Адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша жасалған алаяқтық



Кіріспе

Өзектілігі. Экономиканың нарықтық даму жолына көшу кезеңінде алаяқтық
меншікке қарсы таралған қылмыстардың бірі болып отыр. Алаяқтық өзінің
мүлгіне құқығын сатып алумен байланысты болуы мүмкін, бұл кезде ешқандай
материалды зат (заттар, ақшалар, құнды қағаздар) өзге біреудің иелігінен
алынбайды және меншік иесі немесе басқа тұлғалар пайдасына айналмайды.
Алаяқтық жолымен субъект өзге біреудің мүлігіне талап ету құқығын
алуы мүмкін: банктегі салым, қолма-қол ақша емес ақшалар, кепілдікке
салынған мүлік және басқалар.
Жалған айту жолымен қызметтерді немесе жұмыстарды алу, мүліктік
сипаттағы міндеттемелерді атқарудан бас тарту, аудару алаяқтық болып
табылмайды, өйткені өзге біреудің мүлігін ұрлау мен өзге біреудің мүлігіне
құқықтарын алумен байланысты емес. Сәйкесінше жағдайларда ұқсас әрекеттер
жалған айту және сенімді зақым келтіру жолымен мүліктік зардап келтіру
ретінде қарастырылып, Қазақстан Республикасының ҚК 176 бабы бойынша
сыныптамада өзге біреудің мүлігін ұрлаудың басқа құрамдарынан алаяқтық
сондай-ақ оны жасаудың спецификалық тәсілдерімен айрықшаланады- жалған айту
және сенімін асыра пайдалану.
Жалған нәтижесінде және біреу қасақана басқа біреудің сенімін асыра
пайдалану салдарынан, меншік иесінің өзі мүлігін еркімен өз иелігінен
шығарып кінәсінің меншігіне береді не болмаса оған берілген мүлік құқығы
беріледі. Алаяқтықтың белгісі,- жалған немесе сенімді асыра пайдалану
әсерімен мүлікті немесе мүлік құқығын кінәліге ерікті түрде беру болып
табылады. (05.09.1999 ж. шыққан Жеке меншікке сот тәжірбиесі туралы №11
ҚР Жоғары Сот қаулысының 12 п.)
Меншік иесін алдау (немесе мүлікті басқаруға жеткізуге, қорғауға және
тағы басқа сенім берілген тұлғаны) шындықты әдейі өзгерту немесе шындық
туралы сөз айтпауды білдіреді. Яғни кінәлі зардап шегушінің өзінен тәуелсіз
пайда болған адасуларын саналы түрде пайдалануын білдіреді.
Алаяқтық жалған өзінің нақты көріністеріндегі мазмұны бойынша алуан
түрлі. Ол әр түрлі мәліметтерді жасау кезіндегі заттар сипатымен, мүлік
иесін сол мүлікті беру үшін бар негіздеріне қатысты шатастырумен байланысты
болуы мүмкін. Қазіргі кезде ниеттегі алаяқтық кең қолданылады. Яғни кінәлі
зардап шеккенді өз ниеттерінде алдауға тырысады. Бұндай жалған, мысалы,
кінәлі зардап шегушіден белгілі бір қызмет көрсетуді, жұмыс атқаруды уәде
етіп, ақша алса, мүлікті қайтарамын деп, жалға алған жағдайларда кездеседі,
алайда оның не жұмысты атқаруға, не затты қайтаруға, не қарызды өтеуге
ниеті болмайды.
Диплом жұмысының мақсаты болып жеке меншікке қарсы қылмыс ретінде
қарастыратын алаяқтықпен қылмыс-құқықтық күрес әдістерін дамыту және
жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Осы зерттеу мақсатын зерттей келе міндеттерін келесідей құрастыруға
болады:
• алаяқтықтың түсінігі мен мәнін қарастыру;
• алаяқтықтың құрамын, сондай-ақ оның сыныптаушы белгілерін зерттеу;
• қылмыстың аралас құрамдарынан алаяқтықты шектеу сияқты пробле-
• малық сұрақтарды талдау.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі болып Қазақстан
Рес публикасы, ТМД елдерінің алаяқтық үшін қылмыстық-құқықтық жауапкершілік
институтын құқықтық реттеу сұрақтары бойынша құқықтық және заңнамалық
әдебиеттер, сондай-ақ отандық және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектері
табылады.
Қазақстанда қазіргі кезеңде берілген мәселе бойынша Аталыков М.А.,
Борчашвили И.Ш., Завотпаев Р.Т., Капсалямов К.Ж., Кұдайбергенов М.Б.,
Кұлмұхамбетова Б.А., Мамытов Б.А., Мұхамеджанов Э.Б., Онгарбаев Е.А,
Рахметов С.Н., Рогов И.И., Сарсембаев К.М., Тленчиева Г.Д. және тағы басқа
сияқты заңгер жұмыс жасауда. Осы ғалымдардың зерттеулері берілген диплом
жұмысын жазу кезінде қолданылды.
Ғылыми жаңашылдық. Берілген диплом жұмысының ғылыми жаңашылдығы
зерттелетін институты практикада қолдану тәжірбиесін зерттеу және
республикадағы заңнама мен қоғамдық-саяси жағдайлардың өзгеруін ескере
отырып, ғылыми және практикалық ұсыныстарды жасауда шоғырланған.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі. Құрылымдық жұмыс кіріспе 3 бөлім мен
қорытындыдан құралған. Көлемі 60 бетті құрайды.
Кіріспеде таңдалған диплом жұмыс тақырыбының өзектілігі анықталған,
зерттеудің мақсаты мен міндеттері қарастырылған.
Бірінші бөлімде әрекет етуші заңнама бойынша меншікке қарсы қылмыс
ретінде қарастырылатын алаяқтықтың түсінігі ашылады.
Екінші бөлімде алаяқтық құрамының заңды талдауы жасалады, қылмыстық
объектісі мен субъектісінің мәні, сондай-ақ қылмыстың бұл құрамының
сыныптаушы шарттары және алаяқтың бірнеше түрлері дәлірек ашылады.
Үшінші бөлімде алаяқтықты тергеу сипаттамасы мен алаяқтықты
дәлелдейтін тергеулік әрекеттерінің ерекшеліктері талданады.
Қортындыда дипломдық жобамен жұмыс жасау нәтижелері бойынша ұсыныстар
мен қорытындылар жасалған.

I.Тарау. Алаяқтықтың түсінігі мен сипаттамалары
1.1. Алаяқтық жолмен ұрлаудың түсінігі.

Қылмыскерлер арасында алаяқтық арқылы баю едәуір орын алады.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, қолданылып жүрген заңдарда алаяқтық
үшін жауапкершілік түбегейлі талданып көрсетілген. Бұл қылмыстың қоғамға
қауіптілігін күшейтетін жағдайлар есепке алынып, ҚК 177 бабында меншікке
қарсы қылмыс ретінде алаяқтық жеке бөлініп көрсетілген.
Алаяқтық дегеніміз- бөгденің мүлкін заңсыз иемдену немесе өз
мүлкіндей пайдалану құқына заңсыз иемдену болып табылады. Ол үшін қылмыскер
алдау-арбау амалдарын қолданады немесе басқаның сеніміне кіріп алып, қастық
жасайды. Бұл арада мынаны еске алу керек, алдау және сенімге кіру жолымен
басқа қылмыстар да жасалуы мүмкін, бірақ олар басқа қылмыстық- құқықтық
нормалар бойынша қарастырылады. Алаяқтық әрекеттерінің әрбір жағдайында
істің мәнісін жан- жақты қарастырып, оған ұқсас қылмыстардан жіктей білу
қажет. Қылмыстық жауапқа тарту және айыпты деп тану үшін сол әрекеттерде
қылмыс құрамының болған- болмағаның анықтап алу қажет. Мұның өзі қылмыстық
заңда қылмыстық жауапкершілікке тартуға бірден- бір негіз болып табылады.
Қылмыстың әрбір құрамы нақты қылмыстың объективтік және субъективтік
белгілерінің сипаттамасынан құралады. Олай болса, бұл мәселелерді алаяқтық
құрамына қатысты қарастыратын болсақ, мұндай қылмыстардың сырын түбегейлі
білуге болады.
Заңда ұрлық ұғымының жалпы анықтамасы жоқ, бірақ меншікке қарсы
жекелеген қылмыс құрамдарының анықтамаларында қылмыстық құрал ғылымына және
сот тәжірибесіне бұл ұғымының мазмұнын анықтауға мүмкіндік беретін негізгі
өлшемдер мазмұндалған.
Кеңестік заңның әдебиеттерде ұрлықтың жалпы ұғымының әртүрлі
анықтамалары бар, олардың көпшілігі әрекет етуі кезінде қалыптасқан.
Негізінен анықтамалардың көпшілігі ұрлықтың мәнін және негізгі
белгілерін бірдей білдіреді.
Ең дұрыстары ұрлауды, мүлікпен пайдакүнемдік мақсатта (немесе оған
меншігіндегі билік ету мақсатында, қылмыстық иемдену ретінде анықтайды).
Алаяқтық динамикасына талдау жасау көрсеткендей, олардың саны 1995
жылы 2,9 мыңнан 2005 жылы 6,4 мыңға дейін өскен, яғни 2,9 есе көбейген (1-
сурет ). Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл қазіргі уақыттағы алаяқтық жасау
тісілдерінің жеткілікті түрде кең ауқымдылығымен байланысты және
экономикадағы нақты жағдайларға байланысты ол да өзгеріп отырады.
2000. жылдары (мың) Қазақстанда тіркелген ұрлық пен алаяқтық динамикасы

Алаяқтық
Ұрлық

1-сурет
Сондай-ақ қылмыстың жүйелі түрде жасамайтындығын және өзара әрекетін
оның алдын- ала болжап білуге болмайтынын, әлеуметтік деңгейдегі тұрақты
тәртіптегі байланыстармен сипатталатын жеке деңгейдегі виктимизациясын
естен шығаруға болмайды. Формалармен өзара байланыстардың құрылымдық және
динамикалық өзгерістеріне әкелетін қоғамдық қатынастардың өзгеруі қоғамдық
қатынастардың жаңа дамушы тәртібі үшін жаңа заңдылықтар мен жаңа өзіндік
белгілерге тән өзара байланыстарды туғызады.
Тауар-материалдық құндылықтар аясында бөтеннің мүлкін ұрлаудың өсуі,
оған жетілмеген заңдық базадағы және кәсіпкерлік қызметтің қазіргі заманғы
формаларына бейімделуші жол табушыларды пайдалану қылмыстық сапалық
өзгерістермен қоса қабаттасып жүреді. Жаңадан қалыптасып жатқан қоғамдық
қатынас пен меншік формалары қасқана мақсатта жасалатын қылмыстарды және
тиісінше оның виктимділігін туғызуда. Алаяқтықтың құрылымы мен
динамикасында әлеуметтік- экономикалық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-
психологиялық, ұйымдық- құқық демографиялық және т.б оны туғызатын келеңсіз
құбылыстардың алатын орны ерекше. Алаяқтықпен байланысты байқалып отырған
қылмыстың өсуі қоғамдағы келеңсіз қылмыстық (криминалдық) жағдайды
қиындатып, тереңдете түседі. Мәселен, тұрғын халықтың басым көпшілігі
алаяқтың құрбанына айналамын деген қауіп- қатермен байланысты, үрдей де,
қорқыныш та өмір сүреді.
Жоғарыда айтқанымыздай, алаяқтықтың мүлікті алдау және сенімге кіру
жолымен иемдену екендігі заңда көрсетілген. Яғни, айыпкер мүлік иелерін
алдайды немесе олардың сеніміне кіреді, сөйтіп мүлік иелері қылмыскердің
әрекеттерін дұрыс түсініп, өз меншігін ерікті түрде береді.
Басқаша айтқанда, алдау және сенімге кіру алаяқтық жолмен қылмыс
жасаудың тәсілдері болып табылады. [14, 4]
Алаяқтық үстіндегі алдау дегеніміз шындықты қасақана бұрмалап немесе
жасырып, мемлекеттік немесе жеке меншік иесін жаңылдырып мүлікті алу болып
табылады және де алдау- арбау амалдары әр түрлі болуы мүмкін. Айталық,
жалған фактілер мен мағлұматтар хабарлау, нақты іс-әрекет жасай отырып,
заттың түрін өзгерту арқылы алдау, жалған құжаттар ұсыну тағы сол сияқты
түрлері болады.
Алдаудың белсенді және жайбарақат әдістері болуы мүмкін. Мысалы,
айыпкер өзі хабарлауға тиісті кейбір жағдайларды бүгіп қалу арқылы қылмыс
жасайды.
Сондай-ақ, сенімге кіріп алып, қастандық жасау жолымен ұрлау да
кездеседі. Сенімге кіру дегеніміз- өзінің құқықтары мен мүмкіндіктерін заң-
сыз, қылмыс жасау мақсатында қолдану әрекеті. Сенімге кіріп алып, алаяқтық
жасағанда, қылмыскер жасырынбайды, меншік иесімен сеніскен болып, белгілі
азаматтықұқықтық қатынастарға кіреді. Мысалы, тұрмыста пайдаланылатын
заттарды иемденіп кету осыған жатады.
Алаяқтықты сенімге кіріп алып жасағанда айыпкер меншік иесінің өз
мүлкін ерікті түрде беретіндігін пайдаланады. Сенім, деп жазады Н.И.Панов,-
меншік иесінің мүлкін оның келісімі бойынша пайдалану міндетін қыл-
мыскердің өз мойнына алуы, немесе сол мүліктің пайдаланылуын бақылау
міндетін мойынына алуы түрінде де кездеседі.
Демек, негізгі әрекетті орындауға бағытталған алдау және сенімге
кіру қосалқы әрекеттер болып табылады. Сөйтіп, қылмыс субъектісінің
әрекеттері салдарынан мүлік иесі одан айырылады.
Ал, меншікті заңсыз иемденген адам мүлкінен алаяқтық салдарынан
айырылса, қалай болады? Меншікке мейлі заңды, мейлі заңсыз иемденген
иесінен алдау-арбау жолымен мүлікті алып қойса, бұлда алаяқтыққа жатады,-
деп көрсетеді.
Ұрлықтың басқа түрлеріне қарағанда, мүлікке алаяқтықпен иемденген
адам ол мүлікті пайдалануға құқы жоқ, тіпті ондай құқы оған берілген болса
да, алдау жолымен берілген, заңсыз деп танылады.
2007 жылдағы бөтен мүлкін күштеу емес арқылы ұрлаудың құрылымы,%

2-сурет
2-суретте Қазақстанда 2007 жылы тіпкелген, бөтеннің мүлкін күштеу емес
жолмен ұрлау құрылымы келтірілген. Суреттен көрініп тұрғандай, қасқана
мақсатпен жасалған қылмыстар құрылымында 76% үлесін ұрлық құрайды, осы
уақытта тонаудың үлесі- 12%, алаяқтық- 8%, бөтеннің затын иеленіп алу
немесе ысырап ету- 4% құрайды.
Алаяқтық жолымен ұрлау өзінің объективтік жағының белгілері бойынша
мүлікті иеленіп алу, ұрлау, қызмет бабын пайдаланып ұрлау сияқты
қылмыстардан өзгеше болады.
1990 жылы Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі- Қазақ ССР- дағы меншік туралы
Заң қабылдады. Онда меншіктің үш түрі көрсетілген: республикалық және
коммуналдық тұрғыда мемлекеттік меншік, ұжымдық меншік және азаматтардың
өзіндік меншігі.
Бұған қоса, Шаруашылық қызметіне бостандық беру туралы, Шаруашылық
серіктестері мен акционерлік қоғамдар туралы , Жеке кәсіпкерлікті қорғау
және қолдау туралы т.б заңдар қабылданды. Бұл құжаттар бойынша әрбір адам
өзінің ақыл-ойы мен күш-қуат қабілетіне қарай өз мүмкіндіктерін жүзеге
асыруға тең құқылы деп танылды. Бұл заңдарда кәсіпкерлер қанша адам болса
да жалдап ала алатын, барлық адамдардың сатылатын және сатып алатын өз
еңбегінің меншік иесі болатын жағдайларға кепілдік берілді. Осы заңға
9.04.1993ж. енгізілген өзгерістер мен толықтыруларда Қазақстанда меншіктің
тек екі түрі ғана бар екендігі көрсетілді. Олар: мемлекеттік және жеке
меншік.
Мемлекеттік меншік республикалық немесе коммуналдық болып
бөлінбейтін тұтас меншік ретінде түсіндірілді. Ал, азаматтардың меншігі
жеке
меншік ретінде танылды. Осылайша, бұрын өзіндік және жеке меншік деп бөліп
келген болса, бұл дұрыс емес, жалпы әлемдік үрдіске қайшы келеді деп
есептеледі.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында және жоғарыда аталған
заңда жеке меншік құқығы мемлекеттік меншікпен теңестірілді.
Осыған байланысты меншіктің екі түрі де қылмыстық-құқықтық тұрғыда
бірдей қорғалатын болды. Бұрынғы кейбір қайшылықтар жаңа Қылмыстық кодексте
түзетілді.
Мысалы, 1959 ж. ҚК алаяқтықтың мындай анықтамасы берілді: Алдау
арбау жолымен немесе сенімге кіру арқылы мемлекеттік немесе қоғамдық
мүлікті иемдену ( ҚК 76-3 бабы ), сондай-ақ, азаматтардың жеке мүлкін
иемдену (136 бап ) басқаша айтқанда азаматтың жеке меншігі ұрланатын
болса, бұл әрекетті жасаған адам Қаз ССР 136 бабымен жауапқа тартылмайтын
болды.
Заң шығарушы азаматтардың жеке меншік құқығының мазмұнына заңмен
белгіленген шектерде мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығын
енгізілді. Негізгі алаяқтықтық заты ретінде оларға қатысты меншік
қатынастары туындауы мүмкін. Материалдық дүниенің барлық заттары болуы
мүмкін. Ұрлықтың заты әрқашан материалдық болғандықтан мүлікке құқық
алаяқтық қол сұғушылықтың заты бола алмайды.
Ешқандай құқықты соның ішінде меншік құқығын да заңсыз иелену мүмкін
емес. Себебі, құқық материалдық категория емес сондықтан алаяқ мүлікке
құқықтарды заңсыз иеленген жағдайда қылмыстың заты ретінде оған қатысты
құқықты алдаудың немесе сенімге қиянат жасаудың нәтижесінде алған мүлікті
қарастыру қажет.
Алаяқтыққа кінәлі тұлға жәбірленушінің мүлкін иелену, пайдалану және
билік ету мақсатын көздейді. Қылмыскер әрине, бұл мүлікке меншік құқығын
иеленбейді.
Заңдық әдебиеттерде мүліктік қылмыстың заты- материалдық дүниенің
заты, яғни... экономикалық құндылығы бар және тұлғаның иелігінде болуы
мүмкін кез келген нәрсе екендігі мойындалған.
Қылмыстың затын экономикалық шаруашылық пайдалылық қасиеттеріне ие
заттар немесе олардың эквиваленттері ретінде анықтайды. Сонымен қатар
мүліктік қылмыстардың заты ретінде ақшалай бағаланатын мүлік қана бола
алады, бұл әдетте сәйкес затты жасауға адамның еңбегі жұмса-
латындығымен байланысты. Сонымен қатар мүлік қылмыскердің емес, өзге
тұлғаның меншігінің объектісі болуы тиіс. Алаяқтық кезінде қылмыстың заты
болып ақшаны ауыстырушы рөлін атқаратын немесе иелерін белгілі құқықтарын
куәландыратын ұсынбалы бағалы қағаздар табылуы мүмкін.
Мұндай құжаттардан айырылу ақшадан айырылмағанымен тең, бұл ақылы
жәбірлеушілерге мүліктік залал келтіріледі, бірақ кінәлі мүліктік құжатты
алған кезде емес ол бойынша белгілі жолмен мүлікті алған кездемүліктік
пайда табады.
Тәжірибеде көрсетіп отырғандай, меншікке алаяқтық қол сұғудың заты
болып негізінен ақша және т.б заттар табылады. Тәжірибеде кездесетін
алаяқтық тәсілдердің көпшілігі ақша қаражаттарын иемденуғе арналған. Әдетте
алаяқтықтың заты ретінде тікелей тауар немесе жанама ақша кінәлінің жеке
қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын немесе өткізіліп жіберілуі мүмкін
болатын мүлік танылады.
Бұл қылмыстың салдарының мәні жәбірленушінің мүлкі ақсыз кінәлінің
иелігіне көшетіндігін де бұл оң залал. Сонымен қатар, алаяқтық кезіндегі
мүліктік сипаттағы қылмыстық салдар алынбаған пайда түрінде де болуы
мүмкін. Мысалы, егер жәбірленуші кінәлінің іс-әрекетінің нәтижесінде алуға
тиісті мүліктік пайданы ала алмаса алаяқтықта мұндай теориясында
алаяқтықтың аяқталу сәтінде қатысты бір пікір жоқ. Бір автор алаяқтықты
қылмыскер жәбірлеушінің мүмкін иеленумен қатар мүліктік пайданы немесе
мүлікке құқықтарды құқыққа қарсы иемденген сәттен аяқталған деп есептейді.
Екіншілері алаяқтықты кінәлі алдаудың немесе сенімге қиянат жасаудың
нәтижесінде жәбірлеушінің мүлкін иемденген сәттен бастап аяқталған деп
есептейді. Біздің пікірімізше осындай көзқарас дұрысырақ.

1.2. Алаяқтықты оған ұқсас қылмыстардан ажырату мен оның

белгілері.
Алдау - адамның мінез-құлық актісі ретінде әрқашан моральға қарсы
және біздің қоғамда теріс бағаланады. Сонымен қатар ол құқыққа қарсы әрекет
жасаудың тәсіліне айналғанда, қылмыстық жазалануға жатады. Іс жүзінде
алдаумен ол арқылы жасалатын қоғамда қауіпті іс-әрекет қылмыстық жазалануға
жатады деп есептейтін авторлармен келісуге болады.
Алаяқтық кезінде қоғамға қауіпті іс-әрекет алдау немесе сенімге
қиянат жасау жолымен мүлікті иемденген немесе мүлікке құқықтарды мүліктік
пайданы алудан тұрады. Алаяқтық қолсұғушылықтарда алдау және сенімге қиянат
жасау олардың жасау әдістері болып табылады.
Алаяқтық кезіндегі алдау дегеніміз- олардың ықпалы мен жәбірленуші
қылмыскерге мүлікті беретін жалған мәліметтерді жәбірленушіге хабарлау. Бұл
мәліметтер заттың санына, сапасына, бағасына, ол жасалған материялдарға
қатысты болуы мүмкін. Алаяқтық кезіндегі алдау шындықты бұрмалаудан ғана
емес, сонымен қатар ол туралы айтпаудан да көрініс табуы мүмкін. Заңдық
әдебиеттерде алаяқтық алдаудың екі нысаны ажыратылады: белсенді шындықты
бұрмалау және пассивті шындықты жасыру, ол туралы айтпау.
Белсенді түрі сөз жүзінде немесе әрекеттерден көрініс табады.
Алдаудың бұл нысаны кезінде алаяқ мүлікті оған құқықтарды немесе мүліктік
пайданы ерікті түрде беруіне қол жеткізу үшін жәбірлеунушіні белгілі
фактілерден, мән жайлардан жанылыстыру мақсатында шындылықты қасақана
бұрмалайды.
Бұрын алаяқтық үшін бірнеше рет сотталған Ш-деген азамат әмбебап
дүкенінде студент А – деген азаматпен қойманың қызметкері ретінде танысып
екі жапондық сырт киім алып беруді ұсынды. Жәбірленушіден мың теңге алып Ш-
деген азамат жасырын қашып кетті. Сөзбен алдау-арбаудың ең кең тараған түрі
ол ауызша да, жазбаша да болуы мүмкін. Алаяқтық алдаудың ауызша түрі жиірек
қолданылады. Алаяқтық алдаудың ауызша түрі жиірек қолданылады, себебі
қылмыскер мен жәбірленуші арасында психологиялық қатынас орнатуға ықпал
етеді. Нәтижесінде, жәбірленуші кінәліге мүлікті ерікті түрде иеленуге,
пайдалануға және билік етуге беретіндей дәрежеде сенеді.
В-деген және Ү- деген азаматтар ойын карталарының көмегімен
азаматтарға тағдырын айтып беру түріндегі алаяқтықпен айналысқан В
жәбірленушілерді іздеп оларды арта ашуға көндірген.
Психологиялық қысым көрсету кезінде Ү- деген азамат бөтен адам
ретінде келіп жәбірленушіні келісім беруге көндірген. Карта ашу кезінде
алаяқтар өздерінің клиенттерінің ақшаларын және құнды заттарын иеленіп
кеткен. Қылмыскер жазбаша алдауды жәбірленушілер өзге елді мекенде тұрған
жағдайда, сонымен қатар жалған құжаттың көмегімен зандық маңызы бар
фактінің бар немесе жоқ екендігін куәләндіруға тырысқанда қолданады.
Осылайша алаяқтық және ұрлық үшін бірнеше мәрте сотталған П- деген азамат
С- деген азаматпен бірлесе отырып жалған құжаттармен электр монтерлерді
түрінде пәтерлерді аралап электр есептеуіштерін тексеріп қызмет
көрсеткендері үшін тұрғындардан ақша жинаған.
Алаяқтық алдаудың белсенді нысаны кезінде мүлікті немесе
мүліктікпайданы, мүлікке құқықты иемдену үшін алаяқтар көп жағдайда түп
нұсқа заттарды алмастырады ( ақшалай және заттық қуыршақтар т.б).
Әскери қызметкерлердің, полиция, азаматтық авиация қызметкерлерінің тағы
басқа арнайы киімдерін пайдаланады.
Пассивті алдау дегеніміз -жәбірленушінің оларды білуі мәмілені жасау
кедергі келтіретін немесе оның әрекеттерін мазмұнын едәуір өзгертетін
фактілер, мән-жайлар туралы айтпауы. Алаяқтық алдаудың бұл нысанына шындық
туралы ғана айтпау емес, сонымен қатар өзге адамның қатесін саналы түрде
пайдалануда жатады. Бұл жерде кінәлі шындық туралы қашан айтпағандығын
анықтау маңызды: мүлік оған берілгенге дейін берілу кезінде немесе одан
кейін сот тәжірибесі шындық туралы айтпауды мүлік кінәліге берілгенге дейін
немесе берілу сәтінде зандық адамгершілік міндеттемеге сәйкес контрагентке
хабарлауға тиіс болған жағдайларда алаяқтық алдау деп таниды. Егер кінәлі
мүлік оған өткеннен кейін шындық туралы айтпаса, бөтеннің мүлкін жасыру
орын алады, себебі бұл жағдайда пассивті алдаумен қоғамға қауіпті нәтиженің
арасында себептік байланыс жоқ.
Н- деген азамат П- деген азаматқа он бес мың теңгеге шет елдік қол
сағатты сатты. Ақшаны алған Н- деген азамат алушы қателесіп он бес мың
теңгенің орнына он бес мың сегіз жүз теңге бергенін білді. Артық алынған
соманы қайтарудың орнына Н- деген азамат оларды иемденіп кетті.
Сот тәжірибесін зерттеу Қазақстанда еңбекпен түзеу мекемелеріндегі
сотталғандармен сұхбаттасу алаяқтар жәбірлеушілерді алдаудың әр түрлі
тәсілдерін қолданатындықтарын көрсетті. Алаяқтық жасау кезінде олар жә-
бірленушілердің психикасын,олардың жеке басының ерекшеліктерін ескереді.
Бірқатар жағдайларда жәбірленушілердің өздері алаяқтармен мәміле жасауға
қызығушылық танытқан: өз қажеттіліктерін белгіленген ережелерді ұстанбай
қанағаттандыруға тырысқан, мысалы, пәтер алу, университетке оқуға түсу,
автокөлік сатып алу және арзанға қымбат заттарды алғылары келген және т.б.
Бұл мән-жайды алаяқтар қылмыстық мақсаттарға жету үшін пайдаланған өзінің
мазмұны бойынша алдау тұлғаға қатысты өзі немесе қоса орындаушылары туралы
жалған мәліметтерді хабарлау және тағы басқа заттарға қатысты олардың
көлемі, сапасы, саны қасиеттеріне бағасына тағы бсқа әртүрлі әрекеттермен
оқиғаларға қатысты белгілі бір бір әрекеттерді орындауға нақты жағдайлардың
бар немесе жоқтығына ниетіне қатысты жалған уәде беру болуы мүмкін.
Алдаудың соңғы түрі соңғы кезде кең таралған таптыртпайтын тауарларды
алып беруге, демалыс үйлеріне жолдамалар алуға, пәтер алуға, оқуға түсуге
жәрдемдесуге уәде беру және тағы басқа және тандамалы зерттеулердің
нәтижелері бойынша Қазақстанда алаяқтық қол сұғушылықтардың 70% құрайды.
Мысалы, Р- деген азамат өзін темір жолшы ретінде таныстырып азамат С- ға
Саратов маркалы холодильник, ал азамат К-ға тігін машинасын алып беруді
уәде береді. Осы мақсатпен ол беруінен отыз мың теңге, екіншісінен он екі
мың теңге алып жасырынып кетеді. Бұл жағдайлардың барлығында Р- деген
азаматтың әрекетіне жәбірленушілердің өздерінің белсенді әрекеттері ықпал
етті. Олар өздері осындай мәмілелерге бастамашы болып, аяғында өздері
жәбір шекті.
Алдаумен қатар алаяқтық сенімге қиянат жасау жолымен жүзеге
асырылады. Мүлікті иелену, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы өзге
пайданы алу әдісі ретіндегі сенімге қиянат жасау сирек кездеседі. Көп
жағдайда ол алдаумен ұштасады. Әдетте алаяқ жәбірленушіні алдауды жеңілдету
үшін онымен сенімді қатынас орнатуға тырысады, сонымен қатар сенімге қиянат
жасауды сенгіштігін пайдаланумен шатастыруға болмайды. Сенім жалпы ереже
бойынша адамдар арасында қатынастардың болуын көздейді, сенім дегеніміз
қасиеттерінің бірі. Әдетте сенім ретінде әлдекімнің адалдығына сеніп және
оған негізделінген көзқарас түсіндіріледі. Сенімге қиянат жасау жолымен
алаяқтық кезінде кінәлі жәбірленушінің сенімін пайдаланып белгілі
оқиғалардың туындауына үміт беріп нәтижесінде жәбірленушінің мүлкін өз
меншігіндей пайдаланады. Алайда берілген мүлікті иемденудің немесе ұрлаудың
белгілері болмағанда бұл меншіктік шағым қояды. Сенімге қиянат жасау
жәбірленушінің сенімін пайдаланудан көрініс табады. Осы сенімді пайдаланып
және болашақта жәбірленушінің пайдасына белгілі әрекеттер жасауға уәде бере
тұра қылмыскер мүлікті иеленеді.Сенімге қиянат жасаудың кең таралған
тәсілдерінің бірі- азаматтардан оларды орындау ниетсіз қандайда бұл
жұмыстар жасаура немесе қызметтер көрсетуге мәмілелер жасасу жолымен ақша
алу. Әдетте алаяқ ең алдымен кеңінен алдау мақсатында жәбірленушінің
сеніміне кіруге тырысады. Мысалы, Т- деген азамат Алматыда болған кезінде
шаң сорғыш сатып алғысы келген Түркістан қаласының тұрғыны В-деген
азаматпен танысып жақындасты. Т-деген азамат оған Бішкектен шаң сорғыш
жіберуге уәде беріп үйлерінің мекен жайларын алысты. Азамат В-ның сенімді
қатынас орнату үшін азамат Т шынында да азамат В-ның үйіне қажетті маркалы
шаң сорғыш әкеп берді. Бір айдан кейін азамат Т қайтадан азамат В-ның үйіне
қонаққа келіп, қалада автокөлік сатып алу мүмкін бе?-деп сұрады. Азамат В
оған ақша жинағанын, бірақ матоцикл сатып ала алмай жүргенін айтты.Азамат Т
оған көмектескісі келгенін білдірді. Азамат Т- ға сенген азамат В оған
сөзсіз жүз жетпіс мың теңге берді. Азамат Т оларды алған соң жасырынып
кетті.
Бұнда тұлғаға белгілі мақсат үшін тапсырылған азаматтар үшін жеке
мүлкін иемденгені немесе алдағаны үшін қылмыстық жауаптылықты көздейді. Бұл
жерде меншік иесінің яғни жәбірленушінің сеніміне қиянат жасау элементтері
бар бұл құрамды алаяқтықтан ажырататын белгілі алаяқтық кезінде кінәлі жеке
мүлікті иемденеді немесе мүліктік сипаттағы өзге пайда алады. Ал жеке
мүлікті иемдену немесе қажетіне жұмсау кезінде белгілі мақсатта өзіне
тапсырылған мүлікті иемденеді. Құрамдарды ажырату қылмыстардың аяқталу сәті
бойынша жүргізіледі. Мүлікті іс жүзінде иемдену сәті алаяқтық алдау кезінде
сенімге қиянат жасау мүлік алынғанға дейін жүзеге асырылады, ал иемдену
кезінде алдаудың алдында болады, дегенмен екі жағдайда да жәбірленушінің
сеніміне қиянат жасау орын алады.
Алаяқтық үшін жауапкершілік жәбірленушіні алдау немесе сеніміне
қиянат жасау әрекет немесе әрекетсіздік нысанында туындаған зиянды салдар
мүлікті ақысыз құқыққа қайшы иемдену немесе мүліктік сипаттағы өзге пайда
табу арасында себептік байланыс болғанда ғана туындайды. Бұл себептік
байланыс алдау жәбірленушінің мүлікті немесе оған құқықты беру ниетін
туындатқан немесе бекіткен жағдайда да болады. Себептік байланыс алдау
мүлік екінші тұлғаға берілгенге дейін орын алған жағдайларда ғана
байқалады.
Алдау жолымен жасалған алаяқтық кезінде себептік байланыс
мүліктің жәбірленушінің иелігінен кінәліге өту актісіне жаңалысудың ықпалы
мен жәбірленушінің өзі тікелей қатысатындығынан көрініс табады. Мүлікті
қылмыскерге берудің себебі жәбірленушінің жаңылысуы, ал жаңылысудың себебі
–алдау. Бұл жерде жаңылысу шынайы болуы тиіс. Осылайша, жаңылысу себептік
байланыс тізбегінде қажетті аралық буын болып табылады: бір жағынан мүлікті
беру шарты болса, екінші жағынан алдаудың нәтижесі болып табылады. Егер
жаңылысу болмаса алаяқтықта жоқ. Алаяқтық кезінде аладау немесе сенімге
қиянат жасау әрқашан мүлікті иемдену алдында болады немесе уақыты бойынша
онымен сәйкес келеді.
Керісінше жағдайда олар иемденумен себептік байланыста болмас еді.
Егер алдау мүлікті беруге тудыруға немесе оны нығайтуға бағытталып, бірақ
қажетті нәтиже бермесе жасалған іс-әрекет алаяқтыққа тоқталу ретінде
сараланады.
Алаяқтық кезінде алдау мүлікті берудің жалғау себебі болып табылады.
Алайда ол ұрлау, тоңау, қорқытып алу кезінде қолданылатын жағдайлар
кездеседі. Егер алдау қылмыстық нәтижені туындатуда басты рөль атқарса, іс-
әрекетті алаяқтық ретінде саралауға болады. Тек қана алаяқтықта алдау
қылмысты жасау әдісі бола тұра мүлікті немесе өзге мүліктік пайданы ерікті
беруге қол жеткізу үшін кінәлінің жәбірленушіге психикалық ықпал етуін
көздейді. Өзге мүліктік қылмыстарда алдаудың мақсаты оны жасырын алу үшін
мүлікке қол жеткізуді (ұрлау, тонау).
Мысалы, ұрлық ретінде жәбірленушінің сеніміне кіріп алу оны мүмкін
ие-
ленетін тұлғаның әрекеттерін саралауға болады. Бұл жағдайларда жәбірленуші
кінәліге өзінің мүлкін немесе иелену құқығын бермейді және бұл жерде алдау
мүлікті иемденудің тікелей себебі болып табылмайды.
Әрекет етуші қылмыстық заңнамада сәйкес азаматтардың меншігіне
алаяқтық қол сұғушылықтың субъектісі болып ақыл есі дұрыс қылмыс жасау
сәтінде он алты жасқа толған жеке тұлға табылады. Қарастырылып отырған
қылмыстың түрі үшін жауапкершілікті осындай жастық шегін белгілеу алаяқтық
әрекеттер жасөспірімдер мен сирек жасалатындығымен негізделеді. Себебі
алаяқтық екі өрістің белгілі даму дәрежесін және мақсатты бағытталған іс-
әрекетке қабілеттіліктің болуын көздейді.
Өзіндік меншікті бірден жеке меншікке айналдырып жіберу арқылы
азаматтардың мүлкі құқықтық-қылмыстық қорғаусыз қалды.
Қылмыстық тергеу- сот тәжірибесінде, әсіресе, қылмысты саралауда
заңның әрбір сөзінің, әрпінің, әрбір тыныс белгісінің қандай маңызы бар
екенін әркім біледі.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, жаңа Қылмыстық кодексте меншіктің
барлық түрлеріне қарсы жасалған қылмыстардың меншікке қарсы қылмыс-тар
деген бір тарауға топтастырылуын дұрыс деп санаймын. Мұнда алаяқтық
бөгденің мүлкін иемдену немесе бөгденің мүлкін пайдалану құқығына
иемдену, деп сараланған.
Сондай-ақ, азаматтардың мүлікке жатпайтын түрлі құжаттарын:
төлқұжат, диплом, куәлік т.с.с. ұрлау да мүлік қатынастарын бұзбайды.
Сондықтан заң шығарушы оларды басқару тәртібіне қарсы жасалған қылмыстар
қатарына қосқан (ҚҚ 324 бабы). Өйткені, мұндай қылмыс жасау үшін алдау
қылмыстың міндетті элементі болып табылмайды. Алаяқтықтың құрамы ретінде
қарастырғанда алдау, егер бөгденің мүлкін иемдену тәсілі болса ғана
қоғамдық сипат алады. Алдау дегеніміз- алданатын адамның немесе басқа да
адамдардың мінез-құлқына әсер ету үшін адастыру немесе адасқандықты қолдау
болып табылады, деп жазады Ф.Сабитов, өзінің алаяқтыққа арналған
мақаласында [10, 13].
Қолданылып жүрген заң бойынша алаяқтық істегендегі алдау деп, жә-
бірленушіге жалған мағлұматтар беріп немесе шындықты қасқана бұрмалап, сол
арқылы жәбірленушінің мүлкін иемденуді айтады.
Бірінші жағдайда да, екінші жағдайда да алдаудың мәнісі біреу ғана.
Яғни, қылмыскер жәбірленушіні қасқана жаңылдырып немесе шыңдықты жасырып,
оның өз мүлкін немесе мүлікке ие болу құқын ерікті түрде беретіндей мақсат
көзделеді. Жоғарыда айтқанымыздай, алдау белсенді түрде (өтірік айту) және
пәс түрде ( шындықты жасырып қалу) жүзеге асырылады екен.
Қылмыстық мақсатқа жету үшін қылмыскер, мысалы, билет алып беремін (
ниетпен алдау ) деп алдайды. Алаяқтық алдаудың мәнісінде оның таныс
кассирім бар (адамды айтып алдау) деген жалған мәліметті жатыр.
Алаяқ бұл өтірікті өз уәдесінің нақты екенін дәлелдеу, сөйтіп ақшаны
алдап алуды жеңілдету мақсатында пайдаланады.
Осылайша, алаяқтық жасаранда иемдену әдісі, қандай жағдайда бай-
ланысты айтылса да, алдау болып табылады. Алдаудың заттарға, адамдарға,
әрекеттерге, құбылыстарға т.б. қатысы болуы мүмкін.
Алаяқтыққа жауапкершілік көрсетілген ҚҚ 177 бабында мұндай қылмыстың
алдау немесе сенімге кіру жолымен жасалатындығы айтылған.
Заң шығарушы сенімге кіруді алдаудан бөлек, алаяқтық жасаудың дербес
тәсілі ретінде қарастырылған. Бірақ бұл баптың пәрмені онымен өзгермейді.
Сенім деген сөздің өзі белгілі бір жағдайда сенімділік, адалдық,
тәр-тіптілік, шынайылық қасиеттеріне жуық мағына береді. Яғни, сенім
сөзінсенгіш сөзімен шатыстыруға болмайды. Өйткені сенгіштік адам
мінезінің бір көрінісі, ал, сенім әрқашан бола бермейді. Атап айту керек,
сенімге кіру арқылы жасалатын қылмыстардың басқа қылмыстарға ұқсас тұстары
да аз емес.
Алдау жәбірленушінің мүлкін иемдену үшін ғана емес, сонымен бірге,
оның сеніміне ие болып, жәбірленушінің өзіне жақындатуға бағытталса, мұндай
алдау сенімді теріс пайдалану деп аталады. Сондықтан сенімге кіру мен алдау
алаяқтық қылмыста бірімен-бірі ұштасып отырады.
Мысалы, еш жерде жұмыс істемейтін Н автомашиналарына гараж салып
бермек болып, екі жыл бойы түрлі адамдардан ақша алып тұрған. Бірақ, өз
уәдесін орындамаған. Оқымыстылар Н әрекетін сенімге кіру арқылы жасалған
қылмыс деп бағалайды. Алайда, бұл арада қылмыстың жасалу тәсілі алдау
(жалған уәде) болып отыр. Өйткені, Н жасаған келісім-шарттар азаматтарды
алдап ақша алудың құралы ғана.
Алайда, жіктеуі қиын болса да, сенімге кіруді алаяқтық алдаудың бір
түрі деп санайтын авторлармен келісуге болады. Мұның өзі алдау мен сенімге
кіруді қылмыс жасаудың дербес тәсілдері ретінде бөліп қарастырған заң
шығарушының қағидасына да қайшы келмейді.
Алаяқтықтың бұл тәсілінің қажетті белгісі жәбірленуші мен айыпкердің
арасындағы сенімнің ерекше қасиеттері болып табылады. Бұл қатынастардың
белгілі бір құқықтық негізі болуы да мүмкін. Сондай-ақ, нақты жағдайларға
байланысты болуы да ( жәбірленуші мен айыпкердің таныстығы, нақты сыртқы
жағдайлар) мүмкін. Сенімге кіре отырып, қылмыскер өзіне басқа адамдардың
сенуіне негіз болатын жағдайларды ( туыстық,келісімдік т.с.с.) да
пайдаланады.
Көптеген зерттеушілер мүлікті өз еркімен беруді алаяқтықтың ерекше
көрінісі ретінде қарастырылады. Шынында, ұрлықтың басқа трлеріне қа-
рағанда, жәбірленуші қылмыскерге өз мүлкін еркімен бергендей болады.
Алаяқтық мүлікті талан-тараж етудің өзге нысандарынан әрекет етудің
тәсілі арқылы ажыратылады. Мұндай тәсіл ретінде алдау немесе сенімге қиянат
жасау бөлініп қарастырылады. Бірақ алдау, ұрлық, қарақшылық, тонау,
қорқытып алушылық жасалған кезде де қолданылуы мүмкін.
Мысалы, қарақшылық шабуыл жасау кезінде қылмыскер ойыншық тапаншамен
қорқытатын болса, ол алданған болып танылады. Сенімге қиянат жасау да
көптеген мүліктік қылмыстарды жасағанда қолданылуы ықтимал.
Сондықтан бір ғана алдауды ( немесе сенімге қиянат жасауды) қолдану
фактісі жасалған әрекетті алаяқтық ретінде саралау үшін жеткіліксіз болады.
Алаяқтықты басқа меншікке қарсы қылмыстардан ажырату кезінде мына мән-жайды
ескеру қажет: алдау немесе сенімге қиянат жасау тәсілі алаяқтық құрамының
негізгі белгісі болып табылады ( мұндай тәсілдерсіз алаяқтықтың жаслуы
мүмкін емес ). Бұл туралы ҚР қылмыстық кодексінің 177бабында айтылған
алаяқтық бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе
сенімге қиянат жасау арқылы алу. Алаяқтық кезінде жәбірленуші өзіне
қатысты қолданылған алдаудың (немесе сенімге қиянат жасау) бұл жерде қылмыс
құрамының міндетті белгісі болып табылады. Егер алдау қылмыс жасауды
жеңілдету үшін қолданылса, әрекет мүлікті иеленіп алудың орын алған
тәсіліне қарай саралануы тиіс. [14, 128].
Алаяқтық ұрлықтан ажырату қажет. Ұрлық кезінде алдау кейін бөтен
мүлікті жасырын алғанда соны жеңілдететін шарт қана болып табылады (мысалы,
үй-жайға,арбау, т.б). Алаяқтық жасалғанда алдау мүлікті субъектіге берудің
негізгі себебіне айналады. Ұрлық жасалғанда мүлік жәбірленушіден жасырын,
оның еркінсіз ұрланады. Ал алаяқтыққа мүлік қылмыскерге ерікті түрде
беріледі. [2, 235].
Алдауды қолдана отырып жасалған ұрлыққа А. деген азаматтың ісін мысал
ретінде келтіруге болады. Темір жол вокзалында А қандай да бір әскери
қызметкермен танысып, онымен біраз әңгімелеседі, өзінің де әскери
қылмескері болғандығы туралы ақпараттар береді. Осылайша сенімге ие бола
отырып, А. аталған жәбірленушімен вокзалда, буфетте немесе асханада бірге
уақыт өткізеді. Бұдан кейін А. әскери қылмыскерге өзімен бірге хайуанаттар
паркіне барып келуді ұсынады. Ал жәбірленушінің, қолында болған чемоданды
автоматты сақтау камерасына қалдыру туралы кеңес берген. Бірақ
жәбірленушіні сақтау камерасын қалай пайдалану керектігін білмегендіктен,
А. шифрді өзі теріп беріп, жедел қайта оралады да, тиісті шифрді теру
арқылы шкафты ашқан және ондағы заттарды алып кеткен.
Көріп отырғанымыздай, бұл әскерде алдау ( немесе сенімге қиянат
жасау) ұрлықтың жасалуын жеңілдететін шарт ретінде қолданылып отыр. Ал
мүлікті алу жасырын тәсілмен жүргізілген, яғни түптің бұл әрекет ұрлық
ретінде бағаланады.
Алаяқтықты тонаудан ажырата білу қажет. Алдау және мүлікке иеленіп
алудың өзге тәсілдері тонау қылмысын жасау кезінде де пайдаланылуы мүмкін.
М.,Л.,Ч. есімді азамматар Спорттовары деген дүкенде сатуға
қойылған мотоциклді көріп тұрған Р. деген колхозшыны байқап қалған. Р-дің
қалтасында үлкен соммада ақша болуы мүмкін деп ойланған М., Л., және Ч.
оларды иеленіп алмақшы болады. Р- дің Кама атты электромоторды сұрастырып
тұрғанын естіп қалған Ч. мұндай мотордың басқа дүкенде сатылатындығын
нұсқайды. Р. көрсетілген мекен-жайға қарай беттейді.Көшеде оны М. басып
озып, бос кошелекті қасақана түрде түсіріп алады. Мұны көрген Р. М.-ді
шақырады, бірақ соңғысы оны естімеген болып жүре береді. Осыдан кейін Р.
кошелекті көтеріп, жүгіріп барып, М.,-ге ұсынады. М. кошелекті алып, оны
ашады және онда болған ақшаны Р-дан қайтаруды талап етеді. Бірақ,
шындырында кошелекте ешқандай ақша болмаған және оны Р. тіпті де алмаған.
Осы кезде Л келіп, Р-дің кошелектен бірнәрсені алып, қалтасына салғандығын
көрдім деп айтқан. Р дауласа бастайды. Осы сәтте Л өзін друженник ретінде
таныстырып, ол екеуінің өзімен бірге полицияға баруларын талап етеді.
Полицияның қай жерде орналасқандығын білмей, Р олармен бірге жүріп келеді.
М және Л Р-ді тұрғын үйдің пәтерінде кіргізіп алып, күш қолдану арқылы оны
тінтіп шығады да, 7100 теңге соммасындағы ақшаны алып қояды. Осы істің
айыптау үкімінде айыпталушылар Алаяқтық жолымен Р-ді пәтеріне кіргізген
және оны тонаған деп көрсетілген. Алайда Г.Н.Борзинков мұндай саралаумен
келіспейтіндігін білдіреді. Мүлікті иеленіп алудың тікелей тәсілі ретінде
бұл жерде ашық түрде талан-тараж ету қолданылған, яғни кінәлі тұлғалардың
әрекеттері тонау қылмысының құрамын құрайды. Қылмыскерлер алдауды тонаудың
қолайлы жағдайларын қалыптастыру үшін пайдаланған.[14, 25]
Өзінің заңнамалық конституциясы жағынан алаяқтық қылмысына алдау
немесе қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру құрамы өте ұқсас. Заң
шығарушы аталған екі құрамының құрылысына Алдау немесе сенімге қиянат
жасау тәрізді элементтерді енгізген. Мұндай ұқсастық осы құрамдарды
туғызатыны сөзсіз.
Алаяқтық талан-тараж етудің бір нысаны болып табылады. Қылмыстық
заңда көрсетілгендей талан-тараждық деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен
мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре
отырып, айыптының немесе басқа да адамдарының пайдасына заңсыз қайтарымсыз
алып қою және айналдыру танылады. Ал алдау немесе сенімге қиянат жасау
жолымен мүліктік залал келтіру мүлікті талан-тараж етудің нысанында
жатқызылмайды. Талан-тараждықтың теориялық тұрғыда мынадай нысандары
бөлініп қарастырылады:
Ұрлық, сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу, сеніп тапсырылған
мүлікті ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық. Бұл екі құрам арасында
бірінші айырмашылық.
Меншік саласындағы адамның жеке басының мүдделері, қоғамдық және
мемлекеттік мүдделер сияқты,жіберіп алған пайдамен байланысты. Сол
мүдделерді қорғау мақсатында республиканың жаңа ҚК-нде алдау немесе сенімге
қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру құрамы (182бап) пайда болды.
Объективтік жағынан алғанда бұл қарастырылып отырған қылмыс келесі
белгілермен сипатталады: алдау жолымен немесе сенімге қиянат жасап,мүліктік
залал келтіруге бағытталған. Бірақ ұрлау нышандары жоқ іс-әрекеттер
жиынтығы; жіберіп алған пайда нысанындағы мүліктік залал түріндегі зардап;
айыптының іс-әрекетімен соның нәтижесінде жіберіп алған пайда арасындағы
себептілік байланыс. Іс-әрекетті жасау тәсілі осы құрамда конструктивтік
нышан болып табылады: залал, алдау жолымен немесе сенімге қиянат жасау
арқылы келтіріледі.Бұл түсініктердің мазмұны алаяқтықтағы осындай
түсініктермен бірдей. Екі қылмыс та аталған екі тәсілдің біреуін қолдану
арқылы жүзеге асырылады. Бірақ ҚР қылмыстық Кодексінің 182 бабының
мазмұнында терең үңілесек, мүлік иесіне мүліктік залал ұрлық белгілерінсіз
келтірілуі тиіс.
Демек, заң шығарушы ұрлық белгілерінсіз деген белгіні енгізу
арқылы алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру
қылмысын мүлікті талан-тараж ету қылмыстарынан шектеген. Ал Қылмыстық
Заңның 177 бабында қарастырылған қылмыс құрамы бөтеннің мүлкін талан-тараж
етудің жеке нысаны болып табылады.
Алаяқтықтың осы аталған қылмыстың нышандарынан айырмашылығы: бірінші
әрекет талан-тараж етумен байланысты, ал екіншісінде осындай нышан жоқ.
Талан-тараждық жасалғанда мүліктің заңды иелену қорынан заңсыз иеленіске
өтуі міндетті. Талан-тараждың нышанынсыз мүліктік залал келгенде меншік
иесінің қорына келіп түсуге тиісті мүлік оған келіп түспейді, яғни бұл іс-
әрекет жасалғанда заңды меншік иесі өзінің алуға тиісті материалдық
игілігін ала алмайды.
Алаяқтық болғанда кінәлі бөтен мүлікті алдау жолымен немесе сенімге
қиянат жасау арқылы алады, ал қарастырылып отырған іс-әрекетте айыпты
сенімділік қатынасты не алдауды пайдалана отырып, мүліктің меншік иесіне
өтуін тоқтатады. Мысалы, ҚК- тің 182- бабында көзделген қылмыстың құрамы
билетсіз жолаушыларды өз купесіне отырғызған жолсерікке немесе заңды
тұлғаға не өзге меншік иесіне тиесілі көлік құралын немесе өзге мүлікті
тегін пайдаланған адамға немесе көрсетілген қызметтің не орындалған
жұмыстың ақысын төлемеген адамға кінә ретінде тағылуға тиіс. Меншік иесіне
жіберіп алған пайда ретінде мүліктік залал келген кезден бастап қылмыс,
яғни алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру
аяқталған болып танылады.
Алаяқтықтың объективтік жағының өзіне тән ерекшелігі сонда,
жәбірленуші қателескендіктен алаяққа мүлікті немесе мүлікке құқықты өз
еркімен береді. [ 2, 96]
Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру
қылмысы бұрынға кеңестік заңнамада алдау немесе сенімге қиянат жасау
жолымен мемлекетке немесе қоғамдық ұйымға мүліктік залал келтіру деп
аталған. Осыған орай кеңестік ғылыми әдебиеттерде мынадай мысал келтіреді.
Таксопарктің шофері Б деген азамат жұмыс істеу үшін өзіне бекітіліп
берілген автомашинаны алған, бірақ қажетті бағыт бойынша жұмысқа шықпаған.
Таксометрлік құрылғыны бұза отырып, ол өзінің таныстарын күтіп алу үшін әуе
жайға барған және оларды Внуковадан Москваға, содан кейін Дмитров қаласына
апарған. Сонда өзінің достарымен екі күн бойы қыдырып жүрген. Тек үшінші
күні ғана машина автопаркке қайтарылған. Осы мерзімде машинаны мақсатты
түрде жүргізгенде мемлекеттің пайдасына 109 рубль ақша келіп түсетін еді.
Б өзіне білдірілген сенімге қиянат жасай отырып мемлекеттік ұйымға
мүліктік зиян келтірілгендіктен, ал РКФСР Қылмыстық кодексінің 94 бабына
бойынша сотталған. [14, 138]
Ұрлық пен тонауға қарағанда алаяқтық жәбірленушінің мүліктік
қылмыскерге өз еркімен берумен сипатталады. Алдаудың салдарынан
жәбірленуші істің мән-жайларына қатысты шатасуы мүмкін және осы шатасу
нәтижесінде айыпкер мүлікті заңсыз иеленіп алу мүмкіндігіне ие болады.
Тіпті, жәбірленуші мүлікті берудің сипатына да қатысты жаңылысуы мүмкін.
Мәселен жәбірленуші тұлға өз мүлкін уақытша пайдалануға немесе өзге де
арнайы мақсат үшін беріп отырмын деп ойлайды, ал кінәлі бұл мүлікті өз
пайдасына айналдырады.
Жәбірленушінің кінәлі адам жасаған іс-әрекетін құқыққа қайшылығын
түсінбеуі алаяқтықты ұрлықпен жақындастырады. Бірақ алаяқтық жасаған тұлға
мүлікті жасырын түрде алып қоймайды, әдетте ол оны жәбірленушінің өз
қолынан алады. Алаяқтық кезінде мүлікті берудің ең басты себебі болып алдау
танылады. Даулы мәселелердің қатарына кінәліге тапсырылған және жөндеу
жұмыстарын жүргізу, сақтау т.б үшін берілген мүлікке қатысты мән-жайлар
жатқызылады. Мұндай топтағы қылмыстар сот тәжірибесінде сирек кездеспейді.
Ш. орта мектепті бітіргеннен кейін үш жылдың ішінде бірнеше жұмыс
орнын ауыстырып, ең соңында институтқа түсу үшін Мәскеу қаласына келеді.
Бірақ та ол институтқа түспеген,жұмысқа да орналаспай, қылмыстық қызметпен
айналыса бастаған. Вокзалдарда көп уақыт өткізе отырып, Ш өзінің жасындағы
қыздармен танысқан, өзінің белгілі бір жоғарғы оқу орнының студенті ретінде
немесе жас маман ретінде таныстырған. Поездардың жүру кестесін жаттап алған
Ш өзімен танысқан адамдарға өзінің қай уақытта және қай бағытта
жүретіндігін дәл айта алған. Өзге жолаушылардан айрықшаланбау үшін оның
қолында жол жүруге арналған заттар болған. Өзара сенімгерлік қатынасты
қалыптастыру мақсатында Ш басқа жерге барар кезде осы заттарды өзі танысқан
адамдарға қалдырып отырған. Ал басқа адам Ш-ға өзінің заттарын қалдырып
басқа жаққа шығып келуге кеткен кезде соңғысы заттарды иеленіп алып, жедел
ізін суытқан. Қылмыс жасау үшін Ш алдауды да, сенімге қиянат жасауды да
қолданған. Алдау жолымен жәбірленушінің сеніміне кіріп алып, ол өзіне
қатысты білдірілген сенімді жәбірленушіге зиян келтіру үшін пайдаланады.
Алаяқ жәбірленушіге өзінің мүлкін ұстай тұруды, белгілі бір затты
күзете тұруды ұсынуы мүмкін. Сонымен қатар, ол әртүрлі айла-тәсілдерді
қолдана отырып басқа адамның сеніміне кіре алады, нәтижесінде соңғысы да
алаяққа өз мүлкін уақытша тапсырып кетуі мүмкін. Екі жағдайда да алдау
әрекетті мүлікті иеленіп алумен себептілік байланыста тұрады. Сот
тәжірибесінде алаяқтыққа қатысты күрделі істер көп кездеседі. Солардың
біріне тағы да тоқталып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікке қатынасты қылмыстар
Бөтеннің мүлкін талан-таражға салу
Меншікке қарсы қылмыстың түрлері
Меншікке қарсы қылмыстар туралы
Бөтеннің мүлкін талан - таражға салудың түсінігі
Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері
Бөтен мүлікті ұрлаудың объектісі
БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫШАНДАРЫ
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Ұрлықтың түсінігі
Пәндер