АТАУЛЫ СӨЙЛЕМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
МАЗМҰНЫ
І. КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3
І. ЖАЙ СӨЙЛЕМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. Жай сөйлем типтері мен жасалу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Жай сөйлемнің түрлері мен жасалу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ІІ. АТАУЛЫ СӨЙЛЕМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
2.1. Атаулы сөйлем – жай сөйлемнің бір түрі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Атаулы сөйлемнің
жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.3 Атаулы сөйлемнің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.4 Атаулы сөйлемнің мағыналық
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.5 Атаулы сөйлемнің грамматикалық
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..23
ІІІ. АТАУЛЫ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
3.1 Атаулы сөйлем жайлы теориялық
тұжырымдар ... ... ... ... ... ... . ... .28
3.2Қазіргі қазақ тіл біліміндегі атаулы сөйлемдердің
топтастырылуы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
3.3 Ғ. Мүсірепов әңгімелеріндегі атаулы
сөйлемдер ... ... ... ... ... ... .. ...39
ІҮ.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 44
Ү. ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі.
Синтаксис саласы сөйлемді зерттейтін басты сала. Сөйлем белгілі бір
тиянақты ойды білдіретіні анық. Ол белгілі бір дәрежеде хабарды жеткізу
үшін қарым-қатынас қызметін атқарады. Сөйлемнің қолданысын зерттелуін
саралау, теориялық пікірлерді айқындау, сөйлем құрылымы өзекті мәселе болып
табылады. Синтаксистегі басты зерттеу обьектісінің бірі – сөйлем. Сөйлем –
пікір алысуды, қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ететін тілдік материалдың
біртұтас бөлшегі.
Сөйлемнің сөзден, сөз тіркесінен бөлек единица екенін айқындайтын
басты белгілері мыналар:
- сөйлем біршама ойды, модальділікті білдіреді;
- сөйлем өз ара байланысқа енген сөздерден, сөз тіркестерінен
құралады;
- сөйлем бастауыш пен баяндауыштың байланысынан туған предикаттық
қатынасты білдіреді; әрбір сөйлемнің айтылу интонациясы болады.
Атаулы сөйлемдер жайлы теориялық тұжырымдарды бір арнаға тоғыстыру
өзекті мәселе болып табылады. Атаулы сөйлемдер жайлы ғылыми көзқарастарды
жүйелеу, сонымен қатар, атаулы сөйлемнің көркем туындыға қаншалықты әсер
ететіндігін, оның шығарма мәнін ашудағы қызметін ашу негізгі мәселе болып
табылады.
Зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі атаулы сөйлем. Ғ. Мүсірепов
әңгімелеріндегі сөйлеу мәніндегі атаулы сөйлемдер.
Диплом жұмысының мақсаты. Қазақ тіліндегі атаулы сөйлем түрлерін,
жасалуын, зерттелуін, тілдік табиғатын анықтау;
- суретті мәнді атаулы сөйлемдердің жазушы тілін байытып шығарма мәнін
ашуда қосқан үлесін айқындау;
- суретті мәнді атаулы сөйлемдерді қолданудағы авторлық қолтаңбаны
дәлелдеу.
Бұл мақсаттарды орындау үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі
туындайды:
- жай сөйлемдер туралы теориялық көзқарастарды жинақтап, атаулы
сөйлемді ғылыми негізде тұжырымдау;
- қазақ тіл біліміндегі атаулы сөйлемдер жайлы ғылыми еңбектерді
саралау;
- атаулы сөйлемдердің грамматикалық сипатын айқындау;
- атаулы сөйлемнің көркем шығарма тілінде қолданысын талдау.

дәлелдеу;
- атаулы сөйлемдердің жазушы тілін байытып шығарма мәнін ашуда қосқан
үлесін айқындау.
Зерттеудің әдістері. Ғылыми талдау, жинақтау әдістері, қорыту әдістері
де қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста атаулы сөйлем қазақ тіл білімінде,
мүмкіндігінше, зерттелгендігі анықталды.
• Атаулы сөйлемнің зерттелуі оның өзіндік ерекшеліктері анықталды;
• Қазақ тіл біліміндегі теориялық көзқарастар тұжырымдалды,
семантикасы туралы тың пікірлер қарастырылды.
• Атаулы сөйлемнің грамматикалық сипаты анықталды;
• Атаулы сөйлемнің көркем шығармадағы көрінісі айқындалды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Атаулы сөйлем туралы теориялық
мәселелер толықтырып, одан әрі дамытуға өзіндік үлес қосады. Атаулы сөйлем
көркем шығармаға ерекше өң береді.
Сондай-ақ, жұмыста берілген пікірлер мен тұжырымдар жоғары оқу орындарының
филология факультеттерінде қазіргі қазақ тілінен дәріс беруде, арнайы
курстар жүргізуде қосымша құрал бола алады. Зерттеу жұмысының материалдары
қаламгерлердің тіл шеберлігін зерттеушілерге көмекші құрал бола алады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
• Қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдер жайлы теориялық пікірлер бір
арнада тоғысады;
• Атаулы сөйлемдерді зерттеу мәселесі жүйелі;
атаулы сөйлемдердің грамматикалық сипатын айқын;
• Атаулы сөйлемдер көркем шығармаларда ерекшелігімен танылады;
• Атаулы сөйлем шығармаға ерекше өң береді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, әр бөлім
тараушаларға бөлінген және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған
әдебиеттер тізімі берілді.
І. ЖАЙ СӨЙЛЕМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 ЖАЙ СӨЙЛЕМ ТИПТЕРІ МЕН ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Сөйлем және оның құрамы. Синтаксистегі басты зқерттеу обьектісінің
бірі – сөйлем. Сөйлем – пікір алысуды, қарым-қатынас жасауды қамтамасыз
ететін тілдік материалдың біртұтас бөлшегі.

- Осыларды негізіге алып сөйлемге мынадай анықтама беруге болады:
Предикаттық қатынас негізінде біршама аяқталған ойды білдіретін тиянақты
сөздер тізбеген сөйлем дейміз.
Сөйлемдегі сөздердің әрқайсысы өзінің лексикалық мағынасына лайық сөйлем
құруға қатысып, тұтас ойдың мазмұнына ортақтасып тұрады. Олар сонымен
қатар, сөйлемде жалаң мүше қызметінде не күрделі мүше құрамында тұрып,
өздерінің лексикалық және грамматикалық мағыналарын айқындай, толықтыра
түседі.
Сөздер сөз тіркестерінің құрамына ену арқылы сөйлем құраудың материалы
болады
да, бастауыш-баяндауыштық (тұрлаулы), толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш
(тұрлаусыз) қатынаста жұмсалады. Тұрлаулы мүшелер сөйлем құрудың бас
арқауы, негізі болса, тұрлаусыз мүшелер олардың маңына ұйысып бастауыш,
баяндауыш арқылы айтылған ойды толықтырып, айқындай түседі.
Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай х а б а р л ы, с ұ р а у л ы, б ұ й р
ы қ т ы, және л е п т і болып бөлінеді.
Хабарлы сөйлем.
Бірдеңенің не бір жайын баяндау мақсатымен айтылған сөйлем хабарлы
болады.
Асау Терек долданып, буырқанып, тауды бұзып, жол салған, тасты жарып
(Абай). Күн қызыл арай шатырынан жаңа ғана шыққан. Аспан айдай ашық (Ғ.
Мұстафин).
Хабарлы сөйлемдердің мазмұны әртүрлі болады. Олардың мазмұны сөйлемге
қатысқан сөздердің, сөйлем мүшелерінің, әсіресе баяндауыштарының
мағыналық, тұлғалық ерекшеліктермен байланысты. Баяндауыштарының тұлғалық
ерекшеліктеріне қарай хабарлы сөйлемдер, мысалы, болымды (Жаңбыр жауды),
болымсыз (Жаңбыр жаумайды), қалаулы (Енді қырманға барайықшы), болжалды
(Жездең ертең келетін шығар) болады, ал баяндауыштарының қай сөз табынан
жасалуына қарай етістікті (Үйдің іші жылынды), есімді (Күн жылы. Аспан
ашық. Айнала жым-жырт) болып бөлінеді.
Хабарлы сөйлемдер , жалпы алғанда, бірсыдырғы баяу әуенмен айтылады:
жалаң сөйлемдер тақ-тұқ қайырылса, жайылма сөйлемдерді айтқанда, дауыс
сөйлемнің соңында бәсендей түсіп тынады.
Мысалы: Түн жым-жырт. Жел де жоқ. Бірақ сәл ғана білінген салқын бар
(М.Әуезов).
Сұраулы сөйлем.
Сөйлеу – тіл жұмсаудың басты тәсілінің бірі жүздесіп және басқа
амалдар арқылы өзара сөйлескен адамдар істің, әр нәрсенің мән-жайын
білгісі келгенде, сұраулы сөйлемнің сұраулы түрлерін қолданады. Ауызекі
сөйлеу стиліне тән пікір алысудың бұл түрі әдебиетте, әсіресе көркем
әдебиет тілінде жиі қолданылады; мысалы:
1. - Әй, тілің бар ма өзінің? Неге бұғасың?... Неге жөніңді айтпайсың?
- деді Қадырбек (С. Сейфуллин).
2. - Сен мұнда қайдан келдің?
- Сен қайдан келдің? – деп екеуі де сасқалақтап қатар сұрасты.
- Әуелі өзің айтшы (Ж. Аймауытов)
Басқадан (кейде өзінен) жауап күту мақсатымен айтылған сөйлемді
сұраулы сөйлем дейміз.
Сұраулы сөйлемдер интонация арқылы және сұрау есімдіктері, сұраулық
шылаулар, кейбір көмекші етістіктер мен қосымшалардың қатысуы арқылы
жасалады. Олардың бастылары мыналар:
1. Сұраулы сөйлемдер маме, папе, бабе сұраулық шылаулары арқылы
жасалады:
Жиналыс басталды ма? Баяндамашыға сұрақ бар ма? Анау келе жатқан Жақып па,
Әсет пе? - Өзі атпен баратын жер ме, машинамен баратын жер ме? (Ғ.
Мүсірепов).
Сұраулық шылаулар қысқарып жіктік жалғаулардан бұрын келу арқылы
да сұраулы сөйлем жасайды:
- Сен немене, тоңып қағанбысың? – деді офицер.
- Ой, сенбісің? Сені де сақал басып кетіпті ғой (Ғ. Мүсірепов). Сұраулы
сөйлемді
бұлай құру сөйлеу тіліне тән болатындықтан олар диалогтарда жиі ұшырайды.
2. Сөйлемде кім, не, қашан, қайдан, қандай, кімді ... сияқты сұрау
есімдіктері айтылу
арқылы сұраулы сөйлем жасалады:
- Мұнда қайдан жүрсіз? (З.Шашкин).
- Сені кім шақырды? – Жиналыста қандай мәселе қаралды?
3. Шығар, болар, қайтеді деген көмекші етістіктер күрделі баяндауыштың
құрамына
еніп, сұраулық интонациямен айтылғанда, сөйлем сұраулы болады: Сен осы
ауылдың баласы шығарсың? Оның өзін тыңдап көрсек қайтеді?
(Ғ.Мүісрепов).
4. Баяндауыштың құрамында - ау, ғой шылаулары мен одағай айтылып та
сұраулы
сөйлем жасалады: Сен кіп-кішкене қуыршақтай едің – ау, ә? (Ғ. Мүісрепов).
5. Ше демеулігі баяндауыштардың құрамына ену арқылы сұраулы сөйлем
жасалады:
- Ал Жамал ше? Өзің ше?
- Атым – Қайырғали, өзінің атың ше? (Ғ. Мүсірепов).
6. Кейде (көбінесе диалогтарда) хабарлы сөйлемдерді сұраулық
интонация арқылы
сұраулы етіп айтуға болады:
Богданов: Сіздер ертеңнен бастап теңізге шығу жұмысына кірісіңіздер.
Мәжен: Ертеңнен бастап?
Богданов: Иә! (Ә.Әбішев).
- Мынау – қызыл отаудың бастығы Бектасова Әсия деген әйел.
- Әйел? – деп қалдық Қалиса екеуміз (С.Мұқанов).
Сұраулы сөйлемдерге қойылатын сұрақтардың мазмұны әр түрлі болады.
Олардың
негізгілері мыналар:
1. Ашық сұрақ. Біреудің ойын немесе біреудің я бірдеңенің жайын, бар-
жоқтығын
білу мақсатымен айтылған сұраулы сөйлемдерде сұрау ашық қойылады.:
- Атың кім? – деді ересек бала.
- Қайырғали... Өзіңнің атың кім?
- Шеген ... (Ғ.Мүсірепов).
Ашық мәнді сұраулы сөйлемдердің баяндауыштарына ой екпінін түсіре,
сұраққа жауап
алу үшін бір сөйлемде сұрақ кейде екі рет айтылады. Осындай екі рет
айтылатын сұрақтар көбінесе біріне-бірі қарсы мәнді сөздер болады. Сұраулы
сөйлемнің сондай экспрессивті мәнін күшейту үшін бір сұрақ қазбаланып
кейде бірнеше рет қойылады: Ол бүгін келе ме, келмей ме? Әне өрге шыққан
немене? Тау ешкісі ме? Сенің ешкің бе? (Ғ.Сланов).
2. Қарсы сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдерге ашық жауап берілмей,
сұраққа сұрақ
түрінде де жауап беріледі де, қарсы сұрақ қойылады.
- Біздің ауылға барасың ғой, қызым?
- Бармағанда қайтем? (Ғ.Сланов).
3. Күмәнді сұрақ. Бірқатар сұраулы сөйлемдер бірдеңенің жайын білуі ғана
көздеп
айтылмай, айтушының бірдеңенң күмәнданғанын да білдірді: Ондай әрі
сұраулы, әрі күмәнді сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ма ме
... екен, екен-ау және ә деген сөздер болады.
- Сол жаққа мен де барсам ба екен?
- Мына мың болғыр бой бермей кетер ме екен? (Ғ.Сланов).
4. Таңырқаулы сұрақ. Баяндауышының құраылысы күмәнді сұрақ формаларында
немесе деймісің деген сөзбен келетін сұраулы сөйлемдер кейде бірдеңеге
тандану, таңырқау мағынасында да айтылады. Ондай сөйлемдер әрі сұраулы, әрі
лепті болатындықтан, жазуда олардан соң сұрақ белгісі мен леп белгісі қатар
қойылады:
- Сізде де арман бар ма екен?! (Ә. Әбішев).
Жоғары сұраулы сөйлемдердің ішінде кісінің көңіл күйін білдіретін одағай
сөздер
болса, сұраулы сөйлемдердің мазмұнына тағы басқа эмоциялық реңк қосыла
береді.
Апырмай, біздің таласымыз не болды екен?! (Ә. Әбішев).
5. Риторикалық сұрақ. Кейбір сұраулы сөйлемдер жауап күту мақсатымен
айтылмай, бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылады. Ондай сөйлемдерде
риторикалық (риторика гректің rhilos – шешен – деген сөзінен алынған) мән
болады. Риторикалық сұраулы сөйлемдер көркем әдебиетте жиі қолданылады.
1. Күнде жақсы бола
ма,
Бір қылығы жаққанға?
Оқалы тон тола
ма,
Ар-ұятын
сатқанға?
Ойлансаңшы, Мағышым,
Кімнің гүлі солмайды?
(Абай)
2. Халық ұстазынан айрылса, не таппақ? Ел не ел? Жақсысымен ел. Басшысы
болмаған елде елдік бар ма? (М. Әуезов). Баянауыл сияқты жерді кім
сүймейді? Енді жұрт машина мен мотоцикл іздейді, арбаны қайтсін?... (З.
Шашкин).
Риторикалық сұраулы сөйлемдер күйде салалас құрмалас сөйлемнің құрамына
енгенде
құрмаластың аралығында әйтеуір, қалайда деген сөзер қолданылады: Әлде
ақсиған тістері ме, әлде ақ көңілділігі ме, әлде қабағына қақ
тұрмайтын ойнақылығы ма? - әйтеуір Шеген мені біржола тартып әкетті
(Ғ.Мүсірепов).
Бұйрықты сөйлем
Бұйрықты сөйлем біреуді іс істеуге жұмсау мақсатымен айтылады. Ондай
мақсатпен айтылатын сөйлемдер жалаң бұйрық ретінде ғана айтылмайды, сонымен
қатар кісінің еркін, талабын, кеңесін, тілегін, жалынышын т. б. білдіреді.
Бұйрықты сөйлем, негізінде, ауызекі тілге тән. Көркем әдебиетте ондай
сөйлем
диалогта жиі ұшырайды.
Бұйрықты сөйлемдер етістіктің бұйрық және қалау райы арқылы жасалады.
Олар
сөйлемнің баяндауышы болып жұмсалады да, сөйлем түгелімен асқақ әуенмен
айтылады.
Бұйрықты сөйлемдердің айтылу әуені оларды қандай мазмұнда жұмсалуына
қарай
түрліше болады. Егег бұйрықты сөйлем бұйыру, қатал талап мағынасында
жұмсалса, ол көтеріңкі дауыс екпінімен айтылады; егер кеңес, жалыныш, тілек
мағыналарында жұмсалса, олар бәсең дауыспен айтылады. Алдыңғы жағдайда
баяндауыш көбінесе сөйлемнің басына қойылады, мысалы:
Шеген! Тоқта! Қайрыла кет! (Ғ. Мүсірепов). Еріңдер соңыма! (Ғ.
Мүсірепов).
Тарт қолыңды! (М.Әуезов). – Тоқташы, балам! – деді Шығанақ өтіп бара жатып.
– Тарыңнан титтей берші (Ғ. Мұстафин).
Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары қандай сөз болғанына қарай жөне
сөйлемнің кұрамы қандай болуына қарай, олардың мазмұны әр түрлі болады:
1. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райының екінші жағында айтылған
сөйлемдерді көбінесе бұйрық, талап кейде үндеу мәнді болады:
- Тарт тіліңді! Жоғал көзіме көрінбей! – деп Ысқақ кимелеп күтті (С.
Ерубаев).
Өшір үніңді, оңбағанның баласы! (Ә. Сәрсенбаев).Төл өсір, малыңды бақ,
күтіп бапта!
Ел сенген, Отан сенген сенімді ақта! (А. Тоқмағанбетов).
- Жоспарды басқарма бекіткен күйінде қабылдайтының қол көтер! (Ғ.
Мұстафин).
2. Баяндауыштары бұйрық райының үшінші жағында айтылған сөйлемдер
көбінесе талап, тілек мәнді болады:
Керімбек малды тез жайлауға айдасын! Бағар көбейсін, шалым! (Ғ.
Мүсірепов).
3. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған –шы-ші
қосымшасы
жалғанып, тілек, жалыныш не сыпайы түрде бұйыруды білдіретін сөйлемдер
жасалады. Ондай сөйлемдер I жақта қалау мағынасында да айтылады: Келші,
қалам, менің қасыма отыршы! Қарағым, мына баланы риза қылшы! Мына жұмысты
тезірек бітірші! Сабыр ертең біздің үйге келсенші! Бір ауыз сөз айтайын,
қатар тұрып тыңдаңыздаршы! (Ә. Әбішев).
- шы, ші қосымшасы жалғанған бұйрық рай тұлғалы баяндауыштары бар
сөйлемдер
кейде біреуге сес көрсетіп, қорқыта сөйлегенді білдіреді: Қане, осы баланың
бәйгесін бермей көрші! (Ғ. Мұстафин).
3. Етістіктің қалау, бұйрық рай тұлғасынан жасалған баяндауыштары бар
сөйлемдер
ұран, үндеу мағынасында да жұмсалады: Колхозшылар мен совхоз қызметкерлері,
ауыл шаруашылық, мамандары! Егіс көлемін үлғайтыңдар, егіншіліктің
мәдениетін арттырыңдар, егіннен мол өнім алатын болыңдар! Тың және
тықайған жерлерді онан әрі игеру үшін күресіңдер! (Газеттен).
Лепті сөйлем
Лепті сөйлемдердің эмоциялық мағыналары олардың құрамындағы одағай,
модаль
сөздермен, сөйлемдердің лептілік әуенімен байланысты:
1. Қорқу, сескену, аяу, өкіну, таңырқау сияқты кісінің көңіл күйін
білдірентін
сөйлемдердің баяндауыштарының құрамында ау, ай демеуліктері айтылады:
- Құлайды-ау! Құлайды-ау! Ол бүгін келмеді-ау (Ғ.Мұстафин).
2. а) баяндауышы бұйрық рай тұлғадағы етістік баяндауышты сөйлем
кейде
тілек мағынасында айтылады:
- Жасаған-ау, бала бере көр! – деді (ол). Бірақ тілек іске аспады
(М.Жұмабаев).
б) баяндауыштары етістіктің шартты рай тұлғасында айтылып, бірдіңені
көксеу, арман
ету мағынасында лепті сөйлем жасалады: Ондай сөйлем шартты бағыныңқылы
сабақтас құрмалас болып айтылмай, жай сөйлем ретінде жұмсалады: Мына
көгалға бауырыңды төсеп жатсаң! Әрбір бригадаға жерді өлшеп, сыбаға берсе!
Сонан соң социалистік жарыс ұйымдастырса! Колхоз басқармасы көшпелі қызыл
ту жасап, оны озық бригаданың қосына тігін қойса! (Ғ.Мұстафин). Па, шіркін,
мына атқа мінер ме еді! Ана көк шөпке бауырыңды төсеп жатар ма едің! –О,
шіркін, ең болмаса, біздің қолымызда пышағымыз болар ма еді! (Ж.Верн.)
3. Өткенде істелуге тиісті, бірақ істелмеген, болмаған іске өкіну ретінде
айтылатын да лепті сөйлемдер болады. Ондай сөйлемдердің баяндауыштары
көбінесе екі түрлі болып келеді.
а) Болымсыз тұлғадағы өткен шақтық есімше мен есімше тұлғасындағы
көмекші етістік (екен), одан кейін демеулік де тұрады: Қап, орылған астықты
кеше жиып алмаған екенбіз де!
ә) Бірінші жақтық шартты рай тұлғасындағы етістікке –шы, -ші қосымшасы
жалғанады. –Қап, кеше кешке қонаққа барғанша, театрға барсамшы! Апамның
тілін алсамшы!
4. Бірдеңені асыра мақтан ету, масаттану мағынасында да лепті
сөйлемдер болады. Ондай сөйлемдердің ішінде қандай, ғажап, неткен, пай-пай
деген сөздер болады.
-Айналаңа қарашы! Дүние қандай сәнді! (Ғ.Сыланов).
Тұлғасы сұраулы сөйлемдер де кейде экспрессивті мағынадағы лепті
болып жұмсалады: - Ол неғылған оңбаған адам! Мұндай сөздің кімге керегі
бар.
Болымды және болымсыз сөйлемдер
Адам объективті болмысты, ойлаған ойын хабарлауда сөйлемді болымды не
болымсыз етіп құрайды. Мысалы, Бүгін қар жауады деген де, бүгін қар
жаумайды деген де өз кезінде шындық хабар болуы мүмкін. Бірақ сол
хабардың бірінде ауа райының бізге таныс құбылысы болымды түрде айтылса,
екіншісінде ол құбылыстың бүгін болмайтыны болымсыз түрде хабарланады.
Болымсыз сөйлем болымды арқылы жасалады және болымдының қарама –қарсы
мағынасын білдіреді. Сөйлемнің болымды түрі – ойды айтудың негізгі формасы
да, болымсыз түрі одан гөрі сирек қолданылатын қосымша формасы.
1. Болымсыз сөйлемдер –ма, -ме.. тұлғалы болымсыз етістіктердің
баяндауыш қызметінде, не баяндауыш құрамында жұмсалуы арқылы жасалады: -
Жамандатқыр, мынау бір ит екен, тіпті жүрмейді (Б.Майлин.)
2. Есім және есімшелі баяндауыштардың құрамында емес деген көмекші
етістік жұмсалады: - Сен енді жас бала емессің. Поэзия - ажарлап құраған
сөз тізбегі емес...(Т.Нұртазин.)
3. Жоқ сөзі баяндауыш қызметінде не күрделі баяндауыш құрамында
айтылу арқылы да болымсыз сөйлем жасалады: Тура биде туған жоқ, туғанды
биде иман жоқ (Мақал.)
4. –сыз, -сіз тұлғалы сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалғанда да
сөйлемнің мазмұны болымсыз болады, мысалы: сөзі түсініксіз, баласы ақылсыз,
тауы қарсыз.
5. Болымсыз сөйлем құрауға болымсыз есімдіктердің қатысы ерекше
болады. Саны көп болмағанмен (ешкім, ештеңе, ешбір, ешқандай, түк), олардың
қатысымен жасалатын болымсыз сөйлемдер жиі ұшырайды. Болымсыз есімдіктер
сөйлемнің белгілі мүшесі қызметінде жұмсалады да, сол сөйлемнің баяндауышы
қалайда болымсыздық тұлғаның бірінде жұмсалады.
- Қане, кімнің сұрауы бар? –деп мәжіліс ағасы екі-үш қайырып сұраса да,
ешкім үн шығармады. - Өзіміздің балалар ғой, бұлар ешкімге айтпас. – Біз
ешкімді ешқайда зорлап сайламаймыз (Б.Майлин.)
Кейбір сөйлемдердің тұлғасы болымды, мазмұны болымсыз ыңғайда да
айтылады, мысалы: оның үні өшті, оның жағы қарысты (ол үндемеді) неге
көндім екен? – көнбеу керек еді д.м.
Зылиқа ... көрмеген – білмеген біреудің соңына ерген. Неге ерді, ...
жылатып тастап кеткендей Қарымсақтың не жазығы бар? (Б.Майлин.)
2. Жай сөйлемнің түрлері мен жасалу жолдары
Жақты сөйлем
Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай
сөз екенін баяндауышпен ұластыра, атау септігінің сұрақтарын қою арқылы
білуге болатын сөйлем жақты сөйлем болады.
Жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмай да
оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Ондай жақты сөйлемдердің
бастауыштарын түсіріп айту мынадай жағдайларда болуы мүмкін:
Ұзақ ойға қатысты болып, өз ара мағыналық (кейде әрі тұлғалық)
байланыста айтылатын жеке сөйлемдердің бастауышы бірінде болса, екіншісінде
қайталақтанып айтылмай, соған ортақтасып тұра береді. Сонда тізбектеліп
қатар айтылатын бірнеше жай сөйлемнің не құрмалас сөйлемнің құрамындағы
жай сөйлемдердің бірінің бастауышы екінші сөйлемге де бастауыш болып
ортақтасады. Мысалы: Бидай тиеген эшелондар зыр қағып, темір жолды қайқаң
қақтырып, суат кетіп барады. (Ғ.Мүсірепов).
2 Бастауыштың қай сөз екені баяндауыштық тұлғадан айқын болып
тұрғанда (бастауышқа ой екпіні түспесе), әсіресе I-II жақтық бастауыштар
сөйлемде ерекше айтылмайды. Мысалы: -Сен қайдан жүрсің? –деді Асқар
сабырсызданып. (С.Мұқанов).
Бастауыштың жақты сөйлемде дербес айтылу я айтылмауы баяндауыштың
тиісті предикаттық жалғауда тұру я тұрмауымен ғана байланысты емес,
бастауыштың сөйлемдегі қызметінің ерекше екендігімен де байланысты болады.
Жақсыз сөйлем
Бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын, айтылған іс-әрекет баяндауыш
арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлемдер жақсыз сөйлем
болады.
Бастауышы ерекше айтылмаған сөйлемдердің енді бірқатарын, толымсыз
сөйлемдерден айыру үшін, мектеп грамматикаларында жақсыз сөйлем деп атап
жүрміз. Олардың үш жақтың біріне тән белгілі грамматикалық бастауышы
болмайды. Мысалы: Баланы жаман үйретпеу керек.
Жақсыз сөйлемдердің түрлері. Жақсыз сөйлемдердің түр-түрі олардың
баяндауыштарына қарай айрылады. Олардың баяндауыштарына көбінесе күрделі
болады да, мынадай құрамда жұмсалады:
1. –у, -мақ жұрнақты тұйық рай тұлғалы қимыл есімі мен керек
сөздерінен құралған баяндауышы бар сөйлемдер көбінесе жақсыз сөйлем болады:
Бізге көбірек оқу керек. Әркімге де тезірек өту керек.
2. Барыс септікті тұйық рай тұлғалы етістікке, есімше, көсемше
тұлғалы етістікке бол етістігі көмекші болу арқылы жақсыз сөйлем жасалады:
Бұл елдің егінге су беретін арығын жыл сайын тазалап тұрмаса болмайды
(С.Мұқанов).
3. Күрделі баяндауыш құрамында барыс септікті тұйық рай тұлғалы
етістіктен кейін тура келу көмекшесі айтылу арқылы да жақсыз сөйлем
жасалады: Саған аздап досыңның желігін басуға тура келер (С.Мұқанов)
4. Барыс септіктегі тұйық рай тұлғалы етістіктен болған күрделі
баяндауыштың құрамында мүмкін (мүмкін емес) сөзі айтылу арқылы да сөйлем
жақсыз болады: Сан жүздеген адамнан көшеде аяқ алып жүруге мүмкін емес еді.
(М. Иманжанов.)
5. Бірдеңені арман ете айтылатын күрделі баяндауышты сөйлемнің
негізгі сөзі келер шақтық есімше (-р, -ар, -ер) болып, одан кейін сұраулы
–ма –ме шылау және көмекші –е(-ді, -дің) етістігі айтылып та жақсыз сөйлем
жасалады: Па, шіркін! Мына атқа мінер ме еді? Ана көк шөпке бауырыңды
төсеп жатар ма едің!
Белгісіз жақты және жалпылама жақты сөйлемдер. Бірқатар сөйлемнің
граматикалық бастауышы ерекше айтылмайды да, істелген іс-әрекет, әйтеуір,
бір белгісіз субъектілерге тән болып ұғынылады. Мысалы, Қалпақты қыста
кимейді, жазда киеді деген сөйлем –жақты (баяндауышы III жақта), бірақ
бастауышы белгісіз.
Осындай бастауышы белгісіз – жақты сөйлемдер былай жасалады:
1. III жақ, ауыспалы шақ тұлғалы етістіктерден болған
баяндауыштар осы шақтық мағынада айтылу арқылы кейде бастауышы белгісіз
сөйлем жасалады: Ол жақта жылқының етін жемейді. Нарларды көбінесе жүкке
пайдаланады (Ә. Сәрсенбаев).
2. Өткен, келер шақтық, 3- жақтық тұлғадағы етістіктер не есімшелер
баяндауыш болғанда, сөйлемнің бастауышы белгісіз болуы мүмкін: Оның
ұлдарын, сүйікті ұлдарын, ертең әкеткелі отыр, - әкеткенде де біржола көз
көрмеске әкетпекші... (Н.В.Гоголь).
Кейде баяндауышы II жақтық жіктік жалғауда айтылған сөйлемдердің
бастауыштары
болмай, үш жаққа бірдей ортақ мағынада, жалпылауыш жақты сөйлем болып
жұмсалады. Қарағандының кешегі өткен күйін адам баласының көзі көрмесін.
Кіп-кішкентай, қап-қараңғы шахтаға беліңе арқан байлап, шыңырау қараңғы
түнекке түсесің де кетесің.
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жай сөйлемдер құрамына қарай жалаң және жайылма болып бөлінеді. Жай
сөйлем
сөйлемнің негізі болып табылатын тек қана тұрлаулы мүшелерден құралса, онда
ондай жай сөйлемдер жалаң сөйлем деп аталады. Мысалы: Қыс қатты, қар қалың
(М.Әуезов).
Тұрлаулы мүшеден басқа тұрлаусыз мүшенің бірі немесе бірнешеуінен
құралған
сөйлем жайылма сөйлем болып саналады. Мысалы: Күздің таңы баяулап атып
келеді екен (М.Әуезов). Мөңке бұл күні балықтан кеш қайтты (Ә.Е). Теңіз
оған таныс. Жаз ортасы ауғасын-ақ ұлы теңіздің жел-құзы көбейді (Ә.Н).
Толымды және толымсыз сөйлемдер
Сөйлем арқылы хабарланатын ойға қатысты сөздер кейде түгел айтылып,
кейде олардың кейбіреулері ғана айтылуы мүмкін. Мысалы: Сырдың суы ышқынып
ағады деген сөйлемде, ондағы ойға қатысты мүшелер түгел айтылған. Ардақ еш
уақытта мұндай қуанған емес. Жиналыстан шығып үйіне жүгіре басып келеді.
Лепірген көңіліне шапшаң басқан аяғы ілесе алмайды (Ғ.Мұстафин). Бұл үш
сөйлемнің соңғы екеуінде мынандай сөйлем мүшелері ерекше айтылмаған:
Жиналыстан шығып үйіне жүгіре басып келеді дегеннің бастауышы – Ардақ,
Лепірген көңіліне шапшаң басқан аяғы ілесе алмайды деген сөйлемдегі
көңіліне, аяғы дегендердің ілік жалғаулы анықтауыштары - Ардақтың. Олар
сөйлемде айтылмағанмен, бірақ бұдан сөйлем түсініксіз болып тұрған жоқ,
өйткені алдыңғы сөйлем мен соңғы сөйлемдердің өз ара мағыналық
байланысынан екінші сөйлемнің айтылмаған бастауышын, үшінші сөйлемнің
айтылмаған анықтауыштарын аңғаруға болады.
Ойға қатысты мүшелері түгел айтылған сөйлем толымды болады да, ойға
қатысты мүшелері түгел айтылмаған олқы сөйлемдер толымсыз болады.
Толымсыз сөйлемде тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірі не
бірнешеуі түсіріліп айтылуы мүмкін.Толымсыз сөйлемдер әсіресе сөйлеу
тіліне, солай болғандықтан, диалогты сөйлемдерге тән:
-Кім жазды?
- Слесарь Лапшин.
Бұл екі сөйлемнің алдыңғысында не жазылғаны айтылмаған. Слесарь Лапшин
деген сөйлемде анықтауыш пен бастауыш қана айтылған. Ал баяндауыш (жазды)
пен тура толықтауыш (жазуды) ерекше айтылмаған.
Атаулы сөйлем
Бірқатар сөйлемдер сараланған бастауыш пен баяндауыштан құралмай, тек
бастауыш ыңғайындағы сөзден, сөз тіркестерінен құралады: Түн. Клуб толы
адам. Музыка (С.Ерубаев).
Атаулы сөйлемдер, осындай, жеке сөзді не сөз тіркесін айрықша
сөйлемдік интонациямен айту арқылы жасалады. Атаулы сөйлемдер көбінесе
көркем әдебиетте, табиғаттың суреті ретінед қолданылады. Олар жазушының
тіліне ықшамды, көркемдік нәр беріп, болмысты, жаратылысты суреттеудің
ерекше стильдік тәсілі ретінде жұмсалады:
Айдала. Көлдің биік қабағы. Әлсіз жел. Күн батып барады (С.Мұқанов).
Жұмсалуына қарай атаулы сөйлемдерді үш топқа бөлуге болады:
1. бейнелеу мағынасындағы атаулы сөйлемдер: Майдың күні. Көк жетіліп,
гүл-жапырақ молайған (М.Әуезов).
2. эмоциялы атаулы сөйлемдер: - Жарықтықтың иісі-ай! – деді кемпір
үнді шайының жұпарын сезіп. – Танауымды жарып бара жатқанын қарашы! (Ж.М).
3. сөгіс, тілек мағыналы атаулы сөйлемдер. - Ә, зәнталақ! Сен маған
сәлем бере келген шығарсың! – деп Жұман атпен бастырмалатып келді де,
жаурын ортадан ала қамшы сілтеді (Ғ.Мүсірепов).
ІІ. АТАУЛЫ СӨЙЛЕМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
2.1 Атаулы сөйлем — жай сөйлемнің бір түрі.
Атаулы сөйлем — жай сөйлемнің бір түрі. Ол өзінің құрылысы мен
мағынасы жағынан жай сөйлемнің бірде-бір түріне ұқсамайды:
а) атаулы сөйлем тұрлаулы мүшеге талданбайды, басқаша айтқанда, оған
ұйытқы, тірек болып тұрған сөзді бастауыш не баяндауыш деп тап басып айтуға
келмейді. Негізінде зат есімнен болып, атау септікте тұруы жағынан ғана оны
бастауыш ыңғайындағы тұрлаулы мүше деп жалпы жорамал жасалынып жүр, біраң
оны сыртқы ұқсастығына қарап айтңанымыз болмаса, бастауышпен тепе-тең
дәрежедегі мүше деп есептеуге келмейді;
ә) атаулы сөйлем оқиғаға қатысты затты, құбылысты, болмысты атап қана
көрсетеді, онда жай сөйлемнің басқа түрлеріндегі сияқты баяндау қасиеті
болмайды. Солай бола тұрса да, атаулы сөйлемде интонация, оқиғаның,
құбылыстың шындың өмірге, шаққа қатыстығы сияқты сөйлемге тән айрықша
белгілері болады. Атаулы сөйлем, негізінде, хабарлау интонациясымен, кейде
лептік интонациямен айтылады. Бірақ интонацияның қай түрімен айтылса да,
атаулы сөйлемдегі интонационалық рең тұрлаулы мүшелері бар басқа
сөйлемдердің хабарлы не лептік интонациясына сәйкес келмейді, дауыс
ырғағында қандай да бір өзгешелік сезіліп тұрады. Мысалы: Дала. Егін
даласы. Егін даласы рақат құшағында (Әбішев). Алғашқы екі сөйлемнің айтылу
әуені соңғы сөйлемнің айтылу әуенінен басқаша екені анық сезіледі. Дала
деген атаулы сөйлем қалпын-дағы айтылуын оның бастауыш не баяндауыш
қызметін атңарып тұр-ғандағысымен немесе диалог жағдайында толымсыз
сөйлемнің баян-дауышы болып тұрған қалпымен салыстырсақ, дауыс әуенінде
өзгешелік байқалады: баяндауыш қызметін атқарғанда (Бұл — бала. —Мынау не?
— Дала.), дала сөзі дауыс қарқынының бәсеңдеуі жағдайында айтылып, тиянақты
интонацияға ауысады; бастауыш қызметін атқарғанда (Дала — мидай жазық),
көтеріңкі әуенмен айтылып, интонация жағынан тиянақсыз болады; қаратпа сөз
ретінде келгенде де (Тыңда, дала, Жамбылды!), ол жалпы қаратпа сөзге лайық
әуенмен айтылады. Дала сөзінің атаулы сөйлем болып тұрғандағы әуені
баяндауыш қызметіндегі әуенінен гөрі сәл көтеріңкі болады да, жеке сөздің
өзін айтқандағы әуенге жуықтайды. Атаулы сөйлемнің интонациялың ерекшелігін
эксперимент жолымен зерттеу арқылы ғана толық сипаттауға болады.
Кез келген сөзді не сөз тіркесін атай берсек, өздігінен атаулы сөйлем
бола қалмайды. Атаулы сөйлем болу үшін ол сөздің не сөз тіркесінің
әңгімеленбекші болып отырған оқиғаға, шындық болмысқа катысы болу керек.
Мысалы. Түн. Бұлт астында қ а л к ыған ай. Жай басып Төлеп келеді
(Ерубаев). Тоғай. Егін. Шалғын. Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның
кейде жоны ғана көрінеді (Мұстафин). Бұл мысалда түн, тоғай, егін, шалғын
дегендер тіліміздегі басқа сөздер сияқты лексикалың мағына, ұғымды
білдіретін атау ғана болып тұрған жоқ, сол ұғым, лексикалық мағыналарының
қазіргі кезде сөз болып отырған оқиғаны суреттеуге тікелей қатысы болып
отыр. Түн деген атаулы сөйлемді айтңанда, көз алдымызға түннің бейнесі
елестеп, бұдан былайғы сөйлемде оқиғаның сол түн ішінде болғаны не болатыны
жайында айтылатындығын ал-дын-ала сезетіндей, сондай жайды күткендей
қалыпта боламыз.Демек, атаулы сөйлем оқиғаны, құбылысты жай ғана атай
салмайды, белгілі бір мақсатқа байланысты атайды және оның мағынасы өзінен
кейін тұрған сөйлемдердің мағынасымен сабақтас болады. Тоғай, егін, шалғын
деген сөздерді жай атағанда, біз олардың зат атаулары екендігін ғана
білетін болсақ, ол сөздерді атаулы сөйлем қалпында атағанда, олардың бүкіл
заттық бейнесі көз алдымызға елестеумен бірге, соған байланысты басқа бір
оқиғаның баяндалатындығын күні бұрын хабарлап та тұрады. Ендеше, жеке сөз
не сөз тіркесі атаулы сөйлем болуы үшін, біріншіден, олардың оқиғаға қатысы
болу керек, екіншіден, өзінен кейін тұрған атаулы емес сөйлеммен сабақтас
болуы керек, ол сөйлем атаулы сөйлемде атап қана көрсетілген оқиғаның нақты
өзін баяндайды, мазмұнын ашады, атаулы сөйлемнің не себепті қолданылып
тұрған мақсатын көрсетеді. Осы тұрғы-дан қарағанда, мекеменің маңдайшасына
жазылған атаулар, газет-журнал, кітап аттары атаулы сөйлем бола алмайды,
өйткені бұларда хабарлау мақсаты көзделмейді, оқиғаға қатысты жағдай
көрсетілмейді.
Атаулы сөйлемнің шаққа қатынасы. Жай сөйлемдердің басқа түрлері сияқты,
атаулы сөйлемде де шақ болады: ол осы шақтағы құбылыс, болмысты білдіреді.
Мұңдағы шақтық мағына да арнаулы шақтың көрсеткіш арқылы берілмей, сол
сөйлемнің өзінен аңғарылатын синтаксистік шақ арқылы беріледі. Август айы.
Е с іл ө з енінің б ойы. Жайдақ өткелдің жағасында қалың талға ғана қонған
ауыл. Кешке жақын алты қанат үйдің ішін-де екі адам әңгімелесіп отыр
(Талжанов).
Атаулы сөйлем құрылысы, құрамы жағынан жай сөйлемнің басқа түрлері
сияқты жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді, мыс.: Кеш. Ел орынға
отырып, үйлерге шам жағылды (Жансүгіров). 9-май. Таң мезгілі. Жараланған
солдаттардың арасында отырмын (Лекеров). Әдемі, бір қоңыр кеш. Көнетоз шағи
жібек түстеніп, аспанның батыс жағы сарықцызыл тартты (Жансүгіров). Бұл
мысалдардағы кеш, 9 май, таң мезгілі дегендер —.жалаң атаулы сөйлемдер де,
әдемі, бірқцоңыр кеш деген құрамында анықтауышы бар (әдемі, бір қоңыр)
жайылма атаулы сөйлем.
Құрылысы жағынан тұрлаулы мүшеге талданбайтын, мағынасы жағынан оқиғаны,
құбылысты, болмысты тек атап қана көрсетіп, ол туралы баяндамайтын, өзіне
тән айырым интонациясы бар жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз.
2. Атаулы сөйлемнің жасалуы.
Атаулы сөйлемнің жасалуын сөз еткенде, алдымен, оған ұйытқы, тірек
болатын сөздің қай сөз табынан болатындығын қарастырамыз. 1. Атаулы
сөйлемге ұйытқы, арқау болатын сөз — негізінде зат есім. Ол әрқашан атау
септік формасында айтылады. Алайда кез келген зат есім атаулы сөйлем
жасауға қатыса бермейді (мысалы, кісі аттары, дерексіз зат атаулары т. б.),
көбінесе мекен, мезгіл, табиғат болмысы, нәрсе, бұйым атауларын білдіретін
зат есімдер атаулы сөйлем жасауға арқау болады. Мыс.:
Бұйрат. Адыр. Қайсыбірінің басын ала тұлымшақтай болып өскен шоқ-шоқ
ағаш. Осы бұйрат-адырлардың арасы — қолдан ойып алғандай кең алқап
(Мұстафин). Серуен көңілді болды. Сұлу көктем. Көк масаты тау. Жұпар ауа.
Әндетіп сайрап' жатқан бұлбұл. Алуан бояулы әсем гүл. Қала тәртібін көп
көрген Нұрғали Бағилашына гүл жұлып беріп, көтертіп қойды (Әбілев).
Алынған мысалдағы атаулы сөйлемдердің қай-қайсысында болсын оның
жасалуына арқау болыптүрған сөздер—бұйрат, адыр, ағаш, көктем, тау, ауа,
бұлбұл, гүл деген сияқты конкретті зат атаулары.
Зат есімдердің ішінде дербес түрып та, басқа сөздермен тіркесіп те
атаулы сөйлем түрінде айтылуға бейім сөздер болады. Олар қыс, жаз, көктем,
күз, түн, кеш дегён мезгіл мәнді зат есімдер мен ай, күн аттары; аяз, жел,
боран, тұман, дауыл деген сияңты табиғат құбылысын білдіретін атаулар;
қала, ауыл, өндіріс және басңа да мекен мәнді білдіретін жер-су аттары т.
б. Алайда бұл сияқты дербес тұрып, атаулы сөйлем бола алатын сөздердің
толық тізімін беру, тек осылар ғана болады деп үзілді-кесілді айту мүмкін
емес. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілгендей сөздер тобының үнемі дерлік
атаулы сөйлем жасауға қатысатынын айтпай кетуге тағы да болмайды. Мыс:
Жаз. Қар кеткеннен кейінгі қара жер жасыл желек жамылған сұлу келіншекше
жасарған (Сейфуллин). Тамылжыған ыстық жаз. Ша-ғырмақ көк аспанда селдіреп
ақша бұлттар қалықтайды (Соқпақба-ев). Кеш. Ымырт жабылып барады (Майлин).
Күзгі кеш. Әлі ымырт жабылмаған кез. Терезе алдындағы, жапырағы сарғайып,
тербелген сайын, түсіп сұйыла бастаған селдір ағаштардың ішінде төрт-бес
бала ойнап жүр (Лекеров). Дала. Түн. Шуылдаған дабырмен оянып, далаға
шықтым (Жансүгіров). Жалпақ дала. Үзын жол. Әскер жүріп келеді (Есенжанов).
Көктем. Ауыл Достыц дөңіне кеп үй тігіп жатыр (Мұқанов).
Алынған мысалдарда жаз, кеш, дала, түн, көктем деген сөздер дербес тұрып
та, тамылжыған ыстық жаз, күзгі кеш, жалпақ дала деген сияқты басңа
сөздермен тіркесіп те атаулы сөйлем жасауға арқау болып тұр.
Кейбір зат есімдер дербес тұрып, өздігінен атаулы сөйлем бола алмайды,
тек басқа сөздермен тіркесіп, атаулы сөйлемге арқау болады. Мысалы, түн
деген сөз дербес тұрып, атаулы сөйлем жасаса, оның антонимі күн деген сөз
өздігінен атаулы сөйлем бола алмайды, басқа сөзбен тіркесіп барып, атаулы
сөйлем жасайды. Сол сияңты жыл, ай, уақыт, мезгіл, шақ, кез деген мезгіл
мәнді зат есімдер де басңа сөздермен тіркесіп айтылғанда, атаулы сөйлемге
арқау болады. Мыс:
Үш жыл өтті. Жаз күні. Қас қарайған уақыт. Колхозда ұйықта-
мағанүй кемде-кем (Мұстафин). Күн кешкірген мезгіл. Жаңа салын-
ған үилердің біріне шаңданған бір автомобиль келіп тоқтады (Сей-
фуллин). Май айы. 1918 жыл. Петрконың күйген кірпіштен салған екі
цабат тас болат үйі. Үстінде Совдеп, астында Жас қазақ ұйымы.
(Талжанов). Ымырт жабылған кез. Ауыл тағы да үрпиісіп отыр
(Сейфуллин).
2. Атаулы сөйлемнің арқау сөзі көмекші есімнен де болады. Бі-
рақ көмекші есімдер дербес айтылмай, басқа сөздермен матаса байла-
нысып, тәуелдік формада тұрады. Арқау сөзі көмекші есімнен болған
атаулы сөйлемдер оқиғаның болған мекені мен мезгілінің тұтас қал
пын емес, оның бөлшегін, белгілі бір кезеңін, шегін көрсетеді. Мыс:
Май айы. Таң алды. Ауыл Нұра бойында (Сейфуллин). Мамыр айының басы. Көк
әлі шыққан жоқ (Жансүгіров). Июль айының жуан ортасы. Мал базарында халық
сапырылысып жүр (Талжанов). Қараңғы. Шахта асты. Сүлеймен етпетінен түсіп
жатыр (Ерубаев). Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы көлшімектің қасы.
Көлшімектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр қүрақтар — айнаның жиегіне
салған әдемі өрнек сияқты (Сейфуллин).
Алынған мысалдардағы таң алды, мамыр айының басы, июль айының жуан
ортасы деген көмекші есімді атаулы сөйлемдер мезгілдің белгілі бір жуық
шамасын көрсетсе, шахта асты, Көкшетау маңы, айнадай тұнық сулы көлшімектің
қасы деген атаулы сөйлемдер мекен-орынның жуық шамасын білдіреді.
3. Атаулы сөйлемнің арқау сөзі бір деген белгісіздік есімдіктен
болады. Бұл да көмекші есімдер сияқты, өзінен бұрынғы ие созбен
матаса байланысып, тәуелдік формада тұрады; көбінесе мезгіл мәнді
сөздермен тіркесіп, мезгілдің болжалды, белгісіз шегін керсетеді.
Мыс.:
Октябрь айы еді. Күзге салымғы шуақ күндердің бірі. Танабай аулы
Ақмоланың оңтүстік жағындағы Нұра өзенінің бойындағы қыстауында еді
(Сейфуллин). 9 май. Соғыстан кейінгі жылдардың бірі. Өзіміздің Алматы.
Көгілдір аспанда жүзген күннің шұғыласында да ерекше бір жылылық бар
(Лекеров).
4. Кейде атаулы сөйлем мезгіл мәнді үстеуден, шылаулы сөз тір-
кесінен де болады. Мыс.:
Қыстыгүні. Сақылдаған сары аяз. Бес төсектің иелері бәріміз де қазір
үйдеміз (Соқпақбаев).
Сонымен, атаулы сөйлемнің жасалуында оның арқау сөзі болып, негізінде,
зат есім, одан соң көмекші есім, бір деген белгісіздік есімдік, кейбір
мезгіл мәнді үстеу мен шылаулы сез тіркесі қатысады.
2.3 Атаулы сөйлемнің құрылымы
Атаулы сөйлем толық мағыналы бір сөзден, негізгі сөз бен көмекші сөздің
байланысынан немесе сөз тіркесінен болады. Бұлай деуіміз, бір жағынан,
атаулы сөйлемнің қандаіі жолдармен жасалатындығын аңғартса, екінші жағынан,
оның өз ішінде бір-бірінен құрылымдық (структуралық) айырмашылығы болатынын
да аңғартса керек. Ол айырмашылық сыртңы түр-тұрпат, ішкі мазмұн-мағыналық
жақтан да анық керінеді. Негізгі сөз бен кемекші сездің байланысынан болған
атаулы сөйлемде көмекші сөз негізгі сөзге грамматикалың мағына
үстейтіндіктен, оның лексика-грамматикалың мағынасы бір сөзден болған
атаулы сөйлемге қарағанда күрделірек, ойдың саралануы басымырақ болып
келеді. Ал, сөз тіркесінен болған атаулы сейлемде лексикалық та,
грамматикалық та мағыналардың бірдей қатысатындығынан зат, болмыс туралы
кеңінен түсінік беріледі, сипаттау, суреттеу сияқты бейнелік әсер күшті
болады. Мысалы, март деген атының қатысуына байланысты атаулы сөйлем мына
қүрылымда кез-деседі: март— марттың іші (басы, ортасы, аяғы) — март айы,
март айының басы — март айының бас кезі — 10 март т. т. Бұлардың бәрі
мезгіл мәнді атаулы сөйлем болса да, сол мезгілдік мағынаның берілуі
бәрінде біркелкі емес: март және март айы дегендер оқиғаның басқа айда
емес, тек сол айда болғанын жалпы көрсетеді; март айының іші — мағынасы
жағынан март, март айы дегенге жуық келгенмен, оның тұтас қалпын емес,
бөлшектелетін қалпын көрсетіп тұр; марттың басы — марттың аяғы — марттың
ортасы дегендер марттың іші деген бөлшектелетін мезгілдік ұғымның нақты
бөлшегін атайды; март айының басы — март айының бас кезі дегендер мағыналық
жақтан марттың басы дегенмен тең түседі; 10 март деген атаулы сөйлем мезгіл
мәнін тұспалдап айтпай, нақты көрсетеді. Мағыналық жақтан осындай өзгешелік
болса, олардың құрылымында сол мағынаға әсер ететіндей тағы да ерекшеліктер
бар: март — март айы дегендер мезгілді көрсетуі жағынан ешбір айырмасы
болмаса, март айы тіркес түрінде болғандықтан, олардың арасында жекенің
жалпыға қатысы, жалпылық үғымды анықтау, нақтылау сияқты грамматикалық мағы-
на беріледі. Марттың басы — марттың бас кезі дегендерде мезгілдік мәнде
беруде айырма жоқ, бірақ олардың қүрылымында сөздердің өзара байланысуы
жағынан айырма бар: марттың басы — матасу жолымен байланысып түр; марттың
бас кезі дегенде де матасу байланысы бар, алайда ондағы матасу ілік септік
пен тәуелдік жалғау жалғанған сөздердің жалаң өздері арқылы болмайды, бас
деген көмекші есімді де қоса қамтиды; демек, бұл байланыста кез деген сөз
өздігінен март сөзімен байланыспай, бас деген сөз арқылы ғана, яғни бас
кезі деген түрде ғана байланысады. Атаулы сөйлем негізгі сөз бен көмекші
сөздің байланысынан не-месе сөз тіркесінен болғанда, оның құрамындағы сөз
саны екіден бастап әлденеше сөзге шейін жетеді. Мыс.: Май айы. Таң алды.
Түнгі Москва. Октябрь вокзалының алды. Паровоздың гүрілі. Трамвай жүре
бастаған (Ерубаев). Жаздың бір желсіз күні. Қарсақбай заводынан Сарысу
өзенін жанай өрлеп шұбалған қара жол. Бір автомобиль бұрқыратып, дүрсілдете
зымырап келе жатыр (Сейфуллин). Алынған мысалдарда май айы, таң алды, түнгі
Москва, паровоздың гүрілі дегендер екі сөзден болған атаулы сөйлем болса,
жаздың бір желсіз күні деген атаулы сейлемнің құрамында төрт сөз, Қарсақбай
заводынан Сарысу өзенін жанай врлеп шұбалған қара жол деген атаулы
сөйлемнің қүрамында тоғыз сөз бар.
Кейде атаулы сөйлемнің ңүрамында бағыныңқы сөйлем де бола-ды. 1919
жылдың көктемі. Қар жаңа ғана еріп, ала сапыраң бол жатқан уақыт. Екі жігіт
Есіл өзенінің жар қабағын жағалап келе жатырмыз (Мұқанов). Күн суытып,
солтүстік участоктардың бойына қар жауа бастаған кез. Түн тастай қараңғы.
Қатты жел ышқына соғып тұр (Тыныкин). Алынған мысалдардың ішінде уақыт
деген сөзге аяқталған атаулы сөйлемнің құрамында қар жаңа ғана -еріп деген
бағыныңңы сөйлем, кез сөзіне аяқталған атаулы сөйлемнің қүрамында күн
суытып деген бағыныңқы сөйлем қатысқан. Атаулы сөйлемнің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz