АНТОНИМДЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ


Мазмұны
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі . Қазақ тіл білімінде антоним - өзіндік ерекшелігімен, яғни лексика - семантикалық сипатымен ерекшеленетін лексика-семантикалық категория. Антонимдердің көркем шығармадағы стилистикалық қызметі ерекше болады. Қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп жеткізуде антонимдер айрықша қызмет атқарады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бүгінге дейін қазақ тілінде антонимдердің қалыптасу, даму тарихына байланысты сөз болған еңбектердің ішінде ерекше атап өтетін еңбек - Ж. Мусиннің «Қазақ тілінің антонимдер сөздігі» атты еңбегі. Қазақ тіліндегі антонимдерді топтастыру жайында белгілі бір логикалық қатарындағы қарама-қарсылығын білдіретін жұптар деп топтап, нақтылы тілдік деректер бойынша талдап, тың пікірлер айтады.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарында « Қазақ баспасөзі тарихының қазіргі кезеңі», «Қазіргі қазақ публицистикасы», «Мәтін лингвистикасы», «Прагмалингвистика», «Сөз мәдениеті», «Журналистік шеберлік» сияқты ғылыми курстар мен арнаулы семинарларда жүргізуге, сондай-ақ қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін құрастыру барысында пайдалануға болады.
Ал антонимдерді логикалық, грамматикалық, психолингвистикалық тұрғыдан қарастырған А. Жұмабекованың пікірі. Оның пікірінше, осы күнге дейін тіл бірліктерінің қарама-қарсылығы ғана емес антонимдік жұп құрауға негіз болған, енді логикалық, психологиялық, тілдік ұғымдардың кең көлемде кешенді бағытта Н. С. Трубецкой ұсынған пікір бойынша топтастыру дұрыс деп қараған дұрыс. Антонимдер жайлы Ғ. Қалиев, Ә. Болғанбаев, Ш. Бектұров, М. Серғалиев, М. Балақаев еңбектерінде әр кез сөз болып келеді. Лексикалогияның қарастыратын үлкен бір саласы - семасиология. Семасиологияда сөздің лексикалық мағынасы оның ұғымымен қарым-қатынасын грамматикалық мағынасы өзекшелігі мен сөздердің тура және ауыспалы мағынаға ие болуы, лексикалық мағынаның өзара амонимдес, синонимдес, антонимдес болып келуін қалыптастырады.
Сондықтан антонимнің лексикалық мәселесін қарастыру жұмыстың ең басты өзектілігі қатарынан саналады. Сондай-ақ қазіргі қазақ тіліндегі антонимдердің қызметін толық қарастыру мектепте қазақ тілін теориялық тұрғыдан терең меңгеру үшін өзектілігі зор.
Дипломдық жұмыстың теориялық маңызы . Қазіргі қазақ тіліндегі антонимдердің лексика-семантикалық тұрғыдан қарастыру, тілідік талдау жасау мектепте қазақ тілін тереңдеп оқытуда, тіл ұстартуға байланысты қазақ әдеби тілі жайлы білімді толтыру үшін курстық жұмыстың теориялық жағынан көмегі зор.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - қазақ тіліндегі антонимдердің қолданысы, тіл заңдылығы үрдісін ашу. Әсіресе, оның лексикалық-семантикалық ерекшелігін таныту қажет.
Дипломдық жұмыстың аталған мақсатына байланысты төмендегідей міндеттерді шешу көзделді.
- антонимдерді теориялық жақтан қарастыру;
- антонимдерің жасалу жолдары;
- антонидердің қолданысы;
- көркем шығармалардан картотека жинақтау арқылы ғылыми теорияны жүйелеу;
Зерттеу нысаны
. Көркем шығармадағы антонимдер.
Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде Ж. Мусин, М. Оразов, Ә. Болғанбаев, К. Аханов, Л. Булаховский, Д. Шмелев, В. Клюева, А. Киреев В. Комиссаров, Д. Реформатский сияқты ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.
Жұмыста қолданылған зерттеу әдістері мен тәсілдері . Жұмыста тілдік материалды жинақтау, салыстыру, сипаттау, жүйелеу, талдау, қорытындылау, компоненттік (семалық) талдау әдісі және концептуалды (концептілік), мәтіндік - контекстуалдық, ұғымдық талдау, интерпретациялық талдау, прагматикалық пресуппозиция мен импликацияларды талдау, эксперименттік сауалнама әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы . Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АНТОНИМДЕРДІҢ ТЕОРИЯСЫ
- Антонимдердің орыс тіл білімінде зерттелуі
Антонимия құбылысы тілдегі семантикалық парадигманың бір көрінісі. Антонимия - тілдің лексикалық жүйесінде синонимия сияқты басқа жүйелік категорияларға қарағанда аз зерттелген негізгі құбылыстардың бірі.
Антоним терминін И. Калайдович 1926 жылы жарық көрген «Краткое изложение правил для составления ручного словаря нынешнего языка русского, приложением пробных листов словаря» деген кітабында алғаш рет қолданып, оның пайда болу жолын түсіндіргендігін айтады [1, 100] .
Бұдан аңдайтынымыз И. Калайдович өз еңбегінде антоним терминін жай ғана айтып кетпей («антоним» термині гректің anti - «қарсы» және onoma - «атау» деген сөздерінен шыққандағы көрсетілді), сонымен қатар оның әлі де болса тың жатқан мәселе екендігін, оны зерттей түсу қажеттігін көрсетіп, антонимді лексикографияда бірінші рет қолдануға ұмтылушылық болғандығы. Мәселен, И. Калайдович қулық сөзіне зұлымдық, мекерлік, жауыздық сөздерін синоним ретінде алады; Жамандық сөзіне жақсылық, игілік сөздерін антоним ретінде көрсетеді.
М. Лесниктің пайымдауынша [2, 80-85], орыс лингвичтикасында «антоним» деген сөзді алғаш А. Пешковский қолданғанын айтып өтеді. Ол антонимге мынадай анықтама берген: « Не все понятия могут иметь контрастное себе, например, голубой, серый, не являясь двумя крайними точками в одном родовом ряду, в данном случае цвета не получают антонимов» [3, 175] .
Антоним терминінің өзін әр ізденуші әр түрлі түсіндіреді. Бірақ олардың антонимге берген анықтамалары ұқсас келеді:
1946 жылы шыққан «Орыс тілі лексикологиясында» Н. Шанский: «Антоним является словами разного звучания, которые выражают противоположенные, но соотносительные друг с другом понятия», - десе [4, 327], Л. Булаховский: «Ассоциация по противоположенности (предполагающая одновременно наличие сходства в каком-то отношении) лежит в основании различения антонимов - слов с противоположенным значением», - дейді [5, 174] . Д. Шмелев: «Антонимами могут быть признаны слова, которые противопоставлены по самому общему и существенному для их значения семантическому признаку, причем находятся на крайних точках соответствующей лексико-семантической парадигмы», - деп көрсетеді [6, 335] .
Антонимдерге осы секілді анықтама бергенмен де, олардың табиғатын түсіну үшін, ең алдымен, осы қарама-қарсылық дегенді анықтап алукерек. Бұл мәселе көптеген ізденушілерді ойландырған. Мәселен, В. Клюева: «Сложность работы над антонимами заключается в трудности самого определения того, что такое «противоположенное понятие» мы можем противопоставлять слова (понятия) по разным причинам» - деп, бірнеше қарсы қойылатын сөздердің мағынасын ашуға тырысқан [7, 12] .
А. Киреев: «Сам термин антоним понимается по разному. Некоторые языковеды относят к антонимам только те слова, которые выражают качественные понятия», - деп көрсетеді [8, 10] .
В. Комиссаров: «Хотя научно-лингвистическое осмысление о сущности антонимов связано со значительными трудностями само существование в языке слов-антонимов ясно осознается и не может быть подвергнуто сомнению», - дейді [9, 55] .
Шынымен-ақ, тілде антоним сөздердің болатынына ешкім де дау айтып, күмәнданбайды. Дегенмен, антонимия құбылысын жоққа шығаруға тырысқан (М. Лесник, Э. Сэпир) зерттеушілер де болған. Бірақ қарама-қарсылық дегенді қалай түсінеміз. Тіліміздегі кез келген сөздерге антоним табыла бере ме деген сияқты мәселелер зерттеушілерді ойландырғандығы да рас.
Өткен ғасырдың бас кезінде «антоним» деген термин жеке сөз ретінде кеңінен қолданыс таппаған. Тіпті кейбір сөздіктердің өзінде де кездеспеген. Антонимдер туралы дәйекті мақалалар мен пікірлер ХХ ғасырдың елуінші жылдарында жарыққа шыға бастады. Мәселен М. Лесник, В. Клюева, Л. Максимова сияқты ғалымдар антонимдерге байланысты алғашқы құнды пікірлердің айта бастады. Бұл кезеңдегі антоним туралы пікірлердің басым көпшілігі «қарама-қарсылық» және «қарама-қарсы ұғымдар» деген түсініктерге логикалық тұрғыдан антонимдерге қарама-қарсы мағынадағы сөздер деген айдар тағылды.
Енді біреулері барлық сөздердің бәрінің бірдей антонимдері бола бермейді, тек сапалық ұғымда немесе қандай да бір сапалық қасиетті білдіретін сөздердің ғана антонимі болады дейді. Мәселен, күшті (адам) сапасы - әлсіз сапасына тез қарсы қойылады. Ал кітап, дәптер, шалбар деген сияқты зат есімдерге антоним табу мүмкін емес. Бағдаршамда жасыл түске қызыл түс қарсы қойылады, ал күнделікті өмірде оларды, мәселен суретшілер, қарсы түс айта алмайды.
А. Реформатский «Введение в языковедение» деген кітабында: «Антонимы - это слова с противоположным значением, т. е. слова, выражающие полярные понятия» [10, 36] деп, антонимдер негізінен сапаны суреттеуге негізделген сөздер, алайда қимылдары және қарама-қайшылықты не болымсыздықты бейнелеуде де жұмсалуы мүмкін деп көрсеткен. «Проблемы определения антонима» атты В. Комиссаровтың сол кездегі еңбегі ең бір елеулі де маңызды болды деуге болады. Автор өз еңбегінде антонимді логика ұстанған қарама-қарсылық түсініктерімен бірге қарай отырып, тілдік және логикалық қарама-қайшылықтың арақатнасын ашуға тырысты. Антонимдер түсініктер жиынтығы емес, ерекше сөздер тобы деген тұжырымын «противоположность слов-антонимов не связана неподсредственно с какими бы то ни было особенностями отражаемых ими явлении . . . , противопоставленных по самой своей природе . . . », «все несовместимые, т. е. взаимоисключающие понятия делятся на противоположные и противоречащие» деп жалғастырады [9, 57] . Сонымен, В. Комиссаров бойынша қарама-қарсылық сөз мағынасының элементі және ол нақты контекске еш байланысты емес, антоним дегеніміз - лексикалық жағынан бір-біріне қарама-қайшы сөздер.
Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап антонимия тек орыс тілі ғана емес, тілдер материалдары негізінде зерттеле басталды. Дәл осы кезде Кеңес Одағы көлемінде алғашқы антонимдер сөздіктері де жарық көре бастады. Л. Введенская синонимдік-антонимдік парадигманы құрып, бірнеше сөзден, я сөйлемнен тұратын тілдік бірліктер арасындағы антонимдік қатынастардың ара жігін ашып, қарама-қарсылыққа негізделген стилистикалық фигураларды бөліп, олардың атауларын табуда табандылық танытты. Л. Введенскаяның теориялық тұжырымдарының нәтижесінде орыс тілінің алғашқы антонимдер сөздігі жарық көрді.
Арада он шақты жыл өткен соң антонимияға деген қызығушылық өсе түсті. Н. Колесников пен М. Львовтың антонимдер сөздігі баспадан шықты. Зерттелу объектісі кеңейе бастады. Антонимия тілдің барлық деңгейлерде зерттеле бастады: семалық Р. Сырбу, лексикалық Ю. Апресян, морфологиялық В. Завьялова; А. Морозова, сөзжасамдық Л. Новиков. Антонимдердің фукционалды аспектісінде Р. Есбулатова, С. Новиковтың еңбектерінде зерттеле бастады.
Антонимдерді семаларға бөліп қарастыру, зерттеу-зерделеу бағытында құнды еңбектерімен көзге түскен ғалым Р. Сырбу болды. Бұл тілші орыс-румын, румын-орыс тілі сөздіктерін, антонимдер және синонимдер сөздіктеріндегі деректерді, сонымен бірге семемалардың семаға бөліну нәтижесін және зерттелген лексемалардың антонимдік оппозициясының семантикалық маңызын ашудағы релятивті ақпаратын ескере отырып, 5 типті семаның басын ашып көрсетті [11, 86-89] .
Осы кезеңде қарама-қарсылықты зерттеудің психологиялық аспектісі де қарастырыла бастады. Мәселен, А. Брудный [12], А. Леонтьевтің [13] мағынаның психологиялық құрылымы сөздердің бір-біріне үйлесімділігі мен қарама-қарсы қойылуы нәтижесінде жүзеге асады деген тұжырымын әрі қарай дамыта отырып, тәжірибелердің барысында келесідей қорытындыға келеді: қарама-қарсы қою сөз құрылымының семантикалық компонентіне әсер етеді. «Мұз», «су», «от» деген сөздерге қарсылас ретінде экспериментке қатысушылар келесідей негізгі семантикалық элементтерді бөліп көрсеткен: мұздың заттылығы /қатты, суық, морт/, оның қасиеті /судың қату және еруі/, символдылығы /қоюланған суық, ызғар, өлім/. Барлық сөз-реакциялар қандай да бір мөлшерде стимул-сөзге қарама-қарсы қойылды және тақырыптық топтардың әр түрлілігіне қарай негізгі сөздің семантикалық байланысының шеңберін кеңейтуге мол мүмкіндік туғызды.
Бағытталған және еркін ассоциациялар әдісімен жүргізілген Л. Титованың [14] психологиялық эксперименттерінің нәтижелері «тіл ұстанушының есінде тұрақты контрастық ассоциациялар» болатынына көз жеткізеді, мәселен, «қатты-жұмсақ», «ыстық-суық» және т. б. .
Антонимдерді күрделі психолингвистикалық аспектіде зерттеген ғалым Э. Родичева болатын [15] . Ол афазия ауруына шалдыққан бірнеше ұлт өкілдерінің арасында эксперимент жүргізіп, тамаша жетістіктерге жетті. Тілші қолданбалы, математикалық лингвистикалық біраз құнды еңбектерімен үлес қосқан болатын. Науқастармен жүргізілген эксперименттің нәтижесі - антонимдік қарама-қарсылық дамулары тежелгендердің логикалық-түсініктік компонентіне енетіні. Мысалы, «төменгі» деген сөзге барлығы дереу «жоғары», «бейбітшілік» деген сөзге - «соғыс» деген жауап алынды, бұл антонимдер тобының тақырыптық шеңберінен шықпайтын жауаптар. Осындай қорытындыға В. Маслова да келген болатын: « . . . как свидетельствуют экспериментальные данные, основные противопоставления могут быть описаны в логико-понятийных терминах» [16, 20] . Әр түрлі жүйелі тілдер материалы негізінде (орыс, эстон, араб, т. б. ) антонимдік қатынастардың туу және өркендеу процесін зерттей келе, Э. Родичева антонимия пресуппозициясы оны құрайтындардың бір-біріне қосылу /наложения/ нәтижесі деген қорытындыға келеді:
1) айтушы не сөйлеушінің персоналдық пресуппозициясы;
2) универсалдық логикалық пресуппозиция. Нәрсе қасиетті немесе объективті құбылыстардың мәнін көрсететін логикалық қарама-қарсылық жүйелі лексикалық қарама-қарсылық жүйесі лексикалық антонимия тілінде іске асырылады деген пікір айтады[15, 14] .
А. Салқынбай мен Е. Абақанның «Лингвистикалық түсіндірме сөздігінде» 1) сапалық қарама-қарсылықты білдіретін антонимдер;
2) қосымшалы (комплементарлы) антонимдер;
3) іс-әрекеттің, белгінің, қасиеттің қарама-қарсы бағытын білдіретін антонимдер деп үшке бөлінген [17, 17] .
Л. Новиков құрылымдықпен қоса антонимдердің семантикалық классификациясын қарастыруды ұсынды. Бұл антонимдік қатар мүшелері арасында пайда болатын қарама-қарсылыққа негізделген болатын. Ғалымның жоғарыда аталған кластарын келесідей үш түрлі етіп ұсынып отырмыз:
1. Градуальды сапалық қарама-қарсылықты көрсететін атонимдер / «жас» - «кәрі», «ақылды» - «ақымақ» / жөне координациялық түсініктердің қарама-қарсылығы / «жоғары» -«төмен», «сол» - «оң»/;
2. Қимыл, қасиеттердің қарама-қарсы бағыттарын көрсететін антонимдер / «жақындау» - «алыстау», «көтерілу» - «түсу»/;
3. Комплеметарлықты /қосымша, үстеме мәнді/ білдіретін антонимдер / «ер»- «әйел»/;
Л. Новиковтың пайымдауынша, конверсив-антонимдер негізгі класты құрмайды, олар аталып өткен үш топтағылардың ішінен конверсивтілік қасиеті бар сөздердің есебінен жасалады [18, 32] .
А. Жұмабекова градуальды антоним-квалитативтер мен антоним-координативтерді бірлестіріп қарастыру дұрыс емес дегенді айтады [19, 19], себебі Л. Новиков көрсеткендей, қарама-қарсылықтың түрі мүлдем әр түрлі. Сонымен бірге «не» префиксі бар сөздердің ішінен антонимдер деп тек «шектеулі қарама-қарсылыққа» барғандары ғана алынады: «грамотный - неграмотный», полезный - бесполезный». Ал «молодой - немолодой», «веселый - невеселый» деген сияқты жұптарды антонимдер деп қарастырмайды, себебі бұлар - «жұмсартылған қарама-қарсылықтың» көрсеткіші. Біз бұл пікірге толық тай қосыламыз, себебі зерттеуші антонимдік контекстерде молынан кездесетін қарама-қарсылықтарға арнайы тоқталмаған.
Антонимдерді зерттеуге жүйелі түрде келген ғалымдардың ішінде В. Иванованы ерекше атап өту керек [20] .
В. Иванова антоним шекарасының тарылуын жақтайтындардың бірі. Оның ойынша, антонимдер келесідей параметрлерге сәйкес келулері керек:
1) Лексика-семантикалык:
а) бір лексика-семантикалық топқа жатуы;
ә) қарама-қарсылық семантиканың болуы.
2) Грамматикалық:
а) бір сөз табына жатуы;
ә) бірдей лексикалық үйлесімділік болуы;
б) құрылым түйық (замкнутый) болуы.
3) Функционалды:
а) бірдей стилистикалық рең болуы;
ә) сөйлесімде жиі кездесіп тұруы.
В. Иванова үшін антонимдердің негізгі жзәне бастапқы қасиеттеріне: лексикалық, грамматикалық, сөзжасамдық тілдік деңгейлердегі үйлесімділігі жатады. Осы семантикалық тепе-теңдіктің бірі бұзылған жағдайда олар бірден антонимдер қатарынан шығарылып тасталады.
Біз бұны дұрыс көзқарас деп ойламаймыз. Антонимия тек тілдік факті ғана емес, бұл сөйлесімде іске асатын құбылыс болып табылады. Тілдік жүйе бір қатып қалған математикалық, статист калық деректер жиынтығы емес қой. Тілдегі, сөйлесімдегі қандай да бір құбылыстардың нәтижесінде тіддік бірліктер арасындағы парадигмалық байланыстар бір кезде жойылып жатса, бір кезде қайтадан басқа тіркесімдер арқылы дүниеге келмей ме? Сондықтан сөздіктік дефиницияларды салыстыра отырып, сөздерді антонимдер қатарына жатқызу объективті критерий емес дер едік. Бұл ойды ғалым А. Жұмабекова да қуаттайды. В. Ивановтың антонимдер тандаудағы критерийлерінің өзі әр түрлі сөздіктерге байланысты антонимдер санының да әр қилы болуын туғызуы мүмкін.
Жоғарыдағы тұжырымдарды басшылыққа ала отырып, орыс тіл білімінде антонимияның жан-жақты қарастырылғанын, біраз этаптан өткенін айтуға болады. Алайда «антоним» терминінің дифференциалды қасиеттері, психолингвистикадағы соңғы зерттеу қорытындыларының лексикографиялық салыстырылу, жүйеге келтірілу турасындағы; энантиосемия құбылысы, олардың өзіндік қасиеттерін бөліп көрсету және т. б. мәселелер әлі де зерттеуді қажет қасиеттерін бөліп көрсету және т. б. мәселелер әлі де зерттеуді қажет ететіні анық.
Жалпы түркі тілінде антонимдер жөнінде жинақталған пікірлер мен тұжырымдардың баршылығы мәлім. А. Меметов қырым-татар тіліндегі антоиимдсрді зерттеп, олардың пайда болуына, морфологиялық құрылымына қарай сараптаған, антонимдер әр түбірлі ғана болады деген тұжырымды жақтаған ғалым . Алайда «қырым-татар тіліндегі антонимдердің жасалуының бір өнімді түрі қосымша, арнайы зерттеуді қажет ететін аффикстер арқылы жасалатын түрлері, мәселен - акъыллы -акъылсыз ; юрекли - юрексіз және т. б», - деп атап өтеді [21. 68] . Осы бір түбірлі антонимдерді жақтайтын ғалымдар бар . Оларды санамалап кететін болсақ: ұйғыр тілінде - А. Қайдаров, Г. Садуақасова, Т. Тәліпов, башқұрт тілінде -Ж. Киікбаев, татар тілінде - Л. Хабиббов, түркімен тілінде - Б. Байжанов, қырғыз тілінде - Б. Усубалиев, қазақ тілінде - жоғарыда айтып өткен - Ө. Болғанбаев, А. Жұмабекова. А. Меметовтің бір түбірлі антонимдер жоқ деген тұжырымын жақтаушыларға кслетін болсақ, олар - түрікмен тілінде С . Гуджиков , қарақалпақ тілінде - Е. Бердімұратов, қазақ тілінде - Ж. Мусин , С. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев. Өзбек тіліндегі антонимдер турасында ғалым Р. Шүкіровтің еңбегін ерекше атап өтуге болады.
«Өзбек ғалымы Б. Исабеков І. ІІІүкіровтың -сиз, -ли жұрнақтары арқылы жасалған сөздерді антонимдер қатарына қосуға еш негіз жоқ дегеңді айтады. Б. Исабеков қазақ тіліндегі антонимдерді жан-жақты талдаған Ж. Мусиннің көзқарасымен ұштас талдап қарастырады [22, 18] . Сонымен қатар, бұл ғалым Е. Миллердің көзқарасын қолдап, қарама-қарсылыққа негізделген сөздерді абсолютті және жеке антонимдер деп бөліп қарастырады.
Башқұрт тіліндегі антонимдерді зерттеген З. Ураскин ұштас мағыналы
сөздер арасындағы антонимдік байланыстарға /соның ішінде синонимдік, антонимдік/ қарағанда кең таралған, көп сөздердің ара қатынасын қамтитын семантикалық құбылыстың табиғатын ашып өткен, өз зерттеуінің нысанасы болған фразеологаялық антонимдері қарама-қарсылықтың берілу тәсіліне қарай үш түрге бөліп қарастырған:
- семантикалық мағынасы қарама-қарсы әр түрлі бірліктегі антонимдер;
- фразеологизмдердің структурасын өзгерту негізінде пайда болған антонимдер;
- антонимдік мағына фразеологиялық тіркес компоненттерін түгел қамтитын антонимдер [23, 175] .
Айтылуы бірдей болғанмен, мағыналары бөлек-бөлек сөздерді омоним дейді. Мысалы, аяқ деген сөз әрі ыдыстың бір түрі және адамның дене мүшесі мағыналарын білдіреді. Бұл мағыналардын арасында байланыс жоқ. Демек, аяқ деген сөз бірдей айтылғанмен әр мағынасы бөлек-бөлек сөз болып табылады.
Сондай-ақ сыр - біреудің құпия ойы және сыр - бояу, жас - адамның нешеге келуі және жас - көзден ағатын су және жас - жастық кез т. б. Омоним сөздерді көп мағыналы сөздермен шатастыруға болмайды.
Мағыналары бір-біріне жақын, мәндес сөздерді синоним дейді. Мысалы, әдемі, сұлу, келбетті, немесе қысқа, шолақ, келте, немесе күшті, мықты, берік т. б. сөздердің мағыналары бір-біріне жақын, сондықтан да көбіне-көп оларды бірінің орнына екіншісін қолдана беруге болады: әдемі қыз - сұлу қыз, келбетті қыз немесе күшті жігіт, мықты жігіт, берік жігіт т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz