Әлеуметтік және демографиялық статистика


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ұлттық қауіасіздік басымдылықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көші - қон саясаты шығарылуға тиіс. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз бұған бұрынғысынша немқұрайлылықпен қарайтын болса, онда біз ХIХ ғасыр қарсаныңда Ресейдің атынан адам саны сыртқы көші - қон процестерінен ғпнп емес, табиғи жолмен кеми беретін демографиялық «Крест - оппа» жағдайына тап боламыз. Бұл тенденция деру тоқталуға тиіс » деп өзінің 2030 жылға дейінгі елдің стратегиялық дамуы туралы Қазақстан халқына Жолдауында нақты, әрі баса айтты. [1]
Қазақстан тарихи демографиясында әлі де жаңа көзқараспен концептуалды түрде қайта қарауды қажет ететін өзекті мәселелердің маңыздылығын көрсету.
Астана қаласының демографиялық өсуі мен этнодемографиялық құрылымының маңыздылығын ашып көрсету. [2]
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалын 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы бойынша Қазақстанда ұзын саны 25 млн-ға жетерлік дені сау, тұрмысы ауқатты, әрі салауатты өмір салтын ұстанған, білімі терең, мамандығы ұшталған азаматтары мен тұрғындары болуы керек. Алдымен, еліміздегі демографиялық жағдайға шолу жасағанымыз жөн болар. Егемендік жағдайында Қазақстан тарихи демографиясын мұндай шектен тыс идеологияландыру, саясаттандыру жолынан шынайы ғылыми жолға ауыстыру, оның өзекті проблемаларын жаңа тұрғыдан, концепциялық жаңа көзқараспен зерттеу мәселесі негізгі міндетке айналды.
Астана қаласының демографиясы саласында кем дамыған мәселе халықтың әлеуметтік жағдайы, әсіресе халықтың денсаулығы, білім деңгейі, некеге тұру, ажыраусы, табиғи өсім (туу, өлім), еңбек ресурстары, оны пайдалану, жұмыссыздық көздері және т. б. жаңа көзқаратпен зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелер екені белгілі.
Мақсаттына байланысты төмендегідей міндеттер анықталып, шешілді:
- Астана қаласының халықтың демографиялық өсуі өсуі ;
- Астана қаласының этнодемографиялық құрылымы;
- жиналған материалдарды сұрыптау, сараптау, тақырыпқа бөлу;
Зерттеу әдісі: Біз осы дипломдық жұмысымызда республикамыздың демографиялық жағдайы мен проблемалары; Қазақстан Республикасының демографиялық тарихы мен оның даму үрдісі, Астана қаласының демографиялық халықтың өсуі, қаланың дамуы мен оның проблемалары, қаланың даму тарихы. Жұмыста баяндау, сипаттау, салыстыру, қорыту, сараптау т. б. зерттеу әдістері тиісінше қолданды.
Зерттеу пәні. Біздің елімізде демографиялық, әлеуметтік және көші - қон саясаты, оның іске асу жолдары мен ұсыныстар шаралары жұмыс істейді. Статистикалық жұмыстар жоспары, сондай-ақ бөлім қызметінің барлық негізгі бағыттарын қамтитын жыл сайын әзірленетін статистикалық тіркелімдер жұмыс жоспары негізінде құрылады.
Зерттеу объектісі: Астана қаласының демографиялық келбеті
Практикалық маңыздылығы: дипломдық зерттеу нәтижелері республиканың демографиялық өсуін зерттеуде, республиканың астанасында халықтың демографиялық өсуі зерттеуде, ғылыми мақсатта және оқытушылық мақсатта қолдануы мүмкін.
Диплом жұмысының құрылымы: Бұл жұмыс кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі негізделеді, тақырыптың зерттеуіне жалпы баға береді, мақсаттар мен міндеттер қойылып, зерттеу жұмсының теориялық және әдістемелік негіздері, зерттеу пәні, объектісі, жұмыстың ғылыми жаңалығы және құрылымы көрсетіледі.
Бірінші бөлімде Астана қаласының тарихы, Астана қаласы елордасы болғаннан кейін дамуы және экономикалық дамуы.
Екінші бөлімде Астана қаласының Статистика департаментінің қызметі туралы. .
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалы мен Астана қаласының демографиялық халықтың өсуі жайлы, этноднмографиялық мәселелер.
Төртінші бөлімде Қысқы Азия ойындарының тарихы, Қазақстан Республикасында Жетінші қысқы Азия ойындары жайлы.
1 АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ
- ХХ ғасырға дейін тарихы
Археологтардың деректеріне сүйенсек, Есіл маңы аумағын адамдар ашель - мустьер деп аталатын кезеңде игерген екен. Осы жерден табылған тас құралдары дәл сол кезеңге жатады. Ежелгі қоныстанушылар аңшылықпен, балық аулаумен және жеуге келетін өсімдіктерді жинаумен айналысқан. Мал өсіру мен диқаншылық біртіндеп дами бастаған. Қола дәуірінде Ақмола даласын мекендеген тайпаларда көшпенді шаруашылық жүргізу әдісі қалыптасты.
VI-VII ғасырларда қазіргі Ақмола облысының аумағында қуатты тайпалық бірлестіктері Түркі және Батыс Түркі қағанаттары пайда болды. Х-ХI ғасырларда орасан зор Қыпшақ хандығы құрылып, онда мемлекетке тән барлық төлбелгілері, соның ішінде өз астаналары, қалалары мен бекіністері болды.
1820 жылы Ресейдің императорлық «Сибирский вестник» журналында инженер Иван Шангиннің күнделігі жарияланды. Онда Есіл мен Нұра өзендерінің арналарын зерттеген кезінде Шангиннің ежелгі қаланың қалдықтарын тауып алғаны туралы айтылады. Содан шамамен 180 жыл өткенде, 1999 жылы Қ. Ақышев басқарған археологиялық экспедиция Астанадан 15 км жерде орналасқан және жұмыс жүргізу мақсатында «Ақжол» деп аталған осы қаланы қазбалауды бастады. Оның шын аты «Бозоқ» болып шықты. Қаланың барынша өркендеген тұсы біздің заманымыздың Х-ХI ғасырларына тұс келгені анықталды. Археологтардың пікірінше, қала қыпшақ хандарының бас ордасы немесе қонысы ретінде қызмет еткен.
Бозоқ үш бөліктен тұрады - орталық бөлігі және шет жақта, орлар мен жорлардың қоршауында орналасқан екі бөлігі. Дөңес жерде тұрған орталық бөлігінде кесенелер мен мұнара орналасқан. Бұл құрылыстар орталықазиялық сәулет өнерінің үлгілері болған. Мұнарада қашалған безендірім суреттерінің үш белдеуі болып, олар аспанды, жерді және жер асты дүниесін рәміздеп бейнеленген. Қаланың басқа бөліктерінде тұрғын үйлер, қолөнер шеберханалары және басқа да құрылыстар жайғасқан. Басқа тарихи деректер бойынша мұнда Есіл өзені (Еңсегей бойлы Есім ханның кезінен бастап орыстар оны Ишим деп атап кеткен) жағалауындағы сауда - саттықтың тоғыз жолы тоғысқан орталығы - Қараөткел деген атпен белгілі керуен сарай орналасқан. Ал одан да ертеректе бұл маңай аңызда қалған Батағай патшалығы («Бата алған») деп аталған. [48]
Орта ғасырлық Бозоқ қаласын Ақмоланың тікелей бабасы деп санауға болады, ал оның соңғы ұрпағы қазіргі Қазақстанның бас қаласы - Астана болып табылады.
1829 жылы Орта жүздің билеушісі Семеке ханның шөбересі - Сұлтан Қоңырқұлжа Құнаймендин ауылдарды шапқыншылықтан қорғап, приказдар құру туралы өтінішпен орыс үкіметіне жүгінді. 1830 жылғы 28 мамырда округтық приказ құрылысын салу мақсатында Петропавл қаласынан Ф. К. Шубиннің жасағы шықты. Сұлтан Қ. Құнаймендин сол жылғы жазда өзінің ауылдарымен Қараөткел шатқалына көшіп жатты. Ф. К. Шубиннің жасағы да сонда келді. Жергілікті рулардың көсемдері шақырылып, Есіл жағалауын қоныстанғандардың бір - біріне қатынасуына ыңғайлы Қараөткелде бекініс салуға Шубинді көндірді. 1830 жылғы 18 маусымда құжат жасалды. Барлық қағаздарда бұл жер Ақмола деп аталды. Бекініс тұрғындарының саны 313 адамға жетті. Құрылыс аяқталғаннан кейін, 1832 жылғы 22 тамызда Ақмола приказы мен сыртқы округ ресми түрде ашылды. Ашылу салтанатында сәйге, палуан күрес, ақындар айтысы өткізілді. Барлық зеңбіректерден 31 дүркін артиллерия салюті атылды. 1835 жылы округ құрамында 71262 тұрғыны бар 15 қазақ болысы мен 9 үйі бар бір орыс қонысы болды. 1840 жылы далалық бекініс салынып, оның жоспардағы пішіні бес мұнарасы бар көпбұрышы түрінде болды. Әскери стратегиялық тұрғыдан алғанда, бекініс қолайлы орналасып, жақсы қорғалған еді. Оңтүстік жағынан бекініс Есіл өзеніне жапсарлас келіп, батысы мен солтүстігінде батпақты жерлер, ал шығысында далалы жерлер созылып жатты. Уақыт өте келе батыс жағында әскерден кеткен солдаттар, ұсақ саудагерлер мен қолөнершілер қоныстанып, құрылыс жайларының «Слободка» деп аталатын тобы түзілді.
Уақыт өте берді, бекініс маңайында адамдар келіп қоныс теуіп, болашақ Ақмоланың аудандары түзіле бастады. Қала екі мектептен - қазақ мектебі мен мешіт жанындағы медреседен, бір май қорытатын кәсіпорынан, екі ұстаханадан, екі нан өнімдерін сататын дүкеннен, бір шарап жертөлесі мен он бір ішімдік мекемесінен басталған еді. Бірте - бірте өсе келе, бекініс 1845 жылы Ақмола бекетіне айналды.
1854-1856 жылдары бекініс Сібір қазақ әскерінің қазынасы есебінен А. Абдулманов, А. Сәбитов серіктестерімен бірлесіп, ағаштан Константин - Еленин шіркеуін тұрғызды. Кейіннен шіркеу бөлшектеліп, жаңа орынға көшірілді де, онда қазір кезге шейін Константин - Еленин кафедралық соборы жұмыс істейді. Шамалы уақыттан кейін қырда ағаш мешіт пайда болды. Керуен келген кездерде мешітте намаз оқылатын, ал жай күндері және мейрам кездерінде мұнда жақын орналасқан ауылдардың қазақтары жиналатын. Мешіттің жанында қазақ мектебі жұмыс істеді. Ағаш мешіт 1920 жылы өртеніп кетті. Жылдар өте берді. Кішкене бекініс барған сайын шағын қалаға ұқсай бастады. Қала мәртебесі Ақмола бекетіне Ресей Ішкі істер министрлігінің шешімімен 1862 жылғы 7 мамырда берілді. 1868 жылы Ақмола облысы құрылды. Облыстың елтаңбасы бекітілді. Оның кескінінің көшірмесі сақталған: жасыл қалқанда екі үшкір мұнарасы мен күмістен жасалған күмбезі, ортасында алтыннан жасалған жарты ай бар, Нияз бидің кесенесі бейнеленген.
Саудагерлер көптеп келе берді, жаңа дүкендер, мануфактуралар мен банктер ашылып жатты. Ақмоланың халқы ұдайы арта берді. 1869 жылы Ақмолада түрлі ұлттың 5122 өкілі тұрса, ал 1910 жылы - олардыңсаны 13000 адам болды. Ақмоланың көпестері Бұхармен, Қоқандпен, Түркістанмен сауда - саттық байланыстар орнатты. Ағайынды Қощығұловтар - Баймұхаметтің ұлдары Құрманғали, Нұркен, Уәли мен Мұқан көпке танымал болды. Ең ауқаттылары Ғалиасқар мен Сыздық Халфиндер, Нұркен Зәбіров, Иван Силин, Петр Моисеев, Андриан мен Матвей Кубриндер болды. Құдаймендиннен кейін сайланған Ақмола округінің аға сұлтаны Ибрагим Жақыбаев өлкедегі сауда ісіне үлкен қолдаушылық қылды.
Меценаттылық пен қайырымдылық дәстүрлерін Ақмолада орыс көпестері де, қазақтар да ұстанатын еді. Олардың қаражатына мектептер, медреселер, театрлар салынды. 1898 жылы Ақмолада бастауыш білім туралы қамқоршылық қоғамы құрылды. Қамқоршылар ретінде шыққан ағайынды Кубрин, Иван Силин, және басқалары болды. Б. Қощығұлов мұсылман жастарына арнап мешіт пен мектеп тұрғызды.
1890 жылы қала басшылығы орталық алаңда Қонақ қатарларын - қасбеті бойынша тұтас бір кварталды алған бір қабатты тас дүкендердің екі корпусын тұрғызды. Қазіргі «Sina Tempore» сауда орталығы тұрған жерде Қощығұловтың «Көк қатар» деп аталатын дүкені орналасқан болатын. Оның жанында алаңда бүкіл Сарыарқаға аты шыққан Константин жәрмеңкесі өткізілетін.
1897 жылы қала әлі аса үлкен емес болатын: онда 9707 адам мекендеді. Олардың ішінде 5105 ер адам мен 4602 әйел адам болды. Қазақтардың саны 3020 адам, орыстар - 4619, татарлар -1035, мордвалар-223 адам, немістер - 205 адам, еврейлер - 173 адам, украиндықтар - 101 адам және басқалары болды. қаланың 7 тұрғынының ғана, олардың ішінде әйелдің жоғары білімі болды. Сауаты бар адамдар ақмолалықтардың жалпы санының 22, 5 пр-ын құрады. Астананың ең үлкен мұрағатшасы Н. И. Байчиков тауып алған, Ресей империясының алғашқы жалпыға бірдей халық санағының нәтижелері осындай болатын. Қалада тас үйлер көптеп тұрғызылды, олардың көпшілігі ескі орталықта сақталған. 1898 жылы облыста 3 қалалық, 12 шіркеу-приход мектебі мен бірнеше ущилище болды. [3]
1. 2 Кеңес дәуірінде
Февраль революциясынана кейін басқарма мүшелері Ақмолада ояздық атқару комитетін құрды, бірақ ол ұзақ тұрған жоқ. Т. И. Бочок басқарған большевиктік топ 1917 жылғы 27 желтоқсанда Ақмола қалалық Кеңес департаментін құрды, ал 1918 жылғы 2 наурызда Ақмола ояздық кеңес департаменті сайланып, оязда біртұтас Кеңс үкіметін құру туралы шешім қабылданды.
Колчак келгеннен кейін басқарма өзінің жұмысын қайта жалғастырды. Соңғы «қала басшысының» қызметін көпес С. А. Кубрин атқарды. 1919 жылғы 24 қарашада, ақ казактар атаманы Дутов Ақмоладан біржола кетердің алдыңда көпестер қауымы мен жергілік зияткерлер қоштасу кешін ұйымдастырды. 25 қарашада Көкшетаулық әскер тобының авангарды - 59-шы дивизияның Жеке Далалық бригадасының Г. Ю. Нейман басқарған бірінші Ақмола және екінші Қостанай атқыштар полктары келіп жетті.
1939 жылдың қазан айында Ақмола облыс орталығы деп белгіленді. Қалада 32, 5 мың адам тұрған. Қала осында арнайы қоныстануға жіберілген, қоныс аударылған халықтардың екінші үйіне айналды.
1940 жылы мұнда 6 кәсіпорын, соның ішінде республикалық дәрежедегі үш кәсіпорын жұмыс істеді. Оларда жұмыс істейтін тұрғындардың жалпы саны 801 адам болды.
Ұлы Отан соғыс жылдарында Ақмола әскери-мобилизациялау және қорғаныс жұмысын жүргізді, майданға көмектесті. Ақмола қалалық атқару комитетінің қала аумағындағы әскери құрамаларды қабылдау мен орналастыру туралу шешімдерінің түпнұсқалары, адам ресурстардың саны туралы мәліметтер, Қызыл Әскерге жылқы жеткізу бойынша нарядтар сақталып қалған. Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың жергілікті штабы құрылып, өзін - өзі қорғау топтары дайындалды, ОСОАВИАХИМ мен Қызыл Крест белсенді жұмыс атқарды. Ақмола қазақстандық әскери бөлімдерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Мұнда 310-шы, 387-ші, 29-шы атқыштар дивизиялары мен 106-шы атты әскер дивизиясы жасақталды. Соғыс жылдары майданға аттанған 9783 ақмолалықтардың қатарынан 7414 адам қайтып келген жоқ. 38 ақмолалық жауынгерге Кеңестер Одағының Батыры атағы беріліп, 7 адам үш дәрежелі Даңқ Ордендерімен марапатталды.
Өнеркәсіптің әскери жағдайға бейімделіп қайта құрылуы, ірі өндірістердің орын ауыстыруы, соғыс аймағынана көшірілгендер - осының бәрі қаланың экономикалық әлеуетінің дамуына әсер етті. Өнеркәсіп орындарының саны екі жарым есе артты. Одақтық дәрежедегі зауыттар - «Қызыл ауыл шаруашылық машина» және № 317 зауыт пайда болды. 1944 жылы 16 кәсіпорында 2800 адам еңбек етті. Өнеркәсіптің қарқынды қадамы Ақмола темір жол торабын Қарағанды темір жолының аса маңызды буынына айналдырды. Жаңа қабылдау - жөнелту жолдарын төсеу мен паровоз паркін қайта жарақтау есебінен оның өткізу қабілетті артты.
Жаңа ауруханалар, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған емхана ашылды. Қала аумағында екі эвакуациялық госпиталь - № 1600, № 3006 орналастырылды. Соғыс жылдарында ақмолалықтар барлық күшін майданға көмектесуге бағыттады: қорғаныс қорына қаражат жинады, майданға азық - түлік пен жылы киімдер салынған жөнелтімдер кетіп жатты, соғыс мүгедектеріне және әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетілді. 1945 жылы мамырда шыққан газеттер көп күттірген жеңіс туралы сүйінші хабар әкелгенге дейін осылай болып келген еді.
Тың және тыңайған жерлерді игеру - Ақмола облысының тіршілігіндегі келесі кезең. 1954 жылғы 2 наурызда Алматыда, ал 5 наурызда Мәскеуде еріктілер тиелген алғашқы эшелон келіп жетті. 1953 жыл мен 1958 жыл аралығында Ақмола облысына шамамен 270 мың адам келді. Ол еліміздің басты қырмандарының біріне, ауылшаруашылығына арналған машина жасау өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Тың игеру қаланың дамуындағы шешуші жайт болып шықты. 1960 жылғы 26 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Тың өлкесін құру туралы Жарлығы шықты. 1961 жылдан бастап қала Целиноград деп аталды.
Тұрғындардың саны күрт өсті. 1961 жылы қалалық тұрғын үй қоры 115 мың адамға 600 мың шаршы метр құрады. Жарты жыл ішінде құрылысшылар 650 пәтерді, төрт, бес қабаты мектеп ғимаратын іске пайдалануңа беріп, жетті қабаты Кеңестер үйінің құрылысын салуға дайындықты бастады. 1962 жылдың соңына қарай тағы 8 көп пәтерлі үй мен 2 бес қабаты мектеп тұрғызылды. Бір жылда тұрғын үй қоры 115 000 шаршы метрге артты.
1963 жылғы 1 маусымда жаңа ықшам ауданның («А» ықшам ауданы, қазір Целинный) алғашқы іргетасын қалау салтанаты жағдайда болып өтті. Мәскеулік құрылысшылардың тулар мен транспаранттар ұстаған шеруі бүкіл қаланы жарыа өтті.
КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысын (Қазақстанда астанасы Целиноградта орналасқан Тың өлкесін құру туралы) орындар мақсатында қала дамуының бас жоспары, сондай - ақ Оңтүстік - Шығыс бағыттағы ескі үйлерді қайта салу мен жаңаларын тұрғызу жоспары әзірленді. 1963 жылғы 6 қарашада телеорталық жұмыс істей бастады. 2 355 орынға есептелген Тың игерушілер Сарай ашылды - өзінің көлемі мен жабдықталу жүйесі бойынша ол сол кезде Кеңестер Одағында Кремль Съездер сарайынан кейіннгі екінші орында тұрған Сарай деп саналды.
Сонымен қатар екі көпір салынды. Біріншісі көлікке арналған, екіншісі қаланы саябақ аймағымен, жағажаймен және целиноградтық балалардың басты қызығы - балалар темір жолымен байланыстырды. [4]
1. 3 Астана - Қазақстанның елордасы
1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен ақмола Қазақстанның елордасына айналды. Мұндай шешімнің қабылдануына қаланың геосаяси тұрғыдан елдің орталығында, аса ірі көлік жолдарының қиылысында орналасуы, қажетті көлік және телекоммуникациялық инфрақұрылымның, елорданы дамытуға қажетті бос жатқан жерлердің болуы себеп болды. Халық 290 мың адамды құрайтын, Қазақстандағы ең көркем әрі келешегі мол қалалардың бірі Қазақстанның жаңа астанасына айналды. Қаланың алаңы 1997 жылы 258 шаршы километрді құраса, бүгінгі Астана 710, 2 шаршыкилометрді алып жатыр.
1998 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес Ақмоланың аты Астана деп өзгертілді. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Қазақстанның астанасына медаль тапсырылып, «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атақ берілді. Бүгін Астана -еуразиялық кеңістіктің орталығы, мұнда қазіргі заманғы саяси, экономикалық және әлеуметтік - мәдени мәселелер бойынша түрлі басқосулар өткізіледі. [5]
Қала алаңы: 72, 2 мың га.
Климат: шұғыл-континентальды: қоңыржай ыстық жаз және созылмалы аязды қыс
Географиялық координаталар: солтүстік ендіктен 51 градус 10 минут және шығыс ұзындықта 71 градус 30 минут.
Жергілікті уақыт: Астана 5-інші сағат белдігінде орналасқан. Жергілікті уақыт нөлдік меридианға қатысты GMT +06. 00 есептеледі.
Астанада 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.
Бүгінгі күні Астана елдің іскерлік орталығы образына барынша жылдам еніп келеді. Барлық үкіметтік ұйымдар, шетел мемлекеттерінің елшіліктері, бірлескен кәсіпорындар мен шетел фирмалары жаңа астанада жинақталған. Әр жыл сайын қала түрлі халықаралық индустриалдық көрмелерге, конференцияларға және музыкалық фестивальдерге қонақтар қабылдайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz