АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ӨНДІРІС


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті
Заңтану және кеден ісі кафедрасы
Қорғауға рұқсат беріледі:
Кафедра меңгерушісі:
з. ғ. к. Тасым Ж. К.
«» 2009 ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ӨНДІРІС
Диплом қорғаушы: Исмагулова Н. К.
Ғылыми жетекші: з. ғ. к. Тасым Ж. К.
КӨКШЕТАУ 2009
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ 4
КІРІСПЕ 5
1 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ САТЫДА ІСТІ ҚАЙТА ҚАРАУ
1. 1 Апелляциялық өндірістің дамуы 8
1. 2 Заңды күшіне енбеген сот актілеріне аппелляциалық шағым беру, тәртібі мен мерзімі 11
1. 3Апелляциялық істерді қарау тәртібі мен мерзімі 17
1. 4 Заңды күшіне енген сот актілеріне апелляциялық шағым беру, наразылық келтіру тәртібі 29
2 АНЫҚТАЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР БОЙЫНША АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ САТЫДА ІСТІ ҚАЙТА ҚАРАУ
2. 1 Анықталған мән-жайлар бойынша апелляциалық қайта қарау сатысының ұғымы және негіздері 36
2. 2 Анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау жөнінде іс жүргізу тәртібі 38
3 ШЕТ ЕЛДЕРДЕ АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
- Шет елдердегі апелляцианың түрлері және мәні 41
- Апелляциалық өндірістің жалпы ұстанымдары 50
3. 3 Ресейдегі апелляциялық өндірістің 1864 жылғы сот реформасына дейінгі пайда болуы мен дамуы 53
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61
ҚОСЫМША 64
\
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ
ҚР - Қазақстан Республикасы;
ҚР Конституциясы - Қазақстан Республикасы Конституциясы;
ҚР сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заң - “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы”;
ҚР АК (Жалпы бөлімі) - Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі (Жалпы бөлімі) ;
ҚР АК (Ерекше бөлімі) - Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі (Ерекше бөлімі) ;
ҚР АІЖК - Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексі;
ҚР ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;
ҚР ҚІЖК - Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі
мыс. - мысалы;
т. б - тағы басқалары.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасындағы сот жүйесін одан әрі дамыту мен жетілдіру сонын ішінде апелляциялық өндірісті дамыту.
Әлемнің саяси картасында “Қазақстан Республикасы” деп аталатын тәуелсіз, егемен, ешкіммге ұқсамайтын өзіндік тарихи, даму және тұрақтану ерекшеліктері бар мемлекеттің пайда болғанына аса көп уақыт бола қойған жоқ.
Қазақстанда қалыптасқан жағдай Президент Жолдауының тарихи құндылығын және оны елді дамытуда дұрыс жол таңдағанын айқын көрсетті, өйткені Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізіп отырған салмақты да салиқалы саясаттың нәтиижесінде жүзеге асып, болашақ ұрпақтың жарқын өмірінің ірге тасы қаланып, жаңа қоғамда жаңаша өмір сүру бақытына ие болып отырмыз.
Президент Жолдауы экономикалық өркендеу мен әлеуметтік дамудың нақты міндеттерін, басқа тиімділігі мен демократиаландыруды қосатын болашаққа деген әрекеттің бағдарламасы болып табылады.
Елбасы өз жолдауында “Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр.
Біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз.
Біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз” [1] - деп атап көрсетті. Ендеше, сот саласындағы реформаларда біраз табыстарға қол жеткізген Қазақстанның әлем елдерінің тәжірибелері мен алмасып, еліміздегі соттың неғұрлым әділдігі мен ашық өткізілуіне деген ұмтылыс сот жүйесін жетілдіруге деген игі қадам екендігі анық. Қазақстанның сот жүйесіндегі жақсы жетістіктерін шетелдік ғалымдармен сот саласының білікті мамандары да мойындап жүр.
Сондықтан да, Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті әрі серпімді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтарды ұстануымыз қажет. Бүгінгі күннің басты міндеті соңғы жылдардағы сот реформасының жетістіктерін бекіту және реформаны одан әрі жүргізу болып отыр.
Жалпы халықтың құқық туралы түсінігі Парламент немесе Үкімет емес, сот органдары мен байланысты. Әртүрлі мемелекеттердің механизіміндегі сот органдарының рөлі мен орны бірдей емес, бірақ олардың барлығының да негізгі міндеті - мемлекет атынан қоғамның әрбір мүшесінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Яғни, сот қоғамның жекеленген мүшелері, қоғам мүшелері мен мемлекет арасындағы адам қызметінің құқық пен реттелетін кез келген саласында туындайтын дау-таластарды әлеуметтік бақылау қызметін жүзеге асыратын мамандырылған мемлекеттік орган болып табылады. Елімізде болып жатқан экономикалық және саяси процесстер сот-құқықтық реформасына түбірлі өзгерістер енгізуді қажет етуде.
Қазақстанның сот өндірісі де кез келген ұлттық құрылым сияқты дүниеге келген еді. Қоғамның және оның институттарының дамуына байланысты қазақтардың дәстүрлі құқығы да дамып, жетілдіріліп отырды.
Ең алдымен қазақтардың ежелгі дәстүрлі құқық нормаларын жан-жақты зерттеп алмай Қазақстан Республикасындағы апелляциялық өндіріс жайлы толыққанды әңгіме айту тіпті де мүмкін емес.
1995 жылдың тамыздың 30 жұлдызында бүкіл халық атынан қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қоғам, мемлекет және жеке адам тіршілігіндегі ерекше орын алатын негізгі тарихи қағидаларды бекітіп берді. Азаматтардың жеке өмірі, жеке отбасылық құпиясы заңның қорғауында болады. Азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүзеге асырылады. Азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүлік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептер мен немесе өзге де кез-келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс [2] . Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен иммунитеті бар адамдарға қатысты азаматтық сот ісін жүргізу талаптары Қазақстан Республикасының Констиуциясында, Кодексте, ҚР бекіткен халықаралық шарттарда белгіленеді.
Мақсаты: Субъектілердің бостандығы мен заңды мүдделерін, азаматтық құқықтарды қорғаудың соттық нысанының мүмкіндіктерін, сотта азаматтық істерді қарау ерекшеліктерін көрсету. Бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе апелляциялық шағымға түскен істерді заңмен қорғау болып табылады. Қазақстан еліндегі апелляциялық өндірістің дамуы және оның өзектілігі негізделеді. Шет елдердегі апелляциялық институттардың даму кезеңдері және Ресей еліндегі сот реформасына дейінгі апелляциялық істерді қайта қарау инстанцияларының дамуын толық көрсету.
Міндеті: Тақырыпты ашып, апелляциялық өндіріс туралы толық түсініктеме беру. Аталған мақсатқа толыққанды қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста мынандай өзара байланысты шешу алға қойылды:
- апелляциялық іс жүргізу органдарының сот жүйесіндегі орнын айқындау;
- апелляциялық іс жүргізу жүйесін мемлекеттік құқықтық институт ретінде сипаттайтын элементтердің тұрақты орнықтырып, жиынтықтарын зерделеу және жүйелеу;
- апелляциялық іс жүргізудің негізгі субъектісі ретіндегі шет ел мемелекеттерінің істерді шағым бойынша қайта қарау институттарының даму барысын зерделеу.
Объектісі: құқықтық негізі болып сот және басқа азаматтар арасындағы азаматтық істі қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығынын нормалары мен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы.
Зерттеу пәні: апелляциялық шағымдар бойынша азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқықтың бір саласы.
Теориялық және методологиялық негіз болып Қазақстан Республикасының Конституциясы, заң актілері, соның ішінде Азаматтық іс жүргізу актілері және Қылмыстық іс жүргізу актілері, шетелдік, отандық туындыгерлердің ғылыми әдебиеттері мен оқулықтарын пайдаланылды, статистикалық мәліметтер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде тақырыптын өзектілігі, мақсаты мен міндеті және зерттеу пәні көрсетілген. Тақырыптың объектісі мен негізділігі туралы.
Бірінші бөлімде апелляциялық сатыда заңды күшіне енбеген сот шешімдерін, ұйғарымдарын қайта қарау жөнінде іс жүргізу ерекшеліктері. Шағымды берген тұлғаның шағымын қайта қараудың мазмұны, оны беру тәртібі, тиісінше талап қоюшының тараптарының арыздарын қарау тәртібі, сондай-ақ апелляциялық ұйғарымды өзгеріссіз немесе қайта қарау туралы жазылып, шағымданушы тұлғалардың мүдделеріне қатысты болса, сот ұйғарымына шағым жасауға құқысы бар.
Екінші бөлімде заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша іс жүргізу. Ұғымы, негіздері және тәртібі
Үшінші бөлімде Шет елдердегі апелляциялық шешімдерін қайта қарау интитутының пайда болуы және дамуы, түрлері және мәні, жалпы ұстанымы, соның ішінде Ресей еліндегі апелляциялық өндірістің 1864 жылға дейінгі пайда болуы және даму барысы толық жазылды.
Қорытында дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша тұжырымдама көрсетілген.
1 АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ САТЫДА ІСТІ ҚАЙТА ҚАРАУ
- Апелляциялық өндірістің дамуы
Қазақстанның сот өндірісі кез-келген ұлттық құрылым сияқты дәстүрлі құқық негізінде дүниеге келген еді. Қоғамның және оның институттарының дамуына байланысты, қазақтардың дәстүрлі құқығы да дамып, жетілдіріліп отырды.
Дәстүрлі құқық туралы сөз қозғау үшін, біріншіден, оның құрамы жағынан біркелкі болмағанын атап өткеніміз жөн. Ол сипаты жағынан әртүрлі нормалармен институттардың басын біріктірді. Әйтсе де, бұлар өмірде тым алшақ емес, қайта іштей өзара астасып, біте қайнасып жатқандай еді. Түп тамыры сонау тереңде жатқан кейбір нормалармен институттардың күні кешегі ХІХ ғасырға дейін сақталып келгеніне тарих куә. Бәлкім, сондықтанда болар, қазақтың дәстүрлі құқығындағы қайсы бір нормалардың қашан пайда болғанын тап басып айтдың өзі қиын [3] .
Қазан төңкерісіне дейін қазақтардың дәстүрлі құқығында азматтық пен қылмыстық құқық бұзушылық ұғымдарының арасындағы шектеулер білінер білінбес қана болған ды. Қазақтардың құқықтық пікірінің дамуы жөнінде ХІХ ғасырдағы әйгілі қазақ ғалымы, Шығыстың ғаламат зерттеушісі Ш. Уәлиханов былай деді: «Қылмыс пен тәртіпсіздік жөнінде жан дүниесі бөлек, тұрмыс салты басқаша дамыған қазақтардан орыстар мен немесе басқа европалықтармен бірдей көзқарасты талап ету дұрыс емес» [4] .
Академик С. Зиманов атап өткендей, қазақтың дәстүрлі құқығы бірнеше жылдар бойына кешеуілдеп қалған, тұйық шаруашылық негізінде дамып келді. Бұл, әрине, құқықтың қайсыбір жекелеген құқықтық нормаларына өзіндік салқынын тигізеді. Мәселен, ХІХ ғасырдың ортасына дейін дәстүрлі құқық жөніндегі жазбалардан тауар-ақша қатынастарын реттейтін нормаларды кездестіре алмайсыз; сот өндірісін жүргізу ешқандай жазбаша дәлелдемелерді талап етпеді. Кінәлі адамнан кек алу, тергеусіз сот жүргізу сияқты көне әдет-ғұрыптар көп уақытқа дейін бұзылған құқықты қалпына келтіру тәсілі ретінде қолданылып келді.
Қазақ құқығының тарихында Тәуке хан мен «Жеті жарғы» заңының орны бөлек. Бұл жөнінде ХІХ ғасырдың басында аса құнды еңбектері үшін көзінің тірісінде мойындалған орыстың шығыстану ғалымы А. Левшин былай деп жазды: «Кіші Орданың зерделі қырғыздары, біздің халық тыныштықта өмір сүрген кезде болған, бізде тәртіп те орнықты болған, бізде заң мен әділ сотта болған дегенді айтады» [5] .
Тәуке ханның заңдар жинағында көптеген азаматтық-құқықтық нормалар және дәстүрлі құқық нормалары болды.
Заңдық күші бар әдет ғұрыптар негізінен арнайы еш жерде жазылмаған, олар қысқа қайырған нақыл сөздер, мақал-мәтелдер ретінде ұрпақтан-ұрпаққа ауызекі жолмен жеткізіліп келген. Міне, хан Тәуке осылардың бәрін жиып, бір заңдар жинағының - «Жеті жарғының» аясына жиілеп топтастырған.
Қазақтар Ресей қол астына кіргеннен кейін азаматтық істерді талқылайтын арнайы орган билер соты болды [6] .
Қазақтардың дәстүрлі құқығы билер соты шығарған шешімдеге тараптардың шағымдану мүмкіндігін қарастырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл институттың өзіне тән ерекшеліктері де болды.
Шағымдану құқығына ешқандай шек қойылмады. Билер сотының шешімі жөнінде басқа бір биге немесе хан сотына шағымдануға ерік берілді. Шешім жарияланғанна кейінгі апелляциялық шағымдану мерзіміне де шек белгіленбеді. Шағымданушы өзінің қалауы бойынша, өзі сенім білдірген кез келген биге өтініш білдіруге құқылы болды. Би талапкердің, сондай-ақ екі жақтың тілегіне сүйеніп, істі өндірісіне қабылдады. Істі қараған хан (би) шығарылған шешімнің әділдігіне көзін жеткізсе, бұл жөнінде арызданушыны хабардар етті. Егер хан (би) алдыңғы шешімді қолдап бекітсе шағымданушы биге жала жабушы ретінде айыпталып, тиісінше жазаланды. Ал, егер шағым орынды деп табылса хан (би) шешіміне шағым түскен биге келшіп, екеуі кіналаушы мен жәбірленушінің көз алдында істі қайтадан қарады. Шешімнің әділетсіздігі дәлелденген жағдайда, хан (би) жаңадан шешу үшін істі әлгі биге кері тапсырды. Сол жерде, егер шешім қабылданған бидің біржақтылығы әшкереленсе, онда хан (би) істі басқа биге өткізеді.
Қазақстанның басқару жүйесіне елеулі өзгерістер ХІХ ғасырдың 20-жылдары енгізілді.
1822 жылғы Жарғы билер соты қабылдаған үкімдерге шағымдану тәртібін де белгіледі. Бұл үкімдер түпкілікті деп саналмағандықтан, оған риза емес тараптарған облыстық бастыққа шағымдануға мүмкіндік берілді. Билердің үкімін бекіту немесе бекітпеу облыстық бастықтың еркі білді.
Қазақстан Ресейге қосылған соң шешімдерді апелляциялық қайта қарау тәртібі империялық заңнамамен реттеле басталды. Бұл, шын мәнінде, Ресейдегі апелляция түрлерінің көшірмесі іспетті-тін.
1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін апелляциялық шағымдану институты барлық кеңестік Республикалардың кеңесінен мүлдем жойылып кетті. Бұл ревалюцияға дейінгі ескі сот толық арылу саясатынан туындаған жаңғыру еді.
Сот туралы №1 декретке сәйкес Қазақстан аумағында азаматтық істердің басым көпшілігі жергілікті халық соттарында қаралды және оларға дәстүрлі құқық нормаларын қолдануға рұқсат етілді. Міне осы декрет арқылы революцияға дейінгі қолданыста болған ескі сот жүйесін негізі қалған еді.
Осы кезден бастап Қазақстанда апелляциялық шешімдерді қайта қарау институты дамып, өз орнын тапты десек болады.
2001 жылдың 11 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасының «Сот ісін жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңдық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы соттың заңдық күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау үшін апелляциялық инстанция енгізді. Апелляциялық институттың басты мақсаты төменгі инстанциялардағы соттын шығарған үкімдерінің қателіктерін түзеу және оны жоғары тұрған сотқа жіберу болып табылады.
Апелляциялық қараудың мәні. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істің нақты мән-жайын анықтаудың және заңды қолданудың дұрыстығын, іс жүргізу кезінде заң нормаларының сақталуын, істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша бірінші сатыдағы сот үкімінің немесе қаулысының заңдылығы мен негізділігін толық көлемде тексереді [7] .
Істі қарау мерзімдері туралы апелляциялық сатыдағы сотқа, азаматтық істер жөніндегі тиісті сот алқасының төрағасына қажет болған жағдайда істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін одан әрі ұзарту құқығын беру ережесімен толықтырылды. Біздің ойымызша, бұл толықтыру сот өндірісіндегі нақты жағдайларға өте үйлесімді сияқты. Сот төрелігін жүзеге асыру қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығы құқық жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады.
Жалпы сот жүйесі әр уақытта қоғам қажеттілігіне сай болу керек. Сот реформасы және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сотпен қорғауды күшейту, шағымдану инстанцияларына жаңа заң актілерін енгізу, осының бәрі сайып келгенде заңымызды кәсіби денгейге көтеруді талап етеді [8] .
Қазақстан Республикасының сот төрелігін - тек сот қана жүзеге асыра алады [9] . Сот билігінің маңызды, тіпті басты функциясы әділ сотты жүзеге асыру болып табылады [10] . Мемлекеттік маңызды мәселелердің бірі сот актілерін мойындауды толықтай қамтамасыз ету екендігі ақиқат. Конституциялық шешімдердің міндетті түрде орындалуы басты шарт екендігі атап көрсетілген [11] . Конституция негізінде туындайтын сот билігінің барлық істермен дауларды қамтитындығы конституцияда тура айтылған. Конституциялық нормалардың тек жеке тұлғаларға ғана емес, сондай-ақ заңды тұлғаларға да қатысты тікелей қолданылатыны осыдан көрінеді [7] . Ата Занымыз - әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғаудың негізгі нысаны - апелляциялық шағымдар бойынша істерді қайта қарау болып табылады. Адамдардың конституциялық құқы мен бостандығына нұқсан келтіретін заңдарды нормативті құқықтық актілерді қолдануға соттардың құқы жоқ. Егер сот қолдануға жататын заңның немесе басқалай құқықтық актінің адамдар мен азаматтардың Конституциямен бекітілген құқығымен бостандығына нұқсан келтіретіндігін байқаса, ол іс жүргізуді тоқтатуға және осы актінің конституциямен сәйкес еместігінің тану жөніндегі ұсыныспен Консти- туциялық Кеңеске жүгінуге міндетті [12] . Сотқа арыз (талап арыз, шағым) беріліп және оны сот қабылдаған кезде ғана сотқа жүгіну құқығы жүзеге асырылады. Сотқа арызбен жүгіну арқылы азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді (жеке-дара немесе алқа құрамы) қарайды және шешеді. Кез келген сот арызды қабылдап, істі қарамайды және шешпейді. Себебі азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес әрбір іс соттылығына байланысты жүргізіледі. Соттылық - соттар арасында белгілі азаматтық істерді қарастыру өкілеттіліктерді бөлу.
Жаңа заңнаманың жағымды жетістігі ретінде істі қайта қараудағы тексеру тәртібінің сақталып қалғандығын айтуға болар еді. Апелляциялық істер бойынша қандай да бір даулы мәселе туындай қалса, соттарға өз бастамасы мен бұл жөнінде баяндама жасауды міндеттейтін көне Римдік тәртіп кезінде Еуропа елдерінің заңнамаларынан орын алса, кейін КСРО мемлекеттерінің кодекстеріне еніп, Қазақстан аумағында да кеңінен қолданылды [13] .
Істерді апелляциялық қайта қараудың көп жылдық тәжірибиесі шағым мен наразылық, әдетте, сот шешімінің тек қайсібір бөлігін қозғайтындығы жөнінде сот өндірнісіне қатысушылардың көзін әбден жеткізді.
Апелляциялық сатыдағы сот жоғары соттардың облыстық және соған теңестірілген соттардың республикалық Жоғарғы соттың құрамында қалдырылды. Заңның апелляциялық инстанцияны жоғары тұрған соттың алқа құрамында қалдырылуы да өмірлік тәжірибиеге негізделген еді.
Істің нақтылы жағдайына және құқықтық бағалауына байланысты жоғары тұрған соттың пікірі төменгі сатыдағы соттар үшін заңдылық ережеде қолдануда және оларды түсіндіруде үлгі болып саналады. Сондай-ақ оның психологиялық мәні де өте зор; процеске қатысушылар және жалпы қоғам тарапынан ең жетік соттың шешімі ретінде қабылданады.
2001 жылдың 11 шілдесіндегі заңның ережелері сот шешімдерін қайта қараудың республикада қайта қалыптасқан жүйесіне сәйкес келеді. Атап айтқанда заңдық күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларды қайта қарау (апелляциялық) ; күшіне енген қаулылармен үкімдерді қайта қарау (қадағалау) ; жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша өндірісті қайта қарау [14] .
Бұл сот инстанциялары, сот қаулыларын қайта қараудың тәртібі ретінде заңгерлер де өте жақсы меңгерген. Олардың іс жүргізуі ережелерінде пәлендей қиындықтар жоқ, азаматтарға да қолайлы. Апелляциялық шешімдерді бір сатыдан келесі бір сатыға, яғни аудандық соттан облыстық сотқа, облыстық соттан Жоғарғы сотқа өтуін қарастыратын апелляциялық инстанциямен қатар, қадағалау өндірісінің екі деңгейінің ойластырылуы көп жылғы іс-тәжірибиені көрсетіп жүргендей. Қабылданған шешімнің жариялануы тараптардың іске байланысты дауларын, өзіндік пікірлерін тоқтатып, олардың шығарылған шешімге бағынуын міндеттейді.
Барлық адамдар заң алдында тең және ешқандай айырмасыз заңмен тең қорғалуға құқылы [15] .
- Заңды күшіне енбеген сот актілеріне аппелляциалық шағым беру, тәртібі мен мерзімі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz