Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі жайлы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

1 АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы

Өндірістік қызмет барысында ұйымдар өнімді өткізумен, жабдықтаушылардан материалдардың келіп түсуімен, қаржылық міндеттемелерінің орындалуы және тағы басқаларымен байланысты әр түрлі қарым - қатынасқа түседі. Осыған байланысты ақшалай есеп айырысулар не нақты ақшасыз есеп айырысу түрінде, не қолма - қол ақша айналымы түрінде жүргізіледі. Ақшалай есеп айырысу жүйесінің дұрыс және тиімді ұйымдастырылуы кәсіпорын қызметі барысында үлкен роль атқарады.

Ақша қаражаты - бұл жоғары өтімді актив және жалпыға бірдей айырбас құралы, сонымен бірге барлық қалған активтерді бағалау мен есептеу негізі болып табылады. Ақша қаражаты міндеттемелерді тез арада өтеуге қабылетті болуы керек [1, 155 б] .

Ақша қаражаты-кассадағы және банктегі нақты ақшадан құрылады. Қаржылық есептің «Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес қаржылық ұйымдарда ағымдық шоттардағы ақша, қолма-қол купюралар, монеталар, валюта және айналымдық несиелік - ақшалай құжаттар жатады.

Ақша қаражатының эквиваленті деп - ақша қаражатының белгілі бір сомасына жеңіл айнала алатын және құндылығын өзгерту қаупіне аз ұшырайтын қысқа мерзімді өтімділігі жоғары салымдарды айтады. Мысалы, банктік овердрафт. Овердрафт-бұрын дебеттік қалдықтан асатын сомаға төлем жасағанда активті шотта пайда болатын кредиттік қалдық. Яғни, банк төлеген сома клиент шотындағы ақшадан асып түссе овердрафт туындайды. Овердрафт әдетте қысқа мерзімді міндеттеме ретінде есепке алынады.

Кәсіпорынның күнделікті ағымдағы шаруашылық іс-әрекетіне қажет нақты ақша кассада сақталады.

Касса арнайы жабдықталған, яғни едені мен төбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, өрттен сақталатындай түрлі материалдармен қапталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мөрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сургуч басатын мөр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленген ыдысқа салынып, аузы жабылып, кассирдің мөрі басылып, кәсіпорын, яғни субъектінің басшысында сақталады. Кассир жұмыс күннің соңында кассаның тиісті жерлеріне мөр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшаның түгелділіне жұмысқа деген не құрайдылық пен салақтық салдарынан кәсіпорынның, субъектінің шеккен зардабына, әдейі қастандықтан немесе арам ниетпен істелген әрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда, субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметтердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бұйрық шыққаннан кейін қызметкерін касса операцияларымен таныстырып, кәсіпорын яғни шаруашылық субъектімен кассир арасындағы жеке материалдық жауапкершілікке келісім-шарт жасалуы керек.

Кассаға қабылданған нақты ақша КО-1 нысанындағы кассалық кіріс ордері бойынша кіріске алынады. Кассадан берілген нақты ақша КО-2 нысанында кәсіпорынның шығыс ордері куәландырады. Кәсіпорында кассаның кіріс және шығыс ордерлерінің мәліметтері жүзеге асқан соң касса кітабына (КО-4) тіркеледі.

Кассадағы операциялар есебі 1000 «Ақша қаражаты» бөлімшесінің 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» активті синтетикалық шоттарында жүргізіледі.

1010 «Кассадағы ақша қаражаты» - деп аталатын шоттар бойынша жүргізілетін операциялардың есебі: кредиті бойынша осы журнал-ордерде, ал дебеті бойынша осы журнал-ордердің ведомосында жүргізіледі. Яғни кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал-ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал-ордерде есептелініп жүргізіледі [2, 233 б] .

Қазақстан Республикасының банк мекемелері заңды тұлғалар арасындағы есеп айырысуларды жүргізу үшін және ақша қаражаттарын сақтау үшін теңгемен және шетел валютасында банктік шоттар ашады. Банктік шот - бұл клиентке банктік қызмет көрсету және ақша қабылдау туралы банк пен клиент арасындағы келісімдік қатынасты бекіту әдісі. Ұйымдар банктерде ағымдық, корреспонденттік, жинақтық, депозиттік және карт-шоттар аша алады.

Қазақстанда ҚР «Төлемдер және ақша аударымдары» туралы Заңына сәйкес банк мекемелері арқылы іске асырылатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың бірыңғай жүйесі жұмыс істейді (27. 06. 1998 жылғы № 237-I, 28. 12. 1998ж., № 36-1; 29. 03. 2000ж. № 42-П; 13. 03. 2003ж № 394-П; 05. 05. 2003 № 409-П; 08. 05. 2003ж. № 482-П; 13. 12. 2004ж. №11-Ш; 08. 07. 2005жылғы. № 69-Ш ҚР Заңдарымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) .

Ағымдық шоттар бойынша операциялар шот иесінің жазбаша бұйрығы негізінде жүргізіледі. Субъектінің банктегі ағымдық шотына нақты ақша қабылдануы және берілуі немесе нақты ақшасыз есеп айырысу үшін кең тараған құжаттар:

-төлем хабарламасы;

-ақша чегі;

-төлем тапсырмасы;

-талап төлем тапсырмасы;

-есеп айырысу чегі.

Кәсіпорын банкіден уақытылы (күн сайын немесе банк тағайындаған уақытта) ағымдық шотынан үзінді, яғни есепті кезеңдегі жасалған операциялар тізбегін алып отырады. Банкінің үзіндісіне басқа да ұйымдар мен кәсіпорындардан ағымдық шотқа келіп түскен және одан аударылған ақша қаражаты бойынша құжаттар, сондай-ақ кәсіпорыннан келген құжаттар тіркеледі

Аударылған, бірақ әлі кәсіпорының шотына келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақша қаражаттары жолдағы ақшалай қаржылар болып саналып, ал олардың есебі 1020 - “Аударылған жолдағы ақшалай қаражаттар”- деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот ай соңында кәсіпорынға немесе фирмалардан аударылған, бірақ әзірге келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған жолдағы ақшалай қаржылар жайлы ақпараттарды қорытындылауға арналған. 1020 - “Жолдағы ақшалай қаражаттар” шотында ақша қаражаттарын есептеу үшін мынандай құжаттар болуға тиіс:

1) саудадан немесе басқа да операциялардан түскен түсімді банкінің қабылданғанын дәлелдейтін құжат.

2) почта бөлімінің ақшаны қабылдағаны жайлы квитанциясы.

3) басқа кәсіпорындардан олардың ақша аударғаны жайлы берген визасы.

Шетел валютасымен байланысты операциялар № 21 «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері» қаржылық есептің халықаралық стандарты (ҚЕХС) реттеледі.

Шетел валютасындағы ақша қаражатының есебі 1030 «Банктік ағымдық шоттағы ақша қаражаты» шотарында жүргізіледі. Бұл шот активті. Бұл шоттың дебетінде есепті мерзімнің басындағы және соңындағы шетел валютасымен ақша қаражатының қалдығы, шетел валютасымен түскен ақша қаражаты, ал кредитінде шыққан шетел валютасы көрсетіледі. Бұл шоттардың аналитикалық және синтетикалық есебі 1010 және 1040 шоттарындағы есеп тәріздес жүргізіледі. [3, 16-17 б] .

21 «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері» ҚЕХС -на сәйкес, шетел валютасындағы операция шетел валютасында көрінетін және реттелетін мәміле болып табылады. Оған келесі мәмілелер жатады:

- бағасы шетел валютасында көрсетілген тауарлар мен қызметтерді сатып алғанда немесе сатқанда;

-алашақ немесе берешек сома шетел валютасында көрсетілгенде;

- валютаны айырбастау келісімін орындалмаған тарап болып табылса.

Шетел валютасын теңгемен қайта есептегенде ҚР Ұлттық Банкімен бекітілген бағам емес, нарықтық бағамды қолдану керек делінген. Шетел валютасындағы операциялар есепте операцияны валютада жүргізу күнгі бағаммен бейнеленеді [4, 228 б] .

Қаржылық есептілікті дайындау және ұсыну қағидаларымен бекітілген тану критерилеріне сәйкес, операцияны жүргізу күні болып операцияны есептілікте тану күні саналады. Шетел валютасында көрініс тапқан баланс баптарын қайта бағалау мақсатында олар ақшалай және ақшалай емес болып екі топқа бөлінеді.

Шетел валютасындағы ақша қаражаты және шетел валютасының тұрақты сомасы төлемі арқылы алынатын немесе өтелетін активтер мен міндеттемелер ақшалай бап болып табылады. Мысалы, қысқамерзімді дебиторлық және кредиторлық борыштар, алынған және берілген несиелер. Балансты құру кезінде шетел валютасындағы ақшалай баптар есептілікті құру күнінің бағамы бойынша қайта есептеледі.

Ақшалай баптарға жатпайтын баптар ақшалай емес болып саналады. Мұндай баптарға негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлық-материалдық қорлар және т. б. жатады. Олар қайта бағаланбайды және баланста операцияны жүргізу күнгі бағаммен көрсетіледі.

Ақшалай баптарды балансты құру күніне немесе есеп айырысу күніне қайта бағалау (қайта есептеу) нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмалар пайда мен зиян туралы есепте бейнеленеді.

Бағамдық айырма - бұл бағам өзгерген жағдайда шетел валютасының дәл сол мөлшерін бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жүйесінде есептілік валютасында көрсету нәтижесінде пайда болған айырмашылық. Пайда болған айырма шаруашылық субъектісінің қарауына қарай, бухгалтерлік есепте екі тәсілмен бейнеленуі мүмкін:

- қаржылық - шаруашылық қызмет нәтижесіне тікелей жатқызу тәсілі: оң айырма - қаржылық қызметтен алынған кіріс есебінің шоттарына, ал теріс айырма - қаржылық қызмет нәтижесінде шыққан шығыстар есебінің шоттарына жатқызылады;

- жинақтық тәсіл: оң айырма алдын-ала алдағы кезең кірісі шотында, ал теріс айырма алдағы кезең шығыстары шотында жинақталып, қаржылық - шаруашылық қызмет нәтижесіне келесі тәртіппен:

а) шетел валютасындағы дебиторлық және кредиторлық қарыз - олардың өтелуіне есептен шығарылуына) қарай;

б) басқа жағдайларда - баланстың тиісті баптарымен шаруашылық операциялардың жүргізілуіне қарай жатқызылады.

Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан бері қолданылып келеді. Аккредитивтегі ақшалай қаржылар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз

етеді [5, 335 б] .

1. 2 Банктегі ағымдағы шотпен есеп айырысу

Қазіргі таңда ақша қаражатын басқару қаржы нарығының күрделігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр.

Бәсеке қабілеттілігі - кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы айлық есептік керсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек [6, 205 б] .

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және занды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшелері үшін де ашылады.

Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша каражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.

Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді:

1) қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды;

2) чектерді беруді;

3) вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді;

4) төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды;

5) тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды;

6) инкассалық жарлығын ұсынуды;

7) республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.

Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары:

1) төлем тапсырма;

2) чек;

3) вексель;

4) тапсырма-талап төлемдері;

5) кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.

Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да кұжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды) . Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол койылып, штамп басылып қайтарылады.

Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:

  • төлем тапсырмасының нөмірі;
  • төлем тапсырмасының жазылған күні;
  • жеке теңестірілген немесе тендестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК) ;
  • жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
  • бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) - бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі - резиденттік белгісін, ал екіншісі - экономиканың секторын көрсетеді;
  • бенефициар - аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;

- банк-алушы - банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;

-бенефициар банкісі - бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;

-жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланган) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) - филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО) ;

-төлем арналымының коды - ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;

  • бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды - салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
  • валюттелген күні - ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады [7, 298 б] .

Төлем құжатына кез келген жөндеудің. түрін жасауға рұқсат етілмейді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзінен кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.

Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.

Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер

шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек [8, 68 б] .

Субъектілер:

- жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалакы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына;

- жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді.

Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі коса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны керсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.

Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалар, чек кітапшаларындағы ақшалар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және басқадай шоттардағы ақшалар есептеледі.

Көбінесе ұйымдардың арасында есеп айырысу банк жүйесінің жәрдемімен қолма-қол ақшасыз арқылы жүргізіледі. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорын банкіге төмендегі құжаттарды өткізеді: шот ашу жөніндегі өтініш, кәсіпорын ұйымдастырылуының заңдылығы туралы құжат нотариуспен бекітілген құрылтайшылардың шешімі) жарғы көшірмесінің бір данасы, мөрдің таңбасымен қоса кәсіпорынның қаржыларын басқарушылардың қол таңбалары қойылған нотариуспен бекітілген екі карточка, кәсіпорынның тіркелуі туралы статистикалық органдарынан анықтама және есепке қою туралы салық инспекциясының анықтамасы.

Әрбір кәсіпорын, мекеме, ұйым өзінің негізгі қызметі бойынша операцияларды жүргізу үшін банк немесе басқада несие мекемесінде бір ағымдағы (есеп айырысу) және бюджеттік шот ашуына құқылы [9, 278 б] .

Банктік ағымдағы шотында операциялар жүргізу үшін негіз ретінде бастапқы құжаттар төлем тапсырмалары, чектер, қолма-қол ақшаны өткізу үшін хабарландырулар болып табылады.

Төлем тапсырмасы кәсіпорынның есеп айырысу шотынан алушының есеп айырысу шотына онда көрсетілген қаржыны шығыс ету үшін қызмет атқарады.

Ақша чегі банкіге қолма-қол ақшаның көрсетілген көлемінде есеп айырысу шотынан босату туралы бұйрық болып саналады.

Жалпы барлық кәсіпорындар мен ұйымдар жоғарыда аталған «Аккредитивтердегі ақшалар» деп аталатын шоттарында жабдықтаушы және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақшаларын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы (кәсіпорын орналасқан жерден басқа жерде тұратын) жабдықтаушылармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрі басқа қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келеді. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет көрсететін банктен аккредитив ашады. Аккредитивтегі ақшалай қаржылар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді. Аккредитивті сатып алушы кәсіпорынның тапсырмасы бойынша оған қызмет көрсететін банк мекемесі жабдықтаушы ұйымға қызмет көрсететін банк мекемесінен ашады.

Аккредитив - кәсіпорынның заңды немесе жеке тұлғаға аккредитивте көрсетілген келісім-шарттың орындалғандығына қарай белгіленген соманы төлеу туралы тапсырмасы.

Аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Ал аккредитивтің мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім-шартқа сәйкес бекітіледі. Бұл шартта мыналар көрсетілуі қажет:

  • төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты туралы
Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты
Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма - қол ақшаның есебі
Касса операцияларының есебі
Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері жайлы
Ақшаны есепке алу
Ақша қаражаттары аудиті
АФ "Астана почтампы" "Қазпочта" ААҚ-на экономикалық сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz