Бастауыш сыныптарда аңыз-әңгімелерді оқыту әдістемесі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

І. Халық ауыз әдебиетінің ғылыми теориялық 6
негіздері ... ... ... ... ... ..
Халық ауыз әдебиетінің жанрлары және зерттелу тарихы 6
... ... ... ... ...
Аңыз-әңгімелер халық ауыз әдебиетінің негізгі 30
бөлімі ... ... ... ... ... ... .

ІІ. Бастауыш сыныптарда аңыз-әңгімелерді оқыту әдістемесі ... ... ... 44
2.1 Халық ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің 44
түрлері ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Ана тілі сабақтарында аңыз-әңгімелерді оқыту 53
жолдары ... ... ... ... ... .
2.3 Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде аңыз-әңгімелерді өту
барысындағы алынған эксперимент нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
Пайдаланылған 71
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Еліміздің ертеңі бүгінгі жастар екені
белгілі. Ал бүгінгі өскелең ұрпақ ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-
ғұрпынан тым алыс, батыстық үлгіге бой алдырып барады.
Халық ауыз әдебиетінің асыл мұралары болып табылатын салт-дәстүр,
әдет-ғұрып, мақал-мәтел, шешендік өнер, аңыз әңгімелер, халық ауыз
әдебиетін бүгінгі жастар бойына сіңіру үшін ең алдымен ана тілімізден
бастаған жөн. Ана тілін білмейтін ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру әсте
мүмкін емес.
“Халқым қандай десең, салтынан сынап біл” деген екен. Ұлттың салт-
дәстүрі арқылы сол ұлттың менталитетінен, ақыл-зердесінен, даналығы мен
даралығынан хабардар етіп тұрады.
Елбасымыз болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде оларға жастайынан
имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда
ғана біз рухы дамыған, егеменді еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын
азамат өсіре аламыз, - деген болатын.
Жалпы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде халық ауыз әдебиетін жүйелі
пайдалана білсек, дәстүріміз жалғасып, әдет-ғұрпымыз сақталып, ұлтжанды
ұрпақ тәрбиелеуімізге әбден болады.
Қазақтың “тектілік” деген сөзінде үлкен мән-мағына, аса құнды астар
жатыр. “Текті” деп білім қуып, еңбек етіп, ата-бабасының атына кір
жуытпайтын, бойына ұлттық болмысымыздың бар қасиетін жинақтаған, иманды-
инабатты, арлы да абыройлы азаматты айтамыз.
Ал “текті” ұрпақ тәрбиелеу үшін, отбасындағы ата-анасы беретін
тәрбиемен қоса, мектеп қабырғасында берер алғашқы тәрбие бастауыш сыныптан
басталады.
Білім негізі – бастауышта демекші, бастауыш сыныптағы әрбір баланың
ішкі дүниесіне үңіліп, қазақи тәрбие беру негізгі міндетіміздің бірі болуы
шарт. [31]
Халық ауыз әдебиеті ұрпақтан-ұрпаққа қажетті қасиеттерді
жинақтаған тәжірибе. Оның мақсаты ұлттық ерекшелігімізді айқындай түсетін,
өнегелі азамат, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұлтымыздың тәлім-тәрбиесін ұрпаққа
жеткізу әрбір ұстаздың алдына қойған мақсаты, бағдарламасы болуы шарт.
Адамгершілік, имандылық, инабаттылық, үлкенге құрмет, кішіге ізет, сөз
қадірін білу сынды қазаққа тән қасиеттерді бала бойына сіңіруді бастауыш
сыныптан бастаған абзал. Халқым “баланы жастан” деп тегін айтпаса керек.
Бала күнінде қалыптасқан дағдысы келешекте жемісін берері анық.
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа, қиялын дамытуда, мәдениеті
мен ой-өрісін өсіруді, сөздік қорын молайтуда халық ауыз әдебиеті
жанрларының маңызы зор.
Мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштың, аңыз-әңгімелер мен ертегі, дастандар
және лиро-эпостық жырлар – оқушыларды елжандылыққа, еңбексүйгіштікке,
жамандық пен жақсыны, шындық пен өтірікті айыра білуге, батырлық пен
батылдыққа тәрбиелейді.
Осылай оқушылардың ынтасын және танымдық қызығушылығын артттырып,
олардың өз бетінше ізденуіне жол ашу.
Енді қазақ, ойы өзге жастарымыздың көрініс беруі қазақ халқының
рухани құлдырауға түскенінің айғағы. Бүгінгі жастарымыздың жағымсыз
әрекеті, қыздардың шылым шегіп, ұлдардың ішімдікке бой алдыруы қалыпты
жағдай болып барады. Ұлтымыздың болашағы тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудың
бірден-бір жолы – халықтық педагогиканың асыл қазынасы. Халық ауыз
әдебиетінің мәні – еңбек, білім, дағды, адалдық пен адамгершілікті жас
ұрпақ бойына дарыту. Салт-дәстүр әрбір ұлттық ұрпақ тәрбиесінен
тіршілігінен көрініс береді. Осы дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып және сол
қоғамға сай жаңарып отыруы шарт. Сонда ғана ол өз мәнін жоғалтпайды.
Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем
шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған
белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай
адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол
жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып,
ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен,
негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне байланысты
әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі
күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады. [4]
Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе,
Қожанасыр, Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі.
Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ
болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ
кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз алысып, қыз берісіп құда-
жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз
әңгімелерде көбінесе сарандық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір
сатирамен ажуалап сынау арқылы жас жеткіншектерді жаман әдет, жат
мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады. Қожанасыр әңгімелерінде
оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа-күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйін ойда
үлкен тәрбие-тәлім толқыны анық байқалады; оқушы оқып күле отырып шындықты
түсінеді. Осындай халық арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің
бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған.
Көсе образы – қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның
өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке-мазақ ету тілегінен туған образ.
Мұны біз "Алдар көсе мен Алаша хан", "Алдар көсе мен шық бермес Шығабай",
"Алдар көсе мен саудагер", т.б. аңыз әңгімелерден көреміз. Осы аттары
аталған хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-
айласының арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді.
Халық аузындағы мәтелге айналған "Жұмыртқадан жүн алатын", "Өзі тойса
да, көзі тоймайтын", "Кесіп алса қан шықпайтын" шық бермес Шығайбай –
сараңдықтың жиынтығы. Шығайбайдың әдеті мен ісінен сарандық, дүниеқорлық,
өзімшілдік айқын көрінеді. Оның осы мінезін жек көрген халық қапияда жол,
қапылыста сөз табатын, айла-амалы мол Алдар көсені жіберіп, Шығайбайды
бірнеше рет жер қаптырады.
"Ұрының әйелі өзіне лайық" дегендей, оның тәрбиесіндегі үй-іші –
әйелі, қызы Шығайбайдың өзі тәріздес пиғылы тар сараң жандар. Көсе үйге
кіріп келгенде әйелі илеп отырған нанды, қызы үйітуге әзірлеп отырған қазды
жасыра қояды. [12]
Халық ауыз әдебиетінде аңыз-әңгімелер елеулі орын алады. Өйткені әуел
баста жазу, баспасөз шықпай, дамымай тұрғанда ел басынан өткен тарихи
уақиғалар, ел басқарған адамдар, айнала қоршаған табиғат құбылыстары
жайындағы мәліметтер мен ұғымдарды ауызекі сөзбен баяндайтын бұл халық
шығармаларының білім берерлік, өмір танытарлық мәні, маңызы үлкен.
Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре
білу дәстүрінің мәні зор. Ақынжанды, ақжарқын, шешен, өнерпаз, өнегелі
халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан таным-тәрбиелік әдеттері мен
ережелері, рәсімдері мен салт-саналық дәстүрлерді жас ұрпақтың жан жүйесіне
әсер етіп, санасына сіңсе, ол ұлттық мәдениетті игерген иманжүзді,
инабатты, жалпы адамзаттық, асыл қасиеттерге, ие болады.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік,
ілтипаттылық, қонайжылық құлықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да
абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін әрбір
тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырлар қалыптасқан салт-
дәстүрді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең біліп, іс-қимыл жасауға,
өркениетті өмірмен байланыстырып, тәлім-тәрбиеге пайдалана білуге, халық
ана алдында борышты.
Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы – оның халық
педагогикасы, яғни ауыз әдебиеті мен ұлттық салт-дәстүрі болып табылады.Тән
азығы мен жан азығының тепе-тендігін сақтап, әсіресе, жан азығына баса
көңіл бөлген халқымыз өміртануды діттеп, оның философиялық заңдылықтарын
терең ұғынған. Жан азығынан мақұрым қалған адамның адамдық қасиеті жойылып,
оның айуанға айналатынын ертеден ұғынған халқымыз жан азығын, ең әуелі,
нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруден бастайды, жас балдырған
жеке сөздерді ұғына бастағандай-ақ оған жақсы мән жаманды ажыратып,
түсіндіреді. Ол үшін санамақ, жанылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме,
ертегі үйретіп, баланың тілін ширатып ойын дамытады. [15]
Зерттеудің мақсаты: Аңыз әңгімелерді оқыту арқылы оқушылардың оқу-
танымдық белсенділігін арттыру жолдарын айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1.Аңыз әңгімелер бойынша ғылыми педагогикалық әдебиеттерге шолу,
талдау жасау.
2. Аңыз әңгімелер жанры арқылы оқушылардың қабылдау белсенділігін
анықтау.
3. Аңыз әңгімелердің мазмұнына байланысты сабақта қолдану жолдарын
анықтау.
4.Бастауыш мектеп оқушыларының жас және дара ерекшеліктерін ескере
отырып, аңыз-әңгімелерді қабылдау белсенділігін арттыру жолдарын айқындау.
Зерттеу объектісі:
Аңыз-әңгімелер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық
белсенділігін арттыру үдерісі.
Зерттеу пәні:
Ана тілі сабақтарында оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалану арқылы
бастауыш мектеп оқушыларының қабылдау белсенділіктерін арттыру әрекеттері.
Зерттеу орны:№ 5 мектеп-гимназияның 3 б сыныбы.
Зертеудің болжамы: Аңыз-әңгімелер тілі түсінікті, қанатты
сөздермен бейнелі тіркестерге бай болып келетіндіктен, оқушының өз халқының
асыл қазына мұраларымен танысуына, сол арқылы қазақ халқының тәлім-тәрбие
элементтерінің озық үлгілерімен сусындауына мүмкіндік тудырады деп
есептейміз. Қазақтың аңыз-әңгімелеріне классификациялық талдау жасау, аңыз
жанрының оқушылардың жас ерекшеліктерімен дара ерекшеліктерін ескеру арқылы
оның тәрбиелік мәнін дұрыс ашып, олардың оқу-танымдық белсенділіктерін
арттыруға, яғни тәрбиеші немесе оқытушы алдына қойылған мәселелерді шешуге
көмек береді деп есептейміз.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту барысында жасалынатын
мұғалім жұмысына көмегі тиеді деп санаймыз.
Зерттеу әдістері: Педагогикалық бақылау, сауалнама жүргізіу,
педагогикалық эксперимент өткізу, алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу.

Зерттеу көздері: Зерттеу тақырыбы бойынша ақын жазушылардың
еңбектеріне шолу жасау; Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім.
Мектептің нормативтік құжаттары, мектеп мұғалімдерінің өзық тәжірибелері.
Зерттеу орны Тараз қаласындағы №5 Жамбыл атындағы мектеп гимназияның
екінші сынып оқушылары.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін педагогикалық
практика кезінде студенттер, бастауыш мектеп мұғалімдері оқу үрдісінде
пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Халық ауыз әдебиетінің ғылыми теориялық негіздері

1.1 Халық ауыз әдебиетінің жанрлары және зерттелу тарихы

Ертегіге бай елдердің бірі-қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы
ертегілердің сан алуан түрлері бар. ХІХ ғасырдан бастап, қазақ
ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В. Радол, Г. Потанин, И. Березин,
А. Алекторов, П. Мелиоранский, Ш. Уәлиханов, Ә. Диваев сияқты белді де
белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклорының кейбір
нұсқалары Дала уалаяты, Айқап, Туркестанские ведомости, Тургайская
газета, т.б. мерзімді баспасөз бетінде жариялап келді. Обрацы народной
литературы тюркских племен атты 10 томдық жинақтарында В.В.радлов қазақ,
қырғыз, ұйғыр, өзбек, әзербайжан сияктыкөптеген түркі тайпаларының эпостық
жырлары мен ертегілерін молынан жариялаған. Соныменқатар қазақ эпосы мен
ертегілерін жинап, профессор Әубәкір Диваевтің еңбегі де елеулі.
Қазақ фольклоры Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, сондай-ақ М.Әуезов,
С.Сейфуллин еңбектерінен де мол орын алғаны бар.Алайда 30-40 және 50-
жылдары қазақ совет әдебиетінде халық мұрасынан безу, оның басым көпшілігін
байлар мен үстем тап өкілдерінің ықпалынан туған шығармалар деп түсіну бел
алды.
Алпысыншы жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының Әдебиет және өнер
иниституты қазақ ертегілерінің екі томдық жинағын жарыққа шығарды.Бұл іске
дайындық жұмысы 1945-1946 жылдары-ақ жасала бастағанды.Сол тұста қазақ
ертегілерин құрастырушы ғалымдар құрамына менің де енгенім бар. Алайда
1947 жылғы партия қаулысына байланысты бұл игі бастама аяқсыз қалған еді.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Әуезов, Қ.Жұмалиев,
Е.Ысмайыловтар белсене араласты. М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев, Х.Сүіншәлиев,
С. Садырбаев, С. Қасқабасовтардың қосқан үлесі де елеулі.
Қазақ ертегілерінің қай түрі болса да замана елегінен өтіп, халық
санасына сіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге ауысып, төл
сюжет болып жүрген мотивобраздар да аз емес. Ертегінің тұтынушылары
қоғамның түрліше тобынан шыға береді. Төменгі тап ортасынан шыққан
ертегілерде сатира, демократия сарыны елеулі болатынын кезинде М.Әуезов
жақсы айтқан болатын. Сонымен бірге қазақ ертегілерін тек қана феодализм
дәуірімен тұйықтап, оны 1868 жылғы реформадан да кейін туғызу ертегі
генезисін кенжелету ме дейміз. Шыншыл ертегілер антифеодалдық сарында
болған десек, сол жеткіәлікті.
Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болакды. Олар:
а) мифологиялық (қиял-ғажайып) ертегілер; ә) хайуанаттар (жан-жануарлар)
жайындағы ертегілер; б)реалистік (тұрмыс-салт) ертегілері.
Мифологиялық ертегілер.Бұл ертегілер тым ерте замандарда, адам табиғат
сырын толық түсініп болмаған кезде туған. Мұнда өмір көрінісі аздау
болады.Мифологиялық ойлау адамдардың топ-топ болып орман, тау-тас
үңгірлерін мекендеп жүрген кезеңінен бастап туса да ғажап емес.Ол
дәуірдегі адамдардың нанымдары, ойлау дәрежесі өте шынайы болған. Күн, ай,
от судың жойқын күштерінің сырына түсінбеген алғашқы қауым адамдары
табиғатқа сиынып, табынған: бірінен қорықса бірін қастерлеген.Оларды
адамша ойлап, әрекет жасайтын құбылыстар деп ұққан.Мұндай себеп мифология
тарихы үнді, грек, араб елдерінде көбірек сақталған. Кейбір елдерде киелі
аңдарға сиыну дәстүрі де болған. Қазақтың мифологиялық ертегілері бұдан
кештеу, матриархат пен патриархат дәуірінің ауысу кезеңдерінде туса
керек.Аншылық салты өмір сахнасынан шыққан кезде адамдар аң-құстардың
сырын танып біліп, олар жайында сан-салалы образдар тудырған.Жалмауыз,
мыстан кемпір, желтырнақтар матриархат дәуірінің ұғым –нанымдары болмақ.
Аңшылық кәсіп ер адамдардың әрекетімен көбірек байланысты болғандықтан,
алғашқы ру қоғамының салт-санасы қалыптасып, жұбайлы неке туады. Бұл
кезеңде туцған қиял-ғажайып ертегілерінде адамға жат барлықт күштермен
күресушілер-мергендер, батырлар болып көрінеді.
Патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп ұғыну үстем болған.
Табиғатынан тілсіз күштерін мифтік ойлаумен образдап, соған адам әрекетін
қарсы қоятын қиял-ғажайып мертегілері осы ізде туған.Мұндай ертегілерде
реалдық адам образдарыф мен мифтік образдар қаз-қатар суреттеледі.Ондай
сюжеттердің қазақ ертегілеріндегі үлгілері-Ер Төстік, Еділ-Жайық, Құла
мерген, Аламан мен Жоламан, Күн астындағы Күнікей қыз, Алтын сақа,
Керқұла атты Кендебай, т.б.
Кейбір ертегілерде де ат иемдену, мал асыраудың іздері де айқын
байқалады.Малшылық кәсіптің өзі аңшылық дәуірінен басталған еді.
Ертегілерде бұрынғы магиялық ұғым, матриархат дәуірінің салт-санасына
қарсы күрес бастайтын Ерназарлар емес, Ер Төстіктер. Көп жайда олардың аты
да жоқ, тек бала деп аталады.
Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінде адамға жамандық ойлап жүретін
мифтік образдардың бірі-жалмауыз кемпір. Еділ- Жайық ертегісінде ол
адамға үстемдік етсе Алтын сақада баладан жеңіліс табады. Жалмауыз
кемпір табиғатының өзінде де елеулі өзгерістер бар. Мысалы: матиархат
дәуірінде өндіріс күштері төменгі дәрежеде болғандықтан, адам етін жеу,
алпысқа келген әкені өлтіру үрдіс болған. Оның ізі Еділ-Жайық
ертегісінде. Ондағы жалмауыз қора-қорамалы болса да, адам етін жейді.
Кенже туған эпостық жырлар мен қазақ ертегілерінде олар жалмауыз емес,
патриархат дәуірінің батыр, мергендеріне қарсы күресіп жүретін, төтелей
қауіптен гөрі айла-сиқыры көп, адамды алдаусырата келіп қолға түсіретін
хандардың қол шоқпары ретінде көріне бастайды. Бұл кездегі аты- мыстан.
Бірақ олардың матриархат кезеңіне тән басты белгісі ұдайы сақталып отырады.
Мысалы, ешбір ертегі, не эпостық жырда мыстандардың ер адамнан шыққандығы
туралы дерек жоқ. Олар жұбайлы некені білмеген. Мұны олардың ерге
шықпайтын, бала тумайтын қырық қызының табиғатынан да байқаймыз.
Ер Төстік, Кенде бай, Аламан, Желім батырдың өзі ең алдымен атаулық
қоғамның ұйытқысы болған жұбайлы өмір, отбасы үшін күреседі. Олардың
жаулары әр салалы болып, табиғат, жалмауыз кемпір, диюлер, тіпті хандар
ортасынан да табылып отырады. Мысалы, Аламанның алтын шашты әйелін хан
мыстанды жұмсап, қолға түсіреді. Құла мерген сюжетінде жұбайлы некенің
ұйытқысын бұзушы дәелер болса да, мерген батырлар адамға жат барлық
күштерді жеңіп отырады. Осы күресте ертегінің басты кейіпкеріне болысып,
достық ықылас көрсететін жаңа мифтік образдар туады (Желаяқ, Таусоғар,
Көлтаусар, Жарғақ құлақ, т.б.). бұлар көбіне адам тұлғасында көрінетін
мифтік образдар. Олар ертегінің бас қаһармандарына ұзақ сапарға шыққанда
ғана қосылып, көбіне қыз ұзату үстіндегі бәйге, күресте көрінеді. Мұндай
образдар орыс ертегілерінде де бар.
Адамдар әрекеті күшейген сайын оның достары құс, құмырсқадан да табыла
бастайды. Адамның киелі күш екенің айту үшін ертегі күміс кездік, семсер,
садақ сияқты сиқырлы құралдарды адам бойына телейді. Бұл- темір қолданудың
қуатын көрсету болмақ.
Өмір ілгері басқан сайын, ит, түлікініңде қызметі жіктеле бастайды.
Мысалы, Күн астындағы Күнікей қыз ертегісіндегі көк төбет адам жейтін
болса, Алтын сақадағы иттер адамның досы.кейде пері қыздары өз сиқырын
адам пайдасына қолданады. Оған- Күнікей қыздың ханды қасқырға, уәзірлерді
түлкіге айналдыруы куә. Адам енді тілсіз күштердің түрлі түспен тұлғаға ене
алатын сиқырмен де жан салып күреседі. Табиғат сырын танып білу тереңдей
түседі. Мифтік ойлаудың астарында табиғат, өмір құбылыстарын адам әрекеті,
еңбек үстінде танудың белгілері бар.
Сонымен, мифтік образдар табиғатында адам ойының сәби, жетілмеген
кезіндегі ой-нанымдарының таңбасы басым дейміз. Оны бірде ертегі
мазмұнындағы қайшылық десек, біз образдық ойдың фольклорға тән жемісі деп
білеміз. М.Горький сөзімен айтар болсақ, залық қиялы сан-алуын мифтік
образдарды ойлап шығарып, солар арқылы табиғат сарын, өмір мақсатын танып
білуге тырысқан.
Матриархат пен патриархат арасындағы қайшылықты білдіретін қазақтың
мифтік ертегілері- Алтын сақа, Күн астындағы Күнікей қыз, Желден
шыққан Желім батыр, Ұшар ханның баласы, Аламан мен Жоламан, Керқұла
атты Кеңдебай, Ер Төстік, Еділ- Жайық. Бұл ертегілерді тотемизм сарыны
азайған.
Алтын сақа ертегісінен бақташылық өмір суреті көрініс тапқан.
Ішінде тотемдік ұғымда бар. Мысалы, жалмауыз кемпір қуып жеткенде, екі
түлкі келіп, бірі оның тісін, бірі кетпенін алып кетеді. Баланың сәлемін
қарғалар емес, қарлығаш қана оның бес төбетіне жеткізеді. Бес төбет
жалмауыз кемпірді де, оның артынан іздеп келген қызын да өлтіреді.
Осы сарын Сырттандар ертегісінге тіпті айқын. Асылы бұл ертегі бөрі,
ит тотемін символды болса керек. Мұнда ертегілер қазақ фольклорында аз
емес.
Желім батыр, Күн астындағы Күнікей қыз ертегілерінде тартыс
жұбайлы неке жолындағы күреске негізделген. Алғашқы ертегіде кемпірдің үш
баласы болады. Олардың екеуі өліп, кіші баласы дәуді жеңеді. Құдыққа жауып
тастаған дәумен шешесінің көңілі жарасып, содан Желім батыр туады.
Жерден шығу ертедегі Тесік тау (Отүкен) аңызын меңзейді. Түрік
қағанаты кезінде Могилан өзінің алтынын киік, тай, қой, бұзау түрінде
құйғызып, шатыр астындағы көгалға малшы тұрғызып қоятын болады. Күнікей
ертегісіндегі алтын мүйіз киік, Безінгендегі басы алтын, құйрығы күміс
бота Түрік қағанаты заманында туған. Мұндағы құмырсқа- тотем.
Аламан мен Жоламан, Құла мергендер ылғи дәу, мыстандармен күресежді.
Осы мазмұндас мифалогиялық ертегілерде қала, қамал, құдық оқиғасы жиі
кездеседі.
Ұшар ханның үш баласы ертегісінде айдаһар тотемінің ізі бар. Мұндай
мифалогия шығыс ертегілерінде көп болса да, бұл ертегі қазақтың төл
ұғымынан туған. Айдаһардан қызды арашалап қалу батырлар жырында да кездесіп
қалады. Ертегідегі Жандыбатыр Күн қызын іздеп, екі айдаһарды, Көлтаусар
дәуді өлтіріп, Зәузәмір дейтін пері қызын алады. Тартыс жұбайлы некенің
орнығу кезеңінен хабар береді. Мұндағы балаға болысатын жұлдызшы, кітапшы,
суға түскен семсерді табатын дәулер, желаяқтар сияқты адамға дос.
Матриархат дәуірінің мифінен мыстан мен Сары өзенді шайқайтын дәу бар.
Зәузәмір Оғызнамадағы Күн сұлуға ұқсас. Географиямен ұғымдар шеңбері өте
кең. Айдаһар, мыстан, дәу ерте замандарға кетсе, жұлдызшы, кітапшы- Соғда.
Қытай, Тибет елдерінің ұғымына бейім. Сиқырлы семсер темір қолданудың
туғандығын білдіреді. Түрік қағанатында темір табу IV ғасырдан бар десек,
оқиға Алтай-Қытай қарым-қатынасын меңзейді. Ұшар-бірде Сібір тайпалырының
аты болса, бірде Сібір ханы- Ишбара. Жандыбатыр ылғи ғана жаяу жүреді. Оның
мәнісі мал шаруашылығының туа қоймағандығыныңда болса да ғажап емес. Бұл
қазақтың мифалогиялық ертегілерінің ішіндегі көкелерінің бірі.
Мифалогиялық ертегілерінің бір жағында жалмауыз кемпірлер, дәулер,
түрліше тотемдер, екінші жағында солармен күреске түсіп жүретін мергендер,
аты жоқ балалар, Ирен чечен дейтін аңыздар ерте замандардан бері бар.
Алдар көсенің аты көбіне ертегіде көрінсе, Жиенше шешеннің аты шешендік
сөздерде жүр. Бұл екеуінің тарихи- этногенездік белгісінен гөрі аңыздық-
анекдоттық, күлдіргі сипаты басым. Алдар да, Жиренше де хандар дүниесін,
феодализмді сынайды. Бұл белгі олардыҚорқыт пен Асан бейнелеріне
жақындатады. Мұның өзі осы екеуі жайындағы аңыз әңгімелердің анық
фольклорға жататының, сол үшін ел аузында сақталып, бүгінге жеткенін
көрсетеді.
Алдар көсені Әз Жәнібек тұсында өмір сүрген дейтін жорамал берек сөз.
XVI ғасырда ол жайындағы аңыздар жиі айтыла бастаса керек. Әйтпесе Алдар
мен Юблар образы Сібір, Қырым татарларында X ғасырдан бері бар. Соған
қарап, Алдар көсе әңгімелеріндегі шайтан, молда, қожаларды сынау ислам діні
орныққан сон барып туған дейміз. Сол үшін Алдар мен Жиренше әңгімелерінің
Аяз биге тартқан көрегендігі, мысқылдан зіл тудыратын шыншылдығы бар.
Асылы бұл екеуінде аңызға жатқызу қиын.Алдар мен Жиренше туралы
әңгімелер XIV-XV ғасырларда туса да ғажап емес. Олай болса ертегі мен
аңыздан эпостық дастан тумайды. Жаңа заман адамдары аңыз бола алмайды. Егер
қазақ аңыздары осы төрт есіммен шектелер болса, бұл әрине жетімсіз.
Феодализм тұсында туған аңыз жоқ.
Әрине, бұдан келіп қазақ фольклорында көне дәуір аңыздары жоқ деуге
болмайды. Ежелгі көшпелі тайпалар ортасында туған аңыздар сан- салалы. Сол
аңыз ертегілер кезінде жиналып, зерттелмеген. Бір ізге де сүрілмеген. Соның
салдарынан Баршын, Мәді, Баба Ғұмар, Тамирис, Айсұлу сияқты көптеген
аңыздардың бәрін Шығыс елдері иемделіп алған. Ендігі жерде осы аңыздардағы
мифалогияға, басқа да ортақ белгілеріне ерекше мән беріп, ежелгі сақ, ғұн
тайпаларының тарихымен байланыстыра зерттеу қажет. Олар неге ұқсас,
сабақтас. Көшпелі тайпалар мен жатақ елдердің арасындағы тарихи байланыс
қандай болған деген күрделі мәселелерге үңіліп, қазақ аңыздарының тегі мен
табиғатын айқындай түскеніміз абзал. Қазақ аңыздарын бір ғана қазақ тобында
сөз ету- жетімсіз Ер Төстік,оның Желаяқ,Таусоғар,Көлтаусар сияқты достары
жүреді.Бұлардың ғашық қыздары көбіне пері болып келеді.Кенжекей ақ қасқыр
сәуегей,ол мыстан,Бекторы,Шойынқұлақ жамандығын күн бұрын сезеді.Қыз
біткеннің сиқыры,олардың әлеуметтік типі көп жағдайда бұлдыр.Проблемасы тек
Жанды батыр.Ер Төстіктердің төңірегіне құрылған.Ғашықтық қыздар емес ерлер
бала батырлар басында.
Мифологиялық ертегілердің бас геройы-мерген балалар.Олар бірде кемпір
мен шал,бірде бай,бірде хан баласы,кейде атасы жоқ,тек кемпір баласы
делінеді.Кендебай,Қазанғап деген кедейдің баласы.Ол мифтік патшаға тұтқын
болған Меркенбайды құтқарып,пері қызына уйленеді.оның жолындағы бөгет-жеті
басты дәу,арыстан,жалмауыз кемпір,ең үлкені-перісі.Мұның бәрі де миф.Қияли
ертегіде ат иемдену,мал шаруашылығы туа бастаған.Құйрығы алтын,жүні құндыз
құлындар да мифтік жылқылар.
Осы мазмұндас ертегілерде хандар бейнесі де бар.Олардың өздері де көп
жағдайда мифтік образдар болып келеді.Кендебай өзімдікі дегенді
білмесе,хандар бәрінөзімдікі дейді.Мифтік ертегілерде реалдық өмір
суреттері аз,бұлдыр.
Мифологиялық ертегілердегі жамандық пен жақсылық көбіне табиғат пен
адам арасындағы тартыстарға құрылады.Түрліше төтем,миф ортасында реалдық
адамдар-мергендер мен бала батырлар-арал сияқты болып көрінеді.
Ертегі сюжеттерінің локалдық шеңберде көрінуі арыда емес,қоғам
бақташылық кәсіпке көшкен кезде туған сияқты. Ертедегі мифологиялық
ертегілердің нананымдық- географиялық,өмірлік шеңбері кең де шексіз. Күн,
жер, тұрмыс суреті, кәсіп, нанымдар қазақ ертегілеріне ғана тән емес.
Оларды Қытай, Алтай – Саян, Иран, Үнді, грек, орыс мифологияларымен де
ұқсатуға рет бар.
Тылсымдау,жәділеу, самұрықпен ұшу, теңіз кешу, айдаһармен алысу,жеті
басты жалмауыз, адам етін жейтін кемпірлер үнді ертегілерінен алынған ба
дейміз.Жамандық пен жақсылық,жеті пәле Иран елінің ұғымдарынан да көрініс
тапқан. Ол замандарда политеистік наным бүкіл Азияға ортақ
болған.Мысалы,Қорқыт кітабысюжетіндегі Төбекөз дәуОдессиядаПолифемге
ұқсас. Скиф-сақ дәуірінен қалған Желаяқ, Көлтаусар,Таусоғар шығыс-батысқа
бірдей ортақ. Жабайылық,аңшылық, бақташылық өмір сатыларын, космолгия,
тотемизм, зороастрзим, дуализм, монотеизм нанымдарын басынан өткермеген
елдер кемде-кем.
Ер Төстікертегісі.Қазақтың қиял- ғажайып ертегілерінің ішінде эпизм
мен лиризмнің ұштасуына негізделген, барлық белгілері қазақтың өз
ұғымдарына көркем де салалы үлгісі-Ер Төстіксюжеті. Мұны ең алғаш 1896
жылы Г.Н.Потанин Көкшетаудағы Шоқанның әкесі Шыңғыс ауылына барғанда жазып
алған. Ертегіде драматизм мен ерлік ғажап ұштасқан. Дағдылы ертегілерде
адам тағдырын,оның басына түскен қайғыны дәл осы дәрежеде көрсету кездесе
бермейді. Тіршілік суретін көрсету жағынан ертегіде көптеген реалдық
сарындар бар.Оның сюжетінде мал шаруашылығының басы болған Құба інген,
жұбайлы некенің бастапқы үлгісі- Кенжекей, Тайбурыл мен Байшүбардың
атасындай болған батыр аты-Шалқұйрық, батырлар символынан саналған сауыт-
Ақсырмал бейнелері мен атаулары арғы-бергі дәуірлер сюжетін жалғастырып
тұрады. Ертегінің тақырыбы бір ғана Ер Төстіктің жалмауыз кемпір,жер
астындағы жылан патшасы, Темірхан. Кеше хандармен күресіне құрылмай көбіне
ерлер басқарған ру қауымының туып,нығаю кезеніңде жұбайлы өмірдің орнығуына
негізделген.Ертегі бірнеше заманның суретін береді.Ондағы салт-сана,түрліше
нанымдар ғана емес,аңшылық,мал бағуға бет бұру суреттері де соны.Ерназардың
тоғыз ұлын уйлендіру оқиғасынан да осы жайлар байқалады.Әңгіме Төстіктің
тоғыз ұлдан бір төбе,Кенжекейдің тоғыз қыздан бір төбе болып туғандығында
ғана емес,сол тоғыз ұлдың бір уйден,тоғыз қыздың бір уйден
шығуында.Ертегінің дәл осы тұсы ежелгі грек жұртының данаилер туралы
аңыздарына ұқсас.Онда елу ұл бір уйден,елу қыз бір үйден шығады.Ру
қоғамында бұл салт өзгереді.
Кенжекей мен Ер Төстіктің қосылуынан туатын негізгі идеяның бірі-
семьяның туып,нығаю қиыншылығын көрсету.Оның тақырыбы мен идеясы бір жерден
шыққан.
Ертегі тақырыбынан елеулі орын алатынкелесі бір желі-мифтік ұғымдар
мен образдарға байланысты. ЕрТөстікюжетін қазақтың қолтума ертегілерінің
ең марқасы десек,халық ұғымына жақын жалмауыз кемпір,оның қызы-
Бекторы,баласы Шойынқұлақтар жайындағы мифтік тұлғалар ең алғаш осы
ертегімен байланысты туған.Мал басы Құба інген болса,сұлу жар бейнесі-
Кенжекей.Қазақтың ер жігіт,сұлу жар жайындағы нәзік ой-сезімдерін де біз
осы ертегіден бастар едік.Одан корінетін адам және мифтік образдар
арасындағы кескілескен тартысты сол көне дәуір ұғымдарының образға айналған
суреті дейміз.
Тартыстың да екі қанаты бар.Жер бетіндегі тартысты суреттегенде ертегі
барлық оқиғаны реалдық өмір талаптары мен драмасына негіздейді.Оған
Ерназардың ашығуы,жұт кезінде сегіз баласынан айрылып калуы,оларды жат
елден тауып алуы,жылқының құты болған торы биеге қылбұрау салып, барлық
жылқыны айдаусыз елге жеткізу,құдалық суреттері, бір уйдің рулы елдей
болуы,Сорқудық басындағы жайлау,данышпан қыз-Кенжекейжорамалдарының
шындыққа айналуы,барлық адамға жат күштер мен өліспей беріспейтін күрестің
басталуы толық айғақ бола алса керек.
Жер астындағы оқиғада Ер Төстік пен Шалқұйрық қана көрінеді.Бірақ
өзінде де қыртысын айналдырып қойған өмір қайшылықтарының суреті бар.Кеше
хандар ақылсыз да қарау болса,Ер Төстік пен оның серіктері өз күштеріне
сенімді. Барлық күш-қажыр,ақыл-айла,әділ талап,драматизм мен ерлік адам
бойына жинақталған.Бұл ертегінің еңбек процесінде туғандығын көрсетсе
керек.Оқиғасы бай,шынайы.Драматизмі терең мұндай сұлу ертегі қазақта кемде-
кем.Біз үшін ертегінің ғажайыптылығы бір ғана жалмауыз кемпір.Бекторылар
тұлғасында емес,сюжеттің сан заман белестерін көрсететін бай мазмұнында.
Ер Төстік образы.Ертегінің бас кейіпкері-Төстік.Оның туысы,ой сезімі
басынан-ақ Ерназардың басқа сегіз ұлына қарсы қойылған.Елге жұт келгенде
ұлы ата-анасын тастап кетсе,Ер Төстік олардың әбден тарығып,ашыққан күндері
дүниеге келген өзгеше ұл болып суреттеледі.Оның өсуі де ерекше:айында бір
жыл жасап,жылында он бес жасар баладай болады.Осы алып бала ұзамай
Ерназардың от басына барып,көп ұзамай ең сүйікті ұлына айналады.Уйлену
тұсында кенже баласы Ер Төстікке Кенжекей лайық болып шығады.Бірақ уйлену
оқиғасынан соң үлкен қайшылықтар,тартыстар туып кетеді?
Ол қайшылықтар неде?
Бір жағынан Ерназардың мақсаты орындалды,балаларын уйлендірді,алдына
мал салды десек те,оның басты жауы-жалмауыз кемпір бар,оның алдында Ерназар
сорлы,қорғансыз.Екінші жағынан,ол өзінің шыбын жаны үшін жалмауыз кемпірге
төрт түлік малын,сегіз ұлын,сегіз келінін ғана емес,жұмыртқадай әппақ
болған-Кенжекейді,ең суйікті –Ер Төстікті де құрбан етуге дайын болып
шығады.Ерназар басында жаңадан көрінген зор қайшылық осында Бұл тұста,бір
жағынан,ата мен бала арасындағы тартыс пайда болады,
Ол тартыстың айдауыш күші неде?
Пері қызы Бекторы Кенжекейді Ер Төстіктің жар етуіне қарсы.Мұны
Бекторының Ер Төстікке ғашықтығы деп түсінуге болмаса керек. Дұрысы,
матриархат пен патриархат салты арасындағы тартыс, қайшылық символы деп
түсіну болмақ.Бекторы жұбайлы өмірді ұнатпайды,жар басына лашық тігіп, бір
өзі баяғыша кун кешпек.Мұны гетеризм белгісі дейміз.Матриархат дәуіріндегі
үрдіс сондай болған,
Осыған қарама-қарсы ертегіде Кенжекей жұбайлы өмірді,патриархат салтын
жақтаушы болып көрінеді.Тартыстың барлық тетігі осыдан келіп туады.Баласын
жалмауыз кемпірге берген Ерназардың жанбағарлығы кенжн ұлы мен кенже
келініне ұнамайды.Осы екі күш бірлесіп жалмауыз кемпір әлемімен күреске
түседі.
Тартыстың басы Ер Төстіктің жер астына түсіп кетуімен берілген.Оның
мәнісі, уақытша болса да ЕрТөстік жалмауыздан жеңіліс табады.
Ер Төстіксюжетінің арқауында өмір бірдей емес.Ол кезде алты қабат
аспан,жеті қабат жер жайында ұғымдар болған.Халық түсінігі бойынша адам жер
астына туссе де өмір сүре бермек.Осы реттен Ер Төстік пен Шалқұйрықтың жер
астындағы жылан Бапыхан,Темірхан,Кеще хандармен күресінің өзі де алғашқы
адамзат қиялының көрегендігіненм, ыншылдығынан хабар береді.Сол хандардың
өз араларындағы да бүтін емес, мысалы, өлмелі шал Бапыхан Темірханның қызын
зорлап алмақ.Оған сыннан өткен Ер Төстікті жұмсайды.Бұл тұста да жамандық
пен жақсылық тартысқа түсіп,әділет,дұрыстық іздеген адам арманы әр қилы
формада бой көрсетеді.
Ер Төстік қайтадан жер бетіне шығады.Енді ол Бекторы мен Шойынқұлақты
өлтіріп,мұрат-мақсатына жетеді.Бір ғажабы,қаншама қиыншылық көрсе де,халық
творчествосы өзінің негізгі қаһармандарын өлтірмейді,халық идеясына өлмес
қуат,өлмес қасиет береді. Мысалы, Кенжекей мен Ер Төстіктің жер бетінде
қайта табысқан жерін ертегі былай суреттейді: Ақсақал шалдың астындағы
ақсақ боз ат кісінеп қоя береді. Кенжекей аттың кісінеген даусынан оның
Шалқұйрық екенін таниды. Кенжекей мен Құба інген екеуін Ер Төстік
таниды...Ер Төстік жас жігіт, Кенжекей жана түскен келіншек, Шалқұйрық
бесті ат қалпыа келеді.Одан кейін ұзақ жылдар өмір жасап,мақсаттарына
жетеді.
Олай болса, ертегілердің оқиғасы мен идеясын төтелей, тұрпайы түсінуге
болмайды. Әрбір ертегінің айтар бөгде идеясы, жұмбағы болады. Ер Төстік
сондай жұмбақ пен философияға толы. Ол, ең алдымен, Ер Төстік әрекеті мен
армандарынан көрінеді. Ол кезі үшін Ер Төстік- халық арманы мен мақсатының
символы болған образ. Өйткені ол адам тірлігі үшін күреседі.
Ер Төстік образын оның аты Шалқұйрық толықтырады. Оны Кенжекей
тәрбиелеген еді. Ер серігі- жүйрік атдеген мақал ізінде жасалған бұл
образдың ақылгөйлігі, батырға деген беріктігі ерекше.Шалқұйрық Ер Төстікке
бірнеше жерде ақыл береді. Төстік оны бұлжытпай орындап, жеңіске жетіп
отырады. Жұртта қалып кеткен егеуін іздеп келе жатқанда, Шалқұйрық иесіне:
- Төстік батыр, енді екеуміздің жанымыз бір, қандай пәле болса да бірге
көреміз. Менің мына айтқан сөздерім есіңде болсын. Егеуіңнің қасында
жалмауыз кемпір сені күтіп отыр, сен егеуіңді ала бергенде ұстап
алмақ.
Егеуге жақындаған кезде кемпірді алдайтын бір ақыл тауып ал. Кемпір
алдана бергенде, мен бетегенден биік, жусаннан аласа бола берейін, сол
кезде сен егеуді іліп ал да жөнел, артыңа қараушы болма,-дейді.
Жер астына түскенде Бапыханның есігін баққан,жеңнен кіріп, қойыннан
шығатын жыланнан да қорықпауды ескертеді. Темірхан бәйгесінде Шалқұйрық
өзінің озып келетінін күн ілгері айтады. Су астындағы қырық құлаш қазанды
алып шығады. Бірақ өзі әлдеқашан өлген ат еді. Осы тұста Шалқұйрықты Ер
Төстік бірге өліп, бірге тірілту жайындағы достық серті бойынша поэзия
қуатымен екі рет тірілтіп алады. Шалқұйрықта өлмейтін, қайта жасайтын ат.
Жер астынан шыққанда Шалқұйрық та, Ер Төстік те әппақ қудай болады. Бірақ
Кенжекейді көргенде, екеуі де жасарады.
Ер Төстік образын толықтыратын бейнелер- Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар,
Көргіш, Жарғаққұлақтар.
Кенжекей образы. Кенжекей- ертегінің басты қаһармандарының бірі, от
басының басты ұйтқысы, жұбайлы өмірдің символы болған әйел.Ол- алдына
қандай қауіп-қатердің барын күн бұрын болжап білетін ақылгөй әйел. Ұзатылар
кезде Кенжекей әкесінен болашақ ері Ер Төстік үшін үш қана бұйым сұрайды.
Олар: көшпелі өмір символы – Құба інген, ер серігі – Шалқұйрық, батыр
сауыты-Ақсырмал. Кенжекей Ер Төстіктің асыл жары, ақылгөйі. Ертегіде
негізгі тартыс қана емес, көптеген оқиғаның лирикалық, драмалық желісі де
сол Кенжекей образына байланысты.
Кенжекейдің қауіпті жауы- Бекторы. Ер Төстікке қосылып, жол үстінде келе
жатқанда, Бекторы оны күндейді:
Сүйген жарың Ер Төстік, Кигенде сауытың
Ақсырмал,
Құтты болсын, Кенжекей! Құтты болсын, Кенжекей!
Мінген де атың Шалқұйрық, Жар басында демесең,
Құтты болсын, Кенжекей! Жарты лашық демесең.
Артқан да түйең Құба інген. Біздің үйге түсе кет,
Құтты болсын, Кенжекей! Көбікті саумал іше кет.
Бұл сөздердің астарында дұшпандық сезімнің жатқанын Кенжекей тез
түсінеді.
Перінің қызы Бекторы .
Шайпау сөзді қой. Торы.
Сүйген де жарым Ер Төстік,
Өз жарымды сүйемін,-
деп жауап береді. Кейінгі оқиға отына май құйған монолог осы болды. Қап,
бәлем, саған әлі көрсетермін деп, Бекторы тұзақты ұзақтан салады .
Жамандық пен жақсылық арасындағы тартыс қыза түседі.
Бекторының жаулық ниетін сезген Кенжекей еріне:
Атам бұл құдыққа қонбасын, ырымы жаман жер,-дейді. Бірақ оны Ерназар
орындамай, бәленің бәрі содан туады. Ең артық туған баласын атасы жалмауыз
кемпірге беретін болып келгенде, Кенжекей:
Сорқұдықтың басына
Сорға бола қонды атам.
Жалмауызға жалғызын
Жанынан қорқып берді атам,-
деп,оның бұл қылығын сынға алады.Енді оқиғаның кілті Кенжекей төңірегінде
көшеді.Ер Төстік егеуге бару үшін жылқы таңдағанда,оның бәрін жабы
деп,батырға өзі алып келген екі бұйымды ұсынады:
Санжорғаны алмадым, Ер серігі қолғанат
Ер аты деп таңдадым. Шалқұйрықты мін,Төстік!
Айлы-тұрман әбзелін Сан жасауын алмадым,
Ертеден бастап сайладым. Саған бола таңдадым,
Төстік,саған арнадым, Ақсырмалдай сауытты
Жабы емес қазанат, Осы жолға ки, Төстік!

Кенжекейдің Ер Төстікке берілгендігін,оның айнымас биік махаббатын
көрсететін мұңды сезімдер мен толғаулар ертегіде өте көп.Ол өзінің жарын
зарығып күтеді.Ер Төстікт кеткенде,Кенжекей Құба інгенді бураға
салып,Төстік келген күні,не өлген күні ботала деп серт қояды.Бошалап кеткен
Құба інгенді жоқтаған сөздері тым зарлы.Інген оның сертінен шығады.
Ертегіде Құба інген-Кенжекейдің мұңдасы.Ер Төстік жер астына
түскенде,Кенжекей беліне жиырма бес құлаш белбеу буып,оғанда Ер Төстік
келгенде немесе өлгенде шешіл деп серт қояды.Бұл шарты да
орындалады,Кенжекей жақсы ниетті,айнымас әйел болып көрінеді.Ертегі оны көп
сөйлетеді.
Ертегінің құрылысы мен тілі.Қазақ ертегілері ішінде Ер
Төстіксюжетіндей мазмұн-оқиғасы бай,тілі көркем нұсқалары көп емес.Ертегі
қазақ өмірі мен ой санасының сан ғасырларға созылған суретін
береді.Оқиғаның реалдық-тұрмыстық және қияли желілері бар.Сюжеттің ұзн
желісі мен жеке суреттердің қызметі бірін-бірі жақсы толықтырады.
Ертегі сюжетінің ерекшелігі де айтулы. Керқұла атты Кендебай, Күн
астындағы Кунікей қызертегілеріндегі сияқты ұзын бір желі тартып,соған
барлық оқиғаны тізе беру жоқ.Оқиға аз ғана кейіпкерлер тарихына құрылсада,
соншалық құмар,көркем болып шыққан.Сюжеттің жер астындағы саласы түгелдей
шегініске құрылған.
Сырт қарағанда оқиғаның жер астындағы желісі артық сияқты.Бірақ онсыз
ертегінің мазмұны да. Ер Төстіктің батырлығы да толық ашылмас еді.Төстік
ұзақ сапарға кетпесе, Бекторы мен Кенжекейдің алғашқы монологі, Ерназардың
диалогтары, Құба інген мен Кенжекейдің батырды зарыға күткен жерлері де
әсерлі болмас еді.Барлық оқиға Ер Төстік пен Кенжекейдің төңірегіне
топтасқан.
Мұндай бай да жұмыр сюжет ертегіде сирек кездеседі.Сондықтан Ер
Төстікертегісін жазба әдебиеттегі повесть жанрына ұқсатудың да реті
бар.Өйткені ондағы сюжет құрылысы жай оқиға тізбегі емес,қаһармандар
тарихынан туындайтын тенденциялар корінісі,жай фабула емес, белгілі бір
композицияға бағынған құрылыс-форма.
Оқиғаның баяндалу тәсілдеріне келсек, онда қара сөз бен өлең стилі
аралас қолданылған.Лирикалық стильде хикаяланған Бозінгенертегісін ғана
айтпасақ,әдетте барлық ертегі қара сөбен баяндалады. Ер Төстік
ертегісінде осы прзалық стильдің шеңбері кеңейіп,эпостық жыр элементімен
толықтырылған.Хикаялауға мұның екеуіде ортақ.
Ертегідегі өлендік кестелердің қызметі қайсы?
Өлең көбіне қаһармандардың өздерін сөйлетеді.Оны әдебиетте монолог
пен диалог дейміз.Мұндай тәсілдер эпостық жырлырда ад өте көп.Ертегіде сол
тәсіл аса мол қолданылған.Мысалы,Ерназардың жалмауыз кемпір қолына түскен
жердегі айтқанын қара сөзбен берсек,ол диалог болар еді.Ертегіде кемпір
сөзі прозаға, Ерназар сөзі поэзиялық монологқа құрылған. Оның тәрбиелік,
көркемдік, танымдық қуаты төтенше. Ертегіні көп оқып, содан тәлім-тәрбие,
өнеге алмаған бала ел тарихын, оның сан заманғы фантазиысын, келешектен
күткен арманын ұғып, соған өзі қандай үлес қосуға тиіс екенін түсіне
алмайды. Поэзия сиқыры тіл мен фантазияда болса, ертегісіз жас буын өзінің
ойы мен тілін оңай дамыта алмайды. Қазақ фольклорында ертегіге тең келерлік
өнер кем. Өйткені ол – халықтық психологияның көрсеткіші.
Ертегінің кейде арнаулы бастамасы мен аяқтамасы болады. Балаларға
арналған кейбір ертегілерде айтушылар қара сөзді өлеңмен аралас қолданады.
Оны – ертегінің бастамасы дейміз.
Ертегінің соңы: Сөйтіп, пәленше мақсат-мұратына жетіпті деп
келеді. Бұл ертегі – тыңдаушыға берілген сабақ, ғибрат, ақыл. Енді бірде
күлдіргі сарынға түсіп: Ертегім ұтылды, ойға қарай құтылды дейді. Расында
ешбір ертегінің ұтылған жері жоқ, оның геройлары әркез ұтып шығады. Ендеше
ертегі өмір философиясына толы. Сол ертегілерден үйрену қажет. Өнер алды –
қызыл тіл дейтін сөзді халық ең алдымен ертегіге қолданса керек. Ол
отбасында көбірек айтылған. Қазақ ертегілерінің тілінде ескі өрнектер
көмескіленген.
Ертегі тіліндегі жұмбақтау. Ертегідегі салт және культ өлеңдері тек
поэзия ғана емес, ең алдымен ғылым, білім, наным, әрі өсиет болғанын
атақты ойшыл Солон да айтқан еді. Солардың айтылу формасына тоқтала келіп,
А.Н.Веселовский тарихи жырлар мен қара сөз стильдері қатар туған, бірін
әндетіп айтса, бірін әңгімелеп айтатын, өлең сияқты ертегі де өте кәрі
замандарда туғанын көрсетеді. Содан соң ұйқасқан өлең құрылысын ежелгі
абыздардың басында туған нәрсе деп ұғуға болмайтындығын көрсетеді. Өйткені
алғашқы өлең эпизм дәстүрінде емес, тұрмыс-салт жырлары (лирика) формасында
туса керек. Сөйте отырып, ол қара сөз тілінен поэзия марқа, бұлардың даму
жолдары бірдей емес депті.
Қазақ поэзиясының тіліне келсек, ондағы поэтикалық өрнектің ертегі
тілінен әлдеқайда көркем, дүр екендігі анық. Өйткені жүзден жүйрік, мыңнан
тұлпар дегендей, ән профессионал айтушылар қолынан өткен. Ал ертегі, ұсақ
салт өлеңдері от басында, ойын-сауық үстінде, көпшілік ауқымында туған.
Ертегінің профессионал айтушылар бола қоймаған сияқты. Бола қалған
күнде бұл – қазақ арасында сирек кездесетін құбылыс. Сол себепті қазақ
ертегіліренің тақырыбы мен сюжеті қандай ала-құла болса (бізде шығыстан
келген ертегілер де көп), тілі де соншалықты шұбар.
Сюжет жағынан оларды қолтума және көшпелі деп екіге бөлеміз. Көшпелі
сюжеттер тілінде проза басымдау. Араб әсері де баршылық. Бұлар - феодализм
дәуірінде туған ертегілер. Ал бізге қажеті исламға дейінгі аталық қоғамда
туған қолтума ертегілер тілі. Көп заманғы көшпелі елдерге тән наным, әдет-
ғұрып, салт-сана тіл мен ойдың даму процесі сонда жүр.
Ойды жұмбақтап айту метафоризмнің фразалық-синтаксистік және образдық
жүйесіне жатады. Бұл тұста ол шешенді сөз, нақыл, мақал-мәтел, афоризм,
идиотизммен сабақтасады. Шешендік сөздердің көріністері эпостық поэзия мен
ертегіден де мол табылады. Асылы бұл сөздің атасы от басындағы әжелерден
басталып, профессионал шешендер, от ауызды, орақ тілді ақындарға өтсе
керек. Мұны Доспамбет, Бұқар, махамбет жырлары да анықтайды. Олар халық
дәстүрінен үйренген. Дүр сөз, ойлы фразаның басы әуелі салт жырлары мен
ертегіде туған. Содан кейін ондай сөздер қарапайым айтушыларға да әсер
еткен. Бір кездегі Шаһнама, Мың бір түн, Тотынама сөздері қазақ
фольклорына өткен болса, шешен мен ақын, ертекші арасындағы мұндай түйісуді
теріске шығару қиын.
Қошқарұлы Жәнібек аңызында ердің құнын екі ауыз сөз бітіріпті дейді.
Бала Жәнібек бір биге көп жылғы қолдан кеткен жесірін даулап барғанда, ол:
Алты атасын арқалап жүрген бар ма, жеті атасын жетелеп жүрген бар ма?
Алыссаң – қолым, көріссең – қойным,-деп табысқан екен деседі.
Ұсақ салт жырларындағы естірту, эпостағы түс көру, оны жору көп жайда
жұмбаққа құралады. Аңыздағы түс көруді араб саяхатшысы Наршахи келтіреді.
Алпамыс жырындағы Тайшықтың түсін мыстан кемпір, жориды. Сарыбайдың
өлімін естірткен тазша сөзі де жұмбақ. Бұл Шаһнама, Низами жырларында
тіпті көп.
Жұмбақтау ертегіден де табылады. Аязби ертегісіндегі жұмбақтаулар
жас балаларға дейін мәлім. Шал мен келін ертегісінде Қайыр қарт жолға
шығып ұрыға тап болады. Сендерге мал керек пе, жан керек пе? дегенде,
олар: Мал керек! деп жауап қатады. Қарт екі ұрыны ауылына жұмсап: Алпыс
ақ бас, жетпіс қара бас атаным бар, соны берсін, бірі кілтті, бірі
кілтсіз сандығым бар, соның кілттісін берсін, есіктің алдында екі бәйтерек
бар, бірін жықсын, бірін үксін дейді. Мұны келіні табады. Алпыс ақ бас
атаны – алпыс қария, жетпіс қара бас атаны – жетпіс жігіт, кілтті сандығы –
ақылды келіні, кілтсіз сандығы – баласы, екі терегі – екі ұры, соның бірін
өлтіріп, бірін алып кел деген екен.
Қоғамдық ойдың дамығандығын көрсететін мұндай сөздер көптеген
ертегілерден көрінеді. Оларды астарлы сөздер дейміз. уәзір мен шал дейтін
ертегіде Сәйпін ханның уәзірі ақылы қырық ханға тантитын Самыр атты
кедейден ұтылады. Сәйпін шалды қонақ етіп: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық ауыз әдебиетіндегі аңыз-әңгімелердің түрлері
Мифологиялық ертегілер
Бастауыш сыныпта «Қазақ тілі» мен «Әдебиеттік оқу» сабақтарында қолданылатын инновациялық технологиялар
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ
«Әдебиеттік оқу» құралының құрылымы мен құрылысы
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ӘДІСТЕМЕСІ
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚҰЛЫҚ ТӘРБИЕСІН БЕРУДЕ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ АЛАТЫН РОЛІ
Әңгіме жанрын оқыту
Эпикалық шығарманың түрлері
Орта мектепте қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін оқытудың жаңа технологиялары
Пәндер