Антропология ғылымының қалыптасу тарихы
Тақырыбы:
На тему: Антропология ғылымының қалыптасу тарихы
___________________________________ _____________
Мазмұндама:
Кіріспе
I тарау. Антропология - адам туралы ғылым.
1.1. Антропология ғылымының қалыптасуы
1.2. Антропогенез концепциялары.
II тарау. Антропология және этникалық тарих
2.1. Антропологиялық типтердің қалыптасу кезеңдері
2.2. Этникалық антропология.
Қорытынды.
Сілтемелер.
Пайдаланылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Антропология ғылымының негізгі зерттеу аймағы –адам, сондықтан
антропология термині грек тілінен аударылғанда “адам туралы ғылым” деген
мағынаны береді. Антропология ғылымы адамдардың сыртқы ерекшеліктерін
зерттеп қана қоймайды, сонымен бірге оның себептерін де айқындайды.
Антропология деп кең мағынада адамды зерттейтін кез келген ғылымды айтады.
Антикалық заманда оны адам табиғатының рухани аймағын қарастыру үшін
пайдаланған. Осы мағынада термин мыңжылдықтар бойына өмір сүрген. Қазіргі
кезде де ол діни білімде (теологияда), философияда және басқа да көптеген
гуманитарлық ғылымдарда сақталынған.
Зерттеудің өзектілігі: Антропология ғылымын зерттеудің өзектілігі
сонда, себебі антрапологтардың зерттеулері антрополого- биохимиялық
жұмыстардың күшті дамуымен, популяциялық генетика жетістіктерімен тығыз
байланысты. Оның арнайы бағыты - антрапогенетика қазіргі адамның
популяцияларындағы генетикалық үрдістерді зерттеуге арналған. Адамның
биологиялық өзгерісінің қалыптасу механизмін және осы "механизмді" сауатты
зерттеу проблемаларына антрапологиялық еңбектердің көпшілігі арналған.
Антропологияда "нәсіл", "индивид" немесе "популяция" терминдері бірін-бірі
алмастырып қолданылады, одан мәні өзгере қоймайды. Осыдан кейін 30 астам
тәуелсіз биохимиялық арнайы жүйе және мұрагерлік жолмен берілетін қан
эритроциттері ашылды. Осы специфика көптеген қан белоктары, гемоглобин
типтері, құлақ, жеке дәм реакциялары үшін ашылды. Бұл зерттеулер медицина
ғылымы үшін маңызды.
Физиологиялық әдістермен қаруланған антропологтар адаптация
проблемаларын яғни адам организмінің әртүрлі тіршілік жағдайларына
бейімделуін зерттеуде көрнекті алға жылжу жасады. Экстремальді экологиялық
зоналардың тұрғындарын зерттеу көрсеткендей, климаттық және геохимиялық
факторлар көптеген физиологиялық және морфологиялық қасиеттердің
қалыптасуында маңыз ойнайды. Міне осылай, жаңа жеке өзіндік антропологиялық
зерттеу бағыты қалыптасты. Бұл физиологиялық,немесе экологиялық
антропология (оны тағы да антропоэкология деп атайды) - морфологиялық және
физиологиялық әдістерді қолданып адам популяциясының әртүрлі қоршаған
ортада өмір сүреуге байланысты өзгеріске бейімделуді зерттейді.
Антропологияның бұл зерттеулері экологияда өзекті мәселелер.
Жұмыстың зерттелу деңгейі:Терминді алғашқы антикалық ойшыл Аристотель
қолданған.1501 жылы М. Хундтің “Антропология адамның табиғаты, дәрежесі
және қасиеті, адам денесінің мүшелері, бөліктері және элементтері” деген
кітабы жарық көрді. Бұл анатомиялық шығармада “антропология” деген термин
алғашқы рет адамның физикалық (биологиялық) құрылысына байланысты
қолданылған.1533 ж. шыққан Г. Капелланың "Антропология, немесе адам
табиғаты туралы ой-толғаулар" деген еңбегінде "антропология" термині
бірінші рет адамның дене құрылысының индивидуальді вариациясының,
индивидуальді өзгерісінің мағлұматтарымен берілген.Міне, осы кезден бастап
ғылымда антропологияның екі ұғымы - бірінші жағынан, адам жанының ғылымы,
екінші жағынан - адам денесі, оның құрылысы және көптүрлілігі қалыптасты.
Термин әртүрлі мағынада ұзақ қолданыста болды. ХҮІІІ ғ. француз
ағартушылары оған бұрынғысынша кең мағына берген және антропологияның
астында адам туралы барлық ғылымдардың жиынтығын атаған.
Физикалық антропология жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. екінші жартысында
қалыптасты. Бірдей уақытта Батыс Европада және Ресейде алғашқы
антропологиялық ғылыми мекемелер, қоғамдар құрылды да, бірінші арнайы
антропологиялық жұмыстар басылып шыға бастады. Алайда антропология ғылымы
әрқашанда заңды түрде алға жылжып, дамуда. Оның методологиялық негіздері де
кеңеюде. Қалыптасқан дәстүрлі тәсілдерден басқа ол физиология, биохимия,
молекулярлық биология, генетика және экологияның әдістерімен,
мағлұматтарымен толықтырылуда. 1918 ж. Л. Гиршфельдтің тамаша ашуымен
адамның биохимиялық полиформизмінің зерттеулері басталды. Бірінші
дүниежүзілік соғыс кезінде өзі қызмет атқарған Македон майданындағы
одақтастар әскерінде жараланған жауынгерлерге қан құйғанда ол, әртүрлі
халықтардың өкілдерінде, Жер шарының әртүрлі аймақтарының тұрғындарында сол
кезде белгілі қан топтарының, дәлірек айтқанда АВО қан жүйесінің, процентік
қатынаста айырмашылықтары болатындығын байқаған. Көп ұзамай, ХХ ғ. 30-шы
жылдары дәл сондай тұрақты биохимиялық сипаттамалар Н.К. Колцовтің және
В.В. Бунактың Шығыс Европа популяцияларын тәуелсіз зерттеулер барысында
алынды. Осы кезден бастап антрапологтардың, дәрігерлердің, биохимиктер мен
генетиктердің біріккен жұмыстары жылдан жылға көбейе түсті.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Антропология адам туралы универсальді
ғылым, адамның жаратылыс тарихының, материалдық және рухани мәдениетінің,
психология, тіл және физикалық құрылысы туралы білімдер жүйесі. Осы ғылыми
жұмыста антропологияның қалыптасу тарихын,ғылыми пікірлерді, көзқарастар
қарастырып, мағлұматтарды зерделеу еді. Осының нәтижесінде оның
мамандандырылуы: адам дене құрылысының биологиялық ғылымы (салыстырмалы
анатомия және адам морфологиясы) ғана болмағанын, оның формаларының
көптүрлілігін (нәсілтану), сонымен бірге адамның пайда болуы және
эволюциясын (антропогенез) зерттеумен айналысатын ғылым екендігін және
қазіргі кезде антропологияның мазмұны кеңейгенін көрсету.
Тақырыптың құндылығы: Егеменді Республикамызда көптеген ғылым салалары
жаңа қалыптасу бағытында. Осындай ғылым саласының бірі - антропология.
Тақырыптың құндылығының себебі, антропологияның пәндік зерттеуі адамның
уақыт пен кеңістікте көптүрлілігін зерттеу. Бұл көптүрлілік көптеген
әртүрлі - антропологиялық белгілерден тұрады, ал уақыт пен кеңістікте
зерттеуге байланысты тарихи антропология және географиялық антропология
болып бөлінеді. Бұл ғылым адамның биологиялық өзгерісінің пайда болуы мен
даму тарихын зерттеу, биологиялық ерекшеліктерін анықтау болғандықтан, оны
физикалық антропология деп те атайды. Мазмұнына қарай ол тарихи пәндерге
жатады,ал методологиялық жағынан биология сферасына жатады.Антропологиялық
зерттеулердің бірыңғай әдістемелік базасын морфология құрайды. Биологияда
морфология термині ретінде (гректің morphe - түр, форма) обьектінің құрылыс
вариациясы, оның формасы мен құрылымы туралы оқыту түсініледі.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Осы тақырыпқа байланысты зерттеулердің
Отандық тарихнамада тапшы,әсіресе қазақ тілінде бұл тақырып аясында
әдебиеттер жеткіліксіз. Сондықтанда бұл тақырыпты мүмкіндігімізше жүйелі
қарастыруға тырыстық. Антропология ғылымының қалыптасу тарихын қарастырсақ,
онда көптеген антропологиялық еңбектер биологиялық обьектілердің
құрылымының өзгерісіне арналған, антропологияның негізгі әдістері осы
обьектілердің түрі мен құрылымын айқындап анықтауға арналған. Сонымен,
физикалық антропологияның үш жеке зерттеу аймақтары қалыптасты:антропогенез
(гректің anthropos - адам, genesis - даму) - адамның пайда болуының
биологиялық аспектілерімен байланысты мәселелерді қарастыратын
аймақ;нәсілтану және этникалық антропология әртүрлі адамдардың қоғамдық
популяцияларының арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарын зерттейтін
салалары;морфология - адам денесінің жеке органдарының және жүйесінің
құрылыс вариациясын, адам организмінің жасына сай өзгерісін, оның физикалық
дамуы мен конституциясын зерттейді. Міне, осы бағыттар ешқашанда өздерінің
алдыңғы қатарлы маңыздылықтарын жоймаған.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы:Әртүрлі жоспарлы біріккен жұмыстар
зерттеушілердің ғылыми ойлау сипаттарын өзгертті.Антропологияда динамизм
принципі, яғни әртүрлі масштабтағы антропологиялық құбылыстарды зерттеу
қозғалысы қалыптасты. Сонымен, биологиялық антропология феномонологиялық
(жәй жалпы жазу) пәннен өзгеріс феноменін анықтайтын себеп-салдар
механизмін ашатын пәнге айналды. Антропологиялық зерттеулер өзара
байланысты екі жақты индивидуальді және топтық (популяциялық) зерттеулерге
негізделген. Олар мазмұнымен айрықшаланады. Адамның популяциясы
антропология ғылымының негізгі назарын аударған обьектілер болып табылады.
Тәжірибелік маңызы кез келген антропологиялық жұмыс индивидті зерттеуден,
яғни жеке адамның организмінің биологиялық қасиеттерін (белгілерін) жазудан
басталады. Адамның өмір ерекшеліктері, оның уникальді сыртқы белгілері
туралы максимальді мағлұмат алғаннан кейін ғана оның биологиялық портретін
құрастыруға болады Антропология ғылымының екінші сатысында индивидтерден
кейінгі жұмыс барысында келесі зерттелетін обьектілер адамдардың топтары,
популяциялар. Оларды зерттеу барысында биологиялық өзгеріске байланысты
нағыз сенімді деректер алынады. Популяция терминінің көптеген анықтамалары
бар. Бәрін жинақтағанда популяция келесі критерийлермен айқындалады:
бірыңғай өмір сүру орны немесе географиялық орналасу (ареал); топтың пайда
болуының бірлігі; бұл топтың басқа топтардан біршама жекешеленуі, топ
ішінде еркін араласу, яғни бір ареалдың шеңберінде барлық генотиптердің
кездесу мүкіндіктері. Сонымен, зерттеу барысында антропологтар обьктілер
арасындағы ұқсастықты (индивидтер, индивидтік топтар, популяциялар)
қарастырып, оларды бұрынғы зерттелген обьктілердің жүйесіне енгізеді.
Осылай биологиялық өзгерістер байқалады, сөйтіп антропология олардың тарихи
және географиялық аспектілерін зерттейді.
Жұмыстың нәтижелерін жоғарғы оқу орындарындағы тарих мамандығының
студенттерінің дайындағанда қолдануға болады. Ал мектептерде мұғалімдер
апталық, семинар өткізгенде немесе тарих пәндеріне балалардың
қызығушылығын, білімдік деңгейін арттыру үшін де қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Ғылыми жұмыстың жалпы сипаттамасы-
кіріспеден және екі тарау, қорытындыдан тұрады. Соңында сілтеме жасала
отырып, пайдаланылған ғылыми еңбектер тізімі берілген.Зерттеу барысында
сипаттама, тарихи-салыстырмалы және талдау- жинақтау әдістері қолданылды.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, маңыздылығы, зерттеу деңгейлігі,
мақсат, міндеттері қарастырылған.
Бірінші тарауда Анторополгия ғылымының қалыптасуы, оның дамуы,
мазмұнының кеңеюі жәйлі айтылады. Пәндік зерттеу аймақтарына байланысты
көптеген салалырының қалыптасуы жәйлі жазылған. Қазіргі кездегі қазақ
антрпологиясының айрықша материалдары берілген. Антропология
концепцияларының мазмұндары туралы айтылады.
Екінші тарауда: Антропогенездің кезеңдеріне, гоминидтік триадаға
анықтамалар берілген. Антропологиялық типтердің приматтардан бастап
неантроптарға дейін, олардың ерекшеліктері , морфологиялық құрылыстары
қарастырылады. Этностар мен популяциялардың биологиялық ерекшеліктерін және
кеңістікке бейімделуі ,яғни этникалық субьектілер этностар мен нәсілдер
туралы жазылған.
Қорытынды бөлімі Антропология ғылымының нәтижелерімен жалпы
жетістігімен аяқталады.

1.1. Антропология ғылымының қалыптасуы.
Антропология термині грек тілінен шыққан, сөзбе сөз аудармасы адам
туралы ғылым деп аударылады. ( anthropos – адам, logos – сөз, білім,
ғылым)
Антрпологиялық тақырыпқа бұрылыс алғашқы антикалық философтар болды.
Сократты адам философиясының негізін қалаушы деп атайды . Сократтың атақты
нақыл сөздері ,,Өзіңді өзің таны ,, дегені барлығына белгілі.
Адам өзіндік танумен қатар табиғаттың және әлеуметтің өлшеуіші болып
табылады. Адам философиясын әрі қарай дамытқан Демокрит пен Платон болды.
Грекияда барлық ғылымдармен қатар антропология ғылымы да қалыптаса бастады.
Алайда, антикалық заманының антропологиясы, жоғарыда айтылғандай адам
табиғатының рухани аймағын ғана қарастырған.
Сондықтанда антропология терминін алғашқы антикалық көне заманда
Аристотель қолданған.
( б.д.д. 384 – 322 ж.ж.)
1501ж. М. Хундтың антропологияға байланысты еңбегі шығады. Бұл
анатомиялық сөздікте антропология термині алғашқы рет адамның дене
мүшелеріне байланысты қолданылады.(1)
Антропология терминін әр түрлі мағынада қолдана бастады. Мысалы:
Француз ғалымдары ХҮІІІ ғ. антропологияны адам туралы толық мағлұмат деп
санаған. Антропология, олардың бойынша, адам жөнінде білім болып есептелді.
Антропология адам туралы универсальді ғылымға айналды, адамның
жаратылыс тарихының, материалдық және рухани мәдениетінің, психология, тіл
және физикалық құрылысы туралы білімдер жүйесі.ХҮІІІ және ХІХ ғғ. басындағы
неміс философтары бұл ұғымға адамның психикалық дүниесінің мәселелерін
енгізген - антропология олардың ұғымында психологиямен теңестірілген.
ХІХ ғ. жаратылыстану ғылымының дамуына байланысты, әсіресе
эволюционизм идеясының таралуы көптеген дауларды, ғылыми пікірлерді
туғызды. Жаңа көзқарастар дүниетанымда белсенді түрде мағлұматтарды
жинақтауға ықпал етті. Осының нәтижесінде жаратылыстанымның кейбір ғылыми
пәндерінің мамандандырылуы басталды.ХІХ ғ. екінші жартысында антропология
деп салыстырмалы анатомия мен биология әдістерін қолданған адам табиғатын
зерттейтін жаратылыстану аймағын атай бастады.
Қазіргі кезде антропологияның мазмұны кеңейген.Антропологияның пәндік
зерттеу аймақтарына байланысты: тарихи антропология,географиялық
антропология, биологиялық, физикалық антропология деп аталса,
антропологиялық зерттеулердің бірыңғай әдістемелік базасын морфология
құрайды. Ал бір физикалық антропологияның үш жеке зерттеу аймағы бар:
антропогенез, нәсілтану және этникалық антропология.
Осы қарастырып отырған тұрғыда қазіргі қазақтардың антропологиясы
жөнінде кең көлемде және айрықша материалдардың маңызды
ақпараттары баршылық.Олардың ішінде ерекше орын алатын бағыт -
қазақтардың краниологиялық топтамалары.Бұл бағыттың маңыздылығы соншалық,ол
қазақтардың нәсілгенезін салыстырмалы анализін жасау үшін сондай-ақ,
Қазақстан жеріндегі қазіргі және ежелгі тұрғындары арасындағы генетикалық
байланыстардың сабақтастығын анықтайтын бірден-бір көзі болып саналады.Осы
краниологиялық топтардың локальді әркелкілігін күрделі зерттеуде
қазақтардың бір этникалық қауымдастық түрінде қалыптасқан түрлі кезеңдермен
ішкі популяциялық полиморфизм ерекшеліктері анықталады. Тұрантекті нәсілдің
сипаттаушы келбеті бар және оның тұтас локальді нұсқасына
жататын,республиканың әр-түрлі аудандарынан бірқатар краниологиялық
топтамалары орын алды.Бірақ олардың ішінде ежелден бастап, Қазақстанның
жергілікті популяцияларының көп және ұзақ уақыт болған метистану
процестеріне қарамастан,еуропоидтық және монғолоидтылық арақатынастарының
бірнеше нұсқалылығыи байқалуда.Краниологиялық топтамалар бойынша
монғолоидтық элементтердің шартты үлесін анықтауда,олар қазіргі қазақтардың
70% құрайтыны анықталды.Осыдан қазақтардың краниологиялық топтамаларының
антропо-морфологиялық сипаттамасында бірқатар мыңжылдықта байланысқан,
монғолоидтық шығу тегінің субстратты компоненті, кейін басым болып,ежелгі
жергілікті субстратты шығарды.
Әр-түрлі биологиялық көрсеткіштері мен бірқалыпты коррелятивті
байланыстардың жүруі,тарихи негізі бар ежелгі ата-тектік еуропоидтық
компоненттің жетекші ролін айқындап,нәсілдігенетикалық процестің кейбір
жекешеленуін дәлелдейді.Бұл компонент қазіргі қазақтардың физикалық бет-
келбетінде жақсы берілген.
Антропометрия, изосерология, дерматоглифика және одонтология
салаларының мәліметтері бойынша, негізінен нәсілдік соматологияның
нәтижелері алынып,қазақтардың орналасу территориясында анық гемогенділікпен
және біркелкі антропогендік фенкелбеті сипатталды.Қазіргі уақыттағы
Қазақстанның территориясы шегінде нақтылы аумақтық локализацияға сәйкес
антропологиялық типті – аралас тураноидті нәсілдің қазақстандық нұсқасы деп
атауға болады.Бұл нәсілдің құрамына,жоғарыда айтылғаннан басқа,мамандармен
қосымша екі локальді нұсқасы белгіленді: тянь-шаньмаңы және алтай-хаяндық,
олардың негізгі өкілдері-қырғыздар мен хақастар.Морфологиялық
көрсеткіштердің топаралық салыстырмалы байқауларға сүйене отырып,бұл
турантекті нәсілдің екі нұсқалары қазақстандықтан айырмашылығы-шығыстық
нәсілдік діңнің элементтері күшейтілгендігінде деуге болады.
Қазақстанның антропологиясында қазақтардың этникалық шығу-тегін
көрсету мен зерттеуі, сондай-ақ серологиялық аспектіде қаралады.
Қазақтардың генетикалық құрылымында серологиялық факторлар-
еуропеоидтық және монғолоидтық негізінде біркелкі құраушы компоненттері
сәйкестенген.Бұл генетикалық құрылымдағы қазақ популяциясы үшін қан тобының
жүйесінде негізгі нұсқасы келесі болды:(2)
Жалпы Еуразия халықтарының гендік деңгейлерінің жалпы таралуын
салыстыру арқылы, мұндай бөліністің антропологиялық маңызы ашылады. Қазақ
популяциясы Орталық Азия мен Орта Азия тұрғындарының,кейбір кезде осындай
нұсқалармен Шығыс Еуропа және Алдыңғы Азия халықтарының фенотиптік
жүйесінде орташа көрсеткіштік ауытқуларға ие.Жалпы осы генетикалық
маркердің нәтижелері қазақтардың еуропеоидтар және монғолоидтар арасындағы
аралас шығу тегіне негіздейді.Осы жерде қысқаша бейнелеу мақсатында Еуразия
халықтарының резус-кері факторының пайыздық мазмұнын келтіруге болады.Бұл
істе алдын-ала пайыздық көрсеткіш баллдарға көшіріледі.Салыстырмалы
популяциялардың генетикалық құрылымның полярлығын ескеру бойынша,
қазақтардың қазіргі монғолдардан төрт баллдық,Орталық Азияның тұрғылықты
халықтарынан-бес баллға және шығыс славяндардан он балл айырмашылығы
бар.Қарастырған зерттемелер бойынша жалпыланған генетикалық шамалардан
қазақтардың популяциялық деңгейінде өзіндік генофонды бар екенін
тұжырымдауға болады.Оның спецификалық ерекшеліктері әсіресе этносаралық
сәйкестіктерде көрінетін болады екен. Қалай біз білеміз саусақтар мен
алақанның терісінің полиморфтық белгілерінің спецификалық сәйкестігі
жоғары таксономиялық құндылыққа ие. Бұл дермотоглификалық мәліметтер
қазіргі кезде антропологияда жоғары пайдаланады. Тері оюлары негізінде
қазақтар монголоидтық пен европоиттық топтарының орта кезінде орналасқан.
Сонда қазақтар метистікке жататыны мәлім.
Қазіргі антропологияда басқа ғылымдармен бірге соматология (тістер
рельефын жерттеу) қолданылады. Сондағы қазақтардың тістер бедерін зерттеуге
келсек нәсілдік деңгейде қазақтар Евразия нәсілдерімен туыс болып келеді.
1.2.Антропогенез концепциялары.
Адамның мәнін түсінуге, оған ,, жеке тұлға ,, ретінде көзқарастар өте
ерте заманнан бері дамуда, көптеген концепциялар құрастырылды . Адам
көптеген халықтың мифтерінде де,діндерінде де орталық тұлға болып саналады.
Қазіргі ғылымда да ол зерттеулі негізгі тұлға болып саналады.Адам қанша
өмір сүрсе де соншалық Біз кімбіз?Біз қайдан келдік? Біздің ғаламдағы
орнымыз қандай? деген сауалдарға жауап іздеген.Әр түрлі халықтар әр түрлі
кезеңде осы сауалдарға жауап берген.
Анайы мәдениеті бар тайпалар өздеріне ата баба ретінде әр түрлі
аңдарды таңдаған. Делаварлар өздерін бүркіттің ұрпақтары , анылар мен
папуастар – иттің, ежелгі дат пен швед елдері – аюдың, осакалар – ұлудың
деп санаған. Ежелгі көне заманда адамның маймылдан тарады деген идеясы
қалыптаса бастады. Мысалы, осындай идеялар малайлар мен тибет көне
адамдарында да кездеседі. Оңтүстік арабтарда,ежелгі мексикалықтарда, Лоанго
жағалауындағы африкандықтарда керісінше маймылдар – бұл құдайлардың алдында
кінәланған адамдар деп санаған. (3)
Адамдар әр түрлі жағдайда пайда болды. Кейбір халықтарда олар өз
бетінше пайда болса, басқа халықта оларды құдай жасаған. Өркениеттің
дамуымен, құдайлардың рөлдері күшейе берген. Өзінің ең жоғары шыңына олар
үш ғаламдық дінінде жетеді – буддизм, ислам, христиан.Бұл діндерде құдайлар
адамдарды,демімен,ойымен,балшықтан, тростниктен жасаған.
Адамның табиғаттағы орны жайлы басқа да ойлар баршылық. Антикалық
дәуірде философиялық ойлардың дамуы басталады. Антикалық авторлар өз
жазбаларында адамның пайда болуы жайлы онша көп мағлұмат бере қойған
жоқ.Олардың жұмыстарында антропогенез сұрақтары көбінесе мифологиялық
дәстүрлер түрінде көрсетілген. Бірақ басқа көзқарас та болды – адамның өлі
және тірі табиғаттың негізгі бөлігі болып саналды.
ХҮІІІ ғ. бастап осы уақытқа дейін адамның пайда болуы жайлы сұрақ
философтардың назарында қалып, олардың еңбектерінде бұл жайлы қызықты
пікірлер табуға болады. Бірақ философтар өз еңбектерінде адамның пайда
болуы мәселесіне аз тоқталып, олардың армандары, рухани дүние мәселесіне
көп тоқталады. Жиірек философтық ой діннен екпін алып отырады.
Ендігі адам мәдениетінің феномені – ғылым. Ғылымның ең алғашқы айтулары
дінге қарауменен болса да орта ғасырлар дәуірі аяқталғаннан соң ғылым өзі
жеке сала болып бөлінді.Ғылымның дін мен философиядан айырмашылығы,ғылым өз
сөздерін фактілермен дәлелдеуге тырысады.Ал фактілер ғылымға адамның
маймылдан тарағанын айтты. Адамның осы күнге дейін даму барысы
антропологияда ерекше – антропогенез деп аталды.
Антропогенез (грек тілінен anthropos – адам, genesis – дамуы).- қазіргі
адамның ізашарларының эволюция барысы, адамның палеонтологиясы. Сонымен
қатар осы процесті зерттейтін ғылым.
Діннің де ,философияның да, жалпы ғылымның да уақытпенен көзқарастары
өзгеріп,қиылысып отырған.Кейде концепцияның қай сфераға жататындығы
белгісіз де болады.Сонымен, адамның пайда болу жайындағы алуан түрлі
қөзқарастардың болу себептері:
- жұртшылықтың өте үлкен қызығушылығы – тұжырым кезіндегі
қауіпсіздіктің қажеттілігі:
- көптеген білмеуші адамдар да антропогенезбен айналысады – олардың
көзқарастары дұрыс пікірлерден әлдеқайда танымал болуы мүмкін.
- мәліметтердің жетіспеушілігі – қазбалардың кемшілігі,олардың
фрагменттілігі жиі – зерттеуге өте қиын.
Тағы бір себеп болып антропогенезді зерттеудің жолдарының көптігінен
мамандардың шатасуы, мәліметтердің сәйкестіксіздігі жүреді.
Адамның қайдан пайда болғанын қалай білуге болады екен? - деген
сауалға, жауап берудің көптеген жылдары : діннің жолы жеңіл, олар туралы –
Қасиетті Жазбаларда бәрі айтылған, яғни адамды жоғарғы жаратушы Құдай
жаратқан, мұндай көзқарасты креационизм (лат.creatio-жаратылу деген
сөзі)деп атаған. Ол екіге бөлінеді ортодоксальді (эволюцияға қарсы-олардың
пікірлерінше бір рет қана жаратылған, содан кейін ешқандай өзгеріске
ұшырамаған) және эволюциялық (олар биологиялық эволюцияны қабылдайды,
алайда бір түрден екіншіге ауысқанда Құдай оны жүзеге асырады деген ұғым
болған);(4)
Философтар өз ойынша пікірлерін айтады. Ғалымдар өз ойларын фактілерге
сүйеніп айтады. Фактілер жетпесе ғалымдар қосымша басқа зерттеулер,қазбалар
жасайды. Қазіргі ғылыми көзқарастарға сүйенсек адам ұзақ биологиялық
эволюция барысында пайда болды. Адамның ата бабалары бір кезеңде сонымен
қатар адам тәріздес маймылдармен туыстасып,одан әрі бұрын жануарлардың ата
бабалары болғаны белгілі. Бірақ антропогенездің басқа ағзалардың
эволюциясынан принциптік айырмашылығы, соңғы деңгейде антропогенезде ептеп
әлеуметтік генезис жүріп жатады,ұжымның құрылуымен тығыз байланысты болады.
Бұл антропогенездің ерекшелігі болып табылады да, сонымен қатар зерттеулер
жиегін үлкейтеді.Адамның пайда болуын зерттеп, тек қана биологиялық немесе
әлеуметгенез тұрғыдан ғана қарастыру мүмкін емес. Адам биоәлеуметтік тұлға
болып, ол ұжымсыз өмір сүре алмаса, ұжым да жеке индивидуумдардан тұрады.
Сондықтан да антропогенез көптеген ғылыми пәндердің байланысы болып
келеді.Зерттеу кезінде ең кішкентай факті барлық түсінікті өзгерте алады.
Нақты дәлелдері болмасада, бірақта натур-фиолософиялық болып табылатын
, өте күшті әсерлі Л.Кардың эволюциялық ілімі (б.д.д.Iғ) толығымен оның
Заттар табиғаты поэмасында жеткен. Кең ауқымды баппен жазылған өлең
жолдарында дүние жаратылысының ғажайып суреті салынған.
Лукреций Кар –бұл а.қ.қ.тарихының сферасындағы антикалық ойдың төбесі
оның алдын ала болжағыштық , өте жарқын синтездеуінімен ол келесі орта
ғасырлық дәуірге а.қ.қ. тарихын кіргізеді.
Сонау антикалық заманнан ғаламдық эволюционизм көзқарасы
қалыптасқан,яғни бүкіл дүние жүзінің бірыңғай жүйе екендігі, ал адам оның
бір бөлігі және онда өзінің орны бар. Оның өкілдері К.М. Бэр, Тейяр де
Шарден, В.И. Вернадский, Н.И. Моисеев.1834 ж. К.М. Бэр "табиғаттың жалпы
заңын" қалыптастырды. Бұл заң бойынша материя төменгі формадан жоғарыға
ауысқан, ал адамға байланысты ол төменгі жануарлардан ұзақ эволюциялық
үрдістен қазіргі деңгейге жеткен.
Тейярде Шарден мен Вернадский материяның космогенездік эволюциялық
шыңы - антропогенез. Антропогенздің нақты бір кезеңінде ойлау қабаты -
ноосфера қалыптасады.
Синтетикалық эволюция теориясының мазмұны, егер организмнің бейімделуі
жақсы болса, онда ол өзінен кейін күшті генетикалық қасиеттерімен көп ұрпақ
қалдыра алады.
Антропогенез мультидисциплинарлық ғылым. Адамның өткенін зерттеу
жиынтығына енеді:
1. Биологиялық ғылымдар:
- адамның биологиясы – морфология,физиология,
церебрология,адамның палеонтологиясы;
- приматология – приматтардың палеонтологиясы;
- палеонтология -омыртқалылардың палеонтологиясы,
палинология;
- жалпы биология - эмбриология,генетика,
молекулярлық биология,салыстырмалы анатомия.
2. Физикалық ғылымдар:
- геология – геоморфология,геофизика,стратиграфи я;
- тафономия - (қазбалы қалдықтарды жерлеу ғылымы)
- химия.
3. Әлеуметтік ғылымдар:
- археология – палеолит археологиясы,соңғы уақыт археологиясы;
- этноархеология,салыстыпмалы этнология;
- психология.(5)
Адамның пайда болу мәселесіне келетін болсақ,алдыменен жан жаққа қарау
қажет. Қоршаған ортада адамға ең ұқсас кім бар? Барлық көрсеткіштерден
алғанда – дене бітімі,даму ерекшеліктері,мінез құлқы мен жай ған сыртқы
келбеті жағынан алғанда – ең жақын туыс болатын маймылдар. Оларды
приматология зерттейді.
Одан әрі өткен кезге қарайық. Ол туралы көптеген дерекнамалардан
мағлұмат алуға болады. Қазіргі заманғы адамдарды зерттеуге болады,мысалға
оның генотипін. Археологиялық қазбалар көп мағлұмат береді.Сол кезде
мекендеген,өмір сүрген тірі жандар жойылып кетсе де олардың қатайған
қалдықтары қалған. Тірі жандар қалдықтарын палеонтологтар зерттейді де,
ежелгі адамдардың қалдықтарын палеоантропологтар зерттейді
Ежелдегі адамдар қазір сияқты өз іздерін қалдырған – кейде нағыз
тікелей мағынада. Адамдар от жағып, құралдар жасап,баспана салған.Оның бәрі
уақыт өткеннен құлдыраған,бірақта кейбір қалдықтар сақталған – олардың
өмірлерінің куәсі. Тек қана оларды тауып,дұрыс талдай алу керек.Ежелгі
заманның материалдық мәдениетін зерттейтін – археология. Жер тарихында
не,қай уақытта,өткенін білу үшін ғалымдар геологиямен,стратиграфиямен
айналысады. Уақытын анықтау тәсілдерін қолданады.
Осылай, үзінділерден Жер мен адамзаттың өткенін жинайды. Антропологтар
бұл мәліметтерді біріңғай суретке жинап, өткенді бүкіл бөлшектерімен
жинауға тырысады. Әлі де барлығы белгісіз емес, жаңа сұрақтар туып, тану
барысы жалғасуда.
ІІ тарау.Антропология және этникалық тарих.
2.1. Антропология типтерінің қалыптасу кезеңдері.
Адам қалай пайда болды?! Бұл сұрақ адамдарды көне заманнан бері
толқып келеді. Қазіргі заманда ғылым көптеген мәліметтерге сүйеніп, әр
түрлі болжамдар шығаруда. Сол мәліметтердің негізінде көне адамның ақыл-ой
деңгйіне,сол заманның мәдениетіне, басқа да сипаттамаларға қарап
антропогенездің төрт кезеңін бөлеміз:
1) Австролопитектер ( адамның ізашарлары)
2) Питекантроптар (көне адамдар, архантроптар)
3) Неандерталдьдықтар (көнеадамдар, палеонтроптр)
4) Қазіргі заман типінің адамы, қазбалы және қазіргі замандық
(неонтроптар)
Австролопитектер адам эволюциясының ең бірінші кезеңінің өкілі болып
келеді. Қазіргі заманғы палеонтологияда олар ХХ ғасырдың 30 жылдарынан
белгілі бола бастады. Австролопитектің алғашқы қалдықтары Африканың
оңтүстігінде табылды.Қазіргі заманғы антропологтар австролопитектердің адам
тәріздес маймыл мен адам арасындағы аралық тип болып келетініне күмән
бермейді. Австролопитектің ми көлемі 450 – 520 см3 болып келеді.
Австролопитектердің қызықты типтері Африканың Шығысында табылды.
Австролопитектердің екі түрі белгілі парантроптар және негізгі
австролопитектер.(6) Зерттеушілердің көбі австролопитектерде адамдардың ата
бабаларын көрмеген. Жоғары дамыған приматтар – адамдардың ата бабалары,
кейінірек екі аяқта жүруге, табиғат заттарын қолдануға көшеді. Осындай
приматтарға австролопитектер де жатады. Оларды адамдар ретінде де
қарастыруға да болады. Бірақ австролопитектердің көптеген құрылыс белгілері
олардың эволюция жолындағы ерекше бір,ары қарай дами алмаған сызығы екенін
көрсетеді.
Питекантроптар - австролопитектерден кейін гоминидтер арасындағы
екінші кезеңдік тобы болып саналады. Питекантроптардың қалдықтары әлемнің
үш жерінде табылған – Африкада, Азияда және Европада. Олардың ата –
бабалары болып Homo habilis өкілдері болып саналады. Жамбас сүйектерінің
қазіргі замандық түрі, желкедегі тесіктің орналасуы қазіргі кездегі
адамдардың бас сүйектеріне ұқсастығы питекантроптың австролопитекке
қарағанда одан әрі дамығанын көрсетеді. Питекантроптың сүйек қаңқасының
жалпы салмағы австролопитектен әлдеқайда көп екені белгілі. Желке сүйегінің
жақсы дамығаны жүру кезіндегі басын ұстауын жеңілдеткені белгілі. Сонымен
қатар питекантроптардан бастап сөйлеу дағдылары да дами бастаған.
Неандертальдықтар (ежелгі адамдар, палеонтроптар).
Соңғы европалық болған кезі, мұздану дәуірімен сәйкес келеді.
Неандерталдықтардың эволюциялық тағдыры айқын емес. Болжамдардың түрлері аз
емес. Олардың толығымен жойылуы, басқа европалық емес өкілдерінің келіп
жойып кету, немесе екі болжамның да дұрыстығы. Соңғы болжамға сүйенсек
қазіргі типтегі адам кроманьондықтар Африкадан Европаға Азия арқылы көшіп
қонған. Азияда оның іздері 100 мың жыл бұрын табылса, Европада 40 мың жыл
бұрын табылған.(7) Олар қатар 5 мың жылдай өмір сүріп,оларды біртіндеп
ығыстыра бастаған немесе кроманьондықтардың алғашқы толқының өкілдері
неандартальдықтармен араласып жаңа анторпологиялық типтер қалыптаса
бастаған. Неандерталдықтың тасты өңдеу теқнологиясы өзінің жоғары
деңгейімен көзге түскен. Археологтар онға жуық құрал тапса да, оның түрлері
үшке ғана бөлінеді екен:өткір,сырмалы,балталы. Қазіргі австралиялық
аборигендердің этнографиялық зерттеулері тас дәуірінің технологиялық
процессін елстеуіне әкеледі.Зерттеулер нәтижесінде құрал жабдық өте ауыр
екендігін, техникалық білім қажеттілігін көрсетеді.Тәжірибе барысында
ежелгі адам құрал жасауға кететін уақытты қысқарта білді. Сүйекті өңдеу
мустьер дәуірінде өте баяу дамыған. Көбінесе ағаштан жасалынған құралдар
қолданылған: шоқпарлар,найзалар,отта қатайтылған үштары бар рогатиналар.
Ағаштан су бұйымдары,баспана жабдықтары жасалынды. Неандертальдықтар өте
жақсы аңшылар болған.Олардың тұрақталған жерінде ірі жабайы аңдардың
сүйектері табылған: мамонттар, үңгірлік аюлар,бизондар,жабайы жылқылар,тау
ешкілері.Олар аңдарды өлтіріп,оларды отқа пісірген. Олар өздеріне киім
жасаған.Терімшілік те орын алған көрінеді. Каннибализм неандерталдықтарда
болса да, онша көп орын алған емес. Сол кезде Евразия жерінде жерлеу пайда
болған. Әдебиетте неонтроптарды кроманьюндықтар деп те атайды. Кроманьондық
атауын олар белгілі Франциядағы Ля-кроманьон ескерткішіне байланысты алған.
Қазылған неонтроптардың қаңқалары мен бас сүйектері қазіргі заманғы
адамдар типінен айырмашылығы жоқ, бірақта олардың сүйектері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz