Баланы тәрбиелеп оқыту барысындағы ата- аналармен жұмыс бағыттары


КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
«Психология» кафедрасы
Қорғауға жіберілген күні: « » 2008 ж.
Кафедра меңгерушісі : Бирюшев. Р. Р.
ОСПАНОВА АМИНА БЕЙБІТҚЫЗЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Баланы тәрбиелеп оқыту барысындағы ата- аналармен жұмыс бағыттары
Ғылыми жетекші:
Аға оқытушы : Болатбекова. Н. Ж.
Көкшетау 2008
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Баланы оқыту мен тәрбие беру мәселелері
- Бала тәрбиесіндегі педагогикалық іскерліктер . . . 7
- Жанұяда тәрбие беру ісіндегі негізгі тұлға - ата- ана . . . 9
1. 3 Ата - ананың тәрбие жұмыстарын орындау деңгейлік кезеңдері . . . 13
1. 4 Отбасында тәрбие беру ерекшеліктері және ата- ананың қызметі . . . 17
2. Ата - аналармен жүргізетін жұмыстың түрлері мен әдістері
2. 1 Педагогтардың ата - аналармен жұмыс бағыттар . . . 20
2. 2 Педагогтың ата - аналар ұжымымен жұмыс ерекшелігі . . . 25
2. 3 Ата- ана - мектеп пен отбасының бірлесе тәрбие беру ісіндегі негізгі қозғаушы күш . . . 29
3. Ата - аналар және балалар арасындағы қатынастың заңды негіздері
3. 1 Мектептегі әлеуметтік қызметтердін мақсаты- бала мен ата- ана құқығын қорғау . . . 31
3. 2 Ата - ана және балалар арасындағы құқықтық мәселелер . . . 38
3. 3 Оқыту мен тәрбие беру ісіндегі негізгі мәселенің бірі -баланың мектептегі құқығын қорғау . . . 42
Тәжірибелік бөлім . . . 47
Қорытынды . . . 55
Қолданылған әдебиеттер . . . 60
Қосымша
Кіріспе
Көкейкестігі: Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде отбасы мен мектеп арасындағы ынгымақтастықтың атқарар рөлі зор.
Отбасы мектептің білім туралы заңды табысты жүзеге асыруындағы оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруға көмек көрсетеді. Сондықтан да қазіргі уақытта отбасы және мектеп арасындағы өзара ынтымақтастықты тереңдете отырып, әкелер мен аналардың бала тәрбиесіне байланысты жауапкершілігін арттыру қажет. Әрі бұл жұмысты мектеп ұйымдастырады. Осыған байланысты ұстаздың, психологтың, көптеген қиындықтар мен мәселелердің дұрыс шешімін табуына ықпал ете алатын мектептегі әлеуметтік ұстаздың жұмысының мәні артуда.
Отбасының, әлеуметтік институт тәрізді, интеллектуалды толыққанды, құлықты және дені сау жас ұрпақты қалыптастыруда қосар үлесінің зор екені сөзсіз. Сондай-ақ, Республика Президенті Н. Назарбаев өз кезегінде 2005 жылғы мамырдағы Қазақстан халықтарына Жолдауында отбасының біздің еліміздің азаматтарын тәрбиелеуде үлкен рөл атқаратынын атап өтті.
Білім саласындағы әлеуметтік мәселелер жалпы білім беру процесіне қатысушылар ретінде тек ұстаздар мен оқушыларды және олардың ата-аналарын ғана толғандырып қоймай, түрлі деңгейдегі тұрғындардың барлығын да алаңдатып отыр. Соңғы он жылда Қазақстандағы демократизацияландыру мен ізгілікті жүзеге асыруға сондай-ақ қазақстандық білімді азаматтық қоғам институтына айналдыруға бағытталған, орта және жоғарғы мектептердің оқыту процестеріне жаңартулар енгізілуде. Біріңғай және қатаң мемлекеттік жүйеден біз білім алудың плюрализмдік үлгісіне, оқыту бағдарламалары мен тәсілдерінің алуан түрлілігіне көштік. Жалпы мемлекеттік жоғарғы оқу орындарының, колледждердің, лицейлердің, гимназиялардың жүйесі көбейуде.
Реформалаудың негізгі сәттерінің бірі - 1995 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстанда гуманитарлық білімді дамыту туралы» Үкімет қаулысының шығуы. Мектеп реформасының әлеуметтік зардабы қоғамымызда өз еркімен, ешбір қадағалаусыз жүрген балалардың пайда болуына әкеліп соқтырды. Ірі қалаларда, әсіресе еліміздің оңтүстік өңірлерінде тек бастауыш мектепті ғана бітірген көптеген балалар пайда болды. Бұрындары мектеп барлығына бірдей орта білім беруге міндетті болатын. Бұл талап жүзеге асырылмай қалған жағдайда аудандық, қалалық және басқа да басқарушы органдар тарапынан жазалау шаралары қолданылатын. Реформадан кейін мектеп бітіре алмай қалған балалар саны күрт көбейіп отыр, сол себепті мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында, мектептерде «коррекция» сыныптары ашылуда. Мектептерде психологтар, әлеуметтік педагогтар пайда болды, олар оқытушылармен және оқушылармен жұмыс жүргізуімен бірге сол балалардың отбасыларымен де жұмыстар ұйымдастырады. Өз жұмысын ұйымдастыру барысында психолог - ұстаз түрлі қиыншылықтарға тап болады: мәселенің нақты себебін айқындау қиынға соғатын тұстары, оқиғаға себепкерді анықтау, т. с. с. Бұл тақырыптағы диплом жұмысының өміршеңдігі отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастыққа байланысты бірқатар зерттеу жұмыстарының болуында, бірақ олар өмірдің жекелеген аспектілерін ғана көрсетіп, күнделікті тұрмыста кездесетін нақты оқиғалар өте аз мөлшерде ескеріледі.
К. В. Бардинаның педагогикалық шығармалар жинағында психолог-педагогтың мектептегі қызметінің проблемалары туралы айтылан. Бірінші кезекте күнделікті аса толғақты мәселелер, оның ішінде оқуға ынталандырмайтын, оқи алмауға әкеліп соқтыратын жағдайлар. Бұл жерде ата-ананың атқарар рөлі салыстыра келсек, оқытушыдан да басым. Жинақта тек тәрбие процесі туралы жалпылама ғана айтылған. Тәрбиелеу және оқыту процесі қатар жүргізілгенде ғана айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе аларымыз анық.
М. М. Безруких пен С. П. Ефитованың оқытушыға арналған «Сіз өз оқушыңызды білесіз бе?» атты кітабында төменгі сыныптарда жиі кездесетін педагогикалық коррекцияның оқыту және тәрбие жұмыстарындағы қиыншылықтар қарасытырылады. Бірақ жинақта балаларды отбасында тәрбиелеу коррекциясының тек бір бөлігі ғана айтылады. Жоғарыда айтылған пікірлер зерттеу нысанасы мен пәнінің шарттылығын таңдап, оның проблематикасын анықтады. Сондықтан дипломдық жұмыстын тақырыбы: « Баланы тәрбиелеп оқыту барысындағы ата- аналармен жұмыс бағыттары»
Нысан: бастауыш сынып оқушысын оқытып, тәрбиелеуде ата- аналардың жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Пән: ата-аналар мен сынып жетекшісінің тәрбиелік жұмыстар қызметі.
Зерттеу мақсаты: тәрбие мен оқыту үрдісінде атқаратын ата- аналардың тәрбиелік жұмыстарын зерделеу.
Зерттеудегі тапсырмалар:
- Қазіргі жағдайдағы ата- ана тәрбиесінің ерекшеліктері.
- Баланың танымдық және әлеуметтік белсенділігіне ата- ананың педагогикалық потенциалын жоғарылатуға ықпал ететін тәсілдер мен құралдарды анықтау.
- Мектеп оқушыларының ата-аналарымен жұмыстарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды негіздеу.
- Көкейтісті мәселені зерттеу процесіндегі теориялық және практикалық аспектілердің қорытындысынегізгі ықпал етті:
Ата - ана мен мектеп ұстаздары арасындағы байланысты сынып жетекшісінің ұйымдастыра білуі отбасының жалпы жағдайын жақсатрып, оның педагогикалық бағытына әсерін тигізе отырып, баланың танымдық және әлеуметтік белсенділігін жоғарылатады. Ата ана мен сынып жетекшісі арасында үнемі бірлескен жұмыстар атқару арқылы оқыту мен тәрбие беру үрдісіне тиімді және нәтижелі көмек көрсетеді .
Зерттеу барысында қолданылған тәсілдер:
- Диплом жұмысы бойынша ғылыми жұмыстарды оқып-білу.
- Алдыңғы қатардағы, отандық тәсілдерді қорытындылау және талдау.
- Бастауыш сыныптағы мұғалім жұмыстарын жаңғырту.
- Жағдайларды жаңғыртудан табылған жолдарды тәжірибелік-эксперименттік тексеру.
- Анкеталау және тестілеу.
Жұмысты қабылдау:
Тәжірибелік-эксперименттік тексеріс жұмысы Есіл ауданы Николаевка орта мектебінде жүргізілді.
Ғылыми сонылығы, теориялық маңыздылығы жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынптарында психолог-педагогтардың жұмысын ұйымдастырудың негізгі шарттары мен принциптерінің табылуында, сондай-ақ принциптер мен басым бағыттардың эксперименттік-теориялық негіздемелерінде.
Практикалық маңыздылығы жалпы білім беретін мектептерде психолог-педагогтарға ұсыныстар дайындау барысында психолог-педагогтардың қызметінің түрлерін, әдістерін және мазмұнын анықтау кезінде зерттеулер қорытындыланады.
1. Баланы оқыту мен тәрбие беру мәселелері.
- Бала тәрбиесіндегі педагогикалық іскерліктер.
Ежелгі Грецияда Сократтан кейін Платон былай деген болатын: «Әлемнің барлық қаскүнемдігі, адамдардың өзімшілдігі, олардың теңсіздігі ең бірінші, отбастарында балалар тәрбиесі жағдайында теңсіздіктің болуына әкеліп соқтырады».
Ата-аналардың өз баласына деген шектен тыс сүйіспеншілігі пайдакүнемдікке, басқа да адамдарды бір-бірінен ажырататын, жауласуға әкеліп соқтыратын қасиеттерді тудырады. Бұдан кейінгі педагогтар да әртүрлі бағаласа да, бұл мәселені айналып өткен жоқ. Маркс және Энгельс бағалаған ғылыми коммунизм ағымдарында, француз ағартушылары: отбасы ауыр үй шаруашылығынан, теріс түйсіктерді пайда болдыратын, адамдар сезімі мен қарым-қатынасының ара қатынасын, пайдакүнемсіздігін бұзатын, нақты күшті күресті қажет ететін жылжымалы және жылжымайтын мүлікке иелік етуден босатылуы керек деп есептеді. Олардың түсінігі бойынша отбасының үлесінде өзіне пайдаланатын нәрселер ғана болуы керек: төсек-орын, киім-кешек, ең қажетті деген бұйымдар. Басқалардың барлығы қоғамның меншігінде болады. Балалар тек ең кішкентай кезінде ғана отбасында тәрбиеленеді, содан кейін тәрбиенің түрлі тәсілдерін басынан өткізе білуі үшін, әрбір кішкентай азамат үшін тең тәрбие және даму жағдайын жасау үшін қоғамдық балалар мекемесінде тәрбиеленуі керек деп санады.
Осыдан 15-20 жыл уақыт бұрын арамызда кейбір ғылыми беделділердің мемлекет балаларды жөргектегі кезінен бастап университетке дейін өз тәрбиесіне алуы керек деген пікірлер болды.
Соңғы жылдары ғалымдар бұл орайдағы өз пікірлерін өзгертті, өйткені өз тәжірибелерінде ата-ананың сүйіспеншілігі, үнемі олармен қарым-қатынастың бүлдіршіндер үшін қажеттігі ауа мен күн көзі әсерінен кем еместігіне көздері жетті. Қоғам мен бірлесе отырып нығайтылатын адамның өсіп-жетілуіндегі үйлесімдік отбасының тәрбиесінсіз болуы мүмкін емес. Қазірде психологтар мен дәрігерлер тіпті бірнеше ай ғана ата-ана сүйіспеншілігінен айырудың өзі баланың ақыл-есінің, құлықтылығының және эмоционалдық дамуына орны толмас залал әкеліп, адамның барлық қалған өмірінде оның жандүниесінің психикалық және физикалық дамуына кереғар әсерін тигізетінін айтады.
Адамның жандүниелік, эмоционалдық негізіне үңілу үшін отбасындағы тәрбиенің мәні бар дейтініміз де сол.
Ата-анасының сүйіспеншілігінсіз даусыз нәрсе, ата-анасы тірі бола тұра бала - жетім. Олардың өзара қарым-қатынасы бала үшін немқұрайды нәрсе емес. Педагогикалық ғылымның докторы В. И. Кочеткова: «Ата-аналардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі балаға әсер ететін басты тәрбиелік фактор бола алады. Әкесі мен анасы бір-бірін жақсы көрсе олардың сүйіспеншілігінен бәрінен де көп әсер, жылулықты бала алады. Онысыз бүкіл әлем қуарып тұрады да, сол кемшіліктің орнын ешқандай педагогикалық шаралар бала үшін толтыра алмайды».
В. А. Сухомлинский: баланы сүйюге үйрету, ол өмірде ең басты нәрсеге үйрету деп санады.
Қазіргі кездегі зерттеушілер отбасы мәселелерін зерттегенде: ерлі-зайыптылар бірінші баланы дүниеге әкелгенде сол бала үшін әкелмейтінін айтады, алғашқы бала жастар үшін - «сюрприз» (күтпеген нәрсе) . Ата-анасының оған көңіл бөлуге шамасы жоқ, олар өз-өздерімен болуда. Әсіресе баланың пайда болуы егер оның ата-анасы ортақ кәсіби бір іспен айналыспаса, әртүрлі нәрселермен әуестеніп, түсініктері, білім деңгейлері тең дәрежеде болмаған жағдайда отбасыларда ерекше орын алады. Олардың некеге отырғанға дейінгі бағыттары да әр жаққа бағытталған. Ортақ бала жастардың сүйіспеншілігін арттырып қана қоймайды, оларды нағыз туысқандар етіп қояды. Сондықтан да бала өз ата-аналарының бірлесуіне, мүдделі, ынталы болуларына, көмектесулеріне себепкер болады. Балаларға қарап, араласа отырып адамдарда тек құлықтылық пайда болып қоймайды, олардың көмегімен өздерінің танымын кеңейтіп, пайдалы әдеттерді көбейтеді. Өздері кез келген іске жұмылуға дайын болады. Балалар өздерінің сабақтарын бірге оқытуға шақырады. Жас ата-аналардың ұзақ уақыт қыдыруға уақыттарын бөлуіне, орман аралауға баруына тура келеді. Бала болмаса олар мұндай нәрселерге уақыт таппаған болар еді.
1. 2 Жанұяда тәрбие беру ісіндегі негізгі тұлға - ата- ана
Біздің елімізде болып жатқан саяси рухани өзгерістердің ерекшелігі: адамды саясат пен экономиканың ортасына қоятынында, жалпы адамзаттық құндылықтың қатарына басымдарының дәрежесін әкеліп қайтаруында. Бұл көрініс қоғамның және жеке адамның ұғымында өтіп жатыр. Кез келген қоғам тәрізді отбасы мен мектеп те ұзақ уақыт бойы авторитарлыққа және догматизмдікке ұзақ уақыт шыдап келді. Бүгінде мектеп ішіндегі қарым-қатынастағы гумманизмдік отбасы мен мектеп арасындағы өзара қарым-қатынас тәрізді өміршең.
Жанұя мен мектеп арасындағы қатынастың тиімділігін іздестіру жолындағы бірден-бір аса маңызды, жиі кездесетін көрініс - пікірлердегі плюрализмдік, ұстаздар мен ата-аналар арасында біріңғай басқаша ойлау және өмір сүру үлгілерін қабылдаудың қажеттігі. Бұл әрине, оңай емес, бірақ мұндай жалпылама пікірлер болмайынша бірлесе, бір бағытта жұмыс жүргізу мүмкін емес. Балалардың тәрбиесінде қиыншылыққа тап болып отырған ата-аналарға көмектесу үшін, оқытушылар, психолог педагогтар олардың балаларында нақты не тәрбиелегісі келетінін, қандай құралдар пайдаланатынын, демек олардың көздейтін мақсатын түсінуі қажет.
Ата-аналардың түрлі көздейтін мақсаттары өздерінің отбасындағы қалыптасқан дағдылармен ұқсас болады. Бұл жерде психолог-педагогтардың отбасында қалыптасқан дағдылар деп отырғаны көп жағдайда үлкендердің балалардың тұлға ретіндегі және психикалық дамуына әсер ететін көріністер: ата-аналардың балаға деген қарым-қатынасы, оның іс-әрекетін бақылау тәсілі, талап қою әдісі, жазалау және марапаттау түрлері.
Өз балаларына белгілі бір мөлшерде ерік беретін ата-аналар оларға сыйластықпен қарайды, мейлінше аз жаза қолданады, көбінесе балалардың өз тәртібін өздері қадағалауларына мүмкіндік береді - бұл демократиялық ата-аналар. Олар әлеуметтік - адаптацияланған, тәуелсіз, белсенді, шығармашылық қабілетті, басқа балалармен ынтымақтаса білетін балаларды тәрбиелейді.
Авторитарлық ата-аналар балалардан сөз қайтармай тыңдаушылықты, тәртіп сақтаушылықты, әдеттер мен беделділерге бағынушылықты талап етеді. Егер ата-аналардың авторитарлығы мен салқындығы қосылса, ол балалардың мінез көрсетуіне, басқыншылық әрекетіне, шиеленіске баруын шақырады. Мұндай балалар жаңа ортаға қиындықпен үйреніседі. Өз балаларына жылулықпен қарап, қамқорлығынан шығармайтын, бірақ олардың әр қадамын бақылайтын ата -аналардың балалары тәуелді, өз еркімен шеше алмайтын, араласып кете алмайтын, инфантильді, шығандаған өзімшіл балалар болады. Ал егер ата-аналар өз балаларына немқұрайды қарап, оларға не жылулық, не көңіл бөлмесе, не оларды бақыламаса, мұндай балалардың тәртібіне айтарлықтай бұзылушылық болып, қарсы ұмтылу әрекеттеріне баруы ықтимал. Кәмелетке жасы толмаған балалардың ішінде балалар аз емес, олардың отбасындағы жағдайы мүлдем бақылаусыз, қараусыздар ретінде сипатталады.
Баланың үстінен үлкендердің бақылауы баланың өз іс-әрекетіне бақылау жасауын дамыту үшін қажет, бірақ бұл ретте үлкендер оның жеке тұлға ретіндегі болмысына әсер етпеуі керек. Үлкеннің алдында тек - даму ізденістерін бақылау тапсырмасы ғана тұрады.
Американдық психологтар мен педагогтар авторитарлық ата-аналар пайдаланатын дерективті бақылаудың орнына инструктивті (нұсқаулық) бақылау жүргізумен «Мен қалай айтсам, солай орындай алады» алмастыруды ұсынады.
Инструктивті бақылауды демократиялық ата-аналар пайдаланады. Ол балаларда бастамашылық, еңбек сүйгіштік, өз іс-әрекетін қадағалаушылықты дамытады. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, төменгі сынып оқушыларының отбастарында авторитарлықтың бір бөлімі ретіндегі тәртіптік-бағдарлау тәрбиесі басым орын алады. Егер тәртіптік-бағдарлауды жүзеге асыратын ата-аналардан өз балаларын не үшін жазғырып, жазалайтынын сұрасақ, ата-аналардың барлық назары балалардың тәртіп сақтамауына және олардың мектептегі бағаларына бағытталған болып шығады. Ондай ата-аналардың өз баласының мейірімділігі, біреуге көмек көрсете ала ма, басқа бір адам үшін өз пайдасынан бас тарту қолынан келе ме, мұндай тұстары ойландырмайды.
Тәртіптік-бағдарлаушы ата-аналар өз балаларына үнемі немқұрайды және салқын қарайды деп айтуға болмайды. Олар өз жылулығын балаларына дұрыс жеткізе алмайды, немесе өз ықыластарын білдіру ретін білмейді: біресе еркелетеді, біресе оларға айқайлайды. Мұндай тәрбие әсіресе балалармен сабақ оқыған кездері көрініс алады. Ұстаздарға белгілі: бастауыш білім жүйесінде баланы оқыту үшін отбасының араласатыны. Кейбір ата-аналар балаларының сабақтарын тексереді, енді біреулері оны балаларымен бірге орындайды. Дайындық пен сабақты тексеру прцесі - бастауыш сынып оқушысы мен ата-аналары арасындағы шиеленістің басты себепкері.
Тәртіптік-бағдарлаушы ата-аналар ұстазбен біріңғай болып, барлық талапты тек балаға қойып, баланың өз күшімен сабақты меңгеруін талап етеді. Ата-ананың зорлығына балалар түрлі деңгейде жауап береді: жылайды, ойламаған жерде «надандықпен», дәрменсіздікпен, т. с. с.
Бақылау және еркіндік беру мәселесі, оның баланың дамуына әсері - тек отбасының мәселесі ғана емес, сондай-ақ қоғамдық тәрбиенің де мәселесі. Неғұрлым ересектер әлемі балалар әлемі үшін тыңдау заңдылықтарын шығарса, балалар әлемі солғұрлым бағынбаушылықпен жауап қайтарады. Бала тәрбиесімен айналысатын үлкендер көбінесе мәжбүр етіп орындату мәселелерімен жиі кездеседі. Әсіресе, тәртіптік-бағдарлаушы тәсілі қолданылатын отбасыларда бұл әдет кеңінен тараған. Мәжбүр ету- үлкендер мен балалар арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынастың қалыптасқан салдары. Егер бала өзіне үлкеннің айтып отырған сөзіне құлақ аспаса, оған ешқандай өтініш пен қорқыту әсер етпесе, онда бұл көрініс үлкендердің бала алдында ешқандай беделінің жоқтығының айғағы.
Отбасында тәрбиелеу психологиясы ата-ана көзқарасы тәрбиесінің тиімділігін алға тартып отыр. Ата-ананың тәрбиесі тиімділігі өз нәтижесін береді, егер ата-ана баланы сол күйінде қабылдаса, оған жылулықпен қараса, жан-жақты бағалап, сол бағалау нәтижесінде тәрбие құрса;
Өз-өзіне деген сенімсіздік тек жасқану, ұялу кезінде ғана көрінбейді. Мұндай балалардың тәртібі психологияда аффективті, деп атайды, олар жаман және әділетсіз бағаларды ренішпен қабылдайды, өздері тарапынан, қалай болса да олар сыныптас жолдастарының назарын өзіне аударуға, мұғалімнің мақтауына қол жеткізуге тырысады.
Балалардың аффективті тәртібі ата-аналардың өз балаларын дұрыс қабылдамауынан пайда болады. Ондай балалардың ата-аналары әдетте, өте қатал, талап қойғыш, балаларының табысқа қолы жететініне күмәнсіз сенетін, олардың жетістіктеріне көңілдері сирек толатын және өздерін де өте жоғары бағалайтын адамдар болады.
Әдетте, мектеп оқушыларының ата-аналары балалардың өздеріне қалай қарайтыны жөнінде сирек ойланады: бала өзіне салқын қарайтын, үнемі жазалауға дайын тұратын ата-ананы немесе немқұрайды қарап, өз-өзінен аспайтын, немесе үнемі өзінің қамқорлығында ұстап, баламен санаспайтын ата-ананы қабылдай ала ма?
Зерттеу нәтижелері кіші мектеп жасындағы балалар кез-келген ата-ананы қабылдайтынын көрсетеді. Бұл жастағы балалар басқамен жақсы қарым-қатынасқа әзір, әсіресе жақын адамдарына деген, сол себепті олардан да сондай ықыласты күтеді.
Көбінесе кіші мектеп жасындағы оқушысы бар отбасыда оның жасаған теріс қылығы жайлы көпке дейін айтыла береді. Сол қылықтарымен үлкендер өздерінің шамадан тыс ескертулердің төңірегінде беделі мен қадір-қасиетін жоғалтатынын ескере бермейді. Осыдан барып ата-аналардың психолог-педагогтардан балаларының ешқандай жазалаудан қорықпайтынын айтып шағымдануы, көмек сұрауы жиі кездесетінін білеміз. Баланың іс-әрекетінің мәнін түсіндіруді көздей отырып, түсіндіруді ата-аналар ғақлияға, ал сөйлесуді жазалауға айналдырады. Кейбір ата-аналар өз басынан өткенге салынып, ұрып-соғуды жөн көреді («бізді ұрған, ештеме етпейді, жаман болған жоқпыз») .
Венгриялық педагогтар И. Раншбург пен Поппераның айтуына қарағанда, ұрып-соғып жазалау тек сол ұрып-соғушыға ғана қатысты жаза: бала сол адамның алдында ғана өзін дұрыс ұстауға ұмтылады, басқа адамдардың алдында ешқандай талаптар мен әдептерді сақтауды ойламайды.
Баланы жазалай отырып, қателік жасағанына қарамастан үлкендер ол баланы тең ұстауы керек; баланың өз көзқарасын білдіруге құқы бар, мейлі баланыкі дұрыс болмасын; онымен әңгіме жүргізу барысында өзіңді сол баланың орнына қойып, өзіңе баланың көзімен қарау керек. Өзіңді мүлдем дұрыс деп санасаң да. Баланың жасаған қателігін айту кезінде оның барлық адамдық келбетін сол қателікпен жабуға болмайды. Осындай баланың жан-дүниесін түсінетін үлкендермен қатар өмір сүргенде ғана бала өзінің балалық шағында толыққанды өмір сүре алады.
1. 3 Ата - ананың тәрбие жұмыстарын орындау деңгейлік кезеңдері
Педагогикалық тәжірибені оқып-игерудің нәтижесі отбасындағы тәрбиеге ұстаздың жетекшілік етуінің жетіспеушілігін айқындауға мүмкіндік берді, оның кейбір негізгілері:
- мектеп әкімшілігі тарапынан педагогикалық жетекшілік ету мәселелеріне жеткілікті түрде көңіл бөлмеу;
- оқытушылардың мектеп оқушысын отбасында тәрбиелеудегі педагогикалық жетекшілік бөлімі бойынша теориялық және практикалық білімінің жетіспеушілігі;
- баланы отбасында тәрбиелеуде ата-аналардың педагогикалық дайындығы тиімділігінің жетіспеушілігі;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz