Ағаш шеберлігін үйрету әдістемесі


Жоспар
Кіріспе . . . 3-5
І. Қолөнер. Ағашты көркемдеп өңдеу. Еңбекті қорғау
- Қазақ халқының қолөнер тарихы. (киіз үй, ыдыс-аяқ, ер қосу) . . . 6-20
- ағаш өңдеу технологиясы . . . 21-27
- ағашты кептіру
б) ағашты сүргілеу
в) ағаш ою құралдары
г) ағаш ою тәсілдері
д) ағаштарды қолөнерде пайдалану
ж) әрлеу бояу, май немесе лак жағу
1. 3 Ағаштың түрлері . . . 28-30
1. 4 Ағаштың негізгі қасиеттері . . . 31-37
ІІ. Ағаш шеберлігін үйрету әдістемесі . . . 38-39
2. 1 "Шебер" қолөнер үйірмесі . . . 39-42
2. 2. Астау . . . 43
2. 3. Астау жасау технологиясы . . . 44-45
2. 4. Тостаған . . . 46-49
2. 5. Еңбекті қорғау . . . 50
2. 6. Техника қауіпсіздігі ережесі . . . 51-52
IІІ . Қорытынды . . . 53-55
Әдебиеттер тізімі . . . 56-57
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Бізді қоршаған заттардың барлығы шеберлердің қолынан шыққанын жақсы білесіздер. Бұл заттар адам тұрмысының әр саласында жасалады. Күнделікті тұрмыс қажетін өңдейді. Айналамызға дұрыстап, шын көңілімізбен анықтап қарайықшы. Нені байқадық ? Әрине, сол заттардың әдемі әшекейленгенін, ойып жасалынғанын, көркем кестеленгенін аңғардық. Киім-кешекте, ыдыс-аяқта, күнделікті тұрмысымыздағы заттардың әсем ою-өрнектері мыңдаған жылдар бойы халықпен біте қайнасып келе жатқан бай қазына екенін көрдік. Міне, адам өзінің күнделікті өмірінде көріп, қолданып жүрген заттардың, жай ғана заттар емес, әдемі көз қуантарлық, таңдай қағып тамсанаралық, күнделікті тұрмыс тіршілігінде ыңғайлы екенін байқадық. Табиғаттың бай қазынасы-темір, ағаш, тас, балшық, тері, жүн, аң мүйіздерін ата-бабаларымыз кеңінен білді. өз істеріне жаратты. Тек пайдаланып қоймай, жасаған бұйымдарына әр түрлі көркемді әшекейлер мен оюлар, адамдар мен жануарлардың бейнелерін әсем безендіріп өрнектей білді. Сол ғасырдан бастап қазақ халқының тамаша көркем қолөнер дәстүрі қалыптасты.
Өкініштісі, қазақ халқының бай қолөнерінің көбі бізге жетпейді, ұмытыла бастады. Мақтаулы, құнды бұйымдар жасаған қолөнер шеберлерінің тәжірибелері өздерімен бірге жоғалып отырды. Қазір қарапайым шеберлердің өзі саусақпен санарлық, тәжірибелері көбінекей пайдаланып отырылмай, оқушы жастарға жете бермейді.
Сендер, неге мұндай күйге душар болды?- деп сұрарсындар. Оның себебі көп: дүниеге өнеркәсіптің келуі, халықтың әл-ауқатының жақсарып, талап-тілегінің, талғампаздығының артуы, сонымен қатар завод-фабрикадан жүздеп, мыңдап шыққан заттар өнеркәсіптік негізгі қойылып халықты қамтамасыз ете алды. Фабрикадан шыққан ”егіз” заттар тұтынушыларды қамтамасыз еткенімен сапасы, көркемдік, әсемдік жағынан шебер қолынан шыққан затпен таласа алмады.
Бүгінгі күнгі тұтынушыны қамтамасыз ету, көрерменді әсемдік аясымен баулу үшін, қазіргі өмірімізге, талғампаздығымызға сай кілемдер, сырмақ, текеметтер, киімдер, ыдыстар, үй жиһаздарын жасай білуіміз керек. Олар темір, ағаш, мата, балшықтан жасалғанына қарамай нақышты, ою-өрнекті халық көңілінен шығатын заттар болып, үйінің төрінен орын алатынын ойлаған жөн.
Ендеше, халықтың қолөнерге деген ынтасы жойылған жоқ. Сондықтан талпынып, ынталанып, талаптансаңдар көркем, қолөнердің жан-жақты қырым мен сырын үйреніп меңгере аласыңдар. Өздерінің қоршаған заттардың әдемі әшекейіне қызығып қоймай, қолдарыңмен жасайтын, тіпті, әлі ешкімнің ойына келмеген ою-өрнектердің ойлап табатындарыңа сенімдердің болсын, өз күші мен жігеріне сенбеген адам өмірде игілікті іске, арманына жете алмайды!
Біз, бұл шағын еңбекте, қазақ халқының барлық қолөнерінің дәстүрлі мол тәжірибелерін толық қамтуды мақсат етпедік. Жас жеткіншек, талапкерлерді халықтың мол мұрасының сарқылмас көздерінің бір кішкене ғана бөлігімен таныстырып, содан мағлұмат беруді көздейді. Өйткені ол тек өнер тарихына немесе олардың түрлерімен әана шектеліп қоймайды, сол өнерді бүгінгі таңда мектеп оқушыларына дұрыс жеткізудің әдістелік жұмыстарын қамтиды.
Қазақ халқының қолөнері деп халақ тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар.
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән салтанат та құра білді. Бұдан біз халық творчествосының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоәамдық тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
“Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау- басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, жүннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өріп өріп қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік, және т. б көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлейтін болды. ”. Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі, діни әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер-халық қолөнрінің тамаша туындылары.
Қазіргі уақытта халықтың сәндік қолданбалы өнері даму үстінде. Соның ішінде тұрмыста ең көп тарағаны ағаштан тұрмыстық бұйымдарою болып табылады.
“ Біз көпғасырлық қазақ халқының тілі мен мәдениетін сақтап және жетілдіре отырып ұлтаралық келісімділікті қамтамасыз ету арқылы халықаралық қоғамдастықта геосаяси тұрақтылықтыдамыта бермекпіз” -деді ( Қ. Р. Президенті 2 наурыз 2006 жолдауынан) . Алға қойылған мақсаттар мен тапсырмаларды жүзеге асыру үшін көптеген қиыншылықтар туындап жатады. Бұл кемшіліктердің ең бастапқы себептері білім саласындағы бейнелеу өнері, тарих өнері, технология сабақтарындағы пәнаралық байланыстың дұрыс жолға қойылмағаны. Осының себебінен оқушылардың жаңа тақырыпты іс жүзінде алға дамыта алмауы. Соңғы уақытта дәстүрлі әдіспен қатар жаңа техникалық құрал- жабдықтарды пайдалану әдістемесі қолданылуда.
І. Қолөнер. Ағашты көркемдеп өңдеу. Еңбекті қорғау
- Қазақ халқының қолөнер тарихы
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар.
Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім-кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанат та құра білді. Бұдан біз халық творчествосының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, күн көрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз.
"Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш керует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі бау-басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік, және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштарымен әшекейлейтін болды. Қолөнерінде көңілге қонымды мәнерлер мен ондаған қолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді. Ертеден біздің заманымызга дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі, діни әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер - халық қолөнерінің тамаша туындылары.
Батырлық пен саяатшылыққа қажетті садақ пен жебе, айбалта мен шоқпар, сойыл мен босмойын, аңшыларға қажетті құстың тұғыры мен томағасы, балдағы мен аяқ бауы сияқты көптеген жабдықтар да қазақ халқының тұрмыс салтына, кәсібіне байланысты туғандығы сөзсіз.
Мал шаруашылығына қажетті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсамыс, өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандарды да халық даналығы ойлап тапты. Зергерлік, кестешілік және оюшылық өнерді дамытты. Халык, өнерпаздары құмнан, тастан, саздан құмыра, ыдыс-аяқтар; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терілерінен әшекейленген нақышты мүліктер, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын жасады.
Халықтың колөнеріндегі мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы - қайыс өру, қару-жарақ, көшу-кону, жол-жорық жабдықтары еді. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ию, мүйіз балқыту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппенде шұғылданады.
Диплом жұмысының мәселесін көтеру себебім осы жазылған деректердің қазақ халқының шеберлік, іскерлік жолындағы технологиясын біліп мектеп бағдарламасына енетін болса онда келешекте бала үлкен деңгейде ағаш шебері болып шығады деп сенемін.
Сондықтан қолөнер "еркектерге тән іс", "әйелдерге тән іс" деп екіге бөлініп келеді. Мысалы, тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, металл мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты еркектер атқарады. Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек току, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, шілтер шалу, тері киім тігу сияқты нәзік жұмысты әйелдер атқарды. Тері илеу, киіз басу, ши тарту, шом, жазы жасау жұмыстарын еркектер мен әйелдер бірлесіп істеді. Бірақ еркектер киім пішу, үлгі жасау, киім тігу, жүн сабау, арқан тарту, тері ыстау жұмыстарынан да шет қалған емес.
XIX ғасырда және XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш тесек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу кең өріс алды. Бұл кезде жастарға арнап ер-тұрман мен белдік, қыз-келіншектерге арнап сәукеле, шашбау, білезік, сырға, жасап оларды түрлі түсті өрнектермен әшекейлеу өнері де өрістей түсті. Қазақ халқының "Қарыс қазы - балықта, қалың қазына - халықта" деген мақалды да осы өнер молшылығынан туған еді.
Әрине, жоғарыда аталған қолөнердің бір қатары өте көп еңбек етуді керек етті. Бертін келе, адамзат қоғамы дамыған сайын қолөнердің біразы жаңа әдіс тауып, жана түрге ие болды, кейбіреулері тұрмыс қажетіне жарамсыз болғандықтан тіпті қолданылмады. Күйген кірпіш пен темір бетон, цемент пен шлак сияқты және басқа да сапалы материалдар бұрынғы материалдарды ығыстыра берді. Енді илеген балшыққа май салу, жылқы қылын, түйенің жабағысын қосу керексіз болып қалды. Аяқ киім молшылығы жасалғаннан кейін қолдан тері илеу, қайыстан, көннен етік тігу, шәрке байлап, шабата кию мүлдем жойылды. Ел салтанат құрды, ерлер даңққа бөленді, азаматтар сән түзеді.
Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың сапасына қатты талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді болуын қалады. Еңбек үстіңдегі творчестволық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керекті заттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Сонымен қатар жиһаздардың ою-өрнектері де талғамға қарай жаңа мәнер, жақсы әшекейлермен безендірілу және жиһаз-мүліктердің жаңа түрлерін шығару талабы да арта түсті. Фарфордан, тоттанбайтын металдан, эмаль жалатқан темірден, пласмассадан, жасанды талшықтардан жасалған жарасымды жаңа жиһаздар көбейді. Халық әлі де болса тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктердің түрлері мен сапасы жаңарды. Техникамен жақсы жабдықталған фабрикалар мен кәсіпшілік артельдерінде кілем тоқылып, шифоньер, кітап сөрелері жасалады, тігу ісі мен кестелеу өнері де машинамен орындалады, тастан қашап, сүйектен оюлап, құмнан құйып жасайтын бұйымдар енді заводтарда көптеп шығарылады.
Бұл айтылғандардан қолөнер халық тұрмысында ежелгі маңызын жойды, ендігі жерде онымен шұғылданудың керегі жоқ деген ұғым әсте тумайды. Қайта халық қолөнерінін бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру керек. Мысалы, жеңіл күпі, каптал шекпен, саптама етік, түлкі тымақ жүн қолқап, бөкебай, шарф сияқты ұлттық киімдер малшылар қауымы үшін қазір де қажет. Киіз үйдің сүйегі, үзік-туырлық, қымыз саба, тері қауға мен ер-тоқым тұрмандары керексіз деп ешкім де айта қоймайды. Осыған байланысты осы еңбекте қазақтың халықтың қолөнері саласының біраз түрлеріне тоқталып өтуді жөн көрдік. Олар: ою-өрнектердің түрлері, олардың атаулары мен қолданылатын орындары. Өрнектердің түрленіп даму тарихы мен кейбір өрнек элементтерінің үлгісі; жүн және одан ұқсатылатын заттар. Қой, түйе жүндері, ешкінің түбіті мен қылы, олардың түрлері мен атаулары. Жылқы қылы мен қоянның, құстың жүндері, олардан жасалатын заттар. Жүндерді іске әзірлеу: жуу, қайнату, сабау, түту, шүйкелеу, иіру, басу, бояу және т. б. Бұл тарауда түрлі жіптер, жиектер, өрмектер, бау-шулар, басқұрлар, арқандар туралы айтыла келіп, өрмек өнері туралы (кілем, алаша, шекпен, қоржын т. б. ) егжей-тегжейлі мағлұмат беріледі. Бізбен, сыммен шұлық, қолқап, шәлі тоқу жолдары; киіз басу. Мұнда жүн сабау, киіз басу, текемет, сырмақ сияқты заттарды өрнектеу әдістері мен жұмыс процесі айтылады, кейбір істердің үлгі-суреттері келтіріледі; кестешілік пен көркем тігіс өнері, олардың түрлері, атаулары, кестелеу әдістері, керекті құрал-жабдықтары, өрнек түрлері мен қазақ қол тігісі; зергерлік өнері, зергерлер жасайтын сәнді бұйымдардың түрлері мен атаулары, зергерлік ісінін өзгешелігі, оған керек жабдықтар мен істеу әдістері. Ат-тұрман, теңге, моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы жасаудағы зергерлер ісінің мәнерлері және т. б. жайлардан деректер келтіріледі; сүйек пен мүйізден істелген әдемі заттар - жүк-аяқ, асадал, кебеже, ожау, піспек, адалбақан т. б. Олардың түрлері, әшекей жасау әдістері; ағаш шеберлерінің жасаған әдемі заттары, оларды жасау, өрнектеу әдістері, киіз үйдің сүйегін басу, олардың түрлері мен атаулары, ағаштарды құрастыру, бояу, сүйектеу, күмістеу және т. б. мал мен аң терілерін ұқсату, олардың түрлері мен атаулары, ұқсату әдістері, іп салу, қайыс илеу, көң қатыру, тері ыстау, көн тілу, өрімшілік, ат-тұрман жасау өнері; былғары ұқсату, етікшілік, тігіншілік, етік, кебіс, мәсілдердің түрлері мен атаулары, кіселер, күмісті белдіктер, олардың істелу әдістері; ши орау өнері, шиді әзірлеу, тоқу, өрнектеу, шидің түрлері мен атаулары. Сондай-ақ бояу түстерін орналастыру туралы тарихи мағлұматтар да беріледі.
Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалады. Балташылар, ағаш ұсталары, ершілер қайыңды, үйеңкіні, үйшілер, ағаш ойып, шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Балташылар үй борайды, еден төсеп, арба, шана, жақтау, қақпа, тіреу сияқты ірі заттарды істейді. Ағаш ұстасы стол, шкаф, сөре, орындық, кебеже, асадал, рамалар жасайды. Ағаш оюшылар оны жонып күйдіреді де бояулап өрнектейді. Шыбық өрушілер, тоқушылар қамыстан, шидан қорап, шыпта, орындық, шарбақ сияқты заттарды өреді. Бұл жұмысқа бұтақсыз, оқырасы жоқ, таза ағаш таңдап алынады.
Ағаш шеберлері балта, пышқы, үстірік (сүргі), бүрғы, ағаш түрпісі, тез, қысқы, үскі, қашау сияқты аспаптарды пайдаланады. Бұлардан басқа түрлі елшеуіш пен үлгі, біз, қырғы, желім, бояу сияқты көмекші құралдары да болады. Ағаштан бұйым жасайтын шеберлер: емен, қайың, самырсын, үйеңкі, қызыл қарағай, шынар, қара ағаш, ырғай, шырғай, тасжарған, мойыл, қайыңның түбірі (безі), жеке, тал, арша, жаңғақ ағашы, май қарағай сияқтыларды пайдаланады. Бұлардың бірі қатты, бірі жонуға оңай, жылтыр, ал кейбіреуі жарылмайтын, қаңсымайтын болса, енді кейбіреуі иілгіш, жеңіл, су сіңбейтін, бірақ бояу сіңгіш, желім ұстағыш болады. Әрбір істің ерекшелігіне қарай әр түрлі сападағы ағаштар пайдаланылады. Мысалы, қазақ шеберлері әрі жеңіл, әрі жонуға жақсы деп ерді, арбаның төс ағашын, кереуеттің басын қайыңнан істейді. Күйменің, тарантастың өре ағаштарын әрі солқылдақ, әрі мықты болады деп үйеңкі мен мойылдан жасаса, найзаның сабын, садақтың жебесін, соқа мен арбаның оқтық және т. б. бөлшектерін темірдей берік деп еменнен, мал суаратын науаны (астауды) су сіңіп ісінбейді деп самырсыннан жасайды.
Құстың тұғыры балдағы, пышақтың сабы, қасық, шөміш сияқты әрі жеңіл, әрі қызыл, көк, ақ түстер аралас, иісі жақсы болғандықтан арша ағашынан жасалады. Балтаның, балғаның, қамшының саптарын көбінесе ырғай мен шырғай, ұшқат ағаштарынан, тобылғыдан істейді. Қазақ үйдің уық, керегелерін талдан, қара мойылдан, шаңырағы, маңдайша мен табалдырығын қайыңнан істейді. Күйдіріп, өрнектеу көбінесе қайыңға, ал оюластырып шегелеп өрнектеу емен мен қызыл ағашқа жасалады.
Киіз үй. Қазақтың байырғы ұлттық баспанасы киіз үй болған, оны кейде киіз үй, кейде қазақ үйі деп атайды. Қазақ үйлерішң үлкен-кішілігін керегелер санына қарай белгілейді. Академик Ә. Марғұлан өзінің "Қазақ үйі және оның жиһаздары" деген еңбегінде киіз үйлердің екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлкен түрлері болғандығын, бір үйдің керегелерінің басы 70-80-нен бастап 360-қа дейін болатындығын айтады. Соған орай киіз үйлердің түрлері мен атаулары да көп. Бұрынғы хан-сұлтандар мен атақты байлардың үйлері 8 қанаттан бастап 30 қанатқа дейін баратын үлкен және өте бай жиһазды, әшекейлі болып қелген. Бұларды ақ ала орда, ақ орда, ақ шаңқан, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Ал орташа шаруа мен кедей шаруаларға тән киіз үйлерді алты қанат ақ үй, боз үй, қоңыр үй, қара үй, қара лашық, қалмақ үй, лашық, аран, жаба салма, көтерме туырлықты, кепе, ұранқай, күрке, қамсау (шошала), отау, итарқа, жаппа деп атаған. Жолаушылар мен жорықшыларға тән үйлерді абылайша, ақ қос, қаңқа(арбаның үстіне тігілетін киіз үй), қоспа, жоламай (жол амалы), жорық үй, жұлым үй (түзу уықтарға туырлық жаба салатын үй) деп, ас үйлерді: асхана, ас үй, бойра, кібіт (түбірі татарша - кибіт), кілет үй деген.
Сондай-ақ құрым киізден, қамыстан, шиден (кейде құрым, қамыс, шиді сыртынан былжырмен сылаған) қақыра, доғара, аран, қалқа, қалға сияқты киіз үй тектес үйшіктер салынатын болған.
8-18 қанат сәнді үйлердің киіздерін ақ жүннен басып, үстінен күйдірген әкпен, ақ бормен, күйген сүйектің күлімен ағартып бояған. Ал кіші-гірім қақыра немесе қалқа сияқты үйлер көбінесе соғыста майдан шебіндегі далада, кейде қорған есебінде тігілетін.
Қазақ киіз үйлерінің неғізінен "қыпшақ үлгісі", "қалмақ үлгісі" деп аталатын екі түрі бар. Оның біріншісі - иығы шығыңқы, мінсіз дөңгелек те, екіншісі, еңсесіз шошақ үй. Қазақ киіз үйлерінің "үзікті үй", "көтерме туырлықты" үй деп аталатын да түрлері бар. Көтерме туырлықты үйдің де екі түрі болады. Көтерме туырлықты үйде бөлек үзік болмайды, оның орнына туырлық шаңыраққа бір-ақ жетіп тұратын биік қасты болып жасалады.
Қазақ үйлерінің сүйегі кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, таяныш, табалдырық, сықырлауық деп аталатын ағаш құралдардан тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz