизімін зерттеуге Үмбетәлиев А. Д., Керімбек Ғ. Е., Мельников В. Д., Байдүйсенов А. Д., ІлиясовҚ. Қ., Құлпыбаев С., сияқты экономистер үлкен үлес қосқан.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік бюджеттің экономикадағы маңызы, оның қаржы жүйесіндегі рөлі, қоғамдық өндірістегі өмір сүруі және т. б. табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсатын жүзеге асыру барысында мынадай міндеттер орындалды:
- мемлекеттік активтердің экономидағы алатын орны;
- мемлекеттік активтердің құрамы және құрылымы;
- мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстары;
- мемлекеттік бюджет тапшылығы және жою жолдары;
- мемлекеттік активтерді қаржыландыру қорлары және нысандары.
Дипломдық жұмыстың объектісі - Ақмола обылысының қаржы басқармасы
Дипломдық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасының мемлекеттік активтері және оны басқаруды жетілдіру жолдары.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Экономикалық дамудың қазіргі талаптарына сай мемлекеттік активтердің қалыптасуы мен зерттеу және жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар жасау болып табылады.
Негізгі ғылыми жаңалықтардан тұратын зерттеу жұмысының маңызды нәтижелері болып мыналар саналады:
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік активтердің экономикада алатын орны анықталып, ғылыми негізделген тұжырым берілді;
- мемлекеттік активтердің әлемдік тәжірибесін сараптай отырып, «мемлекеттік бюджетке» түсетін салықтың түрлері мен артықшылықтарының негізінде, оны ҚР-на енгізу қажеттілігінің негізгі және дәлелді белгілері анықталды;
- нарықтық қатынастарға өту кезеңінен бастап еліміздегі экономикалық байланыстардың қарқынды даму тұсындағы мемлекеттік активтердің қазіргі жағдайы анықталып, мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың көзі ретінде басымды ерекшеліктері айқындалды.
Бұл дипломдық жұмыста мемлекеттік активтердің мәнін, оның экономикадағы рөлін, құрылымы мен құрамын және оның қоғам өміріндегі маңыздылығын толықтай және де көбірек қамтыдым және де бұл дипломдық жұмыстың әдістемелік нұсқамасы болып, жетекші мамандардың монографиялары, газет - журналдар, әдебиеттер, нормативтік - құқықтық актілер және т. б. табылады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі ретінде құқықтық және ақпараттық материалдар, Қазақстан Республикасының нормативтік актілер және заңнамалар, ҚР статистикалық агенттігінің ақпараты, Ақмола облысының қаржы басқармасының мәліметтері қолданылды.
Зерттеу әдістері - дипломдық жұмысты зерттеу барысында келесі әдістер: салыстырмалы, аналитикалық, диалектикалық, тарихи, логикалық әдістер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімде мемлекеттік активтер және оны басқару жүйесінің теориялық негіздері қарастырылған.
Екінші бөлімде Ақмола облысы, Республика деңгейіндегі кәсіпорындар мысалында мемлекеттік активтерді басқару жүйесін талдау жасалынған.
Үшінші бөлімде мемлекеттік активтерді басқару жүйесінің даму бағыттары, мемлекеттік активтерді тиімді пайдалануды көтеру жолдары қарастырылған.
Дипломдық жұмысты зерттеудің нәтижелері қорытындыда жинақталған.
1 Мемлекеттік активтер және оны басқару жүйесінің теориялық негіздері
1. 1 Мемлекеттік активтер және оны басқарудың мәні мен мағынасы
Мемлекеттік активтер - бұл бюджеттiк ұйымға жататын, оның iшiнде жалға берiлген, барлық активтердiң қолдағы саны және жылжуы есептелiнедi.
Мемлекеттік активтердiң бухгалтерлiк есебi есептiк тiркемелерде активтер түсiмiнiң, олардың бюджеттiк ұйым iшiнде ауыстырылуының және шығарылуының дұрыс құжаттық рәсiмделуiн және уақытында көрсетiлуiн, сондай-ақ әрбiр объектiнiң (заттың, заттар тобының) сақталуына және дұрыс пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуi тиiс.
Мемлекеттік активтерге мыналар жатады: жылжымайтын мүлiктер (жер бөлiктерi, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық ағаштар және жермен тығыз байланысты, жылжытқанда олардың мақсатына зиян келтiрiлмеуi мүмкiн емес, басқа объектiлер), көлiк құралдары, жабдықтар, өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандары, ересек жұмыстық және өнiм беретiн мал, арнаулы құрал-саймандар, өзге активтер [1, 24 бет] .
Мемлекеттік активтерге сондай-ақ жердi жақсартуға арналған күрделi салымдар (суландыру, құрғату, ирригациялау және басқа жұмыстар) және жалға алынған ғимараттар, құрылыстар және активтерге жататын басқа да активтер жатқызылады.
Мемлекеттік активтерге көпжылдық ағаштарға, жердi жақсартуға арналған күрделi салымдар жыл сайын, бүкiл жұмыстар кешенiнiң аяқталуына қарамастан, пайдалануға қабылданған алаңдарға қатысты шығындардың сомасы да активтердiң құрамына енгiзiледi.
Жалға алынған активтерге жұмсалған күрделi шығындар, егер жалдау шартында өзгеше көзделмеген болса, iс жүзiндегi шығыстардың сомасында жалға алушылардың меншiктi активтерiне қосылады.
Мыналар мемлекеттік активтерге жатпайды және арзан құнды және тез тозатын заттардың құрамында бюджеттiк ұйымда есептеледi:
а) құнының қаншалығына қарамастан, бiр жылдан кем ұсталған құралдар;
б) олардың пайдалану мерзiмiне қарамастан, сатып алу бағасы бойынша бiр бiрлiк үшiн құны 40 есе есептiк көрсеткiшке дейiнгi заттар.
Пайдалану мақсатына және орындалу функцияларына байланысты пайдалану мерзiмi табиғи-заттық құрамы бойынша олардың құнына қарамастан активтерге жататын заттар (еңбек құралдары) ерекшелiгi құрайды, оларға өндiрiстiк-шаруашылық тағайындалған кiтапханалық қорлар, мұражай құндылықтары (белгiленген тәртiппен ескерiлген экспонаттардан басқа), жануарлар әлемiнiң экспонаттары, сахналық-қойылым құралдары, үлгiлiк жоспарлау жөнiндегi құжаттама және басқалар жатады.
в) құнына және қызмет мерзiмiне қарамастан, арнаулы киiм, арнаулы аяқ киiм;
г) құнына және қызмет мерзiмiне қарамастан, бюджеттiң есебiнен ұсталатын денсаулық сақтау, оқу-ағарту, халықты әлеуметтiк қорғау қызметкерлерi және басқаларға арналған формалық киiм және аяқ киiм;
д) орны толтырылатын шығындары үстеме шығыстардың құрамында құрылыс-монтаж жұмыстарының құнына жатқызылатын, уақытша (атаусыз) құрылыстар, қосалқы жайлар мен қондырғылар;
е) құны "б" тармақшасында белгiленген сатып алу және жасау құны бойынша лимиттiң шегiндегi, қоймалардағы материалдық құндылықтарды сақтауға немесе технологиялық процестерге арналған ыдыстар;
ж) малдың төлдерi және бордақыдағы малдар, құстар, үй қояндары, терiсi бағалы аңдар, ара әулеттерi, сондай-ақ есептегi малдар;
з) егуге арналып питомниктерде өсiрiлген көпжылдық көшеттер.
Мемлекеттік активтерді есептеу үшiн 01 "Активтер" шоты арналады, ол мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi:
010 "Ғимарат";
010-1 "Жер";
011 "Құрылыс";
012 "Ауыспалы құрылыс";
013 "Машиналар мен жабдықтар";
014 "Материалдық емес активтер";
015 "Көлiк құралдары";
016 "Аспаптар, өндiрiстiк (иелiгiн қоса) және шаруашылық
құрал-саймандары";
017 "Жұмыстық және өнiмдiк мал";
018 "Кiтапхана қоры";
019 "Өзге активтер".
010 "Ғимарат" қосалқы шотында мыналар жеке топтарға бөлiнiп есептеледі [2, 14бет] .
1) басқару органдары, әлеуметтiк-мәдени және басқа ұйымдар пайдаланатын өндiрiстiк-шаруашылық мақсаттағы ғимараттар (оқу орындарының, ауруханалардың, емханалардың және амбулаториялардың, қариялар мен мүгедектерге арналған үйлердiң, балалар мекемелерiнiң, кiтапханалардың, клубтардың, мұражайлардың, ғылыми-зерттеу институттарының, шеберханалардың және с. с. ғимараттары) ;
2) толық немесе көбiне тұрғын үйге арналған ғимараттар (барлық пайдалы тұрғын және тұрғын емес алаңдардың 50%-нен кем болмайтын тұрғын бөлмелердiң жалпы пайдалы алаңы) .
010-1 "Жер" қосалқы шотында шығыстардың экономикалық сыныптамасының 451 "Жердi сатып алу" ерекшелiгi бойынша бюджеттен бөлiнетiн қаражаттың есебiнен сатып алынған жердiң кез-келген түрi, ормандар, iшкi сулар мен пайдалы қазбалардың кен орындары ескерiледi.
011 "Құрылыс" қосалқы шотында: су айдағыштар, стадиондар, бассейндер, жолдар, көпiрлер, ескерткiштер, парктердiң, саябақтардың және қоғамдық бақтардың қоршаулары, тағы басқалар есептеледi.
012 "Ауыспалы қондырғылар" қосалқы шотында электр тарату желiлерi, тұтынушыларға дейiн сұйық және газ тәрiздi заттарды құбырлар арқылы ауыстыруға арналған қуаттарды трансформациялау (баға түрге айналдыру) және беру үшiн қажеттi, барлық аралық құрылғылары бар трансмиссиялар мен құбырлар есептеледi.
013 "Машиналар мен жабдықтар" қосалқы шотында қуат машиналары мен жабдықтар, жұмыс машиналары мен жабдықтар, өлшеу аспаптары, реттеу аспаптары мен қондырғылары, лаборатория жабдықтары, компьютерлiк жабдықтар, дәрiгерлiк жабдықтар, офис жабдықтары, мынадай жеке топтарға бөлiнген өзге машиналар мен жабдықтар есептеледi:
1) жылу және электр қуатын өндiретiн қуат машиналары мен жабдықтар, әртүрлi қуаттарды (су, жел, жылу, электр және с. с. қуатын) механикалық қуаттарға, яғни қозғалыс қуатына айналдыратын машина-қозғағыштар;
2) өнiм жасау және өндiрiстiк мақсатта қызметтер көрсету процесiнде және механикалық қозғағыштардың, адам және жануар күшiнiң көмегiмен өндiрiс процесiнде еңбек затын ауыстыру барысында еңбек затына механикалық, жүк және жолаушы лифтiлерiн қоса алғанда термикалық және химиялық әсер етуге арналған жұмыс машиналары мен жабдықтары, машиналар, аппараттар мен жабдықтар;
3) өлшеу аспаптары - дозаторлар, амперметрлер, барометрлер, ваттметрлер, су өлшегiштер, вакуумметрлер, вапориметрлер, вольтметрлер, биiктiк өлшегiштер, гальванометрлер, геодезиялық аспаптар, гигроскоптар, индикаторлар, компастар, манометрлер, хронометрлер, арнаулы таразылар, өлшегiштер, касса аппараттары ж. б. ;
4) реттегiш аспаптар мен құрылғылар - оттегi-тыныс алу аспаптары, электрлi, пневматикалы және гидравликалы реттегiш қондырғылар, автоматты басқа тетiктерi, орталықтандыру және топтау аппаратурасы, диспетчерлiк бақылаудың желiлiк құрылғылары және басқалар;
5) лаборатория жабдықтары - пирометрлер, реттегiштер, калориметрлер, ылғалдылықты анықтайтын аспаптар, айдау текшелерi, газ өткiзгiштiктi сынайтын аспаптар, жыртылуға төзiмдiлiктi сынайтын аспап, микроскоптар, термостаттар, тұрақтандырғыштар, кергiш шкафтар, тағы с. с. ;
6) компьютерлiк жабдықтар - дербес компьютерлер, калькуляторлар, лазерлi, матрицалы, түрлi-түстi принтерлер, сканерлер және басқалар;
7) медициналық жабдықтар - медициналық жабдықтар (тiс-дәрiгер креслосы, операциялық столдар, арнаулы жабдығы бар төсектер және бас. ), арнаулы дезинфекциялық дезинсекциялық жабдықтар, сүтханалар мен сүт станцияларының, қан құю станцияларының жабдықтары және басқалар;
8) офистiк жабдықтар - көшiргiш машиналар, факс-машиналар, құжаттарды жоюға арналған машиналар және басқалар;
9) өзге машиналар мен жабдықтар - жоғарыдағы топтарда аталмаған машиналар, аппараттар мен басқа да жабдықтар, өзге машиналар мен жабдықтарға мыналар жатады: стадиондардың, спорт алаңдарының және спорт жайларының жабдықтары (оның iшiнде спорт снарядтары), оқу орындарындағы кабинеттер мен лабораториялардың жабдықтары, киноаппаратуралар, жарық беретiн аппаратура, сахна жабдықтары, саз аспаптары, теледидарлар, таспалар, бейне камералар, ұялы байланыс аппараттары, пейджерлер радиоаппаратура, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен ғылыми жұмыспен айналысатын басқа да ұйымдардың арнаулы жабдықтары, АТС жабдықтары, автомобильмен қозғалатын өрт машиналары, өрт автоцистерналары, механикалық өрт сатылары, кiр жуатын және тiгiн машиналар, тоңазытқыштар, шаңсорғыштар, кондиционерлер, микротолқынды пештер және басқалар.
10) арттехқару-жарақ (атыс қаруы: пистолеттер мен револьверлер, автоматты қару, арнаулы мергендiк қару-жарақ, арнаулы (ерекше) мақсаттағы полиция бөлiмшесiнiң қару-жарағы, оқу және спорт қаруы, жарық сигналдарын беру құралдары; әскери инженерлiк мүлiк; әскери химиялық мүлiк; оптикалық аспаптар; )
014 қосалқы шотында материалдық емес активтер есептеледi - олар материалдық-заттық негiзi жоқ, бiрақ ұзақ уақыт бойында табыс алуға мүмкiндiк беретiн объектiлер. Активтердiң бұл түрiне мыналар жатады: төлемге сатып алынған жердi, суды, пайдалы қазбаларды және басқа табиғи ресурстарды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды пайдалану құқығы; тауар белгiлерi мен сауда маркалары үшiн құқықтар, сондай-ақ өзге мүлiктiк құқықтар (оның iшiнде жаңалықтарды, "ноу-хауды" пайдалану), брокерлiк орын, гудвилл, бағдарламалық қамтамасыз ету, ұйымдастыру шығыстары (өндiрiстi дайындау жөнiндегi, тәжiрибелiк-конструкторлық ж. б. ), маркетинг және басқа активтер [3, 204 бет] .
Мемлекеттік материалдық емес активтер есепте оларды сатып алу және дайындық жағдайына келтiру шығындарының iс жүзiндегi сомасында көрсетiледi.
Материалдық емес активтер қозғалысының талдама есебi НОС-6-н. Материалдық емес активтердi есепке алудың түгендеу карточкасында жүргiзiледi.
015 "Көлiк құралдары" қосалқы шотында адамдар мен жүктердi көшiруге арналған қозғалыс құралдарының барлық түрлерi есептеледi, олар мынадай жеке топтарға бөлiнедi:
1) темiр жол, су, автомобиль көлiктерiнiң жылжымалы құрамы (электровоздар, тепловоздар, мотодрезиндер, вагондар, платформалар, цистерналар, теплоходтар, дизель-электроходтар, буксирлер, баржалар мен баркалар, қайықтар мен қызметтiк қосымша кемелер, құтқару қайықтары, жүзбелiайлақтар, желкендi кемелер, жүк таситын және жеңiл автомобильдер, тiркемелер, автосамосвалдар, автобустар, трактор-тягачтар және басқалар) ;
2) әуе көлiгiнiң жылжымалы құрамы (ұшақтар, тiкұшақтар) ;
3) ат-көлiктер (арбалар, шаналар және басқалар) ;
4) өндiрiс көлiгi (электрокарлар, мотоциклдер, мотороллерлер, велосипедтер, қоларбалар, мүгедектер арбасы және басқалар) ;
5) спорт көлiгiнiң барлық түрлерi.
016 "Аспаптар, өндiрiстiк және шаруашылық (иелiгiн қоса) құрал-саймандар" қосалқы шотында мыналар жеке топтарға бөлiнiп есептеледi:
1) аспаптар - механикаландырылған және механикаландырылмаған жалпы сипаттағы еңбек құралдары, сондай-ақ машиналарға бекiтiлген, материалдарды өңдеу үшiн қолданылатын заттар. Оған мыналар жатады: қол еңбегiнiң кесетiн, ұратын, қысатын және тығыздайтын құралдары, электр қуатының, қысылған ауаның және басқалардың көмегiмен жұмыс iстейтiн, қолға ұстайтын механикаландырылған құралдарды қоса (электродрелдер, бояу бүрiккiштер, электр тiтiркеткiштер, гайка бұрағыштар және басқалар), сондай-ақ материалдарды өңдеуге, монтаж жұмыстарын жүргiзуге арналған алуан түрлi құралдар және с. с. (қыспақтар, патрондар, бөлгiш тығындар, қозғағыштарды орнатуға және автомобильдердегi кардан бiлiктерiн айналдыруға арналған құралдар және басқалар) ;
2) өндiрiстiк саймандар мен жарақтар - жұмыс уақытында өндiрiстiк амалдарды жеңiлдетуге қызмет ететiн өндiрiстiк мақсаттағы заттар: жұмыс столдары, верстагтар, кафедралар, парталар және с. с. еңбектi қорғауға көмектесетiн жабдықтар; сауда шкафтары мен сөрелер; сайман ыдыстары; жұмыс машиналарына жатқызуға болмайтын, техникалық мақсаттағы заттар (мысалы, сәулемен көшiретiн рамалар және с. с. ) ;
3) шаруашылық мүкәммал - офис керек-жарақтары (қабырғалық жиһаз, гарнитурлар, құрамалы жиһаздар, тумбалар, демалыс бұрышы), жылжытпалы баръерлер, iлгiштер, гардеробтар, әртүрлi шкафтар, дивандар, столдар, орындықтар, креслолар, кiтап сөрелерi, жанбайтын шкафтар мен жәшiктер, сейфтер, жазу машиналары, гектографтар, шапирографтар мен басқа да қолға ұстайтын көбейткiш және нөмiрлегiш аппараттар, телефон аппараттары, желдеткiштер, жылжытпалы киiз үйлер, шатырлар (оттегiлерiнен басқа), кроваттар (арнаулы жабдықтары барларынан басқа), кiлемдер, портъерлер, жалюзилер, терезеге арналған торлар және басқа да мүкәммал, сондай-ақ өртке қарсы қолданылатын заттар - гидропульттер, стендерлер, қол сатылар және с. с. (013 "Машиналар мен жабдықтар" қосалқы шоты бойынша есептелетiн, автомобильмен қозғалатын өрт су айдағыштары мен механикалық өрт сатыларын қоспағанда) ;
4) басқа да өндiрiстiк және шаруашылық мүкәммал - сейфтер, рамадағы картиналар, қола мүсiндер (бюсттер), мраморлы вазалар, шамдар (люстралар, бра), мемлекеттiк рәмiздер, көрнекiлiк агитация қабырғалары [4, 104 бет] .
017 "Жұмыстық және өнiмдiк мал" қосалқы шотында мынадай жеке топтарға бөлiнiп есептеледi:
1) жұмыстық мал - аттар, өгiздер, түйелер, есектер және басқа жұмыс малдары (көлiктiк және спорттық аттарды, басқа да көлiктiк малдарды, қызметтiк иттердi қоса) ;
2) өнiмдiк және асыл тұқымды мал - сиырлар, бұқалар, буйволдар мен қодастар (жұмыстағысынан басқа), айғырлар мен асыл тұқымды биелер (жұмыс iстемейтiн), үйiрде бағуға ауыстырылған биелер буралар мен iнгендер (жұмыс iстемейтiн), ұрғашы бұғылар мен еркек бұғылар (мүйiздi), еркек шошқалар мен мегежiндер, қойлар мен қошқарлар, ешкiлер мен текелер және басқалар.
018 қосалқы шотында жекелеген кiтаптардың құнына қарамастан кiтапханалық қорлар есептеледi. Кiтапханалық қорларға мыналар енгiзiледi: ғылыми, көркем және оқулық әдебиет, әдебиеттiң арнаулы түрлерi және басқа басылымдар.
019 қосалқы шотында жеке топтарға бөлiнiп, мыналар есептеледi:
1) көпжылдық өскiндер. Көпжылдық өскiндерге олардың жасына қарамастан қолдан отырғызылған мынадай көпжылдық өсiмдiктер жатады: жемiс-жидектердiң барлық түрлерi (ағаштар мен бұталар), көшелердегi, алаңдардағы, парктердегi, бақтардағы, саябақтардағы, ұйымдардың аумағындағы, тұрғын үй аулаларындағы көгалдандыру және көрiктендiру өсiмдiктерi, жанды қоршаулар, қар тосқындары мен егiстiктi қорғайтын жалдар, құмдар мен өзен жағалауларын бекiтетiн өскiндер, жар-қабақ өскiндерi және с. с. ; ботаника бақтарының және ғылыми-зерттеу ұйымдары мен оқу орындарының ғылыми мақсаттарға арнап қолдан өсiрiлген өскiндерi және басқа қолдан өсiрiлген өскiндер [5, 87 бет] .
Жас өскiндердiң барлық түрлерi толық жетiлген, яғни жемiс беретiн, бұтақтары ұйысатын жасқа жеткен өскiндерден және с. с. бөлек есептеледi;
2) жердi жақсарту жөнiндегi күрделi шығындар. Жердi жақсарту жөнiндегi күрделi шығындарға күрделi салымдар есебiнен жүргiзiлетiн (жер бөлiктерiн жобалау, алқаптарды егiстiк үшiн отау, даланы тастар мен қой тастардан тазарту, түбiрлердi кесу, жабайы өсiмдiктерден арылту, көлшiктердi тазарту және басқалар), ауыл шаруашылығына арналған жердi үстiртiн жақсарту жөнiндегi мәдени-техникалық шараларға арналған заттық сипатта емес (құрылыс салуға байланысты емес) шығындар жатады;
3) мұражай экспонаттарынан басқа (өнер және табиғаттану, көне заман және халық тұрмысы заттары, ғылыми, тарихи және техникалық сипаттағы заттар), мемлекеттiк мұражайларда құндылықтарды есептеу және сақтау жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес есептелетiн, мұражай құндылықтары (олардың құнына қарамастан) ;
4) олардың құнына қарамастан, хайуанаттар паркiндегi және басқа сондай мекемелердегi жануарлар әлемнiң экспонаттары;
5) сахналық қойылым құралдары (декорациялар, ағаш жиһаздары мен кәделiк, бутафорлық заттар, театрлық және ұлттық костюмдер, бас киiмдер, iш-киiмдер, аяқ киiмдер, париктер) ;
6) құнына қарамастан, үлгiлiк жобалау жөнiндегi құжаттар;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz