АРАБ ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНАН АЛАТЫН ОРНЫ


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

  1. Қазақ жазуының даму кезеңдері . . . 6
  2. Қазақ жазуының зерттелуі . . . 17

II АРАБ ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНАН АЛАТЫН ОРНЫ

  1. Араб жазуының қалыптасу тарихы . . . 25
  2. Араб жазуының қазақ жазуындағы көрінісі . . . 34

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі . Жазу-сызудың жалпы адамзат тарихындағы калыптасуы, филогенездік дамуы өте көне замандардан бүгінгі күндерге дейін ұзақ ғасырларды басынан өткеріп, талай өзгерістерге ұшырап, түрленіп жеткені мәлім.

Ал кез келген жазу өз қызметін белгілі бір ұйымдасқан жүйе арқылы жүзеге асыратыны даусыз. Олай болса, байырғы қазақ қоғамында араб жазуының қазақ сөздерін таңбалауда өзіндік жүйесі болды, сондықтан ол ұзақ ғасыр қолданыста болып, белгілі бір жұртшылықтың рухани, мәдени, саяси қажетін өтеді.

Мәдени құндылыктарды, рухани байлықтарды осы дәуірге жеткізген жазба жәдігерлердің біркатары XVIIІ-XІX ғ. ғ. араб жазулы жазбалары (құжаттар, хан-би жарлықтары, ресми қатынас кағаздары, жеке тұлғалардың бір-бірімен жазысқан хаттары) болып табылады. XVIII-XIX ғ. ғ. араб жазулы үлгілер өз заманының сұранысы мен қажетін іс жүзінде өтеп, қоғамға қызмет еткені даусыз. Сондай-ақ алғашкы мерзімді басылымдар, атап айтқанда, «Дала уалаяты» мен «Түркістан уалаяты газеттері» және 1905 жылғы төңкерістен кейінгі қазақ даласында шыққан баспа өнімдері де араб жазуымен халыққа тарап отырғаны мәлім. Ал бұдан кейінгі XX ғ. бас кезеңінде араб жазуын қолдану я болмаса өзгерту, ұлттық әліпбидің төл дыбыстарға сәйкес болуы тәрізді аса маңызды мәселелер зиялы қауым назарынан тыс қалған емес. Ұлттык жазуды жетілдіру, оны қарым-қатынастың сындарлы құралына айналдыру қазақ тіл білімінде бүгінгі таңда да аса өзекті мәселенің бірі болып отыр. Зерттеу жұмысының өзектілігі де, міне, осымен байланысты.

Жалпы біз сөз етіп отырған ескерткіштер тілінің лексикалық, грамматикалық, синтаксистік, морфологиялық құрылысын зерттеп, талдаған отандық ғалымдарымыздан Р. Сыздықова, Б. Әбілқасымов, Ә. Құрышжанов, Т. Қордабаев, С. Исаев, Е. Жанпейісов, М. Балақаев, І. Кеңесбаев, сондай-ақ С. М. Малов, Б. А. Серебренников, А. Н. Кононов, В. В. Радлов, Н. И. Ильминский, А. Н. Самойлович, Н А. Баскаков, В. Григорьев, А. О. Васильев, И. А. Батманов, М. В. Вяткин, И. К. Дмитриев, т. б. көрнекті түркітанушы ғалымдардың еңбектерін атауға болады [1] .

Адамзаттың негізгі қатынас құралы ретінде тіл жазуда таңбамен белгіленетіні анық. Тілдік таңбалардың өзіне тән жан-жақты сапалық ерекшеліктері бар. Әр халықтын артикуляциялық базасына сай дыбыстардың атқаратын қызметіне, ерекшелігі мен күрделілігіне сәйкес бір ұлттың әліпби жүйесі екінші бір ұлттың дыбыстық жүйесін дәл бере алмайтыны заңды нәрсе. Бірақ та, хатқа түскен кез келген графема өзінің кызметін белгілі бір жүйе арқылы жүзеге асыратыны даусыз. Сондықтан ескерткіштер қолданған араб әліпбиі қаншалықты дәрежеде сол кездегі қолданыста болған тілдің қажетін өтеді және сол кездегі жазба тілдің қандай орфографиялық заңдылықтары бар, кандай орфографиялық принциптерді басшылыққа алды, т. б. мәселелер шешімін табуды қажет етеді. Осыған байланысты сол кезеңде қолданыста болған араб жазуының да түркілік сөздерді, оның ішінде, қазақ сөздерін таңбалауда өзіндік ішкі құрылымы мен жүйесі болуға тиіс.

Зерттеудің нысаны . XVІIІ-XIX ғ. ғ. араб жазулы қазақ жазбаларындағы (хан-би жарлықтары, ресми қатынас кағаздары, жеке тұлғалардың хаттары, т. б. әр тұрлі құжаттар) араб таңбасының қолданылу ерекшелігін анықтау.

Қазақ қоғамында қолданылған араб жазуын үш жүйеге бөліп зерттегендіктен жұмыста тек қана XVIІI-XIX ғ. ғ. араб жазулы қазақ жазбалары ғана емес, салыстыру барысында қолжазбалар меп кітаптар, алғашкы қазақ газеттері, А. Байтұрсынұлының төте жазуы да қарастырылды. Бірақ негізгі зерттеу нысанымыз XVIII-XIX ғ. ғ. араб жазулы қазақ жазбалары болғандықтан, олардың мазмұн межесі жан-жақты талданды. Орфографияға қатысты емес деп дау туғызатын талдаулар, негізінен, тұрпат меженің жүйесін ашып көрсету үшін мазмұн меженің құрылымдық ерекшеліктерін анықтау барысында жүргізіледі.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті . Ескі қазақ жазба тілі пайдаланған араб жазуының құрылымдық жүйесін талдау елегінен өткізіп, теориялық тұрғыдан тиянақтау зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты болып табылады.

XVIIІ-XIX ғ. ғ. жазбалар пайдаланған жазба тіл ортаазиялық түркі жазу дәстүрін сақтағанымен де жалпыхалықтық сөйлеу тіліне бейімделе бастаған кезеңге жатады және XIX ғ. бастап бұл ерекшелік басым түсе бастағаны мәлім. Осымен байланысты қазақ жазбалары пайдаланған араб әліпбиінің қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкес келетін-келмейтінін, халық тілінің дыбыстық жүйесін араб әліпбиі қаншалықты дәрежеде бейнелей алатынын, атап айтқанда, вокализм жүйесінің қандай тәсіл арқылы берілетінін, консонанттар жүйесінің таңбалану ерекшеліктерін айқындау зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты болып табылады.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер шешімін табуға тиіс:- кадим, жадид, төте жазу жүйелерінің айырмашылықтары мен ортақ белгілерін ашу;

- ғылымның әртүрлі саласындағы араб сөздерінің үлес салмағының әртүрлі болуының лингвистикалық себептерін айқындау;

- араб лексикасының ерекшеліктері мен ену арналарын айқындау;

  • қазақ жазбаларындағы араб тілінен енген сөздердің таңбалану ерекшелігін көрсету;

Зерттеудің нысаны. Қазақ тіліндегі барлық салалық терминдер жүйесіндегі араб, парсы кірме сөздері тікелей зерттеу нысанына айналды.

Зерттеудің негізгі тұжырымдары. Зерттеуде араб жазуының қазақ жазуында қолданылуы ғылыми деректерге негізделіп, кешенді түрде арнайы зерттеу нысаны ретінде қаралды.

- ғылымның түрлі салалары тіліндегі араб сөздерінің тілдік қабаты анықталып, олардың терминдер жүйесінде орын алуының экстралингвистикалық, лингвистикалық себептері анықталды;

- XX гасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында пайда болған жаңа терминдердің арабтық төркіні мен мағынасы анықталды.

Зерттеу әдістері . Зерттеу барысында сипаттау, компонентті талдау, кұрылымдық-семантикалық, салыстырмалы-тарихи, статистикалық, лексикографиялық сипаттау, синхрондық сипаттау әдістері қолданылды. Жаңадан жасалган терминдерді анықтауда ғылыми зерттеулер, оқулықтар, баспасөз құралдарына шолу жасалды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

1. 1 Қазақ жазуының даму кезеңдері

Тіл- адам баласының ой-санасында танылған әлемдік бейненің, болмыстың ұғымдық белгісі. Адамзат тіл арқылы табиғаттағы барлық заттар мен құбылыстарға атау береді. Ұлттық таным мен ұлт тілінің бірлігі, байланысы осы арада тоғысады. Әрбір ұлт өкілдерінің парасат-пайымы, білім деңгейі, көзқарасы мен менталитеті, өзіндік дүниетанымы, болмысты тануы, игеруі тілде бейнеледі, тілде сақталады. Ата-бабадан мирасқа қалған ана тілі- адамдар арасындағы қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар көнеден келе жатқан тарихи танымды жеткізуші қызметін де атқарады.

Тілсіз рухани мәдениет те биікке жете алмайды, халықтың рухани күші-тілде. Тілі дамымаған халықтың рухы да дамымақ емес. Өйткені «Өнер алды- тіл». Демек, дүниенің кілті- тілде. Тілдің дамуы арқылы адам баласының дүниетанымы сатылы дамиды. Яғни, ата-баба білігі балаға тіл арқылы дамып, болмыстың қасиеті мен белгілері терең таныла түседі. Тілде ертедегі танымның ізі, ел жасаған парасат пен кісіліктің пайымы жатыр. Тіл- «дыбыс таңба» жүйесі ғана емес, тілдің сақталуы арқылы халықтың бүкіл ғұмырындағы таным-түсінігі ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Басқаша айтқанда, сөз жүйесі арқылы халықтың ойлау жүйесі, материалдық және рухани мәдениеті жетеді. Ғ. Мүсірепов «Тілін білмеген түбін білмейді» дейді. Тіл- ойдың ең басты қаруы. Адам баласының табиғаттағы заттар мен құбылыстарды тануы тек тіл арқылы ғана жүзеге асады десек, осы ойды жеткізетін таңба-жазу.

Жазу- адамның ой-пікірін, хабарын, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Жазудың пайда болуы адамдардың қарым-қатынастағы уақыт пен кеңестік кедергісін жойды. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Өз ойын басқаға жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланды. Мысалы, кеткен бағытын көрсету үшін жолға бұтақ тастаған. Кейін осы мақсатпен ағашқа садақтың оғын қадап кеткен. Ойды зат арқылы білдіру үрдісі ежелгі замандарда тайпалар арасындағы елшілік қарым-қатынастарға да пайдаланылған. Кейін мұндай рәміздік зат орнына таңбалар бедерленген бұйымдар қолданылған. Осылайша алғашқы жазу пайда болған.

Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын, т. б. пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Таңбаларының мағынасына қарай адамзат тарихындағы жазу төрт түрге бөлінеді: 1) пиктографиялық жазу- жазудың ең көне түрі. Зерттеушілер жазудың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді. Мұнда хабарлануға тиісті оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады. Суретін салуға болмайтын абстракт ұғымдарды беру үшін басқа заттардың суреті қолданылған. Мысалы, бақыттылықты, олжаны- тасбақаның, махаббаты-сызықшамен қосылған екі жүректің, достықты -ұстасқан екі қолдың, соғысты садақ оғының суретімен белгіленген; 2) идеографиялық жазу- жекелеген сөздерді, морфемаларды сурет арқылы немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның меншікті мағынасы болады. Идеографиялық жазудың бір түрі- иероглиф жазу; 3) буын жазуында -сөз құрамындағы әрбір буын жеке таңбамен белгіленеді; 4) дыбыстық жазу (әріп жазуы) - жазудың дамып жетілген түрі, тіл дыбыстарын, фонемаларды әріппен таңбалайтын жазу жүйесі.

Дыбыстық жазулардың ең көне түрлері- финикия, армей және грек жазулары. Көне түркі жазуы да дыбыстық жазудың ең ежелгі түріне жатады. Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен VІ-Х ғасырларда үлкен аймаққа таралған. Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:

  1. Енисей ескерткіштері.
  2. Талас ескерткіштері.
  3. Орхон ескерткіштері.

Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Монғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.

1. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары Ү-ҮІІ ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей [2] .

2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай ҮІІІ ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.

3. Орхон ескерткіштері. Монғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі ҮІІ-ҮІІІ ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше.

4. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Монғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумаы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді.

5. Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап) . Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары - Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет "Түрк" және "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен.

6. Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағраппиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды Көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер дәуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағрапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен орналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр қағандығы кезінде аяусыз қиратылған.

7. Жазбаларда ең алдымен Ү-ҮІІІ ғасыр аралығындағы Ұлы даладағы тарихи оқиғалар көркем тілмен баяндалған, айналып келетін оралымдары мен ішкі ұйқастары, композициялық тұтастығы бар. Сондықтан оның ең алдымен жанрын айқындасақ - жылнама не шежіреден гөрі, бұлар - тарихи дастандар. Жазудың сипаты түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның ішінде үндестік заңдарын жақсы береді. Жазудың ерекшелігі оңнан солға қарай оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек таңбаланады.

Көне Түркі жазуларының сыртқы түрі бізге тасқа қашалған түрде, "баспа әріптері" түрінде жетті. Оның жазбаша түрі қандай болғаны туралы мәлімет жоқ. Себебі маталарға, өңделген терілерге жазылуы мүмкін жазба әріптер бұл материалдардың төзімсіздігіне байланысты бізге жетпеді. Алғаш көрген адам адам бұл жазуларды бір қарағанда қазақ руларының таңбаларына ұқсатады. Яғни жазулар «жебе таңбалар», «ай таңбалар» және «тұмар таңбалар» мен «көз таңбалар», «аша таңбалар», «балық таңбалар» сосын «тарақ таңбалар» мен «сырға таңбалардан» құралады.

Қазақ халқының жазу тарихы көне түркі жазуынан басталған деуге болады. Ал әріптік жазуға дейін сурет жазуы қолданылғанын еліміздегі тау-тастардағы түрлі суреттер арқылы дәлелдеушілер бар. Түркі жазуында дауысты, дауыссыз дыбыстардың әрпі болған, кейбір әріптер екі дауыссыз дыбысты белгілеген. Әріптер жуан, жіңішке дыбыстарды ажыратқан. Әріптер белгілі жүйеде қолданылған. Түркі халықтары кейін араб әліпбиін қолданып жазған, бұл жазу мұсылман дінінің таралуымен бірге келген.

Араб жазуы (араб. : أَبْجَدِيَّة عَرَبِيَّة абджәдия арабия ) - ежелгі Вавилониядағы (б. з. б. 2000-шы ж. ) аккад, шумер тайпаларының жазба әріптері негізінде пайда болған көне жазулардың бірі. Оңнан солға қарай жазылады. Бас әріптері болмайды. Әріптер бір-біріне қосылып жазылады. Араб жазуында 28 әріп бар. Олардың үшеуі (а, и, у) созылыңқы дауысты дыбыстарды, қалғандары дауыссыз дыбыстарды бейнелейді. Дауыссыз дыбыстардың асты-үстіне харакаттар (көмекші белгілер) қойылады. Бұл белгілер Құранда, сөздікте, оқу құралдарында міндетті түрде қойылып, ал қалған кездерде қойылмауы мүмкін. Құснихат үлгілерінде Араб жазуының сулс, куфа, сулх, парсы, диуани, насталих, т. б. түрлері пайдаланылады. Араб жазуы қазіргі кезде барлық араб елдерінде, ислам дінін ұстанатын бірқатар мемлекеттерде (Индонезия, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Кавказ елдері және Орта Азия, т. б. ) қолданылады. Қазақстанда Араб жазуы ислам діні арқылы 7-9 ғасырлар аралығында таралған. Әл-Фараби, Қ. А. Иассауи, С. Бақырғани т. б. ғұламалар Араб жазуын өздері туып-өскен орталарында үйренгені, сол дәуірлерде арабша оқытатын медреселер болғанын көрсетеді. Араб жазуы алғашқыда “қадым”, кейін “төте” жазу үлгілері түрінде Қазақстанда 1928 ж-ға дейін пайдаланылып келді.

Араб жазуын түркі халықтары, оның ішінде қазақ халқы ұзақ уақыт қолданған. Алғаш араб әліпбиіндегі әріптер түгел қолданылған, тек 1926 жылы А. Байтұрсынов оған реформа жасап, ондағы артық әріптерді шығарып тастап, жазуды көп жеңілдеткен. 1926 жылдан бастап 1940 жылға дейін қазақ халқы латын әліпбиінде жазып келіп, кейін кириллицаға (1940 жылдан бастап) көшті. Қазіргі түркі мемлекеттерінің көпшілігінде қайтадан латын әліпбиіне негізделген жазуға көшу үрдісі бел алып келеді [3] .

Әлем халықтарының басым көпшілігінің жазуы дамудың екінші жолымен өрістеді. Бұл жазудың негізі - фонематикалық фонография. Мұнда тіл дыбыстары таңбаланады. Сөз мағынасын ажыратуда дыбыстар әуенінің маңызы айырықша, яғни сөз мағынасын анықтауда фонеманың мәні зор. Сондықтан жақсы жетілген жазу жүйесінде фонематикалық принцип сақталуы керек. Тіл ғылымында фонемалардың таңбалану жүйесі, ережелері мен заңдылықтарын зерттейтін саласы графемика деп аталады. Ал белгілі бір жазу жүйесі элементтерінің жиынтығы графика деп аталады. Графемика графикалық лингвистика деп те аталады. Демек бұл кең ауқымды күрделі ғылым. Жоғарыда сөз болған палеография, графика, орфография дегендер осы графикалық лингвистиканың саласы болып табылады.

Қазіргі заманда белгілі бір тілдің тілдік, фонетикалық ерекшеліктерін барынша толық қамтитын әліпби (алфавит) жоқ. Әліпби мұндай мейілінше жетілген дәрежеге жету үшін оның құрамында сол тілдегі фонемалардың барлығының да өзіндік таңбасы болу керек. Қазіргі бар әліпбилердің ішінде біршама жетілген әрі кең тараған әліпби латын және орыс (кирилица) әліпбилері. Бірақ олардың өзі де кемшіліктерден құралақан емес.

Латын әліпбиін қабылдаған халықтар оны өз тіліне сәйкестендіру үшін оған әртүрлі өзгерістер енгізуге, толықтыруға мәжбүр болды. Тіл дыбыстарының бәрін бірдей белгілеуге жетпей қалған жағдайда толықтыруға тура келді: бір әріпті әр дыбыстың орнына қолданып, оларды айырып, ажыратып тану үшін қосымша белгілерді пайдалану қажет болды. Мысалы: Š, Ş, Ø, Ž немесе әріптер тобы жазылатын болды: ch, sch, dr, т. б. .

Орыс (кириллица) әліпбиі сонау Петр Бірінші патша заманынан бері қарай осындай артық таңбалардан біртіндеп арылып келеді. Бірақ әлі де басы артық дүниелер баршылық. Мысалы, дауыссыз дыбыстардың жуан немесе жіңішкелігін ажырату үшін қолданылатын ь, ъ белгілері бар. Сондай-ақ бұл әліпбиде буын жазудың қалдықтары кездеседі (я, ю, ё) . Өткен ғасырдың 30 жылдарында қазақ халқы латын жазуына көшкен болатын. Ол туралы кейінірек сөз болады.

Сонымен әріп дегеніміз - тілдегі дыбыстардың шартты таңбасы. Әліпби - белгілі бір тілдің жазуында қолданылатын әріптердің жүйесі, солардың рет-ретімен тізіліп берілген жиынтығы болып табылады. Бірақ ол әлі жазу емес. Ілгеріде айтқанымыздай, кемел әліпби болса, яғни тілдегі фонемалардың барлығының да әріптік таңбасы болса, орфографияның онша қажеті де болмас еді. Бірақ әзірге кемел әліпби жоқ. Оның үстіне кейбір сөздер бірге жазылады, кейде жолға сыймай қалса, тасымалдауға тура келеді деген сияқты. Қысқасы, жазуда қолданылатын толып жатқан шартты заңдылықтар мен қатар баршаға ортақ тәртіп, ережелер бар. Осындай жазу ережелерінің жиынтығы орфография деп аталады. Орфография дұрыс жазудың нормасы мен ережелерін белгілегенде нақтылы принциптерге сүйенеді. Ол принциптер негізінен үш топқа бөлінеді. Ал әр топ өз ішінде екі жүйе арна тартады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жазуының бастаулары
Тіл және қоғам
Зерттеу жұмысының гипотезасы қазақ жазуының даму тарихын көрсете отырып, жазудың маңызы мен бүгінгі қызметін көрсету
Қазақ жазу тарихы
Жазудың шығу тарихы
Графиканың қалыптасуы және дамуы
Әріп жазбаларының тарихы
Қазақ ұлтының негізін құраған қайнар көздер
Қазақ тілі білімінің тарихы шартты түрде
Қазақ жазу тарихына шолу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz