Әсет Найманбаев шығармашылығының көркемдігі


Мазмұны
Кіріспе 3
I. Негізгі бөлім. Қазақ әдебиетіндегі нәзирагөйлік және Әсет.
1. а) Қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрі. 5
ә) Әсет және нәзирагөйлік. 12
2. Әсет Найманбаев өмірі мен шығармашылығы және оның зерттелуі.
а) Абайдың ақындық мектебі және әсет. 31
ә) Әсет Найманбае шығармашылық әлемі. 36
II. Әсет Найманбаев шығармашылығының көркемдігі.
2. 1 Әсет поэзиясының көркемдік кестелері. 46
Қорытынды. 58
Пайдаланылған әдебиеттер. 60
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда өткенімізді қайта саралап, тарихымызды үңіле зерттеу барысында халқымыздың шексіз бай әдебиетімізде өзіміз тұмшалап, өскелең әдебиетімізді орыс әдебиетінің көлеңкесіне түсіріп, өзімізді өзіміз кемсітіп келгеніміз айқындалуда.
ХIХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегін қамтитын талай асыл тұлғалар аталмай келсе, аталған жағдайда біржақты қаралып, тек датталып келген діни-ағартушылық бағыттағы ақын-жазушылар, болмаса кітаби ақындар делініп, олардағы шығыстық сарын дегенге өре қарсы шығып келгенбіз. Тіпті 80 жылдардың ортасына дейін жалғасқанын өтірік дей алмаспыз. Тек еліміз егеиенді ел атанған кезден бастап бұрындары там-тұмдап қана қозғалған әлем әдебиетінің асылы деп танылған шығыс әдебиетінің шұғыласының, әсіресе, біздің қазақ әдебиетіне әсерінің мол болғандығын еркін айта бастадық та, ұлыларымызға да, жалпы әдебиетке де қайта қарайтын болдық емес пе?! Тіпті, ұлы Абайдың өзінің таңғажайып жауһарларының негізі туған әдебиетіміз бастаулары мен шығыс әдебиетіне жатқанына да жаңа көңіл аудардық қой.
Шәкәрімнің, Мағжанның, Сәкеннің шығармаларының негізінде шығыстық сарын барлығын, ХХ ғасыр басындағы жүздеген дарындардың бұрын айтылмай келген жыр асылдарын да қазір де аршып жатырмыз.
Осындай аз айтылып келе жатқан, бұрын тіпті сөз болмаған мәселе «нәзира» мәселесі. Біздің жұмысымыздың өзі осы мәселе төңірегінде әрі осы уақытқа дейін көп айтылмай жүрген Әсет Найманбаев шығармашылығы мен оның нәзирагөйлікке қосқан үлесі сөз болмақ.
Әсет ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы ғылыми еңбектер жарияланып жүргенімен, нақты зерттеулер жоқтың қасы. Мысалы, ақынның нәзира дәстүрін меңгеріп, төл шығармалар тудырғаны жайлы арнаулы зерттеу еңбектері жоқ. Тек бірлі-жарым еңбектерде ғана тілге тиек етеді. Нәзирагөйлік дейміз-ау, жалпы ақынның өмірі, шығармашылығы, көркемдігі жайлы зерттеу еңбектері де жоқтың қасы деуге болады.
Кезінде Абайдың алдын көріп, ақындық дәстүрі мен шығармашылық жолын меңгерген ақынды жоққа шығармақ болып, Абайдың ақын-шәкірттерінің қатарынан шығармақ та болды. Осын уақытқа дейін шешімін таппаған, басы толық ашылмаған мәселелер зертеу жұмысымыздың өзектілігі болмақ.
Зерттеудің мақсаты міндеттері. Диплом жұмысымыздың негізгі мақсаты Әсет Найманбаевтың нәзира дәстүріне қосқан үлесін таныту. Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды. Және диплом жұмысымыздың негізгі нысаны болып табылмақ:
- нәзиара дәстүріне, соның ішінде қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүріне тоқталу;
- Әсеттің нәзира дәстүрінне қосқан үлесі, нәзира дәстүрінде алатын орнын анықтау;
- Ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы тың деректер келтіре отырып, нақты тұжырым жасау;
- Абай мен Әсет шығармашылығының үндестігін таныту;
- Ақын шығармашылығының көркемдігін таныту;
Зерттеу жұмысымыздың құрылымы . Диплом жұмысымыз кіріспеден, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім екі тараудан, бес тараушадан тұрады. Сонынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.
I. Негізгі бөлім. Қазақ әдебиетіндегі нәзирагөйлік және Әсет.
1. а Қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрі .
Белгілі ғалым Немат Келімбетов «Шәкәрім және қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрі» атты 2005 жылы «Абай» журналының 4-санында шыққан мақаласында- шығыс әсері арқылы қазақ көркем сөз өнерінде пайда болған нәзира дәстүрінің күні бүгінге дейін кең көлемде, арнайы зерттеу объектісі болмағанын, қазақтың өзіндік төл әдебиетінің қалыптасуына негіз болған қайнар-бастауларының бірі - шығыстың классикалық поэзиясы екенін, шығыстың классикалық поэзиясы өзінің көп ғасырлық тарихы бар нәзира дәстүрі арқылы қазақ әдебиетін тақырып, мазмұн, форма. көріктеу, стиль және тілдік жағынан едәуір байыта түскендігін айтады. Сонымен қоса кейбір әдебиет зерттеушілердің қазақ поэзиясындағы еліктеу категориясының ішкі табиғатына үнілмей, сыртқы формасын ғана көріп, нәзира дәстүрін сырттай еліктеу құбылысы деп санайтындығын, сол сияқты нәзиралық үлгіде жазылған шығармаларды аударма деп танитындығын айтады. ( 1, 47)
Қазақ әдебиетінде ең алғаш нәзира дәстүріне мән беріп, анықтама берген академик М. О. Әуезов болды. Ғалым нәзира дәстүрі жайлы былай дейді: «Көпке мәлім болған тарихи шыңдықтар бойынша Шығыста бір классик жырлаған тақырыпты келесі буында, тағы бір Шығыс ақыны қайталап, әңгіме ететін, тың дастандар шығаратын дәстүр бар еді. Олар біреуінің тақырыбын біреуі алуды заңды жол еткен. Тек алдыңғының өлеңің жай ғана алып қоймай және көбінше алдыңғы айтқан оқиғалардың негізінде пайдаланса да, көп жерде өз еркімен өзгертіп отырып, тыңнан жырлап шығатыны болады. Бұлайша әр тақырыптың әр ақында қайталануы еш уақытта аударма деп танылуы керек емес. Ол өзінше бір қайта жырлау, тыңнан толғау немесе ақындық шабыт-шалым сынасып, жырмен жарысу іспетті бір салт еді. Шығыс поэзиясы бұл салты заңды деп біліп, осы дәуірде «нәзира», «нәзирагөйлік» деп атау да берген», - дейді. (2, 150)
Жоғарыдағы М. О. Әуезовтың пікірін түйіндесек «нәзира» дәстүрі жырмен жарысу, қайта жырлау, тыңнан толғау секілді шығыс поэзиясында пайда болған бір дәстүр екенін түсінеміз.
Ал осы «нәзира» дәстүрінің тарихы жайлы А. Қыраубаева: «Түркі әдебиетіндегі нәзира дәстүрі (XIII-XIV) ежелгі сюжеттерді жаңғырту идеясынан шыққан. Нәзираның негізгі тақырыптары ежелгі шығыс сюжеттері, жанры қисса -дастандар болды. Қисса- дастан жанры ежелгі әдебиетімізде XIII-XIV ғасырларда туып, қазақ әдебиетінде XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезінде дамып-қалыптасты.
«Қиссаның»/ «қисса» араб сөзі - баяндау/ негізгі өзегі: Құран сюжеттері, «Мың бір түн», «Тотынама», «Шахнама» желілері болғанымен, оның түпкі бастауларында Ассирия-Вавилон, көне грек мифтері, тіпті архаикалық мифтер де бар», -деп нәзирагөйліктің бастамасының өте тереңде жатқанын меңзейді. (3, 4-26)
Нәзира дәстүрінің негізі болған- қисса араб тіліндегі әдеби үрдіс ретінде тарап, араб халифаты қарамағынан шығып, Саманид патшалығы құрыла бастаған парсы әдебиетінде жалғасып, парсы тілді әдеби мектеп қалыптасты. Осы мектептің ұлағатты өкілдерінің бірі-Фирдоуси, Әл Фарабимен уақыт жағынан шамалас өмір сүрген болса, Ансари, Низамилер түрік нәзирашыларының замандастары еді.
Парсы әдебиетінде туындыларды түркі алыптары парсы тілінен аударып, түркі тілінде сөйлете бастады. Фирдоусидің «Шаһнамасынан» «Хамсаны», яки «Бестікті» Науаи жырлады. Сағдидің «Гүлістанының» сюжетін Сәйф Сарай жаңғыртса, Низамидің «Хұсрау да Шырының» Құтып ақын. Ансаридің прозалық шығармасын «Қисса Жүсіпті» түркі әдебиетінде XIII ғасырда Әли ақын, Алтын Орда әдебиетінде Дүрбек ақын «Жүсіп -Зылиха» деп жырлаған. Бұл дәуірдегі шығармаларды аударма-нәзира деп те таныған. Себебі бұның бір парасы аударма болса, енді бір парасы нәзира болған. (4, 17)
Е. Э. Бертельс «Новой и Джами» атты еңбегінде: «Түркі ақындары өздері үлгі етіп алған парсы әдебиетінен өзгешелігі бар шығармалар жазып қана қоймай, керісінше, парсы шығармаларымен салыстырғанда қарабайыр көрінбейтін, талғамы биік тәкәппәр оқырманын үркітіп алмастай, үздік шығармалар тудыруға тиісті еді. Бес ғасырлық өткені бар парсы әдебиетінің осы уақыт ішінде аса биік көркемдік деңгейге қол жеткізіп үлгермегенін ескерсек онымен сайысуға ниеттелген түрік ақындарының қандай қиыншылықтармен бетпе-бет келгенін аңғаруға болады», -деді. (5, 433)
Нәзира дәстүрінің тууына негіз болған шығармалар осы еді. Осы шығармалардың, анығында «нәзира» дәстүрінің тууының мақсатын ғалым Алма Қыраубаева: «Нәзира дәстүрінің негізгі мақсаты - өткенге назар салу, өз заманына, тірлік, тынысына жауапты өткен ғұламалардың шығармасынан іздеу», - деп дұрыс көрсеткен. (4, 17)
Қазақ ғалымдары бір ауыздан қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрі арқылы пайда болған, қазақ әдебиетін тақырып, мазмұн, форма, көріктеу, стиль жағынан едәуір дамытқан қисса-дастандар XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезінде дамып-қалыптасты. Бұлай топшалауды қазақ ғалымдарының көбі қостады.
Қазақ әдебиетідегі «нәзира» дәстүрін зерттеуші ғалым Н. Келімбетов нәзира жайлы: «Шығыс поэзиясында барша оқырман қауымға бұрыннан мәлім болған белгілі бір сюжетті бірнеше ақын өзара жарысып, шебірлік сынасып жырлай беретін болған. Осылайша аға буын жырлап кеткен тақырыпты кейінгі толқын інілер қайта жырлап, көркем әдебиетке тың туындылар әкелетін дәстүр бар еді. Шығыс поэзиясында осылайша танытатындай туындылар жазу арқылы жауап («жауап»- арабша «нәзира», ал парсы тілінде - «татаббу» деп аталады) беріп отырған. Шығыс шайырлары мұндай туындыларды ешқашан аударма деп те, еліктеу деп те таныған емес . . . Егер ақын лирикалық шығармаға (қасида, ғазал) жазса, онда сол алғашқы шығарманың өлең өлшемі мен ұйқасы сақталуы шарт. Ал егер жаңа шығарма оқиғаны баяндап айтатын сипатта болса онда нәзирагөй ақын өзі жауап жазып отырған өлеңнің өлшемі мен фабуласының негізгі қасиеттерін сақтап отыруы тиіс. Нәзира дәстүрі -ақындардың шеберлік жарысы, өзара күш сынасуы деуге болады. Мұнда шығарма сюжеті басты роль атқармайды. Бұрыннан мәлім белгілі бір сюжетті кім, қандай көркемдік дәрежеде оқырманға шебер жеткізе алады деген сауалға іс жүзінде жауап беру керек болады», -дейді. ( 6, 208, 254-255)
Ғалым қазақ әдебитіндегі классикалық нәзира дәстүрімен жазылған шығармаларға Абай Құнанбаевтың «Әзім әңгімесі», «Масғұт», «Ескендірін», «Евгений Онегинін», Шәкәрім Құдайбердиевтің «Ләйлі -Мәжнүнін», Тұрмағанбет Ізтілеуовтың «Рүстем-Дастанын», Шәді Жәңгіровтың «Назым Шәһар дәруіш», «Хикаят Орқа -Күлше» дастандарын жатқызады.
«Ескендірді» дастанына байланысты шығыста екі жүзге жуық шығарма жазылыпты. Бұл тақырыпта шығыстың жарық жұлдыздары Фирдауси, Низами, Әмір Хосрау, Жәми, Науаи жырлағандығын еске алсақ, онда тақырып төңірегіндегі нәзирашылықтың осал болмағандығы ғой.
Шығыс поэзиясында Ескендірді алғаш жырлаған-Фирдоуси. Ол өзінің «Шахнамесінде» Ескендірді талай жорықтар жасап, талай ғажайып жеңістерге жеткен теңдесі жоқ Иран әміршілерінің бірі деп суреттейді. Ақын Ескендірді бүкіл жер жиһанның әміршісі ретінде бейнелейді.
Ал Низами өзінің «Ескендір-наме» атты дастанында Ескендірді үш аспектіде көрсетеді. Біріншісі- Ескендір өзге елдерді жаулап алушы патша, екіншісі-ол философ-патша, үшіншісі- Ескендір данышпан қарт яки белгілі ғалым, көреген жан «пайғамбар-патша».
Хосрау Дехлеви жазған «Ескендір айнасы» дастанында Ескендір -көркіне көзі тоймайтын, адамгершілігі мол жауынгер ретінде бейнеленген.
«Ескендірдің даналық кітабы» атты дастанында Жәми мемлекетті Ескендір секілді дана адамдар басқаруы керек деген түйін жасайды.
Науаидың «Ескендірдің қорғаны» атты дастанында ел билеушінің терең білімділігі, даналығы, халық үшін атқарған игі істері, т. б. жан-жақты көрсетілген.
Осылайша өзіне дейінгі бүкіл шығыс поэзиясы дәріптеген Ескендірді тарихи тұлға ретінде адами қалыпта суреттеген алғашқылардың бірі -қазақ поэзиясының алыбы Абай болатын.
Абай шығыс ақындары жырлаған дана, әділ патша Ескендірдің бет пердесін сыпырып, шынайы келбетін ашып көрсетеді. Ескендірді ашкөз, қанағатсыз, дүниеқор етіп суреттейді. Ол жастайынан «мақтан сүйгіш, қызғаншақ» болып өседі. Таққа отырған сәттен- ақ ол өз жұртын аз көріп, көршілерге көз алартып қарайды. Бүкіл әлемді жаулап алу ниетімен қанды жорықтарға аттанады.
Бір күні Ескендір жазаға ұшырайды. Ескендірдің ашкөздігі, қанағатсыздағы салдарынан көп әскер сусыз шөл далада түгел қырылып қала жаздайды. Ақыры олар мөлдір бұлаққа тап болады. Ескендір шөлде бар әскері қырылып кетпей, аман қалғанын қанағат тұтпай, қайта ол әскеріне бұлақты табуға қатал бұйрық береді.
Сол бұлақтың басына барғанда бір қорғанға тап болады. Жер жиһанды соғыспен алған Ескендір шатқал ішіндегі алтын қорғанның қақпасын аша алмай қаһарға мінеді.
Сонда күзетші Ескендірге:
Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,
Мықты болсаң, өзіннің нәпсінді жең-, дейді. (7, 265)
Сөйтіп, корғанның аржағынан адамның көз сүйегін лақтырады. Таразының бір жағына адамның көз сүйегін, ал екінші жағына - Ескендірдің бар алтын, күміс және оның жасағының қару-жарағын салады. Бірақ әлгі сүйек тұрған жағы басым түсе береді. Бұл жұмбақтың шешімін даңышпан, ғалым Аристотель шешеді. Данышпан қарт жерден бір уыс топырақ алып, әлгі сүйекке шашып жібергенде ғана таразының екінші жағы сылқ етіп жерге түседі.
Бұл арқылы Абай Аристотель аузымен: «Адамның көзі өлгенде ғана тояды. Адамды адам ететін -қанағат. Қанағат ете білу керек», - деген пікір айтады.
Абай Ескендірдің бейнесін жаңа қырдан танытып, шығыс ақындары жырлаған даңышпан Ескендір бет пердесін сыпырып, оған қарама-қарсы даңышпан Аристотельді алады.
Әлем жырлаған данышпан, ақылды, әділ патша Ескендірді Абайдың осылай жырлауына қандай себеп?
Сол сияқты Шәкәрім Құдайбердиевтің «Ләйлі -Мәжнүнін» Физулиден алған, Тұрмағанбет Ізтілеуовтың «Рүстем-Дастанын» Фирдоусидің «Шаһнамасынан», Шәді Жәңгіровтың «Назым чәһар дәруіш», «Хикаят Орқа -Күлше» шығармаларын Хиромиден ала отырып өзінше жырлап, гуманистік, ағартушылық бағыттағы тақырыптарды барлығы да тереңдете түскен. Жоғарыдағы көрсетілген ғалымдар айтқан пікірлерге бұл шығармалар сай келеді.
Ал Абайдың «Әзім әңгімесі», «Масғұт» дастандарын нәзиралық шығармалар қатарын қосуға қандай себеп? Мысалы, Абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов: «Абай аңыз-әңгіме дастандарын нәзирагөйлік дәстүрмен жырлап, өзі ұстанған мороль филисофиясы негізінде творчествалықпен жырлаған» (8, 37) десе, Ғышықтық дастандарды зерттеген Ү. Субханбердина осы ғалымдардың пікірін қостап, Абайдың үш дастанын нәзира дәстүрімен жазылған дейді. (9, 4)
Бұлар жоғарыдағы шығыс алыптары жырлаған шығарма емес. Белгілі бір шығыс сюжетінің желісін ала отырып, өзінше жырлап, өз позициясын ұстап, өз қоғамының әлеуметтік мәселелерін көтерген шығармалар.
Абайдың «Әзім әңгімесі» «Мын бір түннің» «Әлидің Әзімі» деген ертегісінен алған. Бірақ аяқталмаған шығармасы. Сол ертігінің ішінен жас бала Әзімнің жетімдік шағы, жігіттік кездегі басынан кешкен бейнет соры, кейін барып өзінің туралығы, жазықсыздығы арқылы арманына жететін оқиғалары Абайдың дастанына негіз болған секілді . . . Бұл дастанның ішінде Абайды қызықтырған тағы бір адам аяр шал болады. . Ол шалдың кәсібі өзгеше. Қара тасты асылға айналдыру ерекшелігі бар. Осындай әрекет соңына түскен адамның жайы шығыста ертегі ғана емес, химия ғылымының бір саласы аталып жүрген алхимия жайынан туған неше алуан сырлы әңгімелер бар-ды. Ондай әңгіме-нанымдар шығыста ғана көп жайылған емес. «Философский камень» дейтұғын қара таспен қара метальды алтынға айналдыратын ғажайып сырлы, бөлекше бір зат тудырытын орта ғасырлық Еуропада талай фантастикалық әңгіме, аңыздар тудырған. «Мын бір түннің» «Әзім әңгімесі» сол жаңағы жайдың шығыста да өзгеше орын алғанын аңғартады. Бірақ халықтың сыншыл ойы кейін ол әрекеттер арасында болып жүретін неше алуан арамзалық іс-әрекеттердің көп кездесетіндерін танып біледі. Дастанның басталуына қарағанда, әкесі өлген жазықсыз баланың аярға кездесіп, алдаған бейнесі көрінеді. Дастан осы жерде аяқталған. (10, 116)
«Масғұт» дастанының оқиға желісін шығыс өлең әңгімелерінен алған. Ол Абайдың 1887 ж. жазған дастаны. Әрқайсысы 4 тармақты 44 шумақтан түрады. Бүл дастан туралы Абайдың өзі атап көрсеткен деректері жоқ. Бірақ шығарманың ішіндегі кейбір белгілерге қарағанда, бүның оқиғасы, тақырыбы шығыс халықтарының аңызынан алынғаны байқалады. Ең әуелгі геройдың аты - Масғұт. Оның тіршілік еткен шәһәрі - Бағдат. Заманы - Һарон-Рашид халифтың тұсы. Кейін Масғұтқа кездесетін қария мұсылмандардың дін аңыздарында жүретін Қызыр, қазақша Қыдыр аталады. Ол сол айтылған аңыздар бойынша өлмейтін, мәңгі жасайтын жалғыз жан. Әр заманда, әр ортаның адамына оқта-текте бақ-дәулет әкелетін, ырыс үлестіруші болады. Міне, сөйтіп, осы аталған белгі, деректердің бәріне қарап, біз Абай дастанын негізі шығыс аңызынан алынған дейміз. (10, 399)
Жалғыз-ақ Абай аңызды өзінің адамгершілік үгітіне мысал етіп, өзіндік ойларын тарату жөнінде үлкен кәдеге жаратады. Дастанда Абай арабтың тарихын, тірлік шындығын көрсетпек емес, Қыдырдың ерекше қасиетін баяндамақ емес. Олардың барлығы да - дастанның идея жағынан қарағанда, тек бір көмекші қосымша хал мен жайлар.
Ақынды шығарманың ішінде қызықтыратын бір-ақ нәрсе, шығарманың кейіпкері - Масғұттың ғана жайы. Сол Масғұтты бірнеше ерекше халдерге, уақиғаларға ұшыратып барып, Абай оған үлкен адамгершіліктің сапалы қасиеттерін бітірмек болады. Бүл жағынан қарағанда, Масғұт қай заманның адамына болса да, Абайдың ұғымынша, үлгі боларлық, жоғары дәрежедегі адам, нравственная личность. Абай геройының және бір ерекшелігі - ол өзгеше көрнекті күшті ортадан шыққан адам емес, қатардағы көптің бірі. Халық ішіндегі, катардағы қалың көптің жас өкілі. Масғұтқа осындай сипат, қасиеттер беру арқылы Абай оны өзінің жоғарыдағы атап берген Бағдатынан, Һарон-Рашидінен, Қызырынан да аулақтап бөліп шығарады. Өзі үгіттеп жүрген жақсы жастардың өз заманындағы мінез-құлқына, арманды адамгершілігіне Масғұтты үлгі етеді. Оның белгісін және шартты түрдегі аңыздық бояуды алып тастап қарасақ, айқынырақ көреміз. Қыдыр шал ұсынатын үш жеміс сол аңыздық бояу десек, ол Масғұттай өнегелі жастың ішкі сырын, қасиетін ашуға арналған жол, соның ар жағында көрінетін Масғұт қандай боп танылады. Ол ақылдылықтан қашады, байлықтан қашады. Соның екеуін де сынап, талғап отырып жиреніп шығады. Сол Масғұттың ақылдан қашуы Абайдың өз басындағы, өз ортасындағы күйге аса жақын келеді. Ол көп айтатын шерлі уайымы бойынша, көп наданның арасындағы бір жалғыздың халін кандай трагедиялық, ауыртпалық ретінде суреттеген. Масғұтқа Абай сол өз басының аянышты күйін айтқызып отыр. Байлық турасында сөйлесе де, Масғұт Абай заманындағы бай менен сол байлық аздырып жүрген байдың өзін де және оның қоршау-қошаметтерін де сынайды.
Мекемтас Мырзахметов:«Абай мұнда өз шығармаларында көп ой толғайтын, мол тарататын, толық адам жөніндегі танымын таратуды кәдеге асырудыда нәзирагөйлік дәстүрді қолдану әрекетін де көреміз. Бұл әрекет, әсіріесе, поэманың бас кейіпкері Масғұтың Қызыршал ұстанатын-ақ (ақыл), сары (дәулет), қызыл (ғашықтық сезім) жемісіті ұстатқанда, Абай достық, махаббат-мейір сезімін ардақтап өткендіктен, кейіпкеріне қызыл жемісті таңдатуынан -ақ байқалады», - дейді. ( 8, 38)
Кейін Масғұт қызыл жемісті алғаңда, жеңсікшіл, нәпсіқұмар көп жастың жолынан жырақ шығады. Ол әйелді, ең алдымен, адамзаттың қақ жарымы деп түсінеді. Әйелдің достығын ерекше қадір тұтады. Адам баласына дос боламын деген үлкен адамгершілік талапты өз өмірінің мақсаты етіп қояды. Ер жынысы мен әйел жынысы адамдық алдында терең дәрежеде бағаланады. Осы ойлардың барлығы да біз тексеріп өткен Абай шығармаларында ақынның өзі көп үгітпен көркем жырлар, терең ойлар тудырған тақырыптары емес пе еді? Ендеше, Масғұт аузыменен Абай өз заманындағы, өз ортасына қанықты болған жайларды айтады. Үлкен гуманист ақын сол өзі тартпақ болған мораль философиясын жаңа түрде шартты мазмұнға байланыстырып ұсынып отыр.
Масғұт қызыл жемісті жеп, әйелдердің достығын алудың орнына, ақылды кісі болып шығады. Іс жүзінде ол қызыл жемісті жеген кісі емес, қайта өзі жемеймін деген ақ жемісті жеген кісі боп, үлкен ақыл иесі боп көрсетіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz