БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖАЙЛЫ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІПЕ 3

  1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ1. 1 Компьютерлік суреттердің бастауыш сынып оқушыларыныңтанымдық әрекет белсенділігін арттырудағы маңызы. 6

1. 2 12 жылдық білім жүйесіндегі бастауыш сыныпта информатика

сабағын оқытудың маңызы 14

2. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ.

2. 1 Бейнелеу өнері тарихы. 26

  1. 2. 2 Бастауыш сынып оқушыларын бейнелеу өнері арқылыэстетикалық тәрбиеге баулу 35

3. ЖАҢА АУЫЛ ОРТА МЕКТЕБІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНЫҢ

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНА КОМПЬЮТЕРЛІК

ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЕҢГІЗУ

3. 1 бастауыш сыныптарының бейнелеу өнері сабағына компьтерлік

технологияны еңгізу 40

3. 2 PAINT графикалық редакторы 47

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Адамзат дамуының жаңа кезеңі XXI ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, оның негізін компьютерлік технология құрайды. Сол себепті де бүкіл дүниежүзінде ең алдымен ақпараттық жаһандану үрдісі жаппай етек алуда. Оның таңғажайып көрінісі болса, «адам - компьютер - Интернет» байланыс жүйесі деп атап айтар едік. ҚР-сында осы ақпараттық өркениет үрдісінен шығу үшін «Қазақстан 2030» стратегиясынан бастап, Елбасының дәстүрлі Жолдаулары бойынша барлық жағдайлар жасалып келеді [1, 2] . Атап айтсақ биылғы жылы да елбасымыз ақпараттандыру мен компьтерді меңгеру жөнінде назардан тыс қалдырмай ерекше атап өтті. Барша қазақстандықтар үшін компьтерлік технологияны меңгеру басты орында тұр. Әсіресе, білім беру саласы барынша ақпараттандыру (информатизация) мақсаты жүзеге асырылып отыр. Бұған қажетті

заңнамалар мен бағдарламалар қабылданған [3] .

Әлемдік өркениет жолмен бағытталған Eлбасының 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ол үшін жаңа ақпараттық технологияларды оқытуды міндет етеді. әрине сол жылдан бастап елімізде ақпараттандыру өте қарқынды жүріп келеді. Бір сөзбен айтқанда, басты мақсат білім сапасын арттыру арқылы әлемдік білім кеңістігіне кіре білу болады. Міне, сондықтан да қазірден бастап, «Объектіге бағытталған тілдер және программалау технология» пәндерінде әлемдік деңгейге жеткізе оқыту талабы қойылып отыр. Осыған сай айта кету қажет, егер «нені оқыту керек?» деген сауалға мемлекеттік білім стандарттары жауап беретін болса, «қалай оқыту керек?» деген мәселе мұғалімдер біліктілігімен тікелей байланысты. Соңғы жылдары бастауыш сыныптарда компьютерлік технологияны еңгізу қарқынды жүріп жатыр. Бірақ та, оны мектептерде оқыту толығымен іске аса қойған жоқ. Бұл мәселені арнайы зерттеп көру тұрғысынан аталмыш диплом жұмысының тақырыбы таңдап алынған.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Жаңа ауыл орта мектебі бастауыш сыныптарының бейнелеу өнері сабағына компьтерлік технологияны еңгізу біршама күрделі болғандықтан оның өзіндік ерекшелігі мен қиын жақтары оқыту әдістемесінде ойластырылуы керек. Мәселен, оқыту әдістемесінің мазмұны мен бағыт-бағдарын айқындаумен қатар жаңа идеялар мен технологияларды пайдалану жолдары қарастырылады. Қазіргі кезде әлемдік білім кеңістігінен өз орнын алу үшін педогогикалық теорияны және оқыту процесін жетілдіру жұмыстары кең жүрілуде.

Дипломдық жүмыстың мақсаты: Осыған байланысты Жаңа ауыл орта мектебі бастауыш сыныптарының бейнелеу өнері сабағына компьтерлік технологияны еңгізу арқылы бүлдіршін балалардың компьютерлік сауаттылығын артырып, оқыту, ойлау деңгейлерін дамыту болып табылады.

Тәжірибелі зерттеудің барысында оқу - пән ортасының тиімділігін анықтау.

Диплом жұмысында осы проблема теориялық тұрғыдан талданып, практикалық мысалдар арқылы көрсетіп түсіндіруге талпыныс жасалған. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталмыш Жаңа ауыл орта мектебі бастауыш сыныптарының бейнелеу өнері сабағына компьтерлік технологияны еңгізу басынан дұрыстап оқыту үшін шешімін ойластыратын мынадай ғылыми-практикалық мәселелер тұр. Олар: бастауыш сыныптарды бейнелеу өнерінің оқу-әдістемелік проблемасын шешуде заманауй стандартизация принциптерін пайдалану жаңа көзқарас тұрғысынан алып қарастыру;
Бейнелеу өнерінде қолданылатын қажетті програмаларды жетік меңгеріп, оқушылады соған баулу. Өйткені, оқушы тек қана қылқалам немесе қарандашпен емес сондай ақ түрлі суреттермен, оюларды компьютерде де жасай алуын үйретіп, оларға жағдай жасау.

Осы аталған екі түрлі пікірлер негізінен диплом жұмысының тақырыбына сәйкес қарапайым графикалық редактор қосымшасын жасауда программалау тілін оқыту әдістемесін қарастырудың жалпы нұқасы беріледі.
Сондай-ақ, жаңа ақпараттық технологияның оқыту процесіне тигізетін әсері, ықпалы, пайдасы, оқыту процесінің қызықты, деңгейлі де жүйелі формада дамуына мүмкіндіктер жасап, қарапайым графикалық редактор қосымшасын жасау арқылы жалпы пәнге деген қызығушылықты арттыру.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

1) - Жаңа ауыл орта мектебі бастауыш сыныптарының бейнелеу өнері сабағына компьтерлік технологияның мүмкіндіктерімен танысу;

2) - Жаңа ауыл орта мектебі бастауыш сыныптарының бейнелеу өнері сабағына компьтерлік технологияны еңгізу арқылы қарапайым графикалық редактор қосымшасын жасауының негіздерін оқыту әдістемесін құрастыруда жаңа ақпараттық технологияның ролін қарастыру және оған талдау жасау;
3) - Қазіргі кезде теорияда және практикада бастауыш сыныпта білім беруде шығармашылық қабілетін дамытуға және танымдық әрекетінің белсенділігін арттыруға көп көңіл бөлінеді.

Зерттеудің әдісі: Бала әрекетінің өнімін талдау, педагогикалық эксперимент, анкета, сұхбаттасу, бақылау; математикалық және статисталық материалдарды зерттеу әдістері.

Зерттеудің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы:

Ойын - пән ортасында субъекттің әрекетін ұйымдастыру технологиясы жоспарланды және қабылданды, ол келесі кезеңдермен беріледі: дайындық, репродуктивті іздеу, шығармашылық ізденіс, талдау. Пән қоршауы ретіндегі оқу - пән ортасы, ол баланы ойын әрекетіне әкеледі және оның жеке потенциалын дамытады.

Зерттеудің негізі:

  • жеке әрекет жасауы жеке адамның өздігінен танылуына жағдай жасайды;
  • жүйелі жағдай жасау, бұл педагогикалық құбылысты бір - бірімен байланысты және бір - бірімен келіскен бүтін жүйені құрастыратын диалектикалы жинақты қарастырады;
  • әлеуметтік қатынастағы теорияны қарастырады.
  1. 1. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ1. 1 Компьютерлік суреттердің бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекет белсенділігін арттырудағы маңызы.

Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ - оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өзбетінше шешім қабылдау қабілеттері қалыптасуы тиіс.

Осыған орай оқыту технологияларын жаңарту, педагогикалық мамандардың шығармашылық бастамасына қолдау жасау талап етілуде. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Мұғалім қазіргі заман технологияларын игеру мәселесіне көбірек көңіл бөлуі қажет.

Бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының біріне жалпы орта білім берудің жоғары деңгейіндегі бағдарлы оқыту жатады. Бұл үдерістің нормативтік жақтары жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартында (2002 ж. ) көрсетілген.

Бағдарлы оқыту жалпы орта білім берудің жоғарғы деңгейіндегі оқытуды саралау жүйесі ретінде қарастырылады. 2006 жылдан бері Қазақстан мектептерінде жүзеге асырылып келе жатқан бағдарлы оқыту 10-11 сыныптарда екі бағыт бойынша: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағытта оқытылып келеді. Мектеп бұл екі бағыттың бірін немесе екеуін де оқушылардың қажеттілігі мен олардың ата-аналарының сұранысын ескере отырып таңдап алады. Оқушылар таңдаған бағыттары бойынша физика-техникалық, экономика-математикалық, химия-биологиялық, география-экологиялық, көркемдік, лингвистикалық, тарихи-құқықтық, т. б. бағдарларда білім ала алады.

Жалпы орта білім беретін мектептердің жоғарғы деңгейі оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына, әлеуметтенуіне септігін тигізуі, мектеп пен кәсіби білім арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуі тиіс. Оқушының әр түрлі іс-әрекет түрлерінде өзін байқау мүмкіндігі арқылы болашақ қызмет аясын саналы түрде таңдап алуы үшін жағдайлар туғызу қажет. Бұл шара жалпы орта білім беретін мектептердің жоғарғы деңгейіндегі оқу жоспарының вариативті компонентінің оқу курстары аясында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (2002) сәйкес оқу жоспарының вариативті компонентінің гуманитарлық бағытындағы да, жаратылыстану-математикалық бағытындағы курстарына да барлық пәндер циклі бойынша (3 сағат қолданбалы курс және 3 сағаты таңдау курстары) бөлінген. Осындай курстар оқу жоспарының мектеп және оқушы компоненттері есебінен оқытылады және олардың авторлық сипаты болады. Вариативті компоненттің оқу курстары бойынша бірыңғай ұлттық тестілеу жүргізілмейді.

Мектептің жоғарғы деңгейіндегі бағдарлап оқытудың маңызды бөлігі негізгі мектептің 8-9-сыныптарында ұйымдастырылатын бағдаралды дайындық болып табылады. Ол құрамдас үш бөліктен тұрады:

1. Кәсіби бағдарлау бойынша ақпарат беру.

2. Кәсіби бағдарлау бойынша таңдау курстарын ұйымдастыру.

3. Психологиялық көмек беру.

Бағдаралды дайындық нәтижесінде оқушыға мектептің жоғары деңгейіндегі оқу бағдарын немесе орта кәсіби білім беру жүйесіндегі мамандықты саналы да сенімді түрде таңдап алуына мүмкіндік туады. 5-10 сыныптарда білім берудің алдында тұрған міндеттер 2002 жылғы білім беру стандарты негізінде дайындалған оқу бағдарламалары мен оқу жоспары арқылы жүзеге асырылады:

- жалпы білім беретін оқу орындарының негізгі орта деңгейінің базистік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 24. 09. 02 ж. № 693 бұйрығы) ;

- жалпы білім беретін оқу орындарының жоғары деңгейінің базистік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 24. 09. 02 ж. № 693 бұйрығы) ;

- 5-7 сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша бағдарламалар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 11. 03. 2003 ж. № 148 бұйрығы) ;

- 8-9 сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша бағдарламалар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 12. 05. 2004 ж. № 405 бұйрығы) ;

- 10-11 сыныптарға арналған оқу пәндері бойынша жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарға арналған бағдарламалар (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 18. 10. 2005 ж. № 672 бұйрығы) .

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыруда Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында дайындалған әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа алуды ұсынамыз:

1. Жадрина М. Ж., Муканова С. Д. Рекомендации к разработке общеобразовательными учебными заведениями рабочих учебных планов. - Алматы, КАО им. Ы. Алтынсарина, 2005.

2. Муканова С. Д. Проектирование рабочих учебных планов профильного обучения в 10-11 классах общеобразовательных учебных заведений. - Алматы: РОНД, 2005.

3. Қазақстан Республикасы мектептерінде бағдарлы оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар. Қонақова К. Ө. және т. б. - Алматы, 2006. 32 б.

4. Профильное обучение в школе: содержание образования вариативного компонента учебного плана. - Алматы, КАО им. Ы. Алтынсарина, 2007.

Бастауыш бiлiм жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң бастауыш сыныптарында немесе мектептiң өз бетiнше оқу-тәрбие берудi ұйымдастыратын бiлiм мекемесiнiң бастауыш деңгейінде оқыту мен тәрбиелеудiң өзара байланысы арқылы қамтамасыз етiледi.

Мектептiң бастауыш деңгейінде оқытудың мақсаты:

● оқытудың келесi деңгейіндегі оқу бағдарламаларын игерту мақсатында оқушылардың танымдық қабiлеттіліктерін және бiлiктіліктерін дамытуды қамтамасыз ететiн қарапайым бiлiм негiздерiн меңгерту;

● негiзгi оқу iс-әрекетi дағдыларын қалыптастыру;

● ұлттық дiлдi, елiміздiң мәдени-тарихи ерекшелiктерi мен дәстүрлерiн ескере отырып, отандық және әлемдiк мәдениеттi таныту.

Жалпы бастауыш бiлiм оқуды, жазуды, санауды, оқу әрекетiнiң негiзгi бiлiктерi мен дағдыларын, теориялық ойлаудың элементтерiн, оқу әрекеттерiне өзiндiк бақылаудың қарапайым дағдыларын, өзiн-өзi ұстау және сөйлеу мәдениетiн, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмiр салтының негiздерiн меңгертудi қамтамасыз етедi.

Мектепке дейiнгi жастағы балаларды бiрiншi сыныпқа қабылдауда олардың функционалдық сауаттылық негiздерiн меңгеру дәрежесiн емес, оның мектепке жалпы дайындығын тексере отырып, жоғарыда көрсетiлген мақсаттар бағдарға алынады.

Тестiлеудiң, баламен әңгiмелесудiң барлық түрлерiнiң мақсаты - алдағы оқыту үдерісіне баланың жеке даму ерекшелiктерiн ескере отырып түзетулер енгiзу.

Мұғалiм бiрiншi сынып оқушыларымен жұмыс барысында мектепке дейiнгi жастағы баланың жетiстiктерiнiң деңгейiн ескеруi, интенсивтi даму жағдайында жеке жұмыс жүргiзуi, мектепке дейiнгi жаста қалыптаспаған сапаларын түзету бойынша арнайы көмек жасауы тиiс.

Оқу жетiстiктерi мен даму деңгейлерi бойынша жасанды iрiктеу арқылы балаларды топтастыруға болмайды.

Бiрiншi сынып оқушыларында оқуға деген ынта қалыптастыру, оларға белгiлi бiр табысқа қол жеткiзетiндей жағдай жасау және оларды өзiн-өзi бақылауға дайындау мақсатында оқу жылының бiрiншi жартыжылдығында ынталандырудың баға қоюды талап етпейтiн әдiстерi мен тәсiлдерi пайдаланылуы қажет. Оқушылардың мектеп талаптарына бейiмделуiн жеңiлдету мақсатында оқу жүктемесiн бiрте-бiрте өсiру арқылы сабақтардың «сатылық» режимi сақталады. Сабақтар арасындағы үзiлiстердiң ұзақтығы оқушылардың белсендi демалыс және ыстық тамақтандыру уақытын ескере отырып белгiленедi, алайда ол 10 минуттан кем болмауы тиiс.

Бiрнеше ауысымда жұмыс iстейтiн бастауыш деңгейі бар бiлiм беру ұйымдарында бiрiншi сынып оқушылары бiрiншi ауысымда сағат 9. 00-ден бастап оқытылуы тиiс.

1-тоқсанда ұзақтығы 35 минуттан болатын күнiне 3 сабақ, 2-тоқсаннан бастап ұзақтығы 35 минуттан күнiне 4 сабақ өткiзiлуi тиiс.

Сабақ кестесi оқушылардың тамақтануы мен дем алуына жеткiлiктi ұзақтықтағы үзiлiс жасалатындай етiп құрылуы қажет (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 11 наурыздағы 224 қаулысы) .

Бастауыш мектептегi оқыту төмендегiлердi қамтамасыз ететiндей екi деңгейде жүргiзiледi:

1) оқушылардың жалпы бiлiмдiк дайындығы - ғылым негiздерiн оқыту оқу жоспарларының инвариантты бөлiгiнде белгiленген пәндер тiзiмi мен оларға арнайы бөлінген сағат көлемi негізінде жүзеге асырылады;

2) оқушыларды жалпы дамыту дайындығы - қызығушылықтарына, бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiне қарай олардың шығармашылық дамуына қажеттi жағдайлар жасау.

Бастауыш бiлiм беру 2002жылы бекiтiлген Жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына сәйкес дайындалған оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асады.

Мектептiң бастауыш деңгейі бойынша жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының нормаларын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ бiлiм, бiлiк, дағдыларды бақылау және бағалау жүйесiн жетiлдiру үшiн бақылаудың белгiлi нормалары мен эталондарымен қатар (тексеру жұмыстары, диктанттар, аралық бақылаулар және т. б. ) оқушылар жетiстiктерiнiң деңгейiн анықтауға мүмкiндiк беретiн аралық және қорытынды бақылаудың тестiк формаларын енгiзу ұсынылады.

Стандарт талаптарының орындалуын бағалау оқу үдерісiнiң межелiк кезеңiнде, яғни оқытудың бастауыш деңгейінің соңында - 4-сыныпта жүзеге асырылуы тиiс. Пәндер бойынша бастауыш бiлiм беру стандарты барлық оқушылар меңгеруi тиiс мiндеттi минимумды белгiлейдi.

2009-2010 оқу жылында қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек тiлдерiнде оқытылатын жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында 2003 жылы ҚР БжҒМ-нің 11 наурыздағы №148 бұйрығымен бекiтiлген оқу бағдарламалары (Алматы, РОНД, 2003) пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарының 9. 3 бөлiмiне сәйкес пәндердi оқыту үдерісiн оқу-әдiстемелiк, техникалық жағынан қамтамасыз етудi мектеп әкiмшiлiгi мен бiлiм берудi басқарудың жергiлiктi органдары (департаменттер) жүзеге асырады.

Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң бастауыш сыныптарында әрбір пәнді, факультатив және үйірме курстарын тереңдетіп оқыту мақсатында мұғалім өзі дайындаған және мектептің әдістемелік ұйымында бекітілген қосымша бағдарлама негізінде оқытуға болады. Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 3-сәуірдегі № 160 бұйрығы, 2009 жылғы 14 мамырдағы № 217 бұйрығы негізінде оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендердің тізіміне мультимедиялық электрондық оқулықтар енгізілді.

Төменде барлық типтегi мектептердiң 1-4 сыныптарына арналған базалық оқу пәндерi мен оқулықтары тiзбесiне сипаттама берiледi.

Қазақ мектептерінде «Сауат ашу», «Қазақ тілі», «Әдебиеттік оқу» пәндерін оқыту туралы.

Мектептiң бастауыш сатысындағы «Филология» бiлiм саласына «Сауат ашу», «Қазақ тiлi», «Әдебиеттiк оқу» пәндерi енедi.

Бастауыш сатыда «Филология» бiлiм саласын оқыту жүйелi-концентрлi ұстанымға негiзделiп, мазмұны жағынан кешендi сипатта болады. Оқытудың бұл құрылымы тiлдi оқытудың коммуникативтiк - iс-әрекеттiк бағытын жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Мұның өзi тiлдiк бiлiмнiң жаңаша сапасын қамтамасыз ету бағытын жүзеге асыруға бағыт бола алады.

Осы тұтас жүйе мазмұны мен өзiндiк мақсатқа бағыттылығы жағынан оқушының тiлдiк iс-әрекеттерге ауызекi және жазба тiлдегi толыққанды дайындығын қамтамасыз етедi.

Бастауыш деңгейде оқытуда оқушы үшiн тiл қарым-қатынас құралы ғана емес, қоршаған ортаны тануға, адамның тiлi мен ақыл-ойын дамытуға, адамдардың бiр-бiрiне өзара әсер етуiне, оларға эстетикалық және адамгершiлiк тәрбие беруге мүмкiндiктер ретiнде көрiнедi.

Жаңаны іздеу, шындыққа жету, ал шығармашылық - жаңаны сапалы құрудағы әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқушыларының жақсы оқығанын, мектепке қызығушылықпен, ынтасымен келгенін қалайды. Бірақ оқушылардың көбі білімге қызықпайды, оқуға өз еріктерімен ниеттенбейді. Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру үшін қандай педагогикалық тәсіл қолдану қажет? Егер оқушының білімге, оқуға қызығушылығы болмаса, онда оның жақсы оқуы мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың қызығушылығын арттырып, дамытып және қалыптастырып отыру қажет. Танымдық қызығушылық - білімге, ғылымға, оқуға қызығушылық.

Жаңа ауыл орта мектебі бастауыш сыныптарының бейнелеу өнері сабағына компьтерлік технологияны еңгізу арқылы қарапайым графикалық редактор қосымшасын жасауының негіздерін оқыту әдістемесін құрастыруда жаңа ақпараттық технологияның ролін қарастыру және оған талдау жасау;
Қазіргі кезде теорияда және практикада бастауыш сыныпта білім беруде шығармашылық қабілетін дамытуға және танымдық әрекетінің белсенділігін арттыруға көп көңіл бөлінеді.

Танымдық қызығушылықтың тууы баланың даму деңгейіне, тәжірибесіне, біліміне байланысты, ал бір жағынан оқу материалын беру тәсіліне байланысты. Сондықтан, оқытушының ең маңызды мақсаты - оқушылардың білімге деген қызығушылығын дамыту үшін сабақта әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдалану. Қазіргі мектептерде оқушыларға анықталған білімді ғана беріп қоймай, өздігінен білім алуға, өзінің мүмкіндіктерін пайдалануға жетелеу қажет. Мұндай процестерді дамытудың қажетті шарты оқушылардың оқу - танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру болып табылады.

Қазіргі кезде оқу процесіне енгізілген алғашқы кезеңдерден басталатын жаңа ақпараттық технолология маңызды роль атқарады. Сондықтан бастауыш мектепте информатика сабақтары оқушылардың оқу - танымдық әрекеттерін белсендетуге салмақты үлес қосады. Бастауыш сынып оқушылары үшін сабақтың негізгі мақсатына жетуде бірмезгілде оқушылардың жоғары дәрежеде танымдық әрекетін белсендетін бірнеше негізгі сабақты ұйымдастыру принциптерін көрсетуге болады:

• Оқытудың алғашқы кезеңдерінде сабақта ойын формасын қолдану. 5 - 10 жастағы балалар үшін сабақ үстінде әртүрлі ойындарды ұйымдастыру танымдық әрекеттің белсенділігіне ие болады. Оқушылар ойнай отырып, күрделі ұғымдарды игереді және бекітеді, дағдыларын және шеберлігін қалыптастырады. Dәстүрлі сабақта оқытушы тәртіпті сақтау үшін және оқушылардың көңілін аудару үшін көп күш жұмсайды, ал ойын кезеңінде оқушылар өз қызығушылығымен қатысады.

• Практикалық тапсырмаларды орындауда жарыс - байқау сипаты. Ұжымда өзіндік қасиеті бар, жетекші болу үшін ұмтылатын балалар үшін оқу жұмысында қосымша мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Ол үшін сабақты программалық және оқу - әдістемесімен қамтамасыз ету салыстырмалы түрде жеңіл.

• Компьютерде отырып оқушылар тапсырманы өз бетімен орындауы жоғары дәрежеде. Дербестік әрекет баланың жеке жауапкершілігін жоғарылатады, ал жақсы нәтижемен өз бетімен шешім қабылдауы көңіл - күйін көтереді, өзіне сенімділігі артады және ақырындап күрделі деңгейлі тапсырмаға көше отырып, жұмысын жаңалап отыруға ынталанады. Күрделі техникалық құралды басқару, өздері ұқсағылары келетін үлкендермен теңестіреді. Компьютерде өз бетімен жұмыс жасауы - әдетті ойыннан ақырындап күрделі оқу - танымдық әрекетке көшу оқушыны қинамайтын негізгі тәсіл.

• Компьютердің мультимедиялы мүмкіндіктерін барынша көп қолдану. Мультимедия құралы басқа оқытудың техникалық құралдарына қарағанда бастауыш сыныпта оқыту техникасының жетекші орынын алатын көрнекілікпен қамтамасыз етуде өте қолайлы. Сонымен қоса сабақты ойын түрінде өткізуде мультимедиялы құралды пайдалану тиімді.

• Сабақта психологиялық қолайлы жағдай тудыру. Бұған қарапайым оқыту және дамыту программалары жатады. Балалар өз қателерінен қорықпайды, жақсы нәтижеге жету үшін басынан бастап бірнеше рет қайталайды. Мұндайда ұялшақ, нәзік оқушылардың да сабаққа деген белсенділіктері артады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары
Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылаудың тиімділігін арттыру әдістемесі
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
Сабақты өткізу әдістемесі оқыту
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Бастауыш сынып мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің теориялық негіздері
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мүмкіндіктері
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz