Мектеп пен отбасының тәрбие жұмыстарының маңыздылығы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар.

Кіріспе.

I Бөлім. Тәрбие отбасынан басталады.

1. 1 Ата - аналармен бірлесе жұмыс істейік.

1. 2. Отбасы мен мектептің әрекеті.

1. 3. Ата - ана және мектеп ынтымақтастығы

II Бөлім. Мектеп, отбасы, жұртшылық және мектептің

бірлескен жұмысын ұйымдастырушы орталық.

2. 1. Ата - аналармен жан жақты қарым - қатынас.

2. 2. Ата - анамен қарым - қатынастың иновациялық

формалары мен әдістері.

2. 3. Ата - аналармен жүргізілген зерттеу

жұмыстары мен олардың нәтижелері.

Қорытынды.

Қосымшалар.

Пайдаланған әдебиеттер.

Ғылыми зерттеу аппараты.

Тақырыбы: « Мектеп пен отбасының тәрбие жұмыстарының маңыздылығы»

Мақсаты: - Мектеп пен отбасындағы тәрбие жүйелерін анықтау оларды жүйелі орындау жолдары.

Міндеті: - 1 Отбасындағы түрлі проблемалардың пайда болу себептерін анықтау.

2 . Балаға тәрбие берудегі ата - аналардың рөлі.

3. Баланы тәрбиелеудің жолдары.

Зерттеу объектісі: - Отбасы.

Зерттеу пәні: - О тбасы тәрбиесіндегі туындайтын проблемаларды анықтау.

Зертеу әдәсі: - Отбасы туралы ғылыми әдебиеттерді шолу, анкета, тест өткізу.

Ғылыми болжам: - Егер мектеппен бірлесе отырып балаға жастайынана көп көңіл бөліп жүйелі түрде тәрбие берілсе, оның мінезіндегі жаман қылықтарды дер кезінде түзеп отырса, келешекке жақсы адам тәрбиелеп шығаруға болады.

Кіріспе.

Ата анадан өсіп ұрпақ таралған,

Жақсы, жаман болса бала солардан.

Ж. Баласұғын.

Қатты тәртіп көрсе бала күнде

өмірімен қуантады түбінде.

Ж. Баласұғын.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - деген болатын әл - Фараби бабамыз. Бабаларымыздың өсиет сөздерін жастайынан ұл - қыздарымыздың құлақтарына құйып, ең әуелі мейірім - шапағатқа, содан соң ақыл - парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға баулу - ата - аналар мен ұстаздардың міндеті. Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 - бабы 2 - тармағында: «Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата - ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп атап көрсетілді. Салауатты отбасы - өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана дамып, байытыла түседі. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда адмгершілік пен ізгіліктің негізі қаланды. Сонымен қатар отбасы сүйіспеншіліктің мектебі болғандықтан, онда әрбір адам: әйел мен ер, әкесі мен анасы, қызы мен ұлы, ағасы мен қарындасы бола жүріп, сүйіспеншіліктің әр түрлі өлшемдерін танып біледі, адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрлері тек салауатты отбасында қалыптасады. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді ұйымдастырудан басталмақ.

Бүгінгі тәрбие берудің ауқымы кең, талабы жоғары. Соған сай заман талабы бүгінгі отбасына үлкен жауапкершілік пен жоғары білімділікті жүктеп отыр. Жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы тәрбиесіне философиялық, әлеументтанушылық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлінген. Бүгінге дейін отбасы және ондағы бала тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері қазақстандық ғалымдар Ж. Қоянбаев, Л. Лысенко, Р. Төлеубекова, Г. Байдельдинова, Ж. Әбиев және т. б. тарапынан зерттеліп келеді. Олар өз зерттеулерінде ұлттық ділді ескере отырып қоғам талабына сай бала тәрбиесін ұйымдастырудың жолдарын көрсетуге тырысады. Философ Р. Нұрғалиев өзінің сөздігінде «отбасы - ерлізайыпты одаққа және туыстық байланыстарға негізделген әлеуметтік қауымдастықтың түрі» деп көрсетсе, ғалым Қоянбаев өзінің психологиялық еңбегінде « Отбасы - ол бірге тұратын некеге негізделген қандас туыстар тобы» деп анықтама береді. Отбасының типтері, оның қызметтері, психологиялық ауан мен отбасы мүшелерінің өзара қарым - қатынасы ондағы бала тәрбиесіне өзіндік әсерін тигізді.

Біздің қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл - қыздардың дені сау, рухани әлемі бай, білімге құштар болып өсуі ең жоғарғы тілек, биік мақсат болып келген. Оның қуат алар қайнар бастауы - отбасы.

Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екі жақты әсер етеді.

1. Отбасының материалдық жағдайын сипаттайтын өзіндік өмір сүру дәстүрі арқылы, яғни отбасы мүшелерінің материалдық және рухани қажетсінуі мен әлеуметтік құндылықтары арқылы әсер етеді.

2. Әлеуметтік және белгілі бір мақсатқа бағытталған тәрбиелік шаралар арқылы әсер етеді.

Бұл көбінеме отбасындағы негізгі көзқарас пен тәрбие үрдісі қоғамның тәрбиелік мақсатына, идеялық, адамгершілік және эстетикалық талаптарына қаншалықты сәйкес келуіне байланысты жүзеге асырылады.

Ата - аналар отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастыру үшін оларға белгілі бір білімдер мен қаблеттіліктер қажет. Осы тұста Ресей ғалымдары А. Пинт «Ата - аналар балаға жақсы тәрбие беру үшін оның мінез құлқындағы әрбір ұсақ - түйек өзгерістерді байқап білуге қаблетті болу керек. Педагогтер секілді кез келген ата - анаға да педагогикалық такт өте қажет. Олар балаларын суықтап қалудан немесе әр түрлі ауруға шалдығудан қорғап, алдын алып жүреді де, өздерінің дөрекі сөздері мен әрекеттері арқылы олардың жүйке жүйелеріне кері әсер ететінін ескере бермейді» дей келіп, бала тәрбиесінде ата - аналардың бойында педагогикалық байқағыштық, педагогикалық елестету, педагогикалық такт және ұйымдастырушылық қаблеттердің болуын ұсынады.

Бұл мәселені шешу үшін ата - аналардың педагогикалық білімін көтерудің бүгінгі күнгі бірде - бір ошағы - мектеп. Бұл, ең алдымен, ата - аналармен жұмыс жүргізуде олар білуге тиісті білімдерді өмір талабына сай насихаттап отыру бүгінге сынып жетекшісінен терең білімдікті қажет етеді.

Дегенмен, бүгінгі отбасыларындағы ата - аналардың бала тәрбиесін заман талабына сай ұйымдастыруға қаблеттері мен мүмкіндіктері бірдей болмай отыр. Қазақ зиялыларының бірі М. Жұмабаевтың «Тәрбиедегі мақсат - баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына лайықты қылып шығару» деп айтуы балалар тәрбиесінде ата - аналар алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді. Әрине, отбасы өзінің дербес әрекеті арқылы тәрбие саласында ауқымды мәселелерді шешуде әлсіздік танытады. Ол үшін отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту өте маңызды. Ал тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл тұста үштік одақ: мектеп, отбасы және қоғамдық мекемелер жұмысындағы өзара сабақтастық және ынтымақтастық өз үйлесімін табуы тиіс.

I Бөлім. Тәрбие отбасынан басталады.

Еліміздің көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Шығысы ғұламасының бірі болып саналатын Жүсіп Баласұғынның дастандарында отбасы тәрбиесі көп айтылады. Мемлекеттің беріктігі тек ел билеуші қайраткерлерге, әділ заңға, күшті әскерге ғана емес, әр отбасының беріктігіне байланысты екендігін сипаттайды. Оның ойынша: отбасы беріктігі жақсы жер таңдаудан басталады және өнегелі отбасында ғана өнегелі ұрпақ тәрбиеленеді.

Р. Нұрғалиевтің философиялық сөздерінде отбасы - ол әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі - зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни ер мен әйелдің, ата - аналар мен балалардың, аға - інілер мен апа - қарындастардың және бірге тым ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы саналуан қатынастарға негізделген жеке тұрмыс деп айтылса, Ж. Қолибаевтың педагогикалық еңбегінде отбасында бірге тұратын некеге негізделген немес қандас туыстар (әке, бала, ана) тобы деп анықтама берілген. Ғалым - педагог өзінің зерттеулерінде отбасы балаға өмір жолын бастайтын және қоршаған орта туралы тиянақты да терең әсер ететін ұжым екенін, соның негізінде онда білім, әдет, мінез - құлық пен өмірге деген көзқарастардың қалыптасатынын дәлелдеп көрсетеді.

Қазіргі қоғам талабы халық санының көбеюін мүдделеп отыр. Халық санының азаюы отбасындағы бала санының кемуі және көп балалы отбасының азаюы.

Бүгінгі отбасы тәрбиесінің барысын екі жақты қырынан байқауға болады. Біріншісі, отбасының мектеппен ынтымақтаса әрекет етуге өте ынталы болып отырғандығы. Мұнда ата - аналар балаларыныңы сапалы білім алып, жанжақты дамуы үшін оларды ең таңдаулы мектептерге оқуға береді. Оқушылардың ұлттық тәрбие алумен қоса әлемдік тәрбие жетістіктерін пайдалану қолға алынуда. Мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығы нәтижесінде ата - аналар тарапынан мектептің педагогикалық қызметіне әр түрлі көмектер көрсету, атап айтқанда, демеушілік жасау, тәрбие тәжірибелерімен бөлісу, кәсіби қызмет саласын кіріктіру және т. б. жүзеге асырылады.

Екіншіден, отбасының мектеппен ынтымақтастықты орнатуға немқұрайлылықпен қарауы орын алуда. Бұл күнкөріс жағдаймен отбасындағы балалар тәрбиесіне көңілдің бөлінбеуі, тіпті, ата - аналардың жиналысқа келмеуі, мектеппен байланыс жасауға талпыныстың болмауы, бала тәрбиесіне қатысты аз оқитындығы және т. б. арқылы айқындалады.

Өкінішке орай, зерттеу барысында көптеген сынып жетекшілерінің, әсіресе, жас мамандар арасында ата - аналармен жұмыс жүргізуге дайындықтың төмен екендігі айқындалады. Жоғары оқу орындарында болашақ маман дайындауға аса көңіл бөлінгенмен, олардың сынып жетекшісі ретіндегі қызметіне, соның ішінде отбасы тәрбиесін жетілдіру мәселелеріне дайындығы назардан тыс қалып отырады. Бізге жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен сауалнама жүргізу арқылы отбасы тәрбиесінің жағдайы қаншалықты назарға алынғандығын білу қиынға соқпайды. Онда көптеген сынып жетекшілерінің отбасы тәрбиесін жетілдіру арқылы мектептегі тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз етуге назар аудармайтындығы байқалады. Тақырыптық ата - аналар жиналысынан тыс олармен байланыстың болмайтындығы, тіпті тәрбие жұмысында басқа да тәрбие мекемелерімен ынтымақтастықтың орындалмайтындығы анықталды. « сіз мектеп тарапынан отбасы тәрбиесін жетілдіруде қандай көмек болғанын қалайсыз?» деген сұраққа ата - аналар тарапынан әр түрлі жауаптар алдық. Онда олардың кейбірі « мектептерде ата - аналарға арналған отбасы тәрбиесін жетілдіруге байланысты мамандар кеңесі немесе дәстүр ұйымдастырылып тұрса» десе, кейбір ата - аналар «баламызға сапалы білім беріп, жақсы тәрбиелесе болғаны» деп жауап берген

Шындап келгенде, сапалы білім мен жақсы тәрбие беру ұзақ мерзімді талап ететін және екі жақты сипатқа ие болатын күрделі үрдіс. Ол тек мектеп мүғалымінің жұмысының нәтижесі ғана емес, ата - ананың да отбасынғаы тәрбиені ұйымдастыру мүмкіндігіне байланысты. өкінішке орай, мұны ата - аналар арасында мектеп мұғалімдерінің міндеті деп санайтындары да жоқ емес.

Сұрақ жауап нәтижелері ата - аналардың отбасында бала тәрбиесінде бірқатар қиыншылықтарға кездесе отырып, мектеппен ынтымақтастыққа бірлесіп әрекет жасауға талпынбағанын көрсетеді. Сұраққа жауап берген ата - аналардың арасында бірқатары жазалау әдісін қолданатынын (ұрып - соғу) жасырмаған, тіпті, олар осы әдісті қолдану тәрбиеде нәтиже береді деп есептеген.

Жоғарыдағы мәліметтерден ата - аналардың отбасы өмірін ұйымдастыруда, баланы тәрбиелеудегі әдістерді тиімді қолдану мен ізгілік қарым - қатынас орнатудың маңыздылығын түсінуді және т. б. мәселелер төңірегінде көмекке мұқтаж екендігін байқау қиын емес.

Мұндай жағдайлардың тәжірбиеде көрніс берудің бірден - бір себебі, отбасы тәрбиесінде ата - аналардың бала тәрбиесіндегі көзқарастары мен білім деңгейлерінің әр түрлілігі болып табылады. Оның үстінде кейбір мектептердегі ата - аналар жиналысының өзі талапқа сай өткізілмейді. Ұзақ жылдар бойы көптеген мектептердегі ата - аналар жиналысындағы күн тәртібінде қаралатын мәселелер өзгеріссіз: балалар барлығын ата - аналарға хабарлау мен мектеп мәселелерін шешудегі қаржы мәселесіне арналып келетіні жасырын емес. Осы жерден ата - аналардың жиналысқа қатысуының міндетті емес екендігі келіп шығады. Егер ата - аналардың ол жиналыстаан алары мол, әсері елеулі болса, мұндай мүмкіндікті жібермесі анық болар еді. Осы тұста отбасының тәрбиесін жетілдірудің бірден бір жолы - ата - аналардың бала тәрбиелеудегі педагогикалық сауатын жетілдіру.

Отбасы тәрбиесін жетілдіру мен ата - аналардың педагогикалық сауаттылығын көтеруде атқарылатын негізгі қызмет бүгінгі сынып жетекшісінің еншісіне тиеді. Ол үшін сынып жетекшілері отбасы тәрбиесі бойынша терең білімі бар ата - аналармен жұмыс түрлерін ұйымдастыра алатын білікті маман болуы тиіс. Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың жоғары деңгейінен көрінетін, оның барлық талаптарына жауап беретін және өзінің кәсіби қызметінде шығармашылықпен еңбек ететін маман болуын талап етеді. Отбасы тәрбиесін жетілдіруде мектеп пен отбасы ынтымақтастығы тиімді ұйымдастыру мынадай қағидаларға негізделуі тиіс:

  • тәрбиені қалыптастыруда қоғам, мектеп, отбасы және басқа да арнаулы тәрбие инстетуттарының тәрбиелік мүмкіндіктерін ықпалдастыру;
  • мектеп отбасындағы педагогикалық ұжыммен тығыз байланыс орната отырып, әрбір баланың қаблетін толық ашу мен дамытуға мүмкіндік жасау;
  • мұғалісдер мен оқушылардың және ата - аналардың белсенділігін, бастамшылдығы мен шығармашылдығын арттыруды демократияландыру.

Бұл қағидаларға сүйене отырып жұмыс жүргізу анағұрлым тиімді. Ресей ғалымы Ш. Амонашвили педагогикалық үрдісті ізгілік тұрғыда ұйымдастыра отырып, тәрбие отбасында өз жалғасын табу үшін ата - аналардың педагогикалық сауатын көтеру мен тәрбие тәжірбиелерін алмасуда ата - аналар отбасындағы бала санына қарай топтап жинаудың тиімді екендігін айтады. Мұндағы ерекшелік - отбасында көп бала тәрбиелеп отырға ата - аналар мен жалғыз бала тәрбиелеп отырған ата - аналар арасында болатын әңгіменің бірдей болуы мүмкін еместігін және ондай отбасыларындағы мәселелер де әр түрлі болып келетіндігі дәлелденген.

Мектеп тарапынан отбасы тәрбиесін жетілдірудің бірден - бір жолы ата - аналар жиналысында дәрістер оқу. Ондағы тақырыптар сынып оқушыларының жас ерекшеліктерінен туындайтын мәселелер мен оның алдын алудың жолдарымен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, 5 - 9 сыныптар арасындағы оқушылардың ата - аналары өз балаларының өкпелі кезңде екендіктерін жақсы білу және ол кезеңдегі тәрбие жұмысының қиындығын да білу керек. Ол үшін бала 5 - сыныпқа келгенде ата - аналар жиналысында балалардың өтпелі кезеңге келгендігін, ол кезде балалар қалыптасуындағы маңызды да ең қиын кезең екендігі туралы дәріс оқылуы керек. Егер ата - аналар жиналысындағы әрбір тақырыптар бала дамуымен байланысты таңдалынып отырса, бала тәрбиесінде ата - аналардың педагогикалық сауатын көтеруге мүмкіндік алу тиімді болады. Мұндай жұмыстар ата - аналардың мектеп ынтымақтастығын арттыра түседі.

Сынып жетекшісінің ата - аналар жиналысында оқитын тақырыптық дәрістері мынадай болуы мүмкін:

  • отбасы және оның бала тәрбиесіндегі рөлі;
  • отбасының негізгі функциялары және оның бала тәрбиесімен байланысы;
  • бүгінгі отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері;
  • балалардың өтпелі кезеңдегі психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері;
  • отбасындағы өзара түсініспеушіліктің тұрмыстық - адамгершілітік негізі;
  • отбасында бос уақытты ұйымдастыру және демалыс;
  • отбасындағы ата - аналардың абройы және оның тәрбиедегі мүмкіндігі;
  • бала тәрбиесіндегі ата - әженің, ана мен әкенің алатын орны;
  • отбасындағы қарым - қатынас және психологиялық ауан;
  • отбасындағы салт - дәстүрлер мен сенімдердің тәрбиелік мүмкіндіктері;
  • отбасында балаларды еңбекке дайындау;
  • балаларды отбасында салауаттылыққа тәрбиелеу және т. б.

Мектептегі білім беру мен тәрбие үрдісінің отбасындағы жалғасының бір көрнісі - үй тапсырмаларының орындалуы және тәрбие талаптарының сабақтастығының қамтамасыз етілуі. Осы тұста кездесетін негізгі қиыншылық әрбір ата - ананың отбасында бала сабағының дұрыс орындалуына бағыт беруге қаблетті еместігінде. Бұл қиыншылықты жеңу де сынып жетекшісі қызметінің шығармашылық сипатымен байланысты шешіледі. Ол үшін сынып жетекшісі ата - аналар жиналысында пән мұғалімдерінің талаптарын тыңдау мен ата - аналарға үй тапсырмаларын орындауға бағыт беру бойынша кеңестер береді. Бұл, әсіресе, төменгі сынып ата - аналары үшін өте тиімді, оның үстіне бұл пән мұғалімдері мен ата - аналар арасындағы байланысты нығайтып, екі жақты жауапкершілікті арттыра түседі.

Отбасы тәрбиесін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылатын жұмысты сынып жетекшісі отбасын зерттеуден бастайды. Өйткені, тәрбие мүмкіндігі әр түрліотбасыларында жүргізілетін жұмыста әр түрлі ұйымдастырылуы тиіс.

Мәселен, отбасының әр түрлі ерекшеліктері, атап айтқанда, ерескетер мен балалардың өзара қарым - қатынасы, ондағы психологиялық жағдай, қоғамдық пікірлер мен көзқарастар бағыты балалардың жеке басының қалыптасуына өзіндік әсер етеді. Ата - аналармен ынтымақтастықта жұмыс жүргізу үшін ата - аналардың мінез - құлқы мен бала тәрбиесіндегі көзқарастыран білу де аса аңызды. Бала тәрбиесіндегі отбасы мүмкіндігін зерттеп білген соң біртіндеп олардың көзқарастарын өзгертуге жағдай жасау қажет. Бүгінгі күні мектеп пен отбасының немесе мектептің отбасына ықпал етуінің негізгі формалары: ата - аналар жиналысы, мектептегі ата - аналар күндері, әкелер мен аналар конференциялары және т. б. Отбасындағы баланың өмірін, тұрмыс жағдайы мен қарым - қатынас жүйесін зерттеуде әрбір ата - анамен жеке дара жұмыс жүргізілуі шарт. Ата - аналар жиналысында баланың жеке басының дамуына қатысты барлық ғылымдар саласы интеграциялық бірлікте қарастырылып отыруы керек. Ата - аналар жиналысы мұғалімнің қолындағы маңызды педагогикалық құрал болып табылады.

Көптеген ғалым педагогтер (Т. Сангинова, И. Тилябова және т. б. ) ата - аналар жиналысында тақырыптық баяндамалардың оқылуын, бала тәрбиесіне қатысты мәселелердің бірге талқылануын ұсынады.

Онда ата - аналарға балалары туралы айтуға, белгілі бір орын алып отырған кедергілерді бірге жоспарлауға болады. Өзара түсінік пен өзара көмек болған кезде ғана ата - аналар жиналысы нәтиже береді. Осылайша біртіндеп педагогикалық оқулар ұйымдастыру арқылы олардың көзқарастарына әсер ете отырып, тәрбиеде ортақ мақсатқа қол жеткіземіз. Оларды мектепішілік жұмыстарға біртіндеп араластыра отырып, олардың көп жылдық бала тәрбиесіндегі педагогикалық тәжірбиелерін жас отбасылары білімін жетілдіруде тиімді пайдалануға болады. Мұғалім кадрлардың отбасы тәрбиесі мәселелері бойынша білімін жетілдіру мұғалім кадр біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау инстетуттарында оқытылып, ата - аналармен жұмыс жүргізудің әдістемесі насихатталуы тиімді болмақ. Өйткені, мектеп пен отбасы және қоғамдық тәрбие мекемелерін ықпалдастыру негізінде бірлескен шығармашылыққа жетуге әбден болады.

отбасын зерттеу: отбасын зерттеу
:
Ата-ананың педагогикалық білімін жетілдіру арқылы көзқарастарына әсер ету: Ата-ананың педагогикалық білімін жетілдіру арқылы көзқарастарына әсер ету
:
Ата - аналарды мектеп өміріне тарту: Ата - аналарды мектеп өміріне тарту
:
Ата - аналарды шығармашылық-пен еңбек етуге жеткізу, олардың көмегіне арқа сүйеу: Ата - аналарды шығармашылық-пен еңбек етуге жеткізу, олардың көмегіне арқа сүйеу
:
Мектеп пен отбасы жұмысын ықпалдастыру: Мектеп пен отбасы жұмысын ықпалдастыру
Ата-аналар білімін: Ата-аналар білімін
:
Іс-шараларды ұйымдастыру арқылы: Іс-шараларды ұйымдастыру арқылы
:
Тәрбиелікіс - шараларға көмек:

Тәрбиелік

іс - шараларға көмек

:
Тәрбиелік іс-шараларға көмек: Тәрбиелік іс-шараларға көмек
:
Тәрбие тәжірибелерін пайдалану: Тәрбие тәжірибелерін пайдалану
Отбасының жай-күйін: Отбасының жай-күйін
:
Қоғамдық мекемелермен (медецина, тәртіп сақтау және т. б. ) байланыс: Қоғамдық мекемелермен (медецина, тәртіп сақтау және т. б. ) байланыс
:
Мектептен тыс, сыныптан тыс жұмыстарға қатысу: Мектептен тыс, сыныптан тыс жұмыстарға қатысу
:
Материалдық көмек: Материалдық көмек
:
Мамандармен сұхбат: Мамандармен сұхбат
Тәрбиелік мүмкіндігін: Тәрбиелік мүмкіндігін
:
Педагогикалық оқулар ұйымдастыру арқылы: Педагогикалық оқулар ұйымдастыру арқылы
:
Үйірмелерді басқару: Үйірмелерді басқару
Адамгершілік бейнесін: Адамгершілік бейнесін

1. 1. Ата - аналармен бірлесе жұмыс жүргізейік.

Орта білімді дамыту тұжырымдамасында « Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында, ең алдымен, адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көбейту керек» дегені мәлім. Бұл үшін психология, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, нарықтық экономикаға сай, дені сау, ұлттық сана сезімі жоғары рухани ойлау дәрежесі биік, әдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу - міндетіміз. Мұндай мақсатты жүзеге асырушы басты тұлғалардың бірі - сынып жетекшілері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі мектептің, отбасы мен жұртшылықтың бірлесіп атқаратын жұмыстары
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС
Баланы тәрбиелеудегі мектеп пен отбасының өзара әрекетінің педагогикалық ерекшеліктері
Мектептің ата-аналармен жұмыс істеудегі рөлі
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Мектепте жүргізілетін тәрбие жұмыстар
Баланы тәрбиелеп оқыту барысындағы ата- аналармен жұмыс бағыттары
Отбасы тәрбиесінде кездесетін қателіктердің, алдын алуда отбасы мен мектептің әрекетін кіріктіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz