Кәсіпорынның еңбек ресурстарының құрылымы


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

Тарау І Астық өңдеудің және сақтаудың теориялық негіздері

1. 1 Қазақстан Республикасының астық өнімінің маңызы . . . 5-9

1. 2 Астық өңдеудің және сақтаудың ұйымдастыру жолдары . . . 9-15

1. 3 Астық сапасын арттырудың жолдары . . . 16-23

1. 4 Астық өңдеудің басты көрсеткіштері . . . 23-28

Тарау ІІ Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің талдауы

2. 1 Кәсіпорынның еңбек ресурстарының құрылымы . . . 32-33

2. 2 Кәсіпорынның материалдық ресурстары . . . 33-35

2. 3 Кәсіпорынның қаржы нәтижесі . . . 35-38

2. 4 Астықты өңдеудің сақтаудың өзіндік құны және өндіріс анализі . . . 38-39

2. 5 Астық қабылдау кәсіпорынның пайда мен рентабельдігін талдау . . . 39-43

Тарау ІІІ Кәсіпорын қызметінің тиімділігін көтеру үшін бидайды қайта өңдеу

3. 1 Бизнес - жоспар туралы жалпы түсінік . . . 43-46

3. 2 Маркетингтік зерттеулер . . . 46-47

3. 3 Ұйымдастыру жолдары . . . 47-56

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Астық шаруашылығы республикамыздың аймақтарының аса маңызды саласының бірі болып табылады. Сонымен бірге еліміздің азық-түлікке және жемге қажетін қамтамасыз ету, тиісті мемлекеттік қор жасау және шетелдерге шығарылатын ресурстарды арттыру міндеті қойылып отыр. Бұл дәнді дақылдар егісінің көлемін ұлғайту есебінен емес, оның шығымдылығын арттыру және астықты дер кезінде ысырапсыз жинап алу, сапасын төмендетпей сақтау есебінен орындалуы тиіс.

Астықты сақтап және сапасын арттыруда дайындау мекемелерінің ролі өте зор. Соңғы кездері АҚК-дың материалдардық-техниканың базасы дами түсуде.

Техникалық базаның үздіксіз жақсаруы астық қоймаларының негізгі көрсеткіші - комплексті және жалпы комплексті жүк айналымы көлемін жедел қарқынымен арттырды.

Астықтың сапасын жақсарту үшін қажетті өңдеуден, яғни келесі аталғандардан (кептіру, тазарту, салқындату, т. б. ) өткізеді.

Астықты шаруашылықтардан алып қана қоймай одан әрі, астық қабылдайтын кәсіпорындардан дер кезінде жеткізу жүргізіліп, орақ кезіндегі ылғал және ластанған дәнді дақылдарды өңдеу жұмысы жақсартып отырады.

Кәсіпорындарды басқаруды одан әрі жетілдіру, мамандандыру мен шоғырланудың экономикалық тиімділігін арттыру міндеттері астық қабылдау кәсіпорыны орналастыру жолдары сиымдылығы анықталған.

Астық құрғақ жағдайда өте ұзақ уақыт сақталады, әр түрлі пішінді қамбаларға құюға және жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауға қолайлы солардың салдарынанда астық, ыстықтанда, суықтанда қорықпайды.

Қазақстан астық өндіру жөнінде дүние жүзіндегі белгілі елдің қатарына жатады.

Жұмсақ бидай көбеінесе нан пісіруге пайдаланылады.

Астықтан ұн, нан, макарон, жарма, тәтті тағамдар сиқяты адам баласына ең керекті де көректі өнімдер алынады және оны күрделі жем ретінде мал шаруашылығында да кеңінен пайдаланыла қана қоймай көптеген салаларда қолданылады.

Үлкен астық партияларын жасау қазіргі кездегі сақтау және өңдеу мекемелерінің ең бір басты міндеті болып есептеледі. Осы міндетті дұрыс шеше білсек, іс жүзінде барлық астықтан, жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етуге болады.

Егіншілікті дамыту, өнім өндіруді, ұлғайту мен сапасын жақсарту бидайдың сорттарына қойылатын талапты да арттыра түседі, оның кластылығына да сұраныс өседі деп есептеуі қажет дейді агрономия. Жаздың жұмсақ дәнді бидайлары Омбы-19, Омбы-29, Саратов-29 және т. б.

Өндірілетін жаздық бидайлар жоғары белоктігімен әрі товарлық сапалығымен бағалы.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорынының маңызды еркшелігі - жұмысшы күшін, техниканы, басқа да негізгі және айналым қорларын, пайдаланудан тұратын өндірістік процестерді ұйымдастырудың технологиялық жағы болып табылады. Өте тез дамып, қысқы және көктемгі ылғалды барынша тиімді пайдаланып, вегетация кезеңінің бірінші жартысында-ақ, яғни 70-80 күннің ішінде пісіп үлгереді. Өнім өндіруді, еңбек өнімділігі мен рентабельдігін мамандандыру негізінде арттырудың резервтері сақталуға тиіс болатын өнімді өндіру мен өңдеу процестерінің ұштасқан тұсында пайда болады.

Жүргізілген операцияларға, яғни өнім өндіруге жұмсалған шығындарды сол өнімді сатудан түскен табыспен толық жабуға кепілдік береді, әрбір еңбеккерлердің өз еңбегінің жоғары нәтижелі, өнімнің шығымы мен оның сапасының көтеріңкі болуына материалдық жағынан қызығушылығын арттырады.

Ал егер сол жылы еңбеккер немесе хрестиандық қожалық егін егіп шығынға ұшараса ол келесі жылға егін егуге өз капиталымен шығуы екі талай.

Егін шаруашылығында астық өнімінің биологиялық себептерден кемуі де мүмкін. Бұған әртүрлі себептерге байланысты дәннің өсіп толу кезіндегі кездесетін ауа райының қолайсыздығы салдарынан болатын өнімнің төмендеуі жатады.

Егін шаруашылығының жүйесі деп жоғары сапалы өнім алуға, жердің құнарлығын үнемі арттырып отыруға арналған, әр табиғи аймақтың жер және ауа райы жағдайларына қолайлы түрде ұйымдастыруға арналған агротехникалық шаралар жиынтығын айтамыз.

Бидайдың сапасын тексеруде құрғақ клейковинаның мөлшері де белгілі

орын алады. Егер сулы клейковинаны кептірсек, онда құрғақ клейковинаның мөлшері табылады, ал ұшып кеткен судың көлемі клейковинаның су ұстамдылық қабілеті немесе гидротациясы деп аталады. Егер клейковина әбден піскен, жақсы сақталған дәннен алынса оның су ұстамдылық қабілеті жоғары болады.

Диплом жұмысының мақсаты: кәсіпорынның теоретикалық аспектілерін қарастыру, кәсіпорынның экономикалық және қаржылық нәтижелерін талдау кезінде алынған қорытындыны қолданып экономикалық тиімділікті жоғарлатудын жолдарын анықтау.

Бұл мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыстың алдында келесі міндеттер қойылды:

- бидай өндіру процессінің теориялық аспектілерін жан-жақты және терен талқылау;

- кәсіпорын қызметіне нақты талдау жасау;

- кәсіпорын қызметінің пайдасын арттыру үшін жобалық шараларды ұсынып, оларды экономикалық жағынан негіздеп алу.

Диплом жұмысының обьектісі «Кенесары-астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, бұл кәсіпорынның негізгі бағыты бидаи өндіру және оны тиімді іске асыру табылады, екінші бағыты - сактау, үшінші бағыт - тазарту, төртінші бағыт - кептіру, бесінші бағыт - салқындату.

Дипломдық жұмыс кіріспеден 3 бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде зерттелінетін сұрақтын теориялақ аспектілері қарастырылған. Екінші бөлімде кәсіпорын қызметіне жан жақты және терен талдау жасалған. Үшінші бөлімде кәсіпорпын қызметіннің пайдасын арттыру үшін экономикалық негізделген жоба ұсынысы берілген.

1 тарау Астық өңдеудің және сақтаудың теориялық негіздері

1. 1 Қазақстан Республикасында астық өнімінің маңызы

Астық өндірісі - ауыл шаруашылығының ірі саласы. Астықтан ұн, нан, макарон, жарма, тәтті тағамдар сияқты адам баласына ең керекті өнімдер алынады және оны күрделі жем ретінде мал шаруашылығында да кеңінен пайдаланады.

Дәнді дақылдар, бұршақ тұқымдастар және лайлы тұқымды дақылдар өндірістің көптеген салаларында пайдаланады. Олардан спирт, сыра, өсімдік майы, мақта, адамға керекті көптеген қаттар алынады.

Астық піскен кезде дәннің құрамына кіріп сақталады.

Астық құрғақ жағдайда өте ұзақ сақталады, әр түрлі пішінді қамбаларға құюға және жер жүзінің түкпір-түкпіріне тасымалдауға қолайлы, ыстықтан да, суықтан да қорықпайды.

Міне осыдан барып барлық жер жүзіне кең тарап кеткен. Міне осындай маңызды ерекшеліктеріне қарай дүние жүзінің көптеген елдерінде егін шаруашылығын дамытуға, сапалы астықты мал өндіруге үлкен мән береді.

Қазақстан астық өндіру жөнінде дүние жүзіндегі белгілі елдің қатарына жатады. Республикада астық шаруашылығын өркендетуге басты көңіл бөлініп жыл сайын орташа есеппен өндірілген астықтың көлемін 26, 5-28, 5 млн. тоннаға жеткізу көзделіп отыр.

Қазақстан астықтың сапасы жағынан бірінші орын алып отыр. Қазақстанның солтүстік облыстарының бәрінде дерлік күшті және қатты бидай өсіріледі. Онсыз сапалы нан пісіру мүмкін емес және оны шет мемлекеттерге алтынға балап сатуға болады.

ҚР-да астық дақылдарының көптеген мол өнімді, сапасы жақсы жаңа сорттары шығарлып отыр, олар еліміздің барлық жерлеріне кең таралады. Астық көп өндірілетін солтүстік аймақтарда элеватор және астық қамбалары көп салынып, ондағы барлық орындалатын жұмыс механикаландырылған және автоматтандырылған.

Республиканың егін шаруашылығана жаңа техника мен озық технология кеңінен енгізілуде. Ол астықта көп өнідіріп, оның сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.

Қазақстан астық өнімдері 1953 жылдан, яғни тың және тыңайған жерлерді игеруден бастап тез өсе бастады. Қазір республикамызда 25, 5млн. гектардан артық егіс егіледі.

Осындай жетістіктерге қарамастан, астық өнімдері тамақ өнеркәсібін шикізатпен, мал шаруашылығымен күрделі жеммен қамтамасыз етуге әлі де жетіспейді. Сондықтан республикамыздаң 2000-2010 жылдары

әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі бағыттарында егіс өнімін арттыру ең басты бағыт деп есептеліп, әр адам басына жылына 1, 5 тоннадан астық өндіру міндетін алға қойып отыр. Сонда ғана Қазақстанда ұн, нан сияқты халық күнделікті пайдаланатын тағамдармен қатар, мал азығына қажетті сапалы жем де жеткілікті болмақ.

Қай дәуірді алсақ та адам өмірі бидаймен тығыз байланыста болған. Қазақстан - еліміздің аса ірі астықты аймағының бірі. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша екі жүз миллион га астам жерді бидай алқабы алып жатыр.

Қазақстанда егілген бидайлар негізінен жаздық бидайдың жұмсақ және қатты түрлерінде жатады. Қатты бидай өнімін беретін көбінесе гордеиформе, аракідік мелянопус тәрізді түрлері.

Ал Қазақстанның оңтүстігінде егіліп келген бидайдың құрамы түр жағынан әлдеқайда байырақ.

Егіншілікті дамыту, өнім өндіруді ұлғайту мен сапасын жақсарту бидайдың сорттарына қойылатын талапты да артыра түседі.

Жаздың жұмсақ дәнді бидайлар Қазақстан-4, Омбы-9, Саратов-42. Жаздың қатты бидайлары - Алмас, Алтай, Саратов-40.

Қазақстанның ерекше климатына бейім сорт шығару оңай жұмыс емес. Қазақстанның ерекше табиғи осы жерлерге өте бейімделген әрі мол өнім беретін сорттарды шығаруды талап етеді. Бұл сорттардың топырақ талғамайтын, жер өңдеу тәсіліне қайшы келмейтін, суармалы жерлерде минералды тыңайтқыштарды барынша мол сіңіре алатын тағы басқа да өндірісті қасиеттері болуы қажет.

Солтүстік және Орталық Қазақстанда өндірілетін жаздық бидайлар жоғары белоктігімен әрі товарлық сапалылығымен бағалы. Аймақтың табиғат ерекшеліктеріне байланысты мұнда еліміздің астық байланысында өте құнды саналатын күшті және қатты сорттарын және оның өнім сапасын жақсарту үшін қолданылатын түрлерін егуге мүмкіндік мол.

Қазіргі кезде Қазақстанда жергілікті табиғат жағдайына бейімделген жаздық бидайдың өнімді сорттары аз емес. Олардың өнімділігі агротехникалық шаралардың дұрыс және уақтылы қолданылуына байланысты. Алдағы міндет осы сорттардың өнімділігін арттырып, сапалық құрамын одан әрі жақсарту.

Орталық Қазақстанда жаз айларында атмосфера мен топырақтың өте құрғақ болуына және жиі-жиі аңызақ соғуына байланысты тек қана ерте пісетін сорттарын егуге тура келеді. Бұлар өте тез дамып, қысқы және көктемгі ылғалды барынша тиімді пайдаланып, вегетация кезеңінің бірінші жартысында-ақ, яғни 70-80 күннің ішінде пісіп үлгереді.

Климаттың, әр жылы алынған астық өнімі туралы мәліметтерге зер салсақ, онда Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында әрбір екі

жылда егіс құрғақшылықтан зардап шегетінін көреміз. Осындай жағдайлар Қазақстанның Солтүстік облысында әр 10 жылда 3-4 ретқайталанып отырады екен. Сонымен Қазақстан жаздық бидайын өсіруі республиканың табиғат және климат ерекшеліктерін, атап айтқанда климаттың өте континентальды, құбылмалы екендігін, жауын-шашынның әр жылы әр мезгілде біркелкі еместігін, құрғақшылықтың жиі болатындығын, көптеген аудандарда көктемнің соңын ала және ерте күзде байқалатын үсікті, топырақ эрозиясын тудыратын, қатты қары аз жылдары болатын қатты аяздарды, топырақ түрлерінің әртүрлілігін, тағы басқа жағдайларды ескере отырып жүргізіліп келе жатқанын айтқан жөн.

Бидайдың басқа түрлері өте аз көлемде егіледі. Бидай өсімдігінің бір-бірі жалғаса ауысып отыратын осы бір уақыт аралықтары мен кезеңдердің ұзақтығы сорттарына байланысты әр түрлі болады. Күшті бидай Казақстанның тек солтүстік облыстарында өседі. Құны өте жоғары, ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде ерекше орын алады және оның көлемі жылдан-жылға өсуде.

Қазақстанда негізінен ежелден мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі халықтар мекен еткен. Мұнымен қатар тарихи-әдебиеттерге қарағанда, кейбір топырағы құнарлы сулы аудандарда аздаған егін шаруашылығының болғаны туралы да мәліметтер бар.

Тарихи деректерге қарағанда алғашқы кезде бұл жерлерде жұмсақ бидай, құрғақшылық аудандарда тары егілген.

Бидайдың аласа бойлы қожа бидай түрі осы қазақ жерінде пайда болып тараған. Оның себебі көшпелі халықтар бидайды қыстауда егіп, өздері мал бағып жайлауға шығып кететін де, күзде жайлаудан қайтып оралған соң ғана бидайды орып алатын болған.

Сонда жуан сабақты ауа райының қолайсыздығына төзімді түрлері жығылмай қалып, көшпелі халық соларды жинап алып қажетіне жаратқан. Қожа бидай атты бидайдың бұл түрі табиғи жағдайда қазақ жерінде қалыптасқан және осы уақытқа дейін кейбір аудандарда егіледі. Қазақстан жерінде жоғары сапалы бидай өсетіні баяғыдан белгілі. Ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде бидай жер жүзінде өте көп тараған дақыл және қара бидайды есептемегенде, ұн мен нан сияқты кең тараған тағамдарды тек бидайдан ғана алуға болады. Жер шарында оның көптеген түрлері бар. Оның ішінде көп тараған екі түрі бар. Олар жұмсақ және қатты бидай түрлері. Жұмсақ бидай көбінесе нан пісіруге пайдаланылады. Ол өзінің наубайхананың қабілетіне қарай үш топқа бөлінеді.

Бірінші топ-күшті бидай. Оның наубайхананың қабілеті өте жоғары, хан бидайдың наубайханалық қабілетін қатардағы дәрежеге жеткізе

алады, оның құрамына ақуыз( белок) және дән маңызы (клейковина) көп болады және олардың сапасы өте жақсы болып келеді.

Екінші топқа - қатардағы бидай жатады.

Үшінші топ-осал бидай - наубайхананың қабілеті қанағаттанарлықсыз, өзі таза күйінде нан пісіруге жарамайды. Ауыл шаруашылығында, технологиялық ғылымдарда және тәжірибе жүзінде ең көп тараған жіктеу бірлігі - сорт. Сорт дегеніміз ғылым жүзінде, жерде себіліп келе жатқан, әбден танымал, қалыптасқан өсімдіктер тобы. Оған жататын өсімдіктердің бойы, түсімі және т. б. қолайсыз жағдайларға төзімділігі бірдей қалыптасқан бір түр-тармаққа жататын өсімдіктер тобы кіреді. Қазақстанда кең тараған сорттар саны көп.

Егін шаруашылығының жүйесі деп жоғары сапалы өнім алуға, жердің құнарлығын үнемі арттырып отыруға арналған, әр табиғи аймақтың жер және ауа райы жағдайларына қолайлы түрде ұйымдастыруға арналған агротехникалық шаралар жиынтығын айтамыз.

Егін орағы-егін шаруашылығындағы ең жауапты кезең. Мұнда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің бір жыл бойы істеген еңбектерінің қорытындысы шағарылады. Өз уақытында, ерте де емес, кеш те қалмай егінді жинап алу - өскен егіннен көп және жоғары сапалы өнім алудың бірден-бір кепілі. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығында егін ору екі тәсілде жүргізіледі. Орақ кезінде көптеген астық төгіледі, құсқа, т. б. зиянкестерге жем болады.

Мұнымен қатар комбайн жұмыс істегенде төгілу, сабанмен кету кемшіліктері де кездеседі. Барлық төгілген астықты 100% деп алсақ оның ішінде шығын болу көлемі 70% асады, ал басқадай өнімнің кему жолдары 30% шамасында болады. Өнімнің механикалық кемуіне дәннің масақтан түсіп қалуы, сынып түсуі және т. б. себептерден болатын түсімнің кемуі жатады. Бұлармен қатар астықтың аздаған бөлігі сынып немесе басқа да механикалық жарақаттарға ұшырауы ықтимал.

Егін шаруашылығында астық өнімінің биологиялық себептерден кемуі де мүмкін. Бұған әртүрлі себептерге байланысты дәннің өсіп толу кезіндегі кездесетін ауа райының қолайсыздығы салдарынан болатын өнімнің төмендеуі жатады.

Егін пісіп келе жатқан кезде ыстық ұрып, ауа құрғақшылығы басталса дән толмай, піспей семіп қалады. Осы себептен жеке дәннің көлемі кішірейеді, сақтауға да тұрақсыз болады, дәні ұсақ, әлжуаз келеді. Бұл жағдай Қазақстанның солтүстік аймақтарында жиі кездеседі. Бұған жазда соғатын жел де көмектеседі.

Егін орудың әдістері. Ең тараған көптен пайдаланылып келе жатқан астықты комбайнмен тура жинау әдісі. Бұл жинау тәсілінде комбайн

дәнді дақылдарды өзі орады, өзі бастырады да астық топанымен бірге қырманға түседі. Қырманда оны тазалайды, кептіреді де мемлекетке тапсырады, немесе қоймаға құяды. Тура комбайндау тәсілі тек жақсы піскен, арамшөптерден таза егістіктерді күн ашық-жарық жағдайда жақсы нәтижеге жетеді. Ору мен бастыруды бөлек жүргізу. Тура жиналғанда шығын болатын әбден піскен, сапасы жоғары дәндер де сақталып қалады. Солтүстік Қазақстанда күздің ерте түсуіне байланысты жаңбыр және қар ерте жауып, егістіктер көп шығынға ұшырайды. Су астықтың өніп, шіріп кету қауыптары туады. Сондықтан көптеген астық кептіретін агрегаттар қоюды керек етеді. Кейінгі кезде ору, одан түскен массаны түгел маяға салып, егістіктің шетіне шығарып, қырманға жинап, қыста бастыру әдісі қолданылып жүр.

  1. Астық өңдеудің және сақтаудың ұйымдастыру жолдары

1. Барлық астықты қабылдау, өңдеумен айналысатын мекемелердің негізгі міндеті өздерінің қарамағындағы бір шикізаттан (астықтан) мүмкіншілігі болғанша көп және жоғары сапалы дайын өнімдер алу болып табылады.

2. Мол астықты ысырапсыз жинап, кәсіпорындарға дер кезінде жеткізуде автомашиналардың атқаратын ролі зор. Олардың жұмысын жақсарту үшін егіді ору, жинау, тасу, өңдеу және сақтау процестеріне қатысатын әрбір буынның жұмысын дұрыс ұйымдастыру. Астықты қабылдағаннан кейін кәсіпорындарда жүргізілетін өңдеу процесінің ішінде маңызды орын алатын тазарту болып табылады. Тазарту арқылы дәнді дақылдар құрамындағы қоспалардың мөлшері нормаға дейін азайтылады. Тазарту жұмысының технологиялық тізбекте жүргізілу реті әр түрлі жағдайларға байланысты. Астықтың сапасын төмендететін себептер:

  • астықты толық қыздырмау;
  • рециркуляция айналымын азайту;
  • жылу- масса айырбастауда астықтың аз болуы;
  • астықты тиісінше салқындату;
  • қызметкерлер мамандығының төмен болуы.

3. АҚК-ы көптеген өндірістік процестермен, әсіресе бидаймен (қабылдау, тазалау, кептіру, сақтау және өткізу) немесе тарадағы өніммен байланысты күрделі жүйе болып табылады.

Бидайды қабылдау және өңдеу процесі міндетті түрде сапасының бақылауымен тығыз байланысты. Бидаймен бірге сегіз жинақталған және бір локальді процестерді орындауға болады. Қандай да өндірістік прцесс алғашқы өнімі бар сыйымдылықтан басталады, ал өндірістік процесс

нәтижесінде қасиеті өзгертілген өнімі бар сыйымдылықтан аяқталады. Өндіріс процесінде сыйымдылық бидаймен толтырылады, ол жинақталған оперативті сыйымдылық болып табылады. Сыйымдылық жинақталған оперативті болғаннан кейін онда сақтау процесі басталады. Осыдан, бидайды сақтау - бұл қандай да АҚК-ы өндіріс процесіндегі аяқталынатын процесс. АҚК-да шығын айналымының құрылымы, оның бөлігі қабылдау, сақтаумен байланысты. Егін шаруашылығында астық өнімінің биологиялық себептерден кемуі де мүмкін. Бұған әртүрлі себептерге байланысты дәннің өсіп толу кезіндегі кездесетін ауа райының қолайсыздығы салдарынан болатын өнімнің төмендеуі жатады.

Егін пісіп келе жатқан кезде ыстық ұрып, ауа құрғақшылығы басталса дән толмай, піспей семіп қалады. Осы себептен жеке дәннің көлемі кішірейеді, сақтауға да тұрақсыз болады, дәні ұсақ, әлжуаз келеді. Бұл жағдай Қазақстанның солтүстік аймақтарында жиі кездеседі. Бұған жазда соғатын жел де көмектеседі.

Егін орудың әдістері. Ең тараған көптен пайдаланылып келе жатқан астықты комбайнмен тура жинау әдісі. Бұл жинау тәсілінде комбайн

дәнді дақылдарды өзі орады, өзі бастырады да астық топанымен бірге қырманға түседі. Қырманда оны тазалайды, кептіреді де мемлекетке тапсырады, немесе қоймаға құяды. Тура комбайндау тәсілі тек жақсы піскен, арамшөптерден таза егістіктерді күн ашық-жарық жағдайда жақсы нәтижеге жетеді. Ору мен бастыруды бөлек жүргізу. Тура жиналғанда шығын болатын әбден піскен, сапасы жоғары дәндер де сақталып қалады. Солтүстік Қазақстанда күздің ерте түсуіне байланысты жаңбыр және қар ерте жауып, егістіктер көп шығынға ұшырайды. Су астықтың өніп, шіріп кету қауыптары туады. Сондықтан көптеген астық кептіретін агрегаттар қоюды керек етеді. Кейінгі кезде ору, одан түскен массаны түгел маяға салып, егістіктің шетіне шығарып, қырманға жинап, қыста бастыру әдісі қолданылып жүр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы ресурстарының қалыптасуымен оларды пайдалануды талдау
Кәсіпорынның қаржы тұрақтануына жетудің теориялық негіздері
Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау
Қаржы ресурстарының көзі
Қаржы ресурстары мен қорлардың құрылымы
Кәсіпорын қаржысы және оның ресурстарының қалыптасу көздері
Мақта өңдеу өндірістерінде ақша капиталының пайдалану механизмдерінің тиімділігін және оны жоспарлаудың негізгі мәселелерді талдау
Кәсіпорында капиталдың оңтайлы құрылымын құру мәселелері
Еңбек ресурстарын ұйымдастыру жайлы ақпарат
Қазіргі кезде кәсіпорынның ақша қаражаттарын басқарудың тиімділігін арттыру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz